Дисциплина овп1 (вб и хб) с 1 по 21 стр Дисциплина овп2 (дб и АиГ) с 22 по 41 стр руп1 дисциплина овп1 (вб и хб) каз
Скачать 130.36 Kb.
|
жедел постстрептококкты гломерулонефрит 34 жастағы әйел созылмалы гломерулонефрит, үдемелі ағымы бойынша ем алып жатыр. Иммуносупрессивті терапия тағайындалған. Осы науқасқа ең тиімді емдеу әдісі қандай? үлкен дозадағы глюкокортикоидтар үлкен дозадығы цитостатиктер аминохинолин туындылары глюкокортикоидты цитостатиктер аминохинолинді глюкокортикоидтар 23 жастағы ер адамда 1 апта бұрын катаральды белгілер, субфебрильді температура пайда болған. Ауру басталғаннан 3 күннен соң зәр түсінің өзгеруін – қызыл болғанын байқаған. ЖҚА: массалық үлес – 1018, белок – 0,18 г/л, лейкоцит - 1-2-3 көру аймағында, эритроциттер- көру аймағында көп, гиалонды, түйіршікті цилиндрлер; ЖҚА – ерекшеліксіз. Иммуноглобулиндерге қан анализі: Ig G – 14 г/л (N), Ig A – 5,3 г/л (жоғарылаған). Қандай диагноз ең ықтимал? созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром несеп – тас ауруы жедел пиелонефрит созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром Тағамдық аллергиямен (цитрусқа, шоколадқа, жұмыртқаға) зардап шегетін 35 жастағы әйел жедел бронхитке байланысты сульфаниламидты препараттарды күніне 2 г өз бетінше қабылдаған. Біраз уақыттан кейін терісінде бөртпе, бетінің ісінуі, балтырларының ісінуін, зәр мөлшерінің азаюын байқаған. Жалпы тәжірибелік дәрігер науқаста сульфаниламидтерді қабылдағаннан кейінгі аллергиялық нефропатия деп болжамдады. Осы науқаста ең ықтимал емдеу тактикасы? аллергияға қарсы препараттарды, глюкокортикоидтарды тағайындау сұйықтық мөлшерін тәулігіне 3 – 4 л дейін көбейту леспенефрил тағайындау госпитализация, қатаң төсектік режим диуретиктер тағайындау 66 жастағы ер адам дәрігерге күндізгі уақыттағы ұйқыға, тез шаршағыштыққа, таңертеңгі бас ауруына шағымданып келді. Тексеру кезінде патологиялық күндізгі ұйқының себебі науқастағы обструктивті апноэ синдромы екені анықталды. Науқасқа қандай емдеу тәсілін ұсынуға болады? CPAP – терапия новопассит амитриптилин құрамында кофеин бар препараттар феназепам 57 жастағы әйелді жақында жүрек тұсындағы басып және қысып ауру сезімі, ұзақтығы 40 минуттан көп, аралас ентігу, өлімнен қорқу сезімі, кенет әлсіздік мазалаған. Анамнезінен: бронхиальды астманың жеңіл ағымымен ауырады. Объективті: жағдайы өте ауыр. Бас жағы көтерілген мәжбүрлі қалыпта жатыр. Тері жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпесінде төменгі екі жақты майда және орташа көпіршікті сырылдар, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ 120 рет минутына, АҚҚ – 110/80 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасының бойымен. ЭКГ – да ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі, III, AFV тіркемелерінде. Ең ықтимал болжам диагноз қандай? ИБС. Алғаш рет пайда болған стенокардия астматикалық статус сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының Q - миокард инфаркті сол қарыншаның артқы қабырғасының Q – миокард инфаркті өкпе артериясының тромбоэмболиясы Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 56 жастағы ер адам, төс артындағы басып және ашып ауру сезіміне, ауру сезімінің 200 м жүргеннен кейін және баспалдақпен 1 қабатқа көтерілгеннен кейін сол қолға берілуіне шағымданып келді. Ауру сезімі нитроглицеринмен басылады. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс емес ритм. ЭКГ – да – синусты аритмия, ЖСЖ 85 – 110 рет минутына, қарыншалық экстрасистолалармен үзілген. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Нитраттар, статиндер, антиагреганттарды қабылдағаннан кейін 1,5 ай көлемінде стенокардия ұстамаларынң болмағанын айтты. Физикалық жүктемеге толеранттылықты анықтау үшін қандай тексеріс жүргізу қажет? коронароангиография электпокардиография тредмил – тест сцинтиграфия эхокардиография 62 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерде ИБС, СН, ФКЗ, ХСН ФК II диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінде – жиі стенокардия ұстамалары бар. ҚБХ – жалпы холестерин мөлшері – 8,8 ммоль/л. Қандай гиполипидемиялық препараттарды тағайындау тиімді? өт қышқылдарының секвестрлері никотин қышқылы және оның туындылары фибраттар статиндер антиоксиданттар 63 жастағы ер адам ИБС СН ФК II диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұр. Амлодипин және биспрололды тұрақты түрде қабылдайды. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіледі, ұзақтығы 7 – 9 минутқа созылды, басу үшін бірнеше таблетка нитроглицерин қабылдаған. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қандай тактикасы ең тиімді? қабылдап жатқан препараттардың дозасын көбейту кардиолог кеңесіне жіберу кардиологиялық бөлімшеге стационарлық емге жіберу пролонгирленген нитраттарды амбулаторлы тағайындау үйге стационар тағайындау 57 жастағы ер адам соңғы 4 жылда АҚҚ 180/90 мм.с.б дейін көтерілуіне шағымданды. Тексеріс барысында – сол қарыншаның гипертрофиясы, торлы қабықша тамырының ангиопатиясы. Сол қарыншаның лақтырыс фракциясы 50%, қандағы глюкоза – 7,2 ммоль/л, ЖЗА – паталогиясыз. Ең ықтимал диагноз? АГ, II дәрежелі, қауіп II АГ, III дәрежелі, қауіп II АГ, II дәрежелі, қауіп III АГ, III дәрежелі, қауіп IV АГ, III дәрежелі, қауіп I АГ диагнозымен тіркеуде тұрған 43 жастағы ер адам бас ауруына, қатты әлсіздікке, таңертеңгілік бетінің ісінуіне шағымданды. Қарап тексеру кезінде: пульс 85 рет, АҚҚ – 210 мм.с.б. ЭКГ – да – сол жақ қарыншаның айқын гипертрофиясы. Қан анализінде: калий – 2,6 ммоль/л, натрий – 147 ммоль/л. Зәр анализінде: гипоизостенурия, реакция – сілтілі. Ең ықтимал қандай диагноз? феохромоцитома Кон синдромы созылмалы пиелонефрит созылмалы гломерулонефрит Иценко – Кушинг синдромы 47 жастағы әйелде соңғы 3 жылда АҚҚ 160/80 мм.с.б дейін көтерілген, АҚҚ түсіру үшін нифедипин қабылдаған. Соңғы 3 айда АҚҚ 170/90 мм.с.б. дейін көтерілген. Препараттарды күнделікті қабылдағаннан 20 күннен кейін жиі құрғақ жөтел пайда болған, әсіресе түнгі уақытта күшейген, әлсіздік пайда болған. АҚҚ 120/78 мм.с.б. Емханда тексерілгеннен кейін организмде қабыну процесстері анықталған жоқ. Осы шағымдарды қандай препарат шақыруы мүмкін? амлопидин бисопролол периндоприл индапамид физиотенз 50 жастағы әйел жоспарлы скрининг өтіп жүр. Қазіргі уақытта шағымдары жоқ. Қарап тексергенде: АҚҚ 155/90 мм.с.б. ЖСЖ 74 рет минутына, ритм дұрыс. Көз түбінде – артериолалардың тарылуы және қан тамырлық суреттің ирелеңі. ЭКГ – да жүректің электрлік осі горизантальды. Сол қарыншаның гипертрофиясы. ЖҚА, ЖЗА, ҚБХА – қалыпты. Ең ықтимал жүргізу тактикасы қандай? кардиологиялық бөлімшеге жоспарлы госпитализация гипотензивті препараттарды жедел енгізу кардиологиялық бөлімшеге жедел госпитализация АҚҚ үш күн өлшеу, содан кейін ем тағайындау антигипертензивті препараттарды тағайындау және симптоматикалық гипертензияны болдырмау Артық салмағы бар 50 жастағы әйел алғаш рет пайда болған төс артындағы ашып ауру сезіміне шағымданды. Анальгетиктермен басылады. ЭКГ – да сол қарыншаның артқы қабырғасының ишемиясы, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның артқы қарыншааралық тармағының 85 % - ға тарылғаны анықталды. Қандай емдеу тактикасы ең ықтимал? стенттеу жүрек трансплантациясы баллонды ангиопластика аорто – коронарлы шунттау маммарлы – коронарлы шунттау 54 жастағы әйел 2019 жылы Q – миокард инфарктін басынан өткізген. АКШ жүргізгеннен 24 күннен кейін кардиомагнил мен клопидогрел қабылдағаннан ентігу мен аяқ - қолдарындағы ісінуі күшейген, жүрек мөлшері кенет өзгерген, рентгенологиялық тексеріс кезінде контур дoғасы тегістелген. Қандай асқынуды анықтауға болады? жабысқан перикардит тромбоэмболиялық асқынулар миокард инфарктының қайталануы экссудативты перикардит постперикардитомдық экссудативты перикардит 59 жастағы семіздігі бар әйел төс артындағы интенсивті емес басып ауру сезіміне шағымданып келді. Анальгетиктермен басылады. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының 83 % - ға тарылғаны анықталды. 2 жыл бұрын коронарлы артерияның тері арқылы стенттеу операциясы жүргізілген. Қазіргі уақытта холецистэктомия тағайындалған. Қандай клиникалық көріністер жоспарлы жүректен тыс жедел тексеруді және емдеуді қажет ететін операцияның уақытша тоқтатылуын қажет етеді? тұрақты стенокардия операцияға қарсы көрсеткіш ауыр жүрек жеткіліксіздігі, тұрақсыз коронарлы жағдайлар, жүрек ритмінің айқын бұзылыстары антиангинальды терапия операция алдында қарсы көрсеткіш кез – келген дәрежедегі АГ операцияға қарсы көрсеткіш анамнезіндегі аорто – коронарлы шунттау немесе стенттеу Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 57 жастағы әйел метаболитикалық синдроммен келді. Бір ай бұрын алғаш пайда болған төс артындағы басып ауру сезіміне шағымданды. ЭКГ – да миокардтың алдыңғы қабырғасының ишемия белгілері, сол қарыншаның гипертрофиясы. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының 83 % - ға тарылғаны анықталды. Коронарлы артерияның тері арқылы стенттеу операциясы жүргізілген. Осы операциядан кейін 1 жыл ішінде қандай препараттар тағайындаған дұрыс? тек аспирин аспирин және тикагрелор тек клопидогрел варфарин және аспирин клопидогрел және тикагрелор 48 жастағы әйелдің шағымдары:тыныштықтағы айқын ентігу, жиі жүрек соғуы, әлсіздік, аяқтың және іштің ісінуі. Объективті: акрацианоз, өкпенің төменгі жағындағы ылғал сырылдар. Жүрек тондары айтарлықтай тұйықталған, жүрекшелер фибрилляциясы. Жүрек шекарасы оңға 2 см, солға 2,5 см – ге ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 5 см – ге шығып тұр. Аяқ – қолдардағы ісіну, асцит. ЭКГ – да жүрекшелер