Философия. Философия дәріс тезистері. Дріс Ойлау мдениетіні алыптасуы ойлауды философиялы трі 2 са
Скачать 146.03 Kb.
|
Диффереренциация ғылымдардың өз ішінен таралуы мен бөлінуі. ХХ ғасырдың екінші жартысында белең алған бұл бағыт күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мысалы: плазма физикасы, қатты денелер физикасы т.б. Ғылым ішінде арнайы мамандану жүргізіліп, өзіндік терминологиялары қалыптасады. Мысалы, бүгінгі күні геологияның 80 нен астам салалары қалыптасқан. Бұл зерттеудің нақты бір аймағына үңілуге, ғылыми ізденістің белсенді және әсерлі болуына жағдай туғызады. Математикаландыру. Математикалық әдістер мен тұрғыларды басқа да ғылыми білімдерге қолдану: нақты тәсілдер, математикалық модельдеу, есептеу эксперименттері т.б. Мысалы, тарихта, әлеуметтануда, психологияда т.б. айқын көрінеді. Әлеуметтанулық зерттеулердің математикалық модельденуі, математикалық талдаулар жасау т.б. Индустриаландыру кезінде ғылымның технологияға және технологияның ғылымға енуі жүре бастайды. Бүгінгі ғылым күшті индустриалдық базаны қажет етеді: қарапайым жасақталған кабинеттерден бастап, ұжымдық зерттеулер жүргізетін үлкен лабараториялар. Кей жағдайда бұл гуманитарлық ғылымдарға қайшы келіп жатады. Ақпаратандыру қазіргі ақпараттық технологияларды ғылым мен бүкіл қоғамдық өмірге енгізу және үнемі жетілдіріп отыру дегенге келіп саяды. Осындай жағдайларға байланысты ғалымның көпқырлылығын қажет ететін оның келбеті де өзгерді: библиографиялау – мақалалар жариялау, сілтемелерді дұрыс көрсету, оларды сауатты пайдалану; мәтінмен жұмыс – өзінің мәтіндерін тудыру ғылыми білімнің өсуінің өлшеміне айналып кеткен. Ғалымның жаңалығы тек жарияланып, тексерілгеннен кейін ғана мақұлданады. Сондықтан қазіргі ғылым ғалымдардың мәтіндерінің тұтастанған жинағы гипермәтін ретінде ұғынылды. Ғалымның осындай машықтануы ғылыми сауаттылық ретінде бағаланды. Патенттеусіз ғалымның еңбегі ескерілмей қалатын ыңғайлар байқалды. Бұл плагиат, сілтемені дұрыс алмау сияқты өзара қақақтығыстар туғызды. Ғалым ұйымдастырушы, менеджер, оқытушы сияқты қызметтерді қоса атқаруы тиіс болды. Ғалым көпшілік алдында сөйлеу, өзінің жобасын түсіндіріп беру сияқты мемлекеттік-саяси сипатты қызметтер де атқаруы тиіс болды. Сондықтан ғалым, жаңашыл, ақпараттанған, қазіргі жағдайға бейімділік сияқты қасиеттерді игеруі тиіс ахуал қалыптасты. Бүгінгі ғылым өндіріспен тығыз байланысты, өндірістің дамуы, яғни экономика ғылымның дамуына байланысты болып қалды. Сондықтан, кәсіп пен маман иесі сол жаңа ғылыми жаңалықтарды білуі талап етілді. Осыған байланысты ғылым басқарушы жүйеге әсер ете бастады: болжамдар жасау, қызметтің бағдарламасы, өндіріске бақылау жасау т.б. Бұл салада қоғамдық ғылымдардың да ролі артты: инженерлік психология, инженерлік қызмет социологиясы, бизнес философиясы, техникалық эстетика т.б. Ғылымның жетістіктері болмыстың негізгі мәселелеріне, әлемнің құрылымына, адамзат тіршілігінің сабақтасуына т.б. және басты кедергілерді шешуде түпкілікті жауаптер бере алады, қоғамдық өмірдің игілігіне ғана қызмет етеді деген сияқты идеологияланған сенімдер сциентизм бағыты деп аталады. Бұған керісінше, ғылымның зардаптары туралы пікірлерді антисциентизм бағыты жинақтайды. Ғылым табиғи ортаны билеудің құралы және адамдардың бір-бірін бағындырудың тәсіліне айналып, ғаламдық қауіпті жағдайларды туғызды. Осыған байланысты қоғамда да ғылымды қабылдаудың екі түрлі бағыты қалыптасты: біріншісі, ғылым өркениеттің қозғаушы күші деп санайтындар (ғылым өзінің зардаптарына жауап беруі тиіс емес, ғылымилықтың жетіспеуі қоғамдағы қайшылықтарды туғызады) екіншісі ғылымың зардаптарына сүйену мен технофобияға еліккендер (ғылым қоғамдық өмірді бақылап отыруы тиіс). Бүгінгі ғаламдық мәселелер ғылым аралық болғандықтан глобалистика ілімі аясына келіп тоғысады. Ғаламдық мәселелердің өлшемі мынада: 1. Тұтастай адамзаттың немесе жекелеген адамдардың тағдыры мен мүддесі туралы қозғалатын мәселелер; 2. Планетаның адамдарының көп бөлігі қатынасып шешуі тиіс өзекті мәселелер; 3. Әлемдік дамудың бойына сіңірілген обьективті факторлардан құралған мәселелер; 4. Шешімін таппаса адамзат пен қоршаған ортаға кең ауқымда зардаптар алып келетін мәселелер т.б. Олар барынша мобильді болып келеді, мысалы бір мәселенің өзектілігі жойылып немесе төмендейді. Сондай ақ өзара байланысты, яғни, біреуінің шешілуі басқасына жағымды немесе жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі заманның ғғаламдық мәселелеріне мыналарды жатқызуға болады: дүниежүзілік соғыс қаупінен сақтану; экологиялық дағдарыс пен зардаптарын жеңу; батыстың дамыған елдері мен дамушы елдері арасындағы айырмашылықтарды жою; планетадағы демографиялық жағдайдың тұрақтануы; денсаулық сақтау: СПИД, рак т.б ауруларды жеңу, наркомания; мәдени және рухани құндылықтарды жандандыру; халықаралық терроризммен күрес т.б. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді және кейбіреуінің өзектілігі төмендесе, оның орнына басқа өзекті мәселелер туындауы мүмкін. Осыдан ғаламдық мәселелер философиясы туындап, ол экологиялық философия, техника философиясы т.б. саларды біріктіреді. Соның бірі – Римклубығылыми-техникалық революция жағдайындағы экологиялық мәселелер мен ғаламдық мәселелерді шешуді жолға қоятын 1968 жылы итальяндық экономист А. Печчей негізін қалаған халықаралық қоғамдық ұйым ретінде құрылған отыз шақты мемлекеттің қайраткерлерін, ойшылдарын, бизнесмендерін т.б. біріктірген философиялық және мәдени-әлеуметік қозғалыс. Олардың қазіргі ғаламдық мәселелер, адамзаттың даму барысындағы қайшылықтар, дүниедегі адам болмысы, гуманистік құндылықтар, адамзат болашағы туралы философиялық пайымдаулары – әлемнің компьютерлік үлгісін жасау, капитализмнің жағымсыз беталысын сынау, адамгершілік мәртебені көтеретін құралдар іздестіру, қару-жарақты айыптау, қоршаған ортаны сақтау т.б мәселелермен ұштасып жатыр. Боткиннің «Үйренудің шегі жоқ», Б.Гаврилишиннің «Болашаққа апаратын маршруттар», Д. Медоуздың «Өсудің шегі», Форрестердің «Әлемдік динамика», М. Месаровичтің «Адамзат бетбұрыс нүктесінде», Э. Ласлоның «Адамзаттың мақсаты» т.б. жетекшілігімен болған баяндамалар мен еңбектер Рим клубының өкілдері ретінде түйткілді мәселелерді компьютерлік модельдеу арқылы қозғады. Баяндамашылардың негізгі түйіні – егер адамзаттық мәденит пен өркениет ғылыми-техникалық прогресс осындай деңгейінде өркендей беретін болса, онда ХХІ ғасырдың бірінші жартысында «ғаламдық катастрофа» болатындығы және оның қалай алдын-алу керектігі туралы. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1. Ғылыми әдіс дегеніміз: А) адамның дүние туралы шынайы білімі В) практикалық тәсілдер С) әлеуметтік іс-әрекеттер принциптерінің жиынтығы D) қоршаған ортаны меңгерудің практикалық және теориялықжолдары мен тәсілдердің жиынтығы* Е) ұрпақтар тәжірибесі 2. Ғылыми танымның деңгейін білдіреді А) Логика және ақиқат В) Білім және білімсіздік С) Философтардың ойдан шығарғаңдары D) Эмпирия және теория* Е) Математика және гармония. 3. Ғылым дегеніміз ең бірінші кезекте... А) таңданушылық В) танымдық іс-қызмет* С) өмір D) ойлай білу Е) жұмыссыздықтан арылу 4.Ежелгі Египет пен Вавилонда ғылым қалай пайда болды? А) Танымдық куаныштан В) Заттардың нағыз табиғатты тануға ұмтылудан С) Практикалық қажеттіліктен* D) Стихиялы түрде Е) Кейбір адамдардың табиғи қызығушылығынан 5. Ғылым социологиясына тең ғылыми іс-қызметтің негізгі бірлігіболып не есептелінеді: А) қазіргі физиктердің көпшілігі В) Нобель сыйлығының деңгейінде жаңалық ашушылар С) ғылыми қауымдастық* D) «лабораторияң деп аталатындардың барлығы Е) құрал-жабдықтар, тақта борымен және көпшіліктің дәрісханасы 6.Ғылми зерттеудің дедуктивтік әдісі принциптерін жасаған кім? А) Ф. Бэкон В) Р.Декарт* С) Ж.Локк D) Т.Гоббс Е) Т.Кампанелла 7. «Қалыпты ғылым кезеңің, «Парадигмалар ауысу кезеңің болып табылады деп болжаған, ғылыми танымның динамикасы концепциясы кімге тиесілі? А) Н.Лакатоске В) П.Фейерабендке С) К.Попперге D) Тулминге Е) Т.Кунге* 8.Ғылыми танымның теориялық деңгейге қатысты әдісін атаңыз: А) классификация, модельдеу, құру В) кұру, аксиоматизация, салыстыру С) классификация, салыстыру, гипотетика-дедуктивтік әдіс, формализация D) құру- аксиоматизация. гипотетика-дедуктивтік әдіс* Е) классификация, модельдеу, салыстыру 9. Ғылымды әлеуметтік философиялық тұрғыдан талдау дегеніміз не? А) Мемлекет есебінен және адамның талабын қанағаттандыру В) қоғамдық тікелей емес өндіргіш күштері* С) зерттеу институттарының жүйелері D) экологияға жауап беруші Е) дұрыс кірістер алудың жолдары 10. Қазіргі заман философиясында ғылымды неге жатқызуға болады? А) неотомизм В) критикалық реализм* С) абстракционизм D) романтизм Е) символизм 11. Ғылыми рационалдық мәнін қалай нақты атауға болады? А) саналылық норманың негізінде адамның ойлау және әрекет ету қабілеті В) іс-әрекеттің ақиқатқа жету жолыңда ережелермен сәйкес келуі С) танымның қабылданған үлгілерімен, өлшемдер мен сәйкестігі* D) дәлелдікке және негіздеуге ұмтылу Е) саналы мақсаттылық 12. Ғылымның басталуы бөлшектері арқылы анықталатын бүтінді анықтаңыз: А) концепция В) гипотеза С) теория D) ғылыми пән* Е) әлемнің ғылыми бейнесі 13. Адам ойы құбылыстан неге қарай тереңдей түседі?Білім динамикасының классикалық парадигмасына сәйкес: А) себепке карай В) салдарға қарай С) жағдайға қарай D) мәнге қарай* Е) басқа құбылысқа қарай Дәріс 7.Адам және оның құндылықтық әлемінің философиясы – 2 сағ. Жоспар 1. Антропологиялық философияның негізгі мәселелері мен сұрақтары. 2. Қазақ философиясындағы адам мәселесі. 3. Адам, индивид, тұлға ұғымдары. 1. Философиялық антропология төмендегілерді оқытады: Адам табиғаты мен мәннін; Антропогенез –адамнның пайда болуын; Адам санасының пайда болуы мен сананың мәнні; Адамның психикалық әлемін, Адамның жасырын рухани күшін; Адмның тіршілік ету мәнін; Өмірден кейінгі өлім мәселесін; әлеуметтік құбылыстарға деген адамдардың құндылықты қатынастары; Адамның рухани дамуын; Адамзат эволюциясының болашағын; Адам өмірінің мәнін; Адамның бостандығы мен жаупкершілігін; Антропологиялық биоэтика мәселелерін және т.б. Адам мәселесі философияның пайда болуының алғаашқы күнінен бастап көтерілді. Ерте заманғы философияда (Көне үнді, қытай, грек философиясында) адамды – микрокосмос ретінде қарастырған. Адамның саналы, рухани пенде ретінде мәңгі, шексіз рух ретінде қарастырған Үндінің Його, веданта мектептері болса, Г.Гегель де осы оймен бөліскен. Аристотель адамды саяси жануарға теңеп, адам табиғатынан бірлесіп, бір-бірінің қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамда өмір сүретіндігін айтқан. И.Кант адамның моральдық жағына мән беріп, адам ор-ұжданныңиесі деген. Осы ойды Абай да, Шәкәрім де бөліскен. Олар адамның бойындағы ар-ұятты адамдыққа теңдестірген. Австрия ғлымы В. Франкл Құдайда ғарыштан емес, адамның ішкі ар-ұятынан іздеу керек деген. Ал с. Кьеркегор Адмды таңдай білетін тірішілік иесі деген, яғни адамның таңдауы оның санасы мен ар-ұжданы, сенімін көрсететін, теңдесі жоқ тіршілік иесі екендігін айтты. Адам мәннін анықтауда да көптеген ыңғайларды көрсетуге болады, олар: Биологиялық (натуралистік ыңғай) – адам мәні табиғи бастамдан – биологиялық тәнде жатыр деп есптейді (Чарвака, Ламетри, Гоббс, Фейрбах) Әлеуметтік ыңғай – адамның мәні әлеуметтік қарым-қатынаста анықталады. (Маркс және оның жақтаушылры) Теологиялық – адамның мәні – жанында, ол рухани бастаманың бейнесі деп есептелінеді. (христиан, ислам, индуистік философия) Әлеуметтік-ғарыштық ыңғай үш аспектіде қарастырылады1) ғарыштық; 2) әлеуметтік; 3) биологиялық (материалды) (Теософия, Тірі этика ілімі). Антропогенездің негізгі концепциялары. Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.) Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч. Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, позитивизм) Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық, биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.) 2. Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерінде адам болмысының этикалық жақтары: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ерлік пен батырлық мәселесі, еріктілік пен бостандық мәселесі, ар-намыс, аброй катигорияларын тереңінен қарастыру; адам мәселесі, оның өмірі мен тіршілік етуінің мәні туралы философиялық ой-тұжырмдарның мәні жоғары. Ақын жыраулардың ой толғауларынан далалық мәдени дәстүрдің ерекшелігін, көшпелілер дүниетанымы, адами мінез-құлықтарын, моральдық-этикалық ұстанымдары айқын аңғарылады. Абай өзінің философиялық антропологиясында адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Ағартушылық идеясы басым болған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен. Шәкәрім Құдайбердіұлы адамның адамдығы мен адамгершілік қасиеттерінің негізі, қоғамдық дамудың көзі деп қарастырып, ар ілімімен қоғамдық дамытудың негізі мен оның дамуының жолын көрсетіп берді. 3. «Адам» түсінігі барлық адамдарға тән биологиялық, психологиялық, әлеуметтік аспектілерді қамтиды. Биологиялық түр мен әлеуметтік топтың жалғыз өкілі индивид. «Индивид» -«тұлғаға» өту жолындағы алғашқы баспалдық. Екінші баспалдақ «индивидуалдылық», оның мазмұнына жеке адамға тән (психофизиологиялық құрылым, қоғамдағы рөлі мен орны, іс-әрекетінің бағыты, т.б.) қасиеттер кіреді. «Тұлға» дегеніміз-белгілі-бір өмірлік мұраты, мәдени деңгейі, қоғам алдындағы өз құқығы мен міндетін білетін адам. Тұлға қоғам түсінігімен тығыз байланыста болады. Адам тіршілігі ең басты сапа болғандықтан, оның үш компоненті бар: биологиялық компонент тәндік, анатомиялық ерекшелік, жүйке жүйесі сияқты адам мүшелері мен денсаулығының күйін анықтайды; психологиялық компонент адам психикасындағы ой, ақыл, сезім, елес, түйсік, мотв, ес сияқты мінездемелерін айқындайды; әлеуметтік компонент моральдық принциптерді, құндылықтар жүйесін, әлеуметтік тәжірибені, адам шеберлігі мен икемділіктерін қоғаммен байланыста қарастырады. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1. Философия тарихында адам мәселесін ерекше тақырып етіп қойған кім? Платон әл Фараби Аристотель Кант Сократ* 2. Адамның өзіндік құндылығын мойындайтын көзқарас жүйесі - рационализм эмпиризм сенсуализм гуманизм* космогонизм 3. Тұлға ұғымы нені білдіреді: Адам индивидінің әлеуметтік сапасын, оның бірегейлігінің, даралылығының өлшемін;* Адамның биологиялық ерекшеліктерін; Адамның өзіндік санасын; Адамның психикалық күйін; Адамның сыртқы пішінін. 4. Адам мәнінің маркстік түсінігі қандай? Әлеуметтік-еңбектік;* Биологизаторлық; Теологиялық; Космопланетарлық; Экзистенциалдық. 5. Антропогенездің теологиялық тұжырымын көрсет: Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті;* Адам табиғи жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды; Адам ғарыштық, биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды; Жоғарғылардың барлығы; Ондай тұжырым жоқ. Дәріс 8.Өмір философиясы – 2 сағ. Жоспар: 1. ХІХ-ХХ ғ. Батыстың өмір философиясы. 2. Өмір онтологиялық және аксиологиялық ұғым ретінде. 3. Өмірлік мәні мәселесі.Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде. 1. ХІХ-ХХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның 2 бағыты бар Олар: иррационализм, өмір философиясы. Иррационализм – табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады. Иррационализмнің басты идеясы – қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну. Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788-1860) – волюнтаризмді негіздеуші. Волюнтаризм – қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде» атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет. Субъективті қабылдаудың құрылымы күрделі емес, ол: тікелей таным; рефлективті таным; интуиция арқылы іске асады. Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы –ерік. Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш; Ерік – тіршілік негізінде жатқан космостық күш; Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады; өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар; дүние – еріктің жүзеге асуы. Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді. |