Главная страница
Навигация по странице:

  • Механикалық

  • нағыз жеміс

  • құрғақ жеміс

  • Скумпия

  • Бұрышты жалбыз

  • Өзекті жөке

  • Ботаника зачёт сурактары. Ботаника практикасыны диф сынаты сратары


    Скачать 112.42 Kb.
    НазваниеБотаника практикасыны диф сынаты сратары
    Дата11.09.2021
    Размер112.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБотаника зачёт сурактары.docx
    ТипДокументы
    #231476
    страница2 из 5
    1   2   3   4   5

    Ботаникалық сипаттамасы[өңдеу]


    Дәрілік шалфей – бұл өсімдік жартылай бұта,биіктігі 50 см,өсімдікті қалың түктер басқаннан кейін, сабағы да, жапырағы да бозғылт –жасыл түсті болады.

    Сабақтары бұтақталған,төрт қырлы, олар төменгі жағынан сүректелген. Жапырақтары ұзын 5-10см, сағақты, сопақша келген, сабақтарында қарама-қарсы орналасқан, жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады.

    Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Өйткені жапырақтарын қалың түк басқан, әсіресе, астыңғы жағынан. Дәрілік өсімдік шикізаты түрлі формалы немесе бүтін жапырақтар немесе бөлшектері 1-35мм дейін, өсімдіктің басқа бөліктері аздап кездеседі (сабағы, гүлдері тостағаншасымен бірге және онсыз).

    Гүлдері сабақтарының ұштарында кішкентай жапырақтардың қолтығында шоқтанып орналасқан,сондықтан сирек масақты гүл шоғырын түзеді. Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл (үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Күшті хош иісі бар.Дәмі ащы.

    1. Бөріқарақаттың систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Бөріқарақат – биіктігі екі жарым метрге дейін жететін, Қазақстанның таулы аймақтарында табиғи түрде кездесетін, жапырағы және жемісі әдемі бұталы өсімдіктің бірі. Мәңгі жасыл өсімдіктер қатарына жататын түрлері де бар. Табиғатта 400-ден аса түрі кездеседі. Мәңгіжасыл түрлері: жасыл жапырақты, қызылқоңыр жапырақты және мол жемісті, ұсақ жапырақты болады. Ал, биіктігіне қарай бөріқарақат он шақты топқа бөлінеді. Олардың арасында биіктігі 30 см болатын және 3 метрден асатын үлкен бұталыларын да кездестіруге болады. Көгалдандыруда бөріқарақатты жапырағының және жемісінің әдемілігі үшін отырғызады. Жапырағы әдемі түрлерін гүлзар, рокарий және жасыл шарбақ ретінде өсіреді. Бұтағын кесіп шар, төртбұрыш, цилиндр пішінінде де өсіруге болады. Бірақ ботаника бағы үшін бөріқарақатты қырқып, пішіндеп өсірудің қажеті жоқ. Еркін өскен бөріқарақаттың бір бұтағының ұзындығы 3 метрге дейін жетеді. Қазақстан жерінде өсетін бөріқарақаттың жапырағы сопақ, ұсақ, қызыл және жасыл түсті болып келеді. Сабағы тікенді. Қазақстанның Алтынемел және Шарын қорықтарында Қызыл кітапқа енген Іле бөріқарақаты өседі. Мамыр, маусым айларында гүлдейді, жаздан күзге дейін жапырақтары әдемі қызыл түске еніп, қыс кезінде қып-қызыл жеміс береді. Жемісінен тосап, кондитерлік тағамдар дайындайды. Ал, жіңішке жапырақты бөріқарақат жұпар иісімен бағаланады.

    1. Өсімдіктің механикалық және өткізгіш ұлпалары

    Өткізгіш ұлпа.[өңдеу]


    Толық мақаласы: Өткізгіш ұлпа

    Өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін жасушалар тобын өткізгіш ұлпа дейді. Жасушаларының іші қуыс түтікше тәрізді, өткізгіш ұлпа жоғары ағыс жолы және төменгі ағыс жолы деп екіге бөлінеді.

    Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылы топырақтан сорып алған су мен онда еріген минералды тұздардың ерітіндісі сабақ бойымен жоғары қарай көтеріліп өркендері мен жапырақтарына жеткізіледі. Оның өтетін немесе ағатын жолы сүрек (ксилема) бөлімі. Сүрек жасушалары түтікше тәрізді, оны трахеида деп те атайды. Трахеида деп қабықшасы сүректенген (қатайған), екі ұшы сүйір, өте жіңішке ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге жететін өлі жасушаларды айтады. Алғаш түзіле бастаған кезде жасуша қабықшасы таза целлюлозадан тұрғанымен өсе келе қатайып, сүректеніп беріктік қасиет береді. Әсіресе қылқан жапырақты өсімдіктердің сүректерінің 80-90%-ы трахеид жасушаларынан тұрады. Көктемде түзілген трахеида жасушаларының қабықшасы жұқа, ішкі қуысы кең. Жаздың соңғы айларында түзілгендерінің қабықшасы қалың, ішкі қуысы тар болады. Сондықтан ерте көктемдегі трахеида суды өткізсе, кейінгісі беріктік қызмет атқарады. Трахеида арқылы түйнек пен тамырда қорға жиналатын қант пен басқа да органикалық заттар көктемде жер үсті мүшелеріне жеткізіледі. Жоғары ағыс жолы жасушаларында трахеяда (түтік) жатады. Ол трахеидадан ұзын, себебі жас жасушалар біртіндеп ұзарып, көршілес жасушалардың бір-біріне түйіскен жері алдымен шырыштанып бөрітіп, ақырында еріп кетеді де, жасушалар өзара қосылып трахея (түтік) пайда болады. Оның ішіндегі цитоплазмасы жойылып орнына су толып, ұзындығы (көлденең пердесіне дейін есептегенде) 10 см-ден 5 м-ге дейін (лианаларда), (еменде 2 метрге) жетеді. Көлденең перделерінде көптеген майда саңылаулары болғандықтан бір жасуша екінші жасушамен тығыз байланысады. Түтік жасушалары тозған кезде айналасын қоршаған тірі жасушалар өзекке еніп қабықшасындағы өсінділермен ішін бітеп су жүрмей қалады. Түтік жасушалары трахеидадан да кейін пайда болғандықтан тек гүлді өсімдіктерде өте жақсы дамыған. Қорыта келгенде жоғары ағыс жолы екі түрлі жасушалармен қозғалады, бірі трахеида (ашық тұқымдыларда жақсы дамыған), екіншісі трахея(жабық тұқымдыларда жақсы дамыған). Бұл жасушалар сабақтың сүрек бөлімінде болатындықтан су мен онда еріген минералды тұздары тамырдан бастап, сүрек бойымен жоғаы қарай жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.

    Механикалық немесе тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет береді. Оның жасушалары тірі (қабық талшығы) немесе өлі (сүрек талшығы) бо- луы мүмкін. Олар әрқашан берік және қатты жасушалық қабырғаға ие. Ешқашан құрамында хлоропласт болмайды.

    1. Өсімдіктің вегетативті денесінің сыртқы құрылысы

    Өсімдік денесінің атқаратын қызметіне, құрылысына қарай вегетативтік және генеративтік деп екіге бөлінеді:Вегетативтік мүшесіне тамыр, сабақ, жапырақ, ал төменгі сатыдағы өсімдіктерде даму сатысына орай жіптесінді, тканьді қабатты, тамыр қызме,тін атқаратын ризоидар болады. Негізгі вегетативтік мүшелердің бастамасы тұқымның ұрығында болады. Қолайлы жағдай туысымен, яғни қажетті температура, ылғал, және ауа жеткілікті болған кездерде тұқым бойына су тартып, ісініпөне бастайды.

    Алдымен тамыр өседі, нәтижесінде жас өскін топыраққа бекінеді де одан су мен онда еріген минералды тұздарды бойына сіңіреді. Тамырдың ізінше өркен өсе бастайды. Алғашында  ол иілген болады, біртіндеп түзуленіп жердің бетіне тұқым жарнақтары мен бүршікті көтеріп шығарады. Тұқым жарнақтары көк түске боялып, біраз уақыт жапырақ қызметін атқарады. Бүршік жоғары тік өсіп сабақты, алғашқы жапырақты береді. Тамыр мен тұқым жарнағының шекарасын тамырдың мойны деп атайды. Тамыр мойны мен тұқым жарнақтарының арасын гипокотиль деп атайды.  Ал тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтың арасын эпикотиль деп атайды.


    1. Өсімдіктердің тіршілік формасы және олардың жіктелуі

    Тіршілік форма (экобиоморфа) дегеніміз — формалар түзетін процестің (эволюциялық морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант). Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз — өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының морфофизиологиялық оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен жүреді. Тек осы генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына байланысты, сонымен бірге химиялық әсердің немесе сөулелердің өсерінің шамадан тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, рекомбинацияның (қайта түзілудің), полиподияның негізіңде өсім-діктерде серпінді өзгерістер (скачкообразные изменение) жүреді. Тіршілік формалар туралы білім морфологияның үлкен бөлімін қүрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде «Өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін салған Е.Вармингтің (1894 ж.) жұмыстарыңда кездеседі. 1903 ж. Дания ғалымы К.Раункиер, сол кездегі белгілі ғылыми мөліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған. К.Раункиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген. Бұл кітапта ол қысқартылып беріліп отыр фанерофиттер (Рһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады; хамефиттер (Сһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады); гемикриптофиттер (Н) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады; криптофиттер (К) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астыңда орналасады; терофиттер (Т) — біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді. Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті — өсімдіктің жылдың тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері. К.Раункиердің классификациясы жан-жақты (универсальды), ол жер шарының барлық экологиялық-географиялық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды. Сонымен бірге бұл система нақтылы, жақсы жүйеге келтірілген систематикалық топтардың: туыстың, туыстардың топтарының, немесе тұқымдастардың деңгейінде негізге алынады. К.Раункиердің системасы жабық тұқымдылардың тіршілік формаларын классификациялап қана қоймайды, сонымен бірге олардың ағаштан бастап, шөптесін өсімдіктерге дейінгі экологиясын көрсетеді. 

    1. Жемістер және оның түрлері

    Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігігүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әртүрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақжаңғақшатұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидекасқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды (жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала), қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік, шие, т.б.) қабаты түзіледі. жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады. Экзокарпий мен мезокарпий жасушаларында хлорофилл болғандықтан, пісіп-жетілу кезінде жемістің жасуша шырынында антоциан пигментінің көбеюіне және хлоропластың хромопласқа айналуына байланысты түсі өзгереді. Бір гүлдегі бірнеше аналықтан (таңқурайқара бүлдірген, т.б.) пайда болған жемісті күрделі жеміс деп атайды. Бұл жағдайда күрделі жеміс түзетін әр жеміс аналықтан дамиды. Гүл шоғырындағы жеке гүлден дамыған жемістерді шоқ жемістер (мысалы, жүзім) дейді. Өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымы жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория) және адам (антропохория) арқылы таралады. Құрамында ақуызмай, көмірсу витаминдері көп болғандықтан жеміс тағамға, мал азығына, т.б. пайдаланылады. Көптеген жемістен дәрі, бояу алынады. Улы және арам шөптердің жемістері зиянды болады.

    1. Скумпия когериясының систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Скумпия (лат. Cotinus) — жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік. Қазақстанда өседі. Қабыну процестері кезінде ауызды, мұрынды және жұтқыншақты шаю үшін пайдаланатын дәрі танинді дайындау үшін, жапырағы шикізат ретінде алынады, майы күйікке, жараға т. б. жақсы әсер етеді; таниннің ерітіндісі ауыр металдардың тұздарымен уланғанда асқазанды жууға қолданылады.

    1. Бұрышты жалбыз өсімдігінің систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Бұрышты жалбыз немесе кермек жалбыз (лат. Mentha piperita) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын өткір хош иісі бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізінен оны дәмдеуіш ретінде қолданады. Еуропа мен Азияда өседі, Солтүстік Америка табиғатына бейімделген. Жап-жасыл жапырақтарын шыбық тәріздес етіп тегіс кеседі және ақшыл қызыл лаванда гүлдерінің ұзақ сақталған гүлшоғырымен қоса кептіреді. Бұрышты мятаның майын тәтті пісірімдерге және шайнамалы резеңкелерге (сағыз), тіс пасталарына, дәрі-дәрмектерге хош иіс беру үшін қолданады. Майдың құрамында ұзақ жылдар бойы тыныштандыратын дәрілердің құрамына қосылып келе жатқан ментол болады. Бұрышты жалбыз – көпжылдық шөптесін өсімдік.Тамырсабағы көлбеу өсіп, оның шашақты тамырлары болады. Тамырсабағынан көптеген жас өркендер пайда болады.Олардың кейбіреулері жерге тереңдей түсіп тамырсабаққа айналады, ал кейбіреулері жердің бетіне шығып тарамдалған сабаққа айналады.Олардан бірнеше тік өскен сабақтар пайда болады.

    Сабақтары төрт қырлы, ұзындығы 100см дейін, жалаңаш, сирек түктері кездеседі. Жапырақтары қалың салынған, бұтақтары мен жапырақтары супротивті орналасқан. Жапырақ пішіні - сопақ жұмыртқа немесе қандауыр пішінді болады. Жапырақтарының ұшы үшкірленген, шеті ара тәрізді,сағағы қысқа. Жапырақтардың үсті жалаңаш, тек қана жапырақтың астыңғы жағынан, негізгі жүйкенің бойында сирек кездесетін түктері болады. Лупамен қарағанда, жапырақтың бетінен жылтыраған (сары) эфир майлы бездерін байқауға болады.

    Гүлдері ұсақ, , сабақтарының ұштарында шоғырланып масақты гүл шоғырын түзеді. Гүлінің тостағаншалары бір-бірімен кірігіп кетіп, түкке айналып, 5-тісті болады. Күлтелері де бірімен бірі біріккен, воронка тәрізді. Шілде айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Жемісі – жоқ. Жапырақтың үстіңгі жағы қанық-жасыл, ал астыңғы жағы бозғылт-жасыл. Өзіне тән өткір жұпар иісті, дәмі кұйдіргіш, мұздатқыш қасиеті бар. Гүлдері қызыл-күлгін түсті

    1. Түрлі тіршілік формаларындағы гүлді өсімдіктердің морфологиялық

    Ерекшеліктері

    Тіршілік формалары түсінігінің авторы болған Варминг 1884ж жан – жақты дамыған морфо – биологиялық системаны ендірді. Ол өсімдіктерді екі негізгі группаға бөлді : гипаксант өсімдіктер яғни монокарптар – моноциклділер, дициклділер, полициклділер. Көп жылдық поликарптылар – бұларды екі топшаға 1). әрекетсіз немесе баяу әрекеттенетін өсімдіктер 2). әрекеттену ерекшеліктеріне ие болған өсімдіктер – жер үстінде әрекеттенеді. (жіңгелектер айырмашылығын жер астында әрекеттенетіндер тамыр сабақ, тік тамырлары суда сүзіп жүретіндер Варминг системасының негізгі олардың бейімделушілігін анықтады).

    ХХ – ғасырдың бастарында (1903,1905,1907) Раункиер кең таралған системаны ұсынды. Ол системасында тіршілік формалардың жылдың ыңғайсыз жағдайында тіршілік етуіне негізделген. Алғаш тіршілік формалары 5-типке бөлінген.

    1 фанерофитер –(р) – бүртіктері жоғарыда (30см) ашық жайласқан 2. хамефиттер (Сһ) – ыңғайсыз кезеңдерде жаңалану бүртіктері топырақ бетіне жақын 20-30см) жайласқан

    1. Гемикриптофиттер – (Н) –бүртіктенуі мен өркендерінің ұшы топырақ беттерінде төсеме астында жайласқан.

    2. Криптофиттер –(к) –“жасырын” жер үсті сабағы толық жоғалған, жаңа бүртіктері жер астында әр түрлі тереңдікте сақтанып қалады. Криптофиттер : геофиттер (6) жер асты тамыр – сабақты б) гелофиттер – батпақты, сабақтары су үстінде, бүртіктері су астында жайласқан. в) гидрофиттер – бүтін өсімдік су астында болады. 5). Терофиттер – Тһ –ыңғайсыз дәуірде ұрық формасында болатын бір жылдық өсімдік.




    1. Тұқымның құрылысы және оның түрлері

    Тұқым (лат. semen) - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше.

    Тұқым гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде болатын, ал жалаңаш тұқымдылардың мегаспорофиллде орналасқан түйінде тұқым ұрығынан, (тұқымбүршігінен) дамиды. Кейде ұрықтанусыз дамиды, (апомиксис). Типтік тұқым 1-2 интегументтен түзілген жабыннан, (қауыз), ұрықтан және эндоспермадан және, (немесе) периспермадан тұрады. Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі, полиэмбриония, (жалаңаш тұқымдарда, орхидті, күрделі гүлділерде, лалагүлділерде жиі болады).

    Қалыптасқан ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны, тұқымжарнақтары, (немесе тұқымжарнағы), бүршігі болады

    1. Өзекті жөкенің систематикасы, жалпы сипаттамасы

    • Өзекті жөке немесе Ұсақ жапырақты жөке (лат. Tilia cordata) - құлқайырлар тұқымдасы, жөке туысына жататын ағаш. Биіктігі 30 м-ге дейін жететін, қара қоңыр түсті жылтыр қабығы бар.

    • Жапырақтары кезектесе орналасқан, сағақтары ұзын, жүрек тәрізді, шеттері майда, ара тісті, ұштары сәл сүйірлеу.

    • Гүлдері ашық сары, кішігірім гүлшоғырын жасап тұрады. Әрбір гүлшоғырының жанында қосымша жапырақшалары бар.

    • Жемісі бір-екі тұқымды жаңғақша. Маусым-шілде айларында бар болғаны 10-15-ақ күн гүлдейді. Құрамында эфир майлары, илік заттар, воск, гесперидин, қантшырыштар, С дәруменікаротин бар.

    • Дәрі жасау үшін жөке ағашының гүлдерін қосымша жапырақшаларымен бірге жинап алады. Гүлдерінен жасалған сулы тұнбалар тер шығарады, дененің қызуын төмендетеді, микробтарды жояды. Халық медицинасында гүлін ревматизмгежөтелге, іштің түйнеп ауруына да қарсы қолданады. Сонымен қатар жөке ағашы аяқ-қол бұлшық еттерінің тырысуына, бүйрекке тас байлануына, қуықта құм пайда болуына шипа. Дене сыртындағы іріңді жараларды жұмсатру үшін оның бүршіктері мен жапырақтарын пайдаланады.

    • Жөке ағашы құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланылады. Көркем ағаш ретінде саябақтарда әсемдік үшін өсіріледі.

    1. Үлкен бақа жапырақ өсімдігінің систематикасы, жалпы сипаттамасы
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта