Главная страница

2018-19 ж. циклограмма. Циклограмма і апта 37 ыркйек 2018ж


Скачать 475.56 Kb.
НазваниеЦиклограмма і апта 37 ыркйек 2018ж
Дата20.04.2022
Размер475.56 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла2018-19 ж. циклограмма.docx
ТипДокументы
#485928
страница5 из 36
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36


ЦИКЛОГРАММА

І апта ( 1-5 қазан 2018 ж.)

Өтпелі тақырып «Менің отбасым»

Тақырыпша «Менің отбасым, ата-аналар еңбегі»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау


7:30-7:40

Тәрбиешімен балаларды қабылдау. Дене қызуын өлшеу және тазалығын тексеру Жағымды жағдай орнату. Денешынықтыру сабағына қатысып балалардың жағдайын бақылауда ұстау. Пулсьтарын тексеру.

Балалардың көңіл-күйін бақылау.дене қызуын өлшеп тазалықтарын тексеру. Арнайы журналға тіркеу. Мәдени- гигиеналық шараның орындалуын қадағалау.Ата-аналармен тұмау ауруы жөнінде түсінік беру.мұрындарына Оксолин мазьн жағу.

Балалардың денеқызуын өлшеп қабылдау.ата-анамен жеке бас тазалығы туралы сөйлесу. Танауларына Оксалин мазын жағу Серуен уақытында



Балаларды қабылдау үстінде ата-аналармен баланың жағдай туралы әңгімелесу.дене қызуын өлшеу. Тәрбиешімен бірге ертеңгілік жаттығу жүргізу.

Тәрбиешімен бірге балаларды қабылдап қызуын өлшеу, тазалығын тексеру. Жеке бас гигиенасын қарау Таңғы ас кезіндегі ережелердің орындалуын бақылау.

Ата аналармен әңгімелесу

7:40-7:50

Үйде балаларына үйдегі тіршілікке ата-анамызға көмектесу туралы айту жөнінде әңгімелесу.


«Отбасы мүшелері кімдер және олар қандай жұмыстармен айналысатыны туралы» балаларға айтып түсіндіру жөнінде әңгімелесу.


Балалардың сөз қорларына « отбасы» сөзін айтып үйрету жөнінде әңгімелесу.


Балаларға отбасы туралы сұрақтардың жауабын айтып, логикалық ойлануына мүмкіндік жасау жөнінде әңгімелесу.


Отбасы мүшелерін сыйлауды үйрету жөнінде әңгімелесу.

Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )

7:50-8:05

Дидактикалық ойын:

« Түсініп тап».

Мақсаты: екі түрлі түстегі дөңгелектерді ажыратып топтастыруға үйрету

Үстел үсті ойын:

«Құрастыр»

Мақсаты: канструкторларды бір-біріне үстінен және жанынан біріктіре білуді үйрету


Саусақ ойыны жаттығуы:

« Достық»

Мақсаты: балалардың саусақ маторикасын дамыту, тәрбиешінің айтуы бойынша қимылдарды жасауға үйрету

Дидактикалық ойын: « Бұл не?»

Мақсаты: есте сақтау қабілетін жетілдіру

Саусақ ойыны:

«Не қалай дыбыстайды?» .

Мақсаты: кейіпкерлерді (ит, мысқ, тышұан, әтеш) көрсетіп дыбысын салуға үйрету

Таңертеңгі гимнастика (5мин)

8:05-8:15

1,Жүру аяқтың ұшымен, өкшемен, жәй жүру, қолды белге қойып жүру, шеңбер болып жүру.

2.1 б/қ. аяқ бірге қол төмен.

1 қолды алға созу, 2 оңға қарай қолды айқастыру, 3 солға қарай қолды айқастыру. 4б/қ. оралу 4-5 рет.



1.Б/қ. аяқтың арасы алшақ, қол белде.

1-оң жаққа қарай иілу, 2б/қ. оралу 3 сол жаққа қарай иілу 4б/қ. оралу. 4-5 рет қайталау.

2.Б/қ. аяқтың арасы ашық, қол иықта.

1-2 алға қолды сермеу, 3-4 артқа қарай сермеу 4-5 рет.


1.Б/қ. аяқтың арасы алшақ, қол белде.

қолды алға созу, 2 отыру, 3тұру, 4 б/қ. оралу 4-5рет.

2.Аяқты алмастырып секіру. 7-8 секунд
3.Еркін тыныс алу жаттығулары.


1.Б.қ аяқ иық деңгейіде, қолдары кеуде тұсында, шынтақтары бүгілген, саусақтары жұдырыққа түйілген осы күйінде қолдарын кезек-кезек айналдыру.

2.Аяқтары сәл ашылған, қолдары артқа өарай жіберілген.Отырып қолдарымен тізесін құшақтау, тұру, қолдарын артқа жіберу.


1.Негізгі тұрыс, доп оң өолда,

1-қолдарымызды екі жаққа созамыз

2-қолдарымызды жоғары көтереміз, допты екінші қолға ауыстырып қоямыз, 3-қолдарымызды екі жаққа созамыз, 4- б.қ

4-5 рет

Таңғы ас

8:15-8:45

Ұйқыдын тұрып, беті қолды жуып

Төсекті жинап, тазалықты сақтап

Таза ауа жұтып. Кешкісін үйге қайтамын
Астарыңыз дәмді болсын!


Астарыңыз дәмді болсын!
Бата беру

Аумин десең маған

Құдай берсін саған

Алтыннан-жағаң

Күмістен тағаң

Оң жағыңнан кетпесін

Тілеуің қабыл

Мұратың асыл болсын

Аумин

Нан ардақты адал ас

Кәрі –жас одан аттамас

Нандай жоқ қой асыл дән

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарханнан нан кетсе

Береке кетер асыңнан
Астарыңыз дәмді болсын!


Астарыңыз дәмді болсын!
Бата беру

Пейіліңе қонақжай

Бата берем қолың жай

Ақ жарылған жүрегің

Қабыл болсын тілегің!

Астарыңыз дәмді болсын!


Ойын, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық

8:45-9:00

«Менің отбасым»

Суретпен әңгімелесу

Мақсаты: Отбасы мүшелерін тануға, олар туралы мағлұмат жинауға , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу

Дидактикалық ойын: «Доппен ойын»

Мақсаты:Жиһаз атауларына қарама-қарсы сөздерді айтуға үйрету.

Мыс: үлкен орындық-кішкентай орындық; Жұмсақ диван-қатты диван...


«Ағаш шебері» өлеңі

Бұрқыратып иісін

Тақтай тілем ағаштан

Безендірем үй ішін

Жабдықтармен жарасқан

Болсын берік, көрікті

Пәтерлердің жасауы

Соған лайық ең мықты

Келер жиһаз жасағым

Мақсаты: Балаларды жиһаздың жасалу жолымен таныстыру.

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қалта» ойыны:

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа , ептілікке, бір-бірін сыйлауға және эмоционалды болуға тәрбиелеу



«Мимикалық жаттығу»

Мақсаты: балалардың көңіл күйлерін түрлі эмоциялармен білдіруге үйрету.

Достар креслоға отырып еді, оның аяғы сынып қалды – «мұңаю».Не істейміз?»- «таң қалу». Таптық! – «қуаныш». Балға мен шеге алып, орындықты жөндедік – «қуаныш».Енді ешқандай қиындық жоқ! «Тыныштық»

Ұйымдастырылған оқу қызметтері

9:00-10:30
















Серуенге дайындық

10:30-10:40

Сапырған сары қымызын

Барамын жасыл жайлауға

Қызықтап көркін күн көзін

Асыр сап көкте ойнауға

Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау

Біз әдепті баламыз

Жайнай берсін даламыз

Табиғатқа қамқор боп

Сүйіспеншілікпен қараймыз


Санамақ

Бір дегенім- бірлік

Онсыз болмас-тірлік

Екі дегенім-еңбек

Еңбек бәрін жеңбек

Үш дегенім-үлес

Үлес үшін-күрес

Төрт дегенім терме

Тұрған жақсы-ерте

Бес дегенім белең

Сан үйреніп - келем

Бұл бала қай бала

Пай-пай тап-таза

Ақ қаздай

Киімі мұнтаздай

Жарайсың балақай!

Дейміз біз мадақтай

Серуендеу

10:40- 12:00

Бақылау: Емдік шөптерді бақылау
Мақсаты: Балабақша ауласында өсетін емдік шөптер туралы білімдерін кеңейту.Табиғатты қорғау және сақтпуға деген ынталары мен іскерліктерін қалыптастыру
Еңбек: Тәрбиешімен бірге құлаған, сынған бұталарды жинау
Қимылды ойындар: «Қасқыр қақпан»
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, аң,арымпаздыққа тәрбиелеу

Бақылау: Күз көріністерін бақылау
Мақсаты: Күз туралы білімдерін молайту, күз көріністерін бақылауды жалғастыру
Еңбек: Ойын алаңын тазалау
Қимылды ойындар: «Ормандағы соқпақтар»Мақсаты:жағдайға байланысты қозғалыстарды түрлендіру.

Бақылау: Тастарды бақылау.
Мақсаты: Тастардың өлі табиғат мүшесі екендігі жайлы түсініктерін молайту, олардың әртүрлілігі мен пайдасыы туралы білім беру
Еңбек: Ауладағы тастарды жинау және олардан композиция құрау.
Қимылды ойындар: «Ұшты - ұшты»
Тәрбиешіні мұқият тыңдауға үйрету

Бақылау: Жапырақтардың түсін бақылау. Мақсаты: Табиғаттың мезгілге байланысты құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту.Бақылағандарын сөйлеу тілінде қолдану қабілеттерін қалыптастыру
Еңбек: Алаңдағы жапырақтарды жинауға аула сыпырушыға көмектесу.

Қимылды ойындар: «Түлкі мен қояндар»
Жануарлар мінез-құлқын ажырата білу

Бақылау: Түскен жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту
Еңбек: Аула сыпырушы ағайдың еңбегіне көмектесу,жапырақтарды жинау
Қимылды ойындар: «Орамал тастау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Серуеннен оралу

12:00-12:20

Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау.Жинақылыққа тәрбиелеу.Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау

Бұл бала қай бала

Пай-пай тап-таза

Ақ қаздай

Киімі мұнтаздай

Жарайсың балақай!

Дейміз біз мадақтай

Сабақ оқып, ойын ойнап

Серуеннен қайтамын

Тамағымды ішіп

Түсте ұйықтап жатамын


Біз әдепті баламыз

Жайнай берсін даламыз

Табиғатқа қамқор боп

Сүйіспеншілікпен қараймыз

Күз келіпті дегенше

Алма пісті дегейсің

Бағымызда ендеше

Алма теру көбейсін


Түскі ас

12:20-13:00


Ойын- жаттығу :

Ас ішер кезде,

Сөйлемейміз, күлмейміз

Астан басқа өзгені

Ойламаймыз білмейміз.

Сиқырлы сөз: "Астарыңыз дәмді болсын!"

Ойын жаттығу:

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып, қастерлеп

Торғайларға тастаңдар

Сиқырлы сөз:

«Приятного аппетита»

Ойын- жаттығу :

Нан – тамақтың атасы

Ынтымақ- көптің батасы

Тістем нанның қадірін

Тарыққанда білерсің


Сиқырлы сөз:

«Астарыңыз дәмді болсын»

Асың-асың-асыңа

Береке берсін басыңа

Алла бізді қолдасын

Еш жамандық болмасын

Аумин

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар

Сиқырлы сөз:

Let the food go grow

Түскі ұйқы

13:00- 15:10

Баяу музыкамен балаларды ұйықтату

Ертегілер айтып жағымды үнмен тәтті ұйқыға жатқызу

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жаңдай орнату

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату

Ертегілер айтып жағымды үнмен тәтті ұйқыға жатқызу

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары

15:10- 15:30

Қайықша

Бастапқы қалып:ішпен жату

1.Қол жоғарда

2.Дененің жоғарғы және төменгі бөлігін көтеру

Бастапқы қалыпқа келу
Толқын

Бастапқы қалып: тіземен тұру, қол белде

1.Оң аяқтың ұшына отыру, қол солда, бастапқы қалыпқа келу

2.Сол аяқтың ұшына отыру, қолды оңға бұру

Бастапқы қалыпқа келу

Доп

Бастапқы қалып: аяқ бірге

1.Допты секірте отырып, екі аяқпен секіру

Бастапқы қалыпқа келу


1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут) Мысықтар

Мысықтар оң жаққа қарап ұйықтап жатыр, ұйқы сұрап мияулап жатыр көздерін жұмып мяу мяу мяу.

Көзімізді ашып арқаға жатып тырнағымен тырналанып жатыр.

Төрт аяқтап тұрып мойынымызды жоғары созып мияулаймыз мяу мяу мяу.

Отырып башпайларымызды уқалаймыз, аяғымызды сипаймыз.

2 Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)

Мысық сияқты аяқтын ұшымен шеңбермен жүру, екі аяқпен секіру ,жүру орнымызға қарай жүгіру.

Орындықта отырып оң аяғын сол аяғына қойып табандағы нүктелерге массаж жасау, аяқтарын ауыстыры табандағы нүктелерге массаж жасау, ( 3- 4 рет)


Орманға саяхат

Тартылу

1.Бастапқы қалып: арқамен жату

2.Қол бел тұсында

3.Тартылу

4.Бастапқы қалыпқа келу
Орман тұрғыны жазда аспалы бесікте тыныш ұйықтайды (Жаңғақ)

1.Бастапқы қалып: арқамен жату, қол белде

2.Дем алу, аяқ қойып отыру

3.Қолды аяқ ұшына тигізіп, дем шығару

4.Бастапқы қалыпқа келу.


Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)

Ашулы мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды төмен қаратып арқамызды жоғары көтеру. 10 сек

Мейрімді мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды жоғары созу, белімізді созу . 10 сек

Мысықтын құйрығы тізеге тұрып қолымызды санымызға қою оңға солға құйрық сияқты тербелу ақырын сосын жылдам.

Демалу жаттығулары

Мяууу мяууу мяуууу

Фррр фрррр фрррр Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз


Жасыл инелерімен,міне шырша иілді

1.Бастапқы қалып: аяқ иық көлемінде, кол төменде,дем алу

2. Еңкею,дем шығару

3.Бастапқы қалыпқа келу,дем алу

4.Еңкею,дем шығару

Биік қарағай бұтақтарымен қозғалады

1.Бастапқы қалыпқа тұру

2.ауаны жинаймыз.қолымыз жанымызда

3.Оңға қарай иілеміз,қолымыз белімізде.

4.Солға иіліп,ауаны шығарамыз

Балалардың басында бас киім,тал құлады,бас киім жоғалды

1.Бастапқы қалып: қолымыз басымызда,аяғымызды көтеріп,ауаны ішімізге жинаймыз,ауаны шығарып,орнымызға отырамыз

Алена тұр,жапырақ жасыл,ақ сарафан(Қайың)

1. Бастапқы қалып: тұрамыз,аяқ иық көлемінде,қолымыз белімізде,қолымызды жоғары көтеріп,аяғымыздың ұшын көтеріп,ауаны шығарамыз,қайтадан бастапқы қалыпқа келеміз.

Бесін ас

15:30-15:50

Астарыңыз дәмді болсын!

Нанда қол жетпейтін аспан бар
Ана бол, дана бол, бала бол

Нанды баспаңдар!


Астарыңыз дәмді болсын!


Дәулетіңді тастырсын

Сәулетіңді астырсын

Ақсақалың келгенде

Ақ дастархан жайылып

Адал ас пен бас тұрсын

Тіл мен көзден аман боп

Түлеп ұшсын жас қыршын

Астарыңыз дәмді болсын!

Асың, асың асыңа

Береке берсін басыңа

Бөденедей жорғалап

Қырғауылдай қорғалап

Қыдыр келсін қасыңа!

Ойындар, дербес әрекет
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

15: 50-

16: 50


Қайтала ойыны:

Мақсаты: Қимыл қозғалысты бақылағышты дамыту

Барысы: Тәрбиеші балалрғ бірнеше қимыл-қозғалысты көрсетеді.Балалар оны қайталайды.Осыдан кейін бір бала топан шығып өз қимылын көрсетеді, басқалары соны қайталайды

Вариативтік компонент

Шебер қолдар

«Күзгі өнімді жинауға арналған себет» оригами

Мақсаты:Өз қолдарымен қағаздан әр түрлі бұйымдар жасауға үйрету.Шаршы қағазды теңестіре, тігінен, көлденеңнен бүктеу дағдыларын жетілдіру


«Пішіннің суретін сал»

Мақсаты: көріп, есте сақтауын, қолдың ұсақ маторикасын дамыту.

Барысы:Тәрбиеші балаларға 1-2 мин аралығында геометриялық пішіндерді көрсетеді.Есте қалғандарын қағазға түсіруді өтінеді

«Көбелек» ойыны

Мақсаты: Басқа бала бойындағы жақсы қасиетті көре білуді, құрбыларымен жақсы қатынас орнату қабілетін дамыту

Вариативтік компонент

Ағылшын тілі

Серуенге дайындық

16:50-17:00

Балаларды киінгенде түймелерін қадап , аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі оқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау

Балаларды киінгенде түймелерін қадап , аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі оқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.

Киім шкафтарын таза ұстау және жинау

Балаларды киінгенде түймелерін қадап , аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі оқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау

Балаларды киінгенде түймелерін қадап , аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі оқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау

Балаларды киінгенде түймелерін қадап , аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі оқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау

Серуен

17:00-17:40

Қимылды ойындар:

«Күн мен жаңбыр»

Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да, «Терезе» (орындықтардың арқасындағы тесікке қарайды.) Тәрбиеш: «аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді.Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп орындықтардың алдына отырады.Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар серуендеңдер», -дейді, ойын қайта басталады


Қимылды ойындар:

«Қуырмаш»

Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.

Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын.Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.-Қуыр, қуыр, қуырмаш –Балапанға бидай шаш Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.

Бас бармақ, Балан үйрек, Ортан терек,Шылдыр шүмек

Кішкенк бөбек

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Қимылды ойындар:

«Кімнің тобы тез жинақталады?»

Балалар ойнаушылардың саны бірдей 3-4 топқа бір қандай да болмасын түсті жалаушалар беріледі.Алаңның ең шетінен немесе бір жақ шетінен таған үстіне сондай түсті 3-4 жалаушалар қойылады.Әрбір топ қз түстеріне сай кішкене жалаушаның алдына калунаға тұрады.Ойнаушылар сапқа тұрған кезде тәрбиеші дабыл қағады, содан соң балалар алаңмен әртүрлі бағытта жүреді, секіреді.Тәрбиешінің берген ырғағына, темпіне байланысты қимыл өзгеріп отырады, «Орныңа тұр!» деген белгі бойынша балалар өздерінің жалауына қарай жүгіреді де (бетін жалауға қаратып) тізбектеле тұрады.Тәрбиеші қай топтың бірінші болып тұрғанын белгілейді....Ойынды 2-3 рет қайталаған соң балалар жүгіріп, секіріп жүрген сәтте тәрюиеші «тоқта!» - дейді.Осы белгі бойынша барлық ойнаушылар тоқтайды да көзін жұмады.

Қимылды ойындар:

«Секіріп жүріп допты ұстау»

Балалар топтпрында сюжетті, сюжетсіз сақина кигізу ойындарын пайдалануға болады: Әр түрлі формадағы тағандардың үстіне қазықша орнатылады.Балалар қашықтығы 1,5-2,5 м жерден сақина тастайды.Ойынды балалар тобымен 4-6 адаммен өткізуге болады.Балалар 3 сақинадан алып оны кезекпен лақтырып кез – келген қазықшаға кигізге тырысады.Тәрбиеші балалардың ішінен кімнің сан жағынан сақинаны көбірек лақтырғанын белгілеп алады

Қимылды ойындар:

«Поезд»

Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады:

Мен паравоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар.Балалар бірінің соңынан бірі алданда тұрғанның киімін ұстап калоннаға тұрады. «Кеттік» - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» -деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды.Тәрбиеші пойызды бір бағытта, одан кейін екінші бағытқа жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «кідіріс» «аялдам» деп хабарлайды.Біраз уақыттан кейін гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.

Балалардың үйге қайтуы

17: 50- 18:00

Ата-аналарға кеңес:

Отбасы дегеніміз не? Оған кімдерді жатқызамыз

Ата-аналардан сұраныс:

«Менің отбасым» тақырыбында газет шығару

Көрме:

Әр отбасының дайындаған фотосурет көрмесі



«Өз отбасы жайында әңгіме құрастыру

Отбасы мүшелерінің атқаратын қызметтері жайлы

Балаға түсінік беру
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36


написать администратору сайта