проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі
Скачать 0.63 Mb.
|
АҚШҚ ! Созылмалы қайталамалы афталы стоматитке тән клиникалық көріністер: / АҚШҚ-да 1-3 афтлар / Бірігуге бейім, шырышты қабаттағы көптеп орналасқан эрозиялар мен афталар / Жиектері тегіс емес, жиі қатты таңдай, қызылиек, еріннің қызылжиегінде орналасқан эрозиялар / Көпіршіктер, эрозиялар, қабықтар, Никольский симптомы оң / Ұзақ уақытжазылатын, тыртықтануға бейім жекелеп орналасқан жаралар ! Профилактикалық тексеру кезінде 7 жасар баладан анықталды: жоғарғы және төменгі еріндерінің қызыл жиегінде құрғақ қабыршақтар, көптеген майда қатпарлар бар. Бала жиі еріндерін жалайды, пайда болған қабыршақтарды тістейді,кей жағдайда жарылулар мен қабыршақтардың пайда болатынын айтады. Нақтама қойыңыз: / Метеорологиялық хейлит / Экзематозды хейлит / Эксфолиативті хейлит / Гландулярлы хейлит / Мелькерсон-Розенталь синдромы ! Бала 9 жаста. Еріндеріндегі ауру сезіміне және қышуына шағымданады. Анамнезінен бала аллергологтың тіркеуінде тұрғаны анықталды. Балада әрдайым ұрттың терісінде, шынтақтың иілген жерінде, тізе арты шұңқыры терісінде бөртпелер пайда болады. Бет терісі құрғақ, қабыршақтанады. Еріннің қызыл жиегі мен теріге жанасатын аймағында майда қабыршақтар көрінеді. Ауыз бұрышы аймағында майда жарылулар бар. Нақтама қойыңыз: / Атопиялық хейлит / Эксфолиативті хейлит құрғақ түрі / Метеорологиялық хейлит / Гландулярлы хейлит / Эксфолиативті хейлит экссудативті түрі ! 8 жасар бала ауыз бұрышы аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Еріндер құрғақ. Жарылулар бар. Ауыз бұрышы аймағында ақ түсті қабыршақпен жабылған жаралар бар, ылғалды, жара жиегі «білік» тәрізді көтеріңкі. Нақтама қойыңыз: / Саңырауқұлақ тектес инфекциялық хейлит / Эксфолиативті хейлит / Метеорологиялық хейлит / Экзематозды хейлит / Пиоген тектес инфекциялық хейлит ! Бала 12 жаста. Еріндерінің қышуына және ашуына шағымданады. Анамнезінен бала кезден бастап диатезден азап шегетіні анықталды. Терісіне аллергиялық бөртпелер бірнеше рет шыққан. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі қызарған, ісінген, көпіршіктер жарылғанда пайда болатын майда көпіршіктер және жаралармен жабылған. Нақтама қойыңыз: / Экзематозды хейлит / Эксфолиативті хейлит / Гландулярлы хейлит / Метеорологиялық хейлит / Атопиялық хейлит ! Бала 10 жаста. Анамнезінен ерте жаста экссудативті диатезбен ауырғаны анықталды. Қарап тексергенде стоматолог экзематозды хейлит деген диагноз қойды. Қай маманның кеңесі қажет? / Аллерголог / Невропатолог / Косметолог / Гематолог / Окулист ! Бала 8 жаста. Кеңес алуға келді. Анамнезінде тағамдық аллергия. 3 жастан бастап ауырады, еріннің қызыл жиегі және терісі ісінген, инфильтрацияланған . Еріндерінде жарылулар, қабыршақтар бар. Нақтама қойыңыз: / Экзематозды хейлит / Эксфолиативті хейлит / Инфекциялық хейлит / Гландулярлы хейлит / Метеорологиялық хейлит ! Бала жиі ернін жалайды, кей жағдайда жырылулар, қабыршақтар пайда болатынын айтады. Метеорологиялық хейлит нақтамасы қойылды. Қандай ем шаралары қажет? / Жағымсыз әдетті жою, кератопластикалық заттарды қолдану / Миогимнастика, кортикостероидты жақпаларды, десенсибилизациялаушы заттарды пайдалану / Антисептикалық өңдеу, ата-анасымен, баламен психологиялық әнгімелесу / Ортодонттың кеңесі, миогимнастика, гормональды заттарды пайдалану / Миогимнастика, физиотерапиялық шараларды қолдану ! Бала 10 жаста. Еріннің шырышты қабатында сызаттардың пайда болуына, қанағыштыққа шағымданады. Анамнезінен анықталғандай нейродермит себебімен аллергологтың есебінде тіркелген. Еріндер құрғақ, еріннің қызыл жиегі шекарасында, бет терісінде көптеген қатпарлар бар, олар ауыз қуысы аймағында желпуіш тәрізді ажыраған. Нақтама қойыңыз: / Экзематозды хейлит / Эксфолиативті хейлит / Гландулярлы хейлит / Актиниялық хейлит / Метеорологиялық хейлит ! Профилактикалық тексеруде 8 жасар балада төменгі ерін қызыл жиегінің өзгерісі анықталды. Қарап тексергенде: ашық тістем, еріндерін түйістіру толық емес. Клейн аймағындағы сілекей без сағысында «шық тамшылары” тәрізді секрет бөлініп тұратын, қызыл нүктелі кеңею байқалады. Диагноз қойыңыз: / Қарапайым гландулярлы хейлит / Атопиялық хейлит / Метеорологиялық хейлит / Іріңді гландулярлы хейлит / Экзематозды хейлит ! Бала 12 жаста, ерінінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен 5жасында экссудативті диатезбен ауырған. Еріндері ісінген, қызарған, ауыз бұрыштарында тіндік инфильтрация байқалады. Еріннің қызыл жиегінде және теріде көптеген көлденең қатпарлар бар. Төменгі ерінде және ауыз бұрышында біршама сызаттар бар. Нақтама қойыңыз: / Экзематозды хейлит / Гландулярлы хейлит / Актиниялық хейлит / Эксфолиативті хейлит / Метеорологиялық хейлит ! Бала 13 жаста, тағам қабылдағанда еріндерінің қанағыштығына шағымданып келді. Анамнезінен аллергологта антибиотиктерге аллергия себебімен тіркеуде тұр. Еріндері құрғақ, еріннің қызыл жиегінде және бетінің терісінде қатпарлар бар, қатпарлары ауыздың бұрыштарына қарай «желпуіш» тәріздес орналасқан. Нақтама қойыңыз: / Экзематозды хейлит / Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі / Метеорологиялық хейлит / Эксфолиативті хейлит, экксудативті түрі / Актиниялық хейлит ! 10 жастағы бала еріндерінің қышуына және ауыратынына шағымданады. Анамнезінен аллергологта диспансерлік тіркеуде тұрғаны анықталды. Ұрт аймағының терісінде, шынтақ аймағында, тізе аймағындағы теріде бөртпелер пайда болады. Бет терісі құрғақ, қабыршақтанады, еріннің қызыл жиегінде және оның айналасында майда қабыршақтар байқалады. Ауыздың бұрышында майда сызаттар бар. Нақтама қойыңыз: / Атопиялық хейлит / Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі / Метеорологиялық хейлит / Эксфолиативті хейлит, экксудативті түрі / Гландулярлы хейлит ! Бала 11 жаста. Еріндерінің құрғауына, ауру сезіміне, қабыршақтануына шағымданып келді. Еріндері ісініп, қызарған. Еріннің қызыл жиегінде және шырышты қабатында сілекей безінде ашық қуыстары бар. Пальпациялағанда тығыз түзіліс тәрізді, сілекей тамшылары бөлініп тұратын майда гипертрофияланған сілекей бездері байқалады. Нақтама қойыңыз: / Қарапайым гландулярлы хейлит / Экзематозды хейлит / Атониялық хейлит / Метеорологиялық хейлит / Ангулярлы хейлит ! Бала 7 жаста. Еріндерін түйістіргендегі ауыру және күйдіргендей сезіміне шағымданады. Еріннің қызыл жиегінде сары сұр түстес, «фартук» тәрізді салбырап тұратын қабықтар бар. Қабықтарды алғаннан кейін анық қызыл түсті, беті тегіс ошақ көрінеді. Клейн аймағындағы еріннің айналасы аздап қызарған. Нақтама қойыңыз: / Эксфолиативті хейлит, экксудативті түрі / Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі / Метеорологиялық хейлит / Гландулярлы хейлит / Актиниялық хейлит ! Профилактикалық тексеруде 4 жастағы бала тілінің бетінен ақшыл сұр түсті, периферия бойымен таралған ошақты эпителий десквамациясы анықталды. Нақтама қойыңыз: / Десквамативті глоссит / Қатпарлы тіл / Ромб тәрізді глоссит / Қызамық / Жарақаттық стоматит ! Профилактикалық тексеруде 10 жастағы бала тілінің бетінен көлденең және тік жүлгелер анықталды, жіп тәрізді бүртіктері сақталған. Тілінің көлемі ұлғайған. Нақтама қойыңыз: / Қатпарлы тіл / Қызамық / Ромб тәрізді глоссит / Десквамативті глоссит / Жарақаттық стоматит ! Бала 8 жаста. Дәрігерге тіліндегі күйдіру сезіміне, аздап шаншуына шағымданады. Объективті: бүйір бетінде және тілдің ұшында көлемі үлкен емес ақшыл сұр түсті анық емес кератоз байқалады. Нақтама қойыңыз: / Географиялық тіл / «Малина тәрізді» тіл / Қатпарлы тіл / Ромб тәрізді глоссит / Қара «түкті» тіл ! Десквамативті глосситке тән: / Периферия бойымен жайылған ақшыл қызғылт түсті эпителий десквамациясы / Тіл көлемінің ұлғаюы / Тіл арқасындағы айқын гиперемия,жіп тәрізді бүртіктердің гиперплазиясы / Тілдің бетіндегі қатпарлар, терең жүлгелер / Тілдің ортаңғы сызығы бойымен төмпешікті ісік тәрізді өсінділер ! Бала 15 жаста. Стационарда ем қабылдауда. Жоғарғы қабағының, ернінің ісінуіне шағымданады. Қарап тексергенде еріндерінің гиперплазиясы, бет нервісінің невриті, қатпарлы тіл байқалады. Нақтама қойыңыз: / Мелькерсон-Розенталь синдромы / Бехчет синдромы / Стивенс-Джонсон синдромы / Папийон- Лефевр синдромы / Лайелл синдромы ! Тіл бүртіктерінің дистрофиялық өзгерісі және эпителийдің мүйіздену үрдістерінің бұзылыстары тілдің қандай ауруына тән? / Десквамативті глоссит / Қара «түкті» тіл / Жедел катаральды глоссит / Ромб тәрізді тіл / Қатпарлы тіл ! Бала 10 жаста. Дәрігерге тағам қабылдау кезінде тілінде күйдіру тәрізді және ауыру сезіміне шағымданады. Созылмалы асқазан-ішек жолдарының ауруымен ауырады. Қарап тексергенде: ауыз қуысы шырышты қабатының түсі қалыпты. Қызыл иек бүртіктері ісінген. Тілі ісінген, тіл артында көптеген майда қатпарлар, ал ортаңғы сызығында беті қақпен жабылған терең қатпар байқалады. Сіздің нақтамаңыз: / Қатпарлы тіл / Географиялық тіл / Тілдің лимфангиомасы / Бүлдірген тәрізді тіл / Қара «түкті» тіл ! Дәрігерге тексерілуге 4 жастағы баламен анасы келді. Анасы баласының тілінің қалыптыдан тыс көрінісіне шағымданады. Баланың дені сау. Объективті: тілдің артқы және бүйір бөлігіндегі аймақтың ісінуі мен эпителий қабаты ақшыл-сұр түсті, тегіс, шекарасы домалақ қарауыту байқалады: / Десквамативті глоссит / Ромб тәрізді глоссит / Қатпарлы тіл / Қара «түкті» тіл / Жедел катаралды глоссит ! 10 жасар бала, колитпен ауырғандықтан ауруханада ем қабылдауда. Ауыз қуысында - созылмалы катаралды гингивит, шырышты қабатының ісінуі. Тіл емізікшелерінің тегістелуі, тілдің артқы бөлігінде десквамативті өзгерістері байқалады. Сіздің емдеу әдісіңіз қандай? / Негізгі ауруды емдеу, ауыз қуысындағы көрініске байланысты симптоматикалық ем / Негізгі ауруды емдеу, кератопластикалық препараттармен аппликациялау / Негізгі ауруды емдеу, емдік шөптермен шайқау / Негізгі ауруды емдеу, қызыл иекке массаж, С витаминдермен электрофорез жүргізу / Негізгі ауруды емдеу, ауыз қуысының гигиенасын қадағалау ! Бала 7 жаста – қатпарлы тіл нақтамаланды. Қандай аурулармен салыстырған жөн / Тілдің лимфангиомасымен / Десквамативті глосситом / Ромб тәрізді глосситпен / Қара «түкті» тілмен / Малина тәрізді тілмен ! Т.Ф.Виноградова классификациясы бойынша ауыз қуысында аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болған ауруды табыңыз / Көптүрлі жалқықты эритема / Скарлатина / Қызылша / Герпангина / Жедел герпетикалық стоматит ! Балаларда сүттеменің жұғу жолдары / Нәрестелерге антибактериалды терапия жүргізген кезде, туылу кезінде баланың саңырауқұлақпен инфицирленген жолдармен өтуі / Анасының кеуде бөлімінің дұрыс күтімі / Нәрестелерге күтім жасағанда гигиенаны сақтау / Баланың салмағының көп болуы / Жасанды тамақтандыру ! Балаларда созылмалы кандидоздың пайда болу себептерін көрсетіңіз: / Көп мөлшерде антибактериальды және цитостатикалық препараттарды ,көмірсуды қабылдау / Дені сау балалар / Зиянды әдеттердің болуы / Кальций көп мөлшерде қабылдау / Ортодонтиялық ем алғандар ! Стивенс –Джонсон синдромының симптомдарын атаңыз / Тері-көз, кілегей қабық / тері-кілегей қабық / Кілегей қабық- көз / Эпигастральды- ми / Тері-ми ! Жедел герпетикалық стоматит қай жаста көп кездеседі / 6 айдан 3 жасқа дейін / 3 айдан 1 жасқа дейін / 2 жастан 3жасқа дейін / 0 айдан 3 айға дейін / 3 жастан 6 жасқа дейін ! Жедел герпестік стоматиттің клиникалық симптомдарын көрсетіңіз: / Гиперемия, қызыиек ісінуі, АҚКҚ бірлі жарымды элементтер, лимфаденит, катаральды гингивит / Ауыз қуысы кілегейлі қабығының гиперемиясы,ерін,тілдіңкілегейлі қабығындағы үлкен көлемді эрозиялар,дақтар,көпіршіктер,кокардалар / таңдай доғалары мен ретромолярлы кеңістіктегі гиперемия, ісіну, сұр түсті, күшпен алынатын қабық / Ауыз қуысы кілегейлі қабығының гиперемиясы,жұмсақ таңдайдағы ұсақ нүктелі дақтар / тілде, ұртта, ерінде нүктелік немесе ошақтық дақтар, оңай алынатын қақтар ! Скарлатинаны қандай аурулармен дифференциальды диагностика жасау қажет? / Баспа, қызылша / Сүттеме, ЖГС / Күлбіреуік, медикаментозды стоматит / Инфекционды мононуклез, қызылша / Көптүрлі жалқықты қызарма, аусыл ! Мерезді нақтамалаудың зертханалық әдісін көрсетіңіз : / Микрореакция / Тікелей агглютинация реакциясы / Манту реакциясы / Иммуноблотинг / Цитологиялық зерттеу ! Десквамативті глосситке тән: / тіл эпителиіндегі ашық қызыл түсті, периферия бойымен таралатын десквамация ошақтары / тілдің барлық беткейіндегі қатпарлар, терең жүлгелер / тіл көлемінің үлкеюі / тіл арқасындағы айқын, жіп тәрізді емізікшелердің гиперплазиясы / тілдің ортаңғы сызығы бойымен бүдірлі ісіктәрізді өсік ! Тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің 2-3 мм гиперплазиясы, олардың түсінің ашық қоңырдан қара түске дейін өзгеруі, дәм сезудің төмендеуі қай ауруға тән? / қара "түкті" тіл / хейлит / қатпарлы тіл / лейкоплакия / кандидоз ! Тілдің арқасының ортаңғы сызығы бойымен артқы бөлімінде ромб тәрізді формада, жіп тәрізді жіпшелері жойылған аймақ қай ауруға тән? / ромб тәрізді глосситке / десквамативті глосситке / қатпарлы тілге / қара "түкті " тілге / тіл лимфангиомасына ! АҚКҚ қай ауруында теріде "кокардалар" түріндегі элементтер пайда болады: / көптүрлі жалқықты эритема / дифтерия / ЖГС / қызылша / медикаментозды стоматит ! Бала 12 жаста. Диагноз: Қайталамалы афта. Физиоем тағайындаңыз / ГНЛ / гепаринмен электрофорез / УВЧ-терапия / гидромассаж / СВЧ-терапия ! Бала 2 жаста. Дәрігер -стоматологом диагноз қойды: Орта дәрежелі ауырлықтағы жедел герпестік стоматит.Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жүргізесіз / көптүрлі жалқықты эритемамен / мононуклеозбен / қызылшамен / механикалық жарақатпен / химиялық жарақатпен ! Бала 8 жаста. Дәрігер стоматологқа жұтқан кезіндегі тамағындағы ауру сезіміне,дене температурасының 38 градусқа дейін көтерілуіне, анық интоксикация белгілеріне,сонымен қатар ішінің ауыратынына шағымданып келді.Ауыз қуысында жұмсақ таңдай аймағында,тілшікте,алдыңғы таңдай құлақшаларында және миндалинада майда эрозивті түзіліс,кейбір жерлері кілегейлі қабықта гиперемяланып бірігіп жатады.Катаральді қызылиек белгілері жоқ.Диагноз қойыңыз |