фибрилляциясы, ЧЖС – 79 – 138 рет минутына. Лақтырыс фракциясы 27%. Жүрек трансплантациясына қандай көрсеткіштер бар? жүректің үлкен размері созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің болуы коронарлы өлімнің жоғары қаупі созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің ауыр, қайтымсыз көріністерінің болуы 50 – ден жоғары жас 59 жастағы ер адам төс артындағы қысып ауру сезіміне және баспалдақпен бір қабатқа көтерілген кездегі ентігу, тахикардия, аритмия, аяқтарының ісінуіне шағымданды. Анамнезінде миокард инфаркті (2019 жыл). ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы – бүйір қабырғасындағы тыртықты өзгерістер. ЭхоКГ: лақтырыс фракциясы 42,4%. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасында, бүйір қабырғасында, қақпақшасында гипокинезия аумағы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігін қандай симптомдар көрсетіп тұр? бас ауруы өкпедегі ылғал сырылдар төс артындағы басып ауру сезімі ЭКГ – дағы тыртықты өзгерістер ЭхоКГ – дағы гипокинезия аумағы 62 жастағы әйел темекі тартады, алкогольді тұрақты түрде қабылдайды. Ентігуге, шырышты – іріңді қақырықты жөтелге, бас ауруына, АҚҚ жиі көтерілуіне шағымданды. Объективті: өкпеде құрғақ шашыранды сырылдар, аортадан II тон акценті анықталды, АҚҚ 155/95 мм.с.б. Бауыр қабырға доғасынан 2 см – ге шығып тұр, балтырдың ісінуі бар. ЭКГ: миокардтың жиырылу қабілеті төмендеген, жүрек қуыстарының дилатациясы. Осы науқаста созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде қандай топ препараттарын қолданған дұрыс? диуретиктер в – блокаторлар АПФ ингибиторлары ??? кальций антогонистеры дигоксин 69 жастағы әйел ентігуге, түнгі жүрек астмасының ұстамалары, әлсіздік, терлеуге шағымданды. Қарап тексергенде: ЖСЖ 64 р, өкпедегі тұрып қалған сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, ТАЖ 24 р, АҚҚ 100/60 мм.с.б, бауырдың ұлғаюы, балтырдың ісінуі бар.ЭхоКГ : КДР ЛЖ – 6,8 см, жүрек лақтырысы 32%, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының акинезиясы, . Науқас тұрақты түрде рамиприл, бисопролол, торасемид қабылдайды. Осы науқастың емдеу тактикасы? верошпирон қосу ????? бисопролол мөлшерін арттыру рамиприл мөлшерін арттыру аспирин қосу варфарин қосу 39 жастағы ер адам жұрек тұсындағы тұрақты шаншып ауру сезіміне, журегінің қатты соғуына, психоэмоционалдьды күйзеліс кезінде күшейетін жүрек ритмінің тоқтап қалу сезімі. Анамнезінде темекі тартады, алкоголь қолданбайды. Перкуссияда жүрек шекарасының солға қарай ұлғаюы. ЭКГ: ритм дұрыс емес, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің төмендеуі (PQ – 0,32), жиі жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолалар, биік R, екі фазалы Т тісшесі V3 - V4. ЭхоКГ: қуыстар кеңеймеген, қарыншааралық қақпақтың жоғарғы үштен бір бөлігінің гипертрофиясы, лақтырыс фракциясы 62%. Ең ықтимал болжам диагноз қандай? ревматикалық емес миокардит идиопатиялық гипертрофиялық кардиомиопатия дилатациялық кардиомиопатия жүректің ишемиялық ауруы митральды жүрек ақауы 63 жастағы ер адам 2018 ИМ басынан өткізген, аз ғана физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, аяғындағы ісікті байқаған. ЖСЖ – 92 рет, АҚҚ – 140/80 мм.с.б. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде: ФВ 55%, жүректің барлық бөлімдерінің гипертрофиясы, 2 дәрежелі диастолалық дисфункция. Қандай препараттарды тағайындау тиімді? верапамил амлодипин фуросемид карведилол моксонидин 50 жастағы әйел айқын ентігуге, жүрек соғысына, бауыр тұсындағы ауырлық сезіміне, түнгі уақыттағы тұншығу ұстамасына, аяқтарындағы ісінуіне шағымданды. 1 ай бұрын қан түкіріп бастаған. Қарап тексергенде: өкпенің төменгі жағындағы майда көпіршікті сырылдар. Жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ – 93 рет. Жүрек ұшында – систолалық шу. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы. ЭхоКГ: сол жүрекше – 4,6; КДР сол қарыншаның- 8,2. Оң қарынша – 3,4. Лақтырыс фракциясы 24%. Диффузды гипокинезия. Ең ықтимал диагноз? дилатациялық кардиомиопатия ревматикалық емес миокардит алкагольды кардиомиопатия ишемиялық кардиомиопатия рестриктивті кардиомиопатия 50 жастағы әйелге «дилатациялық кардиомиопатия» 1 жыл бұрын қойылған. Қазіргі уақытта ентігуге, жүрек соғысына, бауыр тұсындағы ауырлық сезіміне, түнгі уақыттағы тұншығу ұстамалары, аяқтағы ісікке шағымданды. 1 ай бұрын қан түкіріп бастаған. Қарап тексергенде: өкпенің төменгі жағындағы майда көпіршікті сырылдар. Жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ – 93 рет. Жүрек ұшында – систолалық шу. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы. ЭхоКГ: сол жүрекше – 4,6; КДР сол қарыншаның- 8,2. Оң қарынша – 3,4. Лақтырыс фракциясы 24%. Науқасты жүргізу тактикасы қандай? үйге стационар тағайындау емхананың күндізгі стационарында емдеу кардиологиялық бөлімшеге госпитализация санаторлық – курорттық емдеу амбулаторлы емдеу, диуретиктер тағайындау 78 жастағы ер адам шағымдары: тыныштықтағы ентігуге, жиі жүрек қағысы, әлсіздік. Объективті: акрацианоз, өкпенің төменгі бүйір аймақтарындағы ылғал сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс емес. Жүрек шекарасы оңға 2 см , солға 2,5 см ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 4 см шығып тұр. Аяғында ісіктер. ЭКГ – да жүрекшелер фибрилляциясы ЧЖС - 97-142 рет минутына. Лақтырыс фракциясы 31%. Қандай препаратты тағайындау тиімді? верапамил кораксан дилтиазем дигоксин амиодарон 63 жастағы ер адамда жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында кеуде тұсының сол жағында кенет ауру сезімі пайда болды, ауыр ентігу, ауа жетпеу сезімі пайда болды. Объективті: жағдайы ауыр. Тері қабаттары бозғылт, ылғал. Аузымен демалады. Сұрақтарға жауап бермейжі. ЭКГ- да деформацияланған QRS комплексі, 180 рет минутына. Жүрек ритмі бұзылысының қандай түрі болуы мүмкін? қарыншалық тахикардия пароксизмі суправентрикулярлық тахикардия пароксизмі синустық ритм қарыншалық тахикардия жүрeк фибрилляциясы пароксизмі 41 жастағы ер адам дәрігерге жоспарлы қарауға келді. ИБС СН II ФК.АГ II, қауіп 2 диагнозымен учетта турады. Қарап тексергенде шағымдары жоқ. АҚҚ 130/80 мм.с.б. ЖСЖ 72 рет. ЭКГ қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ да қосымша хорда анықталды. Науқасқа аритмияға қарсы терапия тағайындау қажет пе? иә, өйткені қарыншалық тахикардия пароксизмі даму мүмкіндігі бар иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталды |