Главная страница

«Костенко» шахтасының К12 көмір тақтасының жағдайында механикалан- дырылған кешеннің параметрлерін талдау және таңдау. «Костенко» шахтасының К12 көмір тақтасының жағдайында механикала. Дипломная работа выполнена в полном объеме в соответствии с заданием. Технологическая схема включает расчет очистного комбайна


Скачать 1.25 Mb.
НазваниеДипломная работа выполнена в полном объеме в соответствии с заданием. Технологическая схема включает расчет очистного комбайна
Анкор«Костенко» шахтасының К12 көмір тақтасының жағдайында механикалан- дырылған кешеннің параметрлерін талдау және таңдау
Дата13.04.2022
Размер1.25 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла«Костенко» шахтасының К12 көмір тақтасының жағдайында механикала.docx
ТипДиплом
#471638
страница3 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Шақты алабының S ауданы келесі формуламен анықталады:

қор мына формуламен анықталады:
(1.1)
мұнда mi – тақтаның алынатын қуаты, м;

yi – тақтаның көлемдік салмағы, т/м3.
Өндірістік (1.2)
м2
мұнда L, H – шақты алабының жазылыммен құлама мөлшері, м.

Баланстық қоры келесі формуламен анықталады:
Qөнд=Qбал - ∑Qжоғ , (1.3)
мұнда ∑Qжоғ – көмірдің жобаланған жоғалымы
∑Qжоғ=Qкент+Qпайд, (1.4)

мұнда Qкент – кеңтіректердегі көмір жоғалымы, т;

Qпайд – пайдаланған жоғалым, т.

Қорғалған кеңтіректердегі көмірдің шығынын есептеу келтірілген қорғау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Олар жазық тақталарда есептік қордың 0,5-2,0% құрайды.

Пайдалану жоғалымы мына формуламен анықталады:
Qпайд=( Qбал – Qкент)∙К , (1.5)
мұнда К – пайдалану жоғалымының коэффициенті, К=0,1- 0,15.

2 Негізгі бөлім

2.1 Тазалау комбайны туралы
Тазалап қазу комбайны — бір мезгілде пайдалы қазындыны қопарып, оны конвейерге тиеп, кейде тасымалдау талабына сай ұсататын біріктірілген қазу машинасы. Тазалап қазу комбайыны пластың: жатыс бұрышына (35° дейін және одан жоғары), қалындығына (өте жұқа, жұқа, орта қалыңдық және калың); бір рет алу ауқымына қарай (кен ауқымды, тар ауқымды) бөлінеді.

Тазалап қазу комбайнының белгілі бір жұмыс орындауына механикаландырылған тіректің рөлі үлкен орын алады.

Біздің тазалап қазу комбайнымыздың келесі техникалық сипаттамасы:

Тазартпа жұмысын жүргiзу салдарынан бүйiр жыныстары жалаңаштанып, оларда жылжу басталады да қазба бекемдеріне қысым түсіреді. Осындай құбылысты тау-кен қысымы деп атайды. Тау-кен қысымын анықтау, шақты жағдайында тікелей өлшеу, теориялық және лабораториялық зерттеу жұмыстары арқылы іске асады. Төбенің жылжуы мен бекемге түсетін қысым шамасы шақты жағдайында өлшенiп, анықталады. Лаборатория жағдайында жыныстар жылжысы эквиваленттi материалдар, оптика-поляризациялық және тағы да басқа лабораториялық модельдер арқылы жүргiзiледi. Келтірілген зерттеу әдістерінің әрқайсысы өзіне тән артықшылық немесе кемшіліктерімен ерекшеленеді. Сонымен зерттеудің барлық тәсіл-дерін бiрдей қолданып жыныстар жылжу механикасын түсінуге және тау-кен қысымын игеру жағдайларын жетiлдiре беру жолдарын белгілеуге болады.

Тау-кен қысымының пайда болуы (жыныстар жылжысы, қысымның тiреуге түсiретiн күшi) көбiнесе геологиялық және өндiрiс технологиясының жағдайына байланысты болады. Белгілі көмiр бассейндерiнде кенжардан 1 м қашықтықта жыныстардың 20 – 30 мм, ал 4 - 5 м қашықтықта 60 - 250 мм жылжитыны байқалған. Босаған кеңiстiктегi бекемдерге түсетiн қысым мөлшерi бiрiншi қатардағы тiреулерде 10 - 20 кН шамасында болса, соңғы қатарда 200 - 400 кН дейін жетеді [5].

Кен жұмыстары жүретін уақытта жыныстардағы кернеулі күй қайта таралып, тазартпа кенжар массиві алдында таянышты қысым пайда боладыТөңіректегi жыныстардың жылжу себебiнен көмiр сiлемi iшiнде, кенжар алдында 40 - 60 м жерде таянышты қысым басталады, оның ең жоғарғы шамасы кенжар алдындағы 2 - 10 м қашықтықта байқалып тұрады. Төбе жыныстар жылжысы, көмiр мен жыныстардың механикалық қасиеттерiне тікелей байланысты. Олардың серпiмдiлік қасиеттерi не ғұрлым аз болса, жылжу мөлшерi де сол ғұрлым жоғары болады.

Кен алу орны жер бетiнен тереңдеген сайын, тiреулерге қысым күшейiп, қазбаның табан жыныстары iшке қарай ісінiп шыға бастайды. Көмiр тақтасы қалың болса және тiреу қою жұмысы өз уақытында жүргiзiлмесе, төбе жыныстарының сөгілісі молайып, тiреуге қысым күшейе бастайды. Көмiр тақтасы қалың болған жағдайда, тiреулер жиi қойылуы мүмкін. Кенжар жанындағы кеңiстiктiң енiде тау-кен қысымына әсер етедi. Ол кеңiстiк тар болған сайын, оған түсетiн қысымда азая бередi. Тау-кен қысымының мөлшерi тiреулердiң механикалық қасиеттерiне байланысты болады.

Кен қазылған сайын кен орны босап төбе жыныс қысымы күшейеді де салмағы кенжар тiреулерi мен қазылмаған кенге түседi. Кенжар кеңiстiгінде бiлiнген жыныс қысымының күшiн реттеп, жұмыс қауiпсiздiгін арттыру мақсатында қолданылатын күрделi iстердi кен қысымын игеру деп атайды. Жазық және көлбеу орналасқан көмiр тақталарында төбе қысымының әсерлi  болу себебінен оны игеру жұмыстарына өте зор мән берiледi. Осындай көмiр тақталарындағы қысымды игеруде негiзгi әдiстер қатарына жататындар:

  •   төбе жыныстарын толық құлату;

  •   босаған кеңiстiктi бос жыныстармен толық тығындау;

  •   босаған кеңiстiктi жартылай тығындау;

  •   төбе жыныстарын шөге отырғызу.

Неғұрлым тiреу қатаң болса, солғұрлым қысым күштiрек байқалады. Жыныс қысымы кенжардың жылжу шапшаңдығымен байланысты. Егерде кенжар жылжуы екi есе өссе, онда тiреуге түсетiн жыныс қысымы да 25 - 40 %  азаяды.

Қазіргі таңда әлемде тазалау кенжарларындағы қондырғыларға жаңартулар көптеп енгізілуде. Кенжардағы тазалау жұмыстарының өнімділігі көбінесе тек қана тау-кен геологиялық жағдайына ғана емес, механикаландырылған кешен қондырғыларының техникалық сипаттамаларына да байланысты [5].

Тазалау кенжарында тақтаның қалыңдығына байланысты, әр түрлі типті механикаландырылған жүйелер қолданылады. Қазіргі кезде «Костенко» шахтасында К10, К12 тақталары алынуда. Көмірді алу жұмыстары Пиома, УКП-5, Глиник, 2КМ144 тәрізді механикаландырылған жүйелердің көмегімен орындалуда. Шақтының тазалау кенжарында қолданылатын механикаландырылған комплекстің құрамына: алу машинасы - тазалау комбайны SL-300; тасымалдау конвейері - 2ЛБ-120, 2Л80 пен тиегіш – ПТК-1У; уатқыш - ДЗК-М; механикаландырылған тіреулер «Глинник-22/45», «Глиник-08/26», «Пиома-25/45», «2КМ144»; насос станциялары; желдету жүйесі ВЦД-40 және ВЦД-47 желдеткіштерімен; кабель салғыш жатады [6].

Қaзіргі кезде 48-К10-з кенжарында көмірді алу жұмыстары УКП-5 механикаландырылған жүйесі мен Eickhoff фирмасының тазалау комбайны SL-300 көмегімен орындалуды. Комбайн бір жақты схемасы бойынша жұмыс жасайды. Себебі бір жақты схемасы бойынша көмірді алу жұмысын жасағанда, комбайының штректермен көмірді артуы жақсарады және біркелкі жасауға мүмкіндік береді, тіреулер мен конвейердің қозғалысы мен қауіпсіз жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Механикаландырылған бекітпе – тазалау кенжарын жұмысқа қабілетті және қауіпсіз күйде сақтауға арналған, өзбетімен қозғала алатын таукен машиналарының бір түрі. Басты секция 20КП70К бөлінген катамантан түрімен жасалған. Қозғалыс аппараты және конвейердің төменгі жағындағы база осінде орналасқан. Тіреу секциясының қозғалыс гидродамкраттары қарсы схемамен орындалады. Тіреу секциялары гидродомкрат поршнясының итерілуі арқылы қозғалады.

Ортаңғы бөлігінде ашық төменгі каналында қозғалыс аппараты орналасқан, ол қозғалмалы балкадан және артқы жағына қосылған қозғалыс гидродомкратынан құралады. . Бұл бүйір жағында шамадан тыс жүк болуынан қорғайды және жақсы жұмыс істеу механизмін қамтамасыз етеді.База арқылы гидростойка тіреу күші көмір тақтасына беріледі. Тіреу секциясының базасы жұмсақ көмір тақталарын көтеруге арналған құралдарымен жабдықталған. Бұл кезде көтеру гидродомкраты қозғалыс балкаларына сүйенеді.

Қозғалыс балкасына гидродомкраттар бекітілген. Олар конвейер ставының тұрысын басқаруға және қиын орналасқан көмір тақтасын алу кезіндегі жұмыс жағдайын жақсартуға көмектеседі. Басты және қосымша траверстар барлық жағынан қоршалған.

Тіреу қорғанысы берік жасалған. Тіреу қорғанысы жиналмалы тақталармен жабдықталған, олар тіреу секциясының ішін құлайтын тау жыныстарынан қорғайды. Қорғаныс алдыңғы шарширмен және траверсаның үстінгі бөлігіндегі механизммен тығыз байланысты.

Көмір домкраты - балансир, ол қоршауыш пен қорғаныс арасында орналасып, қоршауыш пен қорғаныс арасында шарнирға кинематикалық қаттылық береді және тіреу секциясында кинематикалық тұрақтылықты секция жинақталуы, тау жынысының төбесінде сүйірлер шығуы кезінде және сол сияқты жағдайларда қамтамасыз етеді.

Тақтаның 3,5 м қалыңдығы үшін келесі механикаландырылған бекітпелердің түрлері келеді: 2КМ144, 3ОКП70, «Глинник-22/45», М130(4). Механикаландырылған бекітпелер көрсеткіштері 2.2- кестеде келтірілген.
Кесте 2.1

Механикаландырылған бекітпелер көрсеткіштері

Бекітпе түрі

Бекітпе жылжымалығы

Тақтаның құлама бұрышы

Басып енгізуге қарсылық

m (min)

m (max)



Pтөбе.

Ртабан.

2М144Б

2,3

4,3

10

70

16

3ОКП70

2,8

4,0

10

70

16

«Глинник-22/45»

2,2

4,5

10

70

16

Кесте 2.2

Техникалық қамтамасыз ету

Қамтамасыз ету

2КМ144

3ОКП70

«Глинник-15/29»

М130(4)

Төбе тартпасының максималды коэффи­циенті

0,95

0,95

0,95

0,95

Ауа өтуіне арналған максималды қимасы

7,5 (0,71)

5,43 (0,52)

10,5 (1)

6,3 (0,5)

Бір метрге келетін минималды масса

3,4 (0.97)

6,603 (0,5)

3,47 (0,95)

3,312 (1)

Жылжыту кезінде белсенді тіреуді қамтамасыз ету

белсенді

(1)

белсенді

(1)

белсенді

(1)

белсенді

(1)

Бекітпені жылжытудың минималды еңбек сыйымдылығы

1 (1)

1 (1)

1 (1)

1 (1)

(5)

4,68

4,02

4,95

4,5


Жоғарыдағы мәліметтер бойынша тақтаның кен-геологиялық және кен-техникалық сипаттамаларын қанағаттандыратын «Глинник-15/29» тіреулері ең ұтымды нұсқа болып табылады. «Глинник-15/29» тіреулерінің техникалық сипаттамасы 2.3-кестеде көрсетілген [7].
Кесте 2.3

«Глинник-15/29» тіреулерінің техникалық сипаттамасы

Көрсеткіш атаулары

Көрсеткіш мәндері

Секция биіктігі, мм

Ең төменгі

Ең жоғарғы


2200

4500

Секция қарсылығы, кН

4000

Тіреу қарсылығы, кН/м2

2100

Тіреу секциясының жылжыту коэффициенті

2,0

Бастапқы кергіш коэффициенті

0,64

Қондырғы қадамы , мм

1100

Гидравликалық тіреулер саны

1

Тіреу түрлері

Қозғалмалы екігидромеханикалық

Поршень диаметрі, мм

250

Жұмыс қысымы, МПа

32

Табанға түсіретін орташа қысым

1,2МПа

Тіреу механизмі

Екі гидроцилиндрліекі жақ секциялы


Тазалау кенжарында өндірілген көмір таспалы конвейер арқылы тасымалданады. Олар төгілетін, салыстырмалы аз жемірлі жүктерді тасымалдау үшін қолданылады. Төгілетін жүк науа (рештак) бойынша тіркелген тартқыш шынжырлар арқылы орын ауыстырады. Олар деңгейжиек бойынша, құлауы бойынша (өрлейқазды) және көтерілуі (еңістік) бойынша жұмыс істей алады. Қазіргі жүктегіш конвейерлер жұмыс органы қозғалысының жылдамдығы 1,5м/с дейін, өнімділігі 1200т/с дейін, ұзындығы 150-350м дейін, жетектердің сомалық қуаттылығы 500кВт дейін, құлама бұрығы 350 дейін. Кен орынның тау-кен геологиялық жағдайына сәйкес таспалы конвейердің түрі тандалады. Таспалы конвейерлердің әр түрлерін өзара салыстырамыз. Стационарлы конвейерлер магистралды үңгілерде орнатылады. Жартылай стационарлы конвейерлер учаскелік үңгілерде орнатылады. Кенжардан шыққан өнім ПС-34 тиегішімен жүктеледі.

Конвейерлерді таңдағанда конвейер тарту органының қабылдау қабілеті, максималды өнім ағымына сәйкес келуі, конвейер берілісінің қалыпты жұмыс істеуін және лента енін аламыз [8].

Конвейерді таңдау тек қана шақтының бір қанатына жасалады. Таспалы конвейерлер максималды минуттық өнім ағымдарына есептелінеді.

Кенжардың сипаттамасы үшін т/мин, т/мин.

Тазалау және дайындау кенжарында 2Л80 конвейерін аламыз. Лента жылдамдығы –2м/с, еңі-800мм.

Таспалы конвейер ұзындығы 1900м. Участокта конвейер бремсбергте ұзындығы 910м болатын, ені 800мм 2ЛБ-120 конвейері тұрады. Қалған есептер 2.4-ші кестеден көре аламыз.
Кесте 2.4

Конвейер өнімділіктерінің есебі

Үңгі

атауы

β, град

а1(n), т/мин

Кt, т/мин

Qэ, т/ч

L,м

Конвейер

түрі

N, дана

конвейер бремсбергі, 2дана

9

8,23

1,45

716

910

2ЛБ-120

3

дайындау кенжары, 2 дана

0,3

0,7

1,43

38

1800

2Л100У

3

конвейер штрегі

0

3,5

1,44

302

1800

2Л-80

3

квершлаг

0

16,46

1,47

1452

800

2ЛУ-120

2


Тартқыш органы ретінде көбінесе дөңгелек буынды немесе жиналатын шынжырлар (тақташалы қоректендіргіштерде – тақташалы шынжырлар) қолданады, қондырғы жұмыс органы үшін бағыттауыштарға ие штампталған рештактардан (қырғыштардан және шынжырлардан) тұрады. Кенжарда қолданылатын конвейерлердің көптеген түрлері кездеседі. Олардың бір-бірінен айырмашылығы негізгі параметрлерінде, құрылымдық атқаруына жұмысты атқаруына, механикаландырылған тіреулермен және қазбалы машинамен байланысып жұмыс жасауында. Конвейердің техникалық сипаттамасы 2.5-кестеде көрсетілген.

Кесте 2.5

2Л-80 конвейерінің техникалық сиппаттамасы

Конвейер түрі: 2Л-80

Құлау бұрышы: 0-градус

Көліктеу материалы: көмір

Конвейер ұзындығы: L=1800м.

Эксплуатациялық өнімділігі: Qэ=614.1 т/сағ.

Маскималды өнім ағымы: а1max =14,8 т/мин.
Шақтыны желдетуге арнайы кесте бойынша желдеткіштер таңдаймыз. ВЦД-40 және ВЦД-47 желдеткіштерін таңдаймыз [9].

Олардың техникалық сипаттамалары 2.6-кестеде көрсетілген.
Кесте 2.6

Желдеткіштердің сипаттамасы

Желдеткіш түрі


ВЦД-40

ВЦД-47

N1

N2

N1

N2

Орнату бұрышы

30

35

20

25

ПӘК, η

0,78

0,85

0,78

0,84

Қуаты, N кВт

200

3300

350

4300

Құны, теңге

730000

765500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта