Главная страница
Навигация по странице:

  • 5.Сабақты қорытындылау

  • 6 сабақ І. Сабақтың тақырыбы

  • Ү. Әдебиеттер: негізгі

  • ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі

  • ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

  • 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

  • Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

  • 7 сабақ І. Сабақтың тақырыбы

  • ІІІ. Сабақтың түрі

  • Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар

  • Каз. Қазақстан-тарихы-Стом-1-курс. азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы азастан тарихы пні бойынша дістемелік нсау Мамандыы


    Скачать 1.99 Mb.
    Названиеазастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы азастан тарихы пні бойынша дістемелік нсау Мамандыы
    Дата25.05.2023
    Размер1.99 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚазақстан-тарихы-Стом-1-курс.docx
    ТипДокументы
    #1158608
    страница3 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

    1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

    2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

    5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

    1. Оқушыларды бағалау:

    2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ҰОС жылдарында.

    6. Үй тапсырмасы:

    1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

    2. Қосымша жұмыс:

    Реферат тақырыбы:

    1. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның экономикасы.

    2. ҰОС жылдарындағы қазақ мәдениеті.

    6 сабақ

    І. Сабақтың тақырыбы: 1950- 1960 жылдардағы Қазақстан.

    І. Сағат саны- 2 90мин(100% )

    ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

    ІY. Сабақтың мақсаты:

    оқыту: оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы қалпына келтіруде қиын күндерді бастан өткергенін түсіндіру.

    тәрбиелік: оқушыларды өткенді еске түсіре отырып, еңбекке тәрбиелеу.

    дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

    Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

    а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

    ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

    б)оқыту орны: аудитория.

    Ү. Әдебиеттер:

    негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

    Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.

    қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

    Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.

    ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

    Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

    Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    Сабақтың мақсаты мен міндеті.

    ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

    15 мин (16%)

    1. Қазақстанның екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы.

    2. Ленинград үшін шайқаста қазақстандық батырлардың ерлік көрсетуі.

    3.Соғыс жылдарында Қазақстанда жұмыс істеген өнеркәсіп орындары.

    4.Соғыста қанша қазақстандық Кеңес одағы батыр атағын алды?

    5. Ы. Жақаев дегеніміз кім?

    6. Қазақстанда екі рет Кеңес одағы батыр атағын алған батырларды ата?

    3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44%)

    1.3 Тақырып жоспары:

    1. Соғыстан кейін экономиканы бейбіт өмірге лайықтап қайта құру.

    2. Соғыстан кейін ғылым мен әдебиеттің дамуы.

    3. Өнеркәсіптің дамуы.

    4.Тың және тыңайған жерлерді игеру.

    Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

    Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды.

    1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді.

    1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек өнімділігі төмен еді. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", еңбек тақырыбына жазылған С. Мүқановтың "Сырдария", Ғ. Мұстафиннің "Миллионер", Р. Слановтың "Кең өріс" сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.

    Осы жылдарда М.Әуезовтің "Абай жолы", С.Мұқановтың "Шоқан Уәлиханов" сияқты көптеген тарихи шығармалар жарық көрді. "Абай" қойылымы үшін Қазақ Академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.

    1946 жылы республикада Ғылым академиясы құрылып, оның президенттігіне көрнекті ғалым, академик Қ.И.Сәтбаев сайланды. Жалпыға бірдей

    жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Алайда, мектептердiң материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың көпшiлігiнiң ғимараты болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін жөндеуге халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен көмек көрсетілді.

    Алайда, бұл кезде Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді.

    Бұл кезде Орталықта "Ленинградтық іс", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е.Бекмахановтың 1947 жылы шыққан "XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан" деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. "Правда" газеті "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.

    40 жылдардың аяғы-50 жылдардың басында "Бекмахановтың ісі" жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекқожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды.

    Сөйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.

    Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары бұрынғы КСРО, оның ішінде Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығы ауыр жағдайда болды. Елдің астық қажеттігін егіншілік аудандары өтей алмады, мал басы өспеді.

    Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы, әсіресе, өнеркәсіп саласы дамыды. Қазақстан еңбекшілері бесінші бес жылдықта (1951-1955 жж.) өнеркәсіпті дамытуда едәуір табыстарға қол жеткізді. Осы жылдары 200-ге жуық жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылды. Осы жылдары Қазақстанда энергетика, металлургия, кен рудасы, көмір, химия, машина жасау салалары дамыды. Түсті металлургия республика экономикасының жетекші саласына айналды. Елдегі ең ірі құрылыстардың бірі Қарағанды металлургиялық заводы (Қазақстан магниткасы) құрылысы басталды.

    Қарағандыда оннан астам шахта іске қосылды.

    Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Қарағанды қалаларындағы машина жасау заводтары жаңа станок жабдықтар жасайтын болды. Өнеркәсіп орындарында өндіріс үдерісін автоматтандыруда, механикаландыруда елеулі табыстарға қол жетті.

    Соғыстан кейінгі жылдарда Кеңестер мемлекетінде идеология саласында бірталай саяси қуғын-қудалау болып өтті. Қазақстанда бұдан шетте қалған жоқ.

    Қазақ халқының өткен тарихы, мұрасына байланысты әдеби еңбек жазған ұлы жазушы М.Әуезов, ұлы ғалым Қ.Сатпаев т.б. зиялы қауымның өкілдері қудаланды.

    1953 жылғы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған И.В.Сталин қайтыс болды.

    Ал алтыншы бесжылдық кезінде республикада ірі пайдалы кен орындарының игерілуіне байланысты бесжылдық жоспарды ауыр өнеркәсіптің, әсіресе, электр қуаты мен отынды көп қажет ететін салалары үшін кәсіпорындар жүйесін жасау, қара және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын, электр станцияларын салу, өнеркәсіптің басқа салаларын одан әрі өркендету міндеті қойылды.

    50-ші жылдардың екінші жартысында Казақстанда бүкіл еліміздегі сияқты өнеркәсіпте ғылыми-техникалық прогреске бетбұрыс кезең болды

    Өндіріс процестерін автоматты түрде басқару мен бақылау ісі мұнай кәсіпшіліктерінде де қолданыла бастады.

    Көлік жүйесіне де да көптеген техникалық жаңалықтар енді. Паравоздардың орнына сұйық отынмен жүретін локомотивтар келді. Тұңғыш тепловоздар 1957 жылы Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды.

    1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. 1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. тоннаға жетіп, тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды.

    Тың игерудің экономикалық және әлеуметтік салалардың дамуына тигізген салдары да болды. Сонымен бірге оның экологиялық, демографиялық зардаптары да аз болған жоқ.

    Тың игеру шұғыл, асығыс жүргізілді. Егістікке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зиян әкелді. Осының салдарынан игерілген жерлердің біразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кетті. 50-жылдардың ақырында Қазақстанда 9 млн. гектар жер эрозияға ұшарады.

    Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып малдың саны кеміді, әсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады.

    50-ші жылдардың басында Қазақстанның колхоздары да ірі, экономикалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы /МЖС/ мен оның бөлімшесі құрылды. МТС-тарды тарату колхоздар экономикасын нашарлатты.

    Сталин қайтыс болғаннан кейін 50-ші жылдардың орта шенінен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистік зандылықтарды қалпына келтіруге бағытталған бірсыпыра шаралар іске асырылды. 1956 жылы ақпан айында өткен партияның XX съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру, ішкі партиялық демократияны өрістету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды құптады. Бірақ бұл тек сөз жүзінде қалды.

    Қазақстанда тың жерлерді игеріп, индустрия алыптары бой көтеріп, халықтың саны едәуір көбейген 50-ші жылдары халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Дегенмен бұл жылдары жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстанда, әсіресе, солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті.

    Қорытып айтқанда, 50-ші жылдар Қазақстан үшін Одақтық баланстағы рөлі өскен, индустриялық қуаты артқан мәдениеті біраз дамыған, сөйтіп экономикасы өрлеу жолына түскен кезең болды.

    4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

    1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

    2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

    5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

    1. Оқушыларды бағалау:

    2. Сабақтың тақырыбы: 1950-1960 жылдардағы Қазақстан.

    6. Үй тапсырмасы:

    1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

    2. Қосымша жұмыс:

    Реферат тақырыбы:

    1. 1950-1960 жылдарда Қазақстанда білім беру саласының дамуы.

    2.Қазақстанда тың және тыңайған жерлердің игерілуі.

    7 сабақ

    І. Сабақтың тақырыбы: Патшаның көші қон саясаты. Кеңес өкіметі кезіндегі депортация, оның Қазақстандағы демографиялық жағдайға әсері.

    ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

    ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

    ІY. Сабақтың мақсаты:

    оқыту: оқушыларға халқымыздың өткен тарихын оқи отырып ендігі жерде қателіктерді қайталамауға үйрету.

    тәрбиелік: ұлтымызды, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

    дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

    Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

    а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

    ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

    б)оқыту орны: аудитория.

    Ү. Әдебиеттер:

    негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

    Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.

    қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

    Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.

    ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

    Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

    Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    Сабақтың мақсаты мен міндеті.

    ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

    15 мин (16%)

    1.Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті.

    2.Соғыстан кейінгі мәдениет.

    3.Тоталитарлық жүйе дегенімізді қалай түснесің?

    4. Бекмахановтың түрмеге жабылу себебі?

    5. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары.

    3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44% )

    1.3 Тақырып жоспары:

    1. Патшаның көші қон саясаты.

    2. Кеңес өкіметінің көші қон саясаты.

    3. Қазақстан- тоталитарлық лагерьлердің өлкесі.

    4.Депортацияның басталуы.

    5 . ҰОС кезіндегі жер аудару саясаты.

    Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

    Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналуы ХVІІІ ғасырдан басталған еді. Қазақтар шұрайлы жерлерінен айырылып, шөлді құнарсыз жерге ығыстырылды. 1861 жылғы аграрлық реформадан кейін жерге мұқтаж орыс шаруаларын қазақ жеріне қоңыстандыра бастады. Жетісу әскери губернаторы Г. А. Колпаковскийдің бастамасымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоңыстандыру туралы Уақытша ережелер» жасалды,ол 1883 жылға дейін күшін сақтады. Қоңыс аударушыларға 30 десятинадан жер бөлінді, түрлі салықтардан босатылды. ХІХ ғ. 70-90 – жылдары Қытайдан Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендер қоңыс аударды. Олар Талғар мен Шелек өзендерінің жағалауына орналасып, Жетісу халқының санын екі есе көбейтті. Отарлау саясатының нәтижесінде қазақ елінің этнодемографиялық құрамы өзгеріске ұшырай бастады.

    1904-1905 жылдары үкімет орындары қоңыс аударатын аймақтарды аудандарға бөлді. Осы саясаттың барысында Қазақстанға 1907-1914 жылдары 700 мыңға жуық адам қоңыстандырылып, қазақтардың саны азайды.

    Кеңес өкіметі 20- жылдары жер мәселесін тағы да келімсектердің пайдасына шешті.

    1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейін мыңдаған көтерілісшілер атамекенін тастап қашқаны белгілі. Осы кезде бай кулактар бос жерлерді өз меншігіне айналдырды. Сол себепті большевиктер жер-су реформасын жүгізіп, кулактардан артық жерді алуға мәжбүр болды. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзенінің сол жағалауындағы жерлер қазақтарға қайтып берілді. Бірақ келімсектер рұқсатсыз қоңыстануларын тоқтатпады.

    1929 жылы қазақ жеріне тағы да келімсектер келе бастады. 1926 жылғы санақ бойынша қазақтар саны 24,7 пайызға азайса, орыстар 8, 7 пайызға көбейген. Қазақтардың азюына азамат соғысы, 1921 жылғы ашаршылық та әсер еткен.

    1937 жылы республикада 5120, 1 мың адам болды. 1926 жылмен салыстырғанда қазақтар 14,5 % кеміді. Бұл жағдайға ашаршылықтың да әсері болды.

    1939 жылы елімізде 6093, 5 мың халық болып, оның 38 % қазақтар, 40, 2 % орыстар, 10,8% украйндар, қалған 11% басқа ұлт өкілдері құрады.

    Қазақтардың бұл санақта аз болуына 1937-1938 жылдардағы қуғын- cүргіннің әсері. Қазақтардың бұлай азайып кетуіне бір жағынан кеңес өкіметінің қыспаққа алуы болса, екінші жағынан ашаршылықтың әсері болды. Қазақтардан босаған аймақтарға лагерь тұтқындары орналастырыла бастады. Оларды «лагерь халқы» деп атап кетті. Осындай лагерьлердің бірі Карлаг 1930 жылы құрылды. Лагерь әр түрлі ұлт өкілдері тұратын жеті поселканың территориясына құрылды. Кейіннен оның территориясы 1 млн. 780 мың га жерді қамтыды. 30- жылдардың басында мұнда 37 000 адам болды. Оған қамауға алынғандардың төрт жасқа дейінгі 980 баласы лагерьдегі балалар үйінде тәрбиеленді. ҰОС қарсаңында лагерь тұтқынының саны елу мыңға жетті. Соғыстан кейін Карлаг пен Степлагта тұтқындар жетпіс мыңға жетті.

    Ал «Ақмола лагерінде» халқымыздың белгілі ақын жазушыларының жарлары қамауда болды.

    Депортация – күштеп көшіру немесе халықтарды жаза ретінде туған жерінен басқа жерге қоңыс аударту, соғысқа дейін қолданылған. Қазақстанға басқа халықтардың жаппай қоңыс аударғаны 1937 жылдан басталғанын көреміз. Қазақстанға бірінші күштеп поляктар, корейлер, немістер, күрдтер, ирандықтар болды. 1941-1942 жылдары 1,5 млн. немістер жер аударылса, соның жартысы қазақстанға қоңыс аударды. Латвия, Эстония, Литва, Молдавия елдерінің халықтары да күштеп қоңыс аударылып, шахталарда, құрылыста ормандарда лагерь тұтқыны сияқты жұмыс істеді.

    Халықтарды күштеп жер аудару ҰОС жылдарында жалғасты. 1943жылы Кавказ бен Қырым аймағындағы қарашайларды «отанға опасыздық жасады» деп Қазақстанға қоңыс аудартты. Сондай-ақ шешендер, әзірбайжандар, армияндар, түріктер, грузиндер де көптеп Қазақстанға қоңыс аударды. Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналуына тылда еңбек еткен еңбекшілер де өз үлестерін қосты. 1954-1964 жылдары Қазақстанға 102  ұлттың өкілдерін қамтыған 600 мыңнан астам ұлт өкілдері келді.

    Ал 1987 жылы көшу туралы жаңа заңның қабылдануына байланысты халықаралық «көші қон» қозғалысы етек жайып, негізінен неміс ұлты көшіп кетті. 1988 жылдан бастап жергілікті қазақ халқының саны бірінші орынға шықты.

    4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

    1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

    2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта