Ботаника зачёт сурактары. Ботаника практикасыны диф сынаты сратары
Скачать 112.42 Kb.
|
«Ботаника» практикасының диф. сынақтың сұрақтары Дәрілік өсімдік обьектісін жинау және кептіру Дәрілік өсімдіктер түрлеріне байланысты эдебиеттерде олардың қайсысын кай мезгілде жинауға болатындығын көрсететін күнтізбесі болады (Мухитдинов Н.М. Паршина Г.Н. 2001). Сол күнтізбесіне байланысты жинау керек. Мысалы, кэдімгі емен (Онегсш гоЪиг-Дуб черешчатый), ешкітал (5аІіх саргеа - Ива козья) шипалық қасиеті бар бөліктерін қабығын наурыз (март) айында жинайды. Ал котырқайыңның (Вешіа репсіиіа) және кара теректің (Рориіт пі§ш - То поль черный) бүршіктерін сэуір (апрель) айында жинау керек. Қара андыздың (Іпиіа /ге/ешшт?-Девясил высокий) тамырларын, тамырсабақтарын; сасықтамырдың (Региіа /оеисіа - Ферула воню-чая) түйнек-пиязшықтарын; кэдімгі бақбактың (Тагахасит оЦісіпаІе - Одуванчик обыкновенный) тамырларын сэуірде (апрель) жинау керек. Ал дэрілік қырмызыгүлдің (Саіепсіиіа о$ісіпаІіз - Календу-ла лекарственная), орман құлқайырының (Ыаһа зіһевігһ - Про-свирник лесной) гүлдерін шілде (июль) айында жинау керек. Ал итшомырттың (Ніррорһае гһатпоійез - Облепиха крушиновая) жемісін қарашада (ноябрь), кэдімгі аршаның (Зипірегт соттипіз-Можжевельник обыкновенный) бүрін-жидегін желтоқсанда (де-кабрь) жинау керек. Яғни, шипалы касиеті бар ББЗ өсімдіктің қай мүшесінде жинақталады, олар қай кезеңде жақсы күйде болады, соған байланысты жылдың эр кезеңінде дэрілік өсімдіктер жинала-ды. Қазакстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің қайсы түрлерін қай мезгілде жинауға болатындығы туралы біздің «Лекарственные рас-тения» деген кітабымыздьщ (Мухитдинов, Паршина 2002) 288-30] беттерінде келтірілген. Дэрілік өсімдіктер шикізаты қүрғақ, қараңғы, таза жайда сақталуы керек. Әрине, дэрілік өсімдіктерді сақтау қағидасы техникалық талаптарға сэйкес болуы керек. Өсімдік өркендерін, жапырақтарын, гүлдерін, бүршіктерін сақтау 2 жылдан аспауы керек, ал тамырларды, тамырсабақтарды жэне кабығын сақтау - 3 жылдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімнен үзағырак сактағанда дэрілік шикізат өзінің белсенділігін жоғалтады. Жалпы орташа алғанда шикізат шамамен 2 жыл сақталуы керек. Кейбір жағдайларда ол мерзімді қысқартуға немесе керісінше ұзартуға болады: Улы және әсері күштІ шикізаттар. Эфир-майлы шикізаттар. Жемістер жэне түқымдар. Бір-бірінен бөлек жеке жайларда сакталуы керек. Шикізаттар сөрелерде (стеллаж), қатарларда (штабель) сақталады. Сөрелермен еденнің арасы 25 см-ден кем болмауы керек. Қатарлар арасьт 80 см-ден аз болмауы керек. Қатарларға шикізат атын, жиналған жылын, айын көрсетіп, этикетка жапсырып кою керек. Жайдың ішін және сөрелерді жыл сайын дэрілеп (дезинфекциялап) түру керек. Әрине әдебиеттерде келтірілген дэрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесін биологиялык түрғыдан дұрыс түсінген жөн. Дэрілік өсімдіктердің щикізаттық бөліктерін жинау олардың вегетациялык өсіп дамуынын ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қандай вегетациялык күйде жинау ол ББЗ қай кезенде мол жиналатынына байланысты. Өсімдіктерді онтогенездік түрғыдан зерттеудің нэтижесінде дэрілік өсімдіктердің эрбір түрінің ең тиімді жинау кезеңдері аныкталады. Әрине өсімдікті жинаудың нактылы күнтізбесі мемлекетіміздің географиялық аймақтарына, климат жағдайларына бағынышты. Мысалы зире (сагаш-тмин) және жемістері оңай шашылатын өсімдіктердің жемістерін, тұкымдарын «шық» (роса) кеппей ерте таңертеңгісін жинайды, ал жер үсті мүшелерін керісінше «шык» кепкеннен кейін жинайды. Осыған байланысты дэрілік өсімдіктің эрбір түріне байланысты олардың шикізатын жинау ережесі бар. Шөптер. Табиғат жағдайында шикізат жинаушылар егер де өсімдік сирек-теу кездесетін болса, оны пышақпен, ал егер де өсімдік көп - жиі топтала кездесетін болса - орақ, секатор арқылы жинайды. Егер өсімдік көпжылдық болса оны жер асты мүшелерімен қоса қопарып, жүлып алуға болмайды. Жапырақтар. Сағактарымен, сағаксыз шикізаттын сипатына байланысты қолмен кыршып жинайды. Егер де шикізаты сабақсыз өсімдіктердің жапырактарында (розеточные) болса, онда оларды пышакпен тамы-рына зақым келтірмей кесіп алады. Ірі шөптесін өсімдіктердің қос жапырактарьшың тек ірі жақсырак дамып жетілгендерін жинайды. Гүлдер. Гүлдерді жинау техникасы ол гүлдің мүшелеріне, орналасуы-на байланысты (жеке ме, жоқ элде, гүл шоғы түрінде ме). аюқүлак (үегЪазсшп-коровяк) күлтелерін жай гүлдерден жұлып алуға болады; ақбадамның (затһисш-бузина) гүлдерін калқан сияқхы кесіп алуға болады; ДэрілІк түймедағынын (таШсагіа гесиіііа - ромашка лекар-схвенная) себеттерін (корзинка) қыршып жинауға болады. Дэрілік ағаш өсімдіктерінің гүлдерін, мысалы жөке ағашының (Ііііа-липа) гүлдерін сатыға шығып гүлдері бар өркендерін қайшымен кесіп алу керек. Жемістер және тұқымдар. Шөптесін өсімдіктердің кұрғақ жемістерін жэне тұқымдарын, жер үсті мүшелерін орақпен кесуге болады. Жидектерді қолмен жинап алады. Шырынды жемістерді Гүл шоғырлары өркендер жүйесінің ерекше типі, жіктелуі, морфологиялық сипаттамасы Гүлшоғыр (inflorescentia) – өсімдік өркенінде белгілі бір ретпен орналасатын ұсақ гүлдер жиынтығы. Гүлшоғыр негізгі сағағының бұтақтануына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай Гүлшоғырдың жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ең ұшы гүлмен аяқталады. Бұған масақ гүл (жай масақ – жолжелкенде, сүйсінде), шашақ гүл (қарақатта, мойылда, мияда, інжугүлде), собық гүл (жүгеріде, каллада, аронниктерде), шоғырбас гүл (бедеде), себет гүл (күнбағыста, бақбақта, өгейшөпте), қалқанша гүл (алмада, алмұртта, доланада), шатырша гүл (жай шатыр – наурызгүлде, т.б.) жатады. Күрделі Гүлшоғыр – жай Гүлшоғырдың бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Бұған күрделі шашақ гүл немесе сыпыртқы гүл (жүзімде, гүлшетенде, тарыда, күріште), күрделі масақ гүл (бидайда, қара бидайда, сырға гүл (қайыңда, теректе, талда, көктеректе), күрделі шатырша гүл (сәбізде, аскөкте, балдырғанда, күрделі қалқанша (ұшқатта, шәңкіште, т.б.) жатады. Гүлшоғырдың орт. негізгі сабағынан (гүлсидамынан) тарамдалған жанама сабақшаларына қарай: монохазий немесе бір сәулелі Гүлшоғыр (сарғалдақта, гладиолуста, т.б.), дихазий немесе қос сәулелі Гүлшоғыр (қалампырда, шерменгүлде, т.б.), плейохазий немесе көп сәулелі Гүлшоғыр (сүттігенде, гортензияда, т.б.) деп бөледі. Жеке гүлге қарағанда Гүлшоғыр күрделі, көлемді болғандықтан желмен айқас тозаңданады, ашық түстілері жәндіктерге алыстан байқалады. Гүлшоғырдағы гүл саны бірнешеден ондаған мыңға дейін (пальма, агава), ал биікт. 2 – 3 мм-ден 14 м-ге дейін жетеді. Гүлдің құрылысы. Гүлдің формуласы және диаграммасы Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды. Жабықтұқымды өсімдіктердің маңызды элементтерінің бірі. Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды. Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі. Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді. Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады,тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады.Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды.Піскен кездетұқымдар жерге түседі,бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады. Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады. Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады. Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады. Гүл формуласы а құрылымын бейнелейтін құрал болып табылады гүл сандар, әріптер мен түрлі белгілерді қолдана отырып, ықшам түрде гүл туралы маңызды ақпаратты ұсына отырып. Ол белгілі бір түрлерді көрсете алады немесе жоғарырақ сипаттау үшін жалпылануы мүмкін таксондар, әдетте органдардың нөмірлерінің диапазонын береді. Гүл формулалары - бұл 19 ғасырда дамыған гүл құрылымын сипаттаудың екі тәсілінің бірі, екіншісі гүл диаграммалары.[2] Гүл формулаларының форматы авторлар арасында әр түрлі, дегенмен олар бірдей ақпаратты жеткізуге бейім.[1] Гүл формуласы көбінесе а-мен бірге қолданылады гүлдер диаграммасы. Раушангүлділер тұқымдасына сипаттама беріңіз Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Раушангүл тұқымдасының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік, шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қойбүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат, т.б.), әсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) және дәрілік түрлері (итмұрын, түзу қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды. Қазақстан ғылым академиясының Бас ботаник. бағында 1957 — 84 ж. аралығында Раушангүл тұқымдасының әсемдік түрі — раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Раушангүлділер - ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қосжынысты, қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса дара жыныстылары (біржыныстылары) кездеседі. Раушангүлділердің дентинніңгүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5 күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар. Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9, ұзынды-қысқалы болып шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы) немесе өте көп (таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады. Дәрілік өсімдікті анықтау жолдары Дәрілік өсімдік шикізаттың қорын анықтау үшін екі шаманы-қопа ауданы мен шикізат өнімділігін (қорының тығыздығын) білу қажет. Ресурстанулық жұмыстардың негізгі 2 әдісі бар:нақты қопалардағы қорларды анықтау және шикізат қорларын “көз” учаскерлері әдісімен бағалау. Нақты қопалардағы қорларды бағалау зерттелінген алаптар үшін ең дұрыс, бірақ, жалпы алғанда орта (барлық зерттелінетін аймақ үшін) мәліметтер береді. Мұндай жолмен алынған мәліметтерді дайындауды ұйымдастыру үшін пайдаланған дұрыс, бірақ олар ұзақ мерзімді ресурстық болжаулар үшін жеткіліксіз болады және салыстырып қарағанда жылдам ескіреді. Дәрілік өсімдік шикізатының өнімділігін (қорының тығыздығын) анықтау тәсілдері «Көз» учаскелер әдісін қолданудың дәлдігі төмен (нақты қопалар шарттары бойынша), бірақ, толықтау және тұрақты мәліметтер береді. Оларды ұзақмерзімді ресурстанулық болжауларды жүргізу үшін және шикізат дайындауларын жоспарлау үшін пайдаланған орынды. Алайда дайындауларды іс жүзінде ұйымдастыруға олар аз мәлімет береді. Көп жағдайда екі әдісті де қолдану орынды болады. Өсімдіктің фенологиясы Фенология — табиғаттың мезгілдік құбылыстарының заңдылығын зерттейтін білім саласы. Фенология жалпылама және жекелік болып екіге бөлінеді. Біріншісі органикалық дүние мен метеорологиялық факторлардың арасындағы заңдылықтарды аныңтайды. Бұл үшін күн сайын толтырылып отыратын күнделік негізінде әр құбылыстардың бірнеше жылдар бойы басталуы мен аяқталу уақыты туралы (өзендердің еруі мен қатуы, жапырақтардың шығуы мен түсуі, өсімдіктердің гүлденуі мен дәнденуі және тағы басқалар) мәліметтер жазылған жинақтағыш табиғи календарь жасалады. Ал жекелік фенология немесе биофенология, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму фазаларын (мыс.: гүлдену, ұрықтану фазаларын және тағы басқалар) зерттейді. Бұршақтар тұқымдасына сипаттама беріңіз Бұршақ тұқымдасы (лат. Fabceae, немес лат. Fabaceae s.l., немесе лат. Leguminsae, немесе лат. Papilionaceae) – қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасы. Жер шарында кең тараған: 730 туысы, 19,400 түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді. Гүлі дұрыс құрылмаған – зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан – 5 тостағанша, күлтежапырақшадан – 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша – желкен, бүйіріндегісі – ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша – қайықша деп аталады. Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі аталық құрылысы туыстарында әртүрлі болады. Ақмия (софора), тентекмия (термопсис) туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрібұршақ (люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа (вика), әйкен (чина) туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ гүл, шатыршагүл және жұмыргүл т.б. болады. Жемісі – бұршаққап. Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі – оларда ақуыздың көп болуында. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды. Гербарий тақталарын жасау және безендіру Гербарий әдетте кептірілген гүлдерден немесе жапырақтардан жасалады. Осылайша, сіз бүкіл жиынтығын жасай аласыз. Бұл табиғатпен араласып, өсімдіктер әлемі туралы көп нәрсе білуге мүмкіндік беретін балаға арналған өте қызықты және танымдық белсенділік.Гербарийге гүл жинау үшін серуендеуге арналған жылы күнді таңдаңыз. Жиналған өсімдіктер құрғақ, тамшылары немесе жаңбыр тамшылары жоқ, әйтпесе олар кептірілген кезде олардың түсін өзгерте алады. Әр түрдің 2-3 үлгісі үшін гүлдерді жұлып тастаңыз, бұл жағдайда зақымдалған үлгіні ауыстыру керек. Қайынның систематикасы, жалпы сипаттамасы Қайыңдар тұқымдасы (лат. Betulaceae) – гүлді өсімдіктердің қос жарнақты класына жататын шамшаттар (лат. Fagales) қатарына жататын бір үйлі, жапырақ тастайтын, желмен тозаңданатын өсімдіктер. Негізінен Солтүстік жартышардың қоңыржай және салқын өңірінде (кейде Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Американың таулы жерлерінде) өсетін 6 туысы 200-ге жуық түрі белгілі. Ал Қазақстанда 3 туысы (қайың, орман жаңғағы, қандыағаш), 17 түрі бар. Тұқымдас өкілдерінің биіктігі 15 кейде 25–30 м-дей болады. Тамыры берік, жер бетіне жақын орналасады. Тамырында микориза (кейбір өсімдіктер тамырының саңырауқұлақ жіпшумағымен селбесіп өсуі) байқалады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақтары (көпшілік өсімдіктер жапырағының түбін ала шығатын ерекше, әсіресе, жұптаса өсетін өсінді) ерте түсіп қалады. Гүлі ұсақ, реңсіз, дара жынысты. Аталық гүлшоғырының сырғасы ұзын, гүлдеген кезде төмен қарай салбырап тұрады, аналық гүлшоғырының сырғасы қысқа, едәуір тік, пішіні домалақ болады. Жемісі – жаңғақша. Қайындар тұқымдасына жататын ағаштар 150, кейде 300 жылдай өсетін бағалы өсімдіктер. Олардың көп түрлері аязға төзімді. Қайың тұқымдасының өкілдерінің ағашы шаруашылық қажеттіліктерге, жиһаз жасайтын фабрикаларда, ағаш көмірі өндірісінде, дегть, жылулық үшін қолданылады. Қайың мен қандыағаш медицинада маңызды болып табылады. Қазақстанның Қызыл кітабына 4 түр енгізілген: қырғыз қайыңы (B.kirghisorum), талас қайыңы (B.talassica), ярмола қайыңы (B.jarmolenkoana), эндемді қандыағаш (Alnus glutinosa). Қайың қабығынан қарамай (деготь) алу ежелден белгілі, онымен дөңгелектерді, аяқ киімді майлаған. Ал қайың тозынан әсем қорапшалар, сөмкелер тоқылады. Онымен Солтүстік Америка үндістері каноэның (тез жүзетін қайық) сыртын қаптайды. Өсімдік жасушасының құрылысы Барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады. Олардың мөлшері, пішіні әртүрлі, қызметтері де түрліше болады. Дегенмен түрлі организмдер жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамында ұқсастықтардың да бар екені анықталған. Кез келген жасуша — тұтас тірі жүйе, ол өзара байланысқан үш бөліктен: қабықшадан, цитоплазмадан және ядродан тұрады.Жасуша қабықшасының басты рөлі — жасушаны сыртқы ортаның әсерінен қорғау, көршілес жасушалармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Жасуша қабықшасы арқылы жасушаға су мен қоректік заттар түсіп, тіршілік әрекетінің өнімдері сыртқа шығарылады.Цитоплазма — жасушаның ішін толтырып тұратын зат, ол үнемі және баяу қозгалып тұрады. Онда белгілі бір қызмет атқаратын жасушалық құрылымдар — органоидтер болады.Ядро — жасушаның ең маңызды бөлігі, ол көбеюге жауапты (бөліну).Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының құрылысы бірдей, тіршілік процестері ұқсас болғанына қарамастан, ерекшеліктері мен айырмашылықтары да болады (1-сурет). Олардың айырмашылықтары қандай? Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының бірінші ерекшелігі олардың жасуша қабықшасына қатысты. Өсімдік жасушаларының жасуша қабықшасы қалың, тығыз жасұнықтан (клетчатка) тұрады. Ал жануарлар жасушаларының жасуша қабықшасы жұқа болады. Келесі ерекшелігі — өсімдік жасушасының цитоплазмасында пластидтердің болуы. Пластидтердің құрамындағы пигменттеріне байланысты үш түрі болады: жасыл — хлоропластар, түрлі түсті боялған — хромопластар, түссіз — лейкопластар. Өсімдіктердің жасыл түсінің басым болуы құрамында хлорофилі бар хлоропластарға байланысты. Оның қатысуымен күн энергиясы химиялық заттар энергиясына айналады Тозаңдану әдістері мен оларға бейімделуі Тозаңдану - Гүлдердің ұрықтануы. Аталық тозаңның аналық аузына барып түсуі тозаңдану деп аталады[1].Дара жынысты гүлдерде аталық гүлден тозаң екінші гүлдің аналық аузына түседі. Одан кейін ол тұқым бүршігіне еніп, спермамен қосылады. Сонда Аналықтың жатыны жеміске айналып, тұқым бүршігі тұқымға айналады. Қос жынысты гүлде барлығы дәл осылай, бірақ аталық та, аналық та бір гүлде болады. Тозаңданудың екі тәсілі бар: өздігінен тозаңдану (автогамия грекше «авто» — өзім) және айқас тозаңдану (аллогамия грекше «аллос» — бөтен, басқа). Өздігінен тозаңдану немесе автогамия – бір өсімдік гүлінің аталық мүшесіндегі тозаң сол гүлдің немесе сол өсімдіктегі басқа гүлдің аналық мүшесіне жеткізіледі. Өздігінен тозаңдану аналық және аталық мүшелері бар өсімдіктерде бар болады, тозаңдану тозаңдандырғыштың көмегінсіз жүреді. Мұндай гүлдерге тозаңқаптар аналық аузынан жоғары орналасады және олар аналық аузы жағынан ашылады да тозаңдар оған еркін төгіледі. Өздігінен тозаңдану үшін тозаң мен жұмыртқа жасушасы бір мезгілде пісіп жетілуі қажет. Айқас тозаңдану немесе сингамия - бір өсімдіктің тозаңы сол түрге жататын екінші бір өсімдіктің аналығына жеткізіледі. Тозаңдандырудың бұл түріне жел су жәндіктер құстар жарқанаттар басқа да жануарлар секілді тозаңдандырғыштардың көмегі қажет. Осындай тәсілмен тозаңданатын өсімдіктер ауруға аз шалдығады. Айқас тозаңдану нәтижесінде дені сау мықты өсімдіктер пайда болады. Сумахтың систематикасы, жадпы сипаттамасы Өсімдіктің түзуші және негізгі ұлпалары Түзуші ұлпалар (меристемалар)[өңдеу]Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы сол, олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа мүшелер (органдар) түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын меристемалық ұлпалардың (түзуші ұлпалардың) болуымен байланысты. Түзуші ұлпалар (меристемалар) деп - түпкілікті ұлпалардың жасушаларын жасап, үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін құрайтын ұлпаларды айттады (грекше «меристос» - бөлінгіш, «стема» - ұлпа). Меристемалық ұлпалардың өзіне тән цитологиялық ерекшеліктері бар. Олар тығыз болып орналасқан тірі жасушалар тобынан тұрады. Мұндай жасушалардың қуысын цитоплазма толтырып тұрады, оның ортасында үлкен ядро орналасады, үлкен вакуольдері болмайды, жасуша қабықшасы өте жұқа болып келеді және алғашқы қабықшадан тұрады (35,В-сурет). Жасушаларының пішіні төрт бұрышты, изодиаметрлі, көп қырлы, кейбіреулері жіңішке ұзын болып келеді. Меристемалық жасушалардың негізгі екі қасиеті болады - белсенді түрде бөлінуі және дифференциациялануы, яғни басқа ұлпалардың жасушаларына айналуы. Түзуші ұлпалар өсімдіктердің денесінде өте ұзақ уақыт сақталады. Өйткені тамыр мен өркеннің ұшындағы төбелік меристемаларының ең жоғарғы жасушалары шексіз бөлінуінің нәтижесінде жас жасушаларды түзіп, қайтадан өзінің бастапқы қалпына келіп меристемелық қасиетін үнемі сақтап отырады. Мұндай жасушалардың саны біреу болса – инициальды, ал бірнешеу болса – апикальды инициальды жасушалар деп атайды. Инициалды немесе апикальды инициальды жасушалар шексіз бөлініп меристема жасушаларын түзеді. Ал меристема жасушалары шексіз бөлінуге қабілетті емес, шамалы бөлініп жас жасушалар түзеді де, біртіндеп түпкілікті ұлпаға айналып тамыр мен сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысын түзеді. Түзуші ұлпалар пайда болуына байланысты алғашқы және соңғы меристемелар деп бөлінеді. Негізгі ұлпа.[өңдеу] Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып негізгі ұлпа дейді. Негізгі ұлпа деп аталу себебі бүкіл өсімдік денесін құрап тұрады. Вегетативті және генеративті мүшелерінде кездеседі. Жасушалары тірі, пішіндері дөңгелек, сопақша, цилиндр тәрізді жасуша қабықшасы жұқа (кейде қабықшасы қалындап ағаштанады, мысалы, сүрек, кофе, пальма тұқымдары). Атқаратын қызметіне қарай фотосинтездеуші ассимиляциялық, қоректік (қор жинаушы), су жинаушы, ауа жинаушы(аэренхима) деп бөлінеді. Фотосинтездеуші ассимияляциялық ұлпа жапырақтың жас сабағы мен піспеген жемістердің негізін құрайды. Жапырақ тақтасының ортаңғы жұмсақ бөлігі (мезофилл) түгелдей фотосинтездеуші ұлпа болғандықтан жасушаларында хлорофилл дәндері өте көп, сондықтан фотосинтез процесі жүреді. Жасушалары орналасуына қарай бағаналы және борпылдақ деп бөлінеді. Бағаналы жасушалы жапырақ тақтасының үстіңгі бетінде өңнің астына бағана тәрізді ұзынша бір-біріне тығыз орналасады. Ал борпылдақ жасушалары жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасып, жасуша арқылы қуыстары кең болғандықтан борпылдақ деп аталады. Бағаналы жасушалар ауадағы көмірқышқыл газын қабылдап органикалық зат түзуге қатысса, борпылдақ жасушалар суды көбірек буландырып газ алмасуға қатасады, сондықтан газ алмастыратын ұлпа деп те аталады. Көлеңкелі жерде өсетін өсімдіктерде бағаналы ұлпа жақсы жетілмейды. Фотосинтездеуші ұлпаларда түзілген органикалық заттардың өсу дәуірінде жұмсалғаннан артылғандары қор жинаушы қоректік ұлпаға қарай ағады. Монтировкалау әдістері Кептірілген өсімдіктерді 480*280 мм форматты тығыз, ашық қағазда монтировкалайды. Гербарийлық қағазға әдетте бір өсімдікті монтировкалайды және оны астыңғы жағына этикеткаға бос бұрыш қалатындай етіп орналастырады. Еменнің систематикасы, жалпы сипаттамасы Емен (лат. Quercus) – шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады. Өсімдіктің жабындық және бөліп шығарушы ұдпалары Жабындық ұлпалар[өңдеу] Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап жататын жасушалар тобын жабындық ұлпа дейміз. Жабыңдық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі өсімдікті кеуіп кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, шамадан тыс судың булануынан, зиянды микроорганизмдердің еніп кетуінен сақтайды. Сонымен қатар өсімдіктердің әрбір мүшесінің жабын ұлпасының өзіне тән физиологиялық қызметі бар. Шығу тегіне байланысты жабындық ұлпаларды екі типке бөледі: алғашқы жабындық ұлпа, соңғы жабындық ұлпа. Алғашқы жабындық ұлпаларға: эпидерма (эпидермис) және эпиблема, ал соңғы жабындық ұлпаға тоз, қыртыс жатады. Эпидерма – шығу тегі жағынан алғашқы жабындық ұлпа.1868 жылы Ганштейн өзінің теориясы бойынша, эпиберма төбе меристемасының протодерма (дерматоген) қабатының бөлінуінен пайда болған десе, ал 1920 жылы Шмидтің келтірген теориясы бойынша эпидерма төбе меристемасының сыртқы қабаты жасушаларының бөлінуі нәтижесінде пайда болған дейді. Эпидерма – жапырақтың, гүлдің және көптеген өсімдіктер жемістерінің, шөптесін өсімдіктердің сабағы мен сүректі өсімдіктердің жас өркендерінің түпкілікті жабынды ұлпасы. Орналасқан жерлеріне байланысты қызметтері де биологиялық мәні де әр түрлі болып келеді. Мысалы: жапырақтың эпидермасы қорғаныштық қызметімен қатар фотосинтез, газ алмасу және судың тепе-теңдігін сақтайды. Бөліп шығарушы ұлпа.[өңдеу] Тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар) бөліп шығаратын және жиналатын орындар бар, олар: безді түктер, безді қабыршақтар, шайыр жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер, жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы жасушалар, т.б. Осылардың барлығын қосып бөліп шығарушы ұлпа дейді. Зат алмасудың ақырғы өнімі жасушаның ішінде немесе арайы орында жиналады. Орналасқан орынына, физиологиялық қасиетіне, сұйық және қатты түріде болуына қарай бөліп шығарушы ұлпалар екі түрлі жолмен пайда болады: а)схизогенді; ә)лизегенді. Схизогенді жолмен бөліп шығарушы ұлпа ең алдымен бір жасушаның бөлінуі нәтижесінде түзілген жасушалардың бір-бірінен ажырауынан жасушааралық кеңістіктер пайда болып әрі қарай кеңи береді. Жан-жағында орналасқан жасушалардан бөлінген шырыш, шайыр, эфир майы жасушааралық кеңістікте (кейде бөліп шығаратын заттардың «арнаулы орын» деп те атайды) жинала береді, мысалы: қылқан жапырақты ағаштардан (қарағай, балқарағай, шырша, самырсын, т.б.) бөлінетін шайыр жолы созылып едәуір жолды алып жатады. Шайыр жолы қабықтан сыртқа шықпайды. Бірақ көп жағдайда қарағай діңінен мөлдір сарғылт түсті шайырдың ағып, тамшылып тұрғанын жиі көруге болады. Бұл тек шайыр жолы тесіліп, жарақаттанған кезде ғана болатын құбылыс. Қабығы тұтасып жатқан жерден шайыр ақпайды, шайыр сыртқа шығысымен дереу қатып қалады. Шайырдан скипидар камифоль дайындау үшін шайыр жолын кез келген жерінен кесіп барып шайырды ағызып алады. Шайыр жолы сүрек пен қабық бөлімінде ұзындығынан бойлап та, көлденең бағытталып та, кейде өзара бір-бірімен қосылып күрделеніп кетеді. Дәрілік сәлбен өсімдігінің систематикасы, жалпы сипаттамасы Дәрілік сәлбен (лат. Salvia officinalis) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын Сәлбен тегінің дәрілік өсімдігі. |