Главная страница

салауатты өмір салты. Дене шынықтыру ҚМЖ 4-сынып 1- тоқсан(2) (1). Дене шынытыру пні бойынша 4сыныпа арналан ЫСа мерзімді жоспарлар жинаЫ


Скачать 6.79 Mb.
НазваниеДене шынытыру пні бойынша 4сыныпа арналан ЫСа мерзімді жоспарлар жинаЫ
Анкорсалауатты өмір салты
Дата20.09.2019
Размер6.79 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДене шынықтыру ҚМЖ 4-сынып 1- тоқсан(2) (1).docx
ТипДокументы
#87268
страница6 из 14
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


7 сабақ


Пән: Дене шынықтыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Лақтырудың түрлерімен тәжірибелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.2.1 дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулармен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жеңіл атлетикамен байланысты физикалық қасиеттерді талқылайды және көрсетеді.

Көптеген оқушылар: Жеке және топтық жаттығулары арқылы таңғы гимнастикалық жаттығуларды орындайды

Кейбір оқушылар: Қозғалмалы ойындармен эстафеталар негізінде төзімділікті дамытады

Тілідік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

• қауіпсіздік техникасы, тәуекелдер;

• физикалық қасиеттері, қозғалыс дағдылары

• жүгіру, секіру, лақтыру

• таңғы гигиеналық гимнастика

• төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік

• дәлдік, бақылау

• эстафеталар, жеделдету, командалық жұмыс

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Бұл оқу тапсырмасы қандай қасиеттерді дамытады?

• Ұсынылған ойын барысында қандай пайдалы қасиеттер пайда болды?

• Біз қозғалмалы қызметпен айналысатын кезде дене температурасымен не болады?

• Лақтыру кезінде оң және сол қол қалай дұрыс жұмыс істеуі керек?

• Команда бойынша жолдастарыңызға қандай көмек көрсеттіңіз?

• Бұл тапсырмада бұлшық еттің қандай топтары жұмыс істеді?

Жетістік критерийлері

  • Жеңіл атлетикамен байланысты физикалық қасиеттерді талқылайды және көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және постер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, слайд, флипчарт.

Бастапқы білім

Оқушылар өткен сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-әрекеттерде алған қарапайым жалпы дамыту жаттығуларын орындауда жүгіру, секіру, лақтыру дағдылары мен білімідері бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сергіту жаттығуы

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

Айтжүргін - ойынында жиналған жастар дөңгеленіп отырып, тізелерін бүгіп, аяқтарын жартылай алға созады. Осы кезде ортаға көпшіліктің қалауы бойынша біреуі шығып, беліндегі белдігін алып отырғандардың біреуінің бүгулі тізесінің қуысына тыққан кезде отырған адам қолма-қол белдікті ұстай алып арлы-берлі "айтжүргін" "айтжүргін"деп басқалардың аяғының арасына жылдамдатып жүгірте береді. Осы кезде ортадағы адам белдікті жылдам суырып алып, іздеушінің арқасынан белдікті жылдам суырып алып, іздеушінің арқасынан гүрсілдетіп ұрып-соғып есінен тандырады. Бір кезде өлдім-талдым дегенде белдікті біреуінің аяғының арасынан ұстай алғанда, өзінің шабан қимылдауының, орашолақтығының кесірінен ұстатып алған адам ортаға шығып айыбын ән айту, домбыра тарту немесе би билеу арқылы өтейді де, әрі қарай ойынды сол жүрізетін болады. (Мұндай айып кезінде орындаушының өз қалауы бойынша кез келген ән-күй, би орындалады

Жаңа топ құру

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Б, Ж, ҚБ) Сыныпты екі топқа бөліп, бір тізбекке сапқа қою. Белгі бойынша бірінші ойыншылар бұрылыс жасайтын бағанаға дейін жүгіреді де, оны айналып өтіп лақтыру сызығына дейін жетіп, допты нысанаға лақтырып, допты қағып алып, тізбекте тұрған келесі командаласына береді де, соңына барып тұрады. Эстафета осылай жалғасады.

Нысанаға көп нәтижелі лақтыру орындаған және эстафетаны ерте аяқтаған команда жеңіске жетеді. Баскетбол қалқанына дейінгі арақашықтық, оқушылардың физикалық дайындығына байланысты болады.


Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы

(ЖЖ, Т, К, ҚБ) Оқушылар теннис доптарымен жұптарда жұмыс жасайды. Допты ұстаған кезде алақанға қыспай, лақтыратын саусақтың бойымен ұстау қажет. Лақтырушы екпін алар алдында жабдықты иығының үстінде, бүгілген қолда ұстайды.

Теннис добын жұпта лақтыру.

1. Қолдың басымен лақтыру. Қол 45 градусқа бүгілген, шынтақ кеуде тұсында, қолдың басымен ғана лақтыру.

2. Бір орыннан қолды артқа созып лақтыру. 3м қашықтықтан.

3. Қолды артқа созып еденге лақтыру.

4. 5м қашықтыққа екі адым жасап лақтыру.

5. Қайшы адымды қайталау.

6. 7м қашықтыққа қайшы адыммен лақтыру.

7. Екпін алып лақтыру.

Қайталау саны оқушылардың дайындығына байланысты таңдалады.

Дескрипторы:

Жеңіл атлетикамен байланысты физикалық қасиеттерді талқылайды және көрсетеді.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырма

лары.

Сергіту сәті

Сергіту сәті «Қызыл гүлім – ай»




Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

«Жанды дөңгелек» — бұл ойын жазық алаңда, клубтардың үлкен залдарында және дене шынықтыру залдарында ойналады. Гимнастика, тағы басқа спорт түрлерімен шұғылданып жүрген жастарға лайық ойын.

Жеңіл киініп ортаға шыққан ойыншы, екі аяғын өз иығының деңгейіне жеткізе алшаң басып, екі қолын жаза, тік тұрып алады да, жайлап оң жақ қырымен жерге құлай бере оң қолын еденге тірейді. Сол кезде оның саусақтары жазылған сол қолы да жерге тіреле келіп, бөксесі жоғары көтеріледі. Бұл кезде әуелі сол аяқ, одан кейін оң аяқ жерден көтеріліп барып, ойнаушының басынан айнала жерге тіреліп, бүкіл дененің дөңгелей серпілуіне күш береді. Үйреніп алған ойыншылар оп-оңай дөңгелей жөнеледі. 
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)




Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.





Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.
Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



8 сабақ


Пән: Дене шынықтыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Жеңіл атлетика элементтері бар эстафета

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.2.1 дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулармен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жеңіл атлетикамен байланысты физикалық қасиеттерді талқылайды және көрсетеді.

Көптеген оқушылар: Жеке және топтық жаттығулары арқылы таңғы гимнастикалық жаттығуларды орындайды

Кейбір оқушылар: Қозғалмалы ойындармен эстафеталар негізінде төзімділікті дамытады

Тілідік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

• қауіпсіздік техникасы, тәуекелдер;

• физикалық қасиеттері, қозғалыс дағдылары

• жүгіру, секіру, лақтыру

• таңғы гигиеналық гимнастика

• төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік

• дәлдік, бақылау

• эстафеталар, жеделдету, командалық жұмыс

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Бұл оқу тапсырмасы қандай қасиеттерді дамытады?

• Ұсынылған ойын барысында қандай пайдалы қасиеттер пайда болды?

• Біз қозғалмалы қызметпен айналысатын кезде дене температурасымен не болады?

• Лақтыру кезінде оң және сол қол қалай дұрыс жұмыс істеуі керек?

• Команда бойынша жолдастарыңызға қандай көмек көрсеттіңіз?

• Бұл тапсырмада бұлшық еттің қандай топтары жұмыс істеді?

Жетістік критерийлері

  • Жеңіл атлетикамен байланысты физикалық қасиеттерді талқылайды және көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және постер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, слайд, флипчарт.

Бастапқы білім

Оқушылар өткен сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-әрекеттерде алған қарапайым жалпы дамыту жаттығуларын орындауда жүгіру, секіру, лақтыру дағдылары мен білімідері бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?

Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы: — Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы: — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?

Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.

Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Орамал тастау

Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.

Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді.

Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

(Б, Тәж., К, ҚБ) «Біріктірілген эстафета». Сынып командаларға бөлінеді. Әр команда ойыншыларын кезеңдерге қояды. Кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындап өтеді. Қатысушылар өз тапсырмаларын берілген қашықтықты өтіп орындайды да, эстафетаны келесі қатысушыға береді:

1. Біріншілер шеңберді үш рет өздерінен өткізіп, келесіге қолын тигізу арқылы эстафетаны береді.

2. Екінші қатысушылар бір орында секіртпе жіппен 5 рет секіреді.

3. Үшінші қатысушы эстафетаны алып, орындыққа ішімен жатып, қолдарымен көмектесіп сырғанайды.

4. Келесі қатысушы гимнастикалық маттың соңына дейін жанымен домалайды. Екі аяғы бірге, екі қолы түзу жоғары созылған.

5. Бесінші қатысушы бір орында 3 рет отырып тұруды орындайды.

6. Алтыншы қатысушы келесі кезеңге дейін бір аяқта секіріп барады.

7. Жетінші қатысушы бар жылдамдығымен мәреге жүгіредді.

Жеңімпаз-команда уақытпен анықталады.


Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

(Б, К, ҚБ) Оқушылар екі командаға бөлініп, екі тізбекке тұрады. Сөре сызығынан 10м қашықтықта лақтыру межесінің сызығы белгіленеді. оқушылары теннис доптарын қолдарына ұстап, екі команда бір-біріне жақын тізбекте тұрады. Меже сызығынан 10м қашықтықта бір-бірінен 50-80 см қашықтықта 10-12 қалашық(кеглдер) орналастырылады. Жүргізушінің белгісі бойынша командалардың бірінші ойыншылары межеге жүгіріп барып, қалашықтарға(кеглдерге) бір реттен лақтырып, барынша көп қалашықтарды құлатуға тырысады. Құлатылған қалашықтардың саны бойынша жеңімпаз анықталады.

Дескрипторы:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Ой толғаныс кезеңі.

Оқушылармен бірге эстафета кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы талқылаңыз. Кезеңдердегі тапсырмаларды ойын кеңістігіңіздің жағдайына байланысты жасауға болады. Кезеңнен кезеңге дейінгі қашықтықты оқушылардың дене дайындықтарына байланысты таңдаңыз. Тапсырманы күрделендіруге болады.

Ойынның нұсқасы: қатысушылар кезекпен эстафетаның барлық кезеңдерінен өтеді және соңғы қатысушымен уақыт есептеледі.

Сұраңыз: Сіздің командалық жұмысыңыз сәтті болды ма? Командалық жұмыс сізге жақсы нәтиже көрсетуге көмектесті ме? Бұл эстафета қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Берілген эстафетаны өткізгеннен кейін доптарды жинап, құлаған қалашықтар санын санаңыз. Команданың жеңісін санын санап, ойынды бірнеше рет өткізуге болады. Салмағы мен диаметрі әртүрлі доптарды қолдануға болады. Оқушылар демалып алу үшін рефлексия және қатемен жұмысты өткізіңіз, одан кейін эстафетаны қайталаңыз.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


написать администратору сайта