десмургия. невро шпор. Беткей (стірт) сезімталдылы жолын крсетііз. Беткей сезімталдылыты зерттеу дістері. Сезімталды
Скачать 97.96 Kb.
|
1 билет Беткей (үстірт) сезімталдылық жолын көрсетіңіз.Беткей сезімталдылықты зерттеу әдістері. Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды ажырата отырып жауап беру қасиеті. Анализатор үш бөліктен тұрады .Олар рецепторлық,өткізгіш және ми қыртысы бөліктері.Анализатор теріде ,кілегй қабықтарда сіңірлерде ,буындарда,бұлшық еттерде,қан тамырларында және ішкі ағзаларда орналасқан рецепторлардан басталады.Рецепторлардың құрылымиы алуан түрлі.Жіктелісі Сезімталдық жалпы және күрделі . жалпы сезімталдықты үстірт ,терең және интерорецептивті деп жіктеуге болады.Үстірт сезімталдық .Ми қыртысына сезімталдық импульстерін жеткізетін жолдар үш невроннан тұрады.Беткей сезімталдықты зерттеу әдістеріСезімталдықтың барлық түрлерін зерттеу кезінде сырқаттың көзі жұмулы болу қажет.Жанасу сезімталдығы кезінде дәрігер бір шоқ мақтаны алып қыл шашашығы да болу мүмкін соны науқастың басынан бастап денесіне ,аяқ-қолдарына әрбір жеріне тигізу керек.Жауап ия болса яғни жанасуды сезіну керек,ал сезілмесе сезимталдык жок.Ауырсыну сезімталдығын анқтау үшін түйреуіш болсын яғни ұшы сүйір затты алып науқасқа симметриялы басынан аяқ-қол ұштарына дейін тигізіп түртіп шығарады .Сол кезде науқас өткір немесе өткір еместегін сезініп айту қажет.Егер ауырсынбаса –анагезия,сау жағымен салыстырғанда сәл сезінсе ауырсынса –гипалгезия ,қатты ауырса –гипералгезия.Температура сезімталдығын анықтауда пробиркаға біріне 40градустай біріне 18-20 градустай су құюмыз симметрия қашықтыта жанастырып байқаймыз.Ал науқастың жауабы жылыға жылы ,салқынға салқын екендігін білдіріп отыру қажет.Егер ешнәрсе не суық не жылын сезбесе онда –термоанестезия ,күштірек сезінсе – термогиперестезия ,сезімталдық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақымданған болып табылады. Шынтақ невропатиясы-n.Ulnaris-тің әртүрлі этиологияның зардабынан туындайтын қолдың сенсорлы жәнем моторикалық функцияның бұзылысы. Этиопатогенезі:Жиі нервтің травманың әсерінен кубитальды каналда қысылуы. Травма қолдың соғылуы, білектің шығуы, шынтақтың сынуы, шынтақ өсіндісінің сынуы, білезіктің шығуы. Кубитальды канал синдром жиі науқастардың шынтақты сүйеніп отыру қалпында туындайды. Сонымен қатар остеомада, байламның созылуында, тендовагинитте, деформирлеуші остеоартрозда, ревматоидты артритте, шынтақ буынының бурситтінде, шынтақ-білезік буынының посттравматикалық артриттінде невропатия туындайды. Гийона канал деңгейінде, шынтақ невропатиясы пайда болады(ұзақ уақыт құрал-сайманмен жұмыс жасау кезінде).КлиникаЖиі сүйекаралық бұлшықеттің атрофиясы, басбармақтың қатты жазылуы мен қалған саусақтың бүгілуі- құстың қолын еске түсіреді(костеобразная кисть).ДиагностикаПатологияны анықтау үшін, қолды жұдырыққа жұму кезінде, 4,5 және кейде 3 саусақ жартылай бүгіледі. Егер алақан үстел үстінде болса, саусақтарды алшақтату және жақындату мүмкін болмайды. Науқас сұқ саусақ пен жазылған басбармақ арқылы қағазды ұстай алмайды. Емі:Консервативті терапия: қабынуға қарсы препараттар(глюкокортикоидтар, диклофенак, кеторолак), ауырсынуды басатын (метамизол натрия), антихолинэстеразды препараттар (ипидакрин, неостигмин.), вазоактивті заттар (никотин қышқылы, пентоксифиллин), метаболиттер (витамины гр. В, альфа-липо қышқылы). Физиотерапия: УВЧ, фонофореза, магнитотерапия. 2 билет Мишық: кызметі, құрылысы, Флексиг жолдарын сызып көрсетіңіз.Мишық зақымдалу синдромдары,зерттеу әдістері. МИШЫҚДененің кеңістіктегі тепе –теңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимыл -қозғалыстарын үйлестіретін, бұлшық ет тонусын реттеуші орталық жүйке жүйесінің мүшесі - мидың бір бөлігі. Сопақша ми мен вароли көпірінде, үлкен ми жарты шардың шүйде бөлігінің астында орналасады. 150 гр. Ол мишық құрты арқылы байланысқан екі үлкен жарты шардан құралған. Мишық 3 бөлікке бөлінеді: 1. Алдыңғы бөлік, оның өзі бірнеше бөлікшелерге бөлінеді. - Тілшік -.орталық бөлікше - төртбұрышты бөлікше 2. Артқы бөлік -төртбұрышты бөлікшенің артқы жартысы -жоғарғы жарты ай тәрізді бөлікше - төменгі жарты ай тәрізді бөлікше -жіңішке бөлікше ( парамедианды бөлікше) - екіқұрсақтық бөлік -мишық миндалинасы 3. Клочков-түйінді бөлік Мишық ақ және сұр заттан тұрады. Жарты шар мен құйрықтың сұр заттары беткей қабатта орналасқан, олар мишық қыртысын құрады. Ал сұр заттың жиналуы мишықтың тереңінде-ядрода орналасқан. Ақ зат –мишық денесі мишықты қалыңырақ орналасады. Мишықтың 3 аяқшасы арқылы сұр затты бас миының бағанасымен және жұлынмен байланыстырады. Сұр зат мишықтың қыртысы мен ядросын қалыптастырады. Мишықтың сагитальды кесіндісінде ақ және сұр зат қатынасы « мишықтың өмір ағашы ( древом жизни мозжечка)» суреті көрінеді. Мишық қыртысы құрылымыМишық қыртысы 3 қабаттан тұрады:1. сыртқы - молекулярлы қабат 2. ортаңғы - ганглионды қабат 3. ішкі - дәнді қабат • Мишықтың сұр заты: жұлдызша, себетше, алмұрт тәрізді және дәнді нейроцит терден құралған. • Мишықтың ақ заты: миелинді жүйке талшықтарынан тұрады Мишық ядросы -Шатыр ядро (n. fastigii) – парамедиальді орналасады, вестибуллярлы аппарат қызметін реттеу.- Шар тәрізді ядро (n. globosus)-Тығын тәрізді ядро (n. emboliformis) латеральді орналасады, дене мен мойын бұлшық етін реттеуге қатысады-Тісшелі ядро (n. dentatus)-аяқ қол бұлшық етін реттеуге қатысады. Мишық симптомдары мен синдромдары • Интенцивті тремор – бағытталған қозғалыс кезіндегі,нуктеге жету кезінде күшейетін шеткі мүшенің дірілі.• Нистагм (көз алмаларының треморы) • Мишықтық дизартрия (баяу, скандирленген сөйлеу)• Гиперметрия – қозғалыстың шексіздігі • Мегалография – жазудың өзгеруі, онда әріптер тым үлкен және біркелкі болмайды. • Асинергиябіркелкі(содружественный)қозғалыстардың бұзылуы. • Жүріс шайқалуы - анық емес,аяқтары алшақ қойылатын жүріс, шайқалып жүру зақымданған аймақта анық • Бұлшықет гипотензиясы - бұлшықет тонусының төмендеуі, атонияға дейін. Бұл буындардағы пассивті қозғалыстардың артық болуымен көрінеді. Ең көп байқалатын мишық құрттың зақымдануы жағдайында, сіңірлік рефлекстерін азайуы немесе жоғалуы. • Бас айналу -Атаксия-тепе-теңдік бұзылысы.Қозғалыстар белгісіз сипатқа ие, олар бірбірінен шамадан тыс сілкіністерге ұшырайды. Пациент тұра алмайды.Мас адам жүрісі. • Дизартрия-жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы -Фрагменттелген сөздер -Адиадохокинез-науқас симметриялы түрде қимыл- қозғалысты тезжасай алмайды(суппинация, пронация) -Бабинский –асинергиясы- науқас шалқасынан жатып, қолын кеудесіне ақастырып , орнынан көтерілуі, мишық зақымдалуында екі аяғын талтайтып жоғары көтеруі Мишық бұзылысын зерттеу әдістері. -Мұрын саусақ пробасы (саусақты дәл тигізбеуі) -Табан тізе пробасы -Нұсқаушы проба (интенционный тремор) -Нистагм анықтау-балғашықты жоғары,төмен,оң-солға -Пронаторлы проба Тома – науқас көзін жұмады,алақанын жоғары қаратып ,кейін төмен қаратқан кезеде 1тқолы қалып кетеді- (гиперметрия, адиадохокинез) -Проба Шильдер – көз жұмулы күйде екі қолды көтеріп, басын бұру -Стюарта-Холмс симптомы – симптомының болмауы "обратного толчка". -Асинергия пробасы: Бабинский-қолдың көмегінсіз науқас арқамен жатқан қалыптан отыра алмайды. -Жүру пробасы-науқас алға, артқа жанға жүре алмауы, аяқтарын кең ашуы -Ромберг -позасында тұрақты емес, теңселіп, құлап қалуы. Бульбарлы және псевдобульбарлы синдром. Тіл жұтқыншақ,кезбе және тіласты жүйенің зақымдануы.Сопақша мидағы тіл жұтқыншақ,кезбе және тіласты жүйке ядросының зақымдануынан түзіледі. Бұл шеткі алолотрофиялық склерозынан,сопақша ми аймағының қан айналуының бұзылуынан т.б салдарынан пайда болады. Бұл синдромда:таңдай салбырап кетеді,қимылы шектеледі немесе жоғалады;маңқаланып сөйлейді,сөйлеуі анық емес,жқтыну қабілетінің қиындауы;сұйық тамақ мұрынан шығады,шашалып қалады. Псевдобульбарлы синдром. Жұтыну,сөйлеудің фонациясы және артикуляциясының бқзылуы,ядролар үстіндегі байланыстар 2 жағынан бірдей зақымданғанда пайда болады. Бульбар синдромынан ерекшелігі тілдің еті солмайды,талшықтары жабысып дірілдемейді. Тіл асты жүйкенің немесе оның ми бағанасындағы ядросы зақымдалса,зақымдалған жаққа сәйкес тілдің бөлігі солып,әлсіреп немесе қимылдамай қалады,тілді аузынан шығармақшы болса ,ол әлсіреген жаққа қисаяды. Псевдобульбарлы синдром – орталық мотонейрон екіжақты зақымдалады, бұлшықеттер гипертонусы, гиперрефлексиясы болады, бірақ атрофия болмайды. Бульбарлы синдром – перифериялық мотонейрон біржақты зақымдалады, бұлшықеттер әлсіздігі, фасцикуляциясы, атрофиясы, рефлекторлы импульстар мүлдем өтпейді. Бульбарлы параличте артикуляциялық, дауыс шығару және дем алу мүшелерінің шеткі бөлігінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, гипотония немесе атония байқалады. Бұлшық еттердің көншілігі кішірейеді, әлсізденеді, сондықтан қоздырғыштарға реакция болмайды, яғни арефлексия байқалады. Бұл ауытқулардың барлығы бұлшық еттердің атрофиясына әкеліп соғады. Оральді автоматизм рефлекстері Ауыз рефлексі – неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді жеңіл соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық етінің жиырылуы. Мұрын – ерін рефлексі – неврологиялық балғамен мұрынның ұшын жеңіл соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы. Алақан – иек рефлексі бас бармақ томпағы тұсын сызып тітіркендіргенде иек бұлшық етінің жиырылуы. Ауыздық автоматизм рефлекстерінің дамуы кортико-нуклеарлық шоғырдың екі жақты зақымдануымен байланысты. 3 билет. Бас мидың қыртысты қабаты.Мидың жоғарғы қызметтері. зақымдалу синдромдары.Зерттеу әдістері. мидың орташа салмағы – 1375 г,Миды шартты түрде үлкен миға, cerebrum, кіші миға немесе мишыққа, cerebellum, және ми сабауына, truncus cerebri, бөледі.Үлкен ми жарты шарын 14 миллиардтай нерв клеткаларынан тұратын сұр затты қыртыс жауып тұрады. Бас ми сыңарын 4 үлкен үлесіне, lobi cerebri, бөледі: 1.Маңдай үлесі, lobus frontalis 2.Төбе үлесі, lobus parietalis 3.Самай үлесі, lobus occipitalis 4.Шүйде үлесі, lobus temporalis. Үлестер бас миының негізгі жүлгелерімен ажыратылып тұрады: Орталық (Роландов) – маңдай және төбе үлестерін бөлетін жүлге. Латеральды(Сильвиев) – самай жәнетөбе үлестерін бөлетін жүлге. Төбе-шүйделік – атына сәйкес төбе мен шүйденің аралығын бөлетін жүлге. Ми қыртысының қабаттары: 1.Сыртқы молекулярлық қабат; 2.Сыртқы түйіршікті қабат; 3.Шағын және орташа пирамидалық клеткалардан тұратын қабат; 4.Ішкі түйіршікті қабат; 5.Бец үлкен пирамидалық клеткалардан тұратын қабат;(ганглиозды) 6.Әртүрлі клеткалардан тұратын қабат;(полиморфты) Мидың жоғарғы қызметтері Ми қырытысы көңіл-күй, таным, мақсатты қимыл-әрекеттері, сөйлеу, жазу, оқу, санау және ойлау қабілеттерінің негізі болып саналады. Ми қыртысы өзінің атқаратын қызметіне байланысты проекциялық және ассоциативті алаңдарға бөлінеді. Ми қыртысының қызметі: -Ағзаның тіршілігін реттеп отыру; -Мінез – құлықтың күрделі формаларын қалыптастыру; -Нерв – психикалық қызметтердің қайта қалыптастыру; Барлық проприоцептивті, интероцептивті, экстероцептивті, вестибулярлы, есту, көру және басқа да импульстердің анализі мен синтезі. Сөйлеуді тексеру.Дәрігер науқаспен сөйлесу кезінде оған бағытталған сөздерді қалай түсінеді (сенсорлық) және қалай айтатынына (моторлы) назар аударып, анализ жасайды. Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – афазия; Моторлы афазия (Брок афазиясы) – төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөліктері зақымдалуында, ал сенсорлы афазия (Вернике афазиясы) – жоғарғы самай ирелеңінің төменгі және ортаңғы бөліктері зақымданғанда дамиды. Праксисті зерттеу.Праксис – мақсатты, жоспарлы іс-әрекеттерді орындау қабілеті.Апраксия – мақсатты іс-әрекеттердің орындалуының бұзылуы. Моторлы апраксия – қимылдардың бірізділігінің жоғалуы. Оны анықтау үшін науқасқа “жұдырыққабырға-алақан” тесті беріледі. Бұл іс-әрекеттер бірізділігін тез-тез бірнеше рет қайталауды өтінеді. Идеомоторлы апраксия – қарапайым қимылдарды орындай алмау. Оны тексеру үшін науқасқа тілін шығаруын, ысқыруын, стаканға суды қалай құю керектігін, сіріңкені тұтатуын және т.б. көрсетуін сұрайды. Гнозисті зерттеу. Агнозия – көру, есту функциялары, сезімталдық сақталғанымен заттар мен құбылыстарды танып ажырату процесінің бұзылуы. Агнозияның түрлері: -Иіс сезу агнозиясы; -Есту агнозиясы; -Көру агнозиясы; -Кеңістік сезу агнозиясы; -Адамды танымау агнозиясы; -Аутотопоагнозия - өз дене мүшелерін орналасуын анықтай алмау. Бұл синдром көбінесе екі немесе бір ми сыңарының (көбінесе оң) төбе-шүйде аймақтарының зақымдануы кезінде дамиды. Самай бөлімі қызметтері:-Есту тітіркенуін қабылдау және талдау -Вестибулярлы, -Иіс сезу ,Дәм сезу,Сенсорлық сөйлеу оралығы -есте сактау Самай бөлік симптомдары -Есту агнозиясы -Сенсорлы афазия -Амнестикалық афазия Шүйде бөлімі қызметтері:-Көру апаратын қабылдау -Көру сигналының болуы және қарқындылығы -Түсі, пішіні, өлшемі, сапасы Шүйде бөлік симптомдары -Жоғары квадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі бөлігі) -Төменгіквадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин) -Көру агнозия (сыртқы бөлімі) -Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасында -Акалькулия (санаудың бұзылу) -Контралатеральды атаксия -Метаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қабылдау– микропсия, макропсия) Төбе бөлімі қызметтері: -Ауырсыну, тактильді және температуралықрецепторларынан ақпаратты қабылдау - Заттың бетінің қасиеттерін, пішіні мен өлшемінбағдарлаумен байланысты сөйлеу функциясының соматикалық сезімталдығы Төбе бөлік симптомдары-Анестезия-Астереогноз -Апраксия (доминантты жартышарда) – идеаторлы немесе конструктивті -Аутотопагнозия – науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап қабылдау, сол мен оңды айыра алмау(оң жақ төбе зақымдалғанда) -Төменгі квадратты гемианопсия – төбе бөлігінің тереңінде -Псевдополимелия (оң жақ) -Анозогнозия (оң жақ) Маңдай бөлімі қызметтері: - мінез-құлық реакцияларын басқару -Бас пен көзді қарама – қарсы бетке бұру орталығы – орталық маңдай иірімі. -Маңдай – көпір – мишықты жол – жоғарғы маңдай иірімі. -Мотролы сөйлеу орталығы – төменгі маңдай иірімі. -Жазу орталығы – орталық маңдай иірімінің артқы бөлігі. Маңдай бөлімі зақымдалу симптомдары: -Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде) -Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі) -Паркинсонизм, сирек гиперкинездер -Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені -Маринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі -Маңдай атаксиясы (астазия-абазия) -Моторлы афазия (Брок зонасы) Кіші жіліншік невропатиясы – аяқтың мононевропатиясының бірі, табанның салбырау синдромымен, сыртқы бетін ж/е бақайларды жазу шектеулігімен, сонымен қатар жіліншіктің алдыңғы латеральды жағының , табанның сыртқы бетінің бұзылыстарымен сипатталады. Нервтің миелин қабаттары көп,жуан нервті талшықтардан тұрады, осы ерекшелігінен метаболизм бұзылысына және аноксияға сезімтал болып келеді. Кіші жіліншік невропатияның 60% жағдайы пациенттердің шина және гипстік байламдармен ем кезінде орын алады, ал 30% невртің біріншілік зақымдалуы. Көбіне операциядан кейін,иммобилизация кезінде болады. Этиопатогенезі:Травмалар(жіліншіктің сынығы, шығып кетуі, сіңірдің созылуы,тізе жарақаты, операциялар) нервтің компрессиясы; тамырлық бұзылыстар, нервтің ишемиясына әкеледі; инфекциялық және токсикалық бұзылыстар. Кіші жіліншік нервісінің компрессиясы өте тар аяқ киімді ұзақ уақыт киюден, аяқты аяқ үстіне ұзақ уақыт қойып отыру қалпында туындауы мүмкін. Клиника: табан сыртқа бұрылмайды, табан және бақайлар жазылмайды. Нәтижесінде табан салбырайды(свисает), ішке қарай аздап бұрылған, бақайлар бүгілген қалпында болады. Ұзақ уақыт осындай жағдайда тұруы контрактураға әкеледі. Аттың табаны деп аталады. Соған байланысты науқастың жүрісі өзгереді, аяғын биік көтеріп жүреді,бақайлардың сыртқы бетінің жерге тиюін алдын-алу үшін.Табан ұшын сосын өкшені жерге тигізеді. Бұндай жүріс степпаж (steppage), перонеальды, аттың жүрісі, петушинная походка деп те атайды. Емі Консервативті терапия: диклофенак, лорноксикам, В витаминдері, антиоксиданттар,қан айналымды жақсартатын пр (пентоксифиллин, никотин қышқылы).Ипидакрин, неостигминді жүйелік-бұлшықеттік импульс берілуін жақсартуға. Физиолечение: электрофорез, магнитотерапия, электростимуляция, ультрафонофорез. 5 билет. Үшкіл нерві: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері. V. Nervus trigeminus аралас нерввтердің қатарына жатады. құрамында сезгіш және қимылдатқыш талшықтар бар. Ми көпірінен сезімтал және қозғалтқыш түбіршіктер: көздік, жоғарғыжақ және төменгіжақ жүйкелер болып шығып, қосылып бір жүйке бағанын түзеді. Көздік жүйке — көздік аумағын, мұрынның иіс сезу бөлігінің кілегейлі қабығын, маңдай, самай, қабақ терілерін жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Оның құрамында көзжасы безінің қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке талшықтары болады. Жоғарғыжақ жүйкесі бастың жоғарыжақ аумағын, мұрын қуысының, тандайдың, жоғарғы еріннің кілегейлі қабықтарын жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Төменгіжақ жүйкесі — самай және төменгіжақ аумағына сезімтал, шайнау бұлшық еттеріне қозғалтқыш жүйке талшықтарын беретін аралас жүйке. Нерв тармақтарының құрамында,сонымен қатар бет қуыстары аймағында жататын бездерге баратын секрециялық талшықтар өтеді. Үшкіл нерв аралас болғнадықтан, оның төрт ядросы болады, олардың екі сезімтал және бір қозғалыс ядросы артқы мида, бір сезімтал ядро ортаңғы мида жайғасқан. Қозғалыс ядросында, nucleus motorius жайғасқан жасушалардың өсінділері,нервтің қозғалыс түбіршегін, radix motoria, түзе, көпірден оны мишықтың ортаңғы аяқшасынан бөлетін linia trigeminofacialis деп аталатын V және VII нервтердің мидан шығатын жерлерін қосатын сызықтан шығады. |