Главная страница
Навигация по странице:

  • 4.Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу.

  • 5.Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.

  • 1.Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы.

  • Сондықтан ата-аналар мына ережелердi ұстанғаны дұрыс

  • 2.Көріп қабылдаудың ерекшеліктері.

  • 3.Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері.

  • Сәбидің ойлауының ерекшеліктері.

  • 5.Сәбидің зейінінің ерекшелігі.

  • 6.Эмоцияның ерекшеліктері.

  • бала психологиясы прпезентация. Дәріс балалар психологиясы. Балалар психологиясы пніні дріс материалдары


    Скачать 192.94 Kb.
    НазваниеБалалар психологиясы пніні дріс материалдары
    Анкорбала психологиясы прпезентация
    Дата19.02.2022
    Размер192.94 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДәріс балалар психологиясы.docx
    ТипДокументы
    #366851
    страница7 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    3.Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері

    Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен аламасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.

    Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді олатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

    4.Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу.

    Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан – ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады.

    Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйдеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамытудың қажетті жағдайларынан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі – үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде балалар ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды.

    Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым – қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.

    5.Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.

    Егер сәбилік шақ аса маңызды жетістіктерге толы (бір жастан екі жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым- қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез – құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелді болады.

    Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты. Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы (локомодация) әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалиып алады.

    Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. Сәбилік кезеңдегі негізгі әректтерді атаңыз

    2. Сәбилік шақтағы іс-әрекеттің түрлеріне тоқталыңыз

    3. Бала психикасының дамуына заттармен әрекет еудің ықпалы бар ма?

    4. Сәбилік кезеңде заттар мен әрекет ету арқылы қарым-қатынасқа бейімделудің жолдарын атаңыз

    5.Сәбилік кезеңде жетістіктерге жетуге заттармен әрекет етудің ықпалы

    Әдебиеттер:

    1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

    2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

    3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

    4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

    9-дәріс. Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы

    Дәріс жоспары:

    1. Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы

    2. Көріп қабылдаудың ерекшеліктері

    3. Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері

    4. Сәбидің ойлауының ерекшеліктері

    5. Сәбидің зейіні мен есінің ерекшеліктері

    6. Эмоцияның ерекшеліктері

    1.Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы. Сәбилік кезеңнен бастап, бала айнала қоршаған ортадағы заттардың қасиеттерін қабылдай бастайды. Заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды байқап, осы байланыстарды өзінің іс-әрекетінде қолданатын болады. Осының өзі баланың құралдарды қолданып әрекет ету нәтижесінде болатын ақыл-ойының әрі қарай дамуының басты себебі деп саналады. Баланың жаңа құралдары пайдаланып, әрекет еуіне байланысты ойлау мен қабылдау әрекеті қалыптасады.

    Екі жастың қабылдауында мынандай бес түрлі ерекшеліктер болады: 1.Заттың суретін немесе адамның бейнесін бейнесін фоттографиядан көрген кезде ерекше белгілерін есте сақтау арқылы қабылдайды. 2. Екі жастағы бала затты түстеріне байланысты ажыратып, қабылдай алмайды. 3.Екі жарым, үш жастағы баланың көру арқылы қабылдауы жақсы дамиды. 4. Үш жасқа келгенде 5-6 геометриялық форманы, 8 түсті ажыратады. 5. Тілдің дамуына байланысты қабылдау қабілеті артады. Өйткені үлкендермен тіл арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде көріп, естіп белгілі бір ерекшелікке байланысты қабылдайтын сипап сезу қабілеті дамиды. Сәбилік кезеңдегі негізгі әрекеттің барлығы тіл арқылы жүзеге асатын болғандықтан , бала екі жастың өзінде өзінің ана тіліндегі барлық жоғарғы және төменгі тембрдегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндігі болады. Сол сияқты сәбилік кезеңнің өзінде кеңістікті уақытты ажырату қабілеті арта бастайды.

    Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз – айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады.

    Ойлау. Ойлау аркылы сәбидің қалыптасып келе жатқан заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын біртіндеп есіне түсіру ерекшелігі. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер қайталануы бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Сәбидің ойлау кабілеті ойнау барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жағдайларды бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.

    Сенсорлық даму ақыл-ой тәрбиесінің негізі-сенсорлық тәрбие арқылы жузеге асады.Ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.

     1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді  және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.

         Бала тілінің дамуы. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.

    5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ Бұл кезде, әсіресе жарты жарқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан создің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала создің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса создің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.

    1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.

     Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы – баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді. Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын, айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың сөйлеуінің және психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең.

    Балалар адамдардың сөздерін, құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және мағына бойынша сөз танып бiледi.

    Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады,  дыбыстарды қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ  барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар  күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал, кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді  әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды, жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз абзал. Ата-ана баласының тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету барысында  негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:

    1. Заттарды бақылатып, көрсету арқылы;

    2. Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу;

    3. Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру.

    Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатса, олардың төлдері жайлы, ұқсастығы, келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы айтуды сұрау немесе баланың назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару (  тазалаймыз, қайнатамыз, қуырамыз, дәмін татамыз) т. б. сол сияқты.  

    Сондықтан ата-аналар мына ережелердi ұстанғаны дұрыс:

    1. Өзіңіздің сөйлеу дағдыларыңызға  көңiл бөліңіз, өйткенi ересек адам айтқан сөз дұрыс үлгi болып табылады;

    2.  Баланың күнделiктi өмiрiнде сөздерді сауатты және дұрыс айтқанын қадағалаңыз;

    3. Бала тілін дамытуда, оның арнайы ойыншықтары мен кітаптары болуы қажет.

    2.Көріп қабылдаудың ерекшеліктері. Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның өзіне ұнаған көзге түскен ерекше белгілеріне көңіл аударады. Осындай жағдайда заттың жеке бөліктерін қабылдайды да оның тұтастай зат екенін ұмытып кетеді. 2) Қозғалмайтын заттың фонына қозғалып тұрған затты қабылдайды. 3) Бала фигураны көріп қабылдап қоймай, оның кейбір ерекшеліктерін қолымен сипау арқылы қабылдайды. Алғашқыда тек саусақтарының ұшымен сипап қабылдаса, бірте-бірте тұтастай алақанымен сипап қабылдайды. Сонда сәбилерде көріп қабылдаудан кейін сипап сезу арқылы жүзеге асады.

    Үш жасқа келгенде баланың тұтастай қабылдауының мынандай ерекшеліктері болады: 1. Заттың түсі онща анық емес, жалпы нұсқа пішіні болса да, тұтастық мағына беріп, тұтастай зат ретінде қабылдай береді. Яғни қарапайым заттың бейнесі дұрыс бейнелесе, бала дұрыс қабылдайды. Оны баланың «сыңарыңды тап» деген ойынды ойнауынан байқауға болады. Бірақ та өзіне таныс емес заттарды ерекше белгісі, формасы, түсіне байланысты талдап ажыраттырмаса, бала қателеседі. Бірақ әлі де болса, жеке бөліктерінің ерекшеліктерін ескермей жалпылама қабылдайды.

    3.Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері.

    Сәбилік кезеңнен бастап, кеңістікті бағдарлауға көңіл қою дағдыларын жақсы меңгереді. Бірақ олар әлі де болса, заттар мен кеңістіктердің ара-қатынасын бөліп қабылдай алмайды. Негізінде заттың қасиеті туралы түсініктен ерте қалыптасады. Кеңістікті дұрыс қабылдату үшін заттың формасын, көлемін дұрыс қабылдай білуінің маңызы зор. Сәбилік кезеңнің өзінде заттар мен белсенді әрекет ету нәтижесінде екі жастың өзінде заттың алыс-жақындығын, кеңістікте орналасуын, кенестезиялық және көру, вибрациялық түйсіктер арқылы ажыратып қабылдайды. Ал қимыл қозғалысы толық дамымаған бала арақашықтықты ажыратуы қиынға түседі.

    4.Сәбидің ойлауының ерекшеліктері. Сәбилік кезеңнің өзінде баланың заттар мен әрекеттер етуінен ойлауының дамығандығын көруге болады. Мысалы, шашылып жатқан ойыншықты біріктіріп, олар мен өздігінен шеше алмайды да үлкендердің өздеріне үлгі көрсетіп, басшылық жасауын талап етеді. Соның нәтижесінде әрекетті дербес орындауға тырысады. Алғашқы кездің өзінде баланың тәжірибе жүзінде ойланып, әрекет етуі кенеттен болмайды. Екі жастаңы бала үстелден тысқары отырғанда үстел үстінде өзін қызықтыратын бір ойншық тұрса, оған зейіні ауып, алғысы келеді. Бірақ, қолын созып көріп жетпеген соң, жанында жатқан таяқшаны алып ойыншықты қозғайды. Ақырында таяқшамен қозғалған ойншықтың қозғалысына зер салып, әрекетті бір неше рет қайталайды да, соның нәтижесінде өзінше білгілі бір қорытындыға келеді. Балының сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен орындалатын ойлауын көрнекі іс-әрекеттік ойлау деп аталады. Бала көрнекі әсерлік ойлауды айнала қоршаған ортадағы әр түрлі заттар мен құбылыстардың байланыстарын зерттеу үшін қолданады.

    Сәбилік кезеңде бала мәселені қарапайым тар көлемде көрнекі бейнелік ойлау жолымен шешеді. Неғұрлым күрделі мәселені шеше алмайды немесе көрнекі бейнелік жастарда ғана шешеді.

    Қандай болмасын көрнекі бейнелік әсер етудің қорытындысынан шығатын мәселені іштей шешуді баланың көрнекі бейнелік ойлауы дейміз. Мысалы: таяқшамен әрекет етуді үйренгеннен кейін өзінің диванның астына домалап кеткен ойыншығын алуға болатынын түсінеді. Баланың ойлауының дамуына тілінің шығуы негіз болады.

    5.Сәбидің зейінінің ерекшелігі. Сәбилік кезеңде баланың зейінінің шоғырлануы әлсіз және жаңа уақытқа өтеді, өйткені жоғарғы жүйке жүйесінің қозуы тұрақсыз әрі қысқа мерзімде болады. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден екінші объектіге ауысып отыруының себебі осы. Мысалы: олар ойнап отырған ойыншығын 12 минуттың ішінде 8 рет ауыстырады. Сонда баланың әрбір ойыншықпен әрекет етуі 2 минуттан аспайды. Себебі: бала өзінің зейініне басшылық жасап меңгере алмайды. Бұлардың зейіні көбінесе ырықсыз болады да, зейінінің ашық түсті затқа, қатты дыбысқа ерекше түске аудара береді.

    Сәбилік кезеңде олардың зейініннің көлемі тар болады. Мысалы, үстел үстінде бірнеше ойыншық тұрса соның екі-үшеуін ғна қабылдап есте сақтап қалады. Сондай – ақ осы кезде бала екі бірдей әрекетке зейінін бір мезгілде шоғырландыра алмайды. Баланың жасы өскен сайын ойын әрекетімен шұғылдану нәтижесінде зейін тұрақтала түсетінін көруе болады. Осы кезде бала әдемі ойыншықпен ойнап отырса да, одан да ашық түсті дыбысты жақсы қазақтыратын ойыншықты көрсетсең, қолындағысын тастай салып, жаңа ойыншыққа ұмтылады. Бұл да зейіннің тұрақсыздығына байланысты. Сәбилер бір мезгілде екі бірдей әрекетке зейінін бір мезгілде бөле алмайды және ұзақ уақыт зейінін шоғырландыруы да қиын.

    Баланың жасы өскен сайын есте сақтауының көлемі арта түседі. Үш жасата балада еріксіз есте сақтау күшті дамиды. Мысалы, тақпақты, өлеңді тез жаттап алғанымен оның мән мағынасына түсінбейді.

    6.Эмоцияның ерекшеліктері. Баланың эмоциялық даму аймағын психикалық функциялардың дамуынан бөліп қарауға болмайды.

    Сәбилік кезеңдегі қабылдаудың аффективті басымдылығы байқалады. Бала өзі қабылдағанына ана эмоциялық тұрғыда жауап қайтарады. Ол дәрігерді көргенде қатты уайымда болады, бірақ біраз уақыт өткеннен кейін тынышталып, жаңа нәрселерге қызыға бастайды. Бала келешекте оны қиындық күтіп тұр деп ренжи алмайды немесе бес күннен кейін ол сыйлық аламын деп қуана алмайды. Бала тілегі тез, ауыспалы, тұрақты емес, ол оларды қадағалап неме ұстай алмайды: оларды тек қана үлкендердің жазалауы мен мақтауы шектей алады. Бар тілектері бірдей күшке ие: сәбилік кезеңде салыстыру уәжі болмайды. Махаббаттан, эмоциялық жылылықтан бөлек бала өзінің өзінің барлық іс – әрекетінде үлкендердің қатысуын қалайды.

    Сәбилік кезеңде басқа балармен қарым – қатынасқа түсу пайда бола бастайды. Бірақ мұндай қарым – қатынастың мұндай түрі тұрақты емес. Сәбилік кезеңде бала басқаның тілегеін есепке алмайды, ол өз тілегінің қалауы бойынша жүреді. Өзімшіл басқа баланы түсінбейді және басқалардың көңіл – күйіне ортақтаса алмайды. Баланың эмоциялық механизімі кешірек, мектепке дейінгі кезеңнің алдында ғана қалыптасады.
    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. Сәбилік кезеңдегі баланың қабылдауының ерекшелігіне тоқтал

    2. Көріп қабылдаудың естіп қабылдаудан айырмашылығы бар ма?

    3. Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктерінің мектеп жасына дейінгі баланың қабылдауынан айырмашылығы неде?

    4. Сәбидің ойлауының, сөйлеуінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз

    5. Сәбидің зейіні мен есінің басқа жас кезеңдерімен салыстырғандағы ерекшелігіне тоқталып өтіңіз.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта