Философия. Философия дәріс тезистері. Дріс Ойлау мдениетіні алыптасуы ойлауды философиялы трі 2 са
Скачать 146.03 Kb.
|
3. Жаңа заманда әсемдіктің құндылықтық мәні Гегельдің эстетикалық еңбектерінде қарастырылған. Эстетикалық құбылысты Гегель танымның диалектикалық методы позициясынан қарастырады. Эстетиканың маңызды категориясы - әсемдіктің мәніне берген оның анықтамасы терең диалектикалылығымен ерекшеленеді. Әсемдік идеяның сыртқы болмыспен нақты бірлігінің сезімдік құбылысы ретінде, ұғым мен нақтылықтың, сыртқы форма мен ішкі мазмұнның тұтастығы ретінде көрінеді. Әсемдіктің осы түсіндірмесіне сүйене отырып, Гегель идеал мен оның даму сатылары туралы ілімін дамытады, идея мен оның сыртқы бейнесі арасындағы арақатынасқа байланысты өнер формаларының қалай өзгеретінін көрсетеді. Гегель әсемдіктің мынадай анықтамасын береді: “Әсемдіктің мәніне сәйкес, әсем объектіде оның ұғымы, мақсаты және жанымен қатар, өзгеден емес, оның өзінен туындайтын сыртқы айқындылығы, алуан түрлілігі мен нақтылығы да көрінуі тиіс. Біз жоғарыда айтқандай, әдемі зат нағыз мән мен ұғымның және белгілі сыртқы болмыстың имманентті тұтастығы және келісімі ретінде ғана шынайы… Ұғым мен құбылыс арасындағы келісім олардың толық өзара бір-біріне енуін білдіреді. Сондықтан сыртқы форма мен образ сыртқы материалдан ажыратылған болып қалмайды… оның ұғымына сәйкес нақтылықтың өзіне тән тәнкристалданған форма болып табылады” (Эстетика в 4т. т.1.М.,1968, 123-бет.) 4. Асқақтық - бұл өзінің ерекше мағыналылығымен және құдыреттілігімен өзгешеленген әсемдікті сипаттайтын эстетикалық категория. Сондықтан да кейбір асқақ құбылыстардың формалары өзінің сыртқы ұсқынсыздығына қарамастан шаттанудың, шабыттанудың, ерекше танданудың қоздырушы сезімдерін оятады. Әлемнің шексіздігі мен мәңгілігі, табиғат пен адамның ішкі күш-қуатының құдіреті, әлемді игерудің шексіз мүмкіндіктері - мұның барлығы асқақтықты (эстетикалық категория ретінде) бейнелейді Егер әсемдік пен асқақтық эстетикалық құндылықтардың бейнелері болса, онда тұрпайылық пен таяздық оның антиподтары болып табылады. Тұрпайылық пен таяздық әсемдік пен асқақтыққа қарсы ұғымдар. Аксиологияда, жоғарыда айтылғандай, “кұндылық” ұғымының көлеміне қатысты біржақты қалыптасқан пікір жоқ. Кейбір авторлардың пікірінше, құндылықтар тек жағымды белгілермен ғана болмайды, жағымсыз құндылық ретінде оның жағымсыз белгісі де болады. Әрине, құндылықтарды жағымды және жағымсыз деп бөле салуға да болар еді, алайда бұл терминнің қоғамда қалыптасқан дәстүрлі түсінігі “құндылық” ұғымының тек жағымды мағынасын ғана қабылдайды, өйткені құндылық - бұл құны бар, жағымды нәрсе деген сөз. Мұнан шығатын қорытынды: құндылықтың қатынастар шеңберіндегі жағымсыз мағынаға ие заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды “антиқұндылық” терминімен белгілеуге болады. Демек, бір-біріне қарсы тұрған әсемдік пен тұрпайылық - бұл эстетикалық құндылық және антиқұндылық. Жиіркеніштілік – асқақтықтың үнемі сыртқы сұлулығы бола бермейтіні секілді, бұл да кейде сыртқы сұлулығы болатынына қарамастан антиқұндылықты білдіреді. Жиіркеніштілік өте жағымсыз құндылық ретінде сипатталады. Тұрпайылықты ең түркі шегі болып табылады. Бұл адамның еркіне толық бағына қоймаған, олар үшін қауіп-қатер тұрғызатын жағымсыз, құпия, жасырын күштер. Егер адамзат өз қоғамдық қатынастарын игермесе, онда ол үлкен қасіреттердің көзіне айналып кетуі мүмкін. Осындай қаһарлы қатерлерге қатысты барлық құбылыстар – фашизм, тирания, соғыс және т.б. адамдар жиіркенішті қабылдайды. Жиіркеніштілікпен тұрпайылық тығыз байланысты. Тұрпайылық кері итерсе, әсемдік өзінің бір көрінісімен баурап алады. Тұрпайылық - бұл дисгармония, патология, ішкі байлығы, жарығы, рухы жоқ бос нәрсе, бірақ ол адамзатқа қауіп-қатер төндірмейді, өйткені бұл заттардағы күштерді адамдар игерген. Трагедиялық пен комедиялық құндылықтар мен антиқұндылықтардың күресі процесінде қалыптасқан күштердің күрделі қиюласуы нәтижесінде пайда болады. Трагедиялық - бұл өзіне дұшпан күштермен кұресте қасіретке немесе өлімге ұшырайтын оқығаның немесе әлеуметтік қоғамның, құбылыстың, адамның эстетикалық құндылықтарының бекітілуі: Қасіреттің, өлімнің өзі қүндылық болып саналмайды, бірақ солар арқылы құндылық бекітіледі. Трагедиялық эмоция – бұл эстетикалық-адамгершілік тұрғыда “тазалайтын”, рухани шынықтыратын, ондағы ашылған сұлулыққа жақындастыратын терең қайғы мен жоғары шаттықтың қосындысы. Трагедияның адамға әсерін кезінде Аристотель “катарсис” – тазалану деп атаған болатын. Комедиялық та құндылық пен антиқұндылықтың қайшылығының нәтижесі. Өйткені комедиялықтың мәні қайшылықта. Комедиялық қарама-қарсы тұрудың, контрастың, айырылудың нәтижесі, тұрпайылық пен әсемдіктің, жиіркеніштік пен асқақтықтың, жалған мен ақиқаттың, аңғалдық пен ақылдылықтың және т.б. Комедиялық - бұл ақырында антиқұндылық болып шығатын адамдар мен құбылыстардың өзін-өзі айқындап қоюы, оның нағыз құндылықтық мағынасын аңғару. Комедиялықты эстетикалық күйде қабылдау адам бойында күлкі, әжуа туғызады. Адамдар қандай да бір ақымақтықтың мәнін оның шынайы құндылығын бейсаналы түрде салыстыра отырып, өзінің бағалау қабілетіне орай келеке етеді. Комедиялықта ұлтшылдық ерекшелік бар, бірақ сонымен бірге жалпы адамзаттық белгілерді де аңғару қиын емес. Әлеуметтік дамудың жалпы заңдылықтарына орай бір құбылысты барлық халықтар да бірдей күлкіге айналдыра алады. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1. Әсемдік және сұлулық жайындағы ілім Эстетика Этика Социология Аксиология Е. Гносеология 2. «Эстетика» термин кім еңгізді? A) Гегель. B) Баумгартен. C) Пуфендорф. D) Кант. E) Леонардо да Винчи. 3.Асқаққа қарсы эстетикалық категория: A) Комедиялық. B) Әсемдік. C) Таяз. D) Ұсқынсыз. E Трагедиялық. 4.С.Кьеркегор бойынша адам өмiрiнiң үш сатысы: А. Табиғи, эстетикалық, этикалық В. Эстетикалық, этикалық, діни. С. Табиғи, қоғамдық, рухани. D) Жастық, балалық, кәрілік. Е. Жастық, ержету, өшу. 5. Қайта Өрлеу дәуіріндегі дүниекөзқарас неге бағытталды? А. өнерге В. дінге С. мемлекетке D) құдайға Е. космосқа Дәріс 12 Қоғам философиялық ұғым ретінде. Әлеуметтік философияның пәні, қоғам ұғымы, сипаттары Қоғам өмірінің негізгі салалары. Қоғамдық сана және оның құрылымы Қоғам типологиясы мен эволюциясы 1. Әлеуметтік философия материяның ұйымдық әлеуметтік формасы ретінде қоғам мәселесін қарастырады. Оның объектісі-әлеуметтік әлем. Әлеуметтік философияның қарастыратын мәселелері: қоғамның мәні; қоғамның пайда болуы; қоғамның құрылымы; социумның жалпы даму заңдарын әлем құрылымының біртұтас жүйесі ретінде қарастыру; қоғамдық санасы мен қоғамдық болмыстың спецификасын ашу; қоғам дамуының болашағы; әлеуметтік жүйенің қызметтерінің заңдылығы. Қоғам – ұйымының әлеуметтік формасы. Қоғам – адамдардың мәдени әрекеттері мен қажеттіліктері мен қызығушылықтарының, мақсаттарының саналы ұйымдасқан формасы. 19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді. Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның сипаттары: тұтастық; Өзіндік ұйымдастырушылық; динамиклық; дамуға мүмкіндігі; заңдылық; Өзіндік реттеу. 2. Қоғамдық өмірдің салаларын 4 бөліп қарастыруға болады: рухани саласы – рухани ілімдер, дін, философия, ғылым, білім, құқық, мораль, өнер, идеология. Материальды саласы – өндірістік қатынастар, өндірістік күштер. Әлеуметтік саласы – халық, ұлт, әлеуметтік топтар (жас ерекшелік, жыныстық, қызығушлыққа бйланысты топтар), таптар, партиялар. Саяси саласы – мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, халықаралық саяси ұйымдар мен бірлестіктер. Қоғамдық қатынаста қоғам дамуына тығыз байланысты жүйелер бір-бірімен өзара байланыста болып жатады. Олар саяси, құқықты, діни, адамгершілікті, эстетикалық, экономикалық қоғам салалары. Социумның дамуның ең басты күші-халық. Халық-бұқаралық түрде адам әрекеттерінің қоғамда негізделуіндегі адамдардың, әлеуметтік топтардың жиынтығы. Халық қоғамның өндіруші, материалдық әрі рухани құндылығы. Қоғамдық-экономикалық формациялар белгілі тарихи дәуірдегі тұтас қоғамдық құбылыс. Оның өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Тарихта бір формация екінші бір формациямен алмасып отырған. Оның негізі өндіріс тәсілінде жатыр. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі. 3. Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі. Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. Қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндетгер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу проңесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады. 4. Қоғам типологиясы:
Қарапайым қоғам – адамдардың таптарға, страттарға бөлінбеген, әлеуметтік теңсіздіктің және тауар-ақша қарым-қатынастарының, мемлекеттің аппараттың бомаған қоғамы. Қарапайым қоғамның негізгі белгілері: -эгалитаризм - әлеуметтік (таптардың, сословиелердің болмауы, адамдардың бай мен кедей болып бөлінбегені), экономикалық (еңбек өндірісі мен өнімге деген теңдей қарым-қатынас ұжымдық жеке меншікте болады), саяси (басқарушы мен бағынушының жоқтығы) теңдік; -шағын топтарға бірігу; -қан-туыстық байланыстардың үстемдігі; -еңбек бөлінісі мен техника дамуының өте төмен деңгейі. Ғылымда қарапайым қоғамның екі түрі (дамуының екі кезеңі) бар: 1) локальді топтар - туыстық байланыстағы (20-60 адам) кішігірім бірлестіктер; 2) алғашқы қауымдық бірлестіктер: - туыстық бірлестіктер - туыстық байланыстағы бірнеше локальді тотардың (жүдеген адамдар) одағы; - көршілес бірлестіктер - некелік сондай-ақ, еңбек пен жалпы территориясымен өзара байланысты бірнеше туыстық қауымдастықтар. Күрделі қоғам – қосымша құны, тауар-ақша қатынасы, әлеуметтік теңсіздігі, әлеуметтік стратификациясы (құлдық, сословие, класстар), басқарудың арнайы және кең тармақты аппараты бар қоғам. Күрделі қоғамның негізгі белгілері: - жүздеген мың адамнан жүздеген миллион адамға дейінгі көп санды қоғам; - туыстық қарым-қатынастың орнын туыстық емес қатынастардың алмастыруы; - адамдардың қала бойынша тұрақтануы; - қосымша құн мен жеке меншіктің, ақша-тауар қатынастарының пайда болуы; - әлеуметтік теңсіздік, айқын кластық дистанциялардың пайда болуы; - қарапайым құқықтан юристік заңдарға көшу; - басқарудың арнайы және кең тармақты аппараты. Күрделі қоғамның түрлері: аграрлы, индустриалды, постиндустриалды. Қоғам дамуының түрлері
|