Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстан Республикасының Заңы

  • 1-тарау. Жалпы ережелер

  • 2-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау

  • 3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау

  • 4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл

  • 2-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын субъектілердің функциялары және өкілеттіктері

  • 6-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

  • 7-бап. Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі

  • олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялары

  • 8-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

  • 9-бап. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының

  • 10-бап. Білім беру органдарының құзыреті

  • 11-бап. Көмек көрсету ұйымдары

  • 3-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау

  • 12-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу

  • 13-бап. Профилактикалық бақылау

  • 15-бап. Профилактикалық бақылау орнатудың негіздемесі

  • 16-бап. Профилактикалық бақылауды орнатудың тәртібі

  • 17-бап. Профилактикалық бақылаудың қолданылу мерзімі

  • 18-бап. Профилактикалық бақылау орнатылған адамдарға

  • жоба. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы


    Скачать 1.43 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы
    Дата10.11.2022
    Размер1.43 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docxЖ.docx
    ТипДокументы
    #781097
    страница5 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    -31-

    • Жалпы орта білім мекемелерін жиі және себепсіз босататын оқушыларды анықтап, қатаң бақылауға алу.

    • Қауіпсіз оқыту ортасын қалыптастыру, соның ішінде педагогикалық қызметкерлердің кәсіби және жеке құндылықтарды қайта қарастыру, сонымен қатар өз басынан қатыгездің өткерген педагогтарға психологиялық және басқа ету, олардың оқушыларға қатал болмауының алдын-алу.

    • Қалыптасқан қатынастар жүйесін өзгертуге, ересектер мен оқушылардың бірге қызметтерін ұйымдастыруға бағытталған, психологиялық тренингтерді, жаңа педагогикалық тәжірибиені мектеп жұмысына белсенді енгізу

    • Әлеуметтік-психологиялық құзыретті ұзарту, қылмысқа қатысты балалардың сауаттылығын қалыптастыру.

    • Басқалардың агрессиясынан қорғану мақсатында, сонымен қатар құрдастар мен болашақта өзінің отбасында қарым-қатынасты жақсарту мақсатында кәмелетке толмағандарға қауіпсіз тәртіпкеүйрету.


    III.ҚОРЫТЫНДЫ
    Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс, ата-ана боламын деп шешім қабылдаған кезімізден бала өсіруді дүниедегі асқан жауапкершілікті талап ететін міндет деп білетін ата-аналарымыз жиналған екен, Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

    -32-

    IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

    1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы:

    «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

    1. Ж.Аймауытов «Психология» Алматы «Рауан» 1995ж;

    2. Қ.Ғ.Елшібаева «Жас өспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу» Алматы 2012 ж Арман ПВ баспасы

    3. Мектеп психологиясы №9, 2014ж; № 6, 2015ж

    4. «Қызықты психология» Алматы №10, 2014ж

    5. Семенова О. Самоубицы// Рудный Алтай, 1999, 20 ноября.

    6. .С.Әбенбаева. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, «Дарынә, 2004

    7. Ж.Қоянбаев. Семья және балалар мен жеткеншектер тәрбиесі. Алматы, «Рауан», 1990

    8. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаушылық әрекеттерінің  алдын алу // Алтын ұя, 7 мамыр 2009ж.

    9. Суицидтік мінез-құлық психологиясының ерекшеліктері // Сыныптағы тәрбие №1 2009ж.

    10. Жасөспірімдік кезеңдегі суицидтік әрекеттің себептері // Тәрбие құралы №4 2008ж.


    -33-
    V.ҚОСЫМШАЛАР
    «ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТУРАЛЫ» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
    Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
          "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


    Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

                                                              Жоба

    Қазақстан Республикасының Заңы

    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы

          Осы Заң отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілейді, адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
    1-тарау. Жалпы ережелер

          1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
          Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
          1) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау - мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ оны жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызмет;
          2) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында бір субъектінің басқаларға қатысты әдейі және/немесе психикалық азап әкелетін немесе әкелу қаупі бар қасақана іс-әрекеті. Тұрмыстық зорлық-зомбылық денеге, психологиялық және нәпсіқұмарлық ықпал ету нысанында болуы мүмкін;
          3) отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар - неке-отбасылық қатынастар; некесіз, бірақ бірге тұратын адамдар арасындағы қатынастар; бірге тұрмайтын бұрынғы жұбайлар; жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар шеңбері;
          4) көмек көрсету ұйымдары - өтеусіз негізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, консультативті психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуге, уақытша тұрақ ұсынуға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға психокоррекциялық бағдарлама жүргізуге бағытталған коммерциялық емес ұйымдар;


    -34-

    5) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу туралы ресми ескерту - зияны елеусіз болып қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкелмейтін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға берілетін профилактикалық сипаты бар белгіленген нысандағы ресми құжат.

          2-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау
          туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
          1. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
          2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.


          3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау
          туралы заңнаманың принциптері
          Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптерге:
          1) заңдылыққа;
          2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін сақтауға;
          3) адам мен азаматтың тәніне және/немесе психикасына азап әкелуге жол бермеуге;
          4) отбасын қолдау және сақтауға;
          5) тұрмыстық зорлық зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтауға;
          6) өмірде қиын жағдайға душар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге негізделеді.


          4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
          жасауды жүзеге астыратын субъектілер
          Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер:
          1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
          2) жергілікті атқарушы органдар;
          3) отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссия;
          4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар;
          5) ішкі істер органдары;
          6) қамқоршылық және қорғаншылық органдары;
          7) білім беру органдары;
          8) көмек көрсету ұйымдары.


    2-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын субъектілердің функциялары және өкілеттіктері

          5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
          Қазақстан Республикасының Үкіметі:
          1) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оған қарсы күрес


    -35-

    саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарды және оны жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлейді.
         
    2) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрады.

          6-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
          Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
          1) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
          2) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
          3) тиісті аумақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;
          4) тиісті аумақтарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасайды;
          5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;
          6) өңірлік Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі және Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі атқарған жұмыстар туралы есепті жыл сайын ұсынады.


          7-бап. Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі
          комиссиялар және Кәмелетке толмағандардың істері және
          олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялары
          1. Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссиялар:
          1) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасасады;
          2) жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
          3) көмек көрсету ұйымдарымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді оңалту жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді.
          2. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар:
          1) кәмелетке толмағандар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі жөнінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасасады;
          2) кәмелетке толмағандар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
          3) жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
     -36-   

    4) көмек көрсету ұйымдарымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды оңалту жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді.

          8-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
          Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде:
          1) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарды анықтайды, олардың есебін жүргізеді және олармен профилактикалық жұмыс жүргізеді;
          2) балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарды анықтайды және заңнамада белгіленген тиісті шараларды қолданады;
          3) белгіленген тәртіппен азаматтардың және ұйымдардың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы арыздары мен шағымдарын қарайды;
          4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізеді;
          5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу жөнінде тиісті шаралар қабылдайды;
          6) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды көмек көрсету ұйымдарына жібереді;
          7) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарды профилактикалық бақылау туралы сот шешімін қамтамасыз етеді;
          8) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
          9) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын жүзеге асырады.


          9-бап. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының
          құзыреті
          Қамқоршылық және қорғаншылық органдары заңнамалармен белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысады.


          10-бап. Білім беру органдарының құзыреті
          Білім беру органдары өз құзыреті шегінде:
          1) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды анықтайды, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс жүргізеді;
          2) дамуында немесе мінез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын психологиялық-педагогикалық кеңестерді атқарады, олардың кешенді тексерілуін жүргізеді және оларды одан әрі оқыту және тәрбиелеу нысандарын анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
          3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға, оларды ішкі істер органдарында есепке алуға және олармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысады;
    -37-  

       4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оның жолын кесу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге қатысады;
        5) балалар мен жастар үшін зорлық-зомбылықты емес мінез-құлық оқу бағдарламаларын әзірлейді.


          11-бап. Көмек көрсету ұйымдары
          Көмек көрсету ұйымдары:
          1) ішкі істер органдарының ұсынысы бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды және олардың отбасын қабылдауды дербес жүзеге асыруы;
          2) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға консультативті психологиялық және заң көмектерін өтеусіз беруді жүзеге асыруы, қажет болған жағдайда оларды әрі қарай оңалту үшін медициналық мекемелерге жіберуі;
          3) зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және олардың отбасы мүшелеріне өздерінің қызметін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерінің негізінде өтеусіз уақытша тұрақ ұсынуы;
          4) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға өтеусіз психокоррекциялық бағдарламаларды жүргізуі;
          5) ішкі істер органдарын тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе олардың жасалу қаупінің фактілері туралы ақпараттандыруы;
          6) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту және тәрбие қызметін жүзеге асыруы;
          7) жеке және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыруы мүмкін.


    3-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау
    жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру

          12-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу
          туралы ресми ескерту
          Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға, егер ол келтірген зардап елеусіз болған жағдайда, ішкі істер органдарымен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу туралы ресми ескерту шығарылады, бұл туралы ол адамға қолы қойғызыла отырып, хабарланады.
          Ресми ескертудің әрекет ету мерзімі бір айдан алты айға дейін.
          Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу туралы ресми ескерту оны шығарған күні жасы 16-ға толған, ақыл-есі дұрыс адамға беріледі.


          13-бап. Профилактикалық бақылау
          Профилактикалық бақылау сот қаулысының негізінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында осы Заңда көзделген шектеулер белгіленіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына бақылау қою түріндегі мәжбүрлеу шарасы ретінде ішкі істер органдары жүзеге асырады.
          Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға профилактикалық бақылау мен оларды есепке алу ішкі істер органдарымен белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
    -38-

          14-бап. Профилактикалық бақылау орнатылатын адамдар
          Профилактикалық бақылау:
          1) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жататын әкімшілік құқық бұзушылық немесе тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс жасаған;
          2) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу туралы ресми ескертулері болып, қайталап тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға орнатылады.


          15-бап. Профилактикалық бақылау орнатудың негіздемесі
          1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың үстінен профилактикалық қадағалау орнатуға:
          1) осы Заңның 14-бабының 1)-тармақшасында көрсетілген адамдарға қатысты заң күшіне енген сот қаулысы мен үкімі;
          2) осы Заңның 14-бабының 2)-тармақшасында көрсетілген адамдарға қатысты ішкі істер органдарының материалдары негіздеме болып табылады.
          2. Осы баптың 1-бөлігінің 1)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша профилактикалық бақылау орнату үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның өтініші және қылмыс жасаған адамға қоғамнан оқшаулауға байланыссыз жаза тағайындалған болуы қажет.


          16-бап. Профилактикалық бақылауды орнатудың тәртібі
          Профилактикалық бақылауды ішкі істер органының ұсынысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның тұрғылықты немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған жері бойынша аудандық (қалалық) соттың судьясы сот отырысында жеке өзі белгілейді.
          Ұсыныспен бірге сотқа үкім мен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың көшірмесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу туралы ресми ескерту қаулысы және тиісті адамға профилактикалық бақылау орнату қажеттігін дәлелдейтін басқа да материалдар жіберіледі.
          Адамға профилактикалық бақылау орнату туралы материалды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
          Адамға профилактикалық бақылау орнату туралы судьяның қаулысы  профилактикалық бақылау орнатылған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына орындау үшін жіберіледі.


          17-бап. Профилактикалық бақылаудың қолданылу мерзімі
          Профилактикалық бақылау үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
          Профилактикалық бақылау орнатылған адам оған сот жарияланған шектеулерді бұзған, сондай-ақ ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған жағдайда ішкі істер органдарының дәлелді ұсынысы бойынша судьяның қаулысымен профилактикалық бақылау мерзімі әр жолы үш айға ұзартылады, бірақ он сегіз айдан аспайды.
          Қаулы мерзімі оны шығарылған кезден бастап есептелінеді.


          18-бап. Профилактикалық бақылау орнатылған адамдарға
          қатысты қолданылатын шектеулер
          1. Профилактикалық бақылау орнатылатын адамдарға қатысты өмір

    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта