десмургия. невро шпор. Беткей (стірт) сезімталдылы жолын крсетііз. Беткей сезімталдылыты зерттеу дістері. Сезімталды
Скачать 97.96 Kb.
|
Орталық салдану орталық қозғалтқыш нейронның кез келген бөлігі зақымданғанда дамиды. орталық салдануға тән: Гипертонус - бұлшық еттер кернелген, тығыз, енжар қимылдарға қасарысу байқалады. Сіңір рефлекстерінің жоғарылауы (гиперрефлексия) – жұлынның автоматты қызметінің күшеюін көрсетеді, себебі жоғарыдан тежегіш қызмет зақымданған. Церебралды салдануда патологиялық рефлекстердің маңызы зор. Аса сезімтал рефлекстер – Бабинский, Россолимо және Бехтерев рефлексі. 1. Субкортикальды зақымдануда (ісік, гематома, инфаркт және т.б.) – қолдың немесе аяқтың контрлатеральды парезі дамиды. Қолдың майда жұмыстары нашарлайды. Моноплегия емес монопарез дамиды.2. Ішкі капсуланың зақымдануы – спастикалық гемиплегия дамиды. Бет кейде тіл асты нервінің контрлатеральды салдануы мүмкін. 3. Ми аяқшаларының зақымдануы - контрлатеральды спастикалық гемиплегия 4. Ми көпірінің зақымдануы – контрлатеральды, кейде билатеральды гемиплегия. Пирамиданың зақымдануы – контрлатеральды бос шеткі салдану дамиды. 6. Мойын деңгейінде зақымдану, яғни латеральды пирамидті жол зақақымданады - Өзжағында спастикалық гемиплегия дамиды..7. Кеуде бөлігінде бір жақты зақымданса, ипсилатеральды аяқтың спастикалық моноплегиясы тән. Егер екі жақты зақымданса, спастикалық параплегия дамиды. 8. Жұлынның алдыңғы мүйізі мен түбіршіктері зақымданса, ауру сезімсіз шеткі салдану және сезімталдық бұзылыстары болады. 9. Алдыңғы түбіршіктің зақымдануы - перифериялық мотонейрон зақымданғандықтан, ипсилатеральды шеткі салдану тән. 10. Мойын, иық, бел, сегізкөз өрімдеры зақымданса, шеткі салдану ауру сезімі және сезімталдық бұзылыстары болады. 11. Шеткі нерв зақымданғанда, сол нервпен жүйкеленетін бұлшық еттердің шеткі салдануы, сонымен қатар ауру сезімі мен сезімталдық бұзылыстары болады. ШЕТКІ САЛДАНУ Жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан шеткі мотонейрон, БМН ядролары, алдыңғы түбіршік және жұлын мен БМН қозғалтқыш нервтері зақымданғанда, шеткі салдану пайда болады. Шеткі салдануға тән: Гипорефлексия (арефлексия) Гипотония (атония) Реакция перерождения бұлшық еттердің электр тогы әсерінен ширығуының жойылуы Фибрилляция мен фасцикуляция – жеке бұлшық еттердің дірілі 9 билет. 2 сурағы Үлкен жіліншіктің невропатиясы- n. Tibialis травманың, компрессионды жағдай, дисметаболикалық немесе қабыну генезінен туындайтын сирақ бұлшықеттінің функциясының бұзылысымен табанның вегетативті-трофикалық өзгерістері.Этиопатогенезі:Жіліншіктің сынуы, сирақ-табан буынының шығуы, жарақат, сіңірдің, байламдардың созылуынан нервтің травмасы. Үлкен жіліншік нервісінің тарзальды каналда қысылуы. Бұл нервтің компрессиясы посттравматикалық периодта, тендовагинитта, гематомада, сүйекті экзостозда немесе каналдағы ісікті өзгерістер каналдың фиброзды өзгерісіне әкеледі, сонымен қатар, байлам-ет аппаратының нейродистрофия кезіндегі өзгерістер.Клиника: Табанның және бақайлардың бүгілуі мүмкін емес. Осы жағдайда табан жазылған қалпында фиксацияланады. Оны пяточная стопа (pes calcaneus)деп атайды –науқас табанды басып жүреді, аяқ ұшымен жүре алмайды. Табанның ұсақ бұлшықеттерінің атрофиясы бақайлардың тырнақтық қалыпқа әкеледі ( к когтевидному положению пальцев) (к развитию когте- образной стопы). Аяқтың латеральды беті және өкше аймағының сезімталдығы бұзылады. Үлкен жіліншік нерв зақымы ахиллов рефлекстің жойылуына немесе төмендеуіне әкеледі. Емі: Ортопедиялық аяқ киім, сирақ-табан буын артрозының терапиясы, компрессия жағдайында триамцинолонмен, дипроспанмен Метаболизм мен қандандыруды жақсарту мақсатында В1,В12,В6, никотин қышқылымен, пентоксифиллинмен, альфа-липо қышқылымен емдеу. Физиотерапия: ультрафонофорез + гидрокортизонды мазь, магнитотерапия, электрофорез + 10 билет. 1.Пирамидтік жүйе (сызып көрсету) 2.Симпатико-адреналды криз. Клиника. Диагностика. Жедел көмек көрсетілуі.Адренергиялық(симпатикалық) жүйке жүйесі ағзаның қорғануы қажет жағдайлардағы әртүрлі қауіпті немесе күйзеліс кездерінде өте маңызды рөл ойнайды. Бұл кезде: жүрек жұмысының күшеюі, жиілеуі, артериалды қысымның жоғарылауы, гликолитикалық үрдістер күшейеді, яғни қант жоғарылайды, қарашық ұлғаяды ж.т.б. Симпато-адреналдық криз ауру емес, жедел кенеттен ұстама түрінде күрт пайда болатын және артериялық қысымның артуымен қатар жүреді.Симптомдары; қатты стресстен кейін, физикалық және психикалық шамадан тыс жұмыстан кейін дамиды.Кеуде және жүрек аймағында ауырсыну, басу немесе қысу сезімдері;Жоғ арт қан қысымы;Құрғақ ауыз;Қол-аяқ тамырларының спазмы, Экзофтальм;Жүрек соғысы (аритмия);Қалтырау;Бас аурулары;Зәр шығару кідірісі пайда болады;Қорқыныш сезімі;Тершеңдік;Диагностика : Кардиограмма және жүрек УЛЬТРАДЫБЫСЫ; Мидың томографиясы; Жұлынды тексеру; Қалқанша безі мен бүйрек үсті бездерін УДЗ; Невропатологтың кеңесі. Жедел көмек Егер үрей басталса, науқасты тыныштандыру керек, таза ауаның жеткілікті ағынын қамтамасыз ету керек, қысылған киімді босатыңыз. Көлденең қалыпқа қоюға болады. Реланиумды енгізу. Симпатоадренальды жүйенің артық белсенділігін бәсеңдету үшін Обзидан немесе Верапамил енгізу. 11 билет. Тіл жұтқыншақ және кезбе нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері. IX Nervus glossopharyngeus, тілжұтқыншақ нерв, аралас. Бұл аралас нервтарға жататындықтан оның құрамында сезгіш, қимылдатқыш және вегетативтік талшықтар бар. Үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің X жұбынан бөлінген. Онда үш текті талшықтар болады. Жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты, бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті талшықтар: Жұтқыншақ бұлшықеттерінің біреуін-m.styloparyngeus нервтендіретін эфферентті талшықтар Glandula parotis үшін эфферентті парасимпатикалық талшықтар. Құрам бөліктерін сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus solitaries, оған афферентті түйін-ganglia superius er inferius-тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегетатиті парасимпатикалық ядро-төменгі сілекей бөлетін ядро-торлы құрылымынлда кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының-nucleus ambiguous пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады. Тіл-жұтқынша нерві түбіршіктері арқылы оливияның артында,кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады. Кезбе нерв - n. vagus (X жұп) Кезбе нерв мидың мойындырық тесігінен шығады, ол - сезімтал, қозғалтқыш, вегетативті тармақтардан тұрады (5.22-сурет). Бірінші нейрон псевдоунипалярлы жасушалардан тұрып, сезімтал тарманын құрап, кезбе нервтің жоғарғы және төменгі түйінін түзеді, ол мойындырық тесігінде орналасқан. Бұл псевдоунипалярлы жасушалдардың дендриттері шеткері бағытталып артқы бас шұңқырында мидың қатты қабатының рецепторларында, есту жолының артқы қабырғасында құлақ қалқанының терілік бөлімінде, жұтқыншақтың шырышты қабаты мен кеңірдекте, жоғарғы көмейде және ішкі ағзаларда аяқталады. Псевдоунипалярлы жасушалардың орталықтық өсінділері, олар сопақша мидағы сезімтал ядроларға бірлік жолмен барады (екінші нейрон). Екінші нейрон аксондары таламуста аяқталады (үшінші нейрон). Таламустан ішкі капсула арқылы түйіндер қыртыстағы постцентралды жүлгеге барады. Қозғалыстық түйіндер қыртыстағы прецентралды жүлгелерден екілік ядроға барады (n. ambiguous). Ядрода екінші нейронның аксондары орналасады, олар жұтқыншақтың көлденең жолақты бұлшықетіне, жұмсақ таңдайға, кенірдекке, кеңірдек астына және өңештің жоғарғы бөлігіне барады. Вегетативті (парасимпатикалық) тармақтар гипоталамустың алдынғы бөлігінің ядроларынан басталады және вегетативті дорсалды ядроға барады, одан - жүрек бұлшықетіне, тамырлардың тегіс бұлшықет тініне және ішкі мүшелерге барады. Осы тармақ арқылы жүрген импульстар, жүрек соғысын баяулатады, тамырларды кеңейтеді, бронхтарды тарылтады, ішек перистальтикасын күшейтеді. Кезбе нервтің құрамына постганглионарлы симпатикалық тармақтар кіреді, олар паравертебралды симпатикалық түйіндерден тұрады және олар кезбе нервтің тармақтары арқылы жүрекке, тамырға және тұр ішкі мүшелерге таралады. Тіл- жұтқыншақ және кезбе нервтер соматикалық және вегетативтік қызметтерді үйлестіреді. Соматикалық фуңкциялары Екеуіде жұмсақ таңдай, жұтқыншақ және көмей бұлшық етерінің жиырылуын, жұтыну және дыбыс шығару актысын үйлестіреді. Екеуіде тіл түбірі, жұтқыншақ, көмей және ортаңғы құлақ сезімдігін қамтамасыз етеді, ал тіл жұтқыншақ нервтері бұған қосымша тіл түбіріндегі дәм сезу қабілетіне әсер етеді. Екеуіде сопақша мида тұйықталатын жұтқыншақ рефлексінің доғасын құрастырады. Вегетативтік фуңкциялары: Тіл- жұтқыншақ нерві шықшыт безінен сілекей шығуын ретейді. Кезбе нерв кіші жамбас қуысы ағзаларынан басқа ішкі ағзаларыдң тегіс парасимпатикалық иннервациямен қамтамасыз етеді. Тіл- жұтқыншақ және кезбе нервтерін зерттеу: Дәрігер сырқатттың ауызын кең аштырады да тыныштық жағдайда көмейіне қарап кішкене тілге, жұмсақ таңдай имегіне назар аударады а-аа-а дыбысын шығартып, таңдай мен кішкене тілдің қаншалықты қимылдатқанын бақылайды. Ширатылған қағаз түтікті көмейдің түбіне тигізіп, жұтқыншақ рефлексін, содан кейін жұмсақ таңдайға тигізіп, жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Жұмсақ таңда й жоғары көтеріледі, б.еттері жиырылады. Сырқат дауысының үнділігін байқау кеерек, қажет болса отоларингологқа жіберіп, ларингоскопия жасалады. Жұтыну актсын байқау керек. Қышқыл және тұзды ерітнділері көмегімен тіл түбінің оң және сол жағындағы дәм сезіну қабілетін тексеру. -Маңқаланып сөйлеуі Наолалия. Дыбысы шықпай қалуы афония Жұтынудың қиындауы- дисфагия сұйықтықты жұта алмайды, егер жұтпақшы болса шашалып қалады, сұйық мұрынан қайтаышғады. Жұтыну рефлектері төмендеп немесе жоғалып кетеді Таңдайдың салбырап кетуі, оның қимылының шектелуі немесе жоғалуы, Тіл түбірінде дәм сеу баяулауы гипогейзия немесе мүлдем сезілмеуі агейзия Тіласты нерві ядролары екі жағынан зақымдалса, тіл қозғалмай қалады глоссопоегия, сөйлеу мүмкіндігі жойылады анартрия. Мойын өрімі Мойын өрімі негізінде жоғарғы төрт пар мойын жүйкелерінің алдыңғы бұталарының қосылысынан п/б. Ол мойын омыртқаларынаң жаныңда мойын еттерінің астында орналасқан. Бұл тораптан таралатын жүйкелерді ет, тері және аралас жүйкелер деп бөледі. Тораптан шығатын жүйкелер бастың тік және бүйір бұлшық еттерін, бас пен мойынның ұзын еттерін, сатылы және төс-бұғана-емізікше еттерін жүйкелендіреді. Мойын торабынан төмендеу мойын жүйкесі, төмендеу тіласты жүйкесімен бірігіп мойын жүйке ілмегін түзеді. Бұл жүйке ілмегі тіласты сүйегінің төменгі жағындағы еттерді жүйкелендіреді. Мойын торабынан еттерге баратын қозғалтқыш жүйкелерден басқа, сезімтал нервтер де шығады. Оларға негізінде мойын терісіне тарамдалатын шүйделік кіші нерв, мойынның көлденең нервісі, бұғанаүсті нервтері жатады. Шүйденің кіші нервісі (затылочный нерв) төс-бұғана-емізікше етінің астынан өтіп, шүйде бөлігінің терісі мен емізік өсіндісінің аймағын жүйкелендіреді. Құлақтың үлкен нервісі (ушной нерв) - мойын торабынан шығатын жүйкелердің ішіндегі ең ірісі. Ол төс-бұғана-емізікше етінің астынан артқа қарай өтіп, құлақ қалқанының терісіне, беттің сырт және самай терісіне тарамдалады. Мойынның көлденең нервісі (кожные нервы шеи) төс-бұғана-емізікше етінің астынан мойынның алдына қарай көлденең бағыт алады. Осы жерде мойынның теріасты етінен өтіп, мойын алдына қарай бағыт алып, мойынның терісін жүйкелендіреді. Бұғанаүсті нерв (надключичные нервы) мойын торабынан басталып, төс-бұғана-емізік етінің сыртқы жиегімен төмен қарай түсіп, бұғана-иық буынына, көкірек клеткасының жоғарғы жағына және дельта тәрізді етке қарай тарамдалып, сол жерлердің тері бөліктерін қамтиды. Мойын торабының ең ұзын нервісі болып диафрагма нервісі (диафрагмальный нерв) саналады. Ол тораптан басталғаннан кейін, бұғанаасты артериясы мен венасының аралығымен төмен қарай көкірек клеткасына түсіп диафрагмаға жетеді. Жолында өкпе плеврасы мен жүрек үлпершегіне тарамдалып, аяғында диафрагманы жүйкелендіреді, сондықтан негізгі тыныс алу жүйкесі болып саналады. Көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын көк ет - диафрагма жүйкені мойын торабынан алатын себебі, ол эмбиональдық даму кезеңінде ұрықтың мойіын бөлігінде көкірек мүшелерімен бірге пайда болады. Осы мүшелермен бірге дами келе құрсақ қуысынадейін төмендеп, мойын торабынан алған жүйкесін бірге ұзартып әкетеді. Бұл жүйке негізінде қозғалтқыш жүйкеге жатады. Бірақ оның құрамында плевраға және перикардқа, бауыр байламына баратын сезімтал талшықтары да болады. Мойын өрімі зақымдалуының негізгі көріністері - ауырсыну синдромы және сезімталдықтың бұзылуы. Ауырсыну мойынның алдыңғы жағында, супраклавикулярлы аймақта, желкеде және жүрекшеде пайда болады. Френикалық жүйке зақымданғанда, олар кеудеге таралады. Сенсорлық бұзылуларға парестезиялар (уақытша шаншу, сырға сезімдері) және сезімталдықтың төмендеуі жатады. Зерттеу тәсілдері Диагноз науқаспен сұхбаттасу арқылы қойылады. Электронейромиография және рентгендік зерттеу (рентген) сияқты әдістер де қолданылады. Дәрігер қосымша компьютерлік томография (КТ) тағайындай алады. 12 билет. VII Nervus facialis беттік нерв, аралас. Екінші желбезек доғасы нерв ретінде одан дамыған бұлшықеттерді барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің тіл бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен сол бұлшықетердің рецепторлрынан шығатын афферентті талшықтары болады. Сондай-ақ онық құрамында аралық, n.intermedus, нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар. Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секретті ядросы-nucleus solitarius. Соңғы екі ядросы nervus intermedius-ке жатады. Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, lenea trogeminofacialis-тен шығады. Соданкейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без қзегіне сanalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқа қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum атқылы бассүйекте шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі. Сонымен бет нервісі жоғары қабақты көтеретін бұлшық етен басқа барлық бұлшық етерін невтендіреді. Бет нервісі қызметін тексеру. 1.Қалыпты жағдайда науқастың бетін байыптап қарағанда ауытқушылық немесе табиғи әжімдердің жойылуын байқауға болады. 2.Бет құбылысына әсер ететін бұлшық еттердің қызметін тексеруге болады. Яғни науқасқа қабағыңызды көтеріңіз- маңдай бұлшық етін тексеру. Көзіңізді сығырайтыңыз- көз айналасындағы бұлшық еттерінің қызметін тексеру. Екі ұртыңызды томпайтыңыз- жақ бұлшық еттерінің тексеру. Тісіңізді ақситыңыз - күлуге қатысты бұлшық еттерді тексеру. Ерініңізді түтікше үріңіз- ауыс айналасындағы бұлшық еттерді тексеру. Бет нервісінің зақымдалулары: Бет нервісінің сыртқы невроны зақымданса, беттің зақымданған жағындағы бұлшықеттер сал болып қалады. Осыған байланысты беттің әжімдері тұтасып, көз аясы кеңейіп, қабағы қозғалмай қалады, көзі жұмылмай қалады қояның көзі тәрізді белгі, көзін жұмғанда көз алмасы жоғары қарай ауытқып, кірпік арасында көздің ағы көрініп тұрды Белл симптомы. Тістерін ақситқанда ауыз зақымданған жаққа қисайып леп белгісіне ұқсайды- шарко леп белгісі симптомы. Екі ұртын томпайтқанда зақымданған ұр жағы томпаймайды.Сал болып қалған бет бұлшық еттеріне электр тогы әсер етпейді. Паркинсонизм – жалпы қозғалыстық белсенділіктің төмендеуіне, қозғалыстың баяулауына, қалтырауға, бұлшық ет тонусының жоғарылауына әкеп соғатын нерв жүйесінің созылмалы зақымдану синдром болып табылады. Аурудың негізгі белгілері: қолдың дірілдеуі, қозғалыстың бәсеңдеуі, қозғалыстың бөгеліп қалуы, ауырсыну, қозғалыс динамикасы және психиканың бұзылуы. Ауру ақыл-ес толығымен сақталып қалуымен мүгедектікке әкеледі. Этиологиясы (себебі):Тұқым қуалаушылық, аутосомды доминантты түрде кездеседі. Жүйке жүйесінің жедел және созылмалы инфекциясынан кейін пайда болуы мүмкін (мысалы кенелік немесе басқа энцефалиттер) Ми қанайналымының жедел және созылмалы бұзылыстары. Жүйке жүйесінің травмасы, ісіктер + кейбір дәрілерді ұзақ тоқтатпай қабылдау.фенотиазинді топтағы дәрілер (аминазин, трифтазин), метилдофа, наркотикалық заттар жатады.Патогенезі:Негізгі патогенетикалық звено, экстрапиримидті жүйедегі дофамин алмасудың бұзылуы. Дофамин бұл қозғалыс актілеріне көмекші және медиаторлы функцияны атқарады, оның негізгі түзілетін орны қара субстанция (Substantia nigra). Қара субстанция қызметі бұзылған кезде, бас ми қыртысындағы экстрапирамидалық жүйенің және corpus striatum жіберген сигналдарды жұлынның алдыңғы мүйізіне жетпейді. Сонымен қатар, сол уақытта жұлын алдыңғы мүйізіне бозғылт дене (pallidum) және қара субстанцияның ингибирлеуші импульстері келіп тұрады. Нәтижесінде жұлындағы альфа және гамма мотонейрондар циркуляциясы белсеніп, альфа белсенділігі басым бола бастайды. Бұл экстрапирамидалық ригиттілікті тудырады. Патоморфология. Паркинсон ауруында негізгі патологоанатомиялық бұзылыстар қара субстанцияда және бозғылт денешікте дегенеративті өзгерістер мен жүйке жасушаларының өлуі байқалады. Өлген жасушалар орнында глиальдік элементтер немесе бос орын қалып қояды.клиникалық көрінісі Брадикинезия, Бұлшықет ригидтілігі ,Тыныштық жағдайда ретті стереотипті тремор ,Пропульсия, ретропульсия, латеропульсия ,Ауалы жастық симптомы ,Қарсыласу феномені ,Қуыршақ жүрісі ,Бір қалыпты баяу сөйлеу , микрография ,Гипомимия Науқаста өзіндік бүгілген поза пайда олады: басы және денесі алға қарай еңкейген, қолдары шынтақ, қәріжілік-білезік және фалангалық буындарда бүгілген. Сөйлеуі ақырын, монотонды, модуляциясыз, сөздің соңында ақырындап өшіп қалады (затухание). Жүру кезінде қолды қалыпты сілтеп жүру қасиеті жоқ (ахейрокинез). Жиі пропульсия –дене қалыпын түзету үшін алға жүгіруге бейім болады. Мысалы, жастықсыз жатқан науқастың басын қолымызбен көтеріп ұстап тұрып, бірден жіберіп қалсақ, бас төсекке өте баяу түрде түседі. Мұны «ауалы жастық феномені» деп (феномен воображаемой подушки) деп атайды. Діріл (тремор) – Паркинсонизмге тән көріністердің бірі. баяу ойлау, әрекетсіздік, енжарлык құбылыстары (брадипсихия), емі: бастапқы кездерінде дофаминдік рецептор агонистері (бромокриптин, пирибедил), амантадин, моноаминоксидаза В селективті ингибиторлары (селегилин), антихолинэстераздық препараттар (циклодол) беріледі. Қазіргі уақытта леводопа препараты. Бұл препарат ОЖЖ түскеннен кейін, базальді ганглийлердің қалыпты функциясы үшін қажетті дофаминге декарбоксилденіп өз әсерін көрсетеді 13 билет. Ми бағаны: құрылысы, қызметі. Ми бағанының зақымдану симптомдары. Ми бөлімдеріне сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми , алдыңғы мидың ми сыңары Ми бағаны — жұлыннан келетін өткізгіш жолдарды жалғастыратын ми бөлігі. Оның құрамына сопақша ми , ми көпірі, ортаңғы ми, аралық мидың бөлігі жатады. Филогенетикалық тұрғыдан ми бағаны көне ми бөліктеріне жатады. Ми бағанынан 12 жұп бассүйек — ми нервтері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшық еттер мен бездермен байланыстырады. Нервтердің бір жұбы — кезкелген нерв миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады. Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. |