диплом жалпы болим. Дипломды Жмыс 5В073800 Материалдарды ысыммен деу технологиясы
Скачать 0.58 Mb.
|
Мөлшерлеу Мөлшерлеу операциясының мақсаты – шихтадағы және соңғы өнімді дайындау кезіндегі құрауыштардың ең оңтайлы қатынасын ұстану болып табылады. Берілген операцияда мөлшерлеуіш-автомат қолданылады. Мөлшерлеу үрдісінде біз берілген материалдардың оңтайлы мөлшерін технологиялық үрдісті жалғасытру үшін аламыз. Мөлшерлеу үрдісін автоматтандыру қымбат тұратын шикізат шығынын азайтуға, операция уақытын қысқартуға, сондай-ақ қызметкерлер санын және өнімнің өз бағасын қысқартуға мүмкіндік береді. Араластыру Араластыру үрдісінде ұнтақтардың бөлшектерін ұсақтау орын алады. Операция мақсаты – цементтейтін металлы бар ұнтақтар қоспасын дайындау. Ұсақтаудың бірінші периодында қатты қорытпа құрауыштарының түйіршіктілігі өзгереді. Қатты қорытпаларды сулай ұсату үшін қолданылатын спирт ұсатылатын материалымен химиялық байланысқа түспейді. Ұсатудың максимал тиімділігіне спирттің 220 – 400мм-ін 1 кг қоспаға енгізу кезінде себілу тығыздығына байланысты жетеміз. Ұсатудың тиімділігі сондай-ақ шар-қоспа қатынасының ұлғаюымен жоғарылайды, әдетте ол 2,5-3,5 құрайды, уақыты – 48 сағат. Берілген операцияда қатты қорытпа қоспаларын сулай ұсату үшін шарлы диірмен қолданылады. Дистилляция Берілген операцияның мақсаты спиртті қаттықорытпалы қоспадан алып тастауда. Берілген операцияда спиртті ұшыруға арналған аппарат қолданылады. 2000С дейінгі температурада қаттақорытпалы қоспадан спирт ұшып шығады, бұл кезде материалмен химиялық байланыс орын алмайды, қайнаудың төмен температурасының салдарынан 4-6 сағат ішінде алынады. Елеу Алдыңғы операциядан келетін ұнтақты елеу ұнтақтарды фракцияларға бөлудің технологиялық операциясы болып табылады. Сондай-ақ бұл операцияда негізгі материалдан оны араластыру кезінде түскен әр түрлі қоспалар ажыратылады. Материалдың негізгі массасын мөлшері 0,5мкм болатын түйіршіктер құрайды. Берілген операцияда серіппе-амортизаторда бекітілген, тоғыны бар стационарлы дірілді елеуіш қолданылады. Тоғынның дірілі көлденең жазықтықта дебалансты құрылға көмегімен. Араластыру Бұл операцияның мақсаты – қалыптаудың келесі үрдістеріне жарамды ұнтақтар қоспасын дайындау. Бұл операцияны орындау жағдайына соңғы өнімнің – дайын қорытпаның қасиеті тәуелді болады. Қатты баяу балқитын құрауыштың ұнтақтары (Ti C – 79%), аз созымдылығымен ерекшеленеді. Сондықтан пресстеу алдында, TiC – 79%, Ni – 17%, Mo – 4% тұратын қоспаға пластификациялау заттарын енгізеді, олар пресстелуді жақсартады, прессовка мен пресс-пішін арасындағы үйкелісті азайтады, дайындамаларға пластификатордың жабысу қабілеттілігінің есебінде қосымша беріктілік береді. Берілген жағдайда пластификатор ретінде беттік-белсенді заттары (ББЗ) бар парафин қолданылады. ББЗ ретінде ара балауызын, олеинді, стеаринді қышқылды, церезинді қолданады, оларды парафинге 3 – 6% мөлшерде қосады. Қоспаларды арастырмас бұрын, парафинді балқытып, 85 – 90 0С-қа дейін қыздырады сосын оған ББЗ енгізеді. Содан кейін пластификаторды термостатты пропеллерлі араластырғышта 0,5-0,75 сағ ішінде қарқынды араластырады, бұл кезде ББЗ пластификатордың барлық көлемі бойынша таралады. Қоспадағы байланыстыратын материал мөлшері және оның дисперстілігі көп болған сайын, пластификатор мөлшері де жоғары. Қаттықорытпалы қоспаның құрауыштарын пластификатормен термостатты бірқатарлы шнекті араластырғышта 85 – 90 0С-та 4-6 сағ бойы араластырады. Берілген жабдық қоспаның пластификатормен толық араласуын және қажетті өнімділікті қамтамасыз етеді, араластыру нәтижелерін не шихтаның физико-технологиялық қасиеттері бойынша, не үлгілердің химиялық талдауы бойынша бақылайды. Тәжірибеде қоспаның технологиялық сипаттамаларының бір бөлігін бақылайды және оның үлгілерінің химиялық талдауын жүргізеді. Пішіндеу Берілген операцияның мақсаты – бұйымның белгіленген өлшемін, пішінін және тығыздылығын алу. Аралық операцияда жасалған қоспаны термостатты құю аппаратына құяды, ондағы температура 70 – 90 0С. Сығылған ауа көмегімен, 0,3 – 0,6 МПа қысыммен қоспаны 25 0С-ге дейін қыздырылған болат бөлшектелетін пресс-пішіннің тесігіне құяды, ол пішіндеу кезінде гидравликалық қысқышпен қысылған. Отыру алынған дайындаманың пішінін өзгертпес үшін шликердегі қысымды оның толық қатаюы болмайынша төмендетпейді. Жақсы аққыштық, төмен жылуөткізгіштік және қатаюдың төмен жылдамдығы сапалы бұйымдарды алуға мүмкіндік береді. Жүктемені алғаннан кейін одан пішінделген өнімді шығарады. Берілген операция үшін маркасы ЛМ 80 құю машинасын қолданады. Бұл үлгі гидрожетегі бар көлденең автоматты машиналарға жатады. Ол тораптардан және бөліктерден тұрады:
Құю машинасының электросұлбасы жұмыстың үш режимін қарастырады: Автоматты; Жартылай автоматты; Реттейтін. Өнімдерді пішіндеу барысында бастапқы екі режимді қолданады, бірақ оңтайлысы – автоматты. Бұл режим минимал шығынды қамтамасыз етеді, операция уақытын қысқартады, сондықтан да өнімнің өз бағасын төмендетеді, сондай-ақ қызметкерлер санын қысқартуға мүмкіндік береді. Реттеу режимінде пресс-пішінді орнату жүргізіледі. Пластификаторды айыру Өнімді құйғанна соң соңғы рет пісіру алдында дайындамадан байланыстырушыны алып тастайды. Байланыстырушыны алу дайындамаларды балқытылған байланысты белсенді жоятын адсорбенттерде баяу қыздыру арқылы жүзеге асады. Температураны жоғарылату кезінде байланыстырушыны алу кезеңмен жүреді – алдымен байланыстырушы балқиды, сосын жеңіл фракциялар буланады, ауыр көмірсутектердің пиролизі және көміртекті қалдықтың жануы орын алады. Баяу балқитын қосылыстардың жіңішкедисперсті ұнтақтардан алынған құймалардан құрауышты алудың оңтайлы режимі ретінде бұйымды 8 сағат бойы 20-дан 600 0С-ге дейін қыздыру қарастырылады. Қыздыру жылдамдығы 30-350С/сағ құрайды, бірақ бұл кезде 2 сағ бойы 50-55 0С болғанда аралық изотермиялық ұсталымды жасау керек, при 160 – 170 0С болғанда 3-4 сағ бойы. Қыздырудың аса жоғары жылдамдығында құрауышты алу үрдісі қарқындай түседі. Бұйымның пішініне, бастапқы ұнтақтың габариттеріне және қасиеттеріне байланысты пластификаторды айыру режимдері өзгеруі мүмкін. Құрауышты бұйымнан алып тастағаннан кейін оларды кейінгі өңдеуге қажетті беріктілікке ие болады. Жіңішке ұнтақтардың қышқылдануға жоғары қабілеттілігінің салдарынан үрдісті қорғайтын ортада жасаған жөн, ондай орта ретінде әдетте сутек қолданылады, бұл құрауышты гидрогенизацияның есебінде алып тастауға себеп болады. Берілген операцияда жабдықтан қатты қорытпалардың қоспаларын кептіру үшін муфельді пеш қолданылады. Берілген жабдықты қолдану жөнділігі энергияны минимал шығынмен қажетті өнімділікпен және шикізатты үнемді пайдаланумен түсіндіріледі. Соңғы рет пісіру Пісірудің негізгі мақсаты – пресстелген дайындамаларды тығыздау мен беріктеу, оларды қажетті физико-механикалық қасиеттерімен кіші бұйымдарға айналдыру болып табылады. Берілген операцияда үзіліссіз әрекетті итергіш вакуумды электропешті СТВ-5٠23٠1,5/16Г қолданады. Белгілі болғандай, қорытпада құрауыш металл көп, баяу балқитын құрауыштың дисперстілігі жоғары және титан карбидінің құрамы төмен болған сайын пісіру температурасы да төмен болады. Берілген үрдіс үшін электропеш қажетті пісіру температурасын 1450 0С және пісіру уақытын 1,5-2 сағ, вакуум тереңдігін 10-1 Па қамтамасыз етеді. Механикалық өңдеу Берілген операцияның мақсаты мынада: тетік тапсырыс берушінің талаптарына сай қажетті өлшемдер мен конфигурацияға ие болуы қажет. Механикалық өңдеуді орындау үшін аймақта үш білдек қолданылады: токарлы-бұрамакескіш және бір ажарлайтын. Токарлы-бұрамакескіш білдектерде мынадай жұмыстарды жасайды: сыртқы цилиндрлік, конусты және фасонды беттерді үшкірлеу, тетіктердің бүйіржақтарын кеседі, ішкі цилиндрлік беттерді егейді, бұрғылармен, тесіктерді өңдейді. Жабдық санын есептеу және таңдау Пресстеуге арналған жабдық қосымша қозғалыссыз құралда сырттан жанама қиманың бір берілісімен бұйымды бірқалыпты пресстелуді алуды қамтамасыз етеді. Бұйым өлшемдері күшпен, себілмелі биіктікпен, тетіктің максимал өлшемімен және қолданылатын ұнтақты пресстеу коэффициентімен шектеледі. Автомат келесі операцияларды орындайды: Ұнтақты бункерден қоректендіргіш таспасына себу; Ұнтақты таспамен матрицаға өткізу; Матрицаны ұнтақпен толтыру; Бұйымды матрицадан итеру; Пресстелген бұйымды науаға итеру. Ұнтақты бұйымдарды пресстеу үшін пресс-автоматтың жөндеу жүргізіледі. Ең алдымен, пресс-пішін төлкені пресстеу үшін пресстейтін қорапқа салынады. Реттеу операциялары, пресстеуге сынақ жүргізіледі. Биіктік пен массаның қажетті мәндерінен ауытқулар болса пресстің жөнделуі жүзеге асады. Пресстеудің бірнеше циклдарын орындап, «жөндеу» режимінде прессовкалардың өлшемдері мен массалары бойынша тұрақты нәтижелер алғаннан соң қоректендіргіш таспасын қосады, ал прессті автоматты режимдегі жұмысқа қайта қосады. Прессті таңдау үшін берілген тетік үшін пресстелу күшін, содан соң қуат қорымен пресс күшін анықтау қажет. Механикалық пресс-автоматтың КА-0628 техникалық сипаттамалары. Номинал күш 63т, итеру күші 19т, себудің ең үлкен биіктігі 125мм, бір минуттағы қадам саны 32, қуат 22кВт, габариттік өлшемдер 1,77/2,50/2,29 м, массасы 9,50 т. Жабдықтан мөлшерлеу үшін өнімділігі 25кг/сағ дейін мөлшерлеуіш-автоматты таңдаймыз, белгіленген қуат 0,25кВт, шамамен бағасы 340 руб. Араластыру операциясы үшін өнімділігі 30кг/сағ дейін болатын қатты қорытпалардың қоспаларын сулай ұсақтауға арналған шарлы диірменді таңдаймыз, жұмыс кеңістігінің көлемі 0,18 м3, белгіленген қуат 2,8кВт, габариттік өлшемдері 0,7х1,03х1,4 м, шамамен бағасы 2,2мың руб. Дистилляция операциясы үшін өнімділігі 50кг/сағ болатын қаттықорытпалы қоспадан спиртті ұшыру үшін аппарат таңдаймыз, қолданылатын қуат 1,6кВт, жұмыс кеңістігінің көлемі 0,6х0,95м, шамамен бағасы 960руб. Елеу операциясы үшін серіппе-амортизаторға бекітілген, тоғыны бар стационарлы дірілді елеуішті таңдаймыз. Көлденең жазықтықтағы тоғын дірілі дебалансты құрылғы көмегімен, өнімділігі 300 кг/сағ, тоғын диаметрі 0,05м, белгіленген қуат 1,6кВт, габариттік өлшемдері 0,8х0,8х1,2 м, шамамен бағасы 350 руб. Араластыру операциясы үшін баяу балқитын қосылыстардың ұнтақтарын және олардың пластификатордағы металлдармен қоспасын араластыру үшін шнекті цилиндрлік бірқатарлы араластырғышты таңдаймыз. Өнімділігі 25 кг/сағ дейін, жұмыс кеңісітігінің көлемі 13л, белгіленген қуат 0,6кВт, габариттік өлшемдер 1,15х1,2х0,5м, шамамен бағасы 350 руб. Пішіндеу операциясы үшін маркасы ЛМ80 құю машинасын таңдаймыз, өнімділігі 20кг/сағ, белгіленген қуат 6,5кВт, габариттік өлшемдер 2,95х1,2х1,28 м, шамамен бағасы 16400 руб. Пластификаторды айыру (сутек ортасында) және пісіру (вакуумда) операциясы үшін пластификаторды алып тастайтын камерасы бар үзіліссіз қозғалатын СТВ-5٠23٠1,5/16Г итергіш вакуумды электропешті қолданады, өнімділігі 25кг/сағ, қолданылатын қуат 5,5кВт, жұмыс кеңісітігінің өлшемі 0,5х3,2х0,15 м, габариттік өлшемі 4,5х1,1х1,8 м, вакуумы 10-1 Па, шамамен бағасы 30 мың руб. Механикалық өңдеу үрдісі үшін қуаты 10кВт токарлы-бұрамакескіш білдегін және қуаты 8кВт болатын ажарлау білдегін таңдаймыз. 5 Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі 5.1 Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру шаралары Ұнтақтық металлургия цехқа жұмысқа тұрған жұмыскерлер ме жұмысшылар еңбек келісім шартына отырады. Цехқа жұмысқа келісіп бұрын жаңа қабылданған жұмыскер жалпы қауіпсіздік ережелерін және өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде нұсқау алу керек. Еңбек стажына қарамай барлық жұмыскерлер әр тоқсан сайын техника қауіпсіздігі туралы, өрт қауіпсіздігі туралы және еңбек ету құқығы мен міндеттері туралы нұсқау алып отыруы керек. Жұмысқа алғаш қабылданған адамдарға бес күн ішінде еңбек кітапшасы ашылады. Ұнтақты дайындау медициналық тексеруден өткен, 18 жасқа толған адамдар алынады. Жаңа қабылданған жұмыскерлер міндетті түрде еңбек ету ережелері бойынша екі күндік оқудан өтуі керек, кейінірек жұмыс орнында бөлім және цех әкімшілігінен нұсқау алады. Цехтың барлық жұмыскерлері жылына бір рет цех әкімшілігі тағайындаған комиссияға техника қауіпсіздігі бойынша емтихан тапсырады. 5.2 Еңбек қорғаудағы техникалық қауіпсіздік шаралары Техника қауіпсіздігі жалпы және негізгі болып бөлінеді. Жалпы техникалық қауіпсіздігі барлық өнеркәсіп пен барлық цехтарда орындалуы керек, себебі олар цехтың технологиялық ерекшеліктерін ескереді. Жабдықты жөндеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін қозғалатын бөліктердің сыртының жабдықты пайдалана алатындай және жұмыс істейтін қызметкерлер сиятындай етіп қоршау керек, оның ішінде демонтаж кезінде шешілген және қосымша бөлшектер де тұруы қажет. Барлық 0,3м-гі биіктіктегі алаңшылардың еденінің үстінде 1м биіктікке дейін сүйеніштері болуы керек. Сүйініштің төменгі бөлігінде 140мм кем болмайтын, түгел қамтитын борты болуы керек. Цехтағы машиналардың орналастырылуы қызмет көрсететін жұмысшылардың цех ішінде еркін қозғалуына, қосымша бөлшектердің әкелуіне және басқа да бөлшектерді жинауға мүмкіндік беруі керек. Құбырлар мен науашалар алаңшалардың астында жасырынып тұруы қажет немесе жұмысшылар жүретін жерлерде, еденмен санағанда 1,1-2м биіктікте орнатылуы қажет. Машиналарды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар келісімдегідей: Жабдықтар берік іргетастарда сенімді орнатылуы қажет, олардың бөлшектері қаптамамен қапталуы қажет. Қапталу биіктігі 2м –ден кем болмауы керек және ол берік және сенімді қорғалатын жабдықтарға немесе іргетасқа бекітіледі. Олар үлкен соққылы жүктемелерді қабылдай алатындай болу керек. Жұмыскерлерге қауіп төндіретін негізгі қауіпті бөлшектерге айналатын бөлшектерді жатқызуға болады, оларды міндетті түрде қаптау қажет. Ал жабдықтың жұмысына қауіп төндіретін металл сынықшалары, олар кеннің құрамында кетіп ұсақтағыштың сыналанып қалуына әкеліп соқтырады, сондықтан мұндай металл сынқтарын бөліп алу үшін, металл іздегіш немесе металл бөлгіш қолданған жөн. Өндірістік операциясы кезінде респраторлар жағу керек. Ауыз арқылы улану, асқазан ауруына шалдықтырады. Қолды 2% соды ерітіндісімен жуу қажет. Жұмыс орындарында тамақ ішуге, шылым шегуге болмайды. Ұнтақты дайындау цехы жоғары электр қауіпті категорияға жатады. Мұнда көптеген ток соғатын электроқондырғылар бар. Электрқауіпсіздігі – техникалық және ұйымдастырылған шаралар жүйесі, ол адамдарды электртогының, электрөрісінің және т.б. қауіпті және зиянды әсерлерден сақтайды. Адам шығынына алып келетін негізгі себептер ол электр тогына кездейсоқ түсіп қалу немесе үлкен кернеуде тұрған ток жүретін сымдарға жақан арақашықтықта тұру, электр жабдықтарының сыртындағы изоляциясының бұзылуы және жұмысшылар жұмыс істеп жатқан жердегі ток өтетін бөліктердің анық жерлерінде кернеудің пайда болуынан және т.б. себептерден болады. Байыту фабрикасының ұсақтау цехының электржабдықтары 40/6 подстанциясынан, қуаты 6300кВт екі трансформатормен қоректенеді. 5.3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары 5.3.1 Зиянды өндірістік факторлар Ұнтақты дайындау цехтары, желі солтүстік шығыс бағытында соғатын және жазық далалы келетін шығыс Қазақстан жағдайын ескере отырып салынған. Сондықтан цех ғимараты жел бағытына 600 бұрышпен салынған. Осыған байланысты ұсақтау бөлімінде жыл бойы шаңды сору, яғни желдету жақсы қамтамасыз етіледі. Ғимарат пен оның ішіндегі заттардың салынуы мен пайдалануы, ғимаратты пайдаланудағы құрылыс ережелеріне, техника қауіпсіздігіне және өндіріс тазалығына сай жүзеге асырады. Ұнтақтағыштың жұмыс кезінде адамның денсаулығына кері, зиянды әсерін тигізетін шу мен діріл пайда болады. Және де қошаған ортаның шаңдануы да өте жоғары 11мг/м3 дейін, бөлімшедегі шаңның шекті шақтама нормасы 2 мг/м3 тан аспауы керек. Өндірістік операциясы кезінде респираторлар тығу керек. Ауыз арқылы улану, асқазан ауруларына шалдықтырады. Жоғарыда аталған зиянды өндірістік факторлардың алдын алу үшін техникалық процестердің атмосфераның жіберетін улы заттарды ұстайтын, шаңды камералар орнатылуы қажет, ғимараттардың ішінде әр жерде желдеткіштер, діріл мен шу деңгейін азайтатын қондырғылармен айла бұйымдар қолданылуы қажет. Ұнтақтау цехтары ең көп мөлшерде шаңданған бөлімшелер қатарына жатады. Ірі ұсақтау бөлімшесінде ұнтақты ұсақтағышқа тиегенде және одан түсіргенде айтарлықтай шаң көтеріледі. Ауадағы шаңның шахтама мөлшеріне байланысты. Құрамында кварцы бар шаңның шахтама нормасы төмендегідей: α% дейін -10м2/м3, 2-10% аралығында - 4 м2/м3, 70% дейінгіде - 2 м2/м3. Шаңның мөлшерін азайту үшін ұсақталатын материалды вагоннан ұнтақтағышқа түсірер кезінде технологиялық процеспен жіберілетіндей етіп дымқылдандырады. Дыбыстың қысымын өлшеу үшін бел деген өлшеу бірлігі қолданылады. Шуға қарсы шаралар жалпы ортақ сипатты және жеке қоғаныс ретінде жүргізіледі. Адамның шуды қабылдау диапазоны шамамен 130дб, ал 140дб адам көтере алмайды. Шуды азайту үшін жобада қарастырылған металды бөліктердің орнына металл емес әртүрлі төсеніштермен ауыстырады және машиналармен механизмдердің соқтығысатын бөліктерінің арасын майлайды. Ұнтақтағыштың жұмысы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсерін тигізетін діріл пайда болады. Жұмыс орнының өндірістік діріліне санитарлық нормалармен шекті шахтама амплидудалар, жылдамдықтар және теңселмелі жүйелердің үдеуі тағайындалған. Жарықтандыру нормасы қондырғылармен және гимараттың ішіне керекті жарықтандырғыштармен қадағаланады. Жұмыс орындарын жарықтандыру үшін, ұзаратын 12В жарықтандырғышын қолдануға болады. Дірілге қарсы шаралар:жабдықтарды іргетастарға жақын қою, құрылымдардың тығыз қатты қосындылары бар жерге төсеніштер, қою, машиналармен оның орнатылған базасының арасына амортизаторлар қою. |