проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі
Скачать 0.63 Mb.
|
Пародонт ! Бала 15 жаста. Қызылиегіндегі ауру сезіміне, керілу сезіміне, тістерін тазалағанда, қатты тамақ жегенде қызылиегінің қанауына шағымданады. Анамнезінен: бір жыл бұрын қызылиегін емдеткен. Объективті: көкшілденген қызылиегінде ісінген және қызырған аймақтар бар, шұқығышпен тиіп кеткенде қанағыштығы анықталады.Пародонт қалталары жоқ. Рентгенограммада: сүйек тінінде деструкциялық өзгерістер жоқ. Нақтама қойыңыз: / Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі / Жедел катаральды қызылиек қабынуы / Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы / Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрі / Ойық жаралы қызылиек қабынуы ! Бала 13 жаста. Шағымы: қатты тағамды тістеп көргенде ауыратынына, қызылиек қанағыштығына, 1.3 тістің аймағында қызылиектің өсіп кетуіне. Анамнезінен қызылиек 2 ай бұрын өсіп кеткен.1.3 тістің апроксимальды бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс аралық жанасу бұзылған. Тісаралық бүртіктің көлемі ұлғайған, қызарған, тісжегінің ішіне толып кеткен және 1.3 тістің кесу қырына дейін жеткен. Рентгенограммада сүйек тінінде ешқандай өзгерістер жоқ. Нақтама қойыңыз / Созылмалы ошақты қызылиектің өсе қабынуы / Жедел ошақты қызылиек қабынуы / Жедел жайылмалы пародонт қабынуы / Эпулис / Созылмалы жайылмалы қызылиектің өсе қабынуы ! 14 жастағы науқас әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, ауыз қуысында ауру сезіміне, аузынан жағымсыз иістің шығуына, қызылиектерінің қанағыштығына шағымданады. Объективті: ауыз қуысында ісінген, қызарған қызылиекте өліеттенген, лас-сұр түсті қабықпен жабылған аймақтар көрініп тұр. Пародонт қалталары жоқ.Сіздің болжам нақтамаңыз / Ойық жаралы қызылиек қабынуы / Қызылиектің өсе қабынуы / Созылмалы пародонт қабынуының өршуі / Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы / Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы ! Баланы профилактикалық тексеру кезінде алдыңғы тістер айналасында көп мөлшерде жұмсақ қақтар анықталды, Бұл тістердің айналасында қызылиек ісінген, борпылдақ, қанайғыш Осы патологияның дамуында төменде көрсетілгендердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ себепкер? / Тістемнің бұзылуы / Тістердің тығыз орналасуы / Уақытша тістердің ауысуы / Соматикалық аурулар / Кіреберістің таяздығы ! 15 жастағы жасөспірімге дәрігер созылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі деген нақтама қойылған Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ маңызды болып келеді? / Тіс шөгінділерін алу / Жарақаттық окклюзияны жою / Қабынуды дәрілік заттармен басу / Гелий-неонды лазерлерді тағайындау / Пародонт және сүйек қалталарын жою ! Пародонттың қай ауруына төмендегі сипаттама НЕҒҰРЛЫМ тән: Пародонт тіндерінің қабынуы, патологиялық қалталарының тереңдігі 5-6 мм, Воспаление тіс аралық қалқандардың ½ биіктіктегі резорбциясы, тістер қозғалғыштығы II-III дәрежелі, ығысқан, айқын жарақатты артикуляция, ағзаның жалпы жағдайы бұзылған / Созылмалы жайылған пародонтит орта дәрежелі / Созылмалы жайылған пародонтит ауыр дәрежелі / Созылмалы жайылған пародонтоз ауыр дәрежелі / Созылмалы жайылған пародонтит жеңіл дәрежелі / Созылмалы жайылған гингивит ауыр дәрежелі ! Бала 9 жаста. Қарап тексергенде тісжақ ауытқулары мен ауыз қуысының нашар гигиенасына сүйене отырып созылмалы катаральды қызылиек қабынуы деген нақтама қойылған. Емді тағайындаңыз: / Гигиенаға тәрбиелеу, симтоматикалық және ортодонтиялық ем / Ортодонтиялық және симптоматикалық ем / Симптоматикалық ем және гигиенаға тәрбиелеу / Гигиенаға тәрбиелеу және рационалды тамақтану / Симптоматикалық ем ! Бала 12 жаста. Тіс тазалағандағы және тағам қабылдағандағы қанағыштыққа шағымданды. Объективті: төменгі жақсүйектің алдыңғы тістері аймағындағы тіс аралық емізікшелер өлшемі ұлғайған.42 32 тістері тілдік қалыпқа ие. Берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? / Гипертрофиялық гингивит / Атрофиялық гингивит / Жаралы гингивит / Жедел катаральды гингивит / Созылмалы катаральды гингивит ! 12 жастағы бала тағам қабылдағанда қызылиегінің ауыратынына, қанағыштығына шағымданады. Эндокринологтың диспансерлі бақылауында тіркелген. Дәрігер-стоматолог қызылиектің өсе қабынуының орташа дәрежесі деген нақтама қойды Осы жағдайға әсер етпейтін емдеу әдісін таңдаңыз? / Тіс шөгінділерін алу, склероздаушы терапия / Гепарин жақпасымен аппликация жасау / Тіс шөгінділерін алу, гигиенаға үйрету / Эндокринологта емделу / Галаскорбин, қалақай жапырақтарының қайнатпасы, гепарин жақпасы ! 14 жастағы балаға дәрігер-стоматолог гипертрофиялық гингивиттің ісінулік түрі диагнозы қойылды. Берілген аурулардың қай түрімен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет? / Қызыл иек фиброматозы / Жедел катаральды гингивит / Атрофиялық гингивит / Ауыр дәрежедегі созылмалы пародонтит / Жаралы гингивит ! 14 жастағы жасөспірімге дәрігер-стоматолог созылмалы катаральды гингивит диагнозын қойды. Бұл ауруға қандай рентгенологиялық өзгерістер тән? / Анықталмайды / Сүйек тінінің деструкциясы / Тіс аралық қалқаның биіктігінің төмендеуі / Сүйектік патологиялық қалтаның түзілуі / Тіс аралық қалқаның шыңынан кортикальды пластинканың жоғалуы ! 9 жастағы балағы дәрігер-стоматолог ошақты атрофиялық гингивит диагнозын қойды. Бұл аурудың дамуының жиі себебі болып табылады: / Ауыз кіреберісінің таяз болуы / Ашық тістем / Қосалқы аурулары / Терең жарақаттық тістем / Тіс арасына қаламды салу зиянды әдісі ! 15 жастағы жасөспірімге жарлы гингивит диагнозы қойылды. Бұл аурудың негізгі клиникалық симптомдарына берілгендердің қайсысы жатпайды? / Қызыл иек жиегінің гиперплазиясы / Қол тигендегі қызыл иектің қанағыштығы / Төменгі жақсүйек астындағы түйіндердің лимфадениті / Қызыл иек жиектерінің бойындағы некрозданған тіндер / Гиперемия, қызыл иектің ісінуі ! 9 жастғы бала стоматологқа тістерін тазалағанда қызылиегінің қанауына шағымданып келді. Анамнезінен: дені сау. Тістерін уақытында тазаламайды. Қарап тексергенде беті симметриялы, тыныс алуы ауызбен. Тістем: терең жарақаттаушы, төменгі тістердің орналасу аномалиясы. Қызылиегі ісінген, қызарған, қызыл иек бүртіктері борпылдық. Төменде аталған емдеу шарасының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? / Гигиенаға тәрбиелеу, ортодонтиялық ем / Ортодонтиялық және симптоматикалық ем / Симптоматикалық ем және педиатр кеңесі / Гигиенаға тәрбиелеу және рационалды тамақтану / Симптоматикалық ем ! 11 жастағы бала термиялық тітіркендіргіштерге төменгі алдыңғы топ тістерінің сезімталдығына шағымданып келеді. Қарап тексергенде аталған топ тістер аймағында қызылиек шырышты қабаты бозарған, қызылиек ретракциясы, тістер мойны ашылған. Төменгі ерін үзеңгісі қызылиек бүртігінің шығына бекітілген. Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? / Төменгі ерін үзеңгісінің пластикасы / Гигиенаға үйрету / Қабынуға қарсы ем / Миогимнастика / Вакуум массаж ! Профилактикалық қарап тексеру кезінде 10 жасар қыз баладан анықталды: барлық тістер аймағында қызылиек қызарған, ісінген, тиіп кеткенде қанайды. Тістердің бетінде көп мөлшерде тіс шөгінділері Осы жағдайда төменде аталған жергілікті емдеу шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? / Себебін жою, гигиенаға үйрету / Антисептикалық өңдеу, склероздаушы ем / Антибактериальды, стимуляциялаушы ем / Линкомицин инъекциялары / Миогимнастика ! 11 жастағы бала кеңес алуға келді. Қарап тексергенде: қызылиек күңгірт қызыл түсті, ісінген, қызылиек бүртіктері ісінген, борпылдық, оңай қанайды. Қосымша тіс шөгінділері, тереңдігі 4 мм дейінгі пародонт қалталары бар. Қанында қант деңгейі жоғары Төменде аталған ем шараларының қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? / Симптоматикалық ем, эндокринолог кеңесі / Гигиенаға үйрету, антибактериальды ем / Симптоматикалық ем, педиатр кеңесі / Антисептикалық өңдеу, физиоем / Эндокринолог және педиатрда емделу ! 14 жастағы бала жоғарғы оң жағындағы тістерінің айналасындағы қызылиектің қанағыштығына, қышу сезімінің болуына шағымданады.Қарап тексергенде: 1.7, 1.6, тістердің аймағындағы қызылиек қара-қызыл түсті, ісінген, қызыиек астынан грануляциялар шығып тұрады, пародонт қалталарының тереңдігі 4 мм дейін, қызылиек астылық және қызылиек үстілік шөгінділер өте көп Төменде көрсетілген жергілікті емдеу тәсілдерінің ішінде қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? / Жансыздандыру, пародонт қалтасының кюретажы / Антисептикалық өңдеу, қызылиекті уқалау / Шөптік қайнатпалармен аппликация, физиоем / Тіс шөгінділерін алу, антибактериальды ем / Склероздаушы ем, ортодонтиялық ем ! Анасының айтуынша, жарты жыл бұрын 5 жастағы баласының алақаны мен табандарының гиперкератозы пайда болды. Ауыз қуысында қызылиегі ісінген, тістері қозғалмалы, терең пародонт қалталары бар. Рентгенограммада: тіс аралық қалқанның сүйегі отырған, сүйек воронка тәрізді сорылған Төменде аталған аурулардың қайсысының фонында ауыз қуысында осындай өзгерістер дамиды? / Папийон-Лефевр синдромы / Стивенс-Джонсон синдромы / Мелькерсон-Розенталь синдромы / Олбрайт синдромы / Ослер синдромы ! 15 жастағы бала профилактикалық тексерілу мақсатында қаралды Объективті: ауыз қуысының шырышты қабаты бозғылт-алқызыл түсті, қызылиегі тістерге тығыз жанасқан, қанамайды, тіс шөгіндісі жоқ. Тістем: ортогнатиялық. Осы жағдайда рентген көріністің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс / Кортикальды пластинка тіс аралық қалқанның шыңын анық бөлектейді / Тіс аралық қалқынның шыңы кіреуке-дентин шекарасы деңгейінде / Тіс аралық қалқынның шыңында жабушы болмайды / Тіс аралық қалқынның шыңы жалпайған / Тіс аралық қалқынның пішіні шұңғыма тәрізді (воронкообназной формы) ! Төменде аталған сипаттама пародонттың қай ауруына тән: пародонт тіндерінің қабынуы, патологиялық қалта 6 мм-ден көп, тісаралық қалқанның биіктігінің 1/2 –нен көп сорылуы, тістердің ығысумен II-III дәрежелі қозғалуы, айқын жарақттық артикуляция, ағзаның жалпы жағдайы бұзылған? / Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы, ауыр дәрежесі / Созылмалы жайылмалы пародонтоз ауыр дәрежесі / Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы, орта дәрежесі / Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы, жеңіл дәрежесі / Созылмалы жайылмалы қызылиек қабынуы, ауыр дәрежесі ! 12 жастағы баланы қарап тексергенде пародонттың созылмалы жайылған қабынуы деген нақтама қойылды. Қандай әдістің көмегімен патологиялық үрдістің ауырлық дәрежесін анықтауға болады: / Шиллер-Писарев сынамасы / Грин-Вермильон бойынша ГИ анықтау / Қызылиектің қанағыштық дәрежесін анықтау / Микробиологиялық / Рентгенологиялық ! Анасының айтуынша, жарты жыл бұрын 10 жастағы баласының алақаны мен табандарының гиперкератозы пайда болды. Ауыз қуысында қызылиегі ісінген, тістері қозғалмалы, терең пародонт қалталары бар. Рентгенограммада: тіс аралық қалқанның сүйегі отырған, сүйек шұңқыр (воронка) тәрізді сорылған Төменде аталған аурулардың қайсысының фонында ауыз қуысында осындай өзгерістер дамиды? / Папийон-Лефевр синдромы / Стивенс-Джонсон синдромы / Мелькерсон-Розенталь синдромы / Олбрайт синдромы / Ослер синдромы ! 13 жастағы бала профилактикалық тексерілу мақсатында қаралды Объективті: ауыз қуысының шырышты қабаты бозғылт-алқызыл түсті, қызылиегі тістерге тығыз жанасқан, қанамайды, тіс шөгіндісі жоқ. Тістем: ортогнатиялық. Осы жағдайда рентген көріністің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс / Кортикальды пластинка тіс аралық қалқанның шыңын анық бөлектейді / Тіс аралық қалқынның шыңы кіреуке-дентин шекарасы деңгейінде / Тіс аралық қалқынның шыңында жабушы болмайды / Тіс аралық қалқынның шыңы жалпайған / Тіс аралық қалқынның пішіні шұңғыма тәрізді (воронкообназной формы) ! 10 жасар бала қатты тамақ жегенде, тістерін тазалағанда туындайтын ауыру сезіміне, қызылиегіндегі ыңғайсыздық сезімі мен ауырлық сезіміне шағымданып келді. Объективті: қызылиек бүртігі ісініп-домбыққан, тістерге тығыз жанаспаған, 4.2, 4.1, 3.1, 3.2. тістер айиағында тіс шөгінділері бар Осы жағдайда төменде аталған нақтамалау әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? / Рентгенологиялық / Стоматоскопиялық / Денситометриялық / Бактериологиялық / Цитологиялық ! 9 жастағы баланы алдын ала қарау барысында дәрігер-стоматолог алдыңғы тістердің кіреберіс бетінде көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар екенін анықтады, алдыңғы тістерді түйістіргенде бір-бірімен түйіспейді Ауыз қуысының гигиеналық жағдайының қанағаттанарлықсыз себебін айтыңыз:: / Тістемнің бұзылуы / Сору қызметінің бұзылуы / Тіл үзеңгісінің қысқа болуы / Ішкі ағзалардың патологиясы / Ауыз қуысының кіреберісінің таяздығы ! Балаларда гингивит және пародонт қабынуы кезінде массаж түрін таңдаңыз / саусақтық массаж / мөлшерленген массаж / гидромассаж / жалпы массаж / мойын массажы ! Стентон–Капдепон синдромының рентгенологиялық көрінісін табыңыз / тіс сауытының және түбір өзектерінің облитерациясы / альвеолааралық қалқанының семуі / тіс түбірі аймағында шекаралары анық суйек тінінің өзгерісі / тіс түбірі аймағында шекаралары анық емес суйек тінінің өзгерісі / периодонтальды саңылаудың кеңеюі ! Стейнтона-Капдепон синдромының клиникалық көріністерін табыңыз / Тістердің көлемі мен пішіні қалыпты,уақытында шығады, тістері сулы –сұр түсті / Позднее несовершенство костеобразования сүйек қалыптасу кеш жетілуі / тістің пішіні қалыпты,кеш шығады / тіс эмалі және дентин бүтіндігінің бұзылысы / кемік тәрізді сүйектің бұзылыстары байқалады ! Гипертрофиялық гингивит кезіндегі қызылиек гиперплазия симптомдарын белгілеңіз / қызылиек жиегі қалыңдаған, білік тәрізді,қызылиек сауыттың барлық бөлігін жауып жатыр / тіс емізікшелері қабынғын / қызылиектің альвеолярлы бөлігі қабынған / пародонтальды қалталардың болуы / қызылиектіңь Y- тәрізді атрофиясы ! Балалардағы пародонт тіндерінің ауырлық жәрежесін бағалау үшін қандай зертеу әдісі қолданылады? / РМА индексін анықтау / Грин-Вермильон бойынша гигиеналық индексті анықтау / РИ индексін анықтау / Шиллер-Писарев сынамасы / Рентгенологиялық зерттеу ! Созылмалы катаральды гингивит кезіндегі шағымдар: / Қатты тағам тістеу және шайнау,тіс тазалау кезіндегі қызыл иек қанағыштығы,жағымсыз сезім,қызыл иектегі ауырлық сезімі.Периодты түрде өршуі / Қызыл иектің қанауы, шайнау кезіндегі ауыру сезімінің күшеюі / Күрт ауыру сезімі,қызыл иектегі күю сезімі,әсіресе тағам қабылдау,сөйлеу кезіндегі,ауыздан жағымсыз иіс, жалпы әлсіздік,температураның жоғарылауы / Қызыл иектің қалыңдауы, тіс сауытының қысқаруы, тамақтану кезіндегі жағымсыз сезім / Қызыл иектің қанауы, тістердің қозғалғаштығы,қызыл иек жиегі астынан кейде іріңнің бөлінуі ! Бала 13 жаста. Қызыл иегінің тағам қабылдау кезіндегі қанағыштығына, ауыздан жағымсыз иіс шығуына шағымданады. Анамнезінен эндокринологта диспансерлің есепте тұр. лет. Дәрігер-стоматолог келесі диагнозды қойды: орта дәрежедегі гипертрофиялық гингивит,ісінген формасы. Ем тағайындаңыз: / тіс шөгінділерін алу, склероздаушы терапия / гигиенаға үйрету, гингивотомия / тұзды ерітіндімен шаю, кератопластиктер / ортодонтиялық ем, гигиенаға үйрету / гингивоэктомия, антисептикалық өңдеу ! Бала 6 жаста. Дәрігер-стоматолог жаралы-өліеттенген қызылиек қабынуы деп диагноз қойды.Ем тағайындаңыз: / қызыл иекті антисептикалық, антибактериальды өңдеу, протеолитикалық ферменттермен өңдеу / эндокринологтың кеңесі, ортодонтиялық ем / гингивотомия, гигиенаға үйрету / кератопластикалық препараттар, антибактериальды өңдеу / гигиенаға үйрету ! Балаға созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы диагнозы қойылды. Физиоем тағайындаңыз: / дәрілік электрофорез, ГНЛ / гелий-неонды лазер / УВЧ- терапия / СВЧ-терапия / Диатермокоагуляция ! Бала 11 жаста.Диагноз: қызыл иектің атрофиялық қабынуы.Дәрігер-стоматолог төменгі ерін үзеңгісінің пластикасын жасады.Осы патологияның себебін жойғаннан кейін қандай физикалық емдеу әдістерін тағайындаған дұрыс? / УФО, ГНЛ / гепаринмен электрофорез / саусақпен массаж / гидромассаж / гидрокортизонмен ультрадыбыс ! Бала 12 жаста. Дәрігер стоматологқа тісін жуғанда,тағам қабылдағанда ауру сезіміне,сілекейінде қанның болуына шағымданып келді. Объективті: гиперемия, жоғарғы және төменгі қызылиектің ісінуі, маргинальді және альвеолярлы қызылиек эпителиінің қатпарланғаны байқалады,басқанда ауру сезімді. Диагноз қойылды: созылмалы десквамативті қызылиек қабынуы.Физиоем тағайындаңыз / гелий - неонды лазер / ауытқушы нүктелер / УВЧ- терапия / қызылиек бүртіктеріне нүктелі диатермокоагуляция / гидромассаж ! Бала 6 жаста.Ауыз қуысының профилактикалық санациясы мақсатымен келді. Пародонт тіндері ауруларының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды анықтаңыз / Ауыз қуысының гигиенасына үйрету / Көмірсу қабылдауын анықтау / судың құрамындағы фтор мөлшерін анықтау / салмағының азаю / тісжегіні емдеу ! Бала 11 жаста. Дәрігер-стоматолог диагноз қойды:Ремиссия сатысындағы созылмалы парадонт қабынуы. 2 күн бұрын ем аяқталған.Жасалған емнің нәтижесіне баға беріңіз / РМА индексін анықтау / гигиеналық индексті анықтау / Шиллера-Писарева сынамасын жасау / педиатрдың консультациясын алу / Жағымсыз әдеттерін жою ! Бала 13 жаста. Диагнозы: Пародонттың орта дәрежедегі жедел жергілікті қабынуы. Емдеу жоспарын таңдаңыз: / Себепті жою, тіс қағын тазалау, медикаментозды өңдеу, жақпамайен аппликация / Медикаментозды өңдеу, массаж, озонотерапия / Қосарланған ауруды емдеу, тіс қағын тазалау / Қызыл иек үсті және асты тіс қақтарын тазалау, озонотерапия / Себепті жою, УКС ! Бала 13 жаста. Ауру сезіміне, қызыл иектің керілу сезіміне, тіс тазалағандағы, қатты тағам тістегендегі, шайнағандағы қызыл иектің қанағыштығына, ауыздан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Анамнезінен бір жыл бұрын қызыл иегін емдеу курсы жүргізілгені анықталды. Объективті: ісіну, қызыл иектің маргинальды бөлігінің қызаруы, қызыл иектің басқа бөлігі көгерген, зондпен жай тигенде қанайды. 4.2; 4.1; 3.1; 3.2; 3.3 вестибулярлы беті сарғыш түсті қатты шөгінділермен жабылған. Гигиенасы нашар. Тісін үнемі жуайды. Пародонтальды қалталар жоқ. Рентгенограммада сүйек тінінің деструкциялық өзгерістері жоқ. Диагноз қойыңыз / созылмалы катаральды гингивиттің өршуі / ошақты пародонт қабынуы / гипертрофиялық гингивит / жаралы гингивит / созылмалы катаральды гингивит ! Пубертатты кезеңде НЕҒҰРЛЫМ көп кездесетін гингивиттің формасы болып табылады: / Созылмалы атрофиялық гингивит / Десквамативті гингивит / Жедел катаральды гингивит / Жаралы гингивит / Созылмалы гипертрофиялық гингивит ! Пародонтолизге қандай рентгенологиялық бейне НЕҒҰРЛЫМ тән? / альвеола аралық қалқандардың сүйек тінінің прогрессирлеуші отыруы / альвеола аралық қалқандардың 2/3 биіктігінің резорбциясы / альвеола аралық қалқандардың 1/2 биіктігінің резорбциясы / альвеолярлы өсіндінің сүектік тінінде өзгерістер жоқ / альвеола аралық қалқандардың 1/3 биіктігінің резорбциясы ! Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы пародонт қабынуының орта дәрежесіне НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? / Катаральды гингивит , пародонтальды қалтаның тереңдігі 5 мм-ге дейін / Тістер қозғалмалы, пародонтальды қалтаның тереңдігі 3,5 мм-ге дейін / Тістер қозғалмалы, пародонтальды қалтаның тереңдігі 5 мм-ден көп / Қызыл иектің ісінуі, қызаруы, пародонтальды қалталардың болмауы / Тістер берік, тіс мойнының жалаңаштануы ! Жасөспірім 14 жаста, әлсіздікке, дене температурасының 38º дейін көтерілуіне, ауыз қуысындағы күрт ауру сезіміне, ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына, қызыл иегінің қанағыштығына шағымданып келді. Объективті: кілегей қабық ісінген, қызарған. Қызыл иек шетінде жаралар, кір-сұр түсті қақпен жабылған некроздалған ошақтар бар. Пародонтальды қалталар жоқ. Қандай алдын-ала қойылған диагноз НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? / жаралы-некротикалық гингивит / созылмалы пародонт қабынуының өршуі / созылмалы катаральды гингивит / созылмалы жайылған пародонт қабынуы / гипертрофиялық гингивит |