бала психологиясы прпезентация. Дәріс балалар психологиясы. Балалар психологиясы пніні дріс материалдары
Скачать 192.94 Kb.
|
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс. Олар: -дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті; -дидактикалық ойындарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет; -ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал етуі керек: -дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек; -дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт. Тәжірибеден байқағанымыздай, дидактикалық ойындарда балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды. Дидактикалық ойындарға «Жемістер», «Жануарлар», «Қуыршақты киіңдір», т.б., ал арнайы таңдалып алынған ойындарға («Не жоқ?», Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы саңдық», «Ғажайып қоржын» т.б.). Ойын түрлері оқушының сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады. Ойындарда викториналар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, ойлан таптар «Кім не істеді?», «Не қалай дыбыстайды?», «Қай дыбыстан басталады?» болады. Осыңдай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор. Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез бейімделеді. Қимыл-қозғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы: «Кім керек?», «Мысық пен тышқан», «Сыңарыңды тап», «Көңілді поезд», «Ақ терек, көк терек», т.б. Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б. ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды. Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері. Баланы қоғамның пайдалы іс-әрекетіне даярлап жан-жақты етіп дамыту үшін оқытудың маңызы зор. Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асады. Сонда да білім мен дағдының көбін бала үлкендермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы меңгереді. Әр жас кезеңіндегі оқыту баланың психикалық даму ерекшелігіне қарай белігілі бір бағдарлама, шағын материал негізіне сүйеніп жүргізіледі. Нәрестелік кезеңде бала күнделікті қоршаған ортадағы тіршілік жағдайымен, яғни тұрмыстық заттар мен ойыншық арқылы дүниемен танысады. Мектепке дейінгі кезде одан да күрделене түседі, заттар мен құбылысқа деген ықылас пайда болады. Соның негізінде баланың білімі, іскерлікті игеруге сөздік қоры, творчестволық қиялы, сезімі, теориялық ойлауы дамиды, тіпті тұрмыстағы заттармен, құрал-жабдықтармен әрекет ете білуді меңгереді және еңбек балаларды қоғамның саналы мүшесі ретінде болашақ өмірге даярлайды. Әңгімені тыңдау, суретті қарау, үлкендер еңбегін, өз құрбысынан еңбек нәтижесін қарау негізінде түсінік алады. Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері. Ойын баланың психикалық дамуына әсер ететін бірден-бір іс-әрекет емес. Бала сурет салады, жапсырады, құрылыстар тұрғызады, әшекейлер ояды, қашайды. Бала іс-әрекетінің барлық түріне ортақ нәрсе - олардың белгілі бір нәрсені жасауға, сурет салуға, құрастыруға, құрақ құрауға бағытталған болуы. Бірақ бұл іс-әрекеттің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Олар қимылдың ерекше тәсілдерін игеруді талап етеді және баланың жетілуіне өзінің арнайы ықпалын тигізеді. Бейнелеу іс-әрекеті. Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бастамалары ерте балалық шақтан басталады. Мектепке дейінгі балалық шақтың басында бала әдетте жеке заттарды бейнелеуге мүмкіндік беретін графикалық бейнелердің (өте шектелген болса да) біршама қорына ие болады. Әйтсе де бұл бейнелердің заттың өзімен ұқсастығы өте аз. Балалар бейнелейтін заттық графикалық формасы алдымен үш сәт ке: баланың қолында бар графикалық бейнелерге, затты көру әсеріне және олармен іс-әрекет жасау үдерісінен игерілетін қимылдық-сезімдік тәжірибеге байланысты. Оның үстіне бала өзі салған суретте заттан алған әсерді бейнелеп қана қоймай, оған қоса сол затты өзінің қалай түсінетінін, ол жөніндегі өз білімін де көрсетеді. Мысалы, әйел адамның тұлғасын анасының суретке қалай салғанын бақылаған бала әуелі аяқтың, содан кейін барып көйлектің суретін салу керек екенін талап етті. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Құрастырудың басты кезеңі қалай аталады? 2. Қандай ойында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. 3. Қандай ойын арқылы балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді? 4. Құрастыру іс-әрекетінің типтері. 5. Үлгі бойынша құрастыру, шарттар бойынша құрастыру, ойлау арқылы құрастыру типтері қандай іс-әрекетке жатады? Әдебиеттер: 1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012. 2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011 3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014 4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014 12- дәріс. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу, ес, қиял үдерістерінің дамуы Дәріс жоспар: Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісініің дамуы. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуына сипаттама. 1.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдаулы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әртүрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқалардын қандай айырмашылығы бар екенін бөліп,ажырата алады. Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженінің терминологиясына сәйкес келеді. Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л.Ф.Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж.Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды. Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бір сыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгеулерін үлкендердің жетекшілігі және бағытталуы арқылы өз бақылаулары мен іс – әрекетінің тәжірибесінен алады. Білімі қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екендігінде. Егер бала өз іс – әрекетінің жеместі болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіңдіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмең дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс – әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады. Мектепке дейінгі баланың мынындай ойлауының ерекшеліктері болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі. Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді. Үшіншіден, әртүрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді. Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты. Баланың ойлауының дамуына түрлі іс – әрекет әсер етеді. Іс – әрекет түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс – әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс – әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс – әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әртүрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады. 2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы. Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым – қатынас жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған оқып берген мәтіңді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен көргенін, алған әсерін ұғыңықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді. Жалпы мектепке дейінгі кезеңде үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айтудағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым – қатынас кезіңде диалогты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеубалаға әрекеттер жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым – қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты. Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсіңікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады. Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диалогты және монологты сөздік қоры дамиды. Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланыста болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуымен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек. 3.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі. Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғары деңгейге көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты. Мектепке дейіңгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделеңгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаға ортамен жан – жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс – әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай – ақ, іс – әрекеттің орындалуы барысында байқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады. Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленді. Мектепке дейінгі кезеңде сөз логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциалық сезімдік естің маңызы зор. Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін, естігенін өз сөзімен әңгімелеп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор. Зинаида Михайловна Истомина 3-тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының 3 дәрежесін анықтаған. I дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды. II дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай – ақ жүзеге асады. III дәрежесінде бала еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс – тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады. Еске сақтаудың осы II және III дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді. Бала 6 жасқа келгенде тек механиккалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығынын байқауға болады. Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзімен қайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады. Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұның өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып,тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін. Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әректімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз - логикалық естің жүзеге асуының өзі 3 кезеңнен өтеді: Практикалық; Сөздік әрекеттік; Ақыл – ой әрекеті негізінде. Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды, есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісіне күнделікті өміріне тәрбие үдерісінде дұрыс дамытуға тікелей байланысты. Баланың ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы: Екі топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде бір топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың баларына тек жаттап келіңдер дейді. Бір топтың еске сақтауы екіінші топқа қарағанда сапалы болады, өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақсат қоюдың маңызы ерекше. Бала материалдың мән – мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жасы сақтайды. Бала еске сақтауға тиіс материалдарды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ, тікелей әрекет етсе, есіңде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресі оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әртүрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек. В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтаумен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейіңгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірденеңі еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс – әрекет арқылы жүзеге асады, әрі іс – әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс – әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есіне сақтайды. 4.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуына сипаттама. Мектеп жасына дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға болмайды, өйткені ол ешқандай мақсат қоюды талап етпейді. Ол балаға сыртан әсер ететін заттар мен құбылыстарға тикелей байланыста болады. Бала ойнайтын ойның да үлкендерге еліктеп қайталайды. Баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайды. Ол сананың белгілі бір функцияларымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудын екі желісі бар. Бірінші желісі заттарды басқалай бейнелеулерімен тілдік, математикалық және басқа белғілерді пайдалануға, ойладың логикалық формаларын меңгеруге жетелейді. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқығаларды қиялдағылар арқылы толықтыру мен алмастыру мумкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған тусініктердің материялдарына жаңа бейнелер қүруға жетелейді. Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан көрінеді. Бала таяққа отырып алып атпен жортады, бұл сәтте ол –салт атты, ал астындағы таяқ –аты. Бірақ шауып өте шығарлықтай ештеңе жоқ. Кезінде, таяқпен қымыл жасамағанда өзін ойынша таяқты шын ат дей де алмайды. Бала сурет салғанда, ертегі мен тақпақты ойдан шығарғанда қиялы неғұрлым айқын байқалады. Балалар ойын кезіндегі сияқты мұнда да басында тікелей қабылдаған заттарды немесе қағаз бетіндегі суретерді пайдаланады. Баланың қиялы үлкендерге қарағанда бай деп есептелгенімен, шындығында үлкен адамның қиялынан бай емес, керісінше әлдеқайда жұпыны. Өйткені баланың өмір тәжірібесі аз, білімі таяз, сондықтан қиялдауға қажетті материалдары да аз. Мектеп жасына дейінгі бала қиялы көбінесе ықтиярсыз қайта жасау негізінде жүзеге асады,яғни біреудің жазғаны мен сызғанына,поэзиялық шығармаларының, ертегі әңгімелердің негізіне сүйенеді. Сезімнің арқасында ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарады. Бала өз шығармасының қорытынды мазмұнын қандай болатынын өзіде білмейді. Ықтиярлы,арнайы қиялдың дамуы да, зейін мен естің ықтиярлы формаларының дамуы сияқты баланың мінез –құлқының сөзбен реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы үдерістің бір жағы болып табылады. Іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегі мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады. Бала қиялын дамытуда ойынның сурет салу және құрастыру әрекеттерінің әдеби шығармалар мен ертегі әңгімелердің де маңызы зор. Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 1. Мектеп жасына дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға бола ма? 2. Ырықсыз қиял деген не? 3. Есті дамытудың жолдарын атаңыз 4. Мектеп жасына дейінгі бала қиялының ересектер қиялынан айырмашылығы бар ма? 5. Эмоциялық естен бейнелік есті бөліп қарауға бола ма? |