Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 Дәріс. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің негізгі мәселелері

  • 2 Дәріс.Тарихтың даму аясындағы ғылым. Көне дәуір кезеңі.

  • Лекция. ГЫЛЫМ ТАРИХЫ Документ Microsoft Word. Бгінгі тадаы елімізді ылым мен білімге басымдылы беру саясатына орай, оны тереірек игеру жне зияткерлік дегейді ктеру стыны білім беру дерісінен бастау алады


    Скачать 161.3 Kb.
    НазваниеБгінгі тадаы елімізді ылым мен білімге басымдылы беру саясатына орай, оны тереірек игеру жне зияткерлік дегейді ктеру стыны білім беру дерісінен бастау алады
    АнкорЛекция
    Дата30.11.2022
    Размер161.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГЫЛЫМ ТАРИХЫ Документ Microsoft Word.docx
    ТипДокументы
    #821867
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7


    Кіріспе
    Бүгінгі таңдағы еліміздің ғылым мен білімге басымдылық беру саясатына орай, оны тереңірек игеру және зияткерлік деңгейді көтеру ұстыны білім беру үдерісінен бастау алады. Жоғары оқу орындарында кәсіби философия мамандығы емес магистранттар үшін міндеттелген оқу пәндерінің бірі – ғылым тарихы мен философиясы болатын. Кей тұстарда бұл пәнді оқып үйрену магистранттарға біршама қиындық тудырады. Оның бірнеше өзіндік объективті, субъективті себептері де бар. Бұл көп жағдайда қазақ топтары үшін ана тіліміздегі оқулықтардың жетіспеуінен, осының салдарынан тәлім алушы көптеген терминдер мен түсініктерді ұғынуға мүмкіндігі төмендейді.

    Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғылым мен технология тілін мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру мәселесі жолға қойылып отыр. Дегенмен, осы тұста да әлі кемшін жақтар бар. Қазақ тілінде жазылған, аударылған ғылым тарихы мен философиясы бойынша жазылған туындылар мен оқулықтар қатары көбейіп келеді, бірақ баламалы оқулықтар түрін көбейту, оны жаңа оқыту технологиясы бойынша жазу, еуропаорталықтық көзқарастардан арылу сияқты өзекті мәселелер әлі де қазақ тіліндегі бұл пәннен оқулықтар қатарын көбейту мәселесіне келіп тіреледі.

    Бұл оқу құралы осындай заманауи талаптар мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Кейбір ғылымдарды оқытудың арнайы әдістемесі жетілген, ал кейбірінде бұл сала дамымай қалған. Оқыту әдістемесі жетілмей қалған ілімдердің бірі осы ғылым тарихы мен философиясы пәні. Сондықтан осыған келешекте баса назар аудару қажеттілігі туындайды.

    Бұл оқу құралында дәстүрлі бағдарлама бойынша ғылым тарихы мен теориясының келелі түйткілдері ұсынылды. Жаңа оқыту технологиясының қағидалары барынша ескерілді. Оқу құралының мазмұнын толықтыру мен баяндау сәтінде қазіргі қазақстандық беделді ғалымдардың төлтума еңбектері мен оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулары басшылыққа алынды, олардың ұтымды пікірлері пайдаланылды, бірақ бұл оқу құралы болғандықтан сілтемелер алуды қажет деп таппадық. Бұнда студенттердің ғылыми ойлау дағдысын қалыптастыру, шығармашылық үдерісін жандандыру мен жетілдіру, ғылыми таным аппараттарымен қаруландыру, логикалық операцияларды игеру сияқты үрдістер барынша толығырақ қамтылды. Соңында бақылауға артналған сұрақтар мен тесттер берілді.

    Себебі, ғылым тарихы мен философиясыпәнін оқыту өзіндік күрделі мәселелер ауқымын қамтиды. Ғылым философиясының көптүрлі көзқарастар аясында өрбитіндігі, идеялардың түбегейлі жоққа шығарылмайтындығы, абсолюттіліктің таза абсолюттілікке тек қана бағдарланып келе жатырғандығы, канондалған «дұрыс» пен «теріс» өлшемдерінен барынша тыс бола алатындығы т.б. оқу бағдарламасындағы әрбір тақырыпты түсіндіруді тереңірек зерделеуді қажет етеді. Осыған орай, кей тұстарда авторлардың өзіндік көзқарастары да ішінара енгізілді, бірақ ол сендіру мақсатында емес, талқылау мен студенттің өз ойын дамыту мақсатында қолданылды.

    Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі және болашақтағы руханияттық деңгейге ұмтылыс пен таным парадигмаларының руханилық дәрежесінің артуы, адамның өзін жан-жақты интеллектуальдік тұрғыдан жетілдірудің заманында ғылым логикасы мәдени кеңістікте айрықша орын алатын сала. Ол өз кезегінде магистранттардың ғылыми ойлау машығын жетілдіріп, ғылыми жұмыстар жазуға септігін тигізетін, оның әдіснамасын үрететін бірден-бір қажетті пән болғандықтан, біз ғылым тарихынан гөрі, ғылым әдіснамасына, ғылым логикасына, зерттеудің логикасына баса мән бердік. Ендеше, ғылымның бастапқы негіздерін оқып үйрену заман талабынан, жастардың білім аймағының кеңдігін толықтырудың сұранысынан, руханилық аясында өзін еркін сезіну және үнемі жетілу бағдарларын қамтамасыз етуден, барлық білімдердің түпкілікті негіздерін, жалпы әдіснамасын бағдарлай алу қажеттіліген туындайды.

    1 Дәріс. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің негізгі мәселелері


    1. Ғылым және оның мәні туралы мәселелер

    2. Ғылыми таным, ғылым әдіснамасы мен логикасы

    3. Ғылым әдіснамасы мәселесі ғылым философиясының саласы ретінде


    Ғылым философиясы мен тарихы пәнінің зерттеу обьектісі мен пәнін анықтап алу үшін, алдымен ғылым түсінігін, одан соң ғылым философиясы, ғылым логикасы, ғылым әдіснамасы т.б. ұғымдарды анықтап алу қажет. Сондықтан, ғылым туралы бастапқы мағлұматтарды қысқаша атап өту керек. Ғылым туралы анықтамалар көп. Соның қарапайым түрі, ғылым – шындық (қоршаған әлем) туралы білімдерді жүйелейтін және өңдейтін қызм атқаратын адам қызметінің белгілі бір аймағы. Ғылымның негізгі міндеттері ғылым ашқан заңдылықтар негізінде шындық құбылыстарын түсіндіру, суреттеу және алдын-ала болжау.

    Ғылым жүйесі шартты түрде: жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық болып бөлінеді. Ғылымды тәжірибеге қатыстылығы бойынша да іргелі (фундаментальді) және қолданбалы деп те бөледі. Іргелі ғылымдар шындық құбылыстарының арасындағы заңды қатынастарды танумен айналысады, қолданбалы зерттеулердің негізгі мақсаты іргелі ғылымдар ашқан жаңалықтарды әлеуметтік, өндірістік, техникалы салалардағы мәселелерді шешу үшін қолдану болыр табылады.

    Ғылым туралы айтылғанда, біріншіден, ол – жаңа білімдерді алу қызметі, екіншіден, ғылыми-зерттеу қызметі ақылы алынған білімдер, үшіншіден, білімдерді өңдеумен шұғылданатын әлеуметтік институт.

    1) егер күнделікті тұрмыста білім тек практикалық мақсаттарға жетудің құралы болса, ғылыми білімде сол білімдерді алу негізгі мақсат болып табылады. Ғылыми қызметке арнайы жабдықтар (құралдар, лабараториялар), ғылыми зерттеудің әдістері, кең ақпараттарды өңдеу мен игеру (кітапхана, мәліметтер базасы) аса қажет.

    2) Ғылыми білімдердің жиынтығы ұғымдық формада көрінеді, оның эмпирикалық және теориялық негізделуін қажет етеді, сынауға қол жетімді болуы да маңызды, шындық пен ақиқатқа бағдарланған болуы тиіс, қайшылықсыз және жүйелі байланыстарға ұмтылуы керек.

    3) Әлеуметтік институт ретінде ғылыми қоғамдастықтарды, мекемелерді, кезекті ғылыми басылымдарды, ғылыми конференция, пікірталас сияқты ғылымға қатысты әлеуметтік қатынас мәселелерін қамтамасыз ету басты мәселе.

    Таным қателіксіз, сыни болуы үшін ғылыми танымда рефлексия қолданылады. Рефлексия таным кезіндегі өзінің қызметтерін, танымын, ойлау жүйесін бақылап отыру. Сондықтан ол әрбір таным әрекеті мен нәтижесіне, қағидаларына сыни көзбен қарайды. Ғылыми танымдағы Рефлексияның формалары Таным теориясы, әдіснамасы, ғылым логикасы т.б.

    Таным теориясы ғылыми білімнің шындыққа қатынасын зерттейді, оның табиғаты мен мүмкіндіктерін қарастырады.

    Ғылыми таным әдіснамасы – ғылыми-танымдық әрекеттің тәсілдері мен формалары, құрылу қағидалары туралы ілім. Ғылым әдіснамасының мақсаты ғылыми зерттеу кезеңдерін суреттеу мен талдау, ғылым тілін сараптау, жеке тәсілдер мен әдістердің қолданылу аймағын анықтау, зеттеу қағидаларын, тұрғыларды, тұжырымдамаларды талдау.

    Ғылым логикасы – ғылыми білім жүйесін талдау үшін қазіргі логиканың техникалық құрылғыларын, ұғымдарын қолданатын пән. Ол ХХ ғасырдың басынданеопозитивистер арқылы пайда болған ілім. Ғылым логикасы термині сондай-ақ, ғылым дамуының заңдарын белгілеу үшін де қолданылады, ол ғылым дамуының логикасы деген сөз.

    Сонымен қатар ғылыми зерттеулердің ережесі мен процедуралары білдіреді, зерттеу логикасы деенге келіп саяды.

    Сондай-ақ ғылыми жаңалықтарды ашудың әдіснамалық, логикалық алғышарттары туралы ілім (ғылыми жаңалық ашу логикасы)

    Ғылым философиясы біріншіден, ғылыми-танымдық қызметтіі сипатын зерттейтін философиялық бағыт, екіншіден, ол білім жүйесін дамушы жүйе ретінде, адам қызметінің елеулі арнасы ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі.

    Осыдан әр түрлі көзқарастар қалыптасқан:

    — ғылым әдісі мен нәтижесіне сүйенетін философия (Р. Карнап, М. Бунге, А. Уайтхед);

    — гуманитарлық білім мен ғылым арасындағы дәнекер (Ф. Франк, М. Вартовский);

    — ғылымды әдіснамалық тұғыдан талдау (Г. Р. Харре, М. Б. Хессе, И. Лакатос, Л. Лаудан);

    — ғылымдағы идеологиялық спекуляция, қоғам мен ғылымға зиянды нәрсе (П. Фейерабенд);

    — ғылыми қызмет пен ғылым ойлаудың алғышарттарын көрсету

    — ғылыми танымның басқа таымдардан айырмашылығын көрсетіп беретін метағылыми әдіснама;

    — ғылымтануға синоним, ғылымның әдіснамасын, таихын, социолоиясын біріктіретін пән.

    Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір тарауы ретінде пайда болса, ал философиялық бағыт ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде қалыптасқан еді: О. Конт, Г. Спенсер т.б.

    Ғылым философиясының дамуы мынадай кезеңдерді бастан өткерді:

    1)  (XIX ғ екінші жартысы.) тәжірибелік танымның логикалық құрылымдарына назар аударды, зерттеудің психологиялық сипатына қарай көңіл бөлді.

    2)  (XX ғ басы.) ғылымның мазмұндық негіздері басты орынған шығарылды; детерминизм, тұрақты және өзгермелі заңдылықтардың арақатынасын, кеңістік пен уақытты зерттеу, ғылыми білімнің бірлігі және әлем бейнесінің бүтіндік құрылымы жолға қойылды. Демаркация, ғылым мен метафизиканың бөлінуі, математика мен жаратылыстанудың айырмашылығы, әлеуметтік-гуманитарлық пен табиғи жаратылыстану ілімдерінің ара байланысы талқыланды.

    3) (XX ғасыр ортасы.), ғылым тілін зеттеу (Венский үйірмесі, Берлин тобы — М. Шлик, Р. Карнап, Х. Рейхенбах). Неопозитивистік философия верификация, фальсификация мәселелерімен шұғылданды.

    4) ХХ ғасырдың 60 жылдарында постпозитивистік кезең болды.Әдіснамалық тұжырымдардың көп түрлілігі, өзара сын, қатаң логикалық ж.йелерден бас тарту т.б. мәселелер жолға қойылды (Т. Кун, К. Поппер, С. Тулмин, И. Лакатос, Дж. Агасси, П. Фейерабенд).

    Ғылым әдіснамасы жалпы философиялық мәселе болып табылады. Сондықтан да, ғылым әдіснамасының өзі философтардың жалпы қортындылар мен тұжырымдар шығаруы арқылы қалыптасқан болатын. Ол кейде, әрине, жаратылыстану ғылымдары арқылы да туындап шығуы ықтимал болғанмен, философия оларды жүйелеп, өзіндік әдіснама ретінде жалпылап, оны қоғмдық ғылымдар мен жаратылыстыну ғылымдарында қалай қолдану керектігіне де жүйелеп береді.

    Мысалы, жаңа заман ғылымның қалыптасуындағы Ньютонның әдістемелік идеяларының маңызы зор болды. Ол кейінгі жаратылыстанудың негізін қалады. Галилейдің ойларын дамыта отырып нақтыландыра келе, Ньютон физикалық денелердің, объектілердің математикалық бейнесін жаратылысты зерттеудің қажетті бөлігі ретінде қолданды. Математикалық жоба берілген тәжірибелер мен байқауларды тексеруің және интерпретациялаудың құралына айналды. Бұндай әдіснаманы ұсынған И.Ньютон, Г. Галиллей сынды ғалымдардың философиямен шұғылданғандығы да белгілі.

    Егер де, философияның болжалдық, танымдық, рационалды жүйелеу, сыни, гуманистік-тәрбиелік, практикалық қызметтерімен қатар әдіснамалық қызметі бар екендігін ескерсек, бұл пән таза философиялық және танымдық салада өзіндік орны бар ілім болып табылады.

    Әдіснамалық қызметі ғылым философиясы саласына сәйкес, барлық ғылымдарға жолбасшылық жасап, жалпы бағдарларды, зерттеу әдістері мен әдіснамаларын жинақтап бере алады және ол ғылымдар осы бағдарлардан айнымай өзіндік зерттеу бағыттарын тиянақтайды. Мәселен, герменевтика, феноменология, структурализм сынды философиялық бағыттар қазіргі таңда көптеген ғылымдардың жалпы зерттеу әдіснамаларын құрайды.
    2 Дәріс.Тарихтың даму аясындағы ғылым. Көне дәуір кезеңі.
    1.Ғылымның бастауы. Ғылым және өркениетті даму типтері

    2.Ежелгі Мессопатамиядағы ғылым дамуы

    3. Көне Мысырдағы дін және ғылым

    4.Антика дәуіріндегі ғылым бастаулары

    1.Ғылым дамуын тарихи кезеңдерсіз қарастыру мүмкін емес болғандықтан, 19 ғасырдың екінші жартысында арнайы ғылым тарихы ілімі қалыптасты. Ғылымның түпбастауының кезеңін анықтау да жалпы алғанда қиындық туғызатын мәселе болғандықтан, ол туралы мынадай әр түрлі көзқарастар қалыптасқан: ғылым адамзаттың пайда болуымен бірге, еңбек құралдарын қолданып, табиғатқа үстемдік жүргізе бастағаннан-ақ қалыптасты; 2500 жылдай бұрын Грек философиясы кезеңінде пайда болған; 400 жылдай бұрын жаратылыстану білімдерінің пайда болуынан, екі ғасыр бұрын позитивті ойлау машығының ықпалымен пайда болған.

    Екіншіден, ғылым дегенді анықтаудың өзі қиындықтар туғызады, ғылыми мен ғылыми еместі ажыратудың өзі қиындықтар туғызады, ғалымдар тарихи дамудың барысында да ғылымды анықтауда әр түрлі шешімдерге келіп отырған. Сондықтан да оның шығу тегін анықтау қиынға түседі. Сонымен қатар ғылым әр мәдениетте де әр түрлі қарастырылады. Мысалы, физиканың өзі әр түрлі деп айтуға болады. Антикалық мәдениетте физика денелердің тұрақтылығы, арабтарда алхимиялық, жаңа еуропада шексіз кеңістіктердің динамикасы.

    Протоғылым қазіргі ғылым талаптарына толықтай жауап бере алмайтын, әйтсе де, олармен туыстас болып келетін ғылыми түсініктер болып табылады. Мысалы: Шумер, Көне Египет, Үнді, Қытай т.б. Бұндай түпбастау жөнінде Дж. Бернар былай деп тұжырымдайды: «Ғылымның басты ағымы алғашқы қауым адамының пратикалық техникалық тәсілдерінен туындайды. Біздің механикаландыру мен мен ғылымға негізделген барлық күрделі өркениет байырғы өткен дәуірдегі әлеуметтік институттар мен материалдық мәдениеттен өркендеп шыққан, басқаша тілмен айтқанда, біздің ата-бабаларымыздың қолөнері мен дәстүрлерінен».

    Математикаға, механикаға, медицинаға, астрономияға негізделген білімдер көне өркениеттерде қолданбалы сипатта болды. Гидротехникалар салуға, жалбарыну құрылыстарын, сарайлар, соғыс құралдарын тұрғызуға, күнтізбелер шығаруға, болашақты болжау мен емдеуге қызмет етті. Бірақ олар кей жағдайларда құпия ілімдер ретінде сақталды, қоғамдағы жоғары касталар немесе ата-аналары арқылы ұрпақтарға берілді. Мәселен, көне Үндіде сыртқы әлем алдамшы, негізгі адамның мақсаты тәндік ұмтылыстардан азат болу, сыртқы әлемді тану онша маңызды бола қоймады. Ежелгі Гректер кейбір ғылыми білімдерді шығыстан алды. Мәселен, Үшбұрыштардың бұрыштарының қатынасы туралы заң Пифагор негіздеген деп жеткізілгенмен, оны көне Мысыр, Үнді, Қытай елдері білген. Б.э.б 15 ғасырларда жазылған вайшешика ілімінде дүниенің атомдардан құралғандығы, няя ілімінде логиканың жалпы жобасы жасалған. Б.э.б 4-3 ғасырларды оны Демокрит, Аристотельдер ашқан болып саналып кеткен.

    Бірақ гректер ғылыми танымға өзіндік бір ерекше үлес қосты: теория жеке тұжырымдардың жиынтығы емес, бір-бірімен логикалық тұрғыдан байланысқан жағдайлар екендігін, ол жалпы тәжірибе мен интуитивтік жобалаулардан ерекшеленетіндігін. Осыдан антикалық ғылым бойынша, дәлелдену, теориялық болу, каузальді-логикалық ойлау білім үшін маңызды деп есептелді. Сөйлеудің аргументті, негізделген, дәлелдемелері талаптары қалыптасты. Мысалы, шешендік өнер басты иделдардың бірі болған.

    Ғылымның да философияның да, алдымен, Месопотамия жерінде одан, ежелгі Мысыр одан кіші Азия арқылы Ежелгі гректерге өткені белгілі. Батыстық ойшылдар да ғылымның алдымен шығыста қалыптасқанын мойындауда. Гректер философияны ежелгі Мысырлықтардан алды. Бұл қауымдар мекендеген елдер Жерорта теңіз жағалауы, Месопотамия, Мысыр және Араб жерлері болып табылады. Апологеттердің пікірінше, әрбір пайғамбар міндетті түрде бір муғжизамен келген. Олар тек қана діни жол бастаушы емес, өз қауымын дүниелік тығырықтан алып шығатын көшбасшы да болып келген. Олардың әкелген муғжизалары белгілі бір ғылыми саланың қалыптасуына түрткі болған. Мысалы, Муса пайғамбардың асасы жерден су шығару техникасының қалыптасуына жол сілтеген. Юсуф сағатты ойлап табуы уақытты есептеуге және сағаттың шығуына негіз болған. Иса пайғамбардың дәрігерлік саладағы муғжизалары медицина ғылымының дамуына түрткі болған. Даут пайғамбардың муғжизасы темірді балқыту техникасына негіз болған.

    Тарихшылар да алғашқы мәдениеттің Тигр, Ефрат және Ніл секілді ірі өзендер жағалауында қалыптасқанын айтуда. Ежелгі мәдениеттерде ғылым, дін және сиқыр өзара тығыз байланыста болған.

    Ежелгі мәдениеттерде ең көп дамыған ғылым салалары Астрономия, математика және медицина болған. Бұл салалардың адам өмірімен тікелей қажеттілігіне назар аударатын болсақ олардың практикалық мәнін де түсінуге болады. Өйткені құрылыс пен сауда саттық математиканың, аспан денелерінің қозғалыстарының астрологияда қолданылуы және медицинаның адам өмірімен тікелей байланыста болуы бұл ғылым салаларын да қалыптастырды.

    2.Ежелгі Месопотамияда ғылым және дін.Б.з.д. 3000 ж. Тигр және Ефрат өзендерінің арасында өмір сүрген Шумерліктер мәдениетіндегі ғылым және дін арақатынасының алғашқы формасын көруге болады. Шумерліктердің діндері политеистік сенім басым болған. Олардың Құдайлары адамдар секілді жеп ішетін, үйленетін болған. Олардың діни сенім жүйесінде ахыреттік сенім, жын-шайтан, жаман рухтар секілді сенімдер де кездеседі. Шумерліктердің көзқарасы бойынша адам мен Құдай арасындағы шекараны асып түсу мүмкін емес. Сондықтан да Шумерліктердің билеушілері перғауындар секілді Тәңірлік идеясын көтермеген.

    Шумерліктер есеп, геометрия және медицина ғылымын дамытқан. Сол уақыттың өзінде –ақ ай мен күннің және сол уақытта белгілі болған бес планетаның қозғалысын зерттеп, есептеген. Күн мен айдын тұтылуын алдын ала есептейтін болған.

    Өнімді орып оны жинау және тарқату мәселесі сандық есептеу мен жазу жүйесінің қалыптасуына негіз болды. Шумерліктер б.з.д. 2500 ж. дейін көбейту кестесін, Квадрат метр мен куба метрді де қолданатын болған. Шумерліктер география мен карта ғылымын да қалыптастырды. Олар дүниені мұхит пен қоршалған шеңбер тәріздес деп білген.

    Шумерліктерден кейінгі Вавилон мәдениетінде математика мен астрономия ғылымы терең дамыды. Ежелгі гректерге негізделген математика жаңалықтарының көбі Вавилондықтардан қалған, Вавилондықтардың ғылымын гректер мирас етіп алғаны белгілі болуда. Шеңбердің 360 градусқа, 1 сағаттың 60 минутқа, 1 минуттың 60 секунтқа бөлінетінің Вавилондықтар тапқан. Олар жылдың уақытын 4,5 минут қана қателікпен есептеп шығарған.

    3.Көне Мысырда дін және ғылым.Көне Мысыр дүние жүзінің ең тұңғыш мемлекетінің бірі болып саналады. Бұл мемлекеттің діні мен ғылымының әлемдік мәдениетте алатын орны өте ерекше. Мысыр билеушілері Перғауындар өздерін Құдай «Ра» ның ұлы деп санады.

    Көне Мысыр мәдениетінің ғылымға тигізген ерекше әсері – ажалға қарсы күресу, өлген денені сақтап қалу болды. Бұл ғылым өз саласында дінмен өте тығыз байланысты көзқарастан туындаған мәселе. Өйткені перғауындар «Ра»ның ұлы болса, оларды да мәңгі қалдыру жолында ғылыми ізденістер жасау қажет. Міне сол ізденістер өз заманының таңғажайып жетістіктеріне жеткізген; көне Мысырлық пирамидалық архитектураның қалыптасуына мүмкіндік берді. Мысырлықтардың о дүние түсінігі немесе қайта тірілу, мәңгілік өмір нанымы, денені бальзамдап мумияға айналдырудан басқа, өлген адамның денесіне ұқсас етіп онын мүсінін жасау қажеттігі де туды. Өлген адамның мүсінін денеге ұқсас етіп салса, жан оған қайта оралады деген түсінікпен өлімді жеңіп шығуға ұмтылған. Перғауын Джосер пирамидасының сәулетшісі, ғалым, дәрігер, философ, сондай-ақ, балгер, сиқыршы – Имхотептің есімі бізге белгілі. Екі жарым мың жылдан кейін гректер оған «медицинаның Құдайы» ретінде табынған.

    Көне Мысыр мәдениетінің дін мен ғылым арақатынасының нақты көрінісін иероглифтерде табуға болады. Заманының таң ғажайып ғимараттарының қабырғалары иероглифтермен әшекейленген. Кейіннен олар иероглифтік жазудан буындық жүйеге көшті. Жазу өнері математика мен геометрия сияқты ғылым салаларының қалыптасуына да мүмкіндік берді. Мысырлықтар б.з.д. ХХІ ғ. өзінде-ақ күн және су сағаттарын ойлап тапты. Астрономия мен медицинада керемет жетістіктерге жетті. Адам организміндегі мидың қызметі анықталды. Медицинаның дамуындағы діннің ролін жоққа шығаруға болмайды. Діннің жанында сиқыршылық та қоғам өмірінде өз беделін орнатқан. Перғауындар сарайында хәкімдер мен сиқыршылар ерекше беделге ие болған. Ежелгі Мысыр мәдениетіндегі ғылым саласының дамуына сиқыр, дін және дін адамдарының орны мен ролі ерекше болып табылады.

    Тот Гермес Тристмегист (Үш мәрте данышпан) атанған көне Мысырлық ойшыл, аса білімді, жан-жақты дамыған, әлемдік өркениет пен ілімдердің дамуына септігін тигізген айтулы мифтік-тарихи тұлға. Ол 40000 кітаптың авторы болыпты-мыс: «Құдайшыл Пимандр», «Изумрудты үстел» т.б. Яғни, алхимия, астрология, мистика, философия, математика, медицина, құрылыс пен жазу т.б. барлығы тұтас бір ілім аясында дамытқан Гермес ілімі кейіннен герметизм деп аталған. Бұл құпия, көпшілікке жарияланбайтын эзотериялық ілім ретінде белгіленген. Мәселен, аурудың пайда болуының жеті түрі, оны емдеудің жеті түрі тек физиологиялық қана емес, мистикалық формада жүзеге асырылған. Яғни, ғылым мен діни сенімдер тұтасып кеткен тұтас жүйе бүкіл Мысыр елінің рухани-мәдени өрлеуіне негіз болған,

    4.Ежелгі гректердегі дін және ғылым. Ежелгі гректердің діні политеистік сипатта болды. Аңыздарға негізделген діни наным-сенім мүсін өнері мен сәулет өнеріне айтарлықтай әсерін тигізді. Б.з.д. өмір сүрген Афиналық мүсінші Мирон бейнелеу өнерінің дамуына зор әсер еткен. Ол қоладан құйған Құдайлардың мүсінін атлеттер мен жануарлар бейнелерін жасады. Б.з. дейінгі V ғ. ортасына қарай Афины қаласы грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары мемлекетте мүсін және сәулет өнерінің дамуына ерекше ықпал етті. Көне грек мәдениетіне де мүсін мен сәулет өнерінің дамуында діннің ролі ерекше. Өйткені дін өз заманының ғылым саласының дамуында қажеттіліктер туғызып тұрды, іштей түрткі берді.

    Б.з.д. ІІ-І ғасырларды Римде философия ғылымы қалыптасты. Бұл кезең ертедегі грек елі мен Римде құлдық қоғамның шарықтау кезі еді. Гректер арасында поэзия, драматургия, мүсіндеме философияның көрнекті өкілдері Гомер, Эсхил, Аристофан, Софокл, Геродот, Ксенофонт, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотельт.б. дүниеге келді.

    Бірақ дін мен философия арасындағы қайшылықты кездестіруге болады. Бұл қайшылық идеологиялық тұрғыдан ғана болды. Гректер арасынан монотеистік көзқараста болған философтарды да кездестіруге болады. Мысалы, Ксенофан өз заманының политеизміне, Тәңірлердің мүсіндеріне қарсы шыққан бірден-бір ойшыл. Ол дәстүрлі діннің негізсіз екенін ұсынып, Құдайлардың адамдар тарапынан ойлап шығарылғанын айтқан. Тәңірлер неге адам суретінде болуы қажет? деген сұрақпен халықты шындыққа шақырған. Егерде арыстандар мен өгіздер қолдары болып сурет салуды білгенде олар да Тәңірлерін өздеріне ұқсатар еді дейді.

    Гректердің математикасының бастаушысы Анаксимандр (б.э.б. 6 ғ.). Оның түсінігінде әлем сфералық, оның ортасындағы Жер цилиндр тәріздес, оның қасында Айдың шеңбері орналасқан, ол 9,18,27 сандарына қатынасты қашықтықтарды құрайды. Ал күн жұлдыздар жүйесіндегі ең ірісі деп түсіндірді. Бірақ бұл тәжірибеден алынбаған, тек мистикалық сандар мен геометризациялау ұғымдарымен астасқан. Бірақ бұл мифологема математикалық астрономияға негізделген: бұдан Парменидтің шар формалы болмысы, Аристотелдің әлемнің қасиетті құрылымы мен формализмі түсінігі, Птолемейдің геоцентризмі үлгі алған. Б.э.б. 6-5 ғасырлардағы пифагорлықтар мектебі осы сандардың үйлесімділігі ғарыштың негізі деп білген. Бірақ бұл математикалық ғылым емес, діни метафизикаға алып келді: сандар мистикалық мәні бар құбылыстар.

    Филолайдың ұғымы бойынша әлемнің орталығында от жатыр, оны бір тәулікте үлгеретін сфералық Жер айналып жүр. Осыған байланысты күн мен түн ауысады, орталықтағы от көрінбейтін, жер мен от арасында АНТИЖер бар (Антихтон), біздің жерге ұқсайды, қараңғы кейіпте. Күн осы оттан нәр алады, жылу мен жарықты алып, мөлдір шыны тәріздес болып келеді. Ал Пифагор да осы сандар мистикасымен шұғылданғанмен, оның түсінігінде әлемнің орталығында Жер тұрған. Күн мен Ай және бес планетананың айналып жүретіндігін ұсынған.

    «Тимей» еңбегінде: Платон да Пифагор идеясын қолдайды, жетілген дене – шар формалы, жетілген фигура – шеңбер деп білді де, сандар мистикасын былайша реттейді: Ай 1, Күн 2, Шолпан 3, Меркурий 4, Марс 9, Юпитер 8, Сатурн 27 . Ғарыш математикалық үйлесімділікте құрылған сфералық пішінде. Платон әлемнің біріңғайлығын жоққа шығарып, аспан – өзгермейтін, мәңгі, біртұтас, құдайлық болмыс, ал жер – өтпелі, тұрақсыз. «Заңдар» деген еңбегінде: Ғарыш осы планеталарымен, үйлесімділігімен құдайлардың өмір сүретіндігін дәлелдеп тұр деп түсіндіреді: «Құдайлық ғарыштан мәңгілік, циклдылық, шеңбер бойымен қозғалу туындайды. Күн мен Ай ғарышта адасып жүрген жоқ, олар жүйемен, бір ғана шеңбер бойымен қозғалады»,-деп тұжырымдайды, Күннің айналысы жыл, айдың айнылысы бір айға сәйкес келетіндігін ұсынды. Бірақ бұл да эмпирикалық емес, метафизикалық постулат еді.

    Сөйтіп, қазіргі ғылымдардың негіздері пайда болады. Мәселен, Фалес геометриялық теоремаларды негіздеді; диаметр шеңберді қақ бөледі, тік бұрышты үшбұрышта бұрыштар тең т.б. Ол астрономияны дамытып, күннің тұтылуын болжаған. Одан кейін Пифагор мен пифагоршылдар математканы негіздеп қана қойған жоқ, оны жүйелеп арнайы ілім ретінде дамытқан. Евклидтің «Бастау» шығармасында математика мен геометрияның негіздері жүйеленді. Бірінші анықтама, постулат пен аксиома, одан соң теорема мен дәлелдеу жүргізілетіндігін ашып берді.

    Гректер астрономия саласында да біршама еңбектер сіңірді. Евдокс Книдтік (б.э.б. 408-355) планеталар өзіндік бір сфера құрайтындығын ұсынды, Аристарх Самосский планеталар, Жер мен Ай қозғалыссыз жұлдыздар аясында, оның ортасында қозғалыссыз Күн орналасады деген гелиоцентрлік сипатты теорияны негіздеді. Бірақ сол үшін Аристарх дін иелері тарапынан қудалауға ұшырады.

    Осындай түсініктердің бәрі физика іліміне келіп тоғысты. Мәселе, «архе» бастау, қағида себептілік жолмен ғарыштың құрылымы мен құрамы және ондағылардың барлығы қозғалатындығын негіздеді. Архе сөзі Платон академиясында оталық түсінікке айналды. Бірақ көп жағдайда, физиктерде архе әр түрлі зат ретінде бастапқы субстанция күйінде ұғынылды. Фалесте – су, Анаксимен ауа, Гераклит от, Эмпедоклда төрт нәрсе (жер, ауа, су, от), Анаксагорда барлығының жиынтығы, Анаксимандрда апейрон, Демокритте атом т.б. Пифагор дүниенің мәні заттық қатынастарда деп негіздеді. Анаксагор себептілік бойынша емес, мақсаттылық бойынша (нус-ақыл) әлемнің құрылғандығын паш етті.

    Элей мектебінің өкілі Зенон өзінің апориялары арқылы теория мен практиканың арасында алшақтық пе айырмашылық болатындығын ашып берді.

    Демокрит Левкиптен кейін сезімдік қабылданбайтын, ойлау арқылы түсінілетін, өзгерісіз бөлшек, бөлінбейтін материалдық ұсақтық атомдар туралы гипотезаны негіздеді. Осы көрінбейтін атомдардың соқтығысуы көрінетін денелерді туығызады деп түсіндірді. Бірақ ол гипотетикалық –дедуктивтік тәсілді қолданды (сезімдік тәжірибе дәйекті білім бере алмаса, теория сезімге емес, ақылға жүгініп, гипотезаларға жүгіну қажеттігі). Ғылым дамуына софистер жалпылама түрде ықпал етті: ешқандай теория абсолютті шындыққа ұмтыла алмайтындығын ұсынды. Олардың релятивизмі догматикалық ойлау жүйесін шайқалтты. Платон да өзінің гипотетикалық-дедуктивтік тәсілін жалпы идеялардың шынайылығы туралы ілім бойынша қолданды. Аристотель ғылым дамуына елеулі еңбек сіңірді, формальді логиканы, биологияны алғаш негіздеуші ғалым болды.

      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта