Главная страница
Навигация по странице:

  • 13-дәріс. Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік және сезімінің ерекшеліктері

  • 1.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы.

  • 2.Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы.

  • 3.Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі кемшіліктер және оны қайта тәрбиелеу жолдары.

  • 1.Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелері.

  • Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері.

  • Жас дағдарысына «Психологиялық сөздікте»

  • Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары.

  • бала психологиясы прпезентация. Дәріс балалар психологиясы. Балалар психологиясы пніні дріс материалдары


    Скачать 192.94 Kb.
    НазваниеБалалар психологиясы пніні дріс материалдары
    Анкорбала психологиясы прпезентация
    Дата19.02.2022
    Размер192.94 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДәріс балалар психологиясы.docx
    ТипДокументы
    #366851
    страница10 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Әдебиеттер:

    1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

    2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

    3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

    4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

    13-дәріс.

    Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік және сезімінің ерекшеліктері

    Дәріс жоспар:

    1.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы

    2.Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы

    3.Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі кемшіліктер және оны қайта тәбиелеужоспары.

    1.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы. Мектепке дейінгі шақтағы балалар өмірінде сезім барлық психологиялық таным үрдістерінен сипаты жағында жоғары болады, оған реңк және мәнерлік береді. Кішкентай балалар өздерінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді. Ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдеп шырмауында қалып тырады. Үлкендермен салыстырғанда баллаларда сезімнің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта болады. Баланың сезімі жылдам әрі айқын көрінеді де, тез

    сөнеді.

    Қызу шарттық артынша-ақ жылаумен алмасады. Бала толғаныстарының ең күшті басты көзі – баланың басқа адамдармен, үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаларға еркелете қараса, оған назар аударса, бала эмоциялық рахаттылықты сенімділікті, қамқорлықты сезінеді. Әдетте мұндай балаларда сергектік шат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттігінше дамуына жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады. Үлкен адамдардың балаларға қатысты мінез- құлқы балада түрлі сезімдр – қуаныш, реніш шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге , мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш пен көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.

    Мектеп жасына дейінгі балаларда жақын адамдарына алдымен ата-аналарына аға інілерін, апа-қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезім болады. Оларға көбіне қамқорлық аяушылық білдіреді. Өзге адамға деген сүйіспеншішілік пен мейірімділік баланың көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және ызамен байланысты. Бала түсінбестіктен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы адамның басынан кешірген қайғыға немесе әділетсіздікке өз басынан түскен ауыртпашылықтай толғанады. Ертедегі жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық білдіреді, бірақ өлке ұшыраған жауыздарды да аяйды. Бала көбінесе жағымсыз кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады. Ертегіні тыңдаған кездегі балада пайда болатын сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан оқығаның белсенді қатысушысына айналдырады. Бала сезімнің ішінде қатты қорқыныш, толғаныс ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы көбінесе, үлкендердің теріс тәрбиесімен қиынсыз мінез-құлықтарына байланысты.

    Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері де айтарлықтай өзгереді. Бірінші, бала біртіндеп белгілі бір дәрежеге дейін қызу,батыл сезімдерді көрсетуді тежей білуге үйренеді. 5-6 жасар бала көз жасын тыя біледі, қорыққандығын білдірмейді. Екіншіден, көз тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс ырғағының көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.

    2.Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы. Баланың ерік әрекеті саналы талап-тілектерінің нәтижесінде шешімге келіп, оны орындаумен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибиесі арта түседі, қиядай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап - тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері еді де болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге асады. Эмоцияны ықпалы мен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға “Барып кел, алып кел, үйдің сурeтін сал” деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Осылай бала әрекетінде эмоциялық белсенділік орын алады. Оларды эмоциялық сезім билеп, еркі тұрақсыз болып, іс – әрекет үстінде шешімін өзгертіп отырады. Алайда өзгерген мақсат күшті сезім туғызса, өз бойына лайық қажыр. Қайрат. Табандылық көрсетеді.

    Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыру қажет.Баланың ерік әрекетін тәрбиелелеу жас кезеңнен басталды.Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады.

    Мектепке дейінгі кезеңде рөлдік, қимылды, спорттық, құрылыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір – ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.

    3.Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі кемшіліктер және оны қайта тәрбиелеу жолдары. Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде бірыңғай дұрыс жоспарланған жарасымда іс-шараларды қолдану олардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді жою жолдары болып табылады. Ерік кемшіліктерінің ішіндегі балаларда көп кездесетіні-қыңырлық. Қыңырлық ешқандай себепсіз өз дегенін істегісі келетіндіктен болады. Профессор Н.Д.Левитов қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын мынандай белгілерін атап өтеді 1) қалай да өзінің айтқаның істегісі келушілік, 2)баланың жаңа пікірді ұға алмайтын ойының тарлығы, 3)басқа адамға талап қойғыш, өзінің айтқан талап-тілектерін мойындататындығы. Денсаулығы нашар, организмі әлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ келеді. Мұндай бала кейде құр босқа ашуланып, тез қылықтар жасайды. Мысалы, қыңырлық ешқандай тыйым көрмеген еркеліктен туады, ол өзімшіл болады, ұжымнан шет қалады, дербестігі жойылып, өз бетімен еңбек ете алмайды.

    Осыдан келіп қыңырлық, өзімшілік туады. Мұндай қыңырлықты жою үшін отбасындағы тәрбие бағытын түзеу керек. Қыңырлық кейде ересек адамның балаға орынсыз ұрып-соғып жәбірлеудің нәтижесі. Сондай-ақ тәрбиеленушілердің қатаң талап қоюынан үгіттеу көп болып, бір сөзді болмай орынсыз мақтай беруінен де туындайды.Осы себептер жойылса, қыңырлық та жойылады. Сонымен бала тілегін қайтармай құры мәпелей беру іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырып отырмаушылық қыңырлықтың болуының негізгі себебі. Еркелікті тудыратын негізгі себептер қыңырлықтың болуының себебімен бірдей болғандықтан, еркелікпен күресу де қыңырлық сияқты. Қыңырлық пен еркелікті байқаған жерде тәрбиеші мынандай шаралар қолдану керек: ерке балаға көңіл бөліп, арыздарына құлақ сала бермей, қатаң талап қоя білу керек. Егер еркелік денсаулығына байланысты болса, маман-дәрігерлерден кеңес алу керек. Еркелікті жою үшін үйде де бақшада баланың айтқанын істеуді қою керек, жылады екен деп айтқанын істей беруге болмайды.

    Мектеп жасына дейінгі балаларда қырсығу да жиі кездеседі. Бір нәрсені олай істеме деп айтсаң, ерегесіп түседі. Ашуланып, қарсылық көрсететіндері де болады. Мұндай қылықты көбінесе, жүйке жүйесі қозғыш балалар көрсетеді. Ол табиғатынан осындай қасарыспа емес, жүйке жүйесінің қозғыштығына байланысты. Жалқаулық та ерік жігерінің аздығын көрсетеді. Баланың белсенделік пен еңбек сүйгіштік қасиетінің болмауы, жалқаулықты жою үшін сол әдеттен шығудың жолдарын іздестіру керек. Жалқаулықтың басты себебі баланың ойынға айналып кетуі. Жауапкершілігінің жоқтығы және мақсатсыз әрекет етуге байланысты.

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. Қыңырлықтын пайда болу себептері.

    2. Қыңырлық пен еркелікті байқаған жерде тәрбиеші қандай шаралар қолдануы тиіс.

    3.Еркелікті жоюдың жолдары.

    4. Баланың бойына ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың жолдарын.

    5. Профессор Н.Д.Левитов бойынша қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын белгілерін атаңыз.

    Әдебиеттер:

    1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

    2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

    3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

    4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

    14-дәріс. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық мәселелері.

    Дәріс жоспары:

    1. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелері

    2. Мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері

    3. Мектеп жасына дейінгі бала психикпсының дамуына мектеп алды дағдарысының ықпалы

    4. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары

    1.Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелері. Қазақстан Республикасы Презинденті Н.Ә.Назарбаев «жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында елімізде алдыңғы онжылдықта атқарылар істер мен оқыту мәселесіне тоқталуы осысала қызметкерлерінің өз ісіне деген жауапкершілігін арттыра түспек.

    Қоғам мүддесіне лайықты жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан парасатты адамзат тәрбиелеп өсіру жанұяның, балабақшаның тіпті барша халықтың міндеті. Қоғам алға қойған бұл мінеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту көзделуде.

    Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады.Бала мектепке қаншалықты саплы және уақытылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады.

    «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық жәнетсалмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр.

    Баланың мектепке оқуға психолоиялық даярлығы балалар психологиясы ғылымы мен білім беру жүйесі саласындағы өзекті мәселелердің бірі.

    Жалпы білім беретін мектептердің 1 – сыныбына қабылданған балалар, мектептік оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды. Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі – мектептік оқуға даяр еместігінде.

    Оқуға берерде баланың тек биологияялық жасына немесе дене дамуының көрсеткіштеріне сүйенбей, мектепке психологиялық даярлығының өлшемін жасап шығаруға болмайтын тәжірибе көрсетіп отыр.

    Кез келген ғылыми зерттеу жұмысы тарихи дамуы жолынан өтеді. Балаларды мкетепке даярлау процесі іс жүзінде Ресейде 1970 – жылдардан басталса, батыс еуропа елдерінде 1950 – жылдардың өзінде – ақ өмірге келді.

    Баты Еуропада баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығының диагностикасы тәжірибелік әрекет ретінде қалыптасты. Мәселен, 1920 жылдардың басында Германияда мектепке барар баланы сынақтан өткізетін екі орталық жұмыс істеді: Лейпцинг қаласындағы Винклер зертханасы мен Мюнхендегі гуд және Пеннингтер орталықтары. Бұл тексерулердің міндеті – мұғалімнің, баланың ақыл – ой қабілеті туралы мүмкіндігінше тез, әрі батыл түрде мәлімет алуына көмектесу болатын.

    2.Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері. Қоғамның даму әлеуеті білім деңгейі мен білімділік көлемімен өлшенеді. Әлеуметтік ортадағы адамзат баласының білімділігінің негізін қалайтын қасиетті орын – мектеп. Ғылымның әрбір саласынан хабар беретін мектеп оқуы жүйелілігімен, бірізділігімен ерекшеленеді. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы бастауыш білім болса, сол бастауыш білімнің де, өз кезегінде сүйенер кезегі бар. Ол – білім беру жүйесінің бастапқы буыны мектепке дейінгі тәрбие. Сәбилерге алғашқы мәдени – гигиеналы дағдыларды үйретуден бастап, саналы тәртіп, салиқалы ой қорытындысын жасауға дейін көтеретін бұл тәрбие ошақтары болашақ оқушыны мектептегі оқу ісіне даярлаудағы маңызы зор екендігі еш талас тудырмайды.

    1984ж. К.Д.Ушинский мен Л.С.Выготский зерттеулері негізінде, А.Н.Леонтьевтің басшылығымен баланың мектептегі оқуға даярлығының псиологиялық мазмұны мәселесіне арналған зерттеулер тобы жүргізіле бастайды. Мектепке даярлық мәселесін мектеп талабынан бөліп қарастыра отырып, А.Н.Леонтьев, мектепте оқытудың баланың есіне, қабылдауына жіне тілінің дамуына, яғни психикасының даму деңгейіне талап қоятындығын атап көрсетті. Осы тақырып негізінде бала психикасын тануға арналған зерттеулер жарық көре бастайды: Истомина З.М. – ырықты ес процесінің дамуы;

    Запорожец А.В. – ерікті қозғалыс процесінің дамуы;

    Мануйленко З.Б – ырықты мінез – құлық дамуы;

    Осы зерттеулер негізінде жатқан теориялық ой, яғни – психикалық әрекеттің ырықты процестері үнемі әрекет ретінде қалыптасатындығы - баланың психикалық дамуын зерттеуде түбірлі мәнге айналды.

    960 – жылдардың басына дейінгі кезеңде мектептік оқуға даярлық мәселесі педагогикалық талап тұрғысынан ажыратылып, психология ғылымының зерттеу нысаны ретінде қарастыру сипатына ие болы.Осы мерзімде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде « мектепке психологиялық даярлық » ұғымы қалыптасты. Мектепке психологиялық даярлық мазмұны болып, әлі толық ашылмаған жаңа құрылымдар белгіленді.

    1954ж. Чех ғалымдары А.Керн мен Я.Йирасек «мектепке психологиялық даярлық диагностикасы туралы ізденістер жүргізіп, зерттеу қорытындысы ретінде әйгілі Керн – Йирасек тестін ұсынды. Олардың пікірінше, мектепке түскен бала оқушыға тән кейбір белгілерді игеруі қажет:

    1.ақыл – ой кемелі

    2.көңіл-күй кемелі

    3.әлеуметтік қатынастар

    А.Керн мен Я.Йирасек ақыл – ой кемеліне баланың заттардың жеке бөліктерін қабылдай алуын, ерікті зейінін, салыстыра ойлай алу қабілетін, көңіл-күй кемеліне баланың көңіл-күйінің тұрақтылығын, оқыс реакцияның түгелдей жойылуын жатқызады.

    3. Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп алды дағдарысының ықпалы. Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру – өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты.

    Жас дағдарысына «Психологиялық сөздікте» мынандай анықтама беріледі «бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтудің шартты атауы. Ал егер осы ауысулар міндетті, әр заңдылық болса, теріс қылықтар - баланың өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты туындайтын қиындықтардың нәтижесі».

    Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Даму дағдарыстарын зерттеу туралы Л.С.Выготскийдің тезистері жарты ғасыр бұрынғы өзектілігін жойған жоқ. Психикалық даму туралы белгілі бір жас кезеңіне сипаттама берілгенде, барлық зерттеушілер Л.С.Выготскийдің «дағдарыс» теориясына сүйенеді, содан мысалдар келтіреді. Ал, осы мәселесіне жаңаша қарау, оны дамудың қазіргі кезеңіне сәйкес жаңа қырынан ашу, немесе Л.С.Выготский теориясына терең талдау жасаған зерттеулер байқалмайды.

    А.Н.Леонтьев бойынша, жаңа әрекеттің қалыптасу жаңа мотивтердің пайда болуымен байланысты, яғни мотивтің мақсатқа бағытталуымен сипатталады; іс – қимыл мазмұны біртіндеп байи түседі де, іс – әрекет шеңберіне көше түседі. Дағдарыс бір кезеңнен екінші кезеңге өтудегі, жетекші әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысардағы дамудың аса қажетті белгісі емес; егер баланың психикалық дамуы тәрбие арқылы меңгермелі сипатта болатын болса дағдарыстың өтпеуі де мүмкін.

    Дағдарыс – психологиялық ақиқат құбылыс ретінде емес, бұрыс тәрбие нәтижесі ретінде қарастырылатын болды.

    Бұл көзқарасқа қарсы, Д.Б.Эльконин зерттеуінде, дағдарыс жүйеден екінші жүйеге ауысуы ретінде сипатталады. Дамудың сатысында адам іс – әрекетінің белгілі бір жағы қарқынды түрде өседі (оған сәйкес қабілеті де артады), ал екінші жағы біртіндеп қала бастайды. Осы қалу (кешігу) белгілі бір шекке жеткенде, жетекші әрекеттің өзгерісі басталады, нәтижесінде, даму дағдарысқа ұшырайды. Д.Б.Эльконин дағдарыс жастары психикасымен байланысты арнайы сұрақтардың жасалу қажеттілігін атап көрсетті.

    Бірақ дағдарыс кезеңнің өту тетігінашқан жоқ. Л.С.Выготскийдің 7 жас дағдарысы туралы зерттеуін талдай отырып, Д.Б.Эльконин дербестікке ұмтылу – бала мен ересек арасындағы жаңа қатынастар жүйесінің қажетті алғышырты деп болжады.

    4.Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары. Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруда жүргізілетін іс – әрекет, тек түзету жұмыстары арқылы ғана үлкен орын алмай сонымен қатар, басқа да танымдық әдістерінің дамуы арқылы, мысалы, зейіннің қасиеттерінде, ес пен қабылдауда, сөйлеу мен ойлауда және т.б процестерде үлкен орын алуы тиіс. Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыру сабақтардың, білімнің тиімділігін олардың дамуы деңгейі мен зейіннің жоғары дамығанына әсіресе ырықты зейіннің рөлі ерекше жоғары болады. Балалардың санасын бақылау үшін, оқу әрекетіндегі зейіннің анықтау объектісіне туралау, есте сақтау, ойлау мен сөйлеуде алдарына мақсат қойылады.

    Қиял белгілі бір затқа тәуелді болып қалмай, ішкі әрекетке айналып ол өз қиялын сөздік шығармашылықта көрсете бастайды. Мысалы: санамақтар, мазақтамалар, өлеңдер және сурет салу, мүсіндеу кездерінде. Міне осы жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланы мектепке дайындаудағы негізгі қағидаларды жасауға болады. Баланың мектепке дайындау кезінде ең алдымен баланың мектепке деген қызығушылығын туғызып, содан кейін ғана дамытушылық жұмыстар жүргізу керек.

    Негізгі жұмыстар:

    1.Баланың қажеттіліктерінен туындайтын психикалық үрдістерді жаңарту;

    2.Балаға субъективті қарым – қатнас жасау;

    3.Баланың жақын арадағы даму аймағын ескере отырып жеке қарым – қатнас жасау;

    4.Баланың қызығушылығын тудыратын, олпрды жандандыратындай сабақтардың көпшілігін ойын түрде жүргізу;

    5.Балалар мен қарым – қатнас достық түрде мейірімділік тұрғыда жүргізіліп, жанға ауыр сөздерді баланың іс – әрекетіне қолданбау;

    6. Баланың немесе бүкіл топтың жұмысына эмоциялық жағымды баға беріп отыру, әрбір жеңіс балаға қабілетін дамыту тек қана сандық 2, 3, 4, 5 баға бермей істелген жұмысының жақсы және жаман жаңалықтарына талдау.

    Қорыта келгенде, мақсатты психологиялық тұрғыдан баланы мектепке дайындау мектеп бағдарламасын орындауда баланың күш жігері толықтай жететіндігін айғақтайды. Осындай педагогикалық – психологиялық демеу көрсетудің нәтижесінде бала бойында мектепке бейімделу тез өтіп, нашар оқушылардың саны азайып, оқуға деген қызығушылықтары жоғарғы деңгейге көтеріледі.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта