Главная страница

рубеж ответ педиатрия. Рубежка педиатрия. Балаларды денсаулы жадайын кешенді баалау. Баалау критерийлері. Денсаулы топтары


Скачать 0.66 Mb.
НазваниеБалаларды денсаулы жадайын кешенді баалау. Баалау критерийлері. Денсаулы топтары
Анкоррубеж ответ педиатрия
Дата15.11.2021
Размер0.66 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаРубежка педиатрия.docx
ТипДокументы
#272662
страница4 из 6
1   2   3   4   5   6
1   2   3   4   5   6

14.


Созылмалы гепатит ауруымен балаларды диспансерлік
бақылау жұқпалы аурулар ауруханасының кеңес беру
диспансеризациялық кабинетінде немесе тұрғылықты
жердің емханасының инфекционист дәрігерімен
бақыланады. Созылмалы гепатитпен ауруханадан
шыққаннан кейін белсенділігі төмен түрінде 3 айда 1
рет, ал белсенділігі жоғары түрінде айына 1 рет
тексеріледі, көрсеткіштер бойынша жиірек. Қажет
болғанда науқастар дене шынықтырудан, жарыстардан
және физикалық жүктемеден босатылады. Созылмалы
белсенді гепатитпен балаларға мүгедектік рәсімделеді.
Гепатит маркерлерін тексеруде НВsAg,
анти-ВГС анықталған болса, тоқсанына
1 рет 2 жыл бойы тексеріледі. Несепті
өт пигменттеріне , уробилинге айына
1 рет тексереді. Диспансерлік есепте
жасөспірімдер бөліміне өткенге дейін тұрады.

15.


Зәр шығару жолдарының созылмалы
ауруларымен диспансерлік бақылау
Созылмалы пиелонефритпен ауырған
науқастар міндетті түрде диспансерлік есепке
алынады. Аурудың өршу сатысында емдеу аурухана
жағдайында жүргізіледі. Созылмалы пиелонефриттің
белсенді емес ағымында жалпы зәрдің зерттеуі жылына
2 рет жүргізіледі. Егер созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
анықталған болса диспансерлік бақылау жиілігі артады.
Артериалық қан қысымын өлшеу (тәулігіне 2 рет),
шумақтық сүзілу жылдамдығы, зәрдің салыстырмалы
тығыздығын анықтау (Зимницкий сынамасы) маңызды
болып табылады. Көздің түбін тексеру үшін окулист
маманының кеңесі қажет. Қанның сарысуындағы азот
қалдықтары (креатинин, мочевина ж.т.д.) деңгейін
тексерудің маңызы зор.

16.


Созылмалы гломерулонефритпен ауырған
балалар ұзақ уақыт диспансерлік есепте тұрады.
Диспансерлік есепте тұрған науқастар уақтылы
зертханалық және инструменталдық
тексерулерден өтіп тұруы тиіс.
Ауруханадан шыққан соң бала диспансерлік
есепте 5 жылдан кем болмайды. Оны бөлімшелік
педиатр айына 1 рет қарап, бақылап тұрады.
Мерзімді нефролог дәрігері кеңес беріп отырады.
Баланың жалпы жағдайына, қан қысымының
деңгейіне, ісіну белсенділігіне, несептік синдромға
(протеинурия, гематурия, лейкоцитурия),
созылмалы инфекция ошақтарына көңіл бөледі.

17.


Педиатр дәрігері, асқыну болмаса, науқасты 6-8
аптада 1 рет қарайды. Ай сайын несеп, қан
зерттеуін, қанның биохимиялық зерттеуін, азот
қалдықтары мен мочевинаның деңгейін тексеру,
Зимницкий сынамасын және экскреторлы
урография жасайды. Науқастар диета ұстауы
қажет. Денеге физикалық жүктеме түсіру
шектеледі. Созылмалы инфекция
ошақтары санацияланады.
Созылмалы гломерулонефритпен
науқастар диспансерлік есептен
шығарылмайды.

ОБӨЖ: Жетекшілік ететін учаскеде созылмалы патологиясы бар балаларды қарап-тексеру кейіннен диспансерлеу

ПС: Қазіргі әлемдегі иммунопрофилактиканың маңызы. ҚР профилактикалық егулер бойынша нормативтік құжаттар. ҚР Ұлттық егу күнтізбесі



Халықтың эпидемиялық саулығы мен инфекцияларды алдын алу үшін Ұлттық егу күнтізбесі құрылды.

Барлық міндетті екпелер тіркелген жері бойынша тегін жасалады. Балаларға, ересектерге және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау қажет.

Сілтеме:

  • БЦЖ - туберкулезге қарсы вакцинация;

  • ВВГ - В гепатитіне қарсы вакцина;

  • АбКДС - көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы вакцинация;

  • Хиб - гемофилияға қарсы вакцина;

  • ИПВ - полиомиелитке қарсы вакцина;

  • ІҚВ - ауызша полиомиелитке қарсы вакцина;

  • Пневмо - пневмонияға қарсы вакцина;

  • ҚҚП - қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинация;

  • ДСА-М - дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцина;

  • ВГА - А гепатитіне қарсы вакцина. Вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады*




ОБӨЖ: Учаскеде ҚР профилактикалық егулер бойынша нормативтік құжаттармен танысу. ҚР Ұлттық егу күнтізбесі

ПС: БМСК жағдайында иммунопрофилактиканың жұмысын ұйымдастыру. Дәрігерлік бөлімшеде профилактикалық егулерді жоспарлау.


написать администратору сайта