Главная страница

фельдшер обл.больница. ЕМТИХАН. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеіз


Скачать 337 Kb.
НазваниеБолжамды диагнозы. Диагнозды негіздеіз
Анкорфельдшер обл.больница
Дата30.03.2022
Размер337 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЕМТИХАН.doc
ТипДокументы
#428663
страница2 из 5
1   2   3   4   5
4 билет

Сіз жедел жәрдем қызметінің фельдшерісіз. Түнде сізді 9 айлық балаға шақыртты. 2 күн бұрын балада дене қызуы 37,80С дейін жоғарлап, мұрынының бітелуі болған. Түнде кенеттен оянып кетіп, мазасыздана бастаған. «Ит үргені» сияқты жөтел пайда болып, ентігу байқалған. Дене қызуын өлшеп едіңіз 38,5С. Баланың тыныс жиелігі 62 рет минутына, инспираторлы ентігу, тынысы қатқыл, шулы (стридорлы тыныс).

  1. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

Стеноздаушы ларингит

Балаларда дыбыс желбезектері астының клечаткасы ісініп, тыныс саңылауы

тарылып бітеді – бұны көмекей стенозы (ларингостеноз) немесе жалған круп деп атайды.

Жіктелісі: көмейдің стенозының 4 дәрежесі бар

1 дәреже (компенсация)

2 дәреже (субкомпенсация)

3 дәреже (декомпенсация)

4 дәреже (асфиксия)

Клиникасы: Стеноз симптомдар триадасымен сипатталады: стридорлы тыныс,

тынысты ішке алудың қиындауымен, даустың өзгеруі, жөтел. Көбіне түнде кенеттен

дамиды, баланың тыныс алуы қиындап, стридорлы тыныс пайда болады, бала терлеп,

көзіне үрей пайда болады, еріндері, мұрын-ауыз үшбұрышы көгілдір тартады, дауысы

қарлығып шығады.

1-дәрежесінде «иттің үргені» сияқты жөтел, дауысының қарлығуы, шулы тыныс,

мазасызданғанда қабырға аралықтарының ішке тартылуы байқалады.

2-ші дәрежесінде мазасыздану, жөтел жиіленеді, ентігу, мұрын-ауыз үшбұрышында

көгеру, тершеңдік байқалады

3-ші дәрежесінде- баланың жалпы жағдай ауыр, өте мазасыз, төсекте бір орынында

жата алмайды. Денесінде жабысқақ тер, еріндерінің көгеруі, акроцианоз пайда болады.

Айқын ентігу.

4-дәрежесінде жағдайы өте ауыр, ауызын ашып, қарманып, тыныс ала алмай

қиналады. Цианоз арта түседі, құрысып-тырысу болуы мүмкін. Қан қысымы төмендейді,

брадикардия, біртіндеп тыныс, содан кейін жүрек соғысы тоқтайды.

Бұндай жағдайда балаға шұғыл көмек көрсету керек.

1.Баланы жұбатып, алдандыру керек, мүкіндігінше мазаламау, таза ауамен

қаматамасыз ету.

2.ыстық бумен ингаляция.

3.Жалпы ыстық ванна жүргізу

4.Табанына, кеудесіне, балтырына қыша қағазын қою

5.Жалпы сілтілі минерал (щелочные) суын ішкізу

6. Бұл шаралар көмек бермесе гормондық препараттар (преднизолон, гидрокортизон)

қолданылады, болмаған жағдайда трахеостомия немесе интубация трубкасы қойылады

8.Негізгі ауруды емдеу.

  1. ҚР ДСМ 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына сай шақырту қай жеделділік санатына жатады, қанша уақытта пациентке жету керек? Сіздің тактикаңыз

1 санат 10 мин

  1. Ларингостеноз кезінде шұғыл көмек көрсетіңіз

Жалған круп (стеноздаушы ларниготрахеит) кезіндегі көмек

Ресурстар: қыша қағаздары, лоток, ыстық су, щприц, дексаметазон немесе

преднизолон, адреналин ертінділері, стерильді мақта шариктері, 70% спирт,

оттегі, назальды вилка немесе катетер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. науқасты тынышталдырып, көп мазаламауға тырысу керек және

анасының қасында болуын қамтамасыз ету (бала мазасызданбау үшін).

2. науқастың басын жоғары көтеріп жатқызып, барынша таза ауамен

қамтамасыз ету.

3. алаңдатушы терапия ретінде балтыр бұлшық еттеріне қыша қағазын

салу, аяқ- қолына ыстық бұлау 37-40 С (ванна).

4. егер баланың дене қызуы 38,5 С жоғары болса, парацетомол

таблеткасын беріңіз.

5. дексаметазон 0,6 мг/кг немесе преднизолон 1-3 мг/кг есебімен б\е бір

дозасын беріңіз.

6. адреналин (1:1000 ертіндісі) аэрозолын қолданыңыз. Егер нәтиже берсе

бір сағат сайын қайталауға болады.

7. тыныс алу жетіспеушілігі үдейтін болса ылғалданған оттегін беру.

8. көп мөлшерде жылы сұйықтық беру, омырау еметін балаларды жиі

емізу

9. баланы ауруханаға жеткізіп, тыныс алу жетіспеушілігі әрі қарай

үдейтін болса, интубация немесе жедел трахеостомия жасау.

5 билет
Сізге гельминттерге тексеру нәтижесімен 7 жасар бала келді. Анасы баланың бас ауруына, әлсіздік, ұйқысының бұзылғандыған шағымданады. Кеше баланың нәжісінен ұзындығы 25-30 см жұмыр құртты байқағанын айтты айтты.


  1. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

Аскаридоз-жұмыр, ұзындықтарды 25-30см болатын ақ құрттармен тудырылады.

Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен шығады да баланың

аузына лас қол, су, жуылмаған жеміс-жидектер, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады.

Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қаннан жүрекке өкпеге жетіп ішеке

түсіп өсіп жетіледі.

Клиникасы: даму циклына қарай аурудың 2 фазасы бар: ерте (миграциондық) және

кеш (ішектік). Мигарация фазасында (личинкалар қанға борған кезде) теріде аллергиялық

бөрітпе, жөтел, кеуденің ауруы бала өзін әлсіз сезініп, кейде субфибрильді температура

болуы мүмкін. Ішектік фазасында (құрт ішекте болған кезігнде) ешқандай симптомсыз

болуы мүмкін немесе баланың жалпы жағдайы бұзылып, жүрегі айнып, іші ауырып, тәбеті

төмендеп, шаршағыш болады, түнде түсінде тісін қайрау, салмағы кемиді.

  1. Емі, профилактикасы.

Емдеу және күтім:

1.Баланың тырнақтарын қысқа етіп алып тастау керек, қолын сабынмен жуу, іш

киімін және төсегін жиі ауыстырып, жуып және үтікпен үтіктеу керек.

2.Ауырған баланың семьясының барлық мүшелерін тексеріп, анализдерінде

гельмент жұмыртқалары табылған адамдарды емдеу керек.

3. Гельминттерді өлтіретін дәрілерді беру – пиперазин, пирантел, декарис, вермокс –

баланың жасына сәйкес дозаларда.

Алдын-алу:1.Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау. Тамақ өнеркәсібі, тамақ

дүкендері, бала-бақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері қызметкерлерін

уақыты гельментоздарға тексеріп тұру. Балаларды коллективке жіберерде және жылына 2

мезгіл гельментоздарға тексеру, ауру балалар табылған кезде емдеу

  1. Коммуникативтік дағдыларыңызды қолдана отырып, құрт жұмыртқаларына нәжіс анализін жинау техникасын көрсетіңіз

ТІКЕЛЕЙ ТІК ІШЕКТЕН НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының

қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті)

тексеру.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек

инфекциялары.

Дайындаңыз: мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған, ортасында

алюмин ілмегі, консервант ерітіндісі бар залалсыздандырылған шыны

пробирка, қолғапты, маска, форма бойынша жазылган жолдаманы,

клеенканы, шыны пробиркаға арналған штатив, стеклографты, штативті

тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған

контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Анасына зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп,

процедураға рұқсат алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және

қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны пробиркаға стеклографпен

белгілеңіз.

5. Шыны птобирканы штативке орнатыңыз.

6. Баланы сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

7. Оң қолмен алюмин ілмекті шыны пробиркадан шығарып алыңыз.

8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң

қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілмекті енгізіп, оны тік

ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 1-2 см, сосын

омыртқаға қатарластыра ілгекті 4-5 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен

алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

10.Шыны пробирка шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне тигізбей

ілмекті нәжіспен шыны пробиркаға салып, ішінде қалдырыңыз.

11.Шыны пробиркаға жолдаманы бекітіңіз.

12.Шыны пробирканы штативке, штативті бикске қойып, поролонмен

тығыздаңыз.

13.Биксті «кілтке» жабыңыз.

14.Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15.Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық

зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.

Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-6

0С тоназытқышта сақталуы қажет.

6 билет

Сізді 1 жас 3 ай балаға үйге шақыртты. Ауырғанына 3 күн болған. Анасының айтуы бойынша дене температурасы 37,80С дейін жоғарлаған. Балада мазасыздық байқалған, тамақ ішуі нашарлаған. Қазір дене қызуы 37,8С. Кешеден бері ылғалды, қиын бөлінетін қақырықты жөтел пайда болған. Анамнезінен әкесінде аллергиялық ауру бар. Балада 2 ай бұрын осындай жағдай болған, сальбутамол аэрозолымен емделген. Тынысы шулы, «мысықтың пырылы» сияқты, тыныс шығаруы қиындаған. Тыныс жиелігі 67 рет мин. Тыныс алуға қабырға аралық бұлшық еттер қатысады. Перкуторлы - өкпеде қорап дыбысы, аускультацияда –қатқыл тыныс, өкпенің барлық аймағынан құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі. Басқа жүйелер бойынша ерекшеліксіз.


  1. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

Бронх демікпесі Бронх демікпесі (БД) – басты патогенетикалық механизмі қабынумен негізделген бронхтардың гипербелсенділігі, ал клиникалық көрінісі – бронхтық спазм, гипербөлініс және бронхтың сілемейлі қабығының ісінуінен болған, тұншығу ұстамасы (экспираторлы сипаттағы) болатын бронх қабырғаларының созылмалы инфекциялық-аллергиялық қабынуы. Балалардағы БД - үнемі немесе жүйелі түрде пайда болатын жөтел мен көбінесі түнгі және таңертеңгілік уақыттағы ысқырық демді қиындаған тыныс алумен сипатталады. Жіктемесі: 1. Себептері бойынша: атопиялық, атопиялық емес 2. Ауырлығы бойынша: интермиттеуші (интермиттирующая), жеңіл персистенті (персистирующая), орта ауырлықты персистенті, ауыр персистенті; 3. Ағым фазасы бойынша: өршу, бәсеңдеген өршу, оңалу. Этиологиясы: қазіргі кезде аллергиялық ауру деп саналады. Бұл аурудың бел алуына себепші болатын факторларға әртүрлі жұқпалы аурулар, тұрмыс жағдайының қолайсыздығы, емізу мен тамақтану режимінің бұзылуына жатады. Ауру әртүлі психикалық жағдайлардан кейін ұстай бастауы мүмкін. Бұлар пәтердегі шаң, ағаштың, гүлдің, шөптің тозаңдары т.б. Организмге аллергендердің түсуіне байланысты дамитын аллергиялық реакция-антителалар пайда болады. Сондай-ақ биологиялық белсенді заттар бөлініп шығып, бронхының спазма мен шырышты қабықтың ісінуін туғызады. Клиникасы: тыныс демікпесінің ұстауы алдында, жоғарғы тыныс жолдарының катаралдық құбылыстары: түшкіру, жөтелу, кейде дененің аллергиялық бөртпе пайда болады. Кейде ауру ұстар алдында бала мазасызданады, тез шаршап, басының ауыратынын айтады. Тыныс демікпесі көбіне түнде ұстайды. Экспиратрлық демікпе өрши түседі, цианоз пайда болып алқынып демалады. Бала төсекте тыныс алу үшін қолайлы жағдайға көшуге тырысады, қолына сүйеніп, кеудесін көтеріп отырады. Кеуде қуысы керіліп, бөшке сияқты формаға ие болады. Тыңдағанда әртүрлі ысқырықты, құрғақ, ылғалды сырылдар естіледі. Дағдылы жағдайда тыныс демікпесі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе бірнеше күнге созылады.

  1. ҚР ДСМ 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына сай шақырту қай жеделділік санатына жатады, қанша уақытта пациентке жету керек? Сіздің тактикаңыз. 1-10МИН

  2. Бронх демікпесі кезіндегі жедел көмек техникасын көрсетіңіз

Бронх демікпе ұстамасы кезіндегі көмек

Мақсаты: Бронхоспазмды жою

Керекті құралдар: спейсер (көлемі 750 мл болатын кеңейтілген ыдыс)

немесе небулайзер, щприцтер 1 мл., 2 мл., 5 мл., стерильді мақта шариктері,

70% спирт, резин жгут, оттегі, назальды вилка немесе катетер, сағат

секудомермен.

Дәрілік заттар: қалта ингаляторы (сальбутамол ингаляторы), адреналин

0,1%-1,0, преднизолон 30мг-1.0 мл., аминофиллин 2,4%-10 мл. ертінділері.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. науқасты тынышталдырып және анасының қасында болуын қамтамасыз ету

(бала мазасызданбау үшін), қысып тұрған киімдерін босатыңыз, таза ауамен

қамтамасыз етіңіз.

2. науқасты ыңғайлы қалыпқа келтіруге көмектесіңіз. Егер кішкентай бала

болса анасының (немесе көмекшінің) алдына, процедура кезінде бала кедергі

жасамайтындай етіп отырғызыңыз.

3. қалта ингаляторын немесе небулайзер арқылы тез әсер ететін бронхолитикті

қолданыңыз.

Қалта ингаляторын спейсер арқылы қолдансаңыз

4. спейсердің кең жағын баланың ауызы мен мұрынына бағыттап, сол

қолыңызбен балаға бағытталған шетінен ұстаңыз. Ол 3-5 қалыпты дем

алғанша күтіңіз.

5. Сальбутамол аэрозолының бүріккіш басын спейсерге бағыттап, 2 рет

басыңыз (200 мкл). Сонан соң спейсердің келесі шетіндегі тесігін оң

қолыңыздың алақанымен басып, 30 секуд күтіңіз.

6. баланың жағдайын 20 мин. соң қайта бағалаңыз (тыныс алу жиелігін,

астмойдты тыныстың болуын). Егер астмойдты тыныс болатын болса,

сальбутамалды қайталап беріңіз. Осылай 3 рет қайталауға болады.

7. Егер сальбутамол көмектеспесе, 1мл шприцпен өлшеген адреналиннің 0,1%

ертіндісін тері астына енгізіңіз -0,01мл/кг (максималды дозасы-0,3мл). Егер

15 минуттан кейін әсер болмаса, тағы 1 рет қайталауға болады.

8. анамнезінде осындай ұстамалар бірнеше рет болған болса, ауыз арқылы 1-3

мг/кг есеппен преднизолон беріңіз. Егер іше алмаса, щприц арқылы б/етке

жіберіңіз.

9. Егер баланың тез әсер ететін бронхолитиктен және преднизолоннан кейін

жақсармаса, аминофиллин салыңыз. Бастапқы дозасы – 5-6мг/кг

(максималды 300мг-ға дейін) к/т.

10. балаға ылғалды оттегін беріңіз.

Ескертпе: Егер зауыттық спейсер болмаса, оны қолдан жасауға да болады.

Ол үшін 1 литрлік пластик бөтелкенің түбін, оның көлемі 750мл болатындай

етіп кесіп алып тастаңыз. Бұл жағдайда ингалятордың бүріккіш басына 3-4

рет басу қажет. Ішін құрғатып сүртіңіз. Баланың бетін жарақаттамау үшін,

кесілген жерін лейкопластырмен жабыстырыңыз.

7 билет

Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз. 3 күннен бері жедел респираторлы ауырумен ауырып жатырған 8 айлық баланы қарауға келдіңіз. Температурасы осы күндері 37,5-37,60С шамасында болған. Жөтелі сирек, тәбеті төмендеген, бала әлсіз. Сіз өлшегенде дене қызуы -38,80С болды. Тыныс жиелігі 65 рет мин. Тыныс алуға қабырға аралық бұлшық еттер қатысады. Жылағанда ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы байқалады. Перкуторлы – оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталған, аускультацияда –дыбыстың тұйықталу аймағында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Басқа жүйелер бойынша ерекшеліксіз.


  1. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

Пневмония - өкпе паренхимасының жедел инфекциялы-қабыну ауруы.

Этиологиясы: әртүрлі инфекциялар, бактериялар (пневмокок, стрептокок,

стафилокок) және вирустар.

Балалардың өкпе қабынуымен жиі ауруына келесі факторлар себепкер болады: бала

организмінің реактивтігінің төмендеуі(қажып шаршау ,нашар тамақтану), анатомиялық

және физиологиялық ерекшеліктері, фондық аурулар (мешел,анемия,аллергиялық

диатез,гипотрафия), шала туу.

Пневмониялардың жіктелуі

Пайда болуына байланысты:

1. Ауруханадан тыс

2. Аурухана ішілік

3. Құрсақ ішілік, иммунодефицитпен туған балаларда

4. Аспирациялық, энцефалопатиямен туған балаларда

Зақымданған аймағына байланысты:

1. Ошақты

2. Сегментарлы

3. Крупозды

4. Интерстициальды

Ағымына байланысты:

1. Жедел /2 айға дейін/

2. Созылыңқы /2-8 ай/

3. Созылмалы /8 айдан жоғары/

Ауырлығына байланысты:

1. Жеңіл.

2. Орташа.

3. Ауыр.

Асқынуына байланысты:

1.Асқынған

- тыныс алу жетіспеушілігі I-III дәрежелі,

- өкпелік асқынулар: плеврит, абцесс, буллы, пневмоторакс, пиопневмоторакс)

- өкпеден тыс асқынаулар: токсикоз, нейротоксикоз, ЖЖҚЖ (ОССН), ҚТҰ (ДВС), ЖБЖ

(ОПН).

2.Асқынбаған.

  1. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексерулер жүргізесіз

Клиникасы: фебрильді дене қызуы, интоксикация, тыныс алу жетіспеушілігі (

ентігу), тері цианозы, өкпеде тұрақты сырылдардың болуы, рентген тексеруде

инфильтративті-ошақты көлеңкелердің болуы, қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ

жоғарлауы болады.

1. Басталу кезеңі-ауру біртіндеп жалпы жағдайының бұзылуынан басталады: дене

қызуы көтеріледі (субфибрильді 37-38С) әлсіздік немесе беймазалық пайда болады, тәбеті

төмендейді, кейде үлкен дәретінің сұйықтануы болады, денесі бозарады. Катаральдық

симптомдар пайда болады: баланың мұрны бітіп, серозды немесе іріңді бөністер бөлінеді.

2. Айқындалу кезеңі- бала әлсіз,жалпы жағдайы көбірек бұзылады, температурасы

жоғарлайды 39-40С, құсады, тәбеті нашарлайды, ұйқысы бұзылады, жөтел ылғал

қақырықпен, денесі құрысып-тырысуы мүмкін.

Тыныс жетіспеушілігі симптомдары: жөтел қақырықты, өте жиі, ентікпе, дем алуға

көмекші бұлшық еттердің қосылуы, мұрын ауыз үшбұрышының көгеруі.

Перкуторлық-қабынған жердің үстінде дыбыстың қысқаруы. Аускультативтікылғалды ұсақ көпіршікті сырыл естіледі.

  1. Гипертермия кезіндегі жедел көмек техникасын көрсетіңіз

Гипертермияда жедел көмек

Қалыпты температура: 2 айға дейін 36,5-37,50С,

2 айдан жоғары 36,0-37,00С

Гипертермия түрлері

Гипертермияның типтері Температура көрсеткіштері

Субфебрильді 37 -380С

Жоғары 38 -390С

Өте жоғары 39 -410С

Гиперпиретикалық 410С жоғары

Мақсаты: дене қызуын түсіру.

Ресурстар: губка, бөлме температурасындағы су, ыдыс, парацетамол,

сусындар.

Іс-әрекеттер алгоритмі

Қолымызды өңдеп, резин қолғапты киіңіз.

1. Баланы төсекке жатқызыңыз, денесін қысып тұрған киімдерін шешіңіз,

таза ауаның келуін қамтамасыз етіңіз.

2. Баланың дене температурасын қолтық астынан өлшеңіз. Егер

қолтығыннан өлшеу мүмкін болмағанда тік ішектен өлшеңіз. Тік

ішектегі температура қолтық астындағы температурадан 10С жоғары

болады.

3. Көмек температура көрсеткішіне қарай көрсетіледі.

- Егер дене қызуы 37,0-37,5*С болса, онда балаға көп мөлшерде

сұйықтар ішкізіңіз;

- Егер дене қызуы 37,5-38,0*С болса, онда баланы шешіндіріп, денесін

дене температурасындағы суға батырылған губкамен сүртіңіз ;

- Егер дене қызуы 38,5*С жоғары болса, онда балаға қызу түсіретін

препарат беріңіз;

- Дене қызуын 20-30 минуттан кейін өлшеңіз;

Парацетамолды 1 жасқа дейінгі балаларға 10мг/кг салмағына, 1 жастан асқан

балаларға

1   2   3   4   5


написать администратору сайта