Главная страница
Навигация по странице:

  • Бір жылдық өсімдіктер

  • Бақбақ

  • Айлант

  • Көп жылдық өсімдіктер

  • Итмұрын

  • моноподиальды

  • симподиальды

  • Ботаника зачёт сурактары. Ботаника практикасыны диф сынаты сратары


    Скачать 112.42 Kb.
    НазваниеБотаника практикасыны диф сынаты сратары
    Дата11.09.2021
    Размер112.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБотаника зачёт сурактары.docx
    ТипДокументы
    #231476
    страница3 из 5
    1   2   3   4   5

    Бақажапырақ , тартар, жолжелкен (лат. Plantago) – бақажапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін, кейде шала бұта түрінде өсетін өсімдіктер туысы. Жер шарының барлық жерінде өседі, 260-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарында таралған 16 түрі бар. Оның ішінде үлкен бақажапырақ (P. major), орташа бақажапырақ (P. medіa), қандауыр бақажапырақ (P. lanceolata) түрлері көбірек тараған. Олар өзен-көл жағалауларындатарда, шөлді-далалы, арамшөп өскен бос жерлерде, жол бойында, құрылыс маңында өседі. Сабағының биіктігі 20 – 70 см-дей. Жапырақтары сопақша, жалпақ қандауыр пішінді, бүтін жиекті, олар тамыр түбіне шоғырланып өседі. Сабақ бойына қарама-қарсы, кейде кезектесіп орналасады. Ұсақ гүлдері ақшыл қоңыр, сиректеу ашық көгілдір түсті, масақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Мамыр – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қос ұялы қорапша. Піскен кезде жарылып ашылады. Тұқымы мен жапырақ құрамында гликозидкаротинфитонцид болады, сондықтан оны медицинада пайдаланады.

    1. Тамырлар және тамыр жүйесі

    Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән,ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң  геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда  жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен  жабылған.

    Күрделі және қарапайым риния тәрізділер мен псилот тәрізділерде,сол  сияқты мүк тәрізділерде нағыз тамыр жоқ.Риния тәрізділердің  жер астындағы мүшесі қалың ризоидтармен жабылған,ризоидтар деп аталатын құрылысы тамырсабаққа ұқсас денеден тұрады.Мүк тәрізділерде тамырдың  қызметін  экзогенді  жолмен пайда болған ризоидтар атқарады,ал сфагум мүктерінде ризоидтар жоқ.Сол сияқты тамыр кейбір су өсімдіктерінде: дүңгіршіктерде, жоғары сатыдағы тіршілік ететін өсімдіктер:арамсояуда, сұңғылада.

    Тамырда  көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер  жетілген.Жанама тамырла сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді.Қосалқы бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі.Тамырларында қосалқы бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады.

    1. Біржылдық өсімдіктің морфологиялық талдауы

    Бір жылдық өсімдіктер – тіршілігі бір жылға ғана созылатын өсімдіктер.Бір жылдық өсімдіктердің екі түрі бар: 1) жаздық Бір жылдық өсімдіктер – тарыжаздық бидайзығыршегіргүлгүлкекіре, т.б. Жаздық Бір жылдық өсімдіктердің тұқымы көктемде немесе жазда өніп-өсу сатысынан тез өтіп, тіршілік кезеңін бір вегетативтік маусымда (1 – 5 айға дейін) аяқтайды; 2) күздік Бір жылдық өсімдіктер – күздік бидай, күздік қарабидай, т.б. Бұлардың өсіп-өну сатысы ұзағырақ болады әрі оған салқын температура қажет. Күздік Бір жылдық өсімдіктер күзде егіледі. Олар сол күзде көктеп шығады да, күзқыс бойы өсіп-өніп, келесі жазда тіршілік кезеңін аяқтайды. Өте тез өсіп, тіршілік кезеңін бірнеше апта ішінде аяқтайтын Бір жылдық өсімдіктер эфемерлер деп аталады. Бір жылдық өсімдіктер шөлді аймақтарда ең көп таралған.

    1. Дәрілік бақ-бақ өсімдігінің систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Бақбақ (лат. Taraxacum) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктерҚазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз бақбағы (T. kok-saghyz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.

    1. Айланттың систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Айлант (лат. Ailanthus altissima) - дара желектілер (Simaroubaceae) тұқымдасына жататын ағаш. Дің қабығы сұрғылт-қоңыр.
    Жапырақтары кезек орналасқан, үлкен, тақ қауырсынтәрізді, 9-41жапырақтан, жағымсыз иісті. Мамыр-маусымда гүлдейді. Гүлдері майда, гүлшоғыры - ірі сіпсебас
    Жемісі ұзынша, шағанның жемісіне ұқсас. Айланттың жабайы түрі Қытайда, Үндістанда өседі. Қырым, Қавказ, Украинада тез өсетін ағаш ретіде көшеде, паркте өсіріледі.

    1. Тамырлар жүйесі. Дара- және қосжарнақты өсімдіктерде тамырлар жүйесінің ерекшеліктерін атаңыздар.

    Тамырлар жүйесі деп, бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз. Тамырлар жүйесінің үш типін ажыратамыз. Бірінші – кіндік тамырлар жүйесі. Мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп, бірінші реттегі өс – негізгі тамыр пайда болады. Негізгі тамыр бұтақтанып, одан екінші, үшінші және одан арғы өстер түзетін жанама тамырлар тарайды. Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады. Екінші кейде үшінші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықты орналасуы бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп, ерекшеленіп тұрады. Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлімінің қос жарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.Екінші – қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі. Мұнда негізгі тамыр нашар жетілген, қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды. Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты жетіліп, басымдық білдіреді. Шашақ тамырлар жүйесі дара жарнақтыларға, әсіресе, астықтарға тән, ол сирек жағдайда қос жарнақтыларда кездеседі.

    Дара жарнақтылар , лилиопсидтер (Мonocotyledones немесе Lіlіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты). Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа). Арецидалар (Аrecіdae) – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі – түйіні көп ұялы (ценокарпты). Тұқымы – эндоспермді. Лалагүлділер (Lіlііdae) – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т.б.). Гинецейі – ценокарпты (сирек апокарпты). Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы – эндоспермді. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ, лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.

    Қос Жарнақтылар, магнолиопсидтер (Magnolіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 – 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты) өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында (органик. затты өткізетін күрделі ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырға айналады. Тамырдың оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі. Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі; қ. Гүлді өсімдіктер

    1. Өркендер және өркен жүйесі

    Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.

    Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (жапырақтар арқылы). Споралы өркендер, сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады.

    Өркеннің тамырдан басты айырмасы - жапырақтың болуы. Сабақтың жапырақ (бір немесе бірнеше) өсіп тұрған тұсын буын деп атайды. Кейбір өсімдіктер тобында (астық тұқымдастарда, қалампырларда, қырықбуындарда) сабақтың буын орналасқан жері білеуленіп айқын білініп тұрады, ал кейбір өсімдіктерде ол нашар байқалады. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын деп, ал жапырақ буынды қоршамай орналасса, ашық буын деп аталады.

    Сабақтағы бір буыннан екінші буынға дейінгі қашықтық буын аралығы делінеді. Сабақтың жапырақ орналасқан буындағы жапырақ пен сабақ бөлігінің арасындағы бұрыш жапырақ қолтығы делінеді. Өсімдіктердің алуан түрлілігіне қарай буын араларының қашықтығы да түрліше. Егер буын аралықтары бір-біріне жақын болса, оны қысқарған өркен деп (капуста, қызылша, сәбіздің бас бөліміндегі бірінші жылғы жертаған жапырақтары, бақбақтың, көксағыздың және т.б. жертаған жапырақтары), егер буын аралықтары бір-бірінен қашық болса, оны ұзарган өркен деп атайды. Қысқарған өркенде гүл бүршіктері жетіледі де, олар гүлдеп, вегетациялық дәуірінің соңында жеміс береді. Сондықтан оны жемістік өркен деп атайды. Ұзарған өркен бойлап өсе береді, жеміс бермейді немесе өте аз береді (57-сурет).

    Көктемде сүректі өсімдіктер бүршік жарғанда бүршік қабыршықтары өз қызметін аяқтап түсіп қалады. Әрбір қабыршақтың түскен орнында бүршік дағы қалады. Бүршік дақтары бір-біріне қосылып өркеннің өстік бөлімінде бүршік сақинасын түзеді. Өркенге тән ерекшеліктердің бірі - оның метамерлі құрылысы. Әдетте өркен өсін бойлап, оның негізінен ұшына дейін бірнеше, кейде көптеген  буын аралықтар, қолтық бүршіктер орналасады. Осылай құрылымның заңды қайталану өркеннің метамерлігі деп аталады.

    Өсімдіктің алғашқы өркені, ұрық бөлігінде ұрық бүршігінен жетіледі. Ол тұқым жарнағының астыңғы қалтасынан, тұқым жарнақтарынан және негізгі өркеннің қалған метамерлері қалыптасатын бүршіктен тұрады. Орналасуы бойынша бұл - төбе бүршігі. Осы бүршіктен өркен бойлап өсіп, оның жаңа метамерлері пайда болады.

    Өркеннің ұшы (апексі) алғашқы түзуші ұлпалардан тұрады. Осы ұлпаның белсенді бөлінуінен өркеннің алғашқы (түпкілікті) ұлпалары мен барлық мүшелері қалыптасады. Жас жасушалардың үздіксіз түзілуі апикальді (төбе) меристемасының инициальды жасушаларының шексіз бөлініп, меристемалық қасиетін сақтауына байланысты.

    1. Көпжылдық шөптесін өсімдіктердің морфологиялық талдауы

    Көп жылдық өсімдіктер – екі жылдан астам тіршілік ететін өсімдіктер. Көп жылдық өсімдіктер қоңыржай аймақта көбіне шөптесін, ал тропиктік аймақтарда, көбінесе, ағаш, бұта түрінде өседі. Бұлардың сабағында не тамырында қор жиналатын арнайы органдары (тамыр, тамыр сабақ, түйнек, жуашық) болғандықтан ауа райына, жыл маусымына қарай сабағы қурап қалғанмен тіршілік қабілетін сақтап, келесі жылы қайта өседі. Мәңгі жасыл түрлері де бар. Мыс., пальма, лавр, талгүл (олеандр), т.б. Көп жылдық өсімдіктердің бірнеше ондаған, жүздеген тіпті мыңдаған жыл тіршілік ететін түрлері белгілі. Мыс., Қазақстанда кәдімгі емен 500 – 1000, кейде 2000 жыл, шырша 250 – 300, қарағай, самырсын қарағай 350 – 500 (кейде 600), қайың, көк терек 100 – 150 жыл, ал Солт. Америкада (Калифорнияда) өсетін алып секвойядендрон ағашы 4000 – 6000 жыл тіршілік етеді. Бұта, шала бұталардың да көп жылдықтары аз емес. Мыс., аршаның кейбір түрінің тіршілігі 500, жусан 100, теріскен 250 – 300 жылға жетеді. Көп жылдық өсімдіктер деген ұғымды екі жылдан астам өсіруге болатын әсемдік көп жылдық өсімдіктермен шатастырмау керек.

    1. Кәдімгі жүгерінің систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Жүгері (лат. Zea mays) — астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.

    Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет. 

    1. Итмұрынның систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Итмұрын (лат. Rōsa) — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі. Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.

    Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.[1]

    Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады.

    1. Жапырақтың морфологиялық - анатомиялық сипаттамасы

    Жапырақтың негізгі бөліктері жапырақ, жапырақ тақтасы (алақаны), сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады (1-сурет). Бұл аталған бөліктер барлық өсімдіктердің жапырағында бірдей кездесе бермейді.

    Жапырақтың негізгі бөлігі - оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді және жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады.

    Сағақ - жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ негізі дегеніміз - жапырақ тақтасының сабаққа бекінетін төменгі бөлімі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп, онда фо­тосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда болған органикалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырак деп аталады.

    Жапырақ қынабы - жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен байланыстырып қана қоймай, таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма ме­ристемасы орналасқан төменгі белігін ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Егер қынаптың реңі жасыл түсті болса, онда ол фотосинтезге қатынасады деген сөз. Реңі мөлдір, ұлпек немесе қоңыр тері тәрізді (қияқөлеңдерде) қынаптар да бар. Қынапты жапырақ негізінен астық тұқымдастарға тән. Жапырақ негізінің пішіні әр түрлі. Кейде ол айтарлықтай байқалмайды немесе шамалы ұлғайып, қалыңдап кетеді, мұны жа­пырақ жастықшасы деп атайды. Мысалы, саумалдықта осындай. Кейбір өсімдіктерде (шатыршагүлділерде) жапырағының негізі немесе сағағы ұзына бойы не көлденең өсіп ұлғаяды да қобыланып бітеді, мұндай жапырақты қобылы жапырақ деп атайды.

    Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінен ерекше өскіншелер өсіп шығады, олар бөбешік жапырақтар деп аталады. Олар кішкентай жапырақшалар, тікенектер пішіндес, үлпек қабыршақ тәрізді болады. Бөбешік жапырақтардың көлемі әдетте кішілеу (жоңышқа, беде) болып келеді. Ал кейбір өсімдіктерде, мысалы, асбұршақта ол кәдімгі жапырақтардан ірі. Чинаның кейбір түрлерінің (жапырақсыз чина) жапырақ тақталары мүлде өзгеріске ұшыраған.

    1. Симподиальды және моноподиальды өркен

    Гүлшоғыры моноподиальды (анықталмаған) және симподиальды (анықталған) болып бөлінеді. Моноподиальды гүлшоғырыңда негізгі ось ұзақ уақыт гүл немесе жанама бұтақтар түзе отырып өседі, ересек гүлдер гүлшоғырының төменгі жағында қалады. Негізгі осьтің шектеусіз өсуі нәтижесінде гүл шоғыры анықталмаған деп аталады. Күрделі симподиальды гүл шоғының негізгі өсі гүлмен аяқталады, гүлдерінің ашылуы жоғарғы жағынан басталып, бүйірлік бұтақтарына қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса, онда олардың ашылуы шоқтың ортасынан шетіне қарай жүреді.

    1. Дәрілік түймедақ өсімдігінің систематикасы, жалпы сипаттамасы
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта