Философия. Философия дәріс тезистері. Дріс Ойлау мдениетіні алыптасуы ойлауды философиялы трі 2 са
Скачать 146.03 Kb.
|
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек. Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады: 1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді, өзімен-өзі объективті өмір сүреді; 2) адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі; 3) рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы; 4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестерге жіктеледі. 2.Материя – бұл обьективті реалдылықты білдіретін, адам санасынан тәуелсіз тіршілік ететін универсалды категория. Материя түйсіктер арқылы сезілетін обьективтілік. Материяда болмыс категориясы нақтыланады. Барлық материя тірі деп қарастыратын философиялық ілім – гилозоизм деп аталады. Материя мәңгі, шексіз, жоғалмайды, күнделікті қозғалыста болады. Ол өзіне-өзі себеп деген қасиеттер материяның атрибуттарын білдіреді. Материяның атрибуты дегеніміз-барлық материялар мен материалдық обьектілерге тән қасиеттер. Материяның сондай-ақ модустары бар, ол материяның жеке түрлерінің қасиеттері. Ол құрылымдық дамудың деңгейін сипаттайды. Материяның құрылымдық даму деңгейі Табиғат Қоғам Неорганикалық табиғат Органикалық табиғат Элементарлы бөлшектер, ДНК, РНК, белок, Адам, жанұя, атомдар, молекулалар, клетка, организм, әлеуметтік топ, галактика поуляция этнос, халық Материяның формалары немесе өмір сүру тәсілдері – қозғалыс, кеңістік, уақыт. Қозғалыс-бұл материяның тіршілік ету тәсілі, демек ол материя сияқты мәңгі, қайталанбайтын, жоғалмайтын, бір формадан басқа формаға өтуші, жалпы, абсолютті. Қозғалыстың формасына тән ерекшелік - өзгермелік және тұрақтылық. Кеңістік – бұл материя тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді объективті формасы. Уақыт – бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы. Дүниенің түпнегізін бір ғана субстнация - материя немесе рухты санайтын философиялық ілім - монизм деп аталады. Монистік әлем моделі әлемнің негізі не материалды не рухани бір субстанция болуы керегін түсіндіреді. Әлемнің түпнегізін екі бастамадан көретін философиялық концепция – дуализм деп аталады. Әлемнің басатауын екі немесе одан да көп субстанциядан іздейтін философиялық ілім – плюрализм. 3. Рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы болып таблады. Адам болмысы рухани болмысмен нақтыланып, ол қиял, ой-өрiсімен шындықпен орайласып, тиiстi мақсат-мүдденi жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Шындыққа сай келетiн ойдың мазмұны терең, олар өмiр тәжiрибелерiне, бiлiмге негiзделген. Идеялар болмысы жаңаны iздеп табу, белгiсiз нәрсенi ашуға ұмтылу әрекетiнен байқалады. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1. Болмыстың толық түсіндірмесін көрсетіңіз: болмыс-барлық материалды әлем болмыс-шексіз әлем болмыс-психикалық іс-әрекеттің барлық түрлері болмыс-тіршілік ететіннің барлығы* болмыс-мәдениеттің рухани әлемі 2. Болмыс туралы философиялық ілім гносеология логика антропология диалектика онтология* 3. Кім алғаш рет философияға «болмыс» терминін енгізді? A) Пифагор; B) Парменид;* С) Зенон; D) Фалес; E) Сократ. 4. Субъективтік және объективтік шындықтың бірлігін қалай атайды: A) материя; B) қозғалыс; С) уақыт; D) болмыс;* Е) кеңістік. 5. Болмыстың құрылымдық байланысын бейнелейтін категориялар: A) жеке және жалпы; B) кездейсоқтық және қажеттілік; С) себеп және салдар; D) бөлік және бүтін;* E) құбылыс және мән. Дәріс 5.Таным философиялық мәселе ретінде – 2 сағ. 1. Гносеология және эпистемология. Таным түсінігі 2. Таным түрлері 3. Ақиқат және оның өлшемдері 1. Таным теориясы немесе гносеология философияда оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ пайда болған. Гносеология грек тілінен аударғанда, таным туралы білім деген мағына береді. Гносеологияның философиялық проблематикасы: дүниені танып білуге бола ма, адамның танымдық табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын. Соңғы уақытта «эпистемология» термині пайда болды, ол да өте кең таралды. Бұл термин ғылыми таным теориясын білдіреді. Дүниені танып білу мүмкіндігі мәселесінің шешімдері Дүниені танып білуге бола ма? Иә Гносеологиялық оптимизм Жоқ Агностисизм Кейбір жағдайда жоқ Жартылай агностисизм Танымның құрылымы. Таным субектісі дегеніміз-мақсатпен бағытталған заттық-практикалық, белсенді таным әрекетін ұстанушы, ол индивид те, ұжым да, әлеуметтік топ, қоғам да болуы мүмкін. Таным обьектісі дегініміз-субьектінің таным әрекеті бағытталған нәрсе. Танымның түрлері: сезімдік таным (түйсік, қабылдау, елестету); рационалды (логикалық) таным (түснік, пайымдау, ой-тұжырым) Сезімдік таным бойынша біз әлем туралы алғашқы білімдерді түйсік, қабылдау, елестету түрінде аламыз. Алынған сезімдіктер рационалды сферада ой тұжырым, пайымдау, түсінік көмегімен өңделеді. Таным процесі адамның практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қоғамдық практика таным процесніңі негізі және мақсаты. Сезімдік таным түрлері: Түйсік-материалды заттың адам сезім органдарына тікелей өзара әрекет ететін қарапайым, элементарлы көрінісі. Олар белгі немесе сигналды қызметтер атқарады. Қабылдау-сезімдік таным формасы, онда обьект тікелей сезім органына әсер етіп, санада тұтастай көрініс беруі. Қабылдау түйсік негізінде пайда болады. Ол да образдық-белгі бірлігімен сипатталады. Елестету-заттың жанама-сезімдік бейнесі, ол қабылдау негізінде пайда болады. Рационалды таным түрлері: Түсінік-бұл ой формасы, онда жеке заттар мен олардың топтары жалпыланады, кластарға бөлінеді. Пайымдау-бұл ой, онда әлдене бекітіледі немесе шындық заттармен терістелуі мүмкін. Ой-тұжырым-бұл ойлау формасы, ой-тұжырым арқылы бір немесе бірнеше пайымдаудан жаңа пайымдау шығару. Ойлауды-жалпы түрде сезімдік немесе түсінікті бейнелермен интеллектуалды операцияларды өңдеп шығару тәсілі ретінде айтуға болады. 3. Ақиқат гносеологияның ең басты сұрақтарының бірі. Философияда ақиқат мәні туралы анықтамалар өте көп. Біреулер үшін ол сәйкестік пен корреспонденция болса, екіншілер үшін эмпирикалық концепция, үшіншілері үшін конвенционалды теория, төртіншілер үшін өзімен келіскен білім, бесіншілер үшін практикаға қолдануға өте ыңғайлы, т.б. Ақиқат-субьектінің шындықты танудағы практикалық білімді игерудегі адекватты көрінісі немесе обьектіге ойдың сәйкес келуі. Ақиқат өлшемдері: Салыстырмалы ақиқат-бұл біріншіден, толық емес білім, ол қоғам дамуының білгілі-бір деңгейімен сәйкес келеді, екіншіден, белгілі-бір шартқа, орын мен уақытқа тәуелді білім. Абсолютті ақиқат-бұл біріншіден, шексіз әлем туралы толық білім, екіншіден, болашақта терістелінбейтін білімдер. Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субъективтіктің диалектикалық бірлігі. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді – абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат – әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективті ақиқаттың көріністері. Объективті ақиқат салыстырмалы – абсолютті түрде ғана өмір сүреді. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1. Агностицизмге анықтама беріңіз: Адам танымды әрқашанда салыстырмалы; Дүниені танып-білуге болады; Дүниені танып-білу күмәнді; Дүниені танып-білуге болмайды;* Білім ақиқаттылығының айғағы (критерийі) практикалық пайдада жатыр дейтін ілім. 2. Танымның қайнар көзі ақыл-ойда. Осы пікір қай гносеологиялық концепцияға жатады ? Рацилнализмге;* Сенсуализмге; Эмипиризмге; Скептицизмге; Агностицизмге. 3. Ақиқат дегеніміз не? Білімнің реалдылықтың өзіне сайлылығы;* Заттар мен құбылыстардың өздерінің объективтік жағдайы; Пайдалы табысқа жеткізетін білім; Ғалымдардың шартты келісімнің нәтижесі; Авторитетті пікір. 4. Ақиқаттың ең фундаменталды өлшемі қандай? Тәжірибе;* Пайдалылық; Жалпы мойындалғандылық; Әдемілік; Айқындылық пен анықтылық. 5. Сезімдік танымның негізгі формалары: 1) Түйсік, қабылдау, түсінік;* 2) Пайым, ақыл-ой, рух; 3) Ұғым, пікір, тұжырым; 4) Интуиция, қабылдау, түсінік; 5) Гипотеза, идея, теория. Дәріс 6.Білім, ғылым, техника және технология философиясы – 2 сағ. Жоспар Ғылым философилық пән ретінде, ғылымның пайда болуы мәселесі мен тариых. Ғылым және техника. Қазіргі кезеңдегі ғылымның дамуы мен көрінісі. 1. Ғылым және білім философиясы біріншіден, ғылыми-танымдық қызметті сипатын зерттейтін философиялық бағыт, екіншіден, ол білім жүйесін дамушы жүйе ретінде, адам қызметінің елеулі арнасы ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі. Ғылым философиясына қатысты әр түрлі көзқарастар қалыптасқан: — ғылым әдісі мен нәтижесіне сүйенетін философия (Р. Карнап, М. Бунге, А. Уайтхед); — гуманитарлық білім мен ғылым арасындағы дәнекер (Ф. Франк, М. Вартовский); — ғылымды әдіснамалық тұрғыдан талдау (Г. Р. Харре, М. Б. Хессе, И. Лакатос, Л. Лаудан); — ғылымдағы идеологиялық спекуляция, қоғам мен ғыылмға зиянды нәрсе (П. Фейерабенд); — ғылыми қызмет пен ғылым ойлаудың алғышарттарын көрсету — ғылыми танымның басқа таымдардан айырмашылығын көрсетіп беретін метағылыми әдіснама; —ғылымтануға синоним, ғылымның әдіснамасын, таихын, социолоиясын біріктіретін пән. Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір тарауы ретінде пайда болса, ал философиялық бағыт ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде қалыптасқан еді: О. Конт, Г. Спенсер т.б. Ғылым философиясының дамуы мынадай кезеңдерді бастан өткерді: 1) (XIX ғ екінші жартысы.) тәжірибелік танымның логикалық құрылымдарына назар аударды, зерттеудің психологиялық сипатына қарай көңіл бөлді. 2) (XX ғ басы.) ғылымның мазмұндық негіздері басты орынған шығарылды; детерминизм, тұрақты және өзгермелі заңдылықтардың арақатынасын, кеңістік пен уақытты зерттеу, ғылыми білімнің бірлігі және әлем бейнесінің бүтіндік құрылымы жолға қойылды. Демаркация, ғылым мен метафизиканың бөлінуі, математика мен жаратылыстанудың айырмашылығы, әлеуметтік-гуманитарлық пен табиғи жаратылыстану ілімдерінің ара байланысы талқыланды. 3) (XX ғасыр ортасы.), ғылым тілін зеттеу (Венский үйірмесі, Берлин тобы — М. Шлик, Р. Карнап, Х. Рейхенбах). Неопозитивистік философия верификация, фальсификация мәселелерімен шұғылданды. 4) ХХ ғасырдың 60 жылдарында постпозитивистік кезең болды.Әдіснамалық тұжырымдардың көп түрлілігі, өзара сын, қатаң логикалық ж.йелерден бас тарту т.б. мәселелер жолға қойылды (Т. Кун, К. Поппер, С. Тулмин, И. Лакатос, Дж. Агасси, П. Фейерабенд). Ғылымның пайда болуы туралы мәселе өзгеше күрделі. Бүгінгі таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден, ғылымның пайда болған уақыты мәселесіне, екіншіден, ғылымның шыққан орнына, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге болатын белгілерге қатысты өрбиді. Негізгі ұстаным – ғылымның алғашқы бұлақтары, – адамның еңбек құралын дайындауды бастағанын жан-жануарлар әлемінен бөліп көрсету шамасына қарай, – сол ең бір алыс замандардан (1,5-2 млн. жылдар бұрын) бастау алады деген тұжырым болып табылады. Көпшілік ғалымдар ғылым – ол қазіргі заманғы адамзат дамуының өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды. Ғылым мен техниканың дамуын төмендегідей тәртіпте көрсетуге болады: 1. Қоғам дамуындағы ғылымға дейінгі кезең (көне заманнан XV ғасырға дейін). 2. Заманға сай ғылымның қалыптасуы (XVI ғасырдан XIX ғасырдың 70 жылдарына дейін). 3. Ғылым мен техника дамуындағы классикалық (айқын) кезең – XIX ғасырдың 70 жылдары – XX ғасырдың ортасы). 4. Ғылым дамуындағы классикалықтан кейінгі кезең (XX ғасырдың ортасынан осы уақытқа дейін). Ғылым дамуындағы зерттеу аймағындағы қайта құру ғылымси төңкеріс деген ұғымды туғызды. Ғылымның негізделуінің негізгі компоненттері: идеал мен тәсілдер, әлемнің ғылыми бейнесі, филомсофиялық идеялар мен қағидаттар. Ғылыми төңкеріске негізделген ғылымды қайта құру мынадай көрініністкермен ерекшеленеді: 1) пән ішіндегі дамудың нәтижесі – сол ғылым аясында шешілуі күрделі мәселелер туындайды, жаңа обьектілер пайда болып, жаңа таным құралдарын қажет етеді; 2) Пәнаралық өзара байланыстан туындайды – идеал мен нормалардың бір ғылыми пәннен екәішісігне ауысуы жүреді, әлемнің бейнесі қайта қарастырылу бойынша және әлемнің бейнесін қайта қараумен қатар идеалдар мен нормалар, тіпті оның философиялық негіздері өзгереді. Төртінші ғылыми төңкеріс ХХ ғасырдың соңғы ширегінде жүзеге асты. Постклассикалық емес рационалдылық типі қалыптасты. Бұрын тарихилық идеалды реконструкциялайтын – тарих, археология, тіл білімі сияқты ғылымдар басымдылықта болса, ол геология, биология салстында да жүргізілсе, бұл кезеңде теориялық білімнің типі ретінде тарихилық космологияда, астрофизикада да жүзеге асты. Синергетикалық тұрғы үстемдік ете бастады. Адамның өзі қатынасатын обьектілер зерттелді: ғаламдық экология, гендік инженерия т.б. Бұл ұсақ және ірі обьектілеғрді пайдалануды және компьютерсіз мүмкін емес жағдайды туғызды. Сонымен қатар, зерттеушіге тиым салынған, апатты жағдайларға (катастрофаларға) алып келетін обьектілер пайда болды. Техника пайда болу уақытын анықтасақ, оның өте ерте заманда болғанын түсіну қиын емес. «Тechne» – қол өнерінен бастап, ұста (мастер) деген түсініктерді де қамтиды. Техникаға бір нәрсені жасау немесе не ойыңды іске асыру үшін қолданылатын қарапайым құралан бастап, күрделі аспаптар мен құралар жатаы. Техника тәжірибе, біліммен тығыз байланысты. XVII ғ. алғаш еңбек машинасы жасалды. Техника жалпы тұрғыдан қарағанда адамды табиғатпен байланыстыратын, тек байланыстырып қана емес, табиғатқа әсер ететін және оның құпиясын ашып, пайдасын өзіне игеріп, қоғамды дамытуға қолданатын күш. Қазір адам қосымша энергия қуатын теңіз толқынынан, жел күшінен, күн сәулесінен ала бастады. Қазір мұның бәрі күрделі жолға қойылды. Ірі су электрстанциялары былай тұрсын, атом электр станциялары жұмыс істеуде. Қазіргі автоматтандырылған жұмыспроцестерін қолданып олардың дамуын үдету үшін адам программа жасайды, жұмысын бақылайды. Ал техникалық білім қалыптасуы бірнеше белестерден тұрады. XVIII ғасырдағы ғылыми-техникалық ұерістің пайда болуы мен өркендеуіні алғашқы кезеңі. ғылымдардың дифференциялану жылдары, яғни ғылымдардың бөлшектенуі және жаңа ғылымдар пайда болуы. Бұл Дж. Уаттан Эдиссонға дейінгі кезең. техника мен өнер арасы жақындаған кезең. Осы кезге сәйкес, жеті «artes techanical» (теханикалық искусство және жеті «artes liberales» (еркін искусство) пайда болды. Неміс философы Хаинрик Бек «Техника мәні» мақаласында техниканы (technikale) искусствадан ажыратып, бөліп қарауды ұсынды. Қазірге уақытта «технократия» термині жиі қолданыуда. Бұл инженерлер билігі деген сөз. Т. Веблен «Инженерлер және баға жүйесі» (1921) деген кітабында «болашақ процесс үшін капиталистер мен финансистерді ығыстырып, олардың орнын инженерлер басады» деп жазды. «Технология, – деп жазды Жапон философы Имамичи, – табиғат сияқты бізді қоршаған адамға бағынбайтын, өзінің нақты даму бағыты бар жаңа ортаға айналды, техника өмір дамуын тездетуде, өмірді өзгертуде»(Имамичи Т. «Моральный кризис и метатехнические проблемы» Вопросы философии, 1995. - №3, 79-80 бб.). ХХ ғ. 30-шы жылдарында өмірге өзгеріс ендірген техника тездеп дами бастады. 1941 ж. американдық социолог Д. Ш. Берихеим «Менеджерлер революциясы» деген кітабында мамандардың қоғамдағы билік туралы пікірін қолдай келіп, «технократия менеджерлер түрінде (басқарушылар) саяси өмірді де басқаратын болады, олар қазірдің өзінде көптеген дамыған елдерде көрініс табуда» деп жазды. Бұл пікірді «Жаңа индустриялдық қоғам» деген кітабында Д. Ж. Забрент қолдады. Одан соң З. Бжезинский, т. б. бұл пікірді ілгері дамытты: «Бұл пікір қазіргі заман көрінісі деуге болады. Бұл техниканың қоғамға, адамға тигізіп жатқан әсері сондай-ақ, басқа да әсерін айтқандар бар. Ол негізсіз емес». М. Хайдагтер былай деп жазды: «Техника – жай қарапайым дәнекер емес, техника бойдағы көрінбей жатқан шындықты ашу саласы». Сонымен қатар, техниканың тигізер кері әсерін де көрсетті. Мәселен, Рейн өзеніне электрстанциясы орнатылды. Ағын су күші турбиналарды айналдырып, электр қуатын шығарып, арзан қуатты көптеген машиналарды жұмыс істеткізді. Сонымен қатар, бұрынғы табиғатты «нұрландырып тұрған қасиетінен айырылды, табиғат өзгерді» деп жазды. Сөйтіп, техниканың пайдалы әрі зиянды жақтарын ашып көрсетті. Бұл екеуі де бір мезгілдегі бірдей болып жатқан процесс деп жазды. Испандық философ А. Тоффлер «Үшінші толқын» (1980) деген кітап жазды. Оның пікірінше, адамзат тарихы 3 дәуірді басынан өткізді. Бірі – аграрлық қоғам. Онда бәрі адам қолымен жасалады, табиғат, мал күшін де пайдаланады. Екінші толқын индустриалдық қоғам. Бұл техниканың дамып, машина пайда болған кезеңі. Бәрін техника жасайды. Үшінші толқын постиндустриялдық қоғам. Жаппай техникаланған, автоматтандырылған дәуірде адам да өзінің табиғи қасиеттерін жоғалтып, жанды, саналы күрделі техниканың бір түріне айналуда. «Техника – деп жазды Карл Ясперс, – адамдардың күнделікті өмірін, қоршаған ортаны, еңбек процесі мен қоғамды түбімен өзгертіп, күшпен басқа салаға, жаппай өндіріс саласына көшірді, бүкіл өмірді кейбір техникалық механизмге, бүкіл планетаны бүтін бір фабрикаға айналдырды» (Ясперс К. Всемирная история философии. – М., 2000. – 113 б.). Техника логикасы тоқтаусыз, тойымсыз дами бермек, ал адамның ойлау логикасы техниканы қолдан шығармай, оны басқаруды шыңдай беру. Бұл адамзаттың болашағы туралы әлемдік проблема. Міне, бұл, техника философиясының басты мәселесі. 3. Бүгінгі жаһандану заманында әлем күрделеніп, сан қырлы қатынастар мен қоғамдық өмірдің бағдарлары да өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ғылым да мынадай жалпы өзгерістерді бастан кешіп отыр: интеграция, дифференциация, математикаландыру, индустрияландыру, ақпараттандыру т.б. Интеграция жағдайында ғылыми білімдердің бірігу үрдісі басталады, ол да жаһандана бастайды, әр түрлі пәндер арасындағы айырмашылықтар түсіріле бастайды. Бұл құбылыстың өзі де әр түрлі бағытта іске асады. А) ғылыми салалардың өзара әрекеттесуі – мысалы, математика мен тіл білімі, физика мен химия сияқты ғылымдар байланыса бастайды. Б) таным аппараттарының жалпылануы мен ортақтануы – жалпы ғылыми ұғымда: құрылым, жүйе, ықтималдық, алгоритм т.б. өрісі кеңейіп, барлық ғылымдарда қолданыла бастады. В) Белгілі бір салалар басқа ғылымдарды өзіне қарай шоғырландыруда басты роль атқарып отырады: кибернетика, семиотика, ақпарат теориясы т.б. |