Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары.

  • 2.Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі.

  • 3.Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні.

  • 11- дәріс. Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты әрекеті

  • бала психологиясы прпезентация. Дәріс балалар психологиясы. Балалар психологиясы пніні дріс материалдары


    Скачать 192.94 Kb.
    НазваниеБалалар психологиясы пніні дріс материалдары
    Анкорбала психологиясы прпезентация
    Дата19.02.2022
    Размер192.94 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДәріс балалар психологиясы.docx
    ТипДокументы
    #366851
    страница8 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Әдебиеттер:

    1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

    2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

    3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

    4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

    10-дәріс. Мектепке дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері

    Дәріс жоспар:

    1.Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары

    2.Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі

    3.Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні

    1.Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары. 3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді.Бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғарғы жүйке жүйесінінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см ге артса 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10 см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі, кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қан айналымы жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жасында 1 жаспен салыстырғаннан 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миының салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 гр. болса, 7 жаста 1250 гр. болады. 3 жасқа дейінгі баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік септигін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасынаисен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуынада әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.

    5 жасқа кедгенде қимыл- қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы шана велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың грамматикалық сөздік қоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің берген тапсырмасын және қарапайым еңбек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына ықпалын тигізеді. Ертегі мен әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделініп, өмірдің барлық шындықты бейнелуді көздейді.

    2.Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі. Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштері дәлелдейді. Оның ұйқысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесінің күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандыра қоймаса айқалап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш болама соған да байланысты яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен да жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл күй қалпының өзгеруімен және бірден жарқырап қуанып, жабырқап қайғыруынан байқалады.Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, ептеліктер ме дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез ауысуы еске тез сақтап қайта жаңғырта алуы шапшаң қимылдап тез сөйлеу сезгіштіктің пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерленгіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді.Кейбір балаларды ашуланшақ күйгелек шыдамсыз десек енді біреулердің қуанғаны да ренжуі де түсініксіз дейді. Енді біреулерді икемді епті десек оған қарама – қарсы ебедейсіз олақ бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланы сыртқа әрекеттердің оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.

    3.Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні. Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.

    И.В.Павлов шарты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің негізгі қозу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт типте жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үдерістері бір бірімен сәйкес келмейді.

    Сангвинник. Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы, қимыл-қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш.Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің барлық ынтасымен кіріседі. Ол тәрбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортады жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін жаңаны тез қабылдағыш, зейінді айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік орта да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.

    Холерик. Бұл күшти тип. Кез-келген іске барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді, бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен, ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвинник сияқтытез икемділгіш емес.

    Флегматик. Күшті тепе-теңдігі бір қалыпты тыныш тип. Эмоциялық қозуы бір қалыпты жайбарақат оның жарқырап қуаны да қайғыруы да қиын. Бүкіл тптағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты қайрат-жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп кетуі қиын жүзеге асады. Тез тілтабысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.

    Мелонхолик. Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ-түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай салады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегенде даусы естілмейді, жай жылайды, сирек күледі, бірақ оқыс қатты күледі. Белсенділігі төмен, сабақта қолын көтереді. Оның өзінде бір көтеріп,бір түсіріп, өзіне-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ,ерік күші әлсіз табансыз жұмсақ, қабілетсіз, тез шаршайды.Зейіні ырықсыз тез ауытқып кетеді, психолгиялық шапшаңдығы баяу.

    Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек.Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қощуы шамадын тыс келетін тип те ұшырайды. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттықтыру арқылы невр жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады. Баланың қолайлы тәжірибиенің нәтижесінде кез-келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1.Мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін темперамен типтері

    2.Даму барысында туындайтын сапалы өзгерістер неге тәуелді?

    3.И.П.Павлов шартты рефлекстер арқылы қандай заңдылықтарды ашты.

    4.Қорқақ, жалтақ,ерік күші әлсіз табансыз, жұмсақ, қабілетсіз қасиеттері бар типті атаңыз.

    5.Нерв қызметі типтерінің жекелеген қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибие жүзінде дәлелдеген кім?

    Әдебиеттер:

    1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

    2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

    3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

    4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014
    11- дәріс. Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты әрекеті

    Дәріс жоспар:

    1. Ойын бала психикасын дамытушы басты құрал

    2. Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері

    3. Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері

    4. Еңбек пен оқыту әрекетінің бала психикасының дамуына

    тигізетін ықпалы

    1.Ойын бала психикасын дамытушы басты құрал. Ойын мектеп жасына дейінгілердің іс-әрекетін дамытуда негізгі жетекші рөл атқарады. Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар мен педагогтар ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойынды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.

    Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар, «ойын олар үшін оқу, еңбек және тәрбиенің нақты формасы» деді.

    Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін қоршаған ортаны танып білу формасы. Ойынның әлеуметтік сипаты белгілі бір қоғамда өмір сүретіндігіне байланысты және ойын қарым-қатынас құралы.

    Баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соны ашып алау қажет. Өткен ғасырдағы кейбір оқымысты ғалымдардың айтуынша Шиллер «Бала қозғалмай, әр нәрсемен айналыспай көп отырса, соның салдарынан жұмсалмай қалған қуат жиналады да соны жұмсау қажеттілігі баланы ойнауға итермелейді». Бірақ бұл пікірге көптеген психологтар қарсы болған. Тек жұмсалмай қалған қуат күші жиналған балаларға ғана емес, кейбір шаршап отырған балалар да ойнайсың ба сұрағанда ойнаймын деп жауап береді. Соны есепке алып Австрия психологы К.Бюллер жұмсалмай қалған қуат теориясы баланың не себепті ойнайтынын дәледей алмайды деп ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Себебі бала ойыны сол кезде мәз болып рахаттануымен ұштастырылмаса, екінші рет ойнағысы келмес еді.

    Көрнекті орыс марксистерінің бірі Г.В.Плеханов «Бала ойын кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан ойын еңбектің інісі» деген. Бірақта баланың ойнауына не себеп болатыны әлі анықталмаған. Себебі тек бала емес, жануарлардың төлдері, тіпті балапандар да ойнайды. Ойын тек адам баласына емес жаунарларға да тән болғандықтан жалпы айтқанда тіршілік репетициясы сияқты әрекет. Олар үлкендердің әрекетін нақты қайталай алмайды, бірақ өзін-өзі соған даярлау керек.

    Бірақ ұзақ тарихи дамуда баланың ойыны үлкендердің ісін үйренуге арналған. Ерте кезде ойын баланың негізгі әрекеті болып есептелмеді, жұмыстан қолы босаған кезде ғана бала ойнайтын болды.

    Ойын кезінде түгелдей үлкендерден көргенін, олардың өзара қарым-қатынастарын және басқа әрекеттерін бейнелейді және неғұрлым белсенді әрекет етуге мүмкіндігі болса, соғұрлым ойын қызықты болады. Осындай жағдайда бала үлкендердің еңбегін қайталау үшін ойыншықты сол зат етіп пайдаланады.

    Бала ойынының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деген: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор. Ересек адам үшін еңбектің қандай маңызы болса, ойынның бала өмірі үшін нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса өскенде еңбекте сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».

    Ойынға ерекше мән беріп А.П.Усова «Ойын басқа тәрбие формаларының қайсысынан болса да жоғары тұрады. Өйткені ол барлық тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға, олардың белсенділігін арттырып, өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік береді» деген.

    Ойында тек жекелеген қимыл қозғалыстар емес, біріккен әрекеттер жүзеге асады. Бұл әрекетте бір-бірімен тілдесу арқылы қарым-қатынас негізінде жүзеге асады.

    Адамның басқа әрекеттері сияқты бала ойынының да әлеуметтік сипаты болады. Сондықтан ойынның мазмұны адамның өмірі мен тарихи өзгешеліктеріне байланысты ауысып отырады. Баланың ойынының өзгеруі де өзгерген өмір бейнесін көрсетеді. Мысалы, 1941 жылы балалар ойынының мазмұны өз жауына қарсы күресу, тамақты карточкамен алу болса, қазіргі бала ойыны мүлде басқа.

    Бала өз ойынында шығармашылық шындықты бейнелейді. Кейде өз қиялы бойынша фантазиясы мен ойынның мазмұнын өзгертеді.

    Бала ойында өзінің басында бар біліміне сүйенеді және ойынды өз танымы мен адамгершілігіне, қабілетіне байланысты дамытып отырады. Мысалы, дүкен, сатушы, дәрігер ойындарын ойнау үшін балада олар туралы түсінік мағлұмат болуы керек. Сондықтан бала ойыны үлкендердің еңбегін бақылаудың негізі болып есептеледі.

    Мектепалды даярлық топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады.

    Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.

    Балалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін көрнекті орыс педагогтары А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, П.Г.Саморукова, психолог-ғалымдар Д.Б.Эльконин, А.В.Черков, Р.М.Римбург, А.В.Запорожец және т.б. зерттеп еңбектер жазған. Ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді.

    «Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағылығы артып, тапқырлық, сезімталдық, өз ойын білдіру әрекетін көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді» - деген болатын.

    Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектерінде балалардың тілін дамытуға күн тәртібі, тамағы және ойынның маңызы зор екендігіне үлкен мән берген.

    Баланың шығармашылық қиял, қабілетін, тілін дамытуда да ойынның айрықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф-ғалымы Ш.Уәлиханов, ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б. атап көрсеткен. М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістерін көрсетумен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға, жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған.

    Балалардың қозғалысқа құрылған дидактикалық ойындарды меңгеруі өзіндік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін ойындардың мүмкіндіктері мол.

    Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргеңдей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда, олардың ақыл-ойы, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды. Баланың талғамын, қызығушылығын, тілін дамыту барлығы ойын арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, мектепалды даярлық тобында балалардың тілін дамытуда ойынның рөлі басым бола түседі. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:

    1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;

    2. Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ақбайпақ, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр теке, жырадағы қасқыр.

    3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;

    4. Құрылыс ойындары: лото және басқа конструкторларды пайдалану;

    1.Спорттық ойындар: футбол, воллейбол, теннис, хоккей, баскетбол;

    2.Рөлді-сюжетті ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.

    Балалардың дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу үдерістері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

    Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау, топтастыру үшін тапқырлық, байқағыштық, зеректілік көрсетеді.

    Құрылыс ойынында әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын жоспарлайды, қадағалайды.

    Құрылыс материалдарының пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең-тар), биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

    Ұлттық қимылды ойында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді.

    Кейіптендіру ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Ойында ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

    Балалардың тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлікке құлшынысы көрініс табады.

    Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан алуан, әрі қызғылықты. Олар: «Алақан соқпақ», «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Аңдардың айтысы» т.б. Мәселен «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты үғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтанып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Ойын ережелерінің бала үшін тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта