Главная страница
Навигация по странице:

  • Өркеннің

  • кеңістікте

  • көлденең

  • Аюбадам

  • Шілтер жапырақты шәйқурай

  • Аткаштан тұқымдасы

  • Cасықшөп

  • Ботаника зачёт сурактары. Ботаника практикасыны диф сынаты сратары


    Скачать 112.42 Kb.
    НазваниеБотаника практикасыны диф сынаты сратары
    Дата11.09.2021
    Размер112.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБотаника зачёт сурактары.docx
    ТипДокументы
    #231476
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5

    Дәрілік түймедақ[1] (лат. Matricaria chamomilla) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан.Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді,төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді.Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді гүлсебеттерден тұрады, гүл сағақтары 3см-ге дейін болады, кәрзенкелері шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.

    1. Өсімдік өркендер мен тамырлар жүйесінің бірігуі ретінде.

    Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.

    Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (жапырақтар арқылы). Споралы өркендер, сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады.

    Өркеннің тамырдан басты айырмасы - жапырақтың болуы. Сабақтың жапырақ (бір немесе бірнеше) өсіп тұрған тұсын буын деп атайды. Кейбір өсімдіктер тобында (астық тұқымдастарда, қалампырларда, қырықбуындарда) сабақтың буын орналасқан жері білеуленіп айқын білініп тұрады, ал кейбір өсімдіктерде ол нашар байқалады. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын деп, ал жапырақ буынды қоршамай орналасса, ашық буын деп аталады.

    Сабақтағы бір буыннан екінші буынға дейінгі қашықтық буын аралығы делінеді. Сабақтың жапырақ орналасқан буындағы жапырақ пен сабақ бөлігінің арасындағы бұрыш жапырақ қолтығы делінеді. Өсімдіктердің алуан түрлілігіне қарай буын араларының қашықтығы да түрліше. Егер буын аралықтары бір-біріне жақын болса, оны қысқарған өркен деп (капуста, қызылша, сәбіздің бас бөліміндегі бірінші жылғы жертаған жапырақтары, бақбақтың, көксағыздың және т.б. жертаған жапырақтары), егер буын аралықтары бір-бірінен қашық болса, оны ұзарган өркен деп атайды. Қысқарған өркенде гүл бүршіктері жетіледі де, олар гүлдеп, вегетациялық дәуірінің соңында жеміс береді. Сондықтан оны жемістік өркен деп атайды. Ұзарған өркен бойлап өсе береді, жеміс бермейді немесе өте аз береді (57-сурет).

    Көктемде сүректі өсімдіктер бүршік жарғанда бүршік қабыршықтары өз қызметін аяқтап түсіп қалады. Әрбір қабыршақтың түскен орнында бүршік дағы қалады. Бүршік дақтары бір-біріне қосылып өркеннің өстік бөлімінде бүршік сақинасын түзеді. Өркенге тән ерекшеліктердің бірі - оның метамерлі құрылысы. Әдетте өркен өсін бойлап, оның негізінен ұшына дейін бірнеше, кейде көптеген  буын аралықтар, қолтық бүршіктер орналасады. Осылай құрылымның заңды қайталану өркеннің метамерлігі деп аталады.

    Өсімдіктің алғашқы өркені, ұрық бөлігінде ұрық бүршігінен жетіледі. Ол тұқым жарнағының астыңғы қалтасынан, тұқым жарнақтарынан және негізгі өркеннің қалған метамерлері қалыптасатын бүршіктен тұрады. Орналасуы бойынша бұл - төбе бүршігі. Осы бүршіктен өркен бойлап өсіп, оның жаңа метамерлері пайда болады.

    Өркеннің ұшы (апексі) алғашқы түзуші ұлпалардан тұрады. Осы ұлпаның белсенді бөлінуінен өркеннің алғашқы (түпкілікті) ұлпалары мен барлық мүшелері қалыптасады. Жас жасушалардың үздіксіз түзілуі апикальді (төбе) меристемасының инициальды жасушаларының шексіз бөлініп, меристемалық қасиетін сақтауына байланысты.

    1. Өркеннің кеңістікте орналасуына қарай түрлерін жіктеңіз және көлдеңен кесіңдісіне қарай ажыратыңыз

    Өркеннің морфологиясының жіктелуі. Бүршіктер олардың құрылысы, орналасу ерекшеліктері және өсімдіктер тіршілігінің рөлі. ... Олар кеңістікте өсу бағытына байланысты орналасуынакөлденең кесіндісінің пішініне, консистенциясына қарай бірнеше топқа бөлінеді: 1. Тік сабақтар (жер бетінде өсетін көптеген өсімдіктер; 2. Жатаған сабақтар – жер бауырлап өсетін өсімдіктер (бүлдірген,қияр, асқабақ); 3. Өрмелегіш – жармасып жоғары өарай тік өрмелеп өсетін өсімдіктер; 4. Шырмалағыш – сабақтары жіңішке, жеңіл, ұзын, шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ). Өсімдік сабағының пішіні оның көлденең кесіндісіне қарай: жұмыр, жалпайған, үшқырлы, төртқырлы және көп қырлы болып бөлінеді.

    1. Аюбадамның систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Аюбадам немесе Ырғай (лат. Sambucus) – байсаттар тұқымдасына жататын көбіне бұталы өсімдіктер, кейде талдар тегі. Қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 40-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда 2 түрі бар, оның біреуі мәдени түрде өсіріледі. Алтай, Тарбағатай, Арқат тауының қарағайлы және аралас ормандарының ішінде, өзен бойларында, таудың терістік беткейлерінде – Сібір аюбадамы (S. sіbіrіca) кездеседі. Қызғылт сұр қабықты. Жапырақтары біз тәрізді. Ұсақ гүлдері ақшыл жасыл немесе сары түсті, қос жынысты, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Аналық мойны қысқа, аталығы одан екі еседей қысқа. Тұқымы, атпа тамырлары, өркені, ал мәдени түрлері қалемше арқылы көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі 2 – 4 сүйегі бар ұсақ, жалған алма. Аюбадамды халық медицинасында тер шығаратын, іш жүргізетін дәрі ретінде пайдаланады. Жемісі мен тұқымында май бар. Гүлдеген кезінде ара бал жинайды. Әсемдік өсімдік ретінде, тұрғын үйлерді көгалдандыру және топырақ қорғау үшін өсіріледі.[1]

    Биіктігі 60-150 см, маусым айында гүлдейді, гүлі ақ, тек астынғы беті ғана қызғылт. Жемісі - сүйекті жидек, шілде-тамыз айларында пісіп жетіледі. Аюбадам - улы өсімдік, оны мал жемейді. Жапырақ құрамында алкалоид заттар бар. Еуропада, Кіші Азияда, Монғолияда, Кореяда таралған. Ресейдің Еуропа бөлігінде, Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста 11 түрі өседі. Қазақстан таулы аймақтарда, көбінесе Алтайда, Тарбағатайда кездеседі. Халық медицинасында аюбадамның гүлшоғырын, жемісін, сабақ қабығын терлеу және іш жүргізу үшін қолданады. Бірақ бұл өсімдікті шикідей пайдалануға болмайды, ол құстырады және іш өткізеді. Гүл шырыны - бал арасына жақсы қорек. Әсемдік ретінде бақтар мен парктерде өсіретін көптеген түрі бар.

    1. Үлкен амми өсімдігінің систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Амми дәрілік өсімдіктер санатына жатады. Ол медициналық мақсаттар үшін ұзақ уақыт пайдаланылды. Бүгінгі таңда оның емдік қасиеттері емдеуде белгілі:

    • зәр жолдары;

    • лейкодерма;

    • асқорыту органдары;

    • зарарлы аурулар.

    Амми үш сантиметрге дейінгі тереңдікте дискіге арналған саңылаулар бар ірі көкөніс сепкіштерін егуде. Бір гектардан тұратын алаң үшін егу мөлшерлемесі – 5 кг. Қолайлы ауа-райы жағдайында, екі аптадан кейін алғашқы қашу пайда болады.Тұқымдарды күзге отырғызу тұқым шығындарын алты килограмға дейін өсіруге және 1,5 сантиметрге дейін ендіру тереңдігінің төмендеуін талап етеді. Басқа жағынан, қону әдісі бірдей.Амми үлкен, мәдениет салаларында өсіріледі, адамның өсімдік шаруашылығына қамқорлық жасауы үшін белгілі бір әрекеттерді талап етеді.Негізгі міндет топырақтың шағуы мен арамшөптерді уақтылы жинау болады. Бұл үшін арнаулы культиваторлармен арам шөптерді тазартуды жүргізу қажет. Беткі қабаттың қалыптасуының бүкіл кезеңінде әдетте үш немесе төрт өсіру жүргізіледі. Жолдағы арамшөптер қолмен тазаланады.Бұл кем дегенде екі рет жасалады және көгалдандырудың жұту үдерісімен біріктіріледі. Тым тығыз өсімдік өнімділігі айтарлықтай төмендетеді. Аммиді екі жапырақты қалдырғанда, бірінші сепкенде жіңішке өседі

