Главная страница

фельдшер обл.больница. ЕМТИХАН. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеіз


Скачать 337 Kb.
НазваниеБолжамды диагнозы. Диагнозды негіздеіз
Анкорфельдшер обл.больница
Дата30.03.2022
Размер337 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЕМТИХАН.doc
ТипДокументы
#428663
страница4 из 5
1   2   3   4   5
12 билет

Бала 6 жаста, бала-бақшаға барады. Жедел ауырған, дене қызу субфибрильді, денесінде дақты-папулезді, кейін везикулярлы бөртпелер пайда болған. Соңғы 2 күнде жағдайы нашарлап, теріде жаңа элементтер шыққан. Қараған кезде терісінде папула, везикула, қабыршақтарды көруге болады.

  1. Болжамалы диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Сіздің тактикаңыз. Емі.

  3. Гипертермия кезінде көмек көрсетіңіз.

Гипертермияда жедел көмек

Қалыпты температура: 2 айға дейін 36,5-37,50С,

2 айдан жоғары 36,0-37,00С

Гипертермия түрлері

Гипертермияның типтері Температура көрсеткіштері

Субфебрильді 37 -380С

Жоғары 38 -390С

Өте жоғары 39 -410С

Гиперпиретикалық 410С жоғары

Мақсаты: дене қызуын түсіру.

Ресурстар: губка, бөлме температурасындағы су, ыдыс, парацетамол,

сусындар.

Іс-әрекеттер алгоритмі

Қолымызды өңдеп, резин қолғапты киіңіз.

1. Баланы төсекке жатқызыңыз, денесін қысып тұрған киімдерін шешіңіз,

таза ауаның келуін қамтамасыз етіңіз.

2. Баланың дене температурасын қолтық астынан өлшеңіз. Егер

қолтығыннан өлшеу мүмкін болмағанда тік ішектен өлшеңіз. Тік

ішектегі температура қолтық астындағы температурадан 10С жоғары

болады.

3. Көмек температура көрсеткішіне қарай көрсетіледі.

- Егер дене қызуы 37,0-37,5*С болса, онда балаға көп мөлшерде

сұйықтар ішкізіңіз;

- Егер дене қызуы 37,5-38,0*С болса, онда баланы шешіндіріп, денесін

дене температурасындағы суға батырылған губкамен сүртіңіз ;

- Егер дене қызуы 38,5*С жоғары болса, онда балаға қызу түсіретін

препарат беріңіз;

- Дене қызуын 20-30 минуттан кейін өлшеңіз;

Парацетамолды 1 жасқа дейінгі балаларға 10мг/кг салмағына, 1 жастан асқан

балаларға

13 билет
Қыз бала 10 жаста, емханаға мұрыннан қанауы, қанды құсықтың болуына шағымданып келді. Қан кету 4 жастан бері байқалады. Мұрыннан қан кетумен, теріде геморрагиялық бөртпелердің пайда болуымен бірнеше рет станционарда емделген.

Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозарған және денесі мен аяқ-қолында мөлшері 0,5*1,0 см дейін 3*4см-дей түрлі-түсті көгерулер бар. Көгерулер ассимитриялы орналасқан. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қан анализінде: эритроцит-3,3*1012/л, Нв-85г/л, тромбоциттер-24,6*109/л. Зәр анализі патологиялық өзгеріссіз.

  1. Болжамалы диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексерулер жүргізесіз?

  3. Мұрыннан қан кету кезіндегі көмек техникасын көрсетіңіз.

Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін көмек

Мақсаты: қан тоқтату

Ресурстар:мұзды мұйық, жылытқыш, 3% сутегі асқын тотығы, 1%

викасол, 5% аминокапрон қышқылы, дәке салфеткалар, дәке трунду.

Іс әрекет алгоритмі:

1.Баланы тыншталдырыңыз,басын төмен еңкейтіп отырғызыңыз, (қанды

жұтып немесе аспирация болмауы үшін).

2. Баланы қысып тұрған киімдерін босатыңыз, еркін тыныс алуы үшін. Таза

ауамен қамтамасыз етіңіз.

3. Мұрынының қанатын ортасын бөліп тұрған пердеге басыңыз.

4. Мұздатқышты кеңсерігіне немесе желкесіне 30 минуттай басыңыз.

Аяғына жылытқыш қойыңыз.

5. Қанды тоқтату үшін мұрынға 3%сутегі асқын тотығы немесе 1%

викасол, 5% аминокапрон қышқылына салынған дәке салфетканы қан ағып

тұрған мұрынға сал.

5.Егер қан тоқтамаса, 25-30 см турундуды алып 3% сутегі асқын

тотығына немесе 5% аминокапрон қышқылына малып, мұрынды

тығындаңыз. Турундуды 12-24 сағатқа қалдыруға болады.

6. Б/етке викасол, көктамырға10% кальций хлорид ерітіндісі, 5%-

аминокапрон қышқылы.

7. Егер көмек нәтижесіз болса науқасты ауруханаға жеткізіңіз
14 билет
Бала 3 жаста, соңғы жылдары жие салқын тиіп ауырады. Соңғы 1 айдан бері әлсіздік, тез шаршау, тәбетінің төмендеуі, мұрынынан жиі қан кетуі, сүйектерінің ауырсынуына шағымданады. Тексеру кезінде тері жамылғысы бозғылт, бауыры, талағы, лимфа түйіндері ұлғайған. ЖҚА анемия, тромбоцитопения, гиперлейкоцитоз, ЭТЖ жоғары, бласты клеткалар анықталған.

  1. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

Л е й к о з - қан түзу жүйесінің қатерлі ісік ауруы. Патологиялық процесс алғаш

сүйек майында локализацияланып, әрі қарай басқа ағзалараға метастаз беруімен

сипатталады.

Балаларда басқа қатерлі ісіктерге қарағанда лейкоз жиі кездеседі.

Клиникасы.

Аурудың өтуін 5 кезеңге бөледі.

1. Бастапқы

2. Өршу

3. Ремиссия

4. Рецидив

5. Терминальды

Бастапқы кезеңіне клиникалық сиптомдары өте аз және полиморфим тән. Жалпы

интоксикация, тәбетінің төмендеуі, терісінің бозаруы, дене қызуының әлсін-әлсін

жоғарлауы, басының ауруы, сүйектерінің және буындарының ауырсынуы, лимфа

түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Кейде басқа аурулар сияқты басталады: анемия,

тромбоцитопатия, вазопатия, тұмау, сепсис сияқты. Ауру басталғаннан диагноз қоюға мүмкіндік беретін алғашқы қан анализіне дейін 4-6 апта, кейде оданда көп уақыт өтуі мүмкін.

Өршу кезеңінің негізгі сиптомокомплекстер: интоксикация, геморрагиялық (теріде

қан құйылулар, мұрыннан, қызыл иектен, ішкі ағзалардан қан кетулер), анемиялық (терісі мен кілегей қабығының түсі бозарып) , сүйек тінінің зақымдануы, пролиферативтік синдром (бауыр, талағының, құрсақ ішілік, мойын, жақ асты, қолтық асты, шап лимфа түйіндердің ұлғаюы. Лимфа түйіндер тығыз, эластикалы, ауырсынусыз, айналасындағы тіндерге жабыспаған), байқалады. Сүйектердің патологиялық процестер буындарда, түтік сүйектерде, бастың сүйектерінің аурыснуымен білінеді. Балаларда жиі кездесетін екі формасының клиникалық көріністерінің өз ерекшеліктері бар. Жедел лимфобласты лейкозға пролиферативтік синдром және жүйке жүйесінің зақымдануы тән.

Жедел миелобласты лейкозға ауыр интоксикация, гепатомегалия, анемиялық,

геморрагиялық синдром тән.

Ремиссия кезеңінің уақытылы жүргізілген дұрыс ем көптеген науқастарда клиниколабораториялық ремиссия болады. Ремиссия толық немесе толық емес болуы мүмкін.

Толық ремиссия- клиникалық белгілерінің болмауы, бласты клеткалар 15%-дан,

лимфациттер 20% төмен, лейкоциттер 1,5х10/л көп болуы. Толық емес ремиссия –

клиниалық белегілер жоқ, бірақ миелограммада патологиялық өзгерістер қалады.

Рецидив кезеңінің сипаты клиникалық белгілер мен қандағы өзгерістің кері

қайталануымен сипатталады.

Терминальдық кезеңің сипаты аурудың барлық сиптомдары айқын байқалады, ішкі

ағзалардың бәрінде қайтымсыз процестер болып, ем нәтиже бермейді. Бала көбіне

геморрагиялық синдромнан өледі

  1. Осы аурудың этиологиясы? Қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек.

Этиологиясы анықталмаған. Ісіктің пайда болуына тұқымуалаушылық бейімділік

пен сыртқы орта факторлары әсер етеді:

- ионды сәулелер,

- онковирустар,

- химиялық факторлар.

Онкогенді факторлар антенатальды жолмен де берілуі мүмкін.

Алғаш патологиялық процесс сүйек майында пайда болып, әрі қарай басқа

ағзаларға метастаз береді. Бауырда, талақта, лимфа түйіндерде, сүйек майында

эмбрионалдық қан жасау ошақтары пайда болады. Лейкозға тән белгі сүйек майында

бласты клеткалардың көбейуі болып табылады. Қандай бласты клеткалардың көп

болуына байланысты:

Миелобласты;

Лимфобласты;

Монобласты;

Эритробласты;

Дифференцияланбаған бластар болуы мүмкін.

Балаларда миелоблсты және лимфобласты формалары жиі кездеседі. Көбіне 3-4

жаста ауырады.

Диагноз лабораториялық тексеруден кейін нақты қойылады. Жедел лейкоздың диагностикалық критерилері: 1)Перифериялық қанда жетілмеген қан жасушалары, 2)анемия, 3)тромбоцитопения байқалады. Сондай ақ лейкоциттер санының көбеюі немесе азаюы мен ЭТЖ ның жоғарлауы болады. Гемотологиялық белгісінің бірі «лейкемиялық үзілу» («лейкемическое зияние») жас клеткалар мен жетілген клеткалар арасындағы өтпелі клеткалар болмауы тән. Лейкозға диагноз қою үшін сүйек миына пункция жүргізіледі. Миелограммадағы лейкозға тән белгілері: эритропоэздың, тромбопоэздың төмендеуі және 90-95% бласты жасушалар пайда болуы. Созылмалы лейкоз балаларда сирек кездеседі, негізінде жедел лейкозбен ауырады.

  1. Мұрыннан қан кету кезінде көмекті көрсетіңіз

Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін көмек

Мақсаты: қан тоқтату

Ресурстар:мұзды мұйық, жылытқыш, 3% сутегі асқын тотығы, 1%

викасол, 5% аминокапрон қышқылы, дәке салфеткалар, дәке трунду.

Іс әрекет алгоритмі:

1.Баланы тыншталдырыңыз,басын төмен еңкейтіп отырғызыңыз, (қанды

жұтып немесе аспирация болмауы үшін).

2. Баланы қысып тұрған киімдерін босатыңыз, еркін тыныс алуы үшін. Таза

ауамен қамтамасыз етіңіз.

3. Мұрынының қанатын ортасын бөліп тұрған пердеге басыңыз.

4. Мұздатқышты кеңсерігіне немесе желкесіне 30 минуттай басыңыз.

Аяғына жылытқыш қойыңыз.

5. Қанды тоқтату үшін мұрынға 3%сутегі асқын тотығы немесе 1%

викасол, 5% аминокапрон қышқылына салынған дәке салфетканы қан ағып

тұрған мұрынға сал.

5.Егер қан тоқтамаса, 25-30 см турундуды алып 3% сутегі асқын

тотығына немесе 5% аминокапрон қышқылына малып, мұрынды

тығындаңыз. Турундуды 12-24 сағатқа қалдыруға болады.

6. Б/етке викасол, көктамырға10% кальций хлорид ерітіндісі, 5%-

аминокапрон қышқылы.

7. Егер көмек нәтижесіз болса науқасты ауруханаға жеткізіңіз
15 билет
Сіз емхана фельдшерісіз, балабақшаға баратын 3 жастағы балаға шақыртумен үйіне бардыңыз. Бала 3 күн бұрын ауырып бастаған, қатты жөтел, мұрынынан серозды бөліністер, көзі жасаурайды, дене қызуы 38,0 – 38,30 С. Бүгін бетінде, мойынында бөртпелер пайда болған.

Қарағанда: жағдайы орташа, бетінде, мойынында дақты-папулезді бөртпелер, коньюктивит, көмейі – гиперемияланған, ұртында – энантема бар. Тынысы қатқыл, ТЖ- 31 рет мин., жүрек соғысы ырғақты. Зәр шығару мен нәжісі қалыпты.


  1. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

Қызылша – вирустармен шақырылып, жоғары температурамен, интоксикациямен тыныс жолдарының кілегей қабатының қабынуымен, теріде дақты-папулезды бөртпелерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауруы. Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы – парамиксовирустар, құрамында РНК бар. Қызылша вирусының күрделі антигенді құрылысы бар, гемолиз, гемагглютинация және комплемент-байланыстырушы қасиеті бар. Қызылша вирусы сыртқы ортада өте төзімсіз, тез тарағыш, өте жұқпалы (ауру бала отырған бөлімдегі ауа арқылы басқа бөлмелерге, этаждарға тарап, басқа балалрға жұғылады).

Эпидемиологиясы. Аурудың көзі – ауру бала, ауырғаннан бастап, бөртпе шығу кезеңінің 5-ші күніне дейін, 10-шы күнге дейін қоршаған ортада жұқпалы болып есептеледі. Вирус науқас жөтелгенде және түшкіргенде қоршаған ортаға сілекейі-мен бөлінеді. Вирус ауа арқылы тез таралатындықтан науқасты толық оңашалау өте қиын.

Патогенезі. Вирустың ағзаға енетін қақпасы жоғары тыныс жолдарының кілегей қабығы. Вирустың алғашқы көбейетін орны тыныс циттары. Лимфоидты жүйе (лимфа түйіндері, талақ, бауыр), қан атмырлары зақымданады. Инкубациялық кезеңде вирусемия пайда болады.

Клиникасы. Қызылшаның инкубациялық кезеңі 7-17 күн, профилактикалық мақсатта иммуноглобулин алғанда – 21 күнге созылады. Клиникасында 3 кезең бар: 1. Катаральды кезең – дене қызуының 38, 5 - 39C, жоғары тыныс жолдары қабынады, коньюнктивт пайда болады. Мұрын қуысынан алғашқыда кілегейлі, сосын кілегейлі-іріңді бөлініс, дауысы қарлығып, құрғақ жөтел пайда болады, бала мазасызданады. Науқас жарыққа қарай алмайды коньюнктивит, қабығы ісініп, склера қан тамырлары қызарып, ісінеді. Кейінірек іріңді бөлініс пайда болады, бала мазасызданады. Науқас жарыққа қарай алмайды, коньюнктивит, қабағы ісініп, склера қан тамырлары қызарып, ісінеді. Кейінірек іріңді бөлініс пайда болады; жалпы жағдайы нашарлайды; әлсіздік, мазасыздық, тәбеті және ұйқысы бұзылады. Катаральды, продромальды деп те аталады, 3-4 күнге, кей жағдайда 5-7 күнге созылады. Ауыз қуысының кілегейлі қабығында Бельский-Филатов-Коплик белгісі пайда болады: ұрттың кілегейлі қабатында, кіші азу тістерінің тұсында ақ жарма тәрізді бөртпе, айналасы қызыл доғамен қоршалған, 3-4 күнге дейін сақталады. Таңдайда қызыл түсті дақтар – энантема байқалады. Бала өте мазасыз, ұйқысы бұзылып, тәбеті төмендейді, кейде құсып, іші өтуі де мүмкін. 2. Бөртпе шығу кезеңі – аурудың 4-5 күнінде басталады, қызылшаға тән дақтыпапулезды бөртпенің пайда болуымен сипаттаалады. Бөртпелердің алғашқы элементтері құлақ артында, мұрын қырында майда қызғылт дақ түрінде пайда болып, көлемі ұлғайып, бір-бірімен қосылып, әртүрлі пішінді бөртпеделге айналады. Алғашқы тәулікте бөртпелер тез таралып, бетінде, мойынында, кеудесі мен арқасының жоғары бөлігінде пайда болады. Аурудың екінші күнінде бөртпелер денесінің барлық жерінде, қолының проксимальды бөлігінде, 3 тәулікте қолы мен аяғына толық таралады

3. Жазылу кезеңі пигментация кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде баланың жалпы

жағдайы дұрыстала бастайды, тері қабатындағы бөртпелер солғындай келе, орнында

қошқыл қоңыр түсті дақтар қалады. Бөртпелер алғашқыда бетінде, сосын денесінде, қолаяқтарында өзгере бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы 1-1,5 аптаға созылады. Бөртпелер кеткен кезде тері қабатында ұсақ түлеу байқалады. Баланың жалпы жағдайы біртіндеп жақсарады.

  1. Сіздің тактикаңыз. Бұндай ауру адамды қай жерде емдейді?

Лабораториялық тексерулер гематологиялық, вирусологиялық және

серологиялық тексерулер жүргізіледі. Диагноз қоюға көмегі зор зерттеу тәсіліне IgM

антиденесін анықтайтын қызылшаның өткір кезеңіне тән, және IgGg (инфекциядан кейін

анықталатын антидене) иммуноферменттік анализ (ИФА) жатады.

Емдеу. Ауру бала негізінен үй жағдайында емделеді. Стационарда арнайы бокстарда

келесі балалар ем қабылдайды: 2 жасқа дейінгі балалар, аурудың ауыр түрлерінде,

асқынған түрлерінде, балалар үйінен түскен науқастар. Науқас жатқан бөлме таза, жүйелі

желдетіп тұру қажет. Қызуы көтерілген кезде төсек режимі тағайындалады. Терісі мен

кілегей қабығына жақсы күтім жүргізілуі керек. Науқастың көзін күніне бірінші рет

қайнаған сумен немесе 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісімен жуады. Көзді іріңнен

тазартып болғаннан кейін 20% сульфацил-натрий ерітіндісін және витамин А 1-2

тамшыдан көзіне 3-4 рет тамызу керек. Құрғап, жарылып кеткен ерініне вазелин немесе

басқа да майды жағу керек. Тамақтануы жасына сәйкес жүргізіледі, қызба кезінде

науқасқа сүт жөне көкөніс өнімдері беріледі. Бала сұйықтықты жеткілікті алуы керек.

Қызылшаның барлық түрінде аскорбин қышқылы 300-500 мг/тәулігіне, витамин А10

мг/тәулігіне беріледі. Асқынулар болмаған жағдайда антибиотиктер тағайындалмайды.

Пневмония болған жағжайда антибиотик беріледі. Пенициллин 50-100000 Б/кг салмағына 2-3 рет бұлшық етке салынады. Қызылшаның профилактикасы арнайы және жалпы

шаралардан тұрады.

Арнайы шаралар – арнайы профилактика жүргізу – қызылша вакцинасын егу – жаңа

күнтізбекке сәйкес 12 айлығында, қайта егу 6-7 жасында 0,5 мл бұлшық етке немесе тері астына жасалады. Егер бала жақын арада гамма глобулин, қан, плазма және гормондар

қабылданса, екпе 6 апта өткеннен кейін жүргізіледі. Бұрын қызылшамен ауырмаған, егу жұмыстарын алмаған балалар, ауру баламен қарым -қатынаста болса, тез арада екпе

қабылдау қажет. Егу жұмысын жүргізуге болмайтын жағдайда, пассивті иммунитет

туғызу үшін иммуноглобулин 1,5-3 мл егіледі.

Жалпы шаралар:

- Ауру баланы мүмкіндігінше тез оңашалау;

- СЭС-ке жедел хабар беру, балалар мекемелеріндегі қарым-қатынастағы балаларға

17-21 күнге карантин тағайындау.

Емдеу мақсаты:

1) толық жазылу

2) аурудың эпидемиялогиялық таралуына жол бермеу

3) ауруды ерте анықтап, асқынуларының алдын алу

Емнің ұзақтығы 10 – 14 күн.

  1. Гипертермия кезіндегі көмекті көрсетіңіз

Гипертермияда жедел көмек

Қалыпты температура: 2 айға дейін 36,5-37,50С,

2 айдан жоғары 36,0-37,00С

Гипертермия түрлері

Гипертермияның типтері Температура көрсеткіштері

Субфебрильді 37 -380С

Жоғары 38 -390С

Өте жоғары 39 -410С

Гиперпиретикалық 410С жоғары

Мақсаты: дене қызуын түсіру.

Ресурстар: губка, бөлме температурасындағы су, ыдыс, парацетамол,

сусындар.

Іс-әрекеттер алгоритмі

Қолымызды өңдеп, резин қолғапты киіңіз.

1. Баланы төсекке жатқызыңыз, денесін қысып тұрған киімдерін шешіңіз,

таза ауаның келуін қамтамасыз етіңіз.

2. Баланың дене температурасын қолтық астынан өлшеңіз. Егер

қолтығыннан өлшеу мүмкін болмағанда тік ішектен өлшеңіз. Тік

ішектегі температура қолтық астындағы температурадан 10С жоғары

болады.

3. Көмек температура көрсеткішіне қарай көрсетіледі.

- Егер дене қызуы 37,0-37,5*С болса, онда балаға көп мөлшерде

сұйықтар ішкізіңіз;

- Егер дене қызуы 37,5-38,0*С болса, онда баланы шешіндіріп, денесін

дене температурасындағы суға батырылған губкамен сүртіңіз ;

- Егер дене қызуы 38,5*С жоғары болса, онда балаға қызу түсіретін

препарат беріңіз;

- Дене қызуын 20-30 минуттан кейін өлшеңіз;

Парацетамолды 1 жасқа дейінгі балаларға 10мг/кг салмағына, 1 жастан асқан

балаларға

16 билет
Сіз үйге 5 жастағы балаға шақыртумен үйге бардыңыз. Бала есінен танып қалған. Анамнезінен бала 3 жастан қант диабетімен ауыратыны белгілі болды. Тексеру кезінде баланың терісі құрғақ, пульсі жиеленген, қан қысымы төмендеген, шулы тыныс, ауызынан ацетон иісі шығады.

  1. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

Гипергликемиялық(диабеттік кетоацидоз) кома Себептері: 1. Инсулиннің дозасының кем болуы. 2. Майлы тамақты және тәттілерді мөлшерден көп жеу. Осы себептердің әсерінен зат алмауының барлық түрі бұзылады,организмде шала тотыққан қосылыстар жиналып организм уланады. Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдеу күшейеді, зәрдің мөлшері көбейеді,тәбеті төмендеп, ұйқышыл болады,терісі,шырышты қабықтары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады,дем алысы шуылдаған,бала есінен айырылады,көз алмасы жұмсақ.

  1. Сіздің тактикаңыз.

  2. Гипергликемия, гипогликемия кезінде көмек көрсетіңіз.

Гипергликемиялық(диабеттік) кома

Мақсаты: Қандағы қант мөлшерін төмендету (регидратация, инсулин енгізу,

электролиттік алмасуды қалыпқа келтіру)

Ресурстар: тонметр, фонедоскоп, щпицтер, мақта шариктері, 70% спирт,

резин жгут, пинцет, лоток, дәрілік заттар:0,9% NaCl ерітіндісі, инсулин.

Себептері: 1. Инсулиннің дозасының кем болуы.

2. Майлы тамақты және тәттілерді мөлшерден көп жеу.

Айқындалуы:Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдеу

күшейеді, зәрдің мөлшері көбейеді,тәбеті төмендеп, ұйқышыл

болады,терісі,шырышты қабықтары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады,дем

алысы шуылдаған,бала есінен айырылады,көз алмасы жұмсақ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас баланы басын бір жағына бұрып, жатқызыңыз;

2. Емді бастамас бұрын қандағы гликемия және кетондық денелерді,

глюкозурияны, кетонурия анықтау керек.

3. Көк тамырға 20мл/кг салмағына есебінде физиологиялық ерітінді

қоямыз.

4. Қысқа әрекетті инсулинді 0,1Бр/ кг есебінен физерітіндіге қосып, көк

тамырға үздіксіз (ағынмен) құйылады.

5. 4% сода ерітіндісімен тазартқыш клизма қойыңыз.

6. Рингер, физиологиялық ерітінділерін венаға тамшылатып 2-3 литрге

дейін құю керек. Бұл ерітінділермен бірге кокорбоксилаза, витамин

«С» құйылады.

7. Тамшылатып сұйықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен

жылытып, көп мөлшерде сұйықтар беріңіз: жылы минералды сулар,

кептірілген жемістерден жасалған компотты әр 5-10 мин сайын шай

қасықпен 1-2 рет беру керек.

8. 3-4 сағаттан кейін баланы оңай сіңірілетін тамақтармен

тамақтандырады: айран, жеміс пюресі, шырындар.

Мейірбике ондағы қант мөлшерін айқындау үшін баланың тәуліктік

зәрін жинап, қан алуы керек.
Гипогликемиялық комадағы шұғыл көмек

Мақсаты: Қандағы қант мөлшерін көтеру

Гипогликемиялық кома себептері: Тамақпен организмге қанттардың кем

түсуі немесе организмге инсулиннің шамадан көп енгізу.

Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі

шықпайды, терісі боз дымқыл, демалысы жиі үстірт, жиі баланың денесі

құрысады, есінен тез танады

Ресурстар: тонметр, фонедоскоп, щпицтер, мақта шариктері, 70% спирт,

резин жгут, пинцет, лоток, дәрілік заттар: 40-60 мл. 40% глюкоза ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Көк тамырға ағынмен 40% глюкоза 20-50 мл ерітіндісін енгізіңіз;

2. Әсері болған жағдайда 20-50 мл. 40% глюкоза ерітіндісін қайталап

енгізіңіз;

3. Бала есін жинағасын, оған бірнеше кесек қант, 1-2 ас қасық бал,

кәмпит, тәтті шай беріңіз;

4. Бала есін тез жинағасын тамақтандырады.

5. Баланың жағдайына байланысты стационарға госпитализациялаңыз


17 билет
4 жасар қыз бала 2 күннен бері ауырып жатыр. Әлсіздікке және аздап тамағының ауырғанына шағымданды. Тексеріп қарағанда дене қызуы 37,9С, жағдайы орташа ауырлықта, балада әлсіздік бар. Көмей орташа гиперемияланған, бадамша бездері ұлғайған, жалтырап сұрғылт-ақшыл түсті пленкасы жабылған. Бадамша бездеріндегі жабын тампонмен алынбайды. Жабынды алуға әрекеттенгенде астынан қан көрінді. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек қан тамыр жүйесі патологиялық өзгеріссіз. Нәжісі, зәр шығаруы қалыпты.


  1. Болжамды диагнозв. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Сіздің тактикаңыз. Болуы мүмкін асқынулар

  3. Коммуникативті дағдыларыңызды қолдана отырып, көмей мен мұрыннан жағынды алу техникасын көрсетіңіз.



18 билет
Сіз үйге 8 жастағы балаға шақыртумен үйге бардыңыз. Бала аулада ойнап жүріп, кенеттен есінен танып қалған. Анамнезінен бала 3 жастан қант диабетімен ауыратыны, инсулин алатыны белгілі болды. Бала 1 сағат бұрын инсулин инъекциясын жасағаннан кейін сыртқа шығып балалармен ойнап кеткен. Тексеру кезінде баланың терісі ылғал, тынысы беткей, жиеленген.


  1. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Сіздің тактикаңыз. Осы жағдайдың болу себебі.

  3. Гипогликемия кезінде көмек көрсетіңіз

Гипогликемиялық комадағы шұғыл көмек

Мақсаты: Қандағы қант мөлшерін көтеру

Гипогликемиялық кома себептері: Тамақпен организмге қанттардың кем

түсуі немесе организмге инсулиннің шамадан көп енгізу.

Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі

шықпайды, терісі боз дымқыл, демалысы жиі үстірт, жиі баланың денесі

құрысады, есінен тез танады

Ресурстар: тонметр, фонедоскоп, щпицтер, мақта шариктері, 70% спирт,

резин жгут, пинцет, лоток, дәрілік заттар: 40-60 мл. 40% глюкоза ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Көк тамырға ағынмен 40% глюкоза 20-50 мл ерітіндісін енгізіңіз;

2. Әсері болған жағдайда 20-50 мл. 40% глюкоза ерітіндісін қайталап

енгізіңіз;

3. Бала есін жинағасын, оған бірнеше кесек қант, 1-2 ас қасық бал,

кәмпит, тәтті шай беріңіз;

4. Бала есін тез жинағасын тамақтандырады.

5. Баланың жағдайына байланысты стационарға госпитализациялаңыз.
19 билет
Сіз бала-бақшаның фельдшерісіз. Ересек тобының балаларына Манту сынамасы жасалды. 1 ер балада Манту сынамасының нәтижесі – инфильтрат 8 мм. Алдыңғы жылдары сынама теріс нәтижелі болған. Баланың шағымы жоқ, белсенді, көңіл-күйі жақсы, тәбеті сақталған, ішкі ағзалар бойынша патологиясыз. Қан және зәр анализдері қалыпты.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Сіздің тактикаңыз. Бала қайда, қалай емделеді?

  3. Коммуникативті дағдыларыңызды қолдана отырып, манту сынамасын жүргізу техникасын көрсетіңіз.

20 билет
Сіз емхананың учаскелік фельдшерсіз. Қабылдауға 5 айлық қыз бала келді. Анасы баланың әлсіздігіне, тәбетінің төмендігіне, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Анасы жұмысқа шығып кетуіне байланысты, 3 айынан бастап балаға сиыр сүтін берген. Бала «Д» витаминін алмаған. Тұрмыстық-материалдық жағдайы нашар.

Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, бірақ әлсіз, терісі бозарған, тершең. Басының маңдай және төбе бұдырлары айқындалған, желке шаштары түсіп қалған. Қабырғаларында «таспиық» белгілері байқалады. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Ішкі ағзаларында патологиялық өзгеріс жоқ.


  1. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

Рахит – негізінен Д витамині жетіспеуінен организмде фосфор-кальций алмасуы бұзылып, сүйек түзу мен сүйектің минерализациялану процессінің өзгерістерімен сипаталатын ерте жастағы балалар ауруы. Этологиясы. Мешел ауруының пайда болу негшізгі себебі Д витаминінің жетіспеуі. Ол осы витамин тағамда аз болуына немесе ультракүлгін сәулесінің әсерінен терісінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне байланысты. Аурудың пайда болуына ас қорыту жолдарында Д витаминін сіңіру мен оны белсенді метоболитка айналдырудың бұзылуы, белок, А, С, В витаминдері, минералдар, әсіресе кальцидің дефициті әсер етеді. Ауруға бейімдеуші факторлар: анасының созылмалы аурулары, шала туу, көп ұрықты жүктілік, жасанды тамақтандыру, баланың аурушаңдығы, тұрмыстық жағдайының, гигиеналық жағдайдың нашар болуы, жағымсыз климаттық факторлар.

Процестің ауырлығы

Ауру кезеңі

Ағым сипаты

І дәреже - жеңіл

Бастапқы

Қатты жедел

ІІ дәреже - орташа

өршу

баяулау

ІІІ дәреже - ауыр

Айығу

рецидивті




  1. Баладағы жалпы қауіптілік белгілерін анықтаңыз.

Клиникасы. Ауырлығына қарай 3 дәрежеге бөлінеді. І дәреже (жеңіл) 2 – 3 айлық балада үлкен еңбегінің мөлшері үлкейіп, шеттері жұмсарады. Желке сүйегінің жұмсаруы, «Каранио табес», шүйдесі тегістеліп, басының пішіні өзгереді. Балада тершеңдік байқалады. Сәби жастыққа басын шайқап, үйкелей беретіндіктен желке шаштың түсуі, мазасыздық шошу сияқты өзгерістер байқалады. ІІ дәреже (орташа)– сүйек жүйесіндегі өзгерістермен сипатталады. Төбе мен маңдайдың дөнестігі, 5 – 8 қабырғаларда рахиттік «таспих», «білезік», саусақ фалангаларында «інжу жіптер» белгілері пайда болады. Ол қабырға шеміршектерінің түйінделуі қабырғалар жұмсақ, иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеудесінің төменгі апертурасы ұлғаяды. Көк еттің бекіттілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Оны «гаррисонов сайы» деп атайды. Тістердің шығу мерзімі мен реті бұзылады. ІІІ дәреже (ауыр). Сүйектегі өзгерістер айқын көрінеді. Бас сүйік деформациясы байқалады. Сәбидің басы төртбұрыш тәрізденеді. «Олимпиялық маңдай», кеуде клеткасы алдына қарай шығып «құс төс» немесе ішіне қарай түсіп «етікші төсі» белгілері пайда болады. Омыртқалар доғаланып иіліп мешелдік, бүкірлік қисаюлар пайда болады. Түтікше сүйектердің қисаюынан аяқатары «О» немесе «Х» тәрізді қисаяды. 1-2 дәрежесінде бұлшық ет тонусы төмендейді, сәбидің іші үлкейеді «бақа іш», отыруы, тұруы, жүруі кешігеді. Бауыр, талағы ұлғаяды, ішкі ағзалардың функциясы бұзылады. Анемия болады. Пневманияға биімділік туғызады. Айығу кезеңі – нерв жүйесінің зақымдалу белгілері жойылады. Сәбидің сүйегі қатайып тістері шығады. Тұру және жүру қалпына келеді. Қалдық өзгерістер кезеңі – рахит процесі аяқталып, бас сүйегі кеуде бұзылыстарының бұлшық ет гипотониясы. Мүлдем жойылуы, кейбіреулері із қалдыруы мүмкін.

Лабараторлы диагностика. Қанның сары суында кальций мен фосфордың төмендеуі.

  1. Антропометрия жүргізу техникасын көрсетіңіз.

Антропометрия

Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау

Дайындаңыз: 2 жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу үшін

көлденең бой өлшегішті, 2 жастан жоғары бала үшін тұрғызып

өлшейтін бой өлшегішті, дез ертіндісін, таза жөргекті,

медициналық электронды таразы сантиметрлік лентаны, 70%

спиртті, стерильді шарикті, пинцетті, қолданылған материалдарды

салатын «А» және «Б» сыныптарына арналған контейнер.

Баланың бас айналымын өлшеу

1. Анасына процедура барысын түсіндіріңіз, оның келісімін

алыңыз.

2. Сантиметрлік лентаны алып, 2 жағынан спиртпен сүртіңіз.

3. Лентаны шүйде сүйегігің бұдырына және қас үсті дөңестері

арқылы өткіз.

4. Сантиметрлік лентаның түйіскен жерінен көрсеткішті

анықтаңыз.

5. №112/е нысанға жазыңыз.

Баланың кеуде айналымын өлшеу.

1. Баланың кедесін жалаңаштаңыз, қолдарын жоғары көтеріңіз.

2. Артқы жағынан екі жауырынның төменгі бұрыштарынан,

алдыңғы жағынан емшек ұшы айналасындағы шеңбердің

төменгі шетімен лентаны айналдыра өткізіңіз.

3. Баланың қолдарын төмен түсіріңіз.

4. Сантиметрлік лентаны түйіскен жерінен кеуде айналымының

көрсеткішін анықтаңыз.

5. №112/е нысанға жазыңыз

Баланың бойын өлшеу

Алгоритм іс әрекеті:

1. Баланың бойын айқындау алдында бой өлшегіштің үстін дез

ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп,

сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

3. Бой өлшегішке таза жөргек төсеңіз.

4. Баланың бас киімін, аяқ киімін, шашындағы резенкелер мен

қыстырғыштырды шешіңіз, бұрымын тарқатыңыз, егер бойын

өлшеуге кедергі жасаса.

5. Анасына баланы өлшегішке жатқызып, баланың басын өлшеп

болғанша қозғалтпай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

6. Баланың басын жоғарғы планкаға тығыз тірелетіндей етіп,

арқасымен жатқызыңыз.

7. Баланың басын есту каналынан көздің астыңғы жағымен ойша

жүргізілген түзеу сызық бой өлшегіш тақтайға перпендикуляр

болатындай етіп орналастырыңыз. Бұл түзу сызық «Франкфурт

сызығы» деп аталады.

8. Баланың түзу жатырғанына, иықтыры тақтайға тиген, арқасы

қисық еместігіне көз жеткізіңіз.

9. Баланың тізесін бір қолыңызбен жаймен басып ұстап, аяғын

барынша жазыңыз.

10. Екінші қолыңызбен қозғалмалы планканы табанына тіреңіз,

табаны тақтайға толық тиіп тұруы керек.

11. Егер табаны толық тимей тұрса, табанын қыдықтап жіберіңіз,

сол кезде бала табанын жазады.

12. Көрсеткішті қарап, жазып алыңыз. Өлшемді 0,1 см дәлдікпен

алыңыз.

Баланың салмағын өлшеу

Алгоритм іс-әрекеттері:

1.Таразының табағын дез ертіндімен сіңірілген бір рет

пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою

контейнеріне тастаңыз.

2.Таразыны қосыңыз, көрсеткішін 0-ге келтіріңіз.

3.Таразыға таза жөргекті төсеңіз.

4.Жөргектің салмағын өлшеп алыңыз (электронды таразының

«тара» деген тетігін басып, таразы көрсеткішін «0»-ге келтіріңіз).

5.Анасына баланы таразыға салуын сұраңыз. Егер бала отыра

алатын болса, онда отырғызып өлшеуге болады.

6.Баланың салмағын өлшеңіз.

7.Ф-112/е - баланың даму тарихына жаызңыз.

8.Баланы анасына беріп, жөргекті лас қапшыққа салыңыз.

9.Таразыны өшіріңіз.

21 билет
Сіз емхананың учаскелік фельдшерсіз. Қабылдауға 9 айлық қыз бала келді. Анасы баланың әлсіздігіне, тәбетінің төмендігіне шағымданады. Бала табиғи тамақтануда. Басқа тамақтар жемейді.

Қарағанда: Тері жамылғысы мен көрінетін кілегей қабықтары бозарған. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Ішкі ағзаларында патологиялық өзгеріс жоқ. Жалпы қан анализі Нв 92 г/л, эритроциттер -3,8х1012/л, лейкоциттер-4х109/л, СОЭ 5 мм /сағ.


  1. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Емі, алдын алу шаралары.

  3. Антропометрия жүргізу техникасын көрсетіңіз



22 билет
Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз. Қабылдауға 1 айлық ер баланы алып келді. Бала табиғи тамақтануда. Анасының айтуы бойынша бала соңғы 2 аптада мазасыз болған, жие емеді. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шел майының қабаты ішінде жұқарған. Қазір салмағын өлшегенде 3800 г., бойы- 57 см 1 ай ішінде 400 гр. қосқан. Туғандағы салмағы 3400г.


  1. Физикалық дамуын бағалаңыз. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Қандай кеңестер бересіз.

  3. Бақылаулық шегу жүргізу техникасын көрсетіңіз.


23 билет
Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз, 7 күндік нәрестеге патронажға бардыңыз. Терісінде ұсақ нүктелі бөрітпелер, әсіресе қолтық және шап аймағында көп. Терісі гиперемияланған, ұстап көргенде терісі ыстық, ылғал. Бөлме температурасы 28 С, тымырсық. Нәрестенің емуі жақсы, белсенді, көрпемен қымтап оралған, жылы бас киім киізілген. ТЖ-48 рет мин.

  1. Болжамалы диагноз қой. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Анасына нәресте күтімі бойынша кеңес беріңіз.

  3. Тыныс алу жиелігін анықтау техникасын көрсетіңіз.


24 билет
Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз, 3 жасар баланы анасы ішінің өтуіне шағымданып қабылдауға алып келді. Анасының айтуы бойынша ауырғанына 2-3 күн болған. 1-ші күні дене температурасы 37,8-38,5С жоғарлаған. Бүгінен бастап баланың тәбеті төмендеп, ішінің өтуі жиеленген, күніне 5-7 рет. Жағдайын бағалаған кезде: бала мазасыз, ашуланшақ, көздері шүңірейген, тері қыртысының реакциясы өте баяу, сұйықты нашар ішеді.


  1. Сусыздану дәрежесін бағалаңыз.

  2. Сіздің тактикаңыз. Қандай жоспар бойынша емдейсіз?

  3. Нәжісті бактериологиялық зерттеуге алу техникасын көрсетіңіз

25 билет
Патронаж кезінде 3 айлық баланың бетінде айқын гиперемия, терісі құрғақ, қабыршақтанғанын байқадыңыз. Анасының айтуы бойынша үстеме тамақ ретінде «Пилти» сүт қоспасын бергеннен кейін 3 күннен соң пайда болған. Бала мазасыз, іші кебіңкі.


  1. Болжамды диагноз. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Қандай кеңес бересіз.

  3. Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмекті көрсетіңіз



26 билет
Ильяс Ш., 7 жас, дәрігерге дене қызуы 38,5 0 С болып көтерілгеніне, әлсіздік, тәбеті нашарлауына, буындарының ауыруына шағымданды. Ауырсыну бір буынан бір буынға «көшіп» отырады. Анамнезінен 1 ай бұрын бала іріңді баспамен ауырған.

Обьективті: жағдайы орташа, әлсіздік, тері жамылғысы бозарған, тыныс алу жиілігі 30 рет мин. Буындарында ісіну байқалмады, қозғалысы толық көлемде. Жүрегі – соғысы айқын емес, жүрек ұшында қатқыл, систоликалық шу, тамыр соғысы 120 рет мин, АҚҚ – 75/60 мм.с.б.
1   2   3   4   5


написать администратору сайта