|
рубеж ответ педиатрия. Рубежка педиатрия. Балаларды денсаулы жадайын кешенді баалау. Баалау критерийлері. Денсаулы топтары
Вакциналарды егуге қоятын талаптар және егілгеннен кейінгі кезеңде егілушілерге жүргізілетін бақылау 38. Егілушілерге егу жұмыстарын дәрігер қарағаннан кейін, дәрігер жоқ болса, фельдшер арқылы тексеріліп, олар 112/е үлгідегі кітапшаға "Балалардың даму тарихына", 25/е үлгідегі "Амбулаториялық аурудың медициналық картасына" егуге рұқсат берілгендігін көрсетіп, егілетін вакцинаны аты көрсетіледі.
39. Дәрігер (фельдшер) рұқсат еткеннен кейін егу жұмыстары жүргізіліп, ол туралы мәліметтерді 64/е үлгідегі "Аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарының есебін жүргізетін жорналға" тіркеледі; 63/е үлгідегі "Аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарын тіркеу картасы"; 112/е үлгідегі "Балалардың даму тарихы"; 26/е үлгідегі "Балалардың медициналық картасы", 25/е үлгідегі "Амбулаториялық аурудың медициналық картасына", "Егудің төлқұжатына", "Денсаулық төлқұжатына" жазу керек.
40. Егілген балаларға егуден соң, егуден кейін болатын әрекеттің немесе асқынудың алдын алу үшін 30 минөт бойы медициналық ұйымда медицина қызметкерінің бақылауында болуы керек. Бұдан соң ДЖА-ның медицина қызметкері, емхананың медицина қызметкерлері егуден кейінгі алғашқы 3 күн ішінде, бұдан соң 5-6 және 10-11 күндері бақылау жүргізуі керек. Бақылаудың қорытындысы 112/е үлгідегі "Балалардың даму тарихына"; 25/е үлгідегі "Амбулаториялық аурудың медициналық картасына" жазылуы керек. Егер егуден кейін асқыну (әрекет) (бұдан әрі - ЕКА немесе ЕКӘ) пайда болса, 3 -қосымшаға сай емдеу жұмыстары жүргізіліп, керек болғанда ауруханаға жатқызылады.
41. Медицина қызметкері балаларды тексеру барысында, оларға немесе олардың әке-шешесіне егуден кейін болатын асқынулар туралы түсінік беріп, егілген адамның ағзасының әрекеті басқаша болғанда медициналық көмек алудың керек екені түсіндірілуі керек.
42. Егілген адамға көмек көрсету керек екендігі туралы шақыру болғанда, медициналық жедел көмек көрсету үшін тез арада көмек көрсету керек және керек болған жағдайда ауруханаға жатқызылады. Егер медицина қызметкері егуге қарсы әрекеттің шамадан тыс басқаша болғанын анықтаса, аумақтық денсаулық сақтау органына, аумақтық МСЭҚБ-ға жедел хабарлама жібереді. Олар бұл мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне (бұдан әрі - МСЭҚК) жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.
43. Әрбір орын алған ерекше ЕКА немесе ЕКӘ жағдайлары асқынуды анықтаған медицина қызметкері тез арада тексеріс жүргізіп, себебін анықтайды. Бұдан соң, тексеріске мамандардың аудандық немесе облыстық мемсанқадағалау басқармаларының, департаментерінің бригадалары тексеріс жүргізеді. Керек болған жағдайда бригаданың құрамына невропатолог, аллерголог, фтизиатр, жұқпалы аурулардың маманы, патологоанатом қосылады. Тексерістің қорытындысы 4 қосымшаға сәйкес құжат толтырылып, егуден кейінгі болған асқыну (әрекет) тіркелгеннен кейінгі 10 күннің ішінде ҚР ДСМ-нің МСЭҚ-ың Комитетіне және Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасына жіберіледі.
44. ЕКА (ЕКӘ) туралы толтырылған құжат есебімен бірге ҚРДСМ-нің МСЭҚ-ын комитетіне сырқатнаманың, 63/е, 112/е, 25/е үлгілерінің көшірмесі жіберіледі. Егер асқыну өліммен аяқталса, онда патологоанатомиялық тексеріс хаттамасынының көшірмесі және гистологиялық тексеріске жататын материалдар да жіберіледі.
ПС: Жеке қауіптерді ескере отырып, вакцинацияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер (жеке алынған вакцинаға жалпы және ерекше)
Профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі 1. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімдер:
1) осы вакцинаны бұрын салғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болатын қатты реакция (дене қызуының Цельсий бойынша 40 градусқа дейін және оданда жоғары көтерілуі, әдеттегіден өзгеше, ұзақ, үш және одан да көп сағат қатты жылау синдромы, фебрильді немесе афебрильді тырысулар, гипотоникаялық-гипореактивті синдром);
2) вакцинаның алдыңғы дозасын енгізгеннен кейін немесе вакцинаның кез келген компонентіне ауыр аллергиялық реакция (оның ішінде анафилаксия). Энцефалопатия (кома, сананың бәсеңдеуі немесе ұзаққа созылған құрысулар) вакцинациядан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде дамыған, өзге дәлелденген себепке байланысты емес.
2. Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты қарсы көрсетілімдер:
1) иммун тапшылығы дәрежесіне қарамастан, адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруды қоса алғанда, иммун тапшылығы аурулары;
2) қатерлі қан ауруларын қоса алғандағы қатерлі ісік;
3) жүктілік.
3. Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімдер:
1) орталық жүйке жүйесінің жедел аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – вакцинация толық сауыққаннан кейін бір айға дейін кешіктіріледі;
2) жіті гломерулонефрит – вакцинациялау сауыққан соң 6 айға дейін кейінге қалдырылады, нефротиялық синдром – вакцинациялау кортикостероидтермен емделу аяқталғанға дейін кейінге қалдырылады;
3) температураға байланыссыз ауырлығы орта және ауыр дәрежедегі жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар - вакцинациялау сауыққаннан кейін 2-4 аптадан соң рұқсат етіледі;
4) әртүрлі патология кезінде стероидтерді, сондай-ақ иммундық-супрессивті қасиеттерге ие басқа да препараттарды қолдану. Лейкоздар, мүшелер мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі жағдайлар, апластикалық анемия, иммундық тромбоцитопения және бірқатар вакциналарды қоспағанда (тұмауға, В гепатитіне, пневмококкқа қарсы) қолдануды бейінді мамандардың (гематолог, иммунолог немесе басқалар) қорытындысынан кейін көрсетілген басқа да қан аурулары бар пациенттерді құрайды;
5) созылмалы аурулардың өршуі және асқынуы-вакцинация кейінге қалдырылады және тұрақты ремиссия кезеңінде емдеуден кейін жүргізіледі;
6) үдемелі немесе тұрақсыз неврологиялық бұзылулар, бақыланбайтын құрысулар немесе үдемелі энцефалопатия – вакцинация емдеу аяқталғанға дейін және жағдай толық тұрақтанғанға дейін кейінге қалдырылады.
4. Вакциналардың жекелеген түрлеріне қосымша қарсы көрсетілімдер:
1) туберкулезге қарсы вакцинаға (БЦЖ), оның ішінде:
тұрақты қарсы көрсеткіштер –
БЦЖ вакцинасын бұрын салғаннан кейін пайда болатын вакцинадан кейінгі кезеңнің асқынып өтуі;
туберкулездің микобактерияларын жұқтыру, анамнезінде туберкулездің болуы;
уақытша қарсы көрсеткіштер –
шала туғандық (сәби денесінің салмағы 2000 граммнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас);
алғашқы дәрежелі туыстық тұлғаларда анықталған БЦЖ вакцинациясынан кейінгі жайылған инфекция (тұқым қуалайтын иммун тапшылығы жойылсын);
жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы (орташа ауыр және ауыр түрлері);
құрсақішілік инфекция;
жаңа туған нәрестелердің сепсисі;
оң немесе күмәнді Манту реакциясы.
БЦЖ вакцинациясы күнтізбелік мерзімде егілмеген және вакцинациядан кейінгі белгісі дамымаған балаларға иммун тапшылығы оның ішінде АИТВ жұқтырғаны туралы қорытынды жасалғанға дейін жүргізілмейді.
2) тірі ауыз арқылы полиомиелитті вакцинаға (бұдан әрі - МЗЖ) тұрақты қарсы көрсеткіштер:
вакцинациядан кейін 30 күн ішінде АПВ бұрынғы дозасын салғанда параличтің немесе парездің дамуы;
жұлындық бұлшықет атрофиясы;
иммун тапшылығы дәрежесіне қарамастан адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауру
Осы жағдайларда вакцинациялау белсенділігі жойылған полиомиелиттік вакцинамен (бұдан әрі – БПВ) жүргізілуі мүмкін.
3) БПВ-ға тұрақты қарсы көрсетілімдер:
вакциналарды өндіруде қолданылатын неомицинге немесе стрептомицинге шұғыл аллергиялық реакциялар;
4) жасушасыз көкжөтел компоненті бар көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы адсорбцияланған вакцинаға (бұдан әрі – АбКДС) және құрамында АбКДС бар (бұдан әрі – құрамында АбКДС бар вакцина) құрамдастырылған вакциналарға тұрақты қарсы көрсеткіштер:
вакцина өндірісінде қолданылатын вакцина ингредиенттеріне (глютаральдегид, неомицин, стрептомицин, полимиксин В) расталған жүйелік реакциялар;
5) құрамында сіреспе анатоксині бар вакцинаға (АДС-М, АС) тұрақты қарсы көрсетілім:
сіреспе анатоксині бар вакцинаны алдыңғы енгізгеннен кейін алты апта ішінде дамыған Гийен-Барре синдромы;
6) құрамында аттенуирленген тірі вирустар бар вакциналарға тұрақты қарсы көрсетілімдер:
тауық жұмыртқасының ақуызына анафилактикалық реакциялар (егер вакцина вирустары тауық эмбриондарында өсірілсе), аминогликозидтер, неомицин және вакциналар өндірісінде қолданылатын басқа антибиотиктер;
7) тауық эмбриондарында алынған тұмауға қарсы вакцинаға тұрақты қарсы көрсетілімдер:
тауық жұмыртқасының ақуызына аллергиялық реакциялар, штамдарды өсіруге арналған орта компоненттері (ақуыздар, антибиотиктер және басқа заттар);
8) жеке рекомбинантты иммуногендері бар В вирустық гепатитіне қарсы вакцинаға және басқа рекомбинантты немесе кешенді вакциналарға:
тұрақты қарсы көрсеткіштер-вакцина өндірісінде қолданылатын ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардың, бактериялардың немесе басқа жасушалардың компоненттеріне шұғыл аллергиялық реакциялар;
уақытша қарсы көрсетілім-шала туылу, туған кездегі дене салмағы 2000 грамнан кем.
| ОБӨЖ: ЖТД қабылдауында иммунопрофилактикаға жататын балаларда жеке қауіп-қатерлерді ескере отырып, вакцинациялауға қарсы көрсеткіштерді аңықтау
| ПС: Вакцинадан кейінгі кезеңде бақылау ерекшеліктері (енгізілетін вакцинаға байланысты). Вакцинадан кейінгі реакциялар және асқынулар
| ОБӨЖ: Жетекшілік ететін учаскеде вакцинациядан кейінгі кезеңде балаларды қарап-тексеріп екпеге реакция дәрежесін анықтау
|
| ПС: ДДҰ стандарттары бойынша БМСКта жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларды патронаждың әмбебап прогрессивті моделі (ӘПМ).
Баланың даму салалары. Баланың дұрыс тамақтануы.
| ОБӨЖ: Емхананың дені сау баланың бөлмесінде баланың даму салаларын анықтаңыз. Баланың дұрыс тамақтануы туралы ұсыныстар беріңіз
| ПС: "Бала тәрбилеу өнері –сүй, сөйлес, ойна, оқы". Ата-ана мен бала арасында бауыр басуды дамыту және әкенің қатыстыру рөлінің мағынасы.
| ОБӨЖ: Емхананың дені сау баланың бөлмесінде жұмыс істеу, ата-аналарға баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі туралы ұсыныстар
| ПС: Баланың дамуын бағалау, мониторинг және скрининг
Скрининг- бұл ауруларды ерте сатыда анықтауға және аурулардың дамуын, қауіп факторларын, қосалқы аурулардың туындауын болдырмауға және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған скринингтік тексерулер. • Скринингтік тексерулер осы қызметтің түріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде жүргізіледі
Мониторинг - бір немесе бірнеше балалардың дамуын немесе қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгеруін қадағалау процесі.
Мониторингтің мақсаты - баланың білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін және білім беру мекемесінде ұйымдастырылатын білім беру процесінің баланың дамуына әсерін анықтау.
Мониторингтің нысанасы болып баланың физикалық, интеллектуалдық және жекетұлғалық қасиеттері табылады.
Мониторинг екі компоненттен тұрады: білім беру процесінің мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгерудегі нәтижелерді қадағалау); бала дамуының мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгеру курсынан соң баланың интегративтік қасиеттерінің дамуын бағалау негізінде жүргізіледі).
Мониторингтің түрлері: баланы бақылау; әңгімелесулер; эксперттік бағалаулар; тесттік емес типтегі әдістемелер; көрсеткіштерді анықтауға бағытталған тесттер; скрининг-тесттер.
Мониторинг екі деңгейде іске асырылады.
Біріншіден, балалардың бейімделген іс-әрекет түрлеріне және сабақтарға қатысуын үнемі мониторингтеу, әдетте бұл балалардың барлық іс-әрекет түрлерін тікелей кәсіби бақылау. Жиі қатысу (қатыспау) мөлшері (ұзақтылығы), күту уақыты және т.б. өлшенеді.
РЕКЛАМА
adn.wargaming.net
Берілмейтіндердің ойыны.
Мониторингтің екінші деңгейінде балалардың үйренген іскерліктері және өзара байланыстарды меңгеруі мен пайдалануы қадағаланады. Балалардың үлгерімін (дамуын) мониторингтеудің бірқатар жүйелері бар. Таңдау қандай мәлімет жинақтау қажет және де оған қанша уақыт жұмсалатынына байланысты, бірақ, қалыптыдан ауытқушылығы бар балалар жағдайында, белгіленген мақсаттар бағытында баланың жылжуын формальды мониторинг шеңберінде қадағалау қажет. Әдетте мониторинг балаларды күнделікті өмірлік іс-әрекеттер процесінде тікелей кәсіби бақылау арқылы іске асырылады.
| ОБӨЖ: Емхананың дені сау баланың бөлмесінде жұмыс істеу: баланың дамуын бағалау, мониторинг және скрининг жүргізу
| ПС: Балаларды тәрбиелеудің кең таралған қиын мәселелері
| ОБӨЖ: Емхананың дені сау баланың бөлмесінде балаларды тәрбиелеудің кең таралған қиын мәселелері анықтап, мәселені шешудің жолдарын іздеумен жұмыс жасау
| ПС: Ата-аналардың перинаталды психикалық денсаулығы және қауіпсіз ортаны ұйымдастыру. Балаларды қатыгездіктен қорғау
| ОБӨЖ: Емхананың дені сау баланың бөлмесінде жұмыс істеу: ата-аналармен қауіпсіз ортаны ұйымдастыру және балаларды қатыгездіктен қорғау туралы әңгіме жүргізу
| |
|
|