ПС11 мк. Дрілік трлерді дайындау ыы бар дріхананы ндірістік жне осалы йжайларын атаыз
Скачать 25.34 Kb.
|
ПС№11:Бөлшек сауда ережелері. Дәрілік түрлерді дайындау құқығы бар дәріхананың өндірістік және қосалқы үй-жайларын атаңыз? Дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды дайындау жұмысын жоғарғы және орта фармацевтикалық білімі бар мамандар жүргізеді. Дәріханалардың дәрілік формаларды дайындау іс-әрекеті рецентерде жазылатын дәрілік формалардың құрамы мен түрлеріне, дайындалатын дәрінің құрамының күрделігіне, дайындалған дәрілік заттың тұрақсыздығына және құрамы әртүрлі дәрілік заттарды бір жұмыс орнында дайындауды ұйымдастыру мүмкіншілігіне байланысты анықталады. Дәріханаларда өндірістік іс-әрекеттерді жүргізу үшін арнайы ассистенттік бөлме жабдықталады. Ассистенттік бөлме арнайы дәріханалық мебельдермен, жабдықтармен, приборлармен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, дәрілік формаларда дайындау, араластыру, сүзу, бөлшектеу, орау-буу, тығындау жабдықтарымен; улы, наркотикалық дәрілік заттарды және этил спиртін сақтауға арналған арнайы сейф, шкафтармен, штангластармен, салмақ пен көлемді өлшеу құралдарымен және дәрілерге химиялық бақылау жүргізу үшін қажетті реактивтермен қамтылады. Дәріхананың жұмыс көлеміне байланысты ассистенттік бөлмеде бірнеше жұмыс орыны ұйымдастырылады: ішке қолдануға арналған дәрілік формаларды дайындау үшін; сыртқа қолданылатын дәрілік формаларды дайындау үшін; ішке қолданылатын дәрілік формаларды бөлшектеу үшін; емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын дайындау үшін; емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын бөлшектеу үшін. Жұмыс көлемі үлкен ірі дәріханаларда рецептер бойынша дәрілік формаларды дайындауда ішке қолданылатын сұйык, дәрілік формаларды, ұнтақтар мен пилюлаларды, сыртқа қолданылатын майлар мен сұйық дәрілік формаларды және стерильді дәрілік заттарды жасау орындары бөлініп ұйымдастырылады. Ассистенттік столда қосымша қызметтермен айналысу үшін фасовщиктердің жұмыс орындары бөлінеді. Жұмыс көлемі аз кішкене дәріханаларда дәрілерді дайындау және дайындалған дәрілердің сапасын тексеру үшін бір жұмыс орыны ұйымдастырылады. Дәрілерді дайындаушы фармацевт немесе фармацевт ассистент өздерінің жұмысында дәрілік заттар айналысы саласындағы ҚР заңдылық актілерді, ҚР ДСМ бұйрықтарын, басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Дәрілік формаларды дайындаушы фармацевтің, фармацевт ассистенттің рецептуралық-өндіріс бөлімінің меңгерушісіне, орынбасарына, фармацевт-аналитикке тікелей бағынуы дәріханалық ұйымның басшылығымен айқындалады. Ассистенттік бөлмедегі дәрілік формаларды дайындаушы фармацевт ассистент рецептер бойынша дәрілерді дайындайды және фасовщиктердің жұмыстарына басшылық жасайды. Дәрілерді дайындаушы фармацевт- ассистенттің міндеттері: рецептер бойынша дайындау технологиясын сақтай отырып, рецепте жазылған дәрілік формаларды уақытында дайындау; «sito» және «statum» белгілері бар рецептер бойынша жазылған дәрілік формаларды бірінші кезекте дайындау; бекітілген тәртіптерге сәйкес барлық дайындалған дәрілік формаларға жазбаша бақылау паспорттарын толтыру; ұнтақтарды бөлшектеу, ерітінділерді сүзу т.б. барлық қосымша жұмыстарды фасовщиктерге тапсыру және оларға жұмыс ерекшеліктерін түсіндіру; кіші механикаландыру құралдарын, салмақты өлшеу прибор, аппараттарын қолдана білу; жұмыс орнына керекті құрал-жабдықтарды алдынала дайындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану; жұмыс орнында санитарлық ереже талаптарын сақтау; дәріханада жүргізілетін материалды-құнды заттарды инвентаризациялауға қатысу; өзінің кәсіптік мамандық деңгейін үнемі жоғарлату, жұмысында озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді қолдану. Дәрілік форманы дайындау алдында фармацевт ассистент рецепті асықпай оқып, ингредиенттердің сыйымдылығын және дозаларын тексереді. Фармацевт ассистент дәрілік форманың дұрыс дайындалуына және сапасына жауапты болады. Дайындалған дәрілік формаларға фармацевт ассистент нөмірін жапсырып, жазбаша бақылау паспортын толтырады, рецепке қолын қояды. Дайындалған дәріні рецептісімен және жазбаша бақылау паспортымен фармацевт-технологқа береді. Құрамында күшті әсерлі, улы және наркотикалық заттар бар дәрілерді дайындау ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша юристік және жеке тұлғаларды наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберу ережелері бекітіледі. Дәріханалық ұйымдарда наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге фармацевтикалық қызметкерлерді жіберу дәріханалық ұйым басшысының еңбек шарты негізінде жасалған рұқсатымен жүргізіледі. 18 жасқа толмағандар наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберілмейді. Дәрілер дайындау үшін қажетті наркотикалық дәрілік заттарды ассистенттік бөлмеге беру материалдық жауапкершіліктегі тұлғалар арқылы жүргізіледі. Дайындалатын дәрілік форманың құрамына кіретін улы және наркотикалық дәрілік заттарды фармацевт ассистент бөлім меңгерушісінен, оның орынбасарынан немесе басқа арнайы жауапты қызметкерден алады. Рецептің артына улы және наркотикалық заттың атауы, мөлшері жазылып, жіберушінің және алушы фармацевт ассистенттің қолдары қойылады. Алынған заттар сол мезетте дәрілік форманы дайындауда қолданылады, дәрі дайындалған бойда бақылауға беріледі және босатылғанға дейін арнайы жабық шкафтарда сақталады. Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілердің жарамды мерзімдері мен сақталу жағдайлары ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітіледі. Дәрілердің асептикалық жағдайда дайындалу ерекшеліктері ҚР ДСМ нұсқауына сәйкес инъекцияға арналған ерітінділер, көз тамшылары мен майлары, жаңа туған балаларға арналған дәрілік формалар, сыртқа қолданылатын кейбір ерітінділер дәріханаларда асептикалық жағдайда дайындалады. Асептикалық жағдайды қамтамасыз ету үшін дәріханаларда асептикалық блок жабдықталады. Асептикалық блок — микробиологиялық және басқа да ластанудан сақтану мақсатында арнайы бөлініп, жабдықталып пайдаланылатын дәріхананың бөлмесі. Асептикалық блок шлюзден, асептикалық бөлмеден (дәрілік формалар дайындалатын), стерилизациялау және дистилляциялау бөлмелерінен тұрады. Асептикалық блоктың бөлек кіру есігі немесе басқа бөлмелерден шлюз арқылы бөлінеді. Блокка кірер жерде дезинфекциялық реітінділермен суланған резина ковриктері төселінеді. Асептикалық блоктың шлюзінде стерильденген киімдерді сақтайтын шкаф, киінуге арналған отырғыш, қол жуғыш, айна, электрқұрғатқыш орналастырылады. Асептикалық бөлмеде секциялы — жиналмалы ассистеиттік стол, дәрілік заттарды сақтауға арналған шкаф, айналма, дәрілік формалардың құйылған ыдыстарын жабу, тығындау-аппараттары орналасады. Асептикалық стол терезеден 1м қашықтықта қойылады. Асептикалық бөлменің ауасын зарарсыздандыру қабырғаға 1,8 — 2м жоғарғылықта орналастырылған бактерицидтік лампалар арқылы жүргізіледі. Бактерицидтік лампалар бөлмеде адам болған жағдайда 1 Вт 1 м3 көлемді, ал адам болмағанда 2-3 Вт 1 м3 көлемді қамтитын есеппен анықталып орналастырылады. Дәріханада стерильді ертінділердің дайындалуы және сапасының бақылануы Мемлекеттік фармакопея, стерильді ертінділерді дайындаудың әдістемелік нұскаулары, бұйрықтар мен нұсқаулардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Дайындалған ерітінділердің сатылық бақылауларының нәтижелері сәйкесті журналға тіркеліп отырады. Дәрілік формаларды асептикалық жағдайда дайындауға керекті ыдыстар, қосымша материалдар, мақталы тампондар т.б. алдын-ала стерилизацияланады. Тазартылған су, инъекцияға арналған су, дәрілік заттар және қосымша материалдар нормативтік құжаттардың талабына сәйкес болуы керек. Бір жұмыс орнында бір мезгілде құрамында әртүрлі дәрілік заттар бар бірнеше стерильді ертінділерді немесе құрамында бір дәрілік зат бар, бірақ әртүрлі концентрациядағы стерильді ертінділерді дайындауға тиым салынады. Ерітінділер дайындалғаннан кейін құйылған ыдыстар тығындалып, үстінен пергамент қағазымен жабылып, қағаздың шетінен 3×6 см көлемінде тілше қалдырылып байланады. Қалдырылған пергамент қағазының тілшесінде дәрінің құрамы, концентрациясы көрсетіліп, дайындаған фармацевт немесе фармацевт ассистент қолын қояды. Дайындалған ерітінділерді стерилизациялау дайындаудың басталуынан 3 сағат өткенге дейінгі мезгілде, фармацевтің немесе фармацевт ассистентінің бақылауымен жүргізіледі. Стерилизациялау параметрлері журналға арнайы тіркелінеді. Бумен стерилизациялау аппараттарымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған тұлғалар жіберіледі. Стерилизациялау аппараттарымен жұмыс істеу үшін тұлғалар алдынала медициналық тексеруден, арнайы оқу курсынан, техника қауіпсіздігін сақтау инструктажынан өтеді. Инъекцияға арналған ерітінділерді микробиологиялық бақылаудан өткізу және пирогендігін сынау МФ талаптарына сәйкес жүргізіледі. Стерильді ерітінділер құрамына кіретін заттардың физикалық-химиялық қасиеттерін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда және бекітілген жарамды мерзімдер шегінде сақталынады. Стерильді ерітінділердің стерилизациялаиу тәртібі, жарамды мерзімі және сақталу жағдайлары ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітіледі. Стерильді ерітінділердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болмауы сыртқы түрі, рН өлшемі, құрамына кіретін заттардың сандық және сапалық көрсеткіштері, механикалық қосындылардың көрінуі, шекті мөлшерінің аздығы, тығынының осалдығы, басқа да безендірілу тәртібінің сақталмауы бойынша анықталады. Асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік формаларға қойылатын санитарлық талаптар ҚР ДСМ арнайы бұйрығымен анықталып бекітіледі. Асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік формаларды жасауда қолданылатын дәрілік заттар штангласдарда, шаң кірмейтін тығыз жабылатын шкафтарда сақталады. Штангластар толтырылу алдында жуылып стерилизацияланады. Стерильденген қосымша материалдар жабық күйінде 3 тәулік сақталады. Ашылған материалдар 24 сағ. ішінде қолданылады. Биксті ашып материал, ыдыстарды стерильденген пинцетпен алғаннан кейін қайтадан тығыз жабылады. Асептикалық жағдайда дайындалатын, бөлшектенетін дәрілік заттарды құятын стерильденген ыдыстардың сақталу мерзімі 24 сағ. аспауы керек. Ірі сыйымдылықты баллондарды жуып болғаннан кейін ыстық бумен 30 мин. буландырып зарарсыздандырады. Кейін стерильді тығынмен немесе стерильді пергаментпен жауып, ыластанбайтын жағдайда 24 сағ. сақталады. Асептикалықк блок қызметкерлерінің санитарлық киімдері бикске салынып булау стерилизаторында 120°С температурада 45 мин. немесе 132°С 20 мин. стерилизацияланады. Кейін бикстерде 3 тәуліктен көп емес мезгілге сақталады. Қызметкерлердің аяқ киімдері жұмыс басталар алдында және жұмыстан кейін дезинфекцияланады, кейін жабық шкафтарда немесе жәшіктерде шлюзде сақталынады. Аяқ киімдер сыртынан 15 % хлорамин немесе 0,75 % хлорамин ерітіндісіне 0,5 жуу ұнтағы, болмаса 3% сутегі перекисі ерітіндісіне 0,5% жуу ұнтағы қосылған ерітінділермен 2 рет сүрту арқылы дезинфекцияланады. Сонымен қатар, аяқ киімдерді дезинфекциялау формалин ерітіндісіне немесе 40 % сірке қышқылына малынған мақтаны нашатыр спиртімен немесе негізбен нейтрализацияландырып салынған пакетте жүргізіледі. Асептикалық жағдайда жұмыс істеу кезінде тиым салынады: асептикалық блокка стерильденбеген киіммен кіруге және стерильденген киіммен асептикалық блоктан шығуға; стерильденген санитарлық киімнің астынан қызметкерлердің көшеде киетін киімдерін киюге; қызметкерлерге косметикалық заттарды және аэрозольды дезодаранттарды қолдануға; сағат және зергерлік бұйымдарды тағуға. Стерильді емес дәрілік формаларды дайындауда сақталатын санитарлық талаптар Стерильді емес дәрілік формаларды дайындауда қолданылатын дәрілік заттар штангластарда тығыз жабылған шкафтарда сақталады. Дәрілік заттарды сақтауға арналған штангластарды толтыру алдында жуып стерилизациялайды. Қосымша материалдар, жабу, орау, тығындау құралдары алдынала дайындалып, стерилизацияланып санитарлық ереже талаптарына сәйкес сақталынады. Дәріханалық ыдыстар қолданар алдында жуылып, кептіріліп, стерилизацияланады. Кіші механикаландыру құралдарыда жұмыс соңында 50-600 жылы сумен жуылып, дезинфекцияланады. Дезинфекциядан кейін бұйымдар ыстық сумен жуылып, тазартылған сумен шайылып, ыластанбайтын жағдайда сақталады. Әр сменаның басында және аяғында қол өлшегіштері, шпателдер, қайшылар және басқа да ұсак дәріханалық инвентарлар 3 % сутегі перекисі 0,5% жуу заттары қосындысы ерітіндісімен сүртіліп, кейін таза сумен жуылады. Жуғаннан кейін инвентарларда жуу заттарының ізінің қалмауы тексеріледі. Бюреткілік қондырғылардың ағызу крандары жұмыс басталар алдында ерітінді тұздарынан, тұнбалар қалдықтарынан тазартылады және спиртті эфирлі қоспамен (1:1) сүртіледі. Бюреткілік қондырғылар және пипеткалар 10 күнде 1 рет концентраттардан тазартылып, 50-600 жылы суға гарчица ұнтағы қосылған ерітіндімен немесе 3% сутегі перекисі ерітіндісін 0,5% жуу заттары қосындысымен жуылып, кейін тазартылған сумен шайылады. Жуылып, шайлып болғаннан кейін жуу заттарының іздерінің қалмауы тексеріледі. Дәрілік заттарды өлшеп алғаннан кейін штангластардың қақпағын, жабылатын шетін және қол өлшегіштерін мәрлі салфеткасымен сүртеді. Мәрлі салфеткасы бір-ақ рет қолданылады. Жұмыс соңында құйғыштар, сүзгілер, капсулалар, ступкалар жуылып дезинфекцияланады. Дәріханада дәрілік заттарды сақтауға арналған үй-жайларды сипаттаңыз. Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның факторлары, атап айтқанда ауаның дымқылдылығы, жарық, температура, басқа да ауа қосындылары мен қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Аталған факторлар дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық тауарлардың физика-химиялық қасиеттеріне әсер ете отырып, сапасын төмендетеді. Дәрілік заттарды сақтау үшін реттелуден жоғары температура дәрі-дәрмектердің сапасын төмендететін физикалық-химиялық үрдістерді жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда анықталып, айқындалған сақталу температураларын ескеру керек. Дәрілік заттарды сақтайтын құрғақ бөлмелерде ылғалдықтың мөлшері 60% аспауы қарастырылады, ал жоғарғы ылғалдылық бөлмелерінде-65%. Дәрілік заттардың сақталу орындарында ауа алмасу жақсы болуы керек. Себебі, ауа алмасу үрдісі арқылы сақталатын тауарлардың, ыдыстардың, жабдықтардың т.б. газды заттарының иісі жойылып, ылғалды-температуралық режимі теңестіріліп отырады. Ауа алмасу үрдісін терезелерді ашу арқылы немесе арнайы желдеткіштерді қолданып жүргізеді. Тауарлардың сақталу тәртібінің көрсеткіштерінің бірі жарық. Жарық, әсіресе ашық күн сәулесі дәрі-дәрмектерге көбіне теріс әсерін тигізеді, себебі тотығу үрдістерін жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың көбін қараңғы жерде сақтау ұсынылады, мүмкін болмаған жағдайда (дәріханалық сауда залында) тауарларға күн сәулесінің түспеуі қарастырылады. Ол үшін дәрі-дәрмектер сақталатын бөлмелердің терезесі күн түспейтін жақтарға қаратылады, дәріханалық сауда залының терезелері перделермен жабылады. Дәрілік заттарды сақтауда компьютерлік, кітаптық, картотекалық т.б. тәсілдердің қолайлы түрімен тауарлардың жарамдылық мерзімдерінің есебі жүргізіліп, үнемі бақыланады. Дәріханалық қойманың тауарларды сақтау бөлімдерінің ішкі қабырғаларында тұтанғыш аспаптар мен еденнен 1,5-1,7 м жоғары және есіктен 3м қашықтықта термометрлер мен гигрометрлер ілінеді. Ауа тазалығын сақтау үшін тауарларды сақтау бөлмелері кондиционерлермен, арнайы желдеткіштермен жабдықталады. Дәріханалық қойма, басқа да тауарлар сақтау бөлмелерінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында едендер күніне кемінде бір рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып, ылғалды түрде тазартылып отырылады. Атаулары үндес, ішу үшін қолданылатын күшті әсерлі жоғарғы дозаларымен ерекшеленетін дәрілік заттарды қатар және алфавитті тәртіпте орналастыруға болмайды. Сырқаттардың диагностикасы, алдын-алуы және емделуінде пайдаланылатын медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық тауарлар келесі топтарға бөлінеді: резеңке бұйымдары; пластмассадан жасалған бұйымдар; байлау-таңу материалдары; медициналық техника құралдары мен жабдықтары. Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық тауарлар сақталатын қойма бөлмелерінде және олардың аумақтарында кеміргіш жәндіктермен, басқа да зиянкестерге қарсы күрес жүргізу шаралары үнемі жүргізіліп отыруы қажет. Дәрілік заттарды сақтауда физикалық-химиялық қасиеттеріне және сыртқы ортаның әсер ету факторларына байланысты келесі топтарға анықталады: жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін; ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін; ұшып кетуден қорғауды талап ететін; жоғарғы температураның әсерінен қорғауды талап ететін; төменгі температураның әсерінен қорғауды талап ететін; қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін; иісті, бояғыш заттар; дезинфекциялау заттары; улы заттарды бөліп шығаратын т.б.; тұтанғыш және жарылғыш заттар. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтау ерекшіліктері Жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға антибиотиктер, галенді препараттар, дәрілік өсімдіктер шикізаттары (өсімдік шикізаттарынан жасалған тұнбалар, экстрактілер, концентраттар), орган препараттары, витаминдер мен витаминді препараттар, кортикостероидтар, майлар, эфир майлары, йодты және бромды сутегі қышқылдары мен тұздары, галогенді ауыстырылу қосындылары, нитроқосындылар, нитраттар, нитридтер, аминді және аминоқосындылар, фенолды қосындылар т.б. жатады. Жарықтың әсерінен сезінгіш дәрілік заттар қызғылт шыны ыдыстарда, алюминийден немесе полимер материалдарынан жасалған қара, қоңыр, қызғылт түстерге боялған металл ыдыстарда қараңғы бөлмелерде шкафтарда сақталады. Жарықты аса сезінгіш күміс нитраты, күміс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты сияқты дәрілік заттарды сақтауда, ыдыстарына жарық өткізбейтін қара қағаз жапсырылып, ішкі жағы қара бояумен боялып, тығыз жабылатын шкафтарда орналастырылады. Керісінше, жарықтың әсеріне мұқтаж темір препараттары, феррамидтер сияқты дәрілік заттарды сиымдылығы шағын, ашық түсті шыны ыдыстарда жарық жерде сақталынады. Ылғалдан қорғауды талап ететін дәрілік заттарға калий ацетаты, құрғақ экстрактілер, дәрілік өсімдік шикізаттары, азот, азотты, галогенді сутегі және фосфор қышқылдары, тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар т.б. жатады. Судың атмосфералық буларының әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды құрғақ салқын жерлерде, судың буларын өткізбейтін материалдармен тығыз тығындалған шыны, металл, алюминий фольгасы, қалыңдатылған пластмасса ыдыстарында сақтайды. Ұшып кетуден қорғауды талап ететін дәрілік заттарға аммиак ертіндісі, йод, камфора, ментол, формалин, эфир майлары т.б. өздігінен ұшып кететін заттар: спирт тұнбалары, сұйық спирт қосындылары, қою экстрактілер т.б. ерітетін ұшпа заттардан тұратын дәрілік препараттар; эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер шикізаттары; анальгин, бензинпенциллинді новокаин тұзы, глюкоза, кальцекс, кальций глюконаты, лактаты, натрий сульфаты, сульфацил-натрий, теофиллин, фтивазид т.б. кристалдандырылған суы, кристаллогидраттары бар препараттар жатады. Ұшпа заттардан тұратын дәрілік заттар салқын жерде герметикалық түрде тығындалған шыны, металл, алюминий фольгасы ыдыстарында сақталады. Жоғарғы температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға ұшып кетуден қорғалатын препараттар, суппозиторийлер, бактериялық препараттар, антибиотиктер, органикалық препараттар, гормоналды препараттар, витаминді препараттар, гликозидтерден тұратын препараттар, майлар т.б. жатады. Жоғарғы температурадан қорғауды талап ететін дәрілік заттарды бөлме температурасында (+180-20ӘС), салқын немесе суық температурада (+120 +15ӘС) сақтау керек. Кейбір жағдайларда сақтаудың неғұрлым төмен температурасы (0+10ӘС) талап етіледі. Бактериялық препараттарды өнеркәсіптік орауда атаулары мен сериялары бойынша жарамды мерзімдерін ескере отырып сақтау қарастырылады. Сақтау кезінде аталған препараттарды 3 айда бір рет визуальды түрде тексеріп отыру қажет. Төмен температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға алмагель суспензиясы, алоэ линименті, АТФ, гамма-глобулиндер, асқазан шырыны, маннитол, мараславин т.б. қатқаннан кейін физикалық-химиялық күйі өзгеретін және одан кейін бөлме температурасына дейін жылыған кезде қалпына келмейтін препараттар жатады. 40 пайызды формальдегид (формалин) ертіндісі +9 С0-тен төмен емес температурада сақтау керек. Медициналық майларды +10С0-ден төмен емес температурада сақтау талап етіледі. Қоршаған ортадағы газдар әсерінен өзгеретін дәрілік заттарға алифаттық қатардағы, топтардағы циклдық заттар, фенолдық, полифенолдық, морфин және оның ауыстармалы гидрофильді топтары бар туынды заттары, гетероциклдық қосындылар, ферменттер мен органикалық препараттар жатады. Газдардың әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды газ өтпейтін материалдар мен герметикалық түрде тығындалған, мүмкіндігінше толық толтырылған ыдыстарда сақтау қарастырылады. Иісі бар және бояғыш дәрілік заттарға аммиак ерітіндісі, хлор әгі, ихтиол, камфора, ментол, скипидар, фенол т.б. сияқты іс жүзінде ұшпайтын, күшті иісі бар, бояғыш заттар мен препараттар жатады. Бояғыш дәрілік заттарды арнаулы шкафтарда, тығыз тығындалған ыдыстарда атаулары бойынша бөлек сақталады Таблеткалар құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақталады. Эфир майларынан тұратын таблеткіленген дәрілік заттарды ыдыстарға салып орап, тығындамас бұрын оларды 9569 МССТ бойынша парафиндендірілген қағаздарға орайды. Инъекцияға арналған дәрі-дәрмектер салқын, жарықтан қорғалған жерде сақталу ыдыстарының ерекшеліктерін (сынғыштығын) ескере отырып, бөлек бөлмелерде немесе шкафтарда сақталады. Сұйық дәрі-дәрмектер (шырындар, тұнбалар, эфир, хлороформ) герматикалық түрде тығындалған ыдыстарда салқын, жарықтан қорғалған жерде сақталады. Плазманы ауыстыратын және дезинфекциялау ертінділері 0С-тан 40С-ке дейінгі температурада жарықтан қорғалған оқшау жерде сақталады. Экстрактілер парафин құйылған, тығыз тығындалған шыны ыдыстарда сақталады. Сұйық және қою экстрактілер +12С - +15С температурада сақталады. Майлар, линименттер, суппозиторийлер салқын, жарықтан қорғалған жерде тығыз тығындалған ыдыстарда сақталады. Аэрозольді препараттар +3С-тан +35С-ке дейінгі температурада құрғақ, жарықтан қорғалған, оттан және жылыту құралдарынан алшақ жерде сақталады. Аэрозольді препараттардың тасымалдану, сақталу кезінде механикалық бүлінуінен қорғалуына көңіл бөлінеді. Дәрілік өсімдіктер шикізаттары құрғақ, ауасы таза бөлмелерде жақсы жабылған шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшіктерде сақталады. Дәрілік өсімдіктердің кесілген шикізаттық талшықтары қаптарда, ұнтақтары-қос қабатты қаптарда (ішкісі-көп қабатты қағаз, сыртқысы талшықты) сақталады. Эфир майларынан тұратын дәрілік өсімдік шикізаттарын жақсы тығындалған ыдыстарда оқшау сақтайды. Кептірілген жемістерді сақтау кезінде, оларды кеміргіштерден сақтау үшін сақталу жәшіктеріне хлороформ құйылып, тығынына түтікше енгізілген сауыттарды салып қояды. Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізаттарын сақтауға айрықша назар аударылады. Олардың сақталу мерзімдері қатаң қадағаланып, биологиялық белсенділктері тексеріліп отырады. Улы және күшті әсерлі дәрілік өсімдік шикізаттары құлыпталған бөлмелерде немесе бөлек шкафтарда сақталады. Дезинфекциялау заттары герметикалық түрде тығындалған ыдыстарда, жарықтан қорғалған, құрғақ, салқын жерде , оқшау үй-жайда сақталады. Пластмассадан жасалған бұйымдарды ауасы тазаланып тұратын қараңғы, салқын бөлмелерде бөлме температурасында, жылыту құралдарынан кемінде бір метр қашықтықта сақтау керек. Үй-жайда ашық жанатын от, ұшпа заттардың булары болмауы қажет. Электр аспаптары мен ажыратқыштар ұшқынға қарсы (өртке қарсы) түрде дайындалуы қажет. Целлофан, целлулойд, амин қабатты бұйымдарды және басқа бұйымдар сақталатын үй-жайда ауаның 65 пайыздан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығын сақтау керек. 3. Дәрілік түрлерді дайындау жөніндегі ассистенттің жұмыс орнын сипаттаңыз. 4. Ораушы жұмыс орнын сипаттаңыз. 5. Дайын дәрілік нысандағы дәріхананың үй-жайларын атаңыз? 6. Дәрілік заттарды босату бойынша фармацевтің жұмыс орнын сипаттаңыз. ДӘРІХАНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАН ТАУАР БОСАТЫЛУЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ Дәріханалық ұйымда тауарды босатудың 2 түрі болуы мүмкін – рецептуралық және рецептурасыз. ҚР ДСМ №38 3 ақпан 2005 жылғы бұйрығына қатысты дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардан басқа, барлық дәрілік заттар дәріханалық ұйымдардан рецепт бойынша босатылуы қажет. Рецепт бойынша дайын дәрілік түрлер (ДДТ) және дәріханада дайындалған (экстемпоральды) дәрілік түрлер де босатылады (сызба 1). Рецептсіз босату тізімі шектеулі дәрілік препараттарға және нақты түрдегі дәріханалық ұйымнан босатуға рұқсат етілген басқа тауарлар ассортиментіне негізделген. Дайын және экстемпоральды дәрілік түрлерге рецептерді қабылдау үшін, дәрілерді дайындау, олардың сапасын бақылау, үлкен көлемді жұмысы бар дәріханаларда тауарларды рецептпен және рецептсіз босату үшін құрылымдық бірліктерді (бөлімдер) бөледі, олардың қатарына мыналар кіреді: дайын дәрілік түрлер бөлімінің негізгі қызметі рецепттерді қабылдау және олар бойынша дайындалған дәрілік түрлерді босату болып табылады; рецептуралық- өндірістік бөлімі (РӨБ) – экстемпоральды (жеке) түрлерге рецепттерді қабылдау, дәрігерлерді дайындау және безендіру, сапасын бақылау және босату үшін ұйымдастырылады; рецептсіз босату бөлімі (РББ) – дәрігер рецептінсіз дәрілік заттарды босату, сонымен қатар дәріханалық ассортименттегі басқа да тауарларын босату үшін ұйымдастырылады. ДДТ бөлімінің штатында бөлім басшысы және оның орынбасарларынан басқа ДДТ рецепттерді қабылдау және олар бойынша дәрілерді босату үшін провизорлардың қызметтері болады. РӨБ штатында бөлім басшысы және орынбасарларынан басқа келесі қызметтер болуы мүмкін: жеке дайындалатын дәрілерге рецепттерді қабылдау сапасын бақылау үшін; дәріханаішілік дайындамаларды дайындау; дайын дәрілік түрлер дәне дәріханаішілік дайындамаларды толық бақылау үшін екі ауысымда жұмысты қамтамасыздандыру; түнгі уақыттағы жұмысты қамтамасыздандыру үшін провизорлар дайындау; рецепт бойынша дәрілерді дайындау үшін; денсаулық сақтау мекемелеріне тапсырыстарды комплектациялау үшін фармацевттер дайындау; жеке дайындалған дәрілік заттарды және дәріханаішілік дайындамаларды; дәрілік заттарды орамдайтын орамдаушылар дайындау; ыдыс-аяқ жуатын, дәріхана өндірістік мекемелерін жинайтын, түнгі уақытта жұмыс істейтін санитар-жуғыштар дайындау. РББ бөлімінде бөлім басшысы және оның орынбасарынан басқа дәрігер рецептінсіз дәрі және басқа да дәріхана ассортименттерін босату үшін фармацевт қызметі де қарастырылады. Рецептсіз босату бөлімінде барлық мамандар орта (немесе жоғары) фармацевтикалық білімдері ие болулары қажет. 7. Дәріханадан шығарылатын тауардың ассортиментін атаңыз? 8. Дәрілік заттарды дәріханадан босатудың ерекшеліктері. 9. Рецептуралық бланкілердің түрлері. 10. Дәрігердің рецептісіз дәріханадан босатылатын дәрілік заттарды атаңыз. |