Главная страница
Навигация по странице:

  • 15-дәріс. Баланың мектеп психологиялық дайындаудың диагностикасы.

  • 1.Мектепке оқуға психологиялық дайындықтың мәні.

  • 2.Балада оқу мотивациясының қалыптасуы.

  • 3.Мектепке оқуға психологиялық дайындығын диагностикалаудың мақсаты мен бағдарламаларына қойылатын талаптар.

  • «таяудағы даму аймағына»

  • 4.Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалауды ұйымдастыру.

  • 5.Баланың мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар.

  • 1.Психологиялық даярлығы

  • 5.тілдік қатынас (коммуникативті)даярлығы

  • 6.Диагностикалық бағдарлама.

  • 7.Баланың психикалық дамуының картасы.

  • бала психологиясы прпезентация. Дәріс балалар психологиясы. Балалар психологиясы пніні дріс материалдары


    Скачать 192.94 Kb.
    НазваниеБалалар психологиясы пніні дріс материалдары
    Анкорбала психологиясы прпезентация
    Дата19.02.2022
    Размер192.94 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДәріс балалар психологиясы.docx
    ТипДокументы
    #366851
    страница11 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы» мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне тоқталыңыз.

    2. «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасы» мен ҚР Білім туралы Заңының (2007 ж.) талаптарына сәйкес, мектепалды даярлық сыныптарының жұмыстарының қайта жандандырылу уралы айтып өтіңіз.

    3. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың бағыттарын талдаңыз.

    4. Мектептегі оқуға дайындық

    5. 7-жастағы дағдарыстың көрінуі.

    Әдебиеттер:

    1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

    2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

    3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

    4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

    15-дәріс. Баланың мектеп психологиялық дайындаудың диагностикасы.

    Дәріс жоспары:

    1. Мектепке оқуға психологиялық дайындығының мәні

    2. Балада оқу мотивациясының қалыптасуы

    3. Мектепке оқуға психологиялық дайындығын диагностикалаудың мақсаты мен бағдарламаларына қойылатын таоаптар

    4. Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалауды ұйымдастыру

    5. Баланы мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар

    6. Баланың психикалық дамуының картасы

    1.Мектепке оқуға психологиялық дайындықтың мәні. «Мектепке психологиялық дайындық» деп балалардың құрдастары ұжымында мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі түсіндіріледі.

    Дамудың қажеті мен жеткілікті деңгейі, оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму аймағына» жететіндей болуы керек. Ал «дамудың таяудағы аймағы» баланың ересектермен бірге отырып, қол жеткізетін жетістіктерімен айқындалады. Егер баланың психикалық дамуының өзекті деңгейі мектептегі оқу бағдарламасын меңгеру үшін қойылатын талаптан төмен болса, онда бала мектепте оқуға психикалық дайын емес деп есептеледі.

    Кеңес және ресей психологиясында мектепке психологялық дайындық мәселесін теориялық жетілдіру Л.С.Выготскийдің еңбектерінде негізделеді (Божович Л.И. 1968, Эльконин Д.Б. Салмина Н.Г. 1988, Кравцова Е.Е, 1991 т.б.)

    «Оқушының ішкі позициясы» мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының аралығында пайда бола отырып, баланың оқу үдерісіне іс-әрекет субъектісі ретінде қатысуына мүмкіндік тудырады. Бұл тілектер мен мақсаттардың саналы қалыптассуы мен оларды орындаудан немесе оқушының ішкі іс-әрекетінен көрінеді.

    Баланың мектепке дайындық мәселесін талдай отырып Д.Б.Эльконин оқу әрекетінің қажетті алғы шарттарын бөліп көрсетті. Ол және оның ізбасарлары төмендегі өлшемдерді атайды:

    • Баланың өз әрекетін белгілі бір ережеге саналы бағындыра алуы;

    • Берілген талаптар жүйесіне бағыттала алуы;

    • Сөйлеп жатқан адамды зейінмен тыңдай алуы;

    Талап етілген тапсырманы үлгіні көзбен қабылдау бойынша дербес орындай алуы. Бұл – еріктіліктің дамуының шамасы.

    Мектепке психологиялық дайындықтың зияттылық сферасын зерттеуде баланың меңгерген білімдерінің жинақтық санына емес, зияттылық үдерістерінің даму деңгейіне баса көңіл бөледі: «бала қоршаған шындықтағы құбылыстардың мәнді жағын бөле білуі, оларды салыстыра, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі керек» (Божович Л.И.,1968). Жақсы оқу үшін бала өзінің танымының пәнін бөле білуі керек.

    Мектепке психологиялық дайындықты анықтауда баланың қарым-қатынас жүйесіне ерекше көңіл бөледі. Қарым-қатынастың негізгі үш сферасы бөлініп көрсетіледі:

    -ересектермен ерікті қарым-қатынас

    -құрдастармен ерікті қарым-қатынас

    -өзінің өзіне қарым-қатынасы

    Ортақ іспен шұғылданатын сыныпқа келген соң, бала өзі сияқты өзге балалар мен өзара қарым-қатынасқа түсе алуы керек. Ол балалар қоғамына еніп, олармен бірігіп әрекет ете алуы және олармен келісімге келе алуы, қорғана білуі де керек. Баланың белгілі бір әлеуметтік ортадан алған мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы білімдері мен оған нақты бір қатынасы болуы керек.

    1. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді:

    -зияттылық

    -эмоциялық

    -әлеуметтік

    Зияттылық жетілу деп фоннан фигураны ажыратуды білдіретін бөліп (дифференциациялық) қабылдауды, зейінді шоғырландыруды, аналитикалық ойлауды (құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау мүмкіндігін, үлгіні қайта жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік қимылдарды мен сенсорлық координацияның дамуын айтады. Мұндай зияттылық жетілу бас миы құрылымы қызметінің пісіп жетілуін бейнелейді десе де болады.

    2.Балада оқу мотивациясының қалыптасуы. Мектептің оқушыға қоятын талаптары мен оқу бағдарламаларын талдау мектепке дайындықтың мотивациялық, еріктік, зияттылық және тілдік сфералардан көрінетінін растайды.

    Баланың жаңа жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекетін анықтайтын оқу мотивациясы оның психикасы едәуір қалыптасқан ойын іс-әрекетті екінші жоспарға ауысқанда пайда болады. Мектепке дейінгі шақтың соңында ойын «таяудағы даму аймағын» құрудағы өзінің мүмкіндігін (психикалық даму механизмі болып табылатын) жояды.

    С.С.Выготский атап көрсеткендей, ойынның даму үдерісі ондағы қиялдан туған жағдаяттардың маңызының біртіндеп азайып, ережелердің рөлінің едәуір артуымен түсіндіріледі. Мектепке дейінгі ересек жаста, әсіресе 6-7 жаста ережелі ойындарға, ал әрекетті ереже бойынша орындау оның негізгі мазмұныңа айналады. Осылай мотивациясының жетекші типінің ойыннан оқуға ауысуы үшін негіз дайындалып, ол баланы үнемі түрлі ережелер бойынша әрекет ететін оқушы рөліне енуге ынталандырады.

    Егер баланың ойының дамуының барлық сатысынан өтпесе, мектепке аяқ басар алдында оның психикалық дамуына жеті жастағы дағдарыс байқалмайтынын толық айтуға болады. Ал бұл дағдарыс мектепке психологиялық дайындықты білдіретін оқу мотивациясының пайда болуынан туындайды.

    3.Мектепке оқуға психологиялық дайындығын диагностикалаудың мақсаты мен бағдарламаларына қойылатын талаптар. Мектепте оқуға психологиялық дайындықты диагностикалау ең алғаш рет шет елдерде қолданыла бастады. Шет елдік зерттеулерде ол мектептік жетілу диагностикасы ретінде белгіленеді. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді:

    -зияттылық

    -эмоциялық

    -әлеуметтік

    Бөлінген шамалардың негізінде мектептік жетілуді анықтайтын тесттер жасалады.

    Мектептегі оқуға психологиялық дайындықты анықтай отырып, балалар практикалық психологы мұны не үшін жасап жатқанын анық білуі керек.

    Баланың мектепке психологиялық дайындығын диагностикалауда мынандай мақсаттар болады:

    1. Оқу-тәрбие үдерісінде балаға дара қатынас жасаудың жолын анықтау үшін олардың психикалық дамуының ерекшеліктерін түсіну

    2. Мектептегі оқуға дайын емес балаларды анықтау; бұл баланың мектепке бейімделе алмаушылығы мен үлгермеушілігінің алдын алуға бағытталған дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатын көздейді;

    3. Болашақ 1-сынып оқушыларын олардың «таяудағы даму аймағына» сәйкес сыныптарға бөлу; бұл әрбір балаға өзіне тиімді режимде дамуға мүмкіндік беру мақсатын көздейді;

    4. Мектепке оқуға дайын емес балаларды бір жылға кейін оқуға шегеру; бұл тек алты жастағы балаларға қатысты.

    Баланың мектепке оқуға дайындығын анықтауға арналған әдістердің көптеген түрлерін қарамастан, психологтар бірқатар талаптарға жауап беретіндей.

    1. Тексеру өте ұзақ болуы керек; ол балаларды мектепке жазу уақытының шеңберіне (сәуір-мамыр) енуі керек

    2. Әдістемелер балалардың мектепке мотивациялық дайындығы туралы мәліметтер беру керек;

    3. Тексеру бағдарламасына баланың мектепке дайындығы туралы қажетті және жеткілікті компоненттер болуы керек.

    4.Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалауды ұйымдастыру. Балабақша немесе мектептің хабарландыру тақтасына күні бұрын психологпен әңгімелесуде балаға қандай тапсырмалар берілетіндігі туралы хабарлар жазылған қағаз ілінеді. Бұл тапсырмалар төмендегідей формада болу мүмкін:

    Бала білуі керек:

    1. Үлгіні елестете алу

    2. Ереже бойынша жұмыс істеу

    3. Желілі суреттерді бірізді орналастырып, олар бойынша әңгіме құрастыру;

    4. Сөздердегі жекелеген буындарды ажырату

    Балабақшада тексеру бір рет қабылдағаннан кейін іске асырылады немесе бала өту жұмыс істеп, тез шаршаса екі рет қабылдағаннан аяқталады. Баламен әңгімелесу кезінде достық, мейірімді, еркін байланыс орнату керек. Ойын атмосферасы балаға босаңсып, стресстік жағдайдың төмендеуіне көмектеседі.

    5.Баланың мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар. Баланың мектепке психологиялық даярлығын тиімді қалыптастыру үшін оның айналасындағы адамдармен де жұмыс жасау керек. Олар: ата-аналар және баланы мектепке қабылдайтын ұстаздар. Әуелі ата-аналармен жүргізілетін психологиялық шараларға тоқталайық:

    1)Психологиялық ағарту шаралары: лекция, семинар түрлерінде ұйымдастырылып, ата-аналарды статистикалық, мәліметтермен таныстыра отырып, мектепке психологиялық даярлықтың болашақтық дамуға әсері, негізгі, әрі мектеп бағдарламасын игеруге қатысты баяндалады.

    2)Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер жеке кеңестер аса биязы түрде; алдыңдағы адамның көңіліне қаяу салмайтындай; Психологиялық кеңестің сенімді райда өтуі оң нәтижелік тудырады.

    3) «Ашық, әңгіме» пікір-таласы ортақ мақсат біріктірілген ата-аналардың көңілдегі түйіткілдерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасуы. Мұнда ескертетін бір жайт – ата-аналардың өздерінің рұқсат келісімінсіз ешбір деректі жариялауға болмайтындығы.

    Психолог балалардың мектепке даярлығын анықтау барысында осы тізімге сүйенеді; оқуы табысты болуы үшін аса маңызды деген салалар бірінші тексеріледі. Сонымен,1-сынып оқушысының психологиялық өлшемі:

    1.Психологиялық даярлығы-

    -оқу дағдарысы

    -санай алу іскерлігі

    -жазу дағдысы

    -сурет салу дағдысы

    -тілдің дыбыстық мәдениеті

    -сұраққа толық жауап бере алуы

    -сөздік қоры мол

    -әрнәрседен хабары бар

    2.танымдық даярлығы

    -қабылдаудың жекелік сипаты

    -бақылампаздық-қиялы ұшқыр

    -кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы

    -көрнекі-бейнелік ойлауының жақсы дамуы

    -қоршаған орта құбылыстарның ішінен аса маңыздысын ажырата алу

    -есте сақтау қабілетінің жақсы дамуы

    -логикалық ойлаудың алғы шарттары: белгілерді түсіну қабілеті; сұрақтарды құрастыра білу қабілеті

    3.ықыластық даярлық

    -танымдық қызығушылықтарының айқын көрінісі

    -оқушы ролін игеруге тырысуы (мектепке барғысы келуі)

    -мектеп пен мұғалім қоятын талаптарды қабылдай алуы

    4.көңіл-күй-еріктік даярлығы

    -мінез-құлқын басқара алуы (сабақ үстінде, үзіліс кезінде)

    -сабақ үстінде және оқу күні бойында жұмыс істеу қабілетінің сақталуы

    -көңіл-күйінің тұрақтылығы

    -зейінін ырқына бағындыра алуы

    -зейіннін шоғырландыра алуы

    -өзін-өзі ұстай алуы

    5.тілдік қатынас (коммуникативті)даярлығы

    -үлкендермен және балалармен араласу тілегі

    -мұғаліммен қарым-қатынас орнату іскерлігі

    -қашықтық сақтай алуы

    -үлкендермен жеке қатынас жасауға қабілеттілігі

    -бірлескен іс-әрекет жасай білу іскерлігі

    6.Диагностикалық бағдарлама. Мектепке даярлық диагностикасы- баланың әлеуметтік көңіл-күйлік, психофизиологиялық жүктемелер мен оқу бағдарламасын сапалы игере алу – алмауы сұрағына жауап қана.

    Мектепке барар балалардың ақыл-ойының оралымдылығын анықтау үшін логикалық ойлауын, арифметикалық дағдыларын, кеңстікті бағдарлауын, қабылдауының жылдамдығын тексеретін авторлық әдістемелерден мысалдар келтірейік.

    1. Векслер тесті

    2. Э.С.Выготский әдістемесі

    3. А.Р.Лурияның «Пиктограмма» әдістемесі

    4. Е.Е.Кравцованың «Кім үлкен?» әдістемесі

    5. С.Я.Рубинштейннің «10 сөзді жаттау» әдістемесі

    6. Н.Л.Белопольскаяның әдістемесі

    7. Д.Б.Элькониннің «Кескіндеме диктант», Л.А.Венгердің «өрнекті диктант», Л.И.Цеханскаяның «Өрнек» әдістемелері

    7.Баланың психикалық дамуының картасы. Мектепте оқуға психологиялық дайындықты тексеру нәтижесінде баланың психикалық даму картасына, қысқаша айтқанда, психикалық картаға енгізу керек. Оның бірінші бетіне баланың фамилиясы, аты, туған жылы, айы, күні, отбасы, сыныбы туралы мәліметтер жазылады. Содан соң «баламен жүргізілген жұмыс туралы жинақталған мәліметтер» кестесі беріледі. Бұл құрама кесте келесі тарауларға бөлінеді:

    1. Айы/күні(датасы)

    2. Тексерудің немесе жұмыстың басқа түрлерінің жүргізілу себебі

    3. Іс-шараның мақсаты мен тәжірибесі

    4. Алдағы жұмыс үшін мәселелер

    Әрі қарай баламен жүргізілген жұмыстың нақты нәтижесі көрсетілген бөлімдер басталады.

    1. Өткен кезеңдердегі даму, оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері туралы мәліметтер

    2. Денсаулық жағдайы туралы мәліметтер

    3. Диагностикалық жұмыстарды жүргізу туралы мәліметтер

    4. Психокоррекциялық және даму жұмыстары туралы мәліметтер

    5. Педагогтар мен біріккен жұмыс туралы мәліметтер

    6. Ата-аналармен біріккен жұмыс туралы мәліметтер

    7. Үшінші адам немесе инстатция үшін балаға психологтың берген қорытындысының көшірмесі

    8. Балаға қатысты психологтың сұрауына жауап ретінде алынған мамандардың қорытындысы

    9. Қосымша мәліметтер. Ерекше белгілер

    Мектепке қабылдауда баланы психологиялық тексерудің негізгі мақсаты- оның дара ерекшеліктерін айқындау. Егер арнайы дамыту жұмысын қажет ететін бала келсе, психологиялық картада міндетті түрде тексерту сәтіндегі:

    1. Оның дамуын сипаттайтын тарауларды толтыруы керек. Пайдаланған диагностикалық әдістемелерді, алынған мәліметтерді тіркеу керек

    2. Баланың негізі зияттылық және тұлғалық проблемаларын тіркеу керек

    3. Қажетті дамыту жұмыстарының жоспарын белгілеу керек

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. Мектепке оқуға дайындауда психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі дегеніміз не?

    2. Баланың мектепке психологиялық дайындығына қойылатын талаптарды атаңыз

    3. «Оқушының ішкі позициясы» дегеніміз не?

    4. Баланың мектепте оқуға дайындығының шамалары қандай?

    5. Баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығының мақсаттары мен бағдарламаларына қойылатын қандай талаптар бар?

    Әдебиеттер:

    1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

    2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

    3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

    4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта