фельдшер обл.больница. ЕМТИХАН. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеіз
Скачать 337 Kb.
|
ЖҚА: Эритроциттер– 4,2 * 1012/л, Нв – 120г/л, ЭТЖ – 42 мм/сағ, тромбоциттер – 245*109/л, «С» реактивті белок (СРБ) +++, белок - 65%. Болжамалы диагноз. Диагнозды негізде. Сіздің тактикаңыз. Алдын-алу шаралары. Пульсті, артериялық қан қысымын өлшеу техникасын көрсетіңіз. №27 билет Жаңа туған нәрестеде 3 сағаттан соң терісінің сарғаюы байқалған. Бауыры +2 см қабырға астынан, талағы пальпацияланбайды. Анасында қан тобы А(II), резус-теріс, ал нәрестеде қан тобы 0(I) резус-оң. Болжамалы диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз. Қандай ем жүргізіледі? Антропометрия жүргізу техникасын көрсетіңіз. №28 билет Бала-бақшаға баратын 5 жасар балаға шақырту түсті. Бала түнде ауырып бастаған, дене қызуы 39,00С-қа көтеріліп, басының ауруы, жұтынғанда тамағының ауырсынуы болып, ал таңетеңгісін денесінің барлық жерін ұсақ қызарған бөрітпе басып кеткен. Қараған кезде: терісінде гиперемияланған фонда ұсақ нүкте тәрізді бөрітпелер, әсіресе тері қыртыстарында шоғырланған, мұрын-ауыз үшбұрышы бозарған. Жұтқыншағы айқын гиперемияланған, сол жақ миндалинада іріңді жабын бар,тілі «таңқурай» тәрізді. Болжамалы диагноз ы. Диагнозды негіздеңіз. Сіздің тактикаңыз (қандай шаралар жүргізесіз, қайда емдейсіз). Жұтқыншақ пен мұрыннан жағынды алу техникасын көрсетіңіз. №29 билет Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз. 2 жасар балаға шақыртумен бардыңыз. Анасының атуы бойынша аурығанына 3 күн болған. Алғашқы күні дене температурасы жоғарлауы, катаралдық құбылыстардан басталған. Кешеден бері балада дене қызуы 39-400С дейін жоғарлап, басының қатты ауыруы, қайта-қайта құсу, бала жарықты, дыбысты, шуды жақтырмайды (гиперстезия-сезімтал). Қарағанда жағдайы ауыр. Бала мәжбүрлі қалыпта, бір қырынан, басын шалқайтып, аяқтарын ішіне жинап алған. Бала иегін төсіне жеткізе алмайды (желке бұлшық еттерінің регидтілігі). Болжамалы диагноз қой. Диагнозды негіздеңіз. Менингококтық инфекция клиникалық айқындалуы әртүрлілікпен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы менингокок сыртқы ортада тұрақсыз. 37ºС төмен көтере алмайды, ал 50º C болса 5 минуттан артық өмір сүрмейді. Ылғалды жерде жақсы сақталады. Эпидемиологиясы: 1.Аурудың көзі ауру адам немесе қоздырғыш тасымалдаушы. 2.Таралу жолы – ауа сілекей арқылы. 3.Төзімділік –1 жасқа дейінгі балалар. 4.Маусымдылық – қыс, көктем. 5.Иммунитет- тұрақсыз 1.Менингококтық назофарингит- аурудың жеңіл түрі ауырған баланың дене қызуы 37-38ºС дейін көтеріледі, басы ауырады, тамағы жыбырлап жұтынғанда ауырады, көмейдің шырышты қабығын ісініп, мұрын бітеді. 2.Менингококтық минингит- аурудың ауыр түрі, ми қабығы қабынуы. Кенет қатты басының ауыруынан, дене қызуының 39-40ºС дейін көтерілуінен баланың себепсіз құсуынан басталады. Алғашқы күндерден бастап-ақ менингальды белгілер біліне бастайды: желке бұлшық еттерінің тартылуы; Кернинг белгісі (бүгілуі аяқтардың созған кезде қарсылық жасауы); Брудзинский белгілері (басын кеудесіне жақындатып игенде аяқтарын бауырына жинау, бір аяғын бүккен кезде екіншісін де еріксіз бауырына қарай жинап алуы), кейде ақыл-есін жоғалтып, сандырақтайды. Бала төсекте мәжбүрлі жағдайда жатады: бір қырынан, басын шалқайтып, аяқтарын бауырына жинап алады. Көзі жұмулы, ыңырысып дем алады, гиперестезия, құсу, брадикардия және іш қату, анорексия байқалады Менингококтық сепсис – менингококцемия-аурудың ең ауыр клиникалық түрі. Жедел басталады, дене қызуы 40-41ºС дейін көтеріледі, менингиальды белгілер кейде пайда болып, кейде болмайды. Баланың терісі шырышты қабықтары құрғақ, тахикардия, ентікпе сонымен қатар гемморагиялық бөртпе пайда болады. Бөртпе кішкене нүкте тәріздестен үлкен жұлдызшаға дейін, көбіне жамбас, сан, балтыр, қолында болады. Гемморагиялық бөртпе болған жерлерде жұмсақ тканьдердің өліп, некроз дамуы мүмкін. Диагноз қою мақсатында қандай тексеру жүргізіледі. Диагнозды дәлелдеу үшін көмейдің шырышты қабығынан бактериологиялық зерттеуге жағынды алады.Диагноз – жұлынның сұйығын алып бактериялық зерттеумен дәлелденеді Құсу кезінде көмек көрсетіңіз. Құсқан балаға көмек көрсету Мақсаты: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түсінің алдын алу Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, резин баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар таза құрғақ банканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Егер баланың жағдайы көтеретін болса, оны ыңғайлы етіп отырғызыңыз. 2. Баланың кеудесін салфеткамен, клеенкамен жабыңыз. 3. Баланың аяғаның арасына жерге табақ қойыңыз. 4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз. 6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз. 7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз. 8. Егер бала әлсіріген немесе ессіз күйде жатқан жағдайда болса 9. Баланы бір қырына жатқызыңыз, (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз. 10.Баланың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз. 11.Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе резин баллонмен сорыңыз немесе ауыз қуысындағы құсық қалдықтарын салфеткамен сүртіңіз. 12.Әрбір құсқаннан кейін, салфеткамен ауызын, иегін сүртіңіз. 13.Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 14.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз Ескерту: Бала қан құсса, тез дәрігерді шақыр! Мейірбике құсықты дәрігер келгенше сақтап қой, дәрігердің тағайындауы бойынша жолдама жазып лабораторияға жібер. №30 билет Нәрестенің дүниеге келгендегі салмағы 3200 гр, бойы 50 см. Кіндік жарасынан қанды іріңді сұйықтық бөлініп, көпке дейін жазылмаған. Анасының өзі, кіндік күтімінде сутегі асқын тотығын және бриллиант жасыл ертіндісін қолданған, айтуынша жазылғанына 2 аптадай болды. Анасының байқағаны: бала әлсіз, сылбыр, дұрыс ембейді, кейде лоқсып, құсады, 2-3 күннен бері кешке қарай дене қызуы 37,50- 37,70қа дейін көтеріледі. Қарағанда: тері қабатының түсі ақшыл-сұрғылт тартқан, шел асты май қабаты ішінде 0,3 см, кіндік түібінде іріңді бөліністер бар, кіндік сақинасының айналасындағы тері гиперемияланған. Болжамалы диагноз қой. Диагнозды негіздеңіз. Нәрестедегі қауіптілік белгілерін анықтаңыз Антропометриялық өлшемдерін алу техникасын көрсетіңіз. Антропометрия Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау Дайындаңыз: 2 жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу үшін көлденең бой өлшегішті, 2 жастан жоғары бала үшін тұрғызып өлшейтін бой өлшегішті, дез ертіндісін, таза жөргекті, медициналық электронды таразы сантиметрлік лентаны, 70% спиртті, стерильді шарикті, пинцетті, қолданылған материалдарды салатын «А» және «Б» сыныптарына арналған контейнер. Баланың бас айналымын өлшеу 1. Анасына процедура барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2. Сантиметрлік лентаны алып, 2 жағынан спиртпен сүртіңіз. 3. Лентаны шүйде сүйегігің бұдырына және қас үсті дөңестері арқылы өткіз. 4. Сантиметрлік лентаның түйіскен жерінен көрсеткішті анықтаңыз. 5. №112/е нысанға жазыңыз. Баланың кеуде айналымын өлшеу. 1. Баланың кедесін жалаңаштаңыз, қолдарын жоғары көтеріңіз. 2. Артқы жағынан екі жауырынның төменгі бұрыштарынан, алдыңғы жағынан емшек ұшы айналасындағы шеңбердің төменгі шетімен лентаны айналдыра өткізіңіз. 3. Баланың қолдарын төмен түсіріңіз. 4. Сантиметрлік лентаны түйіскен жерінен кеуде айналымының көрсеткішін анықтаңыз. 5. №112/е нысанға жазыңыз Баланың бойын өлшеу Алгоритм іс әрекеті: 1. Баланың бойын айқындау алдында бой өлшегіштің үстін дез ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. 3. Бой өлшегішке таза жөргек төсеңіз. 4. Баланың бас киімін, аяқ киімін, шашындағы резенкелер мен қыстырғыштырды шешіңіз, бұрымын тарқатыңыз, егер бойын өлшеуге кедергі жасаса. 5. Анасына баланы өлшегішке жатқызып, баланың басын өлшеп болғанша қозғалтпай ұстау керектігін түсіндіріңіз. 6. Баланың басын жоғарғы планкаға тығыз тірелетіндей етіп, арқасымен жатқызыңыз. 7. Баланың басын есту каналынан көздің астыңғы жағымен ойша жүргізілген түзеу сызық бой өлшегіш тақтайға перпендикуляр болатындай етіп орналастырыңыз. Бұл түзу сызық «Франкфурт сызығы» деп аталады. 8. Баланың түзу жатырғанына, иықтыры тақтайға тиген, арқасы қисық еместігіне көз жеткізіңіз. 9. Баланың тізесін бір қолыңызбен жаймен басып ұстап, аяғын барынша жазыңыз. 10. Екінші қолыңызбен қозғалмалы планканы табанына тіреңіз, табаны тақтайға толық тиіп тұруы керек. 11. Егер табаны толық тимей тұрса, табанын қыдықтап жіберіңіз, сол кезде бала табанын жазады. 12. Көрсеткішті қарап, жазып алыңыз. Өлшемді 0,1 см дәлдікпен алыңыз. Баланың салмағын өлшеу Алгоритм іс-әрекеттері: 1.Таразының табағын дез ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. 2.Таразыны қосыңыз, көрсеткішін 0-ге келтіріңіз. 3.Таразыға таза жөргекті төсеңіз. 4.Жөргектің салмағын өлшеп алыңыз (электронды таразының «тара» деген тетігін басып, таразы көрсеткішін «0»-ге келтіріңіз). 5.Анасына баланы таразыға салуын сұраңыз. Егер бала отыра алатын болса, онда отырғызып өлшеуге болады. 6.Баланың салмағын өлшеңіз. 7.Ф-112/е - баланың даму тарихына жаызңыз. 8.Баланы анасына беріп, жөргекті лас қапшыққа салыңыз. 9.Таразыны өшіріңіз. |