Главная страница

десмургия. невро шпор. Беткей (стірт) сезімталдылы жолын крсетііз. Беткей сезімталдылыты зерттеу дістері. Сезімталды


Скачать 97.96 Kb.
НазваниеБеткей (стірт) сезімталдылы жолын крсетііз. Беткей сезімталдылыты зерттеу дістері. Сезімталды
Анкордесмургия
Дата26.11.2021
Размер97.96 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланевро шпор.docx
ТипАнализ
#283290
страница5 из 6
1   2   3   4   5   6

16- билет. Көзді қозғайтын нервтерге ІІІ, ІV, VІ жұптар жатады.

III.Nervusoculomotorius қозғалтықыш нерв, аралас. Оның 5 ядросы бар.

Олар: екі ірі клеткалы соматикалық, үш ұсақ клеткалы парасимпатикалық яғни Якубович жұп ядросы, Перлеа дара ядросы.

Бұл ядролар ортаңғы мидың қақпағағында, сильви су жолының түкпірінде, 4 төмпешіктің алдыңғы жағында орналасқан.

Көз – қимыл нервісі ми аяқшасының ішкі қапталынан төмен қарай жанай өтіп, ми аяқшасы мен варолий көпірі аралығынан өтеді де каверна синусын қабырғалай көз шарасының жоғарғы саңылауына жетіп, сол арқылы бас сүйек қуысынан шығады. Нерв көз алмасының бес бұлшық етін яғни көздің жоғарғы – төменгі және ішкі түзу, төменгі қиғаш бұлшық еттер және көздің біріңғай салалы етері яғни кірпікпен қоз қарашығын қимылдататын бұлшық еттерді нервтендіреді.

IV. Nervus trochlearis шығыршық нерві, қозғалтқыш.

Оның ядросы ортаңғы мидың қақпағында төрт төмпешіктің төменгі төпешігі маңайында орналасқан. Нерв сильвий су жолын айналып өтіп, ортаңғы мидың қақпағы тұсынан мидың ішінен шығады. Мидың алдыңғы желкенінде екі жағынан айқасып, ми аяқшасының сыртымен үлкен мидың асытына түседі де алға қарай қуыстанған қойнауды sinus caemosus қабырғалай өтіп, көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы бас сүйек қуысынан шығады да көз алмасының жоғарғы қиғаш өтіп m. Obliquusті нервтендіреді.

VI. Nervus abducens әкетуші нерв, қозғалтқыш.

Ядросы варолий көпірдің қақпағында ромб тәрізді шұңқырдың түбіндегі бет нерві ілмегінің ішінде орналасқан. Варолий көпірі мен сопақша мидың пирамидасы аралығында ми бетіне келеді де қуыстанған қойнаудың алдымен көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы бас сүйек қуысынан шығып, көз алмасының сыртқы түзу бұлшық етін m. Rectus lateralis нервтендіреді.

Көз қозғайтын нервтерді тексеру және олардың зақымдану симптомдары:Тыныштық жағдайда сырқаттың бетін бақылайды. Көз саңылауының еніне, көз алмасының қалпына, қарашықтың көлемі мен формасына назар аударады.Көз алмасынын қозғалу мөлшерін анықтау үшін дәрігер тексерілушінің басын иегінен ұстап тұрады да, оған көзінің алдында 20 см қашықтықта оңға, солға, жоғары- төмен кезекпен- кезек бағытта ауысытырып соған қарауын өтінеді.Қарашық реакциясын тексеру. Дәрігер сырқаттың бетін жарыққа қаратыпотырғызады да екі көзін алақанмен жауып қойып, кезек- кезек ең әуелі бір көзді содан кейін екінші көзді ашып қарашықтық реакциясын бақылайды. Қалыпты жағдайда қарашыққа түскен жарықтың әсерінен ол тарылады – қарашықтың жарыққа тікелей реакциясы.
Көз қимыл нервінің зақымдануы. Үстіңгі қабақты көтеретін б,еттің сал болуына байланысты ол төмен түсіп кетеді де көзді жұмып қалады яғни птоз, көздің ішкі бұлшық етінің қызметті жойылғандықтан көз екі жақ сыртына және төмен қылиланады. Мұндай жағдайда көздің алдыңғы нәрсе қосарлана көрінеді диплопия. Қарашықтың тарылтатын б.еттер әлсірегендіктен қарашық кеңейеді мидриаз .

Көз алмасының үш тік бұлшық еттері күшінің бірден жойылуы оны көз аясынан бері қарай шығуына әкеледі бұны экзофтальм дейді

Шығыр нервінің зақымдалуы көз алмасының жоғарғы қисық бұлшық етінің күшін жояды. Бұл жағдай тек төмен қарағанда білінеді. Сырқат аяғынының асытына қарағанда онда қосарлана көрінеді диплегия байқалады.

Әкеткіш нерв зақымдалнуы көз алмасының сыртқы тік бұлшық етінің күшін жояды. Қызметті бұзылмаған көз алмасының ішкі тік бұлшық еті оны көз аясының ішіне қарай әкетеді яғни көздің ішке қарай қиылуы және қосарлана көрінуі.Егерде зақымдану қуыстану қойнауының маңайында немесе жоғарғы көз саңылауы тұсында болса барлық көзді қозғайтын нервтердің қызыметті бұзылады да көз алмасы қозғалмай қалады офтальмоплегия, көздің қарашығы кеңиді мидриаз, қарашықтың жарыққа, аккомодацияға әсер етпейді.

Арджиль- робертсон симптомы- көздің қарашығы аккомодация мен конвергенцияға әсер етсе де, жарыққа реакция бермеуі. Мұндай жағдайда, көздің қарашығы міндетті түрде тарылады. Бұл симптом нерв жүйесінің сифилиспен зақымданғанда тән. Сонымен қатар осы симптомға қарама қарсы симптом Қарсыласы симптом бұл кезде жарыққа әсері сақталады, аккомодация мен конвергенцияға әсері етпейді. Бұл әдетте эпидемиялық энцефалитте кездесуі тән.
Қозғалыс координациясы

МИШЫҚДененің кеңістіктегі тепе –теңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимыл -қозғалыстарын үйлестіретін, бұлшық ет тонусын реттеуші орталық жүйке жүйесінің мүшесі - мидың бір
бөлігі. Сопақша ми мен вароли көпірінде, үлкен ми жарты шардың шүйде бөлігінің астында орналасады. 150 гр. Ол мишық құрты арқылы байланысқан екі үлкен жарты шардан құралған.

Мишық 3 бөлікке бөлінеді:
1. Алдыңғы бөлік, оның өзі бірнеше бөлікшелерге бөлінеді.
- Тілшік -.орталық бөлікше - төртбұрышты бөлікше
2. Артқы бөлік -төртбұрышты бөлікшенің артқы жартысы -жоғарғы жарты ай тәрізді бөлікше - төменгі жарты ай тәрізді бөлікше -жіңішке бөлікше ( парамедианды бөлікше) - екіқұрсақтық бөлік -мишық миндалинасы
3. Клочков-түйінді бөлік

Мишық ақ және сұр заттан тұрады. Жарты шар мен құйрықтың сұр заттары беткей қабатта орналасқан, олар мишық қыртысын құрады. Ал сұр заттың жиналуы мишықтың тереңінде-ядрода орналасқан. Ақ зат –мишық денесі мишықты қалыңырақ орналасады. Мишықтың 3 аяқшасы арқылы сұр затты бас миының бағанасымен және жұлынмен байланыстырады.
Сұр зат мишықтың қыртысы мен ядросын қалыптастырады. Мишықтың сагитальды кесіндісінде ақ және сұр зат қатынасы « мишықтың өмір ағашы ( древом жизни мозжечка)» суреті көрінеді.
Мишық қыртысы құрылымыМишық қыртысы 3 қабаттан
тұрады:1. сыртқы - молекулярлы қабат 2. ортаңғы - ганглионды қабат 3. ішкі - дәнді қабат
• Мишықтың сұр заты: жұлдызша, себетше, алмұрт тәрізді және дәнді нейроцит терден құралған.
• Мишықтың ақ заты: миелинді жүйке талшықтарынан тұрады

Мишық ядросы

-Шатыр ядро (n. fastigii) – парамедиальді орналасады, вестибуллярлы аппарат қызметін реттеу.- Шар тәрізді ядро (n. globosus)-Тығын тәрізді ядро (n. emboliformis) латеральді орналасады, дене мен мойын бұлшық етін реттеуге қатысады-Тісшелі ядро (n. dentatus)-аяқ қол бұлшық етін реттеуге қатысады.
Мишық симптомдары мен синдромдары

• Интенцивті тремор – бағытталған қозғалыс кезіндегі,нуктеге жету кезінде күшейетін шеткі мүшенің дірілі.• Нистагм (көз алмаларының треморы)
• Мишықтық дизартрия (баяу, скандирленген сөйлеу)• Гиперметрия – қозғалыстың шексіздігі
• Мегалография – жазудың өзгеруі, онда әріптер тым үлкен және біркелкі болмайды.
• Асинергиябіркелкі(содружественный)қозғалыстардың бұзылуы.
• Жүріс шайқалуы - анық емес,аяқтары алшақ қойылатын жүріс, шайқалып жүру зақымданған
аймақта анық
• Бұлшықет гипотензиясы - бұлшықет тонусының төмендеуі, атонияға дейін. Бұл буындардағы пассивті қозғалыстардың артық болуымен көрінеді. Ең көп байқалатын мишық құрттың зақымдануы жағдайында, сіңірлік рефлекстерін азайуы немесе жоғалуы.
• Бас айналу
-Атаксия-тепе-теңдік бұзылысы.Қозғалыстар белгісіз сипатқа ие, олар бірбірінен шамадан тыс сілкіністерге ұшырайды. Пациент тұра алмайды.Мас адам жүрісі.
• Дизартрия-жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете
алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы

-Фрагменттелген сөздер

-Адиадохокинез-науқас симметриялы түрде қимыл- қозғалысты тезжасай алмайды(суппинация, пронация)

-Бабинский –асинергиясы- науқас шалқасынан жатып, қолын кеудесіне ақастырып , орнынан көтерілуі, мишық зақымдалуында екі аяғын талтайтып жоғары көтеруі
 Мишық бұзылысын зерттеу әдістері.
-Мұрын саусақ пробасы (саусақты дәл тигізбеуі)
-Табан тізе пробасы
-Нұсқаушы проба (интенционный тремор)
-Нистагм анықтау-балғашықты жоғары,төмен,оң-солға
-Пронаторлы проба Тома – науқас көзін жұмады,алақанын жоғары қаратып ,кейін төмен қаратқан кезеде 1тқолы қалып кетеді- (гиперметрия, адиадохокинез)
-Проба Шильдер – көз жұмулы күйде екі қолды көтеріп, басын бұру
-Стюарта-Холмс симптомы – симптомының болмауы "обратного толчка".
-Асинергия пробасы: Бабинский-қолдың көмегінсіз науқас арқамен жатқан қалыптан отыра алмайды.
-Жүру пробасы-науқас алға, артқа жанға жүре алмауы, аяқтарын кең ашуы
-Ромберг -позасында тұрақты емес, теңселіп, құлап қалуы.


17-билет1.Вестибулокохлеарлы және қосымша нервтері құрылымы,қызметі,зақымдану симптомдары.Зерттеу әдістері

Кіреберіс-ұлулық н-n.vestibulochlearis2. Бөліктен тұрады:1)жоғарғы-кіреберіс-pars vestibularis;2) төменгі-ұлулық-pars cochlearis.Pars cochlearis:1-нейрон:кортикалды денелердегі спиральды түйінде(түйін спиральды каналда орналасқан)басталады,одан аксондар вестибулярлы бөлік аксондарымен қосылып кіреберіс-ұлулық жүйкені құрайды.Нерв ішкі есту жолы арқылы ромб тәрізді шұңқырға барады.Шұңқырдан латералды аймағында area vestibularis-тегі ядроға(n.vestibularis superiore et inferiore) барады-бұл жерде 2-нейрон.Екі ядродан шыққан талшықтар жартылай қиылысып,көпірдегі трапеция тәрізді дене талшықтарына барып оны айналып өтеді.5-жұп нервпен қосылып, латералды петля құрайды.Ортаңғы мида қыртыс асты центрге(4-холмяның астыңғы 2 төмпешік)барады.3-нейрон:таламус,одан ми қыртысындағы Гешль орталығында аяқталады.

Зерттеу әдіс:Сұрақ қою арқылы анықтау.Аудиометрия,туындаған акустикалық тіркеу)Симптом:Гипокузия немесе Анакузия-есту аппаратының,жүйкенің ұлулық бөлігінің зақымдануынан естудің төмендеуі не жоғалту.Тітіркену

Pars vestibularis :1-нейрон: ішкі есту жолы түбіндегі кіреберіс түйінінде,талшықтар ромб т.шұңқырға барады.2-нейрон:вестибулярлы ядрода,олан шыққан талшықтар таламусқа,кейін экстрапирамидалық жүйеге барады.Самай қыртысы нда аяқталады.Вестибулярлы ядролар: латералды-Дейтерс,медиалды-Швальбе,жоғарғы-Бехтерев,төменгі-Роллер.Швальбе мен Бехтерев вестибулярлы аппарат пен мишықты байланыстырады.Бехтерев,Швальбе,Роллер ядролары вестибулярлы анализатор және назардың иннервация жүйесін байланыстырады.Зерттеу әдіс:Бас айналу бар жоғын анықтау.Нистагм анықтау.Симптом:зақымдану-бас айналу,нистагм(горизонталды,ротаторлы,вертикалды),координация бұзылысы.

Қосымша нерв-n.accessorius

Аралас нерв,кезбемен жұлындық бөлімді байланыстырады.Қозғалтқыш жол 2 нейроннан тұрады:орталық жәге шеткі.

Орталық нейрон:прецентралды иірімде орналасқан,ол ішкі капсуладан көпірге,сопақша миға және аз бөлігі кезбе нервтің қозғалыстық нейронның каудалды бөліміне барады.Көп бөлігі жұлынның(мойын б)алдыңғы мүйізінде аяқталады.

Шеткі нейрон:жұлындық және кезбелік бөлімдерден тұрады.

Жұлындық бөлік талшықтары мойынның 1-5сегменттері деңгейінде алдыңғы мүйіз жасушаларынан шығып,кезбе жүйкенің қосалқы ядросының каудалды бөлігінің түбіршіктерімен қосылып,бас сүйек қуысына өтіп,жалпы бағанға қосылады.Саңылау арқылы шыққаннан кейін қосымша жүйке 2 тармаққа бөлінеді:кезбе жүйке бағанына,сосын төменгі көмейлік жүйкеге өтетін ішкі және кеуде-бұғана-емізік тәрізді,трапеция тәрізді б-еттепді иннервациялайды.

Зерттеу әдіс:иннервациялайтын бұлшық еттерді басып,саусақпен басып,бұлшық ет парезін анықтау.

Симптом:Бір жақты зақымданғанда бас зақымданған жаққа ығысады(спастикалық қисық мойын).Екі жақты з-бас артқа иілген,басын оңға,солға бұра алмайды.

Бұлшық ет атрофиясы,тоникалық тырысу.

2.Ішкі аурулар кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдануы

Жүрек-қан тамыр жүйесі:

-жүрек ритмінің бұзылысы(артимия) инсультке әкеледі;

-ми қан тамырлары атеросклерозыол дисциркуляторлы энцефалопатияға,инсультке әкеледі;

-артерильды гипертензия.

Асқорыту жүйесі:

-циррозы бар науқаста бауырлық энцефалопатия болады,тән симптомдар:есте сақтау бұзылысы,эмоционалды бұзылыс,ақыл-ес бұзылысы;

-созылмалы бауыр аурулары бар науқастарда созылмалы гепатоцеребральды дегенерация дамиды.:есте сақтау,психикалық ауытқу,агрессия,психоз,тремор,координация бұзылысы;перифериялық нерв зақымдалса қолдың жүйкелері зақымдалады,қолдың ұюы,әлсіздік;

-АІЖ созылмалы ауруларында бел-сегізкөз аймағында ауырсыну,перифериялық нерв зақымдалғанда аяқтың ұюы,салқындауы,ауырсыну.

Бүйрек:

-созылмалы пиелонефрит,гломерулонефрит,бүйрек тас ауруында,поликистозда аяқтың перифериялық нервтерінің зақымдануы болады:ауырсыну,әлсіздік,аяқтың ұюы,жүргенде координация бұзылысы;

-бүйрек жеткіліксіздігінде бүйректік немесе уремиялық энцефалопатия.

Қант диабеті:

-перифериялық нерв ж зақымдалады.Ұю,ауырсыну,әлсіздік алдымен аяқта,кейін қолда;тері ауыруы,тунде күшейеді,нәтижесінде ұйқы бұзылады;

-кейде бас нервтері зақымдалады- көз аймағында жедел,интенсивті ауырсыну,көз қозғалысының шектелуі,қарашықтың үлкеюі;

-бет нервтерінің зақымдануы-мимикалық бұлшық еттердің гипотониясы,шайнау бұзылады.

18 билет. ХІІ жұп – Тіласты нерві (XII)-n.hypoglossus

Таза қимылдатқыш нерв. Оның орталық неврондары клеткалары алдыңғы орталық ирелеңінің төменгі жағында, аксондары мен қыртысы – ядро жолымен tractus cortico-nuclearis төмен түседі де сопақша мидағы тіласты нерв ядроларынан жоғарырақ тегіс айқасады. Тіл асты нервінің ядролары сопақша ми қақпағындағы ромбы тәрізді шұңқыр түбінің ортасына таяу орналасқан.Бұл ядроларда сыртқы неврон клеткалары бар, олардың аксондары тіласты нервін құрастырады. Нерв бірнеше түбіршіктермен төмеңгі олива мен пирамида арасындағы сала арқылы сопаұша мидың табанына шығады. Нерв бас сүйек қуысынданан қара құс сүйегінің буын өсіндісі түбіндегі тіласты өзегі арқылы өтеді. Тіласты нерві тіл бұлшық еттерінің нервтендіреді. Тіл ауыз қуысындағы тамақты алмастырады, сөздің дыбыс ырғағын ретейді.

Тіласты нервінің қызметі төменде келтірілген әрекеттер арқылы тексеріледі.

1.Сырқатқа тілін көретуді өтінеміз. Дәрігер оның тілінің қалай жатқанына тіл ауызының ортасында жатырма, әлде бәр жағына ауытқығанба, қалындығын солып семіп қалған жопа екенін бұлышықет талшықтары жыбырлауы ьар-жоғы анықталады.

2.Сырқатқа жаңылтпаш немесе қиын сөздерді айтқызу арқылы оының дыбыс шығарып сөйлеу мүмкіндігін айқыдап тексеру.

Тіласты нервінің зақымдалулары:

-Тіл нервінің немесе ми бағанындағы ядросы зақымданған жақа сәйкес тілдің бөлігі солып, әлсіреп немесе қимылдамай қалады глоссоплегия, тілдің ауызынан шығармақ болсада ол әлсіреген жағына қисаяды.

-Егерде ядро зақымланса мұнымен қоса тіл бұлшықеттерінің талшықтары жыбырлап дірілдейді, сөйлеу қабілетті қиындайды Дизартрия.

-Тіл асты нервінің орталық невроны зақымдалса, тілдің зақымдалған жаққа қарсы бөлігі қозғалмайды глосоплегия, тілді ауыздан шығармақшы болғанда зақымданған жаққа қарама қарсы қисаяды, тіл солмайды, сөз бұзылмайды.

-Тіласты нерві ядролары екі жағынан зақымдалса, тіл қозғалмай қалады глоссопоегия, сөйлеу мүмкіндігі жойылады анартрия.

2.Бас ми ісігі. Клиника, диагностика, емі

Бас ми ісігі- ми тініне, тін аралық кеңістікке шектен тыс сұйықтықтың жиналуынан, ми көлемінің үлкеюімен сипатталатын патологиялық жағдай. Нәтижесінде бас ішілік гипертензия дамиды. Бас ми ісінуі өз алдына жеке ауру емес көбіне екіншілік басқа аурулар фонында дамиды.Себептері

Бас ми қанайналымының ишемиялық және геморрагиялық типте бұзылысы

Бас ми жарақаты,Мидың ісікті аурулары,абсцесстер

Бас ми тінінің әртүрлі операциялары,Инфекциялық аурулардан(менингит,энцефалит,токсоплазмоз т.б.)

Улану(көмірқышқыл газбен, алькоголмен,дәрілі препараттармен)

Бас ми ісінуінің патогенетикалық негізі

-Вазогенді бас ми ісінуі

-Интерстициалды бас ми ісінуі

-Цитотоксикалық бас ми ісінуі

-Осмотикалық бас ми ісінуі

Вазогендік ісіну мидың капиллярларындағы қысымның  жоғарылауына, олардағы эндотелий саңылауларының кеңеюіне негізделген. Бұл ми тініндегі перфузиялық қысымды арттырады, ГЭБ өткізгіштігін арттырады, плазманың коллоидты компоненттерінің жасушадан тыс сұйықтыққа шығуы орын алады, бұл су  жасушааралық кеңістігінде сүзуді күшейтуге ықпал етеді, ол мидың ақ затында жиналады. Вазогендік ісіну цереброваскулярлық жедел бұзылулар, энцефалит, жетілмеген глиальды ісік кезінде дамиды.

Мидың интерстициальды ісінуі, жасушааралық ісінудің бір түрі болып табылады, бұл ең алдымен ликвороциркуляцияның бұзылуымен байланысты, әсіресе окклюзиялық гидроцефалияда байқалады. Бұл жағдайда сұйықтық мидың қарыншалары арқылы эпендим жасушаларының қабаты (эпендимоциттер) мидың ақ затының паравентрикулярлық құрылымына енеді.

Мидың цитотоксикалық ісінуі миды зақымдайтын экзогендік және эндогендік факторларға және ондағы метаболикалық процестердің бұзылуына байланысты. Ол натрий-калий насосына тәуелді ми клеткасы мембранасының осморегуляциялық бұзылуынан дамиды. Көбіне бас миының сұр затында орналасады.

Осмотикалық ісіну ми тінінің жасушааралығындағы қан плазмасы мен сұйықтық арасындағы осмотикалық градиенттің патологиялық өзгерістері нәтижесінде дамиды. 

Клиникасы: клиникалық көрініс жалпы ми және жергілікті белгілерден тұрады.

Мидың жалпы ми белгілері бас сүйек ішілік қысымның жоғарылауымен байланысты: бас ауруы, құсу, көз нервтерінің дискілерінің зақымдалуы және т.б. 

Ісіктің гистологиялық құрылымына және оның орналасуына байланысты жалпы ми мен ошақты белгілердің даму жылдамдығы әр түрлі болады. Көбінесе клиникалық көрініс көптеген айлар, кейде жылдар бойына қалыптасады. Ошақты белгілер ісіктің орналасуына байланысты

Диагностика КТ және МРТ - да мидың ісіну тіндері төмен тығыздықпен сипатталады..Ісінген миды макроскопиялық тексеру кезінде оның көлемі мен ылғалдылығының жоғарылауы, сұр және ақ зат арасындағы шекаралардың бөлінуі назар аударады.

Гистологиялық зерттеу жасушааралық және тамырлы жарықтардың кеңеюін, капиллярлық эндотелийдің өзгеруінмиелин қабығының құрылымының бұзылуын анықтауға мүмкіндік береді.
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта