фельдшер обл.больница. ЕМТИХАН. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеіз
Скачать 337 Kb.
|
8 билет Сіз учаскелік фельдшерсіз. Қабылдауға анасы 5 жасар қызын әкелді. Қызының соңғы кезде мазасыз, ұйқысының бұзылғанына, тәбетінің төмендеуіне, кейде ішінің ауыры, анусының қышынуы, жүрек айнуына шағымданады. Кейде түнде зәрінің ұстамауы байқалады. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12мм ішек құрты острицалармен шақырлады. Острициалар тоқ ішекті өмір сүреді, самкалар түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады, 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкен кезде бала өзіне-өзі қайтадан жұқтырады-аутоинвазия. Клиникасы: баланың іші ауырады, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, құйрығы қышиды, мазасызданады. Диагностикасы: Үлкен дәретті гельминттердің жұмыртқасы анықтау үшін анализге жібереді және анустың айналасындағы қатпарлардан қырынды анализге жібереді. Емі, профилактикалық шаралар. Емдеу және күтім: 1.Баланың тырнақтарын қысқа етіп алып тастау керек, қолын сабынмен жуу, іш киімін және төсегін жиі ауыстырып, жуып және үтікпен үтіктеу керек. 2.Ауырған баланың семьясының барлық мүшелерін тексеріп, анализдерінде гельмент жұмыртқалары табылған адамдарды емдеу керек. 3. Гельминттерді өлтіретін дәрілерді беру – пиперазин, пирантел, декарис, вермокс – баланың жасына сәйкес дозаларда. Алдын-алу:1.Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау. Тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, бала-бақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері қызметкерлерін уақыты гельментоздарға тексеріп тұру. Балаларды коллективке жіберерде және жылына 2 мезгіл гельментоздарға тексеру, ауру балалар табылған кезде емдеу. Энтеробиозға қырынды алу техникасын көрсетіңіз. ҚҰРТТЫ АНЫҚТАУҒА ҚЫРЫНДЫ АЛУ Мақсаты: диагностика. Көрсетпе: энтеробиоз Дайындаңыз: 1. Резеңке қолғап 2. ағаш шпатель немесе таяқша. 3. 50% глицерин ерітіндісі немесе 1% гидрокарбонит натрий ерітіндісі 4. стеклограф 5. Лабораториялық 2 әйнекше 6. Крафт қағаз, резеңке, жолдама Іс- әрекет алгоритмі: 1. Анасына зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. 2. Лабораториялық әйнешені стекографпен номерлеп маркировка жасаңыз, номер жолдамадағы номермен сәйкес болуы тиіс. 3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғап киіңіз. 4. Баланы сол қырына жатқызып, жоғарғы аяғын тізесінен бүгіңіз. 5. Лабораториялық әйнекшеге 1 тамшы 50% глицеринді тамызыңыз. 6. Ағаш таяқшаны 50% глицеринге батырып алыңыз. 7. Сол қолдың 1-2 саусағымен баланың бөксесін ашып, таяқшамен аналь тесігі айналасындағы қыртыстардан қырынды алыңыз. 8. Таяқшаны глицерин тамызған әйнекшенің үстіне салып, екінші әйнекшені бетіне сал. 9. Оны крафт қағазына орап, белін резеңкемен қыстыр. 10.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз. 11.Жолдама жазып, 1 сағат ішінде лабораторияға жібер. Ескертпе: анализ зерттеуге таңертеңгілік мезгілде жүргізіледі. Зерттеу алдында баланының аралығын жууға болмайды №9 билет Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз, 6 жасар балаға шақыртумен үйге бардыңыз. Баланың ауырғанына 2 күн болған. Дене температурасы 38,00С дейін жоғары көтерілген, мазасыз, ішінің ауырсынуына, ішінің өтуіне шағымданады. Нәжісі сұйық, күніне 10 рет. Жағдайын бағалаған кезде: бала мазасыз, ашуланшақ, көздері шүңірейген, тері қыртысының реакциясы баяу 2 сек дейін, сұйықты ішуі қалыпты. Болжамды диагнозы. Сусыздану дәрежесін анықтаңыз. Тамақтанудың жедел бұзылыстырының негізгі клиникалық белгілерінің бірі - диарея. Диарея, басқаша айтқанда «іш өту», яғни балада тәулігіне 3 рет және одан да көп сұйық немесе сулы нәжістің болуымен сипатталады. Бұл 2 жасқа дейінгі балаларда жиі кездесетін жағдай және балалар арасындағы өлімнің себептерінің бірі болып табылады. Себептері инфекциялық және инфекциялық емес. Инфекциялық бұл әртүрлі вирустар, бактериялардың әсерінен болса, инфекциялық емес асқорыту жолдарының басқа ауруларының әсерінен, балаға жасына сай келмейтін тамақтарды беру себеп болады. Диарея кезінде баланы өлімге әкелетін қауіпті жағдай бұл регидратация, яғни организмнің сусыздануы. Нәжістің сұйық және жиі болуы салдарынан, организм көп мөлшерді сұйықтық жоғалтып, құрғап қалуы.
Емдеу жоспарын таңдаңыз. Диареяны емдеудің Б жоспары: Орташа сусыздануды ОРТ-дың көмегімен емдеңіз ОРТ-ДЫ ҰСЫНЫЛҒАН МӨЛШЕРДЕ МЕДИЦИНА МЕКЕМЕСІНДЕ 4 САҒАТ ІШІНДЕ БЕРІҢІЗ Жасы 4 айға дейін 4 ай- 12 ай 12 ай - 2 жас 2 жас- 5 жас Дене салмағы <6 кг 6- <10 кг 10-<12 кг 12-19 кг ОРТ мл 200-400 400-700 700-900 900-1400 Бастапқы 4 сағат ішінде енгізетін ОРТ мөлшерін анықтаңыз Баланың салмағын білу мүмкін болмағанда ғана жасына қарап есептеуді қолданыңыз. ОРТ-дың қажетті мөлшерін (мл) шамалап баланың дене салмағын (кг-да) 75-ке көбейту арқылы анықтауға болады. -Егер бала ОРТ ерітіндісін жақсы ішсе, және тағы сұраса, ұсынылған мөлшерден көбірек беруге де болады. - 6 айға дейінгі, табиғи тамақтанбайтын балаларға 4 сағат ішінде, сондай- ақ 100-200 мл таза су беру беріңіз. Анасына ОР-ды қалай беру керек екенін көрсетіңіз: -Ерітінді жиі, ұрттатып ішкізіңіз. -Егер бала құсса, 10 үзіліс жасап, сонан соң жалғастырыңыз, бірақ баяу беріңіз. -Баланың сұрауы бойынша емізіңіз. 4 сағаттан кейін: -баланың жағдайын қайтадан бағалаңыз және сусыздану дәрежесін анықтаңыз. -емдеуді жалғастырудың жоспарын таңдаңыз. -баланы тамақтандыруды медициналық мекемеде бастаңыз Егер анасы медициналық мекемеде емдеу аяқталғанша қала алмайтын болса: -үйде ОРТ ерітіндісін қалай дайындау керек екенін көрсетіңіз -анасына 4 сағаттық емдеу курсын аяқтау үшін ОРТ ерітіндісін қанша көлемде беру керек екенін түсіндіріңіз -анасын регидратацияны аяқтау үшін жеткілікті мөлшерде ОРТ қалташаларымен қамтамасыз етіңіз. А жоспарында ұсынылғандай 2 қалташа артық беріңіз. -Үйде емдеудің 4 ережесін түсіндіріңіз: 1.сұйықтықты мол беру 2.мырыш препараттарын беру 3.тамақтандыруды жалғастыру 4.қандай жағдайларда ауруханаға қайта қаралу керектігін білу Нәжісті бактериологиялық зерттеуге алу техникасын көрсетіңіз БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ТІКЕЛЕЙ ТІК ІШЕКТЕН НӘЖІСТІ АЛУ Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру. Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары. Дайындаңыз: мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған, ортасында алюмин ілмегі, консервант ерітіндісі бар залалсыздандырылған шыны пробирка, қолғапты, маска, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, шыны пробиркаға арналған штатив, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Анасына зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, процедураға рұқсат алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз. 3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз. 4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны пробиркаға стеклографпен белгілеңіз. 5. Шыны птобирканы штативке орнатыңыз. 6. Баланы сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз. 7. Оң қолмен алюмин ілмекті шыны пробиркадан шығарып алыңыз. 8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілмекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 1-2 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 4-5 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз. 9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз. 10.Шыны пробирка шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне тигізбей ілмекті нәжіспен шыны пробиркаға салып, ішінде қалдырыңыз. 11.Шыны пробиркаға жолдаманы бекітіңіз. 12.Шыны пробирканы штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз. 13.Биксті «кілтке» жабыңыз. 14.Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 15.Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз. Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-6 0С тоназытқышта сақталуы қажет №10 билет 1 жасар балаға үйге шақырту түскен. Анасының айтуы бойынша 3 күн бұрын дене қызуы жоғарлап, жөтел, мұрыны бітеліп, серозды бөлінулер болғасын бала- бақшадан алып кеткен. Содан бері үйінде, дәрігерге қаралмаған. Дене қызуын түсіру үшін парацетомол таблеткасын берген. Бүгіннен бастап баланың қызуы парацетомол бергеніне қарамастан қызуы түспей қойған. Медициналық қызметкер келген кезде балада құрысып-тырысу бар. Дене қызуы 39,0 С. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз. Пневмония - өкпе паренхимасының жедел инфекциялы-қабыну ауруы. Этиологиясы: әртүрлі инфекциялар, бактериялар (пневмокок, стрептокок, стафилокок) және вирустар. Балалардың өкпе қабынуымен жиі ауруына келесі факторлар себепкер болады: бала организмінің реактивтігінің төмендеуі(қажып шаршау ,нашар тамақтану), анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, фондық аурулар (мешел,анемия,аллергиялық диатез,гипотрафия), шала туу. Пневмониялардың жіктелуі Пайда болуына байланысты: 1. Ауруханадан тыс 2. Аурухана ішілік 3. Құрсақ ішілік, иммунодефицитпен туған балаларда 4. Аспирациялық, энцефалопатиямен туған балаларда Зақымданған аймағына байланысты: 1. Ошақты 2. Сегментарлы 3. Крупозды 4. Интерстициальды Ағымына байланысты: 1. Жедел /2 айға дейін/ 2. Созылыңқы /2-8 ай/ 3. Созылмалы /8 айдан жоғары/ Ауырлығына байланысты: 1. Жеңіл. 2. Орташа. 3. Ауыр. Баладағы жалпы қауіптілік белгілерін анықтаңыз. Сіздің тактикаңыз. Клиникасы: фебрильді дене қызуы, интоксикация, тыныс алу жетіспеушілігі ( ентігу), тері цианозы, өкпеде тұрақты сырылдардың болуы, рентген тексеруде инфильтративті-ошақты көлеңкелердің болуы, қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы болады. 1. Басталу кезеңі-ауру біртіндеп жалпы жағдайының бұзылуынан басталады: дене қызуы көтеріледі (субфибрильді 37-38С) әлсіздік немесе беймазалық пайда болады, тәбеті төмендейді, кейде үлкен дәретінің сұйықтануы болады, денесі бозарады. Катаральдық симптомдар пайда болады: баланың мұрны бітіп, серозды немесе іріңді бөністер бөлінеді. 2. Айқындалу кезеңі- бала әлсіз,жалпы жағдайы көбірек бұзылады, температурасы жоғарлайды 39-40С, құсады, тәбеті нашарлайды, ұйқысы бұзылады, жөтел ылғал қақырықпен, денесі құрысып-тырысуы мүмкін. Тыныс жетіспеушілігі симптомдары: жөтел қақырықты, өте жиі, ентікпе, дем алуға көмекші бұлшық еттердің қосылуы, мұрын ауыз үшбұрышының көгеруі. Перкуторлық-қабынған жердің үстінде дыбыстың қысқаруы. Аускультативтік ылғалды ұсақ көпіршікті сырыл естіледі. Ауруға күтім өткізу: 1. Бөлмені кең желдету. 2. Ауруға төсекте көтеріңкі жағдай жасау 3. Кішкене балаларды бос жөргектеу 4. Төсек орны мен іш киім тазалығын сақтау 5. терінің ,шырышты қабықтың тазалығын сақтап, кішкене балаларда базданудың алдын алу. 6. Көбірек қолға алу,төсектегі жағдайын жиі өзгерту. 7. Жұқпалы аурулардан аулақ ұстау. Өкпе қабынудың профилактикасы: 1. Күн тәртібін сақтау,таза ауада серуендеу. 2. Жасына сәйкес дұрыс витаминді тамақ беру. 3. Бала организмін туғаннан шынықтыру. 4. Фондық аурулардан сақтандыру,оларды уақтылы емдеу 5. Қатты суықтанудан сақтандыру Құрысып-тырысу кезінде көмек көрсетіңіз. Құрысып-тырысу кезіндегі жедел көмек Мақсаты: Жедел көмек көрсету, құрысып - тырысуды басу. Керекті құрал-жабдықтар: ауру тарихы, туберкулин шприці, диазепам 10мг-2мл, дәке салфеткасы, электросорғыш немесе резин груша, медициналық қалдықтардың арналған контейнерлер (“A” және “Б” сыныптары). Іс-әрекеттер алгоритмі: 1. Қолыңызды өңдеп, резин қолғапты киіңіз. 2. Баланы жұмсақ жерге жатқызыныз (жарақаттың алдын-алу) 3. Баланың ауыз қуысын тексеріп, бөгде заттар болса дәке салфеткамен тазалаңыз, жұтқыншақтан сілемейлі бөліністерді электросорғыш немесе резин грушамен сорыңыз (аспирацияның алдын-алу). 4. Баланы барынша жайлы жатқызыңыз, тыныс алу жолдарының ашылуына мүмкіндік беретіндей басын орналастыңыз. 5. Ампуланы ашып, туберкулин шприціне керекті диазепам дозасын сорыңыз. Дозаны салмағына байланысты есептеңіз (0,1МЛ/КГ). 6. Инені шприцтен бөлектеңіз. 7. Шприцті тік ішекке 4-5 см тереңдікке енгізіп, ертіндіні жібереміз. 8. Бөкселерін түйістіріп, бірнеше минут бойы ұстап тұрамыз. Диазепам тік ішекке 10мг-2мл ертінді. ЖАСЫ, САЛМАҒЫ. ДОЗА 0,1МЛ/КГ 2 АПТАДАН-2 АЙҒА ДЕЙІН(4КГ АЗ) 0,3МЛ(1,5МГ) 2-4 ай(4-6кг) 0,5мл(2,5мг) 4-12 ай(6-10кг) 1,0мл(5мг) 1ж-3 ж (10-14кг) 1,25мл(6,25мг) 3-5 жас(14-19кг) 1,5мл(7,5мг) Егер, 10 минут ішінде құрысып-тырысу жойылмаса, онда екінші рет диазепамды тік ішекке немесе к/т жібереміз(0,05мл/кг-25мг/кг). Егер тағыда 10 минут ішінде бәрібір тоқтамаса, онда диазепамды үшінші ретректально жібереміз (немесе фенобарбитал к/т немесе б/е 15мг/кг есебімен қолданамыз). Егер дене қызуы өте жоғары болса: - Онда баланың денесін бөлме температурасындағы суға батырылған губкамен ылғалдаймыз, қызуын азайту үшін. - Құрысып-тырысу тоқтағанша оральды препараттар беруді тоқтата тұру керек(аспирацияның алдын-алу мақсатында). №11 билет Алмас жасы 5-те. Денесінде және аяқ-қолдарының терісінде геморрагиялық бөрітпеледің пайда болуы, ішінің әлсін-әлсін ауруына шағымданады. Бөрітпелер 3 күн бұрын пайда болсада, ата-анасы мән бермеген. Бүгін бөрітпелер көбейіп, ішінің ауыруы күшейген. Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырып, амбулаторлы емделген. Қарағанда: аяқ-қолдарының терісінде, әсіресе буындардың ішкі бетінде, бөксесінде, геморрагиялық бөрітпелер симметриялы орналасқан. Бөрітпелер тері бетінен шығыңқы қолмен басқан кезде кетпейді. Нәжісі таңертең қара түсті болған. 1.Болжамалы диагнозы. Диагнозды негіздеңіз. Геморрагиялық васкулит –қан ұю жүйесінің патологиялық зақымдалуына байланысты дамитын тері, буын, құрсақ қуысы және бүйректің капиляры, артереола, венула қан тамырларының жүйелі қабыну ауруы. Геморрагиялық васкулит дәнекер тінінің қабынуы, вазопатиялар тобы, оның құрамына аллергиялық тұқымқуалаушылық және гиповитаминоздар кіреді. Этиологиясы. Аурудың себептері белгісіз. Бейімдеуші факторларға вирустық, бактериялық (стрептококк), профилактикалық егулер, дәрілік аллергия, паразитарлық инвазия, қоректенудің бұзылуы (құлпынай, грейп-фрут, құрма), гамма-глобулин қолдану, қатты салқын тигізу, соққы алу. Аурудың пайда болуының негізгі себебі тері және ішкі мүшелердің қан тамырларында микротромбоваскулиттің пайда болуы. Клиникасы. Негізгі клиникалық симптомы теріде пайда болатын қан құюлар (жәй түрі). Терідегі бөртпелерден басқа буынның ауырсынуы және ісігі (тері-буын түрі), ішінің ауыруы (тері-абдоминальды түрі). Бөртпелер аяқтың симметриялық жерлерінде пайда болып, жамбаста, қолдың сыртқы бетінде, кеудеде, белде, бет бөлігінде көрінеді. Бөртпелер дақты-папулезды, диаметрі 2-5см. Аурудың бастапқы сатысында басқан кезде ағарады, кейіннен геморрагиялық бөрпелерге айналып, қанық қызыл түсті болады. Қатты және жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығында бөртпелер орналасады. Терідегі бөрпелер қайталануы мүмкін. Буындардың зақымдануы реактивті артритке ұқсайды. Тізе, шынтақ, тілексек буындары зақымданады. Геморрагиялық васкулиттегі артриттен кейін буында өзгеріс қалмайды, қабыну процесі тез қалпына келеді. Абдоминальды синдромда кіндік айналасының бүріп ауыруы, нәжісі қара түсті (мелена), құсу байқалады. Ем уақытында басталмаса ішек перфорациясы және перитонит дамуы мүмкін. Дене қызуы жоғары көтерілуі мүмкін. Бүйрек синдромы геморрагиялық васкулитте жиі кездесетін асқынулардың бірі, аурулардың 1 /2- 1 /3 кездеседі. Гематурия синдромы аурудың алғашқы 2- 4 аптасында кездеседі, бірақ бүйректің қызметі сақталады. Кейбір науқастарда өткір гломерулонефрит белгісі пайда болып, созылмалы нефритке айналуы мүмкін 2.Дәрігерге дейінгі көмек туралы және оны тасымалдау ережесін түсіндіріңіз. 3.Мұрыннан қан кету кезіндегі жедел көмек көрсету техникасы. Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін көмек Мақсаты: қан тоқтату Ресурстар:мұзды мұйық, жылытқыш, 3% сутегі асқын тотығы, 1% викасол, 5% аминокапрон қышқылы, дәке салфеткалар, дәке трунду. Іс әрекет алгоритмі: 1.Баланы тыншталдырыңыз,басын төмен еңкейтіп отырғызыңыз, (қанды жұтып немесе аспирация болмауы үшін). 2. Баланы қысып тұрған киімдерін босатыңыз, еркін тыныс алуы үшін. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз. 3. Мұрынының қанатын ортасын бөліп тұрған пердеге басыңыз. 4. Мұздатқышты кеңсерігіне немесе желкесіне 30 минуттай басыңыз. Аяғына жылытқыш қойыңыз. 5. Қанды тоқтату үшін мұрынға 3%сутегі асқын тотығы немесе 1% викасол, 5% аминокапрон қышқылына салынған дәке салфетканы қан ағып тұрған мұрынға сал. 5.Егер қан тоқтамаса, 25-30 см турундуды алып 3% сутегі асқын тотығына немесе 5% аминокапрон қышқылына малып, мұрынды тығындаңыз. Турундуды 12-24 сағатқа қалдыруға болады. 6. Б/етке викасол, көктамырға10% кальций хлорид ерітіндісі, 5%- аминокапрон қышқылы. 7. Егер көмек нәтижесіз болса науқасты ауруханаға жеткізіңіз. №12>10>6> |