Главная страница

«Костенко» шахтасының К12 көмір тақтасының жағдайында механикалан- дырылған кешеннің параметрлерін талдау және таңдау. «Костенко» шахтасының К12 көмір тақтасының жағдайында механикала. Дипломная работа выполнена в полном объеме в соответствии с заданием. Технологическая схема включает расчет очистного комбайна


Скачать 1.25 Mb.
НазваниеДипломная работа выполнена в полном объеме в соответствии с заданием. Технологическая схема включает расчет очистного комбайна
Анкор«Костенко» шахтасының К12 көмір тақтасының жағдайында механикалан- дырылған кешеннің параметрлерін талдау және таңдау
Дата13.04.2022
Размер1.25 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла«Костенко» шахтасының К12 көмір тақтасының жағдайында механикала.docx
ТипДиплом
#471638
страница9 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


(5.6)

теңге.
2018 жылғы 25-ТП есепке сәйкес учаске бойынша көмірдің бір тоннасының өзіндік құны тоннасына 3316.5 теңгені құрады. Есептер көрсеткендей бір тоннаның өзіндік құны, ескі жабдықты жаңа жабдыққа айырбастағанда 40.2% төмендейді. Бұдан шығатыны, біздің жобаның мақсаты қаражаттарды ақтайды, және өндіру учаскелерін заманауи жабдықпен қайта жабдықтау Костенко шахтасы тұлғасындағы көмір қазатын кәсіпорынды жетілдіруге мүмкіндік береді [17].

6 Еңбек қорғау
Қазақстан республикасының еңбек кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау:

  • құқықтық

  • медициналық

  • экономикалық

  • техникалық құрамдас элементтерден тұрады.

Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.

Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады [19].

Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.

Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.


6.1 Еңбек қауіпсіздігі
«Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы» Заңға сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – еңбек қызметі барысында жұмысшы әрекетіне келетін зиян және қауіптерді шектей отырып , жұмысшының қорғалу жағдайы.

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттері

  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жағдайын бақылауды жүзеге асырады ;

  • жұмыс орындарындағы және ұжым территориясындағы зиянды өндірістік факторлар туралы жұмысшыларға ақпарат беру ;

  • Жұмыс орындарындағы кез келген қауіптердің алдын алып , техникалық жабдықтарды қауіпсіз етуп жаңартаып отыруы тиіс ;

  • Жаңа технологияларды енгізу кездерінде жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясында нормативтер мен ережелерге сай оқытуды ұйымдастару ;

  • Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты шаралар өткізуге қаражат бөлу ; жұмысшыларды өз қаражаты есебінен арнайы киімдермен , аяқкиімдермен және өзін өзі қорғаудағы жеке жабдықтармен қамтамасыз ету

  • өнідірістік процестер мен жұмыстардың қауіпсіздігіне байланысты жұмысшыларды арнайы сақтандыру құжаттарымен қамтамасыз ету ;

  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы жауапты қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты білімдерінөкілетті органдар бекіткен ережелерге сәйкес тексеру ;

  • Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз қаражаты есебінен мерзімдік бақылаулар мен медициналық тексеруден өткізу , сонымен қатар кәсіби ауырулар туындаған жағдайдағы басқа қызметке ауыстыру ;

  • Жұмысшылардың санитарлы - гигиеналық жағдайын , профилактикалық жұмысқа қажетті жабдықтармен , медициналық аптечкамен , басқа да залалсыздандыру құралдарымен сонымен қатар арнайы киімдер мен аяқкиім жөндеуді қамтамасыз ету ;

  • Ұйым территориясының еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың қауіпсіздік жағдайын бақылау үшін мемлекеттік өкілетті органдардың территориялық бөлімшелеріндегі заңды тұлғаларды ерікті кіргізуі тиіс сонымен қатар өнідірсте болған сәтсіз жағдайларды , ауруларды зерттеу үшін ;

  • өкілетті орган мен оның аймақтық өкілдіктерін ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру ;

  • Өндірістегі болған қайғылы жағдайлар мен кәсіби аурулар туралы есеп, сараптама мен тіркеу жасау ;

  • Мерзімдік қызметкерлердің қатысуымен бес жылда бір рет өндіріс нысандарын еңбек жағдайына байланысты аттестациялау , сонымен қатар жаңа технологиялар келіп , модернизация жүрген кездері міндетті аттестациялау ;

  • Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес жұмысшы денсаулығы мен өміріне келген зияндарды өтеу ;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы негізіндегі тәртіп бойынша өндірісте болған қайғылы жағдайларды зерттеуді қамтамасыз ету ;

  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы ережесі мен нормаларына сәйкес эксплуатациядағы барлық негізгі қорларды әкелу ;

  • еңбек міндеттерін атқару кезіндегі жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне келген зияндарға жауапкершілікті сақтандыру ;

  • жұмысшылар мен мамандардың зиянды және қауіпті жағдайларында гигиеналық білімін арттыруды қамтамасыз ету ( жалпы және кәсіби аурулар жөніндегі санитарлық минимум );

  • басқа тұлғаларды жарақаттау факторлары мен апат жағдайларын алдын алулы жүзеге асыруды қамтамасыз ету ;

  • зерттеу басталғанға дейін егер ол адам өміріне қауіпсіз болса, апат болған сәтті сақтау, егер сол жағдайды сақтау мүмкіндігі болмаса, сол сәтті есте сақтау үшін сызбалар немесе фотосуреттер пайдалану;

  • өндірістегі топтық қайғылы жағдайды тәулік ішінде сәйкес мемлекеттік органға хабарлау, ауыр жағдай немесе өлім туралы.

Қауіпсіздік техникасы (ҚТ) - салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін енгізілетін іс-шаралар кешені. Қауіпсіздік техникасы тұтас кәсіпорынның, оның жекелеген ғимараттарының, құрал-жабдықтар және өндірістік инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптардан тұрады.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі кәсіпорынға еңбекті қорғау жөніндегі өз тұжырымдамасын (саясатын) әзірлеуге, еңбекті қорғау мақсаттарын (мақсатты көрсеткіштерін) айқындауға, еңбекті қорғаудың нәтижелілігін арттыруға қажетті шараларды қабылдай отырып, еңбек процесін ұйымдастыруға, сондай-ақ әлеуметтік бағыт алған өндірісті құруға, аварияларды, оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді [24].

Еңбек саласында, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басты міндеттерінің бірі болып, ЕК-нің 306-бабының 2-тармағына сəйкес, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы республикалық, салалық (секторлық) жəне өңірлік бағдарламаларды əзірлейтіндігі айқындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы міндеті ҚР ЕК-нің 15-бабында көрсетілген. ҚР ЕК-нің 15-бабында көрсетілген талаптарды қарастыра келе Қазақстан Республикасы Үкіметінің ең басты мақсаттарының бірі, ол: «еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне іске асырылуын қамтамасыз етеді». Жоғарыда көрсетілген баптың тағы бір ерекшелігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды, ұйымдастыру мен жүргізу тəртібін белгілейтіндігі, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы ақпарат беру жəне мемлекеттік статистика жүргізу тəртібін айқындайтындығы белгіленген. ҚР ЕК-нің 15-бабына сүйене отырып, Үкіметтің, тікелей бағыныштылығына байланысты, мемлекеттік органдармен біргелікті еңбек қатынастарын реттеуге деген уəкілеттігінің бекітілгенін көреміз. ҚР ЕК-нің 15-бабының 12 жəне 13-тармақтарына сəйкес жұмыс берушілердің жəне қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады, тиісті уəкілетті органдармен еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тəртібін белгілейді.
6.2 Жылу ассимиляциясы және зиянды газдарды, шаңды және ылғалды сұйылту жағдайлары бойынша ауа алмасуды есептеу
Жалпы алмасымды желдету кезінде қажетті ауа алмасу L санитарлық нормаларда көрсетілген, ережелермен қарастырылған рұқсат етілген концентрацияларға дейін таза ауаны зиянды заттармен алмастыру жағдайларымен анықталады.

Артық жылумен күресу кезіндегі коэффициентті (6.1) формуласы арқылы анықтаймыз:
L = , (6.1)
мұнда Q – бөлмедегі артық жылу, кДж/сағ.;

tуд – бөлемеден жойылатын ауаның температурасы (бұл жұмыс аймағындағы ауа температурасы емес, жойылатын ауа температурасы екенін ескере кету керек), °С;

с – ауаның жылусыйымдылығы, Дж/°С;

γ – ағын ауаның тығыздығы, кг/м3;

Бөлмеден жойылатын ауа температурасы эмпириалық (6.2) формула бойынша анықталады:
t= tр.з + k(һ-2) = 7. (6.2)
мұнда t – аэрациямен жұмыс кезіндегі жұмыс аймағындағы ауа температурасы (сыртық ауаның температурасынан 3-5 °С жоғары болып қабылданады), °С;

k – бөлменің биіктігі бойынша ауа температурасының арту коэффициенті (ыстық цехтар үшін k = 1÷1,5 қабылданады;

h – бөлменің еденінен бастап созылған фрамуганың ортасына дейінгі қашықтық, м;

2 – жұмыс аймағының биіктігі, м.

Келіп түсетін зиянды заттардан аса көп артық жылу бөлінген жағдайда есептеу параметрлері жұмыс аймағындағы ауа температурасы болуы керек. Онда ауа алмасу (кг/сағ.) (6.3) формула бойынша анықталады:
L = , (6.3)

мұнда Q – жұмыс аймағындағы артық жылулар, кДж/сағ.;

tрз – жұмыс аймағындағы температура, °С

Зиянды газдармен күрескен кезде (6.4) формуласы арқылы анықтаймыз:


L = , (6.4)
мұнда – бөлмеде бөлінетін газдардың массасы, мг/сағ.;

K1 – газдардың рұқсат етілген концентрациясы, мг/м3;

K2 – сыртқы ауадағы газдардың концентрациясы, мг/м3.

Артық ылғалмен күрескен кезде (6.5) формуласы арқылы анықтаймыз:


L = , (6.5)
мұнда D – бөлмеде бөлінетін су буының массасы, г/сағ.;

– бөлмеден жойылатын ауаның ылғал мөлшері, құрғақ ауаның г/кг;

– сыртқы ауаның ылғал мөлшері, құрғақ ауаның г/кг.

Шаңмен күрескен кезде (6.1) формуласы арқылы анықтаймыз:
L = , (6.6)
мұнда – бөлінетін шаңның массасы, мг/сағ;

– сыртқы ауадағы шаңның концентрациясы, мг/м3;

– шаңның рұқсат етілген концентрациясы, мг/м3.

Жалпы алмасымды желдетуді кейде 1 сағ. ішінде ауа алмасудың еселігінен К шыға отырып, формула бойынша есептейді
К
мұнда L – бөлмеге берілетін ауаның мөлшері, м3/сағ.;

V – бөлменің көлемі, м3.

Комбайнның кәсіпорындарында ең көп тараған жергілікті ауа тартқыш желдету. Жергілікті ауа тартқыш желдету тетіктерді қайнату және жуу бөлімдерінде, аккумуляторлық, термиялық, гальваникалық, темір ұстаханасында және дәнекерлеу цехтарындағы, бояу және басқа бөлімдердегі зиянды газдарды, ылғалды, шаңды және жылуды жою үшін жұмыс жасайды.

Жергілікті сорғылар конструкциясы бойынша толық жабық, жартылай жабық және ашық болып бөлінеді. Толық жабық сорғыларға химиялық, физикалық зертханаларда пайдаланылатын сорып шығаратын шкафтар жатады, сонымен қатар кептіру, бояу және сол сияқты камераларды жатқызуға болады.

Сорып шығаратын шкафтарда жылу бөліну болмаған кезде 1 сағатта шкафтан жойылатын ауаның көлемін ашық саңылаудағы оның қозғалысы бойынша (6.7) формуланы қолдана отырып анықтауға болады:
L = 3600Fυ=198645 (6.7)

мұнда υ – ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с.

Шатыр түріндегі жартылай жабық сорғылар әдітте темірұстаханада, дәнекерлеу және басқа цехтар мен бөлімдерде қолданылады.

1 сағатта шатырдың сортаны ауа көлемі (6.8) формула бойынша анықталады:
L = 3600abυ=25456 (6.8)
мұнда a және b – жоспардағы шатыр өлшемі, м;

υшатыр жиегі (шатырдың қабылдайтын саңылауы) бойынша қима жазығындағы сорылатын ауаның жылдамдығы, м/с.

Сақтау аумағында рұқсат етілген концентрацияға дейін газ зияндыларын сұйылту үшін қажетті мөлшерді анықтауда келесі мәліметтер керек етеді: қозғалтқыштың жанармай шығыны g, кг/ч; қозғалтқыштардың жұмысы кезінде бөлінетін зиянды заттардың мөлшері W, кг/ч; пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың салмақ мөлшері Р; есептелетін зиянды заттың шекті рұқсат етілген концентрациясы к, мг/м3; автомобильдің жұмысының ұзақтығы г, мин. Ғимараттағы 5 км/сағ. тең болатын автомобиль қозғалысы жылдамдығы кезінде 1 сағаттағы бір карбюраторлы қозғалтқыштың жанармай шығыны төмендегідей болады:
Б = 0,6+0,8Vh,=3.75 (6.9)
мұнда Vh — қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі, л.

Комбайнның 1 сағат жұмысында автомобильді сақтау аймағында бөлінетін көміртегі тотығының мөлшері (6.10) формула бойынша анықталады:
Wco = 15Б (6.10)
мұнда Б – жанармай шығыны, кг/сағ.;

– пайдаланылған газдардағы көміртегі тотығының мөлшері, масса %;

15 – карбюраторлы қозғалтқыштағы 1 кг жанармай жанған кезде алынатын пайдаланылған газдың мөлшері, кг.

Комбайнның пайдаланылған газдарындағы көміртегі тотығының (РСО) салмақ мөлшері %: ғимарат бойынша автомобильдің қозғалымсы кезінде — 4; қозғалтқышты қыздырған кезде және сақтауға арналған ғимараттан шыққан кезде — 6; жүріп өткеннен кейін сақтау аймағына енген кезінде — 40 % ғимараттан шыққан кезде бөлінетін көміртегі тотығының мөлшеріне байланысты болады.

Этилдендірілген бензинмен карбюраторлы қозғалтқыштың 1 сағат жұмысы кезінде бөлінетін қорғасын аэрозолінің мөлшерін (6.11) формула бойынша анықтауға тура келеді:
WГЭС = =1.25 (6.11)
мұнда Ртэс — әртүрлі маркалы бензиндегі тетраэтилқорғасынның мөлшері, г/кг,

0,05— этилдендірілген бензинді жаққан кезде пайдаланылған газда түзілетін қорғасын аэрозолінің мөлшері, бензиндегі тетраэтилқорғасынның % мөлшері.

Этилдендірілген бензиндегі комбайнның жұмысы кезінде, бірақ ондағы тетраэтилқорғасын мөлшері туралы мәліметтің болмағанынан ауа алмасу 1,3 коэффициенті бар автомобильді сақтау аймағында көміртегі тотығының СО мөлшерімен есептеледі.

Төрт тактілі дизель қозғалтқыш 1 сағат жұмыс істегенде бөлінетін көміртек тотығы, азот тотығы және альдегидтер мөлшері (6.12) формула бойынша анықталады:
W = (160+13,5 Vh ) Р/100=4.25. (6.12)

Төрт тактілі дизель қозғалтқыштағы пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың Р мөлшері олардың жұмысына байланысты болады.
6.3 Өрт қауіпсіздігінен қорғану шаралары
Өрт шыққанын білгенде :

- Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;

- Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. “Менен де басқалар хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды;

- Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;

- Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;

- Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;

- Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;

- Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта