Главная страница

рубеж ответ педиатрия. Рубежка педиатрия. Балаларды денсаулы жадайын кешенді баалау. Баалау критерийлері. Денсаулы топтары


Скачать 0.66 Mb.
НазваниеБалаларды денсаулы жадайын кешенді баалау. Баалау критерийлері. Денсаулы топтары
Анкоррубеж ответ педиатрия
Дата15.11.2021
Размер0.66 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаРубежка педиатрия.docx
ТипДокументы
#272662
страница2 из 6
1   2   3   4   5   6
1   2   3   4   5   6

ОБӨЖ: Учаскелік дәрігермен үйде жаңа туған балаға бастапқы патронаж жүргізу, қауіп-қатер тобын және денсаулық тобын топты анықтап, осы балаларды одан әрі учаскеде жүргізу тактикасын таңдау

ПС: Әртүрлі жастағы дені сау балаларды динамикалық бақылау (профилактикалық тексерулер және мақсатты топтардың скринингтері). БМСК жағдайында үш жасқа дейінгі балалардың скринингі

ОБӨЖ: Учаскедегі және бала-бақшадағы, мектептердегі әртүрлі жастағы дені сау балаларды профилактикалық тексерулерге және мақсатты топтардың скринингтеріне қатнасу және қарау нәтижелеріне талдау жүргізу

ПС: Балалардағы созылмалы патологияны диспансерлеу, кейіннен динамикалық бақылау және сауықтыру

Жауабы. Диспансеризация бұл –
дені сау және науқас балаларда
ауруды ерте анықтау, асқынулардың
және созылмалы түрге өтуінің алдын
алу, өршуге қарсы шаралар қолдану
мақсатында жүргізілетін динамикалық
белсенді бақылау.
.

3.


Балаларды диспансерлік бақылау төмендегі шараларды өз ішіне қамтиды:
1) зертханалық және инструменталдық тексерумен
жүретін үздіксіз медициналық тексеру;
2) балалардағы қауіп қатер факторларын анықтау
мақсатында денсаулық жағдайын қадағалау және
бағалау;
3) заманауй диагностика әдістерін қолдану арқылы
мұқтаж балаларды тексеруден өткізу;
4) аурудың бастапқы сатысында анықтап, қажетті
емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу;

4.


Диспансерлік бақылау
Аймақтық дәрігер балаларды диспансерлік бақылаудың барлық сатысына тікелей жауапты
болады. Диспансерлік есепке алынатын әрбір балаға "Диспансерлік аурудың бақылау
картасы" (форма № 030 / у) толтырылады.
Бақылау картасының дұрыс толтырылуы дәрігерге тексеру мерзімдерін сақтауға,
өршуге қарсы емді уақтылы жүргізуге, шұғыл емдеу-сауықтыру шараларын қолдануға
мүмкіндік береді. Бақылау картасы дәрігердің жұмысындағы шұғыл құжат болып табылады.

5.


Жүректің туа бітті ақауымен балаларды
диспансерлік бақылау
Туу үйінде, емхана жағдайында немесе
бала бақшаларда тереңдетілген
профилактикалық тексеру кезінде анықталған
жүректің туа бітті ақаулары аймақтық дәрігермен
және ревматолог дәрігерімен бақылануы керек.
Жүректің туа бітті ақауларымен балаларды
диспансерлік бақылау науқастың жалпы
жағдайын, қажетті консервативті емді, балаға
мүмкін болған физикалық жүктемені, операция
жасауға қолайлы мерзімдерді, аурудың
кезеңдерін және жүрек жетіспеушілік дәрежесін
анықтайды.

6.


Жүректің туа бітті ақауы бар, бірақ жүрек
жетіспеушілік симптомдары айқын емес балалар
емдік дене шынықтырумен немесе мектепте
дайындық тобында дәрігердің бақылауымен
шұғылдануға болады. Жоғары деңгейдегі
физикалық жүктеме, спорт секцияларына және
жарыстарға қатысу қарсы көрсетіледі. Жүрек
және тыныс жетіспеушілігінің І дәрежесі дене
шынықтыруға қарсы көрсеткіш болып табылады.
Диспансеризация кезінде созылмалы инфекция
ошақтарын санациялау керек.
Профилактикалық егу шаралары
ақаудың жеңіл дәрежесінде
қарсы көрсетілмейді.

7.


Консервативті ем шаралары жүрек қан
тамыр жетіспеушілігін, асқынуларын
және әртүрлі шұғыл жағдайларды
емдеуге бағытталған. Егер балада
жүрек декомпенсациясы дамыса
ауруханада емдеу қажет. Туа бітті
ақаулармен балалар санаторилердің
ревматологиялық бөлімінде
сауықтырылады. Санаторлық ем
операциядан кейінгі кезеңнің де маңызды
емдеу түрі болып табылады.



написать администратору сайта