десмургия. невро шпор. Беткей (стірт) сезімталдылы жолын крсетііз. Беткей сезімталдылыты зерттеу дістері. Сезімталды
Скачать 97.96 Kb.
|
Вебер синдромы-ми аяқшасы зақымдануының көз қимыл нерві менпирамида жолын қамтуы.ЗАқымданған жақта көз-қимыл нервінің қызметі жойылады,қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия болады.Фовиль-Варолий көпірі астының бет нерві ядролары мен әкеткіш нерві клеткаларының аксондары мен ми қыртысы жұлын жолының қосарлана зақымдануы.Зақымданған жағында ымдау бұлшық еттері семіп соларды және көз алмасының сыртқы тік бұлшық етінің қызметі жойылады,ал қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия болады. Осы сияқты альтернеулеуші синдромдар қатарында Мийяр-Гублер мимикалық бұлшық еттің параличі, Джексон зақымдалған бөліктегң тіл асты нервінің параличі бар. Кәрі жілік невропатия- n. Radialis патологиясы, әртүрлі генезді (метаболикалық, компрессионды, посттравматикалық, ишемиялық). Этиопатогенез: нервтің компрессиясы( ұйқы кезінде, наркомания немесе алкоголизмнен туындайтын сонный паралич, липома немесе фиброманың болуы, жгутты ұзақ уақыт байлау, қол еңбегімен айналасатындар, дирижерлар). Қолтық шұңқырында нервтің қысылуы(«костыльный паралич»), иық сүйектерінің сынуы,білектің шығуы, кәрі жіліктің басының сынығы, кейде инфекциялық аурудан,интоксикация(қорғасын),шынтақтың бурситі, синовиті, рематоидты артрит, шынтақ буынының эпикондилиті). Клиника: білезіктің салбырауы,пронация қалпында болады. Білезік, саусақтарды жазу мүмкін емес, иықтың,білектің артқы бетінің, 3,5 саусақтардың сыртқы бетінің сезімталдығы бұзылған. Бас бармақты алшақтату мүмкін емес. Шынтақтың жазылу болмайды және карпорадиальды рефлекстің жоюлуы.Егер екі алақанды бірге түйістірсек, зақымдалған нерв орналсқан қол мүлдем жазылмайды. Емі:Консервативті ем:антибиотикотерапия, қабынуға қарсы(кеторолак, диклофенак, ибупрофен; ісікке қарсы (гидрокортизон, дипроспан), сынықты репозициялау, фиксациялаушы байлам, хирургиялық ем: невролиз, нервтің пластикасы. 14 билет. 1-сұрақ:Экстрапирамидтік жүйенің зақымдану симптомдары мен синдромдары. Экстрапирамидті жүйенің зақымдануының негізгі белгісі:Бұлшық ет тонусының және еріксіз қозғалыстардың бұзылысы болып табылады. Акинетико-ригидті синдром:+Паркинсонизм кезінде анықталады. +Клиникалық көрінісі гипокинезия,ригидтілік,тремормен сипатталады. +Гипокинезия кезінде барлық мимикалық экспрессивті қозғалыстар кенет тежеледі және біртіндеп жоғалады.Науқас үшін бір қозғалыстан екінші қозғалыс актісінен ауысу өте қиын болады. Пропульсия ,латеро- немесе ретропульсия болады. Олигокинезия:+науқас бірнеше қозғалыстарды қатар орындайды. Антефлексии:+денес жүрген кезде фиксерленген қалыпта болады Ахейрокинез:+қолдары жүру актісіне қатыспайды. Гипомимия,амимия:+барлық мимикалық экспрессивті қозғалыстар тежеледі. Сөздері:+монотонды,ақырын,аз модульденген,дизартриялық. Ригиттілік:+барлық бұлшық ет топтарында бірдей тонус жоғары болады,барлық пассивті қозғалыстарға қарсыласады. Тремор:+қол,бас,төменгі жақтың треморы. Гиперкинетико:+гипотониялық синдром-әр түрлі бұлшық ет топтарындағы артық,реттелмеген қозғалыстардың пайда болуы. Гиперкинез:+локальді,+сегментарлы,+генерилизденген. Атетоз:+аяқ,қолдың дистальді бөлігінің тым жазылуымен жүретін,құрт тәрізді қозғалыстар анықталады. Гиперкинетикалық қозғалыстардан:+бет пен тілде гримаса туындап,сөйлеу бұзылады. Беттік параспазм:+гиперкинез,мимика,тіл және қабақтың симм.тоникалық жиырылу.+бифароспазм (сөйлегенде,күлгенде жоғары.ұйықтағанда төменд.) Хориялық гиперкинез:+бұлшық ет жедел,еріксіз,қысқа жиырылады. Спастикалық қисық мойындық(торсионды дистония):+мойын б.ет спастикалық жиырылу. Торсионды дистония:+дене,кеуде,аяқ-қол прокс. Бөліктерінің айналу қимылдары. Баллизм: +аяқ-қолдың прокс.бұлшық еттерінің гиперт,бұлшық еттердің жиырылу +гемибаллизм(жиі бір жақты) Миоклоникалық тарту-жеке б.ет пен б.ет топтарының тез,ретсіз жиырылуы. Тартулар:+б.ет тез,стереотипті,координация тез жиыр,ең жиі-көз б.еттері. Автоматтандарылған қимылдар-ес бақылауынсыз болатын қиын қимылдағыш актілер мен басқа кезектескен қимылдардың болуы.Зақымдану ошақтары үлкен жарты шарлардағы қыртыс пен базальді ядролардың байланысын үзеді,бірақ ми бағанымен байланысы сақталады,зақымдалу аяқ-қолда көрініс береді. Нейровизуализация әдістері Электроэнцефалография (ЭЭГ) электроэнцефалографтардың көмегімен тіркелетін ересектер мен балалардағы мидың электрлік потенциалдарының ауытқуларын жазу әдісі Мидың белсенділігін , патологиялық белсенділіктің болуын, оның ішінде эпилептиформды,құрысуға қарсы препараттардың әсерін бақылау, естен тану жағдайларын зерттеу, балалардағы кортикальды ырғақтардың физиологиялық жетілу дәрежесін( жасқа сәйкестігі) бағалау мүмкіндігі. Реоэнцефалография( РЭГ) бас терісіне салынған электродтар арасындағы кедергі өзгерістерінің синхронды импульсін графикалық тіркеу арқфлы ми мен мойын тамырларының қан толтырылуының көлемді ауытқуларын зерттейтін әдіс болып табылады. Бұл ми мен мойын тамырларының тонусы мен икемділігін, қанның тұтқырлығын, импульстік толқынның таралу жылдамдығын, қан ағымының жылдамдығын бағалауға, жасырын кезеңдерді, ағым уақытын бағалайды. Эхоэнцефалография (ЭхоЭГ) — түрлі акустикалық тығыздығы бар Бассүйекішілік түзілімдер мен орта шекарасынан ультрадыбысты бейнелеуге негізделген аспаптық диагностика әдісі (бастың жұмсақ қабаттары, бас сүйек сүйектері, менингілер, менгік заттар, ликвор, қан). Электронейромиография-бұл жүйке импульсінің жүйке талшықтары арқылы өту жылдамдығын өлшеуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдіс. Жүйке құрылымдарының зақымдануының "орнын" оңай анықтауға мүмкіндік береді, перифериялық жүйке жүйесінің әртүрлі ауруларын диагностикалау кезінде қолданылады (мас болу, қант диабеті , перифериялық нервтердің зақымдануы бар аяқ— қолдардың жарақаттары және т.б. моно-және полиневропатия). Миографияның бүкіл процедурасы шамамен бір сағатты алады. Науқас диванға жатып, импульстік ток эмитентінің көмегімен функционалды диагностика дәрігері нервтің қозуын және бұлшықеттің жиырылуын тудырады. 15 билет. Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері. Иіс сезу анализаторы үш невроннан тұрады. Біріншісі, мұрын шырышты қабықшасына орналасқан биполярлы клеткалардан басталады, ал олардың аксондары иіс сезу жішелеріне яғни fila olfactoria топтасап орналасады. Кейін иісті сезіну жіпшелері тор сүйектің lamina cribrosa арқылы өтіп, бас сүйек қуысына кіреді де қос иіс жуашықтарына аяқталады. Екінші неврон клеткалары иіс сезіну жуашықтарына bulbus olfactorius орналасқан, олардың аксондары иіс сезу жолын құрастырады кейін мидың мандай бөлігі астындағы иіс өзегі бойымен ми қыртысы астындағы иіс сезіну үшбұрышындағы біріншілік иіс сезіну орталықтарына жетеді. Ал, Үшінші неврон клеткалары substantia perforata anterior мен septum bellucidumнің иіс сезу бұрышында орналасқан, олардың аксондары алдыңғы ми дәнекерінде жартылай аяқталып, қарама- қарсы жағына өтеді кейін жартылай өз жағына сүйелді дененің үсті және астымен өтіп, самай бөлігінің іш жағындағы ат басты теңіз балығына ұқсас ирелең мен аммонов мүйізінде орналасқан ми қыртысы иіс сезу орталықтарына келіп жетеді. Осы жерде алуан түрлі иісттер айқындалып оларға сапалық мән беріледі. Иіс сезу анализаторларын зақымдану белгілері мен тексеру әдісі. Зақымдану симптомдары:Аносмия – иісті мүлдем сезінбеу. Гипосмия – иісті толық сезінбеу.Гиперосмия – иісті шамадан тыс қатты сезіну яғни иіс сезімінің өршуі. Дизосмия – иістің сипатын айқындай алмай басқаша сезіну.Иіс елесі – жоқ иістерді сезініп тұрғандай болуы. Иіс сезуді тексеру үшін қош иісті неме өткір иісті керосин, духи, ванилин камфор құйылған флакондарды пайдаланамыз. Егерде тексерілуші иісті мүлдем сезінбеген болса немесе нашар сезсе онда мұрынның шырышты қабығының зақымдалмағанына көз жеткізу қажет. Мидың мандай бөлігінің астындағы иіс сезіну шұңқыры зақымдалған болса, онда аносмия пайда болады. Ал егер, мидың самай бөлігінде ісік тәрізді аурулары яғни ірің немес қандайда бір паразитер болған жағдайда иісті елестері болады яғни ми қыртысындағы иіс сезінк орталығының тітіркенгіш белгісі болып табылады. Бұл көбінесе иіс елестердің соңынан тырыспа талмасы болады. II. Nervus opticus Көру анализаторы 4 невроннан тұрады. Бірінші неврон көздің торлы қабықшасындағы таяқшалар мен сауытшалар. Екінші неврон көздің торлы қабықшасындағы биполярлы клеткалар. Үшінші неврон көздің торлы қабықшасындағы ганглиозды яғни түйірлі клеткалары, олардың аксондары бірігіп өзара көру нервін құрастырады. Төртінші неврон клеткалары сыртқы иінді денеде орналасқан. Оардың аксондары көру жолын құрастырады. Көру анализаторының зақымдалуы мен тексеру әдістері. Тексеруді жүргізу:Тексерілушінің көз көргіштігін зерттеу. Яғни көздің көру қабілетін Сивцев кестесі арқылы тексереміз. Тексерілуші сол кестеден 5 м қашықтықта отырады, кейін әрбір көздің көру қабулеті жек тексеріледі, яғни бір көзді жауып қояды. Егер төменен санағанда үшінші қатардағы әріптерді жақсы көретін болса, онда көздің көруі қалыпты. Сонымен қатар сол кесте бойынша көру қабілетін сол кестенің оң жағында көз көргіштігінің мөлшері белгіленеді. Көру аясын тексеру.Әрбір көздің аясы периметр көмегімен жеке жеке тексеріледі. Периметрге жарық жақсы түсіп тұруы керек. Тексерілу кезінде көзі қолғалмауы керек ,сол үшін тексерілуші аспаптың ортасындағы ақ нүктеге қадап отырады. Дәрігер периметрдің әр жағына тексерілушіге бетін қаратып, оның көз алмасынының ауытқымауын қадағалап отырады. Ұшы аққа боялған арнай таяқшаның көмегімен әрбір көздің көөру аясын сыртқы, ішкі және жоғарғы , төменгі көру аясын кесереді. Түстерді айыруды Рабкиннің түрлі түсті кестелер көмегімен тексерді. Көз түбінің тексеруді офтальмолгка офтальмоскоп арқылы тексеріледі. Көру анализаторларының зақымдаулары: Көз көргіштігінің тексеруде оның қалыпты мөлшерден ауытқығанын немесе төмендегенін, соқыр болып қалғанын яғни амавроз анықтау болады. Көру аясын тексеру кезінде центрлес- барлық жағынан тарылуы Скотома – дақ болып жоғалуын Гемианопсия – жартылай тарылуын анықтау. Бұл зақымдалулар көру анализаторларының қандай деңгейде зақымданғанын анықтауға көмктеседі. Егер көру нервінің зақымдалуына байланысты көз көрмей қалса, ал хиазманың түгелімен зақымдалса екі көздінде көрмей қалуы болады. Хиазманың ішкі айқасқан бөлігінің зақымдануы кезінде көру аясының сыртқы жақтары жоғалады- Битемпоральды гемианопсия, ал егер оның сыртқы жағы зақымдалса, көру аясының ішкі жартысы жойылады- биназальды гемианопсия. Сонымен қатар көру жолының он жағынан зақымдалу, көру аясының солжағын жоғалтады- оны сол жақтық гемианопсия, дәл солай сол жақ зақымдалса , оң жақтық гемианопсия пайда болады. Мойын остеохондрозы,бел остеохондрозыМойын остеохондрозы - бұл мойын омыртқасының омыртқааралық дискілерінің сарқылуына, деформациясына және бұзылуына әкелетін прогрессивті дегенеративті-дистрофиялық процесс. Амортизациялық шеміршектің жоғалуы артикулярлық беттердің әсерінен де (спондилоартроз) Этиологиясы:қимылдың болмауы - бұлшықеттер әлсірейді, тіндер жойылады;дұрыс емес статикалық қалыптар - бұлшықет қапсырмалары кейінгі тіндік дистрофиямен қан айналымының бұзылуына әкеледі; теңгерімсіз тамақтану ,артық салмақ, ауыр салмақты көтеру - қаңқа құрылымдарына жүктеме артады;жүйке күйзелісі;мойын аймағының гипотермиясы - «салқындатылған», «ісінген» - жасырын қабыну процестерін қоздырады;эндокриндік патологиялар кальцийдің, кремнийдің, фосфордың және сүйек пен шеміршек тіндерінің басқа элементтерінің сіңуін төмендетеді;мойын аймағының жарақаттары;Клиникалық көрінісіПатологиялық процестің негізгі 4 кезеңі бар: 1 кезең - зақымданған аймақта ыңғайсыздық пен бұлшықеттің шамадан тыс керілуі, шеміршек дискілері тұрақтылықты жоғалтады; 2 кезең - жергілікті ауырсыну пайда болады, әсіресе басын қозғағанда. Омыртқааралық дискілер деформацияланған, талшықты сақина құлай бастайды, омыртқалар арасындағы қашықтық азаяды; 3 кезең - ауырсыну күшейіп, тұрақты болады, қимылдар шектеулі. Бастың айналуы бас айналу, жүрек айнуын тудыруы мүмкін, мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы жалпы енжарлыққа, тез шаршағыштыққа, концентрацияның бұзылуына әкеледі, шеміршек тіндері жіңішкереді, омыртқалар жабылады, омыртқааралық грыжа қаупінің пайда болуымен талшықты сақина толығымен жойылады; 4 кезең - ауырсыну синдромы мойын аймағын толығымен иммобилизациялайды; мидағы қан айналымы бұзылған және дәрі-дәрмектерге үнемі қолдау көрсетуді қажет етеді; омыртқалар бірге өсе бастайды. Омыртқалық синдром басын бұру / еңкейту кезінде мойынның қытырлауы; ауру дамып келе жатқанда, ауырсыну және қозғалыстың қиындауы пайда болады; омыртқа денесіндегі және омыртқааралық кеңістіктегі морфологиялық құрылымдық бұзылыстар (рентгенде көрінеді). Жүрек синдромы: ентігу, әлсіздік; толық емес ингаляция сезімі, ауаның жетіспеушілігі; жүрек-қан тамырлары жүйесінен болатын өздігінен пайда болатын құбылыстар - стенокардия, кеудедегі ауырсыну, жану; Радикулярлық синдром: тілдің, иықтың, саусақтың, желке аймағының сезімталдығының төмендеуі; жұтылу қиындықтары; иық пышақтары арасындағы аймақтағы ыңғайсыздық; бастың және маңдайдың артқы жағындағы бас ауруы. Омыртқалы артерия синдромы: қан қысымының негізсіз жоғарылауы; бастың айналуы, сананың жоғалуына дейін; құлақтың шуылдауы, басындағы мақта талшығының сезімі; уақытша бір жақты соқырлық, көзге «шыбын»; жүрек айнуының мерзімді ұстамалары, әсіресе басын қозғағанда; бас ауруы - негізінен бастың артқы жағында, сондай-ақ мигреньде;ұйқышылдық, өнімділіктің төмендеуі, есте сақтау, зейін қою, депрессия. Бел остеохондрозы - бұл бел аймағындағы омыртқаның деформациясы. Ауру омыртқааралық дискілерге, шеміршек тіндеріне, жұлын тамырларына және жүйке талшықтарына әсер етеді және арқадағы ауырсынуды тудырады.Этиологиясы:- Омыртқа аномалиясы; - Люмбализация немесе сакрализация;- Омыртқааралық буындар қуыстарының асимметриялы орналасуы;- Омыртқалық каналдың туа біткен тарлығы;- Спондилогенді соматикалық жəне бұлшықеттік ауыру; - Физикалық зорығу;- Жарақат; - Вибрация, мысалы, транспорт жүргізу кезінде; Психоэмоционалдық факторлар;- Аз қозғалысты өмір салты; - Темкі тарту;- Семіздік. патогенезінің осындай кезеңдері бар: Омыртқааралық дискілерде және іргелес құрылымдарда қан айналымын бұзылуы. Денедегі және омыртқааралық дискілердегі гормоналды деңгей мен метаболизмнің бұзылуы, Омыртқааралық дискілердің шығуы - бұл омыртқааралық дискілер тіндерінің, көбінесе жұлын каналына қарай шығып, оны қысып, қатты ауырсынуды тудырады. Омыртқааралық грыжа. дискінің биіктігі мен пішінінің өзгеруіне әкеледі, бұл өз кезегінде грыжалардың пайда болуына түрткі болады. Радикулярлық артериялардың қысылуы. Жұлынның қанмен қамтамасыз етілуінің созылмалы жеткіліксіздігі. Бел деңгейіндегі остеохондроздың клиникалық көріністері.Люмбоишалгия. Алмұрттəрізді бұлшықет синдромы. Кокцигодиния. Компрессиондық синдром.) Люмбаго: физикалық ширығу, ыңғайсыз қозғалыс, ұзақ ширығу, мұздау кезіндегі, кейде анық себепсіз бел ауыруы. Кенеттен немесе бірнеше минут немесе сағат ішінде, жиі жағдайда оқ тəрізді. Ауыру қозғалыс кезінде ауыр көтергенде күшейеді. Тыныштық жағдайында ауру сезімі кетеді.Жалпы симптомдар: төменгі арқадағы қатты ауырсыну, ол аяққа, іштің ішкі мүшелеріне және кіші жамбасқа таралуы мүмкін; бүйректің және сакрумның ауыруы; омыртқа мен арқадағы бел және шаршағыштық; Денені қозғалту, жүру, иілу және айналдыру қиындықтары; мерзімді арқа; аздап жүктелгеннен кейін тез шаршау; арқадағы дағдарыс, қозғалғыштығының бұзылуы, тыныш күйдегі ауырсыну; аяқ-қолдың ұйып қалуы; бұлшықет спазмы және құрысулар; бас айналу; әлсіздік және күштің жоғалуы; бұлшықет тонусы мен сезімталдығының төмендеуі. Ерлер мен әйелдерде бел остеохондрозының көрінісі әр түрлі болуы мүмкін. Еркектерде потенциал проблемалары болуы мүмкін. Әйелдер жамбас ауруымен жиі ауырады Зерттеу әдістеріМойын омыртқасының рентгенографиясы; УДЗ жұмсақ тіндердің динамикалық күйін көрсетеді;мрт ЭКГ және жүректің эхокардиографиясы жүрек-қан тамырлары ауруларымен жүректің синдромын дифференциалды диагностикалау кезінде қолданылады. Емдеу принциптеріДәрілік терапия, физиотерапия, жаттығу терапиясы және массаж әдістері кіреді.Омыртқаның остеохондрозына арналған инъекциялар.хондропротекторлар шеміршек тінін одан әрі жойылудан сақтайды, деградациялық бұзылыстардың дамуын бәсеңдетеді;стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабынуды азайтады, витаминдік кешендер зардап шеккен аудандардағы қан айналымын қалыпқа келтіреді. |