Главная страница
Навигация по странице:

  • 6 Дәріс. Ғылыми әдістер және олардың түрлері

  • 7 Дәріс.Ғылыми төңкеріс пен рационалдылық мәселесі

  • Лекция. ГЫЛЫМ ТАРИХЫ Документ Microsoft Word. Бгінгі тадаы елімізді ылым мен білімге басымдылы беру саясатына орай, оны тереірек игеру жне зияткерлік дегейді ктеру стыны білім беру дерісінен бастау алады


    Скачать 161.3 Kb.
    НазваниеБгінгі тадаы елімізді ылым мен білімге басымдылы беру саясатына орай, оны тереірек игеру жне зияткерлік дегейді ктеру стыны білім беру дерісінен бастау алады
    АнкорЛекция
    Дата30.11.2022
    Размер161.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГЫЛЫМ ТАРИХЫ Документ Microsoft Word.docx
    ТипДокументы
    #821867
    страница4 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    5 Дәріс. Ғылыми білімнің құрылымы
    1.Эмпиризм және теориялық таным

    2.Ғылымның негізделуі және құрылымы

    3.Әлемнің ғылыми бейнесі: тарихи формалары мен функциялары
    Таным тарихында, гносеология ілімінде екі қарама-қарсы бағыт қалыптасқан: эмпиризм мен теориялық таным. Эмпиризм айғақ пен тәжірибені абсолюттендіріп, ойлау, абстракциялау, жалпылау деңгейлерін елеусіз қалдырады да, сенсуализмге жақындайды. Схоластикалық теориялау бұған қарсы бағыт. Ол екі мағынада қолданылады: 1) Орта ғасырдағы діни философиялық бағыт; 2)Жеміссіз ойтолғау, шартты білім, шынайы өмір мен пратикадан ажырау. Г.Ф. Гегель оны «пайымдаудың жабайы философиясы» деп атған болатын. Схоластика шындығында да таза айтылған пікірлердің біржақты формальді-логикалық дұрыстығына және канондалған мәтіндерге сүйенетін догмалық ойлау тәсілі.

    Ол шығармашылық ойлауға, ғылыми зерттеудің шынайы сыншыл рухына қарсы, дайын нәтижені ойлауға алып келіп байлайды, анықтмалардың көпмағыналылығы мен күрделілігіне сүйенеді, субьективизм орнатады, мәтіндермен тек түсіндірмелі жұмыстар жүргізеді, арнайы ортодоксальды доктринаны негіздейді, соған бағынады.
    Эмпириканың негізгі элементі айғақ (факт). Оның мағынасы: 1) Шындықтың кейбір фрагменттері, обьективті оқиға, нәтиже; 2) Оқиға, құбылыс, дәйектелген білім, яғни, ақиқат синонимі; 3) Эксперимент пен бақылау барысында алынған тәжірибелік білім.

    Қазіргі ғылыми танымда айғаққа байланысты екі шеткі бағыттар қалыптасқан: фактуализм және теориялық. Біріншісі теорияға қатыссыз айғақтың дербестігін, тәуелсіздігін баса көрсетсе, екіншісі айғақ терияға тәуелді деп санайды. Ғылымда айғақ дәйекті болса, ол келесі айғаққа жол ашады.

    Ғылыми танымда айғақ екі жақты роль атқарады: 1) Теорияны құру мен гипотезаны ұсынуда айғақтардың жиынтығы бұлардың эмпирикалық негізін құрайды; 2) Теорияларды бекіту мен жоққа шығаруда шешуші роль атқарады. Егер де теория мен айғақ сәйкес келмесе, теорияның жалғандығы мойындалады.

    Ал теориялық білім рационалдылықтың элементтерін қамтиды: ұғымдар, теориялар, заңдар, ойлау операциялары. Теориялық білімнің негізгі мақсаты барлық нақтылықта және толық мазмұнда обьективті ақиқатқа қол жеткізу, абстракциялау, идеалдадыру, синтез, дедукция жүреді.

    Ғылымның өзіне қарай үңілуі, яғни, рефлексия – танымның өзін, оның формалары мен тәсілдерін қарастырады. Теориялық таным негізі ойлау болып табылады: пайым және ақыл.

    Пайымдау (рассудка) күнделікті ойлау, парасатты тұрмыстық парасатты ой мағынасында және формальді логикалық ой бағытында қолданылады. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы. Мысалы, Астана – ұғым, Пікір: Астана – Қазақстан Асатанасы. Ой қортындысы: Барлық металдар ток өткізеді; Алюминийй металл; Алюминий ток өткізеді.

    Ал рационалды емес ойлау: қиялдау, фантазия, сезім, интуиция т.б. құралады. Теориялық танымның құрылымы: проблема, гипотеза, теория, заң т.б.

    Проблема – әлі танылмаған, бірақ нені тану керек екендігі жолға қойылған теориялық білім мазмұны. Ол қойылуға және шешілуге тиісті және жауап күтетін сауал. Бірақ проблеманың дұрыс қойылуы логикада өз алдына арнайы мәселе болып табылады: өзектілігі, нақтылығы, шешімін табуға тиістілігі т.б.

    К. Поппер ғылым бақылаудан басталмайды, проблемадан басталады, бір проблемадан екіншісіне, неғұрлым күрделіге қарай өтіп отыру деп санайды. Оның түсінігінде, проблема мынадан туындайды: 1) Теорияның қайшылықты болу салдарынан; 2) Екі теорияның қақтығысынан; 3) Теория мен байқаудың қайшылығынан.

    Негізінен, ғылыми емес пробле,маны ажырата білу аса маңызды. Мысалы, мәңгі оталдырғыш (двигатель) туралы проблема шешімі табылмайтын ғылыми емес проблема болып табылады.

    Гипотеза – дәлелдеуге мұқтаж, ақиқат мағынасы анықталмаған, айғақтардың негізінде қалыптасқан теориялық білім формасындағы шамалау – болжау.

    Олар: 1) Ақиқат теорияға айналуға бет түзейді; 2) Түрлері өзгеріп нақтыланады; 3) Адасу болып шығады немесе дәйектеледі. Мысалы, Квант физикасы гипотезасы ғылымға айналса, эфир адасу болып табылады. Ғылымда бәсекелес бірнеше гипотезалар ұсынылады. Гипотеза ғылым заңдарына сәйкес болуы тиіс, айғақтармен келісілген болуы қажет, ол өз ішінен қайшылықты болмауы тиіс, қарапайым (артық нәрселер, субьективтілік болмауы тиіс) болу керек, ол не терістеледі, не бекітіледі.

    6 Дәріс. Ғылыми әдістер және олардың түрлері


    1. Ғылыми, әдістер мен әдіснама туралы жалпы түсінік

    2. Эмпирикалық танымның негізгі әдістері

    3. Теориялық таным жүйесі және оның қолданылу ерекшеліктері


    Әдіс ертедегі грек сөзі мақсатқа жетудеген мағынаны білдіреді. Ол ғылыми нәтижелерге қол жеткізу барысында пратикалық және теориялық деңгейде қолданылатын ұйымдасқан ретті тәсілдер болып табылады. Кейіннен ғылыми мақсатта қолданылатын, нәижелер алу мен зерттеу бағытын анықтап, жйелеп отыру үшін әдістер қолданыла бастады. Ғылми тұрғыдан әдістерді қолдану алғаш рет көне грекияда пайда болды. Аристотель өзінің фрмальді логикасында алғаш рет әдістерді барынша жүйелеп крсеткен болатын. Мәселен, дедукциялық дәлелдеу формасығылыми әдіс ретінде арнайы қолданылды. Жаңа заманда бұл әдістерді жетілдіру мақсатында іс шаралар атқарылды. Ф. Бэкон мен Р. Декарт өзінің әдісер жөніндегі еңбектерін жазды. Ф. Бэкон елестер деп атаған танымдағы адасумен қателіктердің көріністерін ұсынуы, осы әдістерді дұрыс қолдануды, ғылыми идеялардағы қателіктерді таба білуде зор маңызы болды. Декарт интуитивті танымды жатап, интеллектуальді интуицияны басымдылыққа шығарды, бұл шындығында, әдіснама болатын.

    Әдіс (грекше. μέθοδος = зерттеу жолы, теория, ілім деген мағыналарда қоданылған.) — белгілі бір мақсатқа жету, нақты міндеттерді шешу, практикалық және теориялық қызметтердің операцияларының немесе тәсілдерінің жиынтығы.

    Методология — әрекетті логикалық тұрғыдан ұйымдастырудың құралдары мен әдістері туралы ілім. Әдіс белгілі бір нәтижеге жету үшін нақты бір міндетті шешуге бағытталады, ол зерттеу процесін рационалдандырады, тәртіпке келтіреді, оның әсерлілігі мен тездігін қамтамасыз етеді, құралдар мен күштерді, уақытты үнемдейді. Әдістің негізгі қызметі танымдық қызметті реттейді. Әрбір нақты қызметте әдіс нақтыланады, зерттеу барысында сол нәрсеге сәйкес келуді нақтылайды. Таным әдісі мен әрекеті қызметтің пәнінен байланып қалмайды, оның саласына сәйкес келуіне бейімдейді. Әдіс нәрсеге сәйкес болуы тиіс. Сондықтан әдістің обьективтілігі, біржағынан субьектіден туындайтындықтан түпкілікті обьективті еместігі қамтамасыз етіледі. Адамдар ғылыми зерттеу аймағында саналы және саналы емес түрде әр түрлі әдістерді қолданады. Саналы қолданылған әдістер рационалды және әсерлі қызмет етугежетелейді. Адам қызметі көптүрлі болғандықтан, әр түрлі әдістер де болуы тиіс. Сондықтан әдістер әр түрлі негіздерді басшылыққа алып жіктелуі керек: жалпы логикалық және ғылымиәдістер. Жалпы логикалық адам танымына тән болғандықтан, оған күнделікті және ғылыми білімдер сүйенеді: анализ, синтез, индукцию, дедукцию, абстракциялау, жалпылау т.б.

    Анализ — тұтас нәрсені оның құрылымдық бөліктері бойынша жіктеу, бөлу.

    Синтез — бұрын бөлшектенген нәрсенің элементтерін біртұтас қылып біріктіру. Бұлар қарапайыме, әрі әмбебап тәсілдер болып таблады.

    Абстракциялау— зерттеліп отырған құбылыстан қызықтыратын жеке қасиеттерді, қатынастарды ойша бөліп алу.

    Жалпылау — нәрсенің жалпы белгілері бойынша абстракцияның жоғары деңгейіне өту.

    Индукция— жеке ұстанымдар негізінде жалпы қорытынды шығаратын зерттеу тәсілі.

    Дедукция — жалпы тұжырымдардан жеке қорытынды тудыратын ойтолғамның тәсілі.

    Аналогия — обьектілердің ұқсас қасиеттері бойынша басқа да қасиеттердің ұқсастығын туындататын танымның тәсілі.
    Модельдеу— обьектіні алмастыратын көшірмесін жасап, соны зерттеу нысанына айналдыру. Оны материалдық (табиғи заңдылықтар аясындағы) және идеялдық (логика заңдары бойынша қызмет ететін бегілік құрылымдар) деп екіге бөледі. Қазіргі кезде компьютерлерарқылы идеялық модельдеу жиі қолданылады.

    Методологиялық білімнің көпдеңгейлі тұжырымдамасына сәйкес, әдістерді былайша ажыратады.

    1. Философиялық әдістер: диалектикалық, метафизикалық, аналитикалық, интуитивтік, феноменологиялық, герменевтикалық т.б. Олар абстракциялау деңгейінде әмбебап сипат алады. Олар математикаландыруға, формальдандыруға келмейді, логика мен тәжірибенің қатан терминдері аясына сыйғыздырылмайды. Олар жалпы реттеушілікті тудырады,түп стратегиясын айқындап береді, нақты соңғы нәтижені анықтамайды. Мысал ретінде, нақты көрсететін карта емес, жалпы бағдарды айқындайтын компас қызметінде сияқты болып тұрады.

    Диалектикалық қағиданың жалпы әдістері мыналар:

    — Объективтілік. Айғақтар мен олардың тұтастығынан, практикадан туындауды талап етеді.

    — Жан жақтылық. Шындық құбылыстардың байланысын бейнелей келе, нәрсені жан жақты, тұтастай, көп қырлар бойынша қарастыруды талап етеді.

    — Нақтылық. Орын, уақыт сияқты басқа да нақты жағдайларды есепке алып отыруды талап ететін қағида.

    — Тарихилық. Нәрсенің өзгеруі мен дамуын басшылыққа алып қарастыруды көздейді.

    — Қарама қайшылық қағидасы даму мен өзгерудегі қарама қарсылықтарды және олардың бірлігін тұтас қарастыруды негізге алады.

    2. Жалпы ғылыми әдістер. Философиялық және іргелі ғылыми жағдайлар аралығындағы әдістер болып табылады да, информация, модель, структура, функция, система, элемент, оптимальділік т.б. ұғымдармен байланысты болып келеді. Олардың философиялық тәсілдерден айырмашылығы формальдандыруға, математикалық теория бойынша нақтыландыруға келетіндігінді. Сондықтан оған: жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, кибернетикалық, ықтималдық принципы мен тұрғылары, моделдеу, формалдандыру т.б. жатқызуға болады.

    3. Жеке ғылыми әдістер механика, физика, химия, биология т.б. ғылымдарда арнайы қолданылатын әдістер.

    4. Пәндік әдістер белгілі бір пәндер бойынша құрылады.

    5. Пәнаралық тәсілдер — синтетикалық, интегративті тәсілдер, олар ғылымдардың тоғысқан сәттерінде қолданылады.

    2. Эмпирикалық танымның негізгі әдістері. Байқау — шындықты мақсат қоя қабылдау барысында оның қасиеттері мен қатынастары тіркелетін танымның түрі.

    Ғылыми байқау енжар байыптау емес, байқаушы, байқау обьектісі мен байқау құралдары қатысатын арнайы қызмет. Байқаудың маңызды ерекшелігі мақсат қою. Бұл мақсат нені және қалай бақылау керектігін алдын ала айқындайтын және байқаушыға міндеттер қоятын алдын ала ұсынылған идеялармен, болжамдармен шартталады. Ол байқау нәтижелерін тіркеумен шұғылданатын суреттеумен байланысты.

    Эмпирикалық суреттеу (описание) — байқалып тұрған обьекті туралы табиғи және жасанды тілдер арқылы мәліметтерді тіркеу. Суреттеу арқылы сезімдік ақпараттар ұғымдар, кестелер, белгілер, графиктер мен цифрлар тіліне аударылады, олар әрі қарай рационалды өңдеуге қолайлы форманы қабылдайды.

    Суреттеу сапалық және сандық болып бөлінеді. Сандық суреттеу математика тілін қолдану және өлшейтін процедураларды өткізуді ұсынады.

    Өлшеу өлшенетін шаманы, зерттеліп тұрған обьектіні анықтау. Сапалық суреттеу өлшеу нәтижелері мен эмпирикалық тәуелділікті біріктіреді. Өлшеу әдісін енгізу арқылы жаратылыстану ілімдері нақты ғылымдарға айналады.

    Эксперимент (Тексеру, тәжірибе) бақылау сияқты эмпирикалық танымның базистік әдісі болып табылады. Ол бақылауды өзіне біріктіргенмен, онымен парапар емес. Эксперимент бақылауға қарағанда, белсенді болып келеді.

    Эксперимент — өтіп жатырған құбылыстарды мақсат қоя, белсенді түрде нақты тіркелген жағдайда зерттеуші бақылап отыратын әдіс.

    Эксперименттің басым бағыттары:

    —экспериментте зерттеліп отырған обьект тек бақыланып қана қоймайды, зерттеуші арқылы қайта жаңғырады.

    — эксперимент барысында табиғи жағдайда байқала бермейтін қасиеттерді алауға мүмкіндіктер ашылады.

    — эксперимент құбылысты күрделендіретін жағдайлардан оқшаулайды және құбылысты «таза күйіне» шығара алады.

    —эксперимент жағдайында құралдар мен аппараттар, приборлардың қолданылу аясы артады. Эксперимент теорияны немесе гипотезаны бекіту немесе жоққа шығару мақсатында жиі қызмет етеді.

    3.Теориялық зерттеулердің әдістері. Теория — ғылыми білімді ұйымдастырудың жоғары формасы. Ол мазмұны бастапқы базистен логикалық жолмен туындайтын білімнің жүйесі.

    Теория аксиомалық және гипотетикалық-дедуктивтік әдіспен құрылады. Аксиоматикалық Евклид геометриясын құруда алғаш рет қолданылды, кейіннен ол эмпирикалық ғылымдарда қолданылды. Бұнда дәлелдеуді қажет етпейтін бастапқы жағдайлар жиналуы қажет болады. Бұл жағдайлар аксиомалар және постулаттар бойынша құрылады.

    Бастапқы аксиоманың жиынтығы және одан шыққан пікірлер аксиоматикалық теорияны құрайды. Эмпирикалық ғылымның математикадан, логикадан айырмашылығытеория тек қайшылықты болмауы тиіс қана емес, тәжірибелік жолмен негізделуі тиіс. Бұдан эмпирикалық ғылымдарда теориялық білімдерді құру ерекшеліктері туындайды. Бұндай құрылымның арнайы тәсілі гипотетикалық-дедуктивтік әдіс болып табылады.

    Гипотетикалық-дедуктивтік әдіс бойынша құрылған теорияның бастапқы базисіне гипотеза енеді.

    Гипотеза термині екі мағынада қолданылады: 1) проблемалық, дәйекті емес білім формасын сипаттайды. 2) Теория, принцип, заңмен бекітілуге жетелейтін болжау әдісі.

    Теория төменнен жоғарыға қарай құрылмайды, болжамнан айғаққа қарай жоғарыдан төменге қарай құрылады. Бірінші гипотетикалық конструкция құрылады, одан соң бұл жүйе тәжірибелік тексеруге тап болады, осы жолда ол нақтыланады. Гипотетикалық-дедуктивтік әдіспен құрылған теорияжаңа гипотезалармен толықтырылады. Бір ғана гипотеза емес, бірнеше бәсекелесетін гипотетикалық-дедуктивтік жүйелер құрылады да, олардың күресінен айғақтарды түсіндіретін және алдын ала айтатын гипотеза жеңіп шығады.

    Идеалдандыру — шындықта принципті түрде іске аспайтын абстрактілі обьектілердің ойша құрылуы. («нүкте», «идеалды газ», «абсолютті қара дене» т.б.)

    Формалдандыру — мазмұнды білімді формальді тіл арқылы бейнелеу. Обьект жөніндегі пайымдауларды белгілермен ауыстыру операциялары жүрізіледі. Формалдандыру теорияның мазмұнын және оның әр түрлі жағдайларының өзара байланысын жүйелеуге, нақтылауға, ашып көрсетуге және әлі шешілмеген мәселелерді құруға ықпал етеді. Формальдандыру математикада, лингвистикада, логикада кеңінен қолданылады.

    Ойша эксперимент — идеалданған обьектімен елестетілген әрекет, ол логика заңдылықтары мен оның қасиеттеріне сәйкес жүргізілуі керек. Ол эмпирикалық зерттеу әдісі емес, теориялық болып табылады, себебі, ол шынайы обьектімен қаншалықты байланысты еместігіне қатысты болады.
    7 Дәріс.Ғылыми төңкеріс пен рационалдылық мәселесі
    1.Ғылыми төңкеріс пен рационалдылық

    2.Бірінші ғылыми төңкеріс және рационалдылықтың қалыптасуының ғылыми кезеңі

    3.Екінші ғылыми төңкеріс және рационалдылық типінің өзгеруі

    4.Үшінші және төртінші ғылыми төңкеріс

    Ғылым дамуындағы зерттеу аймағындағы қайта құру ғылымси төңкеріс деген ұғымды туғызды. Ғылымның негізделуінің негізгі компоненттері: идеал мен тәсілдер, әлемнің ғылыми бейнесі, филомсофиялық идеялар мен қағидаттар.

    Ғылыми төңкеріске негізделген ғылымды қайта құру мынадай көрініністермен ерекшеленеді: 1) пән ішіндегі дамудың нәтижесі – сол ғылым аясында шешілуі күрделі мәселелер туындайды, жаңа обьектілер пайда болып, жаңа таным құралдарын қажет етеді; 2) Пәнаралық өзара байланыстан туындайды – идеал мен нормалардың бір ғылыми пәннен екәішісігне ауысуы жүреді, әлемнің бейнесі қайта қарастырылу бойынша және әлемнің бейнесін қайта қараумен қатар идеалдар мен нормалар, тіпті оның философиялық негіздері өзгереді.

    ХХ ғасырдың екінші жартысында «таным социологиясы» деген бағыт пайда болды. Бұнда ғылыми таным әлеуметтік өнім ретінде қарастырылды, идеалдар мен нормалар таным субьектісінің қызметінің тәсілі қоғамның дам жеңгейімен, оның нақты тарихи болмысымен себепті байланыты екендігі айтылады.

    Рационалдылықтың тарихилығын негіздеген Т.Кун «қалыпты ғылым» өзінің парадигмалары аясында шешілмейтін міндеттерге, мәселелерге кезіккенде өзіне жаңа парадигмалар іздейді, ескі парадигмалар күйреп, «жарылыс» болып, содлан төңкеріс орнайды дейді.

    Ғылыми төңкеріс кезінде ғылыми рационалдылық та ауысады. Еуропалық даму осы рациьналдылық бойынша өрбіді, адамды өз бетінше ойлау мен шешім шығаруға жетеледі. Рационалды ойлау субьектісі өзінің ойына толық жауап беруге тиіс болды. Еуропалық рационалдылықтың кілті ғылым мен техника, индустриалды өркениет болды. Бірақ қазіргі ғаламдық мәселелердің барлығы осы рационалдылықтан туындады. Бұдан рационалдылық мәселесін зерделеуге деген қызығушылық туды. Ғылым рационалдылықтың үлгісі мен өлшемі ретінде танылды.

    Ғылым философтары бұған ХХ ғасырдың 60 жылдары мыныдай сын қоя бастады: 1) ғылым рационалдылықтың бірден-бір өлшемі бола алмайды; 2) ғылымның шынайы рационалдылықтың өлшемі болуға ұмтылуы «рациофашизмнің» бір түрі (П. Фейерабенд). Ал Т.Кун, Тульмин, И. Лакатос ғылымның тарихи-әдіснамалық үлгісін құруға ұмтылды.

    Рационалдылық тарихын қарастырғанда Көне Үнді, Қытай, Грек, Ирандағы рухани серпілістер кезеңі ерекше оқиға болды. Бұн К. Ясперс (б.э.б. 800-б.э.б. 200 жж) «Белдеулік уақыт» деп атған болатын.

    Көне Грекиядағы рационалдылық негізі Парменид іліміндегі ойға басымдылық беруден туындайды, ал Платон идеялар әлемін туындатты. Э. Гуссерль «Антикалық философтар тек теориямен шұғылданды, таза өмірлік мәселелерді оған кесел келтіреді деп «елеусіз қалдырды» деген болатын. Аристотель логиканың, поэтиканың, грамматиканың, риториканың ережелерін жасады.

    Сонымен қатар ойлау антика дәуірінде «құдай жанына ұқсап зерделеу» ретінде түсінілді. Парменид ақиқат ғарыштық ақыл арқылы ашылады деп, адам ақылын құдайлық ақылдың проекциясына балады. Сондықтан білім адам үшін әрқашан игілік пен ізгілік деп түсіндірілді. Олай босла, көп білетін адам зұлым бола алмайды деген тәрізді қортындылар шығарылды.

    Одан кейін ақылдың негізгі қызметі ретінде мақсат қоюды баса көрсетті. Егер түрпкі мақсат болмаса, адам әрекеті шексіз, аяқтамаған болар еді. Ал Киниктер мектебінің өкілдері білім адамның адамгершілік қасиеттерін арттырмайды деп бұндай идеяларға қарсы шықты.

    2. Бірінші ғылыми төңкеріс ХҮІІ ғасырда болды. Оның нәтижесі Еуропадағы классикалық ғылымдадың пайда болуы, механика мен физиканың негізі қалануы болды. Бұл кезеңде ғылыми деп аталатын рационалдылық пайда болды. Бұдан Еуропалық ғылымда метафикадан бас тарту бағыты туды. Ғылым мен діни білім ерекшеленді, әрқайсысы өздеріне сәйкес келетін дүниеге көзқарас қалыптастырды. Мысалы, И.Ньютон «Физика, метафизикадан қорық» деген болатын.

    Болмыс, Абсолют, Бірлік Құдай ретінде қарастырылмады. Ұлы ғарыш бірден-бір шынайы ақиқат ретінде, заттық әлем түрінде табиғтқа теңестірілді. Механика мен физика әлемді тұрақты элементтердің жиынтығы ретіде қарастырды. Әлемнің себепті-механикалық бейнесі құрылды.

    Ақыл құдайлық ақыл болудан қалып, өзіне ғана арналып, жеке мәртебеге ие болды. Ол өзінің схемасын, қағидаттарын, ережелереін өзі жасап алды. Бүкілжалпылық, өзгеріссіздік, сезімсіздік білім құрылымы рационалдылықтың идеалына айналды. Мысалы, Б.Спиноза: «Ақиқат жалпылауды, күлмеуді, қарғамауды талап етеді, түсінуді қажетсінеді» деген болатын.

    Зерттеуше заттарды сырттан бақылады, зерттеу құралдарынан тыс обьективтілікті қажет етті. Физика тек әрекет етуші, материалдық себептермен ғана жұмыс істеді, формальді мақсатты себептерді метафизикаға қалдырды. Ғылыми ойлау экспериментте тексерілетін идеалды конструкцияларды ғана негізге ады. Шексіз табиғат қолданбалы математика аясына енгізілді де, ақиқат маематикамен түсіндірілетіндей болуы тиіс болып шықты.

    Антика дәуірінде математика рухани-мистикалық сипата ие болса, оны Г.Галиллей тек есеп жүргізудің ехникасы ретінде қолданды. Математикалық өлшемдерге сәйкес келген өлшемдер ғана шындыққа сәйкес деп атынды. Ғылым философиядан ажырап кетті де, тек зерттеуші техникаға ғана арналды.Философияда қандай-да бір сөз белгілі бір мағынаны білдірсе, ол нәрсенің өзі де болуы тиіс деген қағида үстемдік етті.

    3.Екінші ғылыми төңкеріс ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында болды. Әлемнің механикалық бейнесі әмбебап, ортақ жалпы бола алмады. Сондықан, биология, химия, геология т.б. ғылымдар пайда болды. Олар өздерінің жаңа тәсілдерін ұсынды, мысалы, биология, «Өмір дегеніміз не?» деген сауал қойды. Бірақ физикадағы классикалық парадигмалар сақталды және физиктерді рационалдылықтың класикалық типі қанағаттандыра алмаушылық басталды. Физика жаратылыстану ғылымдарының көшбасшысына айналды.

    Үшінші ғылыми төңкеріс ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың ортасын қамтыды: классикалық емес жаратылыстануды туғызды. Төңкерістік сипа барлық ғылымдарды қамтыды: физикада – кванттық теория, биологияда – генетика, химияда – кванттық химия т.б. пайда болады, Яғни, микроәлем нысанаға алынды. Табиғат сол күйінде, таза қалпында емес, прибордан обектінің қалай көрінетіндігі бойынша анықталды. Оны бастапқыда, «прибролық идеализм» деп атағанмен, бірақ кейіннен орл бағыт мойындалды.

    Прибролар арқылы табиғатқа «сұрақтар» қойыды, табиғат оған «жауап беруі» тиіс еді. Микрообьектілерді түсіндіру мен бейнелеу байқау құралдарынсыз мүмкін емес болды.

    Ақиқат ғалымның қызметіне байланыты болып шықты. «Ғалым табиғатқа сұрақ қойып, оған өзі жауап берді». Әрбір ғылым өзінің ғана шынайылығын құрды және игерді: физика – физикалық шындықты, химия – химиялық шындықты т.б.

    Зерттелетін обьектінің фотоға түсірілгендей бір ғана теориясы болуы идеалының орнына, бір обьектінің өзара ерекшеленетін бірнеше теориялары болуы тиіс болып шықты. Зерттеушілер жаратылыстану білімдернің даму барысында алынған табиғт бейнесі мен теориялардың салыстырмалы ақиқаттығын мойындау қажеттігімен келіп түйісті.

    Төртінші ғылыми төңкеріс ХХ ғасырдың соңғы ширегінде жүзеге асты. Постклассикалық емес рационалдылық типі қалыптасты. Бұрын тарихилық идеалды реконструкциялайтын – тарих, археология, тіл білімі сияқты ғылымдар басымдылықта болса, ол геология, биология салстында да жүргізілсе, бұл кезеңде теориялық білімнің типі ретінде тарихилық космологияда, астрофизикада да жүзеге асты. Синергетикалық тұрғы үстемдік ете бастады.

    Адамның өзі қатынасатын обьектілер зерттелді: ғаламдық экология, гендік инженерия т.б. Бұл ұсақ және ірі обьектілеғрді пайдалануды және компьютерсіз мүмкін емес жағдайды туғызды.

    Сонымен қатар зерттеушіге тиым салынған, апатты жағдайларға (катастрофаларға) алып келетін обьектілер пайда болды. Космологиялық зерттеулер күшейе түсті. Бірақ оның пайда болған кезінде де, жойылар сәтінде де зерттеуше бақылаушы болмайды және оны бақылау да мүмкін емес еді. Әлем мен ғарыш эволюциясы туралы зерттеулер антикалық обьектілерді елестетті. Мысалы, эфир, әлемдік ақыл т.б. Бұдан теория таза, экспериментке қатыссыз болып шықты да, білім обьектісіз тек ақылмен ғана алынды. А.Д. Линде космология бақыланбайтын обьектілерді зерттейтін ілім деп таныды.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта