Философия. Философия дәріс тезистері. Дріс Ойлау мдениетіні алыптасуы ойлауды философиялы трі 2 са
Скачать 146.03 Kb.
|
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1.Этика терминінің авторы: A. Аристотель. B) Сократ. C.Платон. D.Сенека. E.Цицерон. 2..Жақсылық, игілік, үят, ар, ождан категорияларын зерттейтін этиканың саласы: A.Нормативтік этика B. Эмпирикалық этика C. Теоретикалық этика D. Экологиялық этика Е. Биоэтика 3.«Никомах этикасы» атты кітаптың авторы: A. Платон. B. Аристотель. C. Сократ. D. Демокрит. E. Сенека. 4.Конфуций этикасында қандай категория орталық орынды алады: A.Жень. B. Ли. C. Мин. D. Тао. E. Дао. 5.Құндылықтардың философиялық теориясы - ол: А.Әлеуметтік философия, В.Аксеология С.Гносеология, D. Праксеология, Е. Методология. 6.Конфуцийдің этикалық-саяси көзқарастарының мәні неде? А.Қайырымдылық арқылы басқару теориясында В. Жаңа мемлекетті құру жолында С Шындықтың әлеуметтік мәселелері D. Билеушінің идеалды образын жасауда Е. қоғамның әлеуметтік страификациясын құруда 7.Сократ пен Платоннан бастап, құндылықтар теориясының негізгі сұрақтары қандай болды? А. Игілік деген ен, ақиқат деген не? В. Өмір деген не, адамгерщілік деген не? С. Күш деген не, даналық деген не? D. Махаббат деген не, игілік не? Е. Достық деген не, даналық деген не? 8.Эллинизм дәуірінің философиялық-этикалық мектептерін көрсет: А. Милет және Элей мектептері; В. Пифогор және Атомистік мектептер С. Софистер және Сократ мектебі; D. Платон академиясы және Аристотель лицейі; Е. Эпикуршілдік және Стоиктер мектебі 9.И.Канттың мораль мәселесін көтерген шығармасы. А. Таза ақылға сын В. Практикалық ақылға сын С. Пайымдау қабілетін сынау D. Дерексіз бастамаларды сынау Е. Біздің сыншыларымызды сынау Дәріс 10 Еркіндік философиясы Жоспары 1.Еркіндік ұғымы 2.Еркіндік пен жауапкершілік 3. Филоосфия тарихынды еркіндік мәселесінің қарастырылуы 4. Абайдың «толық адам» ілімі 1. Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің «Анти-Дюринг» атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі, ең алдымен, билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т.б.) байланысты болып келеді. 2. Жауапкершілік пен еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді. Бұл философиялық ұғымдар адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі. Философиялық сөздікте де жауапкершілік пен еркіндік өзінше анықталып жүр. Анықтамасы бойынша: «Жауапкершілік – этика және құқық саласымен байланысқан, ерекше, әлеуметтік және моралді, құқықтық тұлғаның қоғамға, адамзатқа қатынасын білдіреді, ол өнегелік парыз атқарумен сипатталына-ды». Анықтамада көрсетілгендей, шындығында, қазіргі кезде жауапкершілік этика мен құқық саласында ең көп қолданыс тапқан, өнегелік парыз сезімімен байланысқан. Дегенмен, бұл анықтаманы толық, жан-жақты деп айту қиын, себебі, адам онтологиясының осы мәселеге қатысты келесі маңызды көрінісі – еркіндікпен байланыссыз қарастырған. Жауапкершілік – еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол еркіндікпен үздіксіз байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады. 3. Әлемдік философияда еркіндік мәселесі көне грек ойшылдарының идеяларында көрініс тапты. Қоғамда адамдардың еркін және еркіндігі жоқтарға бөлінуіне байланысты еркіндік антика философиясында мәселе ретінде қойыла бастады. Бұл мәселені алғаш философия тарихында Сократ көтерген болатын. Әрі қарай өрбіткендер Платон, Эпикур, стоиктер және т.б. болды. Орта ғасырларда болса, ерік бостандығы ретінде философия мен теологияда еркіндік мәселесін шешуге талпыныстар жасалынды. Бұл әсіресе христиан дінінің үстемдік етуімен байланысты. Ондағы негізгі идея адамның «күнә мен күнәдан құтылу» жолдарын таңдауы болды. Бұл мәселеде философтар ғана емес теологтар да бір шешімге келген жоқ. Соңында екі негізгі бағыттағылар арасында күрес басталды. Еркіндіктің алдын ала Құдаймен анықталып қойылатындығын жақтаушылардың ең көрнекті өкілі Августин болды. Орта ғасырдағы ұлы христиан ойшылы ақыл мен еріктің айырмашылығын адамның Құдай алдындағы күнәһарлығы еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан тайқуынан көреді. Екінші бағытқа ерік бостандығын дәріптеуші Фома Аквинскийдің ілімін жатқызуға болады. Ал қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары еркіндікті адамның кедергісіз жан-жақты даму ретінде түсіне отырып, оны жоғарғы адамдық құндылықтық деңгейіне көтерді. Мұндай түсінік Дж.Бруно, Пико делла Мирандола, М.Монтень еңбектерінде байқалады. Жаңа Заманда капитализмнің орнығуымен еркіндік өзекті мәселеге айналды. Еркіндік мәселесі жайында Декарт пен Спиноза, Гоббс пен Руссо, Локк пен Юм сияқты ойшылдар өз көзқарастарын қалыптастырған болатын. Осы ойшылдардың ізденістерінің өзіндік бір қорытындысындай және батыстық мәдениеттегі еркіндік мәселесін шешуде өзіндік үлгі қалыптастырған неміс классикалық философиясы деуімізге болады. Неміс классикалық философиясының өкілдері И.Кант, Г.В.Ф.Гегель, Л.Фейербах, И.Г.Фихте, В.И.Шеллинг еркіндік мәселесін ерекше деңгейге көтере отырып, оны онтологиялық, этикалық, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қарастырды. Еркіндік мәселесін диалектикалық материализм тұрғысынан қарастыру Ф.Энгельстің шығармашылығымен байланысты. Ал кеңестік философияда еркіндік көбінесе тек қажеттілікпен байланысты қарастырылды. Қазақ халқының дүниетанымында еркіндік болмыстың іргетасы ретінде қарастырылады. Адам мен әлемнің қатынасы контексінде еркіндік мәселесі адамның табиғаттың ажырамайтын бөлігі ретінде қарастырылуынан туындайды. 4. Абай халқымыздың ұлы ұстазы, тәлімгер педагогі. Оның өлеңдері мен қара сөздерінің ең басты объектісі - адам, басты мақсаты - адам тәрбиесі. Ғалым Мекемтас Мырзахметовтің зерттеуінше, адам болғанда да «өзі үшін оттаған хайуанның» бірі емес, адамдар үшін еңбек ететін, «ақыл, қайрат, нұрлы жүректі тең ұстайтын» жан – жақты жетілген адам. Абайша айтқанда, «толық адам». Ал «толық адам», «жетілген адам» дегендердің мағынасы – терең философиялық ұғымдар. Абайдың мұраты – адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақ қоғамын ілгері дамыған мәдениетті елдер қатарына қосу. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп, адам атына терең мән беріп, жоғары талап қойған Абай өз шығармаларында адамның жаратылысы мен өсіп-жетілуін, адам болу жолы мен адамдықтан шығатын жаман істерді атап көрсетеді. «Толық адам» бейнесін көрсететін, дәлірек жеткізетін басты өлеңдерінің бірі – «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі. Абайдың 1898 жылы жазған өлеңдерінің бірі. Тақырыбы: Ақыл, қайрат, жүрек бірлігі. Идеясы: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған» адам ғана «толық адам» бола алады. «Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» Бұл жерде жүрек –қағылез, сергек сезімде, ал қайрат –байсалды сабырлылық пен табанды төзімділікті тудыратын қасиет. Тәрбиелілігі: Қазіргі кезде біреу жүрекке бағынса, біреуі ақылға бағынса, біреуі қайраттың жетегінде кетеді. Ақыл, қайрат, жүрек бірлігі ғана адамды «толық» етеді. Ақын бұл өлеңінде ақылды бәрінен бұрын қойған. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1.Спинозаның қағидасы: А. «Адам-барлық заттардың өлшемі» В.«Білім-күш» С. «Бостандық-қажеттілікті түсіну» D. «Мен ойлаймын, демек өмір сүремін» Е. «Бір өзенге екі рет түсуге болмайды» 2.«Билiкке деген ерiк» деген түсiнiктi енгiзген: Ф. Ницше А. Шопенгауэр С. Кьеркегор К. Маркс Б. Рассел 3. Ж.Ж. Руссоның философиялық толғаныстарының бірі: А. Адамның рухани бостандығы В. Ақыл-ойдың табиғат дамуына жол ашу С. Ғылыми дүниеге көзқарасқа жол ашу D. Моральді діннің қамқорлығынан азат ету Е. Адам тағдары 4.«Бостандық философиясы» еңбегінің авторы кім? АН.А. Бердяев ВВ.Н. Вернадский С. П.А. Флоренский D.В.Н. Лосский Е. Л.И. Шестов Дәріс 11 Өнер философиясы Жоспары 1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде 2. Антика философиясындағы өнер 3. Классикалық эстетика негіздері 4. Өнер философиясының категориялары 1.Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады: объективті шындықтағы эстетикалық ұғым субъективті эстетикалық үғым (эстет. сана) өнер (субъективті және объективті эстететикалық ұғымдардың бірлігі ретінде). Эстетика дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығармаылық қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. Эстетика гректің «айстетикос» (сезілетін) деген сөзінен шыққан. Ол сөздің мағынасы біз қазір қолданып жүрген эстетика ұғымымен онша сәйкесе қоймайды. Эстетика тек қана ақыл-ойды немесе олардан тыс адам сезімдерін ғана қарастырады десек қателескен болар едік. Бұл сөздің астарында оның екеуі де бар және интуиция мен елестету (қиялдау), армандауға қатысты қасиеттер де осы ұғымның шеңберінде қарастырылады. Біз эстетикалық деген ұғымға тек сезім арқылы танығандарымызды (қабылдағандарымызды) жатқыза салмаймыз. Эстетика және эстетикалық дегенде біз өмір мен өнердегі әсемдікті қабылдаудан бөліп алып қарай алмаймыз, заттар мен құбылыстарды өзгеше көркемдік тұрғыдан қабылдаудан ажыратып та жатпаймыз. Мұнан эстетикаға деген адамзат қауымының қызығушылығы ол сөздің, яки эстетика деген атаудың пайда болуынан кейін ғана басталған екен деген ой тумауы керек. Эстетикалық мәселелер ол атау өмірге келмей тұрып-ақ пайда болғаны баршаға аян. Адамзат тарихында эстетикалық таным тегінің тарихы өте көне дәуірлерден тамыр тартатынын бүгінгі ғылым дәлелдеп отыр. Бірақ олар оны эстетика деп атын атап, түсін түстей қоймаған болатын. Оның ғылым ретінде орнығуын ғалым А. Құлсариева өзінің «Эстетика» деген оқу құралында былайша түсіндіреді: «Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алған «айстетикос» – сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбірі әлі күнге дейін «анестезия» сөзінде кездеседі», – дейді. А. Баумгартен (1714-1762) адам ақыл-ойы арқылы жүйелі нақты түсіндіруге көне бермейтін құбылыстың бар екенін мойындап, оған танымның ерекше саласы ретінде эстетикалық деген атау берген. Эстетика ғылымы – адамның ақиқат шындықты көркем игеру заңдылықтарын, оны көркем қабылдау заңдылықтарын зерттейді. «Эстетика» деген сөзді біз күнделікті өмірде жиі пайдаланып жатамыз. Адамдар тіршілігінің барлық саласында дерлік қолданып жүргендіктен бәрімізге де түсінікті, жалпыға ортақ ұғым сияқты әсер қалдырады. Киім эстетикасы, кино эстетикасы, спектакль эстетикасы, үй жабдықтары (шкаф, сандық, орындық, стол т.б.) эстетикасы деп айта береміз. Әрине мұның бәрі қате екен деп айтуға болмайды. Бірақ эстетика негізінен өнер туралы философиялық ғылым. Өнер адамзаттың өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ.Нұржанов өзінің еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада – кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер адамының барлық шығармашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнердің формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілін де көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминімен аударылатын «poіesіs» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды», «сана» ұғымдарын де білдіреді. Адамның әрекетімен байланысты және осы әрекеттің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poіcsіsіa» - адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – «Physіs’y»қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әртүрлі формалардағы көркем шығармашылықтың нәтижелері мен процестері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б.) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастырамыз. 2. Әсемдік эстетикалық құндылық ретінде адамзат мәдениетінің тарихында, ең алдымен антикалық философияда терең теориялық тұрғыда талданған еді. Софистердің бізге дейін жеткен шығармаларының көпшілігі эстетикалық мәселелерге арналған. Мысалы, «Dіalexeіs» деп аталатын трактатты алуға болады. Бұл шығарманың алты тарауының екіншісі «сұлулық пен тұрпайылық» мәселесіне арналған: «Әсемдік пен тұрпайылық» туралы екі жақты пікірлер айтылады. Біреулер оны өз атаулары көрсетіп тұрғандай әсемдік басқа, тұрпайылық басқа деп тұжырымдайды; келесілері әсемдік те, тұрпайылық та бір деп есептейді. Мен болсам былайша пайымдаймын. Әшекейлермен безену, иіссуларды жағу, алтын заттарды тағу еркек үшін – тұрпайы, ал әйел үшін - әсем. Достарыңа жақсылық жасау - әсем, ал жауларына – тұрпайы. Дұшпаныңнан қашу тұрпайы да, ал алаңда жүгіру - әсем. Достарың мен азаматтарды өлтіру – тұрпайы, ал дұшпандарды өлтіру - әдемі. Және барлығы да осылай… Менің ойымша, егер біреу адамдарға барлық тұрпайы нәрселерді бір жерге жинауға бұйрық беріп (әркімнің өз қалауы бойынша) және осы үйіндіден әркім өзінше әсем деп есептейтін нәрселеріңді алыңдар деп бұйырса, онда адамдар бұл дүниеден түк қалдырмай талап әкетер еді, өйткені адамдар әртүрлі ойлайды (Лосев А.Ф. История античной эстетики. Софисты. Сократ. Платон. М., 1974, 16-17 беттер). Бұл мәтін софистердің әсемдіктің салыстырмалы сипатын мойындағанын білдіреді. Әсемдік орынның, уақыттың және мақсаттың шарттарымен байланысты ғана өмір сүреді. Нәрсе бір қатынасында әсем болса, екіншісінде тұрпайы. Әсемдіктің мәні туралы осыған ұқсас ойлар кейінгі ғасырларда да айтылды. V ғасырда (Византия), XV ғасырда (Испания), ХХ ғасырда (АҚШ) айтылған бірнеше аксиологиялық пікірлерді келтірейік. Дионисий Ареопагит: «Әсемдік дегеніміз барлық әсемдік сияқты үнемі мәнді, бірдей әсем, сонымен бірге ерекше әсем, пайда болмайтын және жойылмайтын… Өз-өзінде және өз өзімен келісімінде ол бүкіл әсемдіктің терең сұлулығын сәулелендіріп тұратын әрқашанда тұтас бейнелі әсемдік». Леоне Эрео: «Тән үйлесімділігі, адам тәнінің үйлесімділігі немесе өнердегі үйлесімділік әлемдік рухта да үстемдік ететін үйлесімділік пен тұтастықтың бейнесі болып табылады. Бұл үйлесімділік әлемдік рухтың бейнесі, өйткені әлемдік рухтағы реттелген тұтастық пен формалардың тәртібі сияқты бұл да үйлесімді үндестік және тәртіптен құралады, үйлесімді әндегі, насихатты ой-толғау немесе өлеңдердегі дыбыстардың тәртібін естудің нәтижесінде біздің рухымыз онда бейнеленген әлемдік рухтың үйлесімділігі мен үндестігіне қуанады». Дж. Сантаяна: «…Сұлулық … идеалдың көрінісі, құдіретті парасаттың символы болып табылады». |