Күн тәртібі
| Уақыты
| Дүйсенбі
| Сейсенбі
| Сәрсенбі
| Бейсенбі
| Жұма
|
Балаларды қабылдау
Ата – аналармен әңгімелесу
| 7:30-7:40
| Тәрбиешімен балаларды қабылдау. Дене қызуын өлшеу және тазалығын тексеру Жағымды жағдай орнату. Денешынықтыру сабағына қатысып балалардың жағдайын бақылауда ұстау.
| Балалардың көңіл-күйін бақылау.дене қызуын өлшеп тазалықтарын тексеру. Арнайы журналға тіркеу. Мәдени- гигиеналық шараның орындалуын қадағалау.
| Балалардың денеқызуын өлшеп қабылдау.ата-анамен жеке бас тазалығы туралы сөйлесу. Серуен уақытында топтпрға кварц қосу.
| Балаларды қабылдау үстінде ата-аналармен баланың жағдай туралы әңгімелесу.дене қызуын өлшеу. Тәрбиешімен бірге ертеңгілік жаттығу жүргізу.
| Тәрбиешімен бірге балаларды қабылдап қызуын өлшеу, тазалығын тексеру. Жеке бас гигиенасын қарау
|
| 7:40-7:50
| Ата-анамен жұмыс
Әңгімелесу.Балаңыздың сүйікті ойыншықтарын білесізбе?
| Ата-анамен жұмыс
Балаңыз қандай мультфилм кейіпкерлерін ұнатады?
| Ата-анамен жұмыс
Балалар ойыншықтары сатылатын дүкенге қаншалықты жиі барасыз?
Балаңыздың оған көзқарасы қандай?
| Ата-анамен жұмыс
Мерекелерде соңғы сыйлаған ойыншығыңыз қандай?
| Ата-анамен жұмыс
Балаңыз өз ойыншықтарымен қаншалықты бөліседі және қаншалықты ұқыпты ұстайды?
|
Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )
| 7:50-8:05
| «Бал-бала»
ойыншықтарын тамашалайды.
Мақсаты: Ән айтып, билейтін ойыншықтар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, баланың интелектісін дамытады. Сан санап үйретеді.
| Дидактикалық ойын :« Ойыншықты тап»
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
| Дидактикалық ойын: « «Қай ойыншық тығулы тұр?»
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
| Дидактикалық ойын :
« Сиқырлы қорапша»
Мақсаты: Ойыншықтарды қарау және зерттеу,ажыратып олардың түсін,
пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атау, заттарды топтастыра
білуін жетілдіру. Қазақ және орыс ұлттарының ұлттық ойыншықтар
мәдениетіне баулу.
Ойыншықтарға деген қамқорлық қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу, оларды сақтау тережелерімен таныстыруды жалғастыру.
| Дидактикалық ойын: «Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты: балаларды ойыншықтың түрлерімен таныстыру.
|
Таңертеңгі гимнастика (5мин)
| 8:05-8:15
| 1,Жүру аяқтың ұшымен, өкшемен, жәй жүру, қолды белге қойып жүру, шеңбер болып жүру.
2.1 б/қ. аяқ бірге қол төмен.
1 қолды алға созу, 2 оңға қарай қолды айқастыру, 3 солға қарай қолды айқастыру. 4б/қ. оралу 4-5 рет.
| 1.Б/қ. аяқтың арасы алшақ, қол белде.
1-оң жаққа қарай иілу, 2б/қ. оралу 3 сол жаққа қарай иілу 4б/қ. оралу. 4-5 рет қайталау.
2.Б/қ. аяқтың арасы ашық, қол иықта.
1-2 алға қолды сермеу, 3-4 артқа қарай сермеу 4-5 рет.
| 1.Б/қ. аяқтың арасы алшақ, қол белде.
қолды алға созу, 2 отыру, 3тұру, 4 б/қ. оралу 4-5рет.
2.Аяқты алмастырып секіру. 7-8 секунд 3.Еркін тыныс алу жаттығулары.
| 1.Б.қ аяқ иық деңгейіде, қолдары кеуде тұсында, шынтақтары бүгілген, саусақтары жұдырыққа түйілген осы күйінде қолдарын кезек-кезек айналдыру.
2.Аяқтары сәл ашылған, қолдары артқа өарай жіберілген.Отырып қолдарымен тізесін құшақтау, тұру, қолдарын артқа жіберу.
| 1.Негізгі тұрыс, доп оң қолда,
1-қолдарымызды екі жаққа созамыз
2-қолдарымызды жоғары көтереміз, допты екінші қолға ауыстырып қоямыз, 3-қолдарымызды екі жаққа созамыз, 4- б.қ
4-5 рет
|
Таңғы ас
| 8:15-8:45
| Астарыңыз дәмді болсын!
Бата беру
Астырсын, тастырсын
Жақсылармен жанастырсын
Жамандардан адастырсын
Оттың басы аман болсын
Бейбітшілік заман болсын
| Астарыңыз дәмді болсын! Даланың арынан
Даланың таңынан
Даланың жанынан өседі
Нан жемісі ол кешегі
| Астарыңыз дәмді болсын! Бата беру
Аумин десең маған
Құдай берсін саған
Алтыннан-жағаң
Күмістен тағаң
Оң жағыңнан кетпесін
Тілеуің қабыл
Мұратың асыл болсын
Аумин!
| Астарыңыз дәмді болсын! Бата беру
Басыңа алла бақ берсін
Не берсе де нақ берсін
Білім нақыл айтуға
Жалықпайтын жақ берсін
| Астарыңыз дәмді болсын! Бата беру
Аумин десең маған
Құдай берсін саған
Алтыннан-жағаң
Күмістен тағаң
Оң жағыңнан кетпесін
Тілеуің қабыл
Мұратың асыл болсын
Аумин
|
Ойын, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық
| 8:45-9:00
| Ойыншықтар
Ойыншықтар қандай әдемі,
Қызыл, сары, қоңір, көк.
Түрлі-түрлі түстері,
Көз тартады өздері.
Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймаймын,
Достарыммен ойнаймын.
| Дидактикалық ойын
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.
| Ойыншығым
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
| Санамақ
Бақшаға жақсы аға,
Көп-көп ойыншық әкелді.
Бір балық, бір аю, бір үйрек.
Бір түлкі, бір бүркіт,
Шатасып қалма бірақта,
Бақшаға жақсы аға,
Қанша ойыншық әкелді?
| Әңгімелесу
«Менің сүйікті ойыншықтарым»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын ойыншықтардың атауларымен байыту.
|
Ұйымдастырылған оқу қызметтері
| 9:00-10:30
|
|
|
|
|
|
Серуенге дайындық
| 10:30-10:40
| Сапырған сары қымызын
Барамын жасыл жайлауға
Қызықтап көркін күн көзін
Асыр сап көкте ойнауға
| Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау
| Біз әдепті баламыз
Жайнай берсін даламыз
Табиғатқа қамқор боп
Сүйіспеншілікпен қараймыз
| Санамақ
Бір дегенім- бірлік
Онсыз болмас-тірлік
Екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім-үлес
Үлес үшін-күрес
Төрт дегенім терме
Тұрған жақсы-ерте
Бес дегенім белең
Сан үйреніп - келем
| Бұл бала қай бала
Пай-пай тап-таза
Ақ қаздай
Киімі мұнтаздай
Жарайсың балақай!
Дейміз біз мадақтай
|
Серуендеу
| 10:40- 12:00
| Бақылау: «Күзгі желдің бағытын бақылау» Мақсаты: Балаларға желдің қай бағытта соғып тұрғанын,қандай леп арқылы соғып тұрғаны жөнінде жалпы түсінік беру.Балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін арттыру. Еңбек: Балаларға желдің бағытымен ұшқан күзгі жапырақтарды жинату.. Қимылды ойындар: «Жел көбік». Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
| Бақылау: «Қоңыр күзді бақылау,
салыстыру» Мақсаты: Қоңыр күзгі табиғатты бақылау,алғашқы күзбен салыстыру, ерекшеліктерін сұрау,қоңыр күзде күннің суық болатынын, жапырақтар түсіп бітіп, тек қоңыр түсті болатынын айту.Ағаштар жапырақтарынан ажырап , жапырақтардың да күз айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру. Еңбек:Құмсалғыштағы құмды күрекшелермен көтеру. Қимылды ойындар: «Үрпек төбет», «Жасырынбақ» Мақсаты:Шапшаңдық-қа баулу. Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
| Бақылау: «Күзгі құстардың тіршілігін бақылау» Мақсаты: Балаларға құстардың күзгі тіршілігін бақылату. Олардың іс-әрекеттері туралы әңгімелеу.Күзгі құстардың дауысын тыңдау.
Құстардың атын атап, еске сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Еңбек: Құстарға жем беру. Қимылды ойындар: «Сұр қоян жуынады» Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
| Бақылау: «Солып қалған гүлдерді бақылау» Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту.Жазғы гүлдер мен күзгі гүлдердің ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы әңгімелеу. Еңбек: Қурап қалған гүлдердің тұқымдарын жинау. Қимылды ойындар: «Абай бол», Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
| Бақылау: «Алтын күзді бақылау» Мақсаты: Күз туралы білімдерін тиянақтау.Байла-ныстырып сөйлеу тілін,көркемдік талғамын,күз мезгілінің сұлулығын бағалап көре білуге тәрбиелеу. Еңбек: Жапырақтар жинау. Қимылды ойындар: «Жалаушаға қарай жүгір» Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
|
Серуеннен оралу
| 12:00-12:20
| Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау.Жинақылыққа тәрбиелеу.Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау
| Бұл бала қай бала
Пай-пай тап-таза
Ақ қаздай
Киімі мұнтаздай
Жарайсың балақай!
Дейміз біз мадақтай
| Сабақ оқып, ойын ойнап
Серуеннен қайтамын
Тамағымды ішіп
Түсте ұйықтап жатамын
| Біз әдепті баламыз
Жайнай берсін даламыз
Табиғатқа қамқор боп
Сүйіспеншілікпен қараймыз
| Күз келіпті дегенше
Алма пісті дегейсің
Бағымызда ендеше
Алма теру көбейсін
|
Түскі ас
| 12:20-13:00
| Бата беру Мал жан аман тоқ болсын
Қайғы-қасірет жоқ болсын
Дастарханың ақ болсын
Шаңыраққа бақ қонсын
| Сиқырлы сөз:
Астарыңыз дәмді болсын! Бата беру
Аумин десең маған
Құдай берсін саған
Алтыннан-жағаң
Күмістен тағаң
Оң жағыңнан кетпесін
Тілеуің қабыл
Мұратың асыл болсын
Аумин
| Если будешь пить чуть светь
Молоко с ватрушкой,
Будешь ты и в двести лет
Бодрою старушой
Сиқырлы сөз:
Астарыңыз дәмді болсын!
| Бата беру Хақ қарасын
Бақ дарысын
Дастарханға береке берсін
Елге дәулет мереке берсін
Шыққанның есесін берсін
Қалғаның берекесін берсін
| Сиқырлы сөз:
Let the food go grow Бата беру
Басыңа алла бақ берсін
Не берсе де нақ берсін
Білім нақыл айтуға
Жалықпайтын жақ берсін
|
Түскі ұйқы
| 13:00- 15:10
| Ертегілер айтып жағымды үнмен балаларды ұйықтату
| Балаларға ұйықтауға жағымды жаңдай жасау
| Ертегі оқып беріп балаларды ұйықтату
| «Құйыршық» ертегісн оқып беріп, балаларды ұйықтату
| Жағымды музыка әуенімен балаларды ұйықтату
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары
| 15:10- 15:30
| 1. Табанды шынықтыру массажы Таяқтарды жылжытып, Массаж жасау білеміз. Он аяққа 1-2-3, Сол аяққа 1-2-3. 2..«Денсаулық» жолымен жүру. Әдемі ирек жолдармен, Жалаң аяқ жүреміз. Табаңға біз нүктелі, Массаж жасау білеміз. «Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»
| 1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар
Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды денеміздің бойымен қойып иегімізді кеудемізге тигіземіз , аяқтын ұшын өзімізге қарай тартамыз
Ішімізде жатып басымызды аяғымызды жоғары көтеру
Ойын «Жаз бен күз» оң жаққа қарап жатып күз дегенде тіземізді құшақтап алу, күзде суық тонамыз , жаз дегенде керілеміз
| Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)
Жалаңаяқ бір бірінің артынан жүру, аяқтын ұшымен жүру, өкшемен жүру, табанның ішкі жағымен жүру, сыртымен жүру.
Арнайы жолдармен жүру.
Орындықта отырып аяғымызды оңға солға тербету. ( 3- 4 рет)
| Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)
Қолымызды жоғары көтеріп оңға қарай , солға қарай жоғары созыламыз еденге тигіземіз
Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз.
Демалу жаттығулары
Жіпке байланған күзгі жапырақтарды үрлеу
| .Ояну жаттығуы.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым!(құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)
|
Бесін ас
| 15:30-15:50
| Астарыңыз дәмді болсын!
| Бата беру
Иә, тәңірі құдірет
Мал бастарын аман ет
Басына бер бақыт
Асына бер берекет
| Бата беру
Ашып тастап пейілді
Дастарханың жайылды
Қасиетті нан ұлық
Берекең тұр нақ ұйып
Асыл сөздер шашылды
Бар абырой бақ орнап
Ел сыйласын басыңды
| Бата беру
Аумин десең маған
Құдай берсін саған
Алтыннан-жағаң
Күмістен тағаң
Оң жағыңнан кетпесін
Тілеуің қабыл
Мұратың асыл болсын
Аумин
| Бата беру:
Дастарханыңа береке берсін
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін
Бастарыңа амандық берсін
Дендеріңе амандық берсін
Әумин!
|
Ойындар, дербес әрекет Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
| 15: 50-
16: 50
| Үстел- үсті ойыншықтары театры:
Мақсаты: ойыншық кейіпкер үшін іс-әрекет орындау, бейнелеудің басым құралдары дауыс ырғағы және бет қимылы болып табылады.
| Вариативтік компонент
Шебер қолдар
«Саңырауқұлақ» оригами
Мақсаты:Қағаз, оның пайлаланылуы туралы түсінік беру.Баланың ой қиялын кеңістікте орналастыра білу дағдысын дамыту.
| Ддидактикалық ойын:
«Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты: Ойыншықтармен ойнау барысында балалар салыстыруды үйренеді. Заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді.
| «Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу.
Мақсаты:Ойыншықтарды күтіп үқыпты ұстауға тәрбиелеу.
| Вариативтік компонент
|
Серуенге дайындық
| 16:50-17:00
| Сапырған сары қымызын
Барамын жасыл жайлауға
Қызықтап көркін күн көзін
Асыр сап көкте ойнауға
| Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау
| Біз әдепті баламыз
Жайнай берсін даламыз
Табиғатқа қамқор боп
Сүйіспеншілікпен қараймыз
| Санамақ
Бір дегенім- бірлік
Онсыз болмас-тірлік
Екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім-үлес
Үлес үшін-күрес
Төрт дегенім терме
Тұрған жақсы-ерте
Бес дегенім белең
Сан үйреніп - келем
| Бұл бала қай бала
Пай-пай тап-таза
Ақ қаздай
Киімі мұнтаздай
Жарайсың балақай!
Дейміз біз мадақтай
|
Серуен
| 17:00-17:40
| Балабақша ауласына серуен, балалармен әңгімелесу
-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Ауа- райы салқындайды, ағаштардың жапырақтары сарғайып , жерге түседі, шөп сарғайып қурайды. Тамыздың жылы күндерінен кейін алтын күз келді. Күз барлық ағаштар мен бұталарды өз бояуына бояйды, біреуін –сары, енді біреуін - ашық қызыл түске бояйды.
| «Қай мезгілде болады?» Мақсаты: Балалардың көру арқылы қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту
|
Қимылды ойын:
«Өз орныңды тап»
Мақсаты:
Баланың шапшаңдығын , байқағыштығын, зейінін дамыту
Көрнекіліктер:
Сандар жиынтығы
|
Қимылды ойын:
«Керісінше»
Мақсаты:
Балалардың тыңдай алу қабілетін, қимыл қозғалыс әрекетін дамыту
|
«Қрлығаш
гимнастикасы»
Мақсаты:баланы сергіту, дене мүшелерінің қимыл – қозғалысын дамыту
|
Балалардың үйге қайтуы
| 17: 50- 18:00
| Әңгіме: «Менің сүйікті ойыншығым»
| «Менің ойыншықтарым»
Тақпақ
Ойыншықтарым көп менің
Бәрін жақсы көремін
Кешке дейін жалықпай
Бірге ойнап жүремін
| Ата-аналардан сұраныс:
Ойыншық салатын себет жасау
| Көрме:
«Ойыншықтар біздің досымыз»
Қағаздан, ермексаздан т.б материялдардан ойыншыөтар жасау
| Ата-аналарға кеңес:
Сапалы ойыншықтар түрлерін басқа ойыншықтардан қалай ажыратуға болады.
|