рубеж ответ педиатрия. Рубежка педиатрия. Балаларды денсаулы жадайын кешенді баалау. Баалау критерийлері. Денсаулы топтары
Скачать 0.66 Mb.
|
8.Ревматизммен ауырған балаларды диспансерлік бақылау. Ревматизммен сырқаттанған балалар диспансерлік есептің үш тобына анықталады. Аурудың белсенді фазасында науқастар ревматолог дәрігерінің бақылауында болуы керек, қабылдау жылына 4 реттен кем емес. Ревматолог дәрігер әр қабылдауда үдерістің белсенділік дәрежесіне байланысты емді коррекциясын жасайды, сонымен қоса асқынуларды (нефритті, гепатитті, пневмонияны, терінің бұзылыстарын, артритті, плевритті, перитонитті, жүрек жеткіліксіздігін) дер кезінде анықтау мақсатында ағзаның барлық мүшелерін тиянақты тексеріп шығу керек. Ауру қайталауын болдырмау үшін ревматизммен ауырған балаларға жыл бойы айына 1 рет бициллин-5 препараты енгізіледі. 9.Жылына бір рет офтальмолог дәрігерінің қабылдауында болу ұсынылады, өйткені ревматизм жиі көздегі асқынулар: иридоциклит және конъюнктивит шақыруы мүмкін. Ревматизм жүйке жүйесінде де асқынуларға алып келеді: хореи, энцефалита, менингоэнцефалита, сондықтан жылына 1 рет невропатологтың кеңесіне жүгіну керек. Дәрігер эндокринологтың кеңесі көрсетілімдер бойынша, себебі кейбір науқастарда ревматизм тиреоидитке (қалқанша безінің қабынуы) асқыну мүмкін. 10.Жүрек ақауларында хирургиялық ота жасауға көрсеткіштер болуы мүмкін екендігін есепке ала отырып, екі жылда бір рет кардиохирургтың кеңесі қажет болады. Ревматизммен ауырған балалар әрдайым зертханалық тексерулерден өтіп тұруы керек: жылына 4 рет жалпы қанның зерттеуі, жылына 2 рет фибриноген, серомукоид, антистрептолизин, С-реактивті белоктың деңгейін анықтайтын биохимиялық зерттеу және бүйрек қызметін тексеру мақсатында жылына 2 рет жалпы зәрдің зерттеуі жүргізіледі. Жүректегі жүре пайда болған ақауларды ерте анықтау мақсатында ФКГ және ЭхоКГ тексерулері жасалады. 11.Асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларымен диспансерлік бақылау Асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларымен балаларды ауруханада және емхана жағдайында ұзақ уақыт диспансерлік бақылау қайталанудың алдын алу үшін, асқазан ойық жарасының ауыр қайталанбалы түрлерінің жеңіл түрге өтуіне және тұрақты клинико-зертханалық ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Егер ремиссия кезеңі 5 жылдан артық тұрақты болса, науқасты ауруынан толық айықты деп есептеп диспансерлік есептен шығаруға болады. Белсенді бақылаудан шығарылғаны жөнінде ауру тарихына толық эпикриз түрінде жазылу тиіс. 12.Асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының өршу кезеңі емнің ауруханада немесе емханада, сонымен қоса үздіксіз жыл сайынғы өршуге қарсы емді жалғастыруды талап етеді. Яғни, емдеу-профилактикалық шаралар аурудың кезеңдеріне байланысты. Асқазан - ішек жолының ауруларына өршу кезеңі мен ремиссия кезеңінің ізбе-ізділігі тән. Дер кезінде дұрыс ем қолданбаған жағдайда әртүрлі асқынулардың даму қаупі бар. Асқынулар: асқазан-ішек жолдарынан қан кетулер, ішек тосқауылы, қақпаның стенозы, перфорация, пенентрация, қатерлі ісіктерге ұласуы болуы мүмкін. 13.Сондықтан үнемі дәрігердің бақылауында болу өте маңызды. Өршудің жиі қайталанбалы түрінде және асқынулар орын алғанда аймақтық дәрігер мен гастроэнтеролог жылына 4 рет, толық ремиссия кезеңінде жылына 2 рет қарайды. Жыл сайын науқастарға эзофагогастродуоденальді тексеру жүргізіледі. Нәжісті жасырын қанға тексеру (Грегерсен реакциясы) жасалады. Қайталауға қарсы ем жжылына 2 рет жасайды. Жалпы қанның зерттеуі жиі қайталанбалы түрінде жылына 2 рет, ал толық ремиссия кезеңінде жылына 1 рет жасалады. Минералды сумен ем курсы, санаторлы-курорттық ем, жүргізіледі. |