Главная страница
Навигация по странице:

  • 5.6 Жарықтандыруды есептеу

  • 5.7 Өндірістік ғимараттарды желдету

  • 5.8 Микроклиматы қамтамасыз ету

  • 5.10 Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • 5. Экономикалық бөлім 5.1 Жобалау жұмыстарының жалпы экономикалық сипаттамасы.

  • 5.2.1 Күрделі /бірреттік/ шығындар А. Кәсіпорынның (құралдың) шын жобасын жасау үшін үлестірімдер.

  • Б. Кәсіпорынды, Цехты немесе құралды құру /немесе шараны енгізу

  • В. Қажетті жабдықты сатып алу.

  • диплом жалпы болим. Дипломды Жмыс 5В073800 Материалдарды ысыммен деу технологиясы


    Скачать 0.58 Mb.
    НазваниеДипломды Жмыс 5В073800 Материалдарды ысыммен деу технологиясы
    Анкордиплом жалпы болим.docx
    Дата03.12.2017
    Размер0.58 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладиплом жалпы болим.docx
    ТипДиплом
    #10631
    страница6 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    5.3.2 Санитарлық тұрмыстық жағдай

    Санитарлық тұрмыстық жағдайды жасау - әр өнеркәсіптің маңызды құраушы бөліктерінің бірі, ол дегеніміз жұмысшылардың таза және қауіпсіз жұмыс істеуіне жағдай жасау, ғимараттар мен жабдықтарды пайдаланудағы санитарлы тұрмыстық жағдайды, температураны, ылғалдылықты, ғимараттығ ішіндегі ауаның қозғалу жылдамдығын, жарықтануын және жұмыс орныдарының шаңдануын, діріл меен шу деңгейінің әсерін қадағалайтын санитарлық нормамен регламенттелген.

    Өндірістік ғимараттағы температура, ылғалдылық пен ауаның қозғалу жылдамдығымен анықталатын микроклимат жұмысшылардың ағзасының термореттелуіне әсерін тигізеді және де сонымен қатар еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ұнтақтау бөлімшелерінде санитарлық норма бойынша температура 14 0C ден төмен болмауы керек, ылғалдылық шамамен 80%, ал ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2 м/с және жылы күндері 0,3 м/с тен аспауы керек. Микроклимат ғимаратта орналасқан жылытпалы құралдар мен ағынды-ұзармалы вентиляция көмегімен сақталады.

    Ғимаратты жылытудың бөлмелерде қажетті температураны ұнтақтауға ғана емес, ғимараттың сақталуы үшін де маңызы зор, өйткені дұрыс жылытылмайтын ғимарат ылғалдылық әсерінен бұзылуға ұшырайды. Ғимаратты өндіріс агрегаттары жасанды жарық көздері адамдар, тағы басқалары бөлетін жылудың деңгейі төмендегенде, ғимаратты жылыту қажет. Жылудың бөлінуін сағатына 20 ккал/м3 аспайтын ғимараттар қажет етеді. Жабдықтардан, материалдардан, адамдардан бөлінетін жылу сағатына 20 ккал/м3 аспайтын цехтар мен бөлімшелерде, жұмыс орындарындағы температура +30C - + 220C дейін, ал жылдың жылы мезгілдерінде +170C- +280C дейін болу керек. Ал жұмыс орнынан басқа жерлердегі температура санитарлық нормадан 1-20C төмен болуына болады. Бұл жобада жылудың, суық мезгілдегі бөлмені жылытудың нормативін белгілеу құрастырылған. Санитарлық норма бойынша өндірістегі жұмыс аумақтарының суық жыл мезгіліндегі салыстырмалы ылғалдылығы 80%, ал жылы мезгілде +250C- де 70%-тен аспауы керек.

    5.4 Еңбек қорғаудағы өртке қарсылық шаралары
    Жадықтардағы өрттің шығуы көп жағдайда машина жұмыс істеп тұрғанда, оның электроқозғалтқышы, электрсымдары және электр бөліктері асқын жүктемеде болуына байланысты орын алады. Осының әсерінене олар жіберілетін шегіне асып қызып кетеді де тұтанады.

    Ұнтақтау бөлімшесінің өртке қауіпсіздік категориясын, «Д» категориясына жатқызуға болады.

    Өртене бастаған материалды оның жану қажетін ескеретін және өртке қарсы құрылғылардың көмегімен, құммен, сумен өшіреді.

    Өрт қаупі болған жағдайда дер кезінде өртсөндіргіштерге хабар беру керек. Өртсөндіргіштер келгенше, өртті өз бетінше қолда бар, өртке қарсы құрал жабдықтармен оны сөндіре беру қажет. Оның басқа да жабдықтарға және ғимараттарға ауысуына жол бермеу керек.

    Ұнтақтау бөлімшесіндегі өрттің болғанын білдіретін құралғы ретінде, қолмен іске асыратын құрал пайдаланылады, ол сәйкесті кнопканы басқан кезде дискретті сигналдар жібере бастайды.

    Өрттің алдын алу үшін, алдынала жұмыстары жүргізіліп отырады. Жұмысқа қабылданушымен өрт қауіпсіздігі туралы нұсқау және оқыту жүргізіледі. Бірінші нұсқауды өртке қарсы топтағы немесе мекемеден өрт қауіпсіздігіне жауапты адам жүргізеді. Екінші нұсқауды жұмыс орнындағы аға шебер жүргізеді.

    Жұмыс орны мен жабдықтардың-өртенуінің алдын алу үшін, оларды таза ұстап, өндіріс қалдықтары мен тез жанғыш сұйықтардан тазалап отыру керек.

    Жұмыс орындарын, электр құрылғыларын және өрт сөндіру жабдықтарына өтетін жол ашық болу керек. Бөлімшеде өрт қалқаны орнатылуы қажет. Әр қалқанды ОП-5 және ОУ-8 өрт сөндіргіші, азбест немесе өртке төзімді материал салынған қапшық |2x2м|, балта, құрғақ құм салынған жәшік және жалпақ күрек болуы қажет.

    Әр өрт қалқанының жанында әрбір жабдықтың жұмысшы адамдарының тізімі жазылып тұруы керек.

    Электрқозғалқыштардағы, электр қондырғылардағы пайда болған өртті өшіру үшін ОУ-2, ОУ-5, ОУ-5, ОУ-8, ОУ-80 типті көмірқышқылды өртсөндіргіштер қолданылады. Ал, электрқондырғыштарына байланысты емес, яғни басқа жабдықтарда және ғимараттардағы өртті сумен, құммен, ОП-5 типті көбікті өртсөндіргішпен және ОП типті ұнтақты өрт сөндіргішпен өшіреді.

    Жобаланатын ғимаратта келесі байланыс және дабылнама жүйелері қарастырылған:

    • телефонды байланыс комбинаттың комутаторымен – 7 аппарат;

    • қаламен байланыс – 4 аппарат;

    • диспетчерлік байланыс комбинат директорымен, бас инженердің операторымен;

    • жоғары дауысты байланыс, негізгі цехтармен.



    5.5 Дабылдама жүйесі
    Ұнтақтау бөлімшесінде дабылнаманың екі түрі орнатылған:

    а) жабдықтың асқын жүктемелік режимде істеп тұрғанын білдіретін авариялық дыбысты және жарықты дабылнама.

    б) негізгі жабдықтың іштен шығуы және тоқтауын білдіретін авариялық және жарықты дабылнама.
    5.6 Жарықтандыруды есептеу
    Адам қоршаған ортадағы информацияның 90% көру процесі арқылы қабылдайды. Сондықтан көз арқылы алынған ақпарат көбіне ортаның жарықтығына байланысты болады.

    Өндіріс бөлмелерінде жарықтандыру табиғи және жасанды түрде жүргізіледі.

    Табиғи жарықты өндірісте бағалау үшін-табиғи жарықтану коэффициентін (ЖЖК) қолданамыз. ЖЖК-қатысты өлшем, көлемнің ішкі жарықтануы, сыртқы жарықтануынан неше есе кем екенін көрсетеді. Ол процентпен өлшенеді және мына формуламен анықталады:
    e=Еішсырт= 100% (1)
    мұндағы: е-табиғи жарықтандыру коэффициенті

    Цехты бірқалыпты жарықтандыру үшін нүктелік жарықтандыру әдісі қоладнылады. Цехты жарықтандыру аралас әдіспенен жасалған; олар табиғи және жасанды жарықтандыру. Цехтың жалпы көлемі: 952,7 м2 болғанда, жарықтандыру нормасы Ен=150 лк. Жарықтандыру құрылысы ретінде ЛЛ - 30 F – 2100 лм люминисентті шамдар қолданамыз. Егер цехтың ені – 39,4 м, ұзындығы – 24 м , биіктігі - 7.

    Шамның бағанадағысанын анықтаймыз:

    m = l/lcb = 39,7/24 =1.6 1 дана аламыз
    Шамның қатар санын анықтаймыз:
    N = EH · S · k / n · Fn · z · ƞ · m (2)
    мұндағы, n – жарық шамдағы шам саны - 2

    z – минималды жарықтандыру коэффиценті – 1,1

    ƞ – жарық ағынының қолдану коэффиценті. Ол өндіріс үйінің индексіне байланысты:
    i = S / h (А+В) = 952,7 / 7(39,7+24) = 2,1 (3)
    ƞ – 0,42 тең.

    N = 150·952,7·1,4/2·2100·1,1·0,42·1=103,1

    5.7 Өндірістік ғимараттарды желдету
    Өндірістегі зиянды заттарды жою үшін гигиенелық талаптар бойынша өндірістік желдетуді жүргіземіз. Желдету табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиғи желедетуде өндірістік ғимараттың ауасы сыртқы ауа температурасымен ауысып нәтижесінде жел пайда болады. Жасанды желдетуде ауа қозғалысы желдеткіш көмегімен жүргізіледі.

    Желдету-бұл бөлмедегі артық жылу, ылғалдылық, қауіпті және зиянды заттарды жою үшін, сондай-ақ жұмыс зонасындағы микроклиматтық жағдайды жақсарту үшін жасалатын ұйымдық шаралар. Желдету жалпы ауысымдық және жергілікті болады.
    5.8 Микроклиматы қамтамасыз ету
    Зиянды факторлардың негізгісі ретінде өндіріс ауасының жоғарғы температурасы, ол зиянды заттардың әсерін ушықтырады. Ыстық температурадан адам қан тамырлары кеңейіп, терлеуі күшейіп, тыныс алуы жиіленеді. Сол себепті зиянды заттардың организмге әсері жылдамданады. Санитарлық нормаға сәйкес, температураның, ауа ылғалдылығының және жылдамдылығы төмендегі кестеде көрсетілген.
    4.2-кесте –ауаның ылғалдылығы және жылдамдылығы

    Жыл периоды

    Ауа температурасы 0С

    Салыстырмалы ылғалдылық % артық емес

    Ауа жылдамдығы м/с артық емес

    Санитарлық нормалар

    Салқын

    15-19

    75%

    0,2

    Жылы

    28 артық емес

    55%

    0,2-0,5

    Микроклиматтың қалыпты жағдайы

    Салқын

    20-22

    60-70%

    0,15

    Жылы

    23-25

    45-50%

    0,25-0,35



    5.9 Жерге қосылғыш қондырғының есебі

    Жерге қосылғыш қондырғы – тікелей жермен жалғанған электрлік жалғас немесе ток жүрмейтін металл бөлшектердің эквиваленті.

    Ұнтақтау бөлімшесіндегі жерге қосылғыш қондырғының контурлық типі көрсетілген. Жоғарғы кернеулі токты, қатар жатқан екі кабельмен жеткізеді, олардың әрқайсысы 0,4км ұзындықта және жерге 0,7м тереңдікте көмілген.

    Жерге қосылған қондырғының нормативті мәнін келесі формуладан табамыз:



    (4)
    Алдымен, 6кВ-ғы жерге тұйықтау тогын табамыз, кабель ұзындығы lн=0,4км.
    (5)

    мұндағы - сызықты кернеу, В;

    - кабель тізбегінің ұзындығы, км;

    - ауа тізбегінің ұзындығы, км;
    А , (6)

    Содан

    Ом. (7)

    Трансформатордың қосынды қуаты 100 кВт-тан артық болғандықтан 4 Ом. Өнеркәсіп ТМД-ң II-ші климаттың аумағында орналасқан, сонда ρТ=300 Ом·м ψ=4.

    Сонда топырақтың меншікті кедергісі мына формуламен табылады:
    Ом·м (8)

    Жерге қосылғыш қондырғының тоғының ағуына кедергісін төмендегі формуладан табамыз:
    , (9)
    мұндағы - кіретін кедергінің модулі,

    =10,2

    Ом. (10)
    Жасанды жерге қосылғыш қондырғының мүмкін кедергісін келесі формуладан табамыз:

    Ом (11)
    Топырақтың меншікті кедергісін маусымдық коэффициентті ескере отырып анықтаймыз:
    Ом·м. (12)
    Тік жалғыз электродтың кедерісін есетеу:
    м , l=3м; (13)


    Ом
    Тік электродтардың арасындағы арақашықтықтың a=6м, олардың саны n=10.
    Электродтарды жалғастыратын жолақтың ұзақтығын анықтау:
    α = 1,05 (n-1) a=1,05 (10-1)·6=56.7м.

    c=0,04м; t0=0,7м.
    Жолақтағы токтың ағуға қарсылығы мынаған тең:
    м (14)
    ηэ=0,74 жәнеηn=0,75 болғандағы, барлық жасанды жерге қосылған қондырғының кедергісі:
    Ом (15)
    Жасанды жерге қосылғыш қондырғының мәні жерге қосылғыш қондырғының мәнімен едәуір үлкен болғандықтан, ток ағынының алаңшаларының бір - біріне әсерін ескермеуге болады.

    Жалпы жерге қосылғыш қондырғының кедергісінің мәні мынаған тең:
    Ом (16)
    h < 3,68 < 4 Ом

    Бұл мән жоғарыдағы талаптарды қанағаттандырады.
    5.10 Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
    Негізгі талаптармен анықталатын жүк таситын және жолаушылар вагондары темір жолдардың техникалык пайдалану ережелерімен анықталады. Бұл талаптар қозғалыс қауіпсіздігін және жүктің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жүк таситын және жолаушы вагондар уақытында жоспарлы өтуі – жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің ескертілген түрлері. Олардың үзіліссіз жұмыс істеуінің дұрыс күйін қамтамасыз етіп отыру керек.

    Вагондардың ақаулықтарының пайда болуын алдын ала ескертіп отыру керек. «Техникалық Пайдалану Ережесі» бойынша жаңа вагондарды салғанда қауіпсіздік және бірқалыпты қимыл жылдамдықтарының қазіргі күйлерімен орнатылады, сонымен қатар перспективалы локомотивтары соған сәйкестендірілуі керек.

    Жаңа құрылым вагондары, сондайақ жөндеудің жоспарлы түрінен өткен вагондарды пайдаланбас бұрын сынаудан және тұрақты бақылаудан өткізу керек. Тежегіш жабдығы, вагонның рамасы және автотіркейтін құрылым сияқты мұндай вагондардың жауапты түйіндеріне талаптар орнатады. Бұл вагондардың техникалык күйі пойыздың қозғалыс қауіпсіздігіне тәуелді болады.
    5. Экономикалық бөлім

    5.1 Жобалау жұмыстарының жалпы экономикалық сипаттамасы.

    Бұл дипломдық жобада Ұнтақтық металлургияда қалыптаумен бұйым жасайтын цехтың, қақтала жабыстыру бөліміне техника-экономикалық баға береміз. Есептемеде қақталуды жүргізетін пештердің өзіндік құны және ондағы жабдықтардың есептемесі келтірілген. Сондай-ақ әрбір жұмысшыға берілетін еңбек ақы, ИТР және жұмыс атқарушылардың еңбек ақы фондының есептемелері жатады. Бұған және өндірілген шикізаттардың өзіндік құнының калькуляциясын жүргіземіз.

    Ұнтақтан бұйым алу үшін арнайы электрқозғалтқышы орналасқан. Бұларға электр энергиясы қажет. Осыларға байланысты электр энергиясының шығынын есептейміз.

    Цехта игерілетін жаңа қосымша өндіріске мейілінше аз қаржы жұмсалады. Қажетті құрылыс ғимараты ретінде Қарағанды қаласындағы зауыт территориясындағы машинажасау зауытының ғимаратының бос тұрған орындары мен ескі тозығы жеткен ескі жабдықтардың орны қолданылып,қайта құрылады. Жаңа өнімід уақытша сақтайтын қойма ретінде зауыт территориясындағы қаңырап бос тұрған қоймалар пайдаланылады. Өндірілетін өнімдер азық-түлік болмағандықтан және арнайы жабу-қаптармен қапталатындықтан қоймаларды қайта күрделі жөндеуден өткізуді талап етпейді.

    Логистикалық қамтамсыздандыруында кәсіпорында жұмыс істеп тұрған логистикалық құрылым пайдаланылады. Сондықтан логистикалық құрылым құруға кететін шығын қарастырылма йды.

    Басқару жүйесіне келер болсақ, іске қосылатын өндіріс кәсіпорыннның қосымша тағы бір саласы болатындықтан, арнай бөлімнің құрылуын талап етпейді, сондықтан кәсіпорын басшылығында қосымша бөлім құрылмайды. Жаңа өндіріс кәсіпорында жұмыс жасап тұрған басқару жүйесіне бағындырылады.

    Жұмыс тәртібі, бақылау әдістері мен еңбек ұйымдастыру жүйелері де кәсіпорындағы сәйкес жүйелерге негізделеді.

    Жобаның маңыздылығы- қазіргі таңдағы машина жасау технологиясын дамытудың негізгі бағыттарының бірі қолданыстағы және жаңа қалдықсыз, материал үнемдейтін өндірістік үрдістерді, яғни механикалық өңдеу арқылы минимал әдіптермен немесе оларсыз жетіспейтін материалдар шығынын төмендету кезінде дайындамалар алуды қамтамасыз ететін үрдістерді жасау мен жетілдіру болып табылады. Бұл мәселені шешу кезінде ұнтақты металлургия білгілі бір рөл атқарады.

    Ұнтақты металлургия әдісімен қасиеттері және балқу температурасы ерекше түрлі құрауыштардан тұратын материалдарды, әр түрлі физико-механикалық қасиеттер кешені бар жаңа материалдарды жасап шығаруға болады. Ұнтақты металлургия принципиалды жаңа материалдар мен олардың өнімдерін де, сондай-ақ жалпыға ортақ құрастыру тетіктерінің кең номенклатурасын да дайындау үшін қолданылады.

    Кесте 5.1 – Өндірістік бағдарлама

    Көрсеткіштердің атауы

    Сандық сипаттамасы

    1. Бір жылдағы жұмыс күні

    2. Демалыс күндері

    3. Мейрам күндері

    4. Жөндеуге тоқтату

    5. Демалысқа шығу уақыты

    6. Сырқаттанудан және басқа да себептермен жұмысқа шықпай қалған күндер саны

    7. Жабдықтың бір жылдағы жұмыс уақыты

    8. Бір күндік жұмыс уақыты

    9. Жалпы жұмыс уақыты

    10.Тунгі уақыт

    11.кешкі аусым уақыты

    12. Мейрам күндерріндегі уақыт

    10. Пештің өнімділігі

    11. Жылдық шығатын өнім

    365 күн

    52 күн

    9 күн

    52 күн

    24 күн

    1күн

    365-52-52-9-24-1=227күн
    24 сағ/күн

    365*24/3=2920cағ.

    2920/2=1460сағ

    2920/2=1460cағ

    9*24/3=72cағ

    1245 м²/сағ

    227*24*1245=6782760 м³



    5.2.1 Күрделі /бірреттік/ шығындар

    А. Кәсіпорынның (құралдың) шын жобасын жасау үшін үлестірімдер.

    Бұл кәсіпорынның қайта құрылуына мемлекет тарабынан 3000000 (3000000 миллион теңге қаржы көлемінде қаражат жұмсалады.Бөлінген қаражат жобаны іске асыруға жұмсалады. Сынақтан өту мерзімі жарты жыл көлемі.

    Б. Кәсіпорынды, Цехты немесе құралды құру /немесе шараны енгізу/.

    Жоғарыда айтылғандай өндірістік құрылысқа ешқандай шығын қарастырылмайды. Себебі жоғарыда аталып өтілді. Жабдықтарды орнату мен алғашқы баптау сатылынып алынатын жабдықтың бағасына кіреді

    В. Қажетті жабдықты сатып алу.

    2-кестеде тек жобаға қажет жабдықтар мен қақтала жабыстыруды дайындайтын пештердің бағалары арнайы журналдағы каталогтар мен интернетте көрсетілген бағаларға сай алынып, ҚР Ұлттық банкі тағайындаған валюталар айырымына сай етіп тапсырылады.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта