Философия. Философия дәріс тезистері. Дріс Ойлау мдениетіні алыптасуы ойлауды философиялы трі 2 са
Скачать 146.03 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Инжиниринг және ақпаратты технологиялар факультеті Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасы ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНЕН ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ Алматы, 2020 Дәріс 1.Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ. Жоспар Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия. Философия – даналыққа құштарлық ретінде. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. 1. Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік таным арқылы заттар мен құбылыстар тұралы үстірт, қарапайым білімдерге ғана қол жеткізе аламыз. Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып танылады. Ойлау адам санасы мен объективті шындық арасындағы диалектикалық бірлікті білдіреді. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отыратын, өте күрделі және маңызды, түпкілікті процесс. Ойлау объективті шындықты бейнелеің жоғарғы, адамға ғана тән формасы. Ойлау дүниені тану мен игеруді жоғарғы сатысы. Ойлау арқылы адамзаттың тарихи және әлеуметтік тәжрибесі, матриалды және рухани мәдениетінің нәтижелері қортылып, бекіген. Ойлау – қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл ойлаудың дамуы мен іске асуының қозғаушы күші. Ойлаудың пайда болуы – белгісіз нәрселерге зер салу мен танып-білуге деген қызығушылықтан туындайды. Әлем шексiз, соған орай дүниенi танып бiлу де шексiз. Адамның ойы сол шексiз әлемдегi нәрселердiң сырын, құпиясын бiлуге бағытталады. Әрбiр адам ойланып-толғанғанда өзiне беймәлiм нәрселердiң сырын ашып, жаңалықты бiледi. Ойлау дегенiмiз- әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен тығыз байланысты психикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың, дүниедегi нәрселердiң жалпы және жанама бейнеленуi. Бұл бейнелену адам ойының талдау және бiрiктiру әрекеттер арқылы танылады. Бiр сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы жанама жолмен бiздiң санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi. Ойлау адамның өмiр тәжiрибесi мен практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде пайда болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң шеңберiнен әлдеқайда асып түседi. 2. Дүниені танып білуге деген қызғушылық философияның пайда болуына түрткі болды. Философия – даналыққа құштарлық (Пифагор). «Философия – сенің ойлауыңның жемісі болып табылады және сенің өзіңде өмір сүреді» (Т. Гоббс). Философиның пәні- ойлаудың жалпы заңары болып табылады. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Сондай-ақ. философияға сұқбаттық сипатжәне эвристикалық мүмкіндіктер тән. 3. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістердің шарты. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1)Адам қабiлеттiнің ең жоғары деңгейi болып табылад: Данышпандық* эмоционалдық қызығушылық дербестiк ниет 2)Ойлау бұл – Адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс* Затттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі Адам санасынығ белгісіз затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс Адам ойының түрлі формаларын есте қалдыра алу қабілеті Адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, лорынсыз сөйлеуден, юосқа кұйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті 3) Ой операциясы Талдау* Сезімталдық Жүйке жүйесінің күші Тітіркендіргіш Саты 4) Философиялық ойлаудың мәселелері тікелей неге қатысты? табиғи құбылыстарға тұтастай обьективті әлемге* әлеуметтік өмірге саяси қозғалыстарға құқықтық нормаларға 5) Философиялық ойлауды негізгі белгісін анықтаңыз: эмоционалдық, символизм ақылға (рационализм), күмәндануға, универсализмге сүйену* догматизм мәртебеге сүйену практикалық әрекет Дәріс 2.Философия ұғымы және әлеуметтік-мәдени рөлі – 2 сағ. Жоспар Философия және дүниетаным. Дүниеге көзарас: мифология, дін және философия. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі және философиялық білім құрылым. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны. 1. Философияның пайда болуы дүниеге көзқарастық сұрақтардан бастау алды. Дүниеге көзқарас – дүние мен ондағы адамның орны жайындағы жалпылама көзқарастардың, принциптердің, бағалардың жиынтығы немесе жүйесі. 2. Дүниеге көзқарастың тарихи типтері: Мифология; Дін; Философия. Мифология – қоғамдық дамудың алғашқы сатысына тән, дүниені түсінудің алғашқы тәсілі, қоғамдық сананың бастапқы формасы, қияли түсініктерге негізделген. Дін – дүниеге көзқарастың екінші формасы, дүниенің жаратылысын жоғарғы күшке сенімге негіздеп жасады. Философия – дүниегекөзқарастың жоғарғы деңгейі. Бұл теоретикалық түрде құрастырылған, рационалды дүниеге көзқарастың жүйесі. Философия – адамзат білімінің, рухани мәдениетінің өте ертеде қалыптасқан, қызықты салаларының бірі. Алғаш ертедегі Үнді, Қытай Грецияда б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда қалыптасып, қоғамдық сананың мықтап бекіген формасына айналды. Философия қалыптасқаннан-ақ дүниетанымдық сұрақтарды алға тартып, оларға жауап іздеді. Табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туғанда философиялық дүниетаным қалыптасты. Философия – болмыстың заңдары мен жалпы принциптері, адам мен әлем арақатынасы және таным жайындағы ілім. 3. Философиялық ойлау еркінойшылдыққа сүенеді, белгілі бір авторитетке тәуелді емес. Философия білім жүйесінсіз мүмкін емес, ол тарихи білімді ұсынады, философия рационалды танымды негіздейді. Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады: онтология – әлем, болмыс туралы жалпылама,қозғалыс туралы және оны қозғаушы ғаламдық күш туралы, оны ұйымдасуының жалпы заңдары туралы ілім; гносеология – таным туралы, оның негізделуі, оның мүмкіндіктері мен шекарасы жөніндегі ілім; әлеуметтік философия – қоғам туралы, оның негізгі сфералары, оның адам мен табиғатпен өзара байланысы туралы ілім; антропология – адам туралы, оның табиғаты және іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім. аксиология – құндылықтар туралы ілім; этика – адамгершілік, мораль туралы ілім; логика – ойлау заңдылықтары туралы ілім; эстетика – сұлулық заңдылықтары мен канондары туралы ілім. 4. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлін оның қоғамдық қызметтрінен көруге болады: дүниетанымдық - дүние туралы түтас түсініктің, пікірдің қалыптасуына әсер етеді; методологиялық – қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді, нақтылайды; теоретикалық – концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді; гносеологиялық – қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (таным механизмін анықтауды) көздейді; аксиологиялық (гр. Axios – құнды) заттар мен құбылыстарды құндылықтық тұрғыдан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық) бағалауға үйрету; әлеуметтік – қоғамның пайда болуы мен эвалюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күшін, ішкі қайшылықтарын анықтап, жетілдіру жолдарын нұсқау; тәрбиелік – гуманистік құндылықтарды, идеяларды зерттеп, қоғам мен адамға керектісін ендіру, адам өмірінің мәнін табуына көмектесу; сындарлы – білімге сыни көзқараспен қарай отырып, таным көжиектерін кеңейту, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарлату; болжамдық (футурологиялық) – қолда бар философиялық білімдерге, таным жетістіктеріне сүйене отырып таным процесстерінің, адамның, табиғаттың, қоғамның даму тенденцияларын болжау Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1. Дүниеге көзқарастың сенім мен догмаларға негізделген тарихи түрі – онтология философия дін* Миф өнер 2. «Философия» термині грек тілінен аударғанда: пікір таластыру әлем мен адам туралы ілім даналыққа құштарлық* жан бақыты әлемге деген құштарлық 3. Дүникөзқарастың анықтамасын көрсет: қоғам туралы білімдер адамгершілік туралы білімдер әлемге деген діни көзқарас әлемге, әлемдегі адамның орнына деген көзқарастар* практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы 4. Миф деген сөздің көне грек тілінен аудармасы қандай? сөз құрылымы оқиғалар желісі Аңыз* жалған мен ақиқаттың үйлесімділігі Ақиқат 5. Ғылыми білімнің әдістемелік белгілі философиялық көзқарастарға, философиялық принциптер мен категорияларға негізделетінін көрсететін философияның қызметі: аксиологилық реттеуші гуманистік методологиялық (әдістемелік)* гносеологиялық Дәріс 3.Әлемді философиялық талдаудың негіздері: сана, жан және тіл – 2 сағ. Жоспар Фәлсафа дәстүріндегі жан, ақыл, парасат, рух ұғымдары. Философидағы сана мәселесі. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім. Ойлау және тіл. 1. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі философиялық танымның негізгі мәселелері. Антикалық философиясында рух пен парасаттың космологизмімен ерекшеленеді. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі Пифагор философияында адамның антропологилық құрылымымен байланыстырыла түіндіріліп, рух – жоғарғы ақыл, ақыл (төменгі), өмір – тныс алу және дене деп қарастырылса, Платон боынша рух- ноус, ақылды жан, ақылды емес жан және дене бөлген. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі қалыптасқан. Рух – құдайлы бастама, жан – жеке сана, дене – табиғи бастама ретінде түсіндіріледі. Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана – дүниені бейнелеудің ең биіе, тек адамға тән идеалдық формасы. Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады. Ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Адам өз түсіктері арқылы сыртқы дүниедегі құбылыстарды қабылдап, лынған ақпараттарды жүйке жүйелерарқылы арнаулы ми бөліміне жеткізеді, осы сәттен сараптау басталады. Ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттық өрістер» негізінде жүреді. 2. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну сана фактілерін, сана феномендерін, сананың қалыптасуын қарастыруды қамтиды. Сана тек адамда болғандықтан,сана мәселесін қарастыруда антропосоциогенез адамның пайа болуы мен дамуының сатыларын талдау маңызды. Антропогенездің негізгі концепциялары. Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.) Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч. Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, позитивизм) Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық, биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.) 3. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттіліктерінен көрінеді. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезімді жанжақты қарастыру және көтерудің маңызы – ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келтіруді білдіред. Рух дегеніміз - өзіндік сезіну, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Қазақ халқының руханиятына – оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтыры жатады. 4. Ойлау және тіл. Адамның ойлану әрекетi тiкелей сезiмдiк таным үрдiстерiмен ғана емес, тiлмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Осындай ерекшелiк адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық өзгешелiгiн көрсетедi. Жануарлардың қарапайым ойы нақтылы әрекетке байланысты, ол жанама, абстракты ой бола алмайды. Адам сөйлеу, дыбысты тiл нәтижесiнде нәрселер мен құбылыстардың мәндi, тұрақты белгiлерiн ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте, тiл адамның ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сөз арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп, заттар мен құбылыстарды әртарапты танып бiлуге мүмкiндiк туады. Адам тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. Өз ой-пiкiрлерiнiң жүйесiн, нәрселер жайындағы нақты түсiнiктерiн жасайды. Әрбiр ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жүйелi болып, оның нәрселердiң мәнiн түсiнiп бiлуi сөйлеу арқылы жүзеге асып, өзгелерге жеткiзiледi. Адамның ойы тiлмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тiлдiк материал арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады. Ойлаудың қоғамдық мәнi. Ойлаудың тiлмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәнi адам ойлауы дамуының қоғамдық-тарихи сипатта болатындығын көрсетедi. Адамның дүниетанымы, бiлiмi және өмiр тәжiрибесiнен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысып отырады. Бұл – тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетiлуi мен бiлiмнiң өсуi әрбiр ұрпақ жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды әлеуметтiк өмiр қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтiп, тарихи даму адам баласының қоғам өмiрiндегi қарым-қатынасын нығайтады. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: Жан туралы ғылыми пікірді ұсынған шығыс ойшылы: Ибн Сина* Демокрит Лукреций Платон Аристотель 2)Психиканың функциясы: Белгілі бір адамға тән тұрақты құрылымдарды сәулелендіру Механикалық енжар көшіру Адамның өміріндегі барлық түсініксіз құбылыстарды бейнеле Дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру Қоршаған дүниені бейнелеу* 3)Сана : Белгілі-бір адамға тән іс-әрекеттің қандай да бір сапалық-сандық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылымдар Адамның ішкі мазмұны Адамның барлық психикалық қызметінің жалпы қасиеті болып табылатын бейнелеудің ерекше формасы Дүниетанымдық көзқарас Объективті дүниенің субъективті таңдамалы бейнесі* Дәріс 4. Онтология болмыс туралы ілім – 2 сағ. Жоспар Болмысжәне бейболмыс ұғымдары. Болмыс түрлері. Материя категориясы. Материяның атрибуттары мен модустары. «Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. 1.Онтология– болмыс туралы ілім. Философияның негізігі сұрағы «дүниенің негізі не?» деген сұраққа жауап іздеумен басталады. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негізі деп қараған. Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды. Олай болса, болмыс ұғымы – дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық катигория. Болмыс ұғымына қарсы ұғым – болмыссыздық (бейболмыс). Философияда болмыс ұғымын алғаш рет қолданған Прменид болды, оның түсінігінше «Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ». бұл ой өмірлік тәжірбиеге сай клмейді. Бұл дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ. яғни, Парменид бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады, яғни ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Теяр де шарденнің «Дүние әлі де жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын негізгі күш - адамзат» - деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр. |