Ботаника зачёт сурактары. Ботаника практикасыны диф сынаты сратары
Скачать 112.42 Kb.
|
Жоғары сатыдағы өсімдіктер – өсімдіктер әлемінің негізгі екі тобының бірі. Екінші тобы – төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді ұрықты өсімдіктер (Embryobіonta, Emlryophyta), өркенді, жапырақ сабақты өсімдіктер (Cormophyta, Cormobіonta), түтікті (теломды) өсімдіктер (Telomophyta, Telomobіonta) деп те атайды. Жер шарында Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңдай түрі белгілі Жоғары сатыдағы өсімдіктерге: риниофиттер, мүктәрізділер, плаунтәрізділер, қырықбуынтәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашық және жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер жатады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы – құрылысы күрделі, көп клеткалы, қоршаған орта жағдайына бейімделген организмдер. Жынысты (гаметофит) да, жыныссыз (спорофит) да көбейе алады. Спорофиттерінде қозғалмайтын спора түзілетін көп клеткалы спорангийлер дамиды, гаметофиттерінде көп клеткалы жыныс мүшелері дамиды, бірақ кейбір ашық тұқымдыларда (гнетум, вельвичия туыстары) және барлық гүлді өсімдіктерде эволюциялық даму жолында гаметангийлері жойылып кеткен. Аналық гамета (жұмыртқа) біреу және ол қозғалмайды, зиготадан көп клеткалы ұрық дамиды. Оның алғашқы даму кезеңі гаметофит ішінде өтеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дің спорофиті негізінен жапырақ, сабақ, тамырға бөлінеді. Кейбір түрлерінде арнайы ксилема (әр түрлі клеткалардан құралған өткізгіш ұлпа) және флоэма (органик. заттарды өткізетін түтікше-талшықты күрделі ұлпа) дамиды, бірақ бұлар өсімдіктердің кейбір тобында жойылып кеткен. Кутикулалы (сірқабық) эпидермисі (жабын ұлпасы), лептесіктері болады, көбінің стелалары (өткізгіш жүйесіндегі арқау цилиндр) бар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі теңіз балдырлары деп есептелінеді. Олардың құрлыққа бейімделуінің нәтижесінде, өздерін сумен қамтамасыз ететін, гаметангийларын кебуден сақтайтын, жынысты жолмен көбейе алатын бейімді мүшелері пайда болған. Сондықтан құрлықта өсіп-өнетін тұқымды өсімдіктердің жынысты көбеюінің сумен байланысы болмайды. Ал Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым тобы қырықбуын, мүк және қырықжапырақтәрізділердің даму кезеңдері тек суда өтетін болғандықтан, олардың сперматозоидтері, гаметофиттері сусыз қозғала алмайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертедегі қазба қалдықтары силур кезеңінен сақталған. Бұлардың көптеген түрлерінің медицинада, өндірісте маңызы зор. Алқызыл доланың систематикасы, жалпы сипаттамасы Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ, қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Бойы аса биік емес, әрі тікенекті болғандықтан долананы көбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларында қырқып-пішіндеуге болады. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады. Дара- және қосжарнақты өсімдіктердің ерекшеліктерін атаңыздар. Дара жарнақтылар , лилиопсидтер (Мonocotyledones немесе Lіlіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты). Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа). Арецидалар (Аrecіdae) – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі – түйіні көп ұялы (ценокарпты). Тұқымы – эндоспермді. Лалагүлділер (Lіlііdae) – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т.б.). Гинецейі – ценокарпты (сирек апокарпты). Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы – эндоспермді. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ, лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Қос Жарнақтылар, магнолиопсидтер (Magnolіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 – 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты) өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында (органик. затты өткізетін күрделі ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырға айналады. Тамырдың оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі. Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі; қ. Гүлді өсімдіктер. Гүлдің формуласына және диаграммасына анықтама беріңіз Гүл диаграммасы (гр. diagramma - сурет, сызу) - гүл формасының, санының, салыстырмалы көлемінің, гүл бөліктерінің өзара орналасуының және мүшелерінің бір-біріне қатынасының, біріккен өсінділерінің болуының және болмауының, көлденең жазықтыққа проекцияланған түйін құрылымының графикалық бейнесі. Гүл диаграммасында тостаған жапырақшалар арқасында қыры бар жақшалармен, ал күлте жапырақшалар, дөңгелеқ жақшамен, өсімдік аталығы аналығы, түйін мен тозанның көлденең кескін келбетімен белгіленеді; бір-бірімен бірігіп өскен жекелеген гүл элементтері сызықтар мен доғалар арқылы қосылады. Сондай-ақ гүл диаграммасында гүл серіктері мен гүл шоғырлары да, (кішкене шеңбермен) белгіленеді. Бірақ, егер бұл төбе гүл болса, онда ол шеңбермен, (гүл шоғыр білігі) белгіленбейді Гүл формуласы а құрылымын бейнелейтін құрал болып табылады гүл сандар, әріптер мен түрлі белгілерді қолдана отырып, ықшам түрде гүл туралы маңызды ақпаратты ұсына отырып. Ол белгілі бір түрлерді көрсете алады немесе жоғарырақ сипаттау үшін жалпылануы мүмкін таксондар, әдетте органдардың нөмірлерінің диапазонын береді. Гүл формулалары - бұл 19 ғасырда дамыған гүл құрылымын сипаттаудың екі тәсілінің бірі, екіншісі гүл диаграммалары.[2] Гүл формулаларының форматы авторлар арасында әр түрлі, дегенмен олар бірдей ақпаратты жеткізуге бейім.[1] Гүл формуласы көбінесе а-мен бірге қолданылады гүлдер диаграммасы. |