Күн тәртібі
| Уақыты
| Дүйсенбі
| Сейсенбі
| Сәрсенбі
| Бейсенбі
| Жұма
|
Балаларды қабылдау
Ата – аналармен әңгімелесу
| 7:30-7:40
| Тәрбиешімен балаларды қабылдау. Дене қызуын өлшеу және тазалығын тексеру Жағымды жағдай орнату.
| Балаларды қабылдау үстінде ата-аналармен баланың жағдай туралы әңгімелесу.дене қызуын өлшеу. Тәрбиешімен бірге ертеңгілік жаттығу жүргізу.
| Баланың дене қызуын өлшеп қабылдау. Баланың балабақшаға бейімделуіне байланысты денсаулығын қадағалап отыру. Таңғы ас кезінде тексеру жасау.
| Баланың қызуын өлшеп қабылдау.тәрбиешімен бірге дене жаттығуларына қатысы. балаларға мәдени-гигиеналық шаралар туралы үйрету.
| Тәрбиешімен бірге балаларды қабылдау.дене қызуын өлшеп тазалығын қарау.Ата-анамен баланың жеке бас гигиенасы туралы әңгімелесу.
|
7:40-7:50
| Ата-аналармен жұмыс:
«Балалардың демалыс күндерін қалай, қайда өткізгендері жайлы» әңгімелесу.
| Ата-аналармен жұмыс:
«Балаларды өздерінің достарымен ойын барысында тату ойнау керектігі жөнінде» әңгімелесу.
| Ата-аналармен жұмыс:
«Балаңыздың достары туралы білесізбе?» сауалнама жүргізу
| Ата-аналармен жұмыс:
Ата анаға кеңес
Балаңызға қайырымды да үлгілі бола біліңіз
| Ата-аналармен жұмыс:
Баламен бірге еңбектен
|
Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )
| 7:50-8:05
| Сергіту сәті Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.
Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып, айнала жүру) Бірге ойнаймыз, күлеміз. (бір-біріне қарап, күлу) Бірге балық аулаймыз, (қолдарын алға созу) Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары созу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз.
| Тіл ұстарту
жаттығуы
Өс- өс- өс,
Тігіп алдым қос,
Екіге екіні қос.
Көңілде жоқ қос.
Өс-өс-өс.
Өнегелі болып өс.
Ұқыпты боп өс.
Ағаш тез- тез өс. Музыка әуенін тыңдап, музыка сай жаттығу жасау.
| ТҮЛКІШЕК (қызықтама)
Tүлкi, түлкі, түлкішек, - Түнде қайда барасың? - Апам үйіне барамын, - Апаң саған не берер? - Eшкі сауып сүт берер, - Оны қайда қоясың? - Жалпақ тасқа қоямын. - Ит ішіп кетсе қайтесің? - Бақан ала қуамын. - Былғанып қалса қайтесің? - Ағын суға жуамын. - Ағып кетсе қайтесің? - Қайықпенен қуамын. - Жеткізбесе қайтесің? –
Жылай, жылай қаламын.
| Дидактикалық ойын:
«Үй құстары – менің достарым»
Мақсаты:
Жасырын тұрған суреттерді тауып, ағылшынша аттарын айтады.
Тауық- a hen
Қаз-a goose
Үйрек- a duck
Күркетауық- a turkey
| Дид-қ ойын: «Менің айтуым бойынша». Мақсаты: Суреттеп айтқан баланы табу қажет
|
Таңертеңгі гимнастика (5мин)
| 8:05-8:15
| «Ағаштарды жел қозғайды»
1.Тәрбиешінің белгісін тыңдап, саппен шеңбер бойымен жүреді.
Жүруді жеңіл жүгірумен алмастыру.
а) аю болып жүру.
ә) түлкі болып жүру.
б) қоян болып секіру.
Ойын: «Көлбең,көлбең көлеңкем»
Балалар ойындағы айтылған жануарлардың жүрісін салады.
| .«Сағат тілімен»
1. Б.қ: Тұрып, аяқ иық бойымен. Оңға, солға иілу
2. Б.қ: тұрып, қол иықта қолды алдыға және артқа айналдыру.
3. Б.қ: қол белде, аяқ иық бойымен,отырып, тұру.
4. Ойын: «Ағаштарды жел қозғайды»
Жел соғады бетіме Ағаштарда желпуде Жел тына қалған сәтте. Ағаштар биік көрінеді.
Балалар тәрбиешінің артынан қайталап қимылдарды көрсетеді.
| 1.Тыныс алу жаттығулары:
а) «шар үрлеу»
ә) «Ауаны мұрынмен тартып,аузымен шығару»
«Буратино керілді»
2.Тәрбиешінің белгісін тыңдап, саппен шеңбер бойымен жүреді.
Жүруді жеңіл жүгірумен алмастыру.
а) аяқтың ұшымен жүру.
ә) өкшемен жүру.
б) аяқтың сыртымен жүру.
в)аяқтың ішімен жүру.
г)қоян болып секіру.
| .«Сағат тілімен»
1. Б.қ: Тұрып, аяқ иық бойымен. Мойнымызбен «сағат тілімен» оңға, солға иілу
2. Б.қ: тұрып, қол иықта қолды алдыға және артқа айналдыру.
3. Б.қ: қол белде, аяқ иық бойымен,иілеміз оңға,иілеміз солға.
4. Ойын: «Буратино керілді»
Буратино керілді Буратино созылды. Жан-жағына қарады. Кілтін таба алмады. Кілтін іздемеші болып. Жоғары ол созылды.
Балалар тәрбиешінің артынан қайталап қимылдарды көрсетеді.
3.Тыныс алу жаттығулары:
а) «шар үрлеу» «уф-уф-уф» дыбыс шығару.
ә) «Ауаны мұрынмен тартып,аузымен шығару»
| 1.Тәрбиешінің белгісін тыңдап, саппен шеңбер бойымен жүреді.
Жүруді жеңіл жүгірумен алмастыру.
а) аяқтың ұшымен жүру.
ә) өкшемен жүру.
б) аяқтың сыртымен жүру.
в)аяқтың ішімен жүру.
г)қоян болып секіру.
2.Б.қ: аяғымыз түзу,қолымызда сылдырмақ,дене бойымен төмен.
Орындалуы: Қолымызды жоғары көтереміз,сылдырмақты сылдырлатып,төмен түсіреміз.Қолымызды түсірер кезде «сылдыр-сылдыр»дейміз.
|
Таңғы ас
| 8:15-8:45
| Сиқырлы сөз:
Астарыңыз дәмді болсын! Бата беру
Аумин десең маған
Құдай берсін саған
Алтыннан-жағаң
Күмістен тағаң
Оң жағыңнан кетпесін
| Нан ардақты адал ас
Кәрі –жас одан аттамас
Нандай жоқ қой асыл дән
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
!! Тілеуің қабыл
Мұратың асыл болсын
Аумин
| Астарыңыз дәмді болсын!
Кәрі –жас одан аттамас
Нандай жоқ қой асыл дән
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
| Астарыңыз дәмді болсын!
Кәрі –жас одан аттамас
Нандай жоқ қой асыл дән
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
| Кәрі –жас одан аттамас
Нандай жоқ қой асыл дән
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан Астарыңыз дәмді болсын!
|
Ойын, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық
| 8:45-9:00
| Дидактикалық ойын:
«Ертегі кейіпкерлерін тауып, олардың жүрісін сал»
Ойын шарты: ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады.
| «Менің достарым» суреті бойынша, әңгіме құрастырып айтып беруге үйрету.
| Дид-қ ойын: «Мен айтамын, досым жасайды»
Мақсаты: балалардың ептілігін, аңғарымпаздығын жетілдіру.
| «Менің достарым»
Мақсаты: Дара мен оның достары туралы ағылшын тілінде мағлұматтар беру.
| Дид-қ ойын: «Сәлемдесу» Балалар екі - үш жұптан бір - біріне қарап, әр түрлі елдің, адамдардың сәлемдесу рәсімін көрсетеді.
|
Ұйымдастырылған оқу қызметтері
| 9:00-10:30
|
|
|
|
|
|
Серуенге дайындық
| 10:30-10:40
| Сапырған сары қымызын
Барамын жасыл жайлауға
Қызықтап көркін күн көзін
Асыр сап көкте ойнауға
| Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау
| Біз әдепті баламыз
Жайнай берсін даламыз
Табиғатқа қамқор боп
Сүйіспеншілікпен қараймыз
| Санамақ
Бір дегенім- бірлік
Онсыз болмас-тірлік
Екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім-үлес
Үлес үшін-күрес
Төрт дегенім терме
Тұрған жақсы-ерте
Бес дегенім белең
Сан үйреніп - келем
| Бұл бала қай бала
Пай-пай тап-таза
Ақ қаздай
Киімі мұнтаздай
Жарайсың балақай!
Дейміз біз мадақтай
|
Серуендеу
| 10:40- 12:00
| Бақылау:Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау. Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстыру,күздегі өзгерістерді айтқызу. Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинату. Қимылды ойындар: «Ұшты — ұшты» Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
| Бақылау: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, түстерін айтқызу. Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау. Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау» Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
| Бақылау: «Күзгі саябаққа серуен» Мақсаты: Адамдардың саябаққа не себепті келетіні жайында әңгімелесу. Саябақ ішіндегі күзгі өзгерістерге көңіл бөлдіріп бақылау,әңгімелеу. Еңбек: саябақтағы әр түрлі ағаштардың жапырақтарын жинау. Әр ағаштың жапырағын ажыратып үйрету. Қимылды ойындар: «Құстар мен мысық», «Аққу-қаздар» Мақсаты:Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
| Бақылау: «Тұманды бақылау» Мақсаты: Табиғат құбылыстарын атату.Соның ішінде бүгінгі ауа-райының өзгерісі тұманды бақылату.Ашық және тұманды күннің ерекшеліктерін салыстыру. Еңбек: Жапырақтардан әртүрлі бейнелер құрастырту. Қимылды ойындар: «Кетіп қалған кім?», «Қояндар мен қасқырлар» Мақсаты: Рөлдерде ойнай білуге үйрету.Байқампаздыққа, кеңістікті бағдарлауға үйрету. Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
| Бақылау: «Қайтқан құстарды бақылау» Мақсаты:Балалар-мен қайтқан құстарды бақылау.Олардың атын ататқызып,
дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту. Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау.
Қимылды ойындар: «Қайтқан құстар» «Құстар мен мысық» Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
|
Серуеннен оралу
| 12:00-12:20
| Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау.Жинақылыққа тәрбиелеу.Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау
| Бұл бала қай бала
Пай-пай тап-таза
Ақ қаздай
Киімі мұнтаздай
Жарайсың балақай!
Дейміз біз мадақтай
| Сабақ оқып, ойын ойнап
Серуеннен қайтамын
Тамағымды ішіп
Түсте ұйықтап жатамын
| Біз әдепті баламыз
Жайнай берсін даламыз
Табиғатқа қамқор боп
Сүйіспеншілікпен қараймыз
| Күз келіпті дегенше
Алма пісті дегейсің
Бағымызда ендеше
Алма теру көбейсін
|
Түскі ас
| 12:20-13:00
| Сиқырлы сөз:
Астарыңыз дәмді болсын!
Бата беру
Берейін бата асыңа
Амандық берсін басыңа
Бөденедей жорғалап
Қыдыр келсін қасыңа
| Раз, два, три, четыре
На весах четыре гири
А сдругой стороны
На весах лежат блины Сиқырлы сөз:
Приятного аппетита!
| Сиқырлы сөз:
Приятного аппетита! Бата беру
Бар екм деп тасыма
Жоқ екем деп жасыма
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа
| Сиқырлы сөз:
Астарыңыз дәмді болсын! Бата беру
Аумин десең маған
Құдай берсін саған
Алтыннан-жағаң
Күмістен тағаң
Оң жағыңнан кетпесін
Тілеуің қабыл
Мұратың асыл болсын
Аумин
| Нан ардақты адал ас
Кәрі –жас одан аттамас
Нандай жоқ қой асыл дән
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Сиқырлы сөз:
Астарыңыз дәмді болсын!!
|
Түскі ұйқы
| 13:00- 15:10
| Ертегілер айтып жағымды үнмен балаларды ұйықтату
| Балаларға ұйықтауға жағымды жаңдай жасау
| Ертегі оқып беріп балаларды ұйықтату
| «Құйыршық» ертегісн оқып беріп, балаларды ұйықтату
| Жағымды музыка әуенімен балаларды ұйықтату
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары
| 15:10- 15:30
| 1.«Көңілді қоңыздар» массаж түрлері
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға, көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табандағы нүктелерді оятуға арналған. Ағзаның көптеген қызметтерін жақсартады.
2.Ояну жаттығуы.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым!(құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)
| 1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)
Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды денеміздің бойымен қойып иегімізді кеудемізге тигіземіз , аяқтын ұшын өзімізге қарай тартамыз ( 2- 4 рет)
Ішімізде жатып басымызды аяғымызды жоғары көтеру ( 2- 4 рет)
Ойын «Жаз бен күз» оң жаққа қарап жатып күз дегенде тіземізді құшақтап алу, күзде суық тонамыз , жаз дегенде керілеміз ( 3- 4 рет)
| Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)
Жалаңаяқ бір бірінің артынан жүру, аяқтын ұшымен жүру, өкшемен жүру, табанның ішкі жағымен жүру, сыртымен жүру.
Арнайы жолдармен жүру.
Орындықта отырып аяғымызды оңға солға тербету. ( 3- 4 рет)
| Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)
Қолымызды жоғары көтеріп оңға қарай , солға қарай жоғары созыламыз
еденге тигіземіз ( 3- 4 рет) 4. Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз.
5. Демалу жаттығулары
Жіпке байланған күзгі жапырақтарды үрлеу ( 4-5 рет)
| .Ояну жаттығуы.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым!(құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)
|
Бесін ас
| 15:30-15:50
| Ұйқыдын тұрып, беті қолды жуып
Төсекті жинап, тазалықты сақтап
Таза ауа жұтып. Кешкісін үйге қайтамын
Астарыңыз дәмді болсын!
| Астарыңыз дәмді болсын! Бата беру
Аумин десең маған
Құдай берсін саған
Алтыннан-жағаң
Күмістен тағаң
Оң жағыңнан кетпесін
Тілеуің қабыл
Мұратың асыл болсын
Аумин
| Нан ардақты адал ас
Кәрі –жас одан аттамас
Нандай жоқ қой асыл дән
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Астарыңыз дәмді болсын!
| Астарыңыз дәмді болсын! Бата беру
Пейіліңе қонақжай
Бата берем қолың жай
Ақ жарылған жүрегің
Қабыл болсын тілегің!
| Астарыңыз дәмді болсын!
|
Ойындар, дербес әрекет Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
| 15: 50-
16: 50
| Үстел үсті театры:
Мақсаты: «Менің достарым тақырыбы бойынша сюжетті картиналар қарастыру.
| Вариативтік компонент Шебер қолдар
«Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Балаларды кепкен жапырақтармен ұқыпты, таза жұмыс жасауға жаттықтыру
| «Дос достыққа» сергіту ойыны
Шарты: Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:
Оң қол оң қолмен!
Мұрын мұрынмен!
«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.
Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.
| Ой шақыру. ДОС — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассоциация жасайық.
ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор
| Вариативтік компонент
Ағылшын тілі
|
Серуенге дайындық
| 16:50-17:00
| Сапырған сары қымызын
Барамын жасыл жайлауға
Қызықтап көркін күн көзін
Асыр сап көкте ойнауға
| Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау
| Біз әдепті баламыз
Жайнай берсін даламыз
Табиғатқа қамқор боп
Сүйіспеншілікпен қараймыз
| Санамақ
Бір дегенім- бірлік
Онсыз болмас-тірлік
Екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім-үлес
Үлес үшін-күрес
Төрт дегенім терме
Тұрған жақсы-ерте
Бес дегенім белең
Сан үйреніп - келем
| Бұл бала қай бала
Пай-пай тап-таза
Ақ қаздай
Киімі мұнтаздай
Жарайсың балақай!
Дейміз біз мадақтай
|
Серуен
| 17:00-17:40
| «Бұлар кім?Жеке тұлғалар командасы».
Екі топқа әйгілі мультфильмнің кейіпкерлері ұсынылады. Топтар оларды көрсетеді, екінші топ кім екенін анықтау керек, кейіпкерлердің мінез-құлықн сипаттау керек.
| «Мақал-мәтелдер»
Мақсаты: достық туралы мақал-мәтелдер үйрету, айтқызу, тілдерін жаттықтыру
| Дидактикалық ойын: «Иә немесе жоқ»
Шарты: педагог сөйлемдерді айтады, балалар келісетініндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ» деген жауаптарымен білдіреді.
| Саусаққа арналған жаттығу:
Достық
Қыздар менен ұлдар
Дос қой біздің топта.
Ұсынса біреу қолын,
Ешқашан бас тартпа.
«Досың туралы айт» жаттығуы
Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма?
Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме?
| «Ну орманға серуен» жаттығу.
1/ Ұсынылған кейіпкерлердің қайсысымен кездескің келмейді?
2\ Өзіңді қай кейіпкермен сәйкестейсің?
|
Балалардың үйге қайтуы
| 17: 50- 18:00
| Ата-аналардан сұраныс:
Өз достарына сыйлық жасау
| Әңгіме: «Менің сүйікті досым»
| Фотосурет көрмесі
«Менің достарым»
| Ата-аналарға кеңес:
Балаңыздың қанша досы бар?
| Тақпақ
Достық
Қыздар менен ұлдар
Дос қой біздің топта.
Ұсынса біреу қолын,
Ешқашан бас тартпа.
|