    1. Жалаң мия өсімдігінің систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Мия туысына жататын, биіктігі 50-120 см-ге дейін жететін, көп жылдық шөптектес өсімдік. Тамырлары өте тереңге кетеді. Негізгі тамырдан таралған жанама тамырлары жапыраққа көлбей де, тікте таралады. Тік кеткен тамырлары 30-50 см тереңдікке бойласа, өзен аңғарларындағылары 2-4 м-ге кетеді. Көлбей жатқан тамырлары жалғынды-аллювиальды топырақтарда 15-30 метр тереңдікке бойлайды. Ал шалғынды сазды, шалғынды-сортанды топырақтарда 1-5 метр тереңдікке кетеді. Сабағы жүмыр, қызыл-қоңыр түсті, сыртын қысқа, жабысқақ безді түктер қаптаған. Жапырағы тек қауырсын тәріздес, күрделі, үзындығы 8-20 см, әр жапырағында 7-ден 17-ге дейін қысқа сағақты қаңдауыр немесе эллипс тәрізді жапырақшалары бар. Жапырақшаларының астыңғы жағы жабысқақ, шайырлы. Гүлдері шашақ шоғырын құрайды. Жеке бір гүлінде кіріккен 5 тостаганша жапрақша, ақшыл-күлгінін түсті 5 күтері, 10 аталық, 1 аналық болады. Жемісі сәл иіліп келген, сыртында жабысқан тікенектері бар, үзынша бүршаққап. Тұқымының саны 2-ден 7-ге дейін, домалақ пішінді, қоңыр-сұрғылт, жасылдау, үзыңдығы 2-2,5 мм, ені 2 мм болады. Маусым -тамыз айларында гүлдейді.

    1. Плаундар, қырықбуындар, папоротниктердің морфологиялық белгілері

    Плаун тәрiздiлер ерте дәуiрде пайда болған. Олардың казiргi кездегi өкiлдерi көп жылдық мәңгi жасыл шөптесiн өсiмдiктер. Жойылып кеткен түрлерiнiң iшiнде ағаштарыда кездескен. Қазiргi кезде плаундардың 100 – дей түрi белгiлi. Плаун  тәрiздiлер тең және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Тең споралы плаун тәрiздiлердiң кең тараған өкiлiне шоқпарбас плаун(плаун булововидный – Lycopodium clavatum) жатады.Ол қарағайлы ормандарда жиi кездеседi. Плаунның сабағы жерге төселiп, тiк және басқа өсiмдiктерге сүйенiп өседi. Төселiп өсетiн сабағынан жоғары қарай ұсақ жапырақтары бар, өркендерi, төмен қарай қосалқы тамырлары жетiледi. Күзге қарай жоғары бағытталып, тiк өсетiн өркендерiнiң ұшында екiден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетiн масақтары дамиды. Плаунның сабағының iшкi құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа қабық жауып тұрады. Оның астында жақсы жетiлген қабық қабаты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тiрек ұлпасы бар. Сабақтың ортанғы бөлiгiн шеңберлi шоқ алып жатады

    Қырықбуын тәрiздiлер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлi болған. Ертедегi ағаш тәрiздi өкiлдерi түгелдей жойылып, қазiргi кезде тек шөптесiн түрлерi ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан өсiмдiктi қырықбуын деп атаған.

    Қазiргi кезде кездесетiн қырықбуын тәрiздiлерге қырықбуын туысы (род хвощ — Equisetum) жатады, онда 30-35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретiнде егiстiкте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседi.     Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседi. Қазақстанда көбiрек тараған өкiлдерiнiң бiрi – дала қырықбуыны (хвощ полевой – Equisetum arvense).

    Ол – ұзын, бұтақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптесiн өсiмдiк. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүстi өркендерi екi түрлi: көктемгi және жаздық өркен. Көктемгi өркендерi ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршiктерiнен пайда болады. Олардың биiктiгi 20 см аспайды, бұтақтанбаған болып келедi. Жапырақтары буындарында қабыршақ түрiнде қалыптасады. Мұндай өркендердiң жоғарғы ұшында спора түзетiн масақтар жетiледi. Масақтарында споралар дамиды. Қабыршақты жапырақтары өркенде топтанып орналасады. Дала қырықбуынының көктемгi өркендерi споралары пiсiп жетiлген соң қурап қалады. Жасыл түстi жаздық өркендерде хлорофилл дәндерi бар. Жаздық өркенде жанама бұтақтары топтанып орналасады. Ол – вегетативтi өркен. Жапырақтары болмайтындықтан фотосинтез процесiн осы жаздық өркендерi жүзеге асырады.

    Папоротник тәрiздiлер жоғарғы сатыдағы споралы өсiмдiктердiң iшiндегi ең ерте пайда болған тобы. Ертедегi жойылып кеткен үлкен ағаш тәрiздi түрлерi ылғалды тропикалық орман болып өскен.

    Қазiргi кезде папоротник тәрiздiлердiң 10000-нан астам түрлерi белгiлi. Папоротник тәрiздiлер тропикалық ормандарда ағаш, лиана (басқа өсiмдiкке оралып өсу), түрiнде өседi. Суда өсетiндерi де бар. Австралия мен Жаңа Зеландияда өсетiн ағаш тәрiздi түрлерiнiң биiктiгi 20 м жетедi. Қазақстанда ағаш тәрiздi папоротниктердi тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.

    Папоротник тәрiздiлер тең споралы және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Қазақстанда кездесетiндерi көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Олардың кең тараған өкiлдерiнiң бiрi еркек усасыр папоротнигi(щитовник мужской – Dryоpteris filix — mass).

    Ол ылғалды көлеңкелi жерлерде, орман шетiнде және сайлар мен жыраларда өседi. Еркек усасыр папоротнигi %тамырсабақты өсiмдiк. Тамырсабақтарынан төмен қарай қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседi. Бiзде өсетiн шөптесiн папоротниктердiң жер үстi сабағы дамымаған. Бiрақ олардың жер асты тамырсабағы жақсы жетiлген. Папоротниктердiң тамырсабағы түрi өзгерген қысқарған сабақ дейдi. Еркек усасыр папоротнигiнiң  жапырақтары өте баяу өседi. Мұнда үш түрлi жапырақ бар. Бiрiншi жылғы жапырақтар бүршiк түрiнде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршiктерден екiншi жылғы жапырақтар пайда болады. Екiншi жылғы жапырақтары бүктелiп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшiншi жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып қауырсынды тiлiмделген нағыз жапыраққа айналады.

    Папоротниктердiң жапырақтары жоғарғы ұшынан шексiз өсетiндiктен өте iрi болады. Олардың мөлшерi бiрнеше мм-ден 30 м дейiн жетедi. Папоротниктердiң жапырақтары 2 түрлi қызмет атқарады:

    1)       фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық зат түзiледi;

    2)       споралар түзiлiп көбеюге қатысады. Папоротниктердiң фотосинтез процесi жүретiн жапырақтары қауырсын тәрiздi бiрнеше қайтара тiлiмделген болады. Сондықтанда оны күрделi қауырсынды жапыраққа жатқызады.


    1. Шілтержапырақты шайқұрай өсімдігінің систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Шілтер жапырақты шәйқурай — Қазақстанда кездесетін 7 түрдің ішіндегі едәуір танымал түрі. Қазақстанның барлық аудандарында, өзен жағасында, шалғынды далада, бұталы өсімдіктер арасында, тау сайларында, беткейлерінде, тың жерлерде өсіп-өнеді. Оның жіңішке мықты ьұтактары бар, одан жылда қатты бірнеше екі қырлы сабақтар тарайды. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, элипс тәрізді, жиектері бітеу. Бұл түрдің жапырағына тән ерекшелігі көп нүктелі бедері бар, эфир майының тұнық тамшыларымен толтырылған. Егер жапырақты күнге қарайтын болсақ, олар жіңішке инемен тесілгендей болып көрінеді. Осыған байланысты бұл түр «Шілтер жапырақты шәйқурай» деген атау алған. Гүлдері едәуір көлемді, жалтыр сары, қалқан секілді сыпырғыға жиналған. Тостағаншалары мен күлтелері 5-тен, көп аталықтары 3 шоққа бөлінген. Тостағаншалар мен күлтелерінің жиегінде қара нүктелер анық көрінеді, үйекген уқалаған кезде қызғылт сары бояғыш зат көрінеді. Осы себепті бұл өсімдіктің гүлін жүннен тоқылған киімдерді сары туске бояу үшін қолданады. Тозаңдануы жәндіктер арқылы. Гүлдері шырынсыз бірақ ашық, бояуы және тозаңның шамадан тыс көптігі жәндіктерді шақырады. Гүлдеуі мекеніне байланысты маусымнан тамызға дейін созылады. Тұқымы тамыз және қыркүйек айларында жетіледі. Бұл үш қырлы, қоңыр түсті қауашақтар басқалардан ерекше көзге түседі. Құрғақ күндері ашылады да, жаңбырлы күндері жабылып тұрады. Тұқым саны көп, ұсақ қара қоңыр түсті, қауашақтың жоғарғы жағындағы тесіктен қозғалғанда шашылып түседі.

    1. Аткаштанның систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Аткаштан тұқымдасы (Hіppocastanacеae) — көп жылдық ағашты өсімдіктер. Қазақстанда КүнгейІле Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Аткаштан тұқымдасының Аткаштан (Aesculus) туысы, оның бір ғана түрі — кәдімгі Аткаштан (A. hіppocastanum) бар. Биіктігі 30 м-дей, жуан діңі шеңбер не пирамида тәріздес, қабығы қоңырлау сұр келеді. Саусақ салалы жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Тостағанша, күлте жапырақтары, аталығы бес-бестен, ал аналығы біреу және ол 3 жеміс жапырағынан тұрады. Гүлі алғашқы кезде сары болады, кейін оған қызғылт дақ түседі. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек — қазанда жеміс береді. Жемісі — 3 тұқымды қауашақ. Аткаштан тұқымдасы — саябақтардакөшелерде сән ағашы ретінде өсіріледі. Тұқымы мал азығына пайдаланылады. Оның қабығында илік заттар бар. Сүрегі жеңіл, ағаш бұйымдарын жасау үшін қолданылады.

    1. Бессалалы сасықшөп өсімдігінің систематикасы, жалпы сипаттамасы

    Cасықшөп[2] (лат. Leonurus) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын екі не көпжылдық шөптесін өсімдіктер тегі. Сасықшөптер тау баурайларында, өзен жағалауларында, жол жиегінде, бұталардың арасында өседі. Биіктігі 50 — 200 см аралығында, тамырсабақты өсімдік. 4 қырлы сабағы түзу өседі, сырты түкті.

    Жапырақтары қалақ тәрізді, саусақ салалы. Тостағанша жапырақшалары жіңішке конус пішіндес. Күлтелері алқызыл, жоғарғы еріні ақ түсті.

    Көп гүлді гүлшоғыры жапырақ қолтығына орналасқан. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады.

    Жемісі — көп жаңғақша.

    1. Жапырақтың дамуы

    Сәйкес Агнес Арбержапырақтың жартылай өркендеу теориясы, жапырақтары жартылай өркендер,[37] жапырақтан алынған примордиа өркен шыңының. Дамудың басында олар дорсентральды түрде доральді және вентральды беттермен тегістелген.[14] Құрама жапырақтар өркендерге қарапайым жапырақтарға қарағанда жақын. Даму зерттеулері өркен сияқты жапырақтары үш өлшемде тармақталуы мүмкін екенін көрсетті.[38][39] Молекулалық генетика негізінде Эккардт пен Баум (2010 ж.) «Қазіргі кезде күрделі жапырақтар жапырақтың да, өркеннің де қасиетін білдіретіні жалпыға бірдей қабылданды» деген тұжырымға келді

    1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлі тіршілік формаларының вегетативті көбеюі
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта