рубеж ответ педиатрия. Рубежка педиатрия. Балаларды денсаулы жадайын кешенді баалау. Баалау критерийлері. Денсаулы топтары
Скачать 0.66 Mb.
|
Медицина қызметкерлерін аурудың алдын алуға |
ОБӨЖ: Жетекшілік ететін учаскедегі балаларға иммундық профилактика ұйымдастырумен танысу. Дәрігерлік бөлімшеде профилактикалық егулерді жоспарлау. |
ПС: Егу кабинетінің жұмысы. Вакциналарды сақтау. Вакцинация техникасы Егу жұмыстары арнайы бөлінген үй-жайда - басқа медициналық ем-домды (емдеу жұмыстарын) жүргізуге болмайтын, егу кабинетінде жүргізілуі керек. 14. Егер елді мекенде иммундық шараларды жүргізуге мүмкіндік (медициналық мекеменің, қызметкердің жоқтығынан, вакцинаның дұрыс сақтаудың мүмкіндігі болмағанда және басқалар) болмағанда көшпелі бригада ұйымдастырылып, оның құрамында білікті дәрігер және егу жұмысымен айналысатын мейірбике болып, автокөлікпен, термоконтейнерлермен, егу материалдарымен, бір рет қолданатын піскектермен және шокқа қарсы дәрмектермен жабдықталуы керек. Көшпелі бригадалардың жұмыс істеу тәртібін аумақтық денсаулық сақтау органы анықтайды. 15. Егу кабинетінің ішкі беті ылғалды жинап-тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарына төзе алатындай заттармен өңделуі керек. Егу кабинетінде табиғи жарық көзі, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету, канализация, жылыту жүйесі қарастырылып, қол жууға арналған бақалшақтар орнатылуы керек. Егер орталықтандырылған сумен, канализациямен қамтамасыз етілмесе, қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық тәртіпті және жеке басының тазалығын сақтауға мүмкіндік жасау керек. 16. Егу кабинеті мынандай құрал-жабдықтармен жабдықталуы керек: 1) сыйымдылығы вакцина сақтауға жеткілікті тоңазытқыш; 2) вакциналарды тасымалдау және жұмыс күні ішінде сақтау үшін термоконтейнер немесе суытқыш дорбалар; 3) апат салдарынан электр қуаты болмағанда вакциналарды уақытша сақтайтын термоконтейнерлер; 4) жұмыс үстелі мен орындықтар; 5) вакцинаны пайдалану үшін дайындық жүргізетін медициналық үстел; 6) құрал-саймандар мен дәрі-дәрмектерді сақтайтын медициналық шкаф; 7) жөргекке орау үстелі немесе медициналық кушетка; 8) стерилді материал салынған бикс; 9) тонометр, термометрлер, 1 рет қолданатын піскектер, шпательдер; 10) шокты емдеуге арналған дәрмектер: 0,1% адреналин ерітіндісі, 1% мезатон, преднизолон (дексаметазон, гидрокортизон) ерітінділерін. 1% тавегил (2% супрастин), 2,4% эуфиллин; жүрек глюкозидтері 0,05% строфантин, корглюкон, кордиамин; 11) вакцина қалдықтарын залалсыздандыратын сыйымдылық; 12) 1 рет қолданылатын піскектерді жинауға арналған қорап. 17. Егу кабинетінде мынандай құжаттар болуы керек: 1) 64/е үлгісіндегі "Аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарын жүргізудің есебін" тіркейтін жорнал; 2) вакциналарды пайдаланудың есебін тіркейтін жорнал; 3) суытқыш құрал-жабдықтардағы температуралық өзгеруді есепке алатын жорнал; 4) құқықтық нормативтік актілер (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 мамырдағы "барлық қолданылатын вакциналар және басқадай ИБД туралы санитарлық ережелер мен нормалар, бұйрықтар, нұсқаулар" туралы N 488 қаулысы). 18. Медициналық ұйымдарда (фельдшерлік-акушерлік пунктерде, ауылдық учаскелік аурухана, дәрігерлік - жанұя амбулаториясы, орталық аудандық аурухана, емханалар (ФАП, АУА, ДЖА, ОАЕ) жұқпалы ауруларға қарсы иммундық профилактика жүргізілетін керекті медициналық құжаттар: 1) тұрғындарды тіркеу жорналы; 2) 112/е үлгідегі "Балалардың даму тарихы"; 3) 63/е үлгідегі "Аурудың алдын ала бағытталған егу жұмыстарының картасы"; 4) аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарының жылдық жоспары (ай сайынғы-сандық мәні және аты-жөні көрсетілген); 5) аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарын жүргізуге қарсы көрсеткіші бар балаларды тіркейтін жорнал; 6) "Аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарын қамтылғандығы" туралы N 6 үлгі; 7) "Аурудың алдын алуға бағытталған егу және вакцинаның таратылуы" туралы есеп - N 5 үлгідегі; 8) түскен вакциналарды және басқадай ИБП-тарды есепке алу жорналы (2004 жылғы 17 маусымдағы N 484 ҚР ДСМ бұйрығы 4 -қосымша); 9) берілген вакциналарды және басқадай ИБП-тарды есепке алу жорналы (2004 жылғы 17 маусымдағы N 484 ҚР ДСМ бұйрығы 5-қосымша). 19. Егу жұмыстарымен айналысатын барлық медициналық ұйымдарда егу жұмыстарымен қамтылғандардың ай сайынғы есебі жүргізіліп отырылуы керек. |
ОБӨЖ: Егу кабинетінде жұмыс істеу. Вакцинация техникасын жетелдіру және құжаттамаларды толтыру |