Маркетинг лекции. маркетинг. Дріс сабаыны ысаша тезис трінде берілген мазмны 1таырып. Маркетингті теориялы негіздері жне концепциялары. Маркетинг дегеніміз
Скачать 379 Kb.
|
Жоспар1. Маркетингтік ортаның мәні және оның негізгі элементтері. 2. Маркетингтің бақылау жасауға болатын факторлары. 3. Маркетингтің бақылау жасауға болмайтын факторлары. Екінші тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары: 1. Маркетингті қолдану үшін қажетті жағдайлар. 2. Нарықтық ортаның құрылымы. 3. Нарықтың ішкі ортасын талдау. 4. Нарықтың сыртқы ортасын талдау. 5. Белгілі мақсатқа арналған нарықты таңдау. 6. Маркетингті ұйымдастыру формалары. 7. Маркетинг құрылымы. 8. Тұтынушыларды талдау және сипаттама беру. 9. Бәсекелестің құрылымын анықтау. 10. Тәуелсіз маркетингтік информация құралдары. Тапсырма: Мына категориялар мен ұғымдарға талдау жаса: тұтынушылар, бәсеке, үкімет, экономика, технология, маркетинг стратегиясы, инфляция деңгейі, даму қарқыны, шығындар, шешім қабылдау процесі, ұйымдастыру. 3 тақырып. Маркетингтік зерттеу және маркетингтік ақпараттар жүйесі. Жоспар 1. Маркетингтік зерттеудің мәні және түрлері. 2. Алғашқы рет пайдаланылатын ақпараттар. 3. Екінші рет пайдаланылатын ақпараттар. 4. Маркетингтік зерттеу тәсілдері мен құралдары. Үшінші тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары: 1.Алғашқы мәліметтерді жинау және ұсыну тәртібі, тәсілдері. 2. Алғашқы мәліметтердің артықшылықтары мен кемшіліктері. 3. Екінші рет пайдаланылатын мәліметтерді жинау, ұсыну және оның тәсілдері. 4. Екінші рет пайдаланылатын мәліметтердің артықшылықтары мен кемшіліктері. 5. Маркетингтік зерттеу тәсілдерін талда. 6. Анкета мен механикалық қондырғыларға сипаттама бер. 7. Нарық мүмкіндігін талдау жолдары. 8. Нарыққа неғұрлым тереңдей ену дегеніміз не? 9. Тауар өткізетін нарықты ұлғайту жолы. 10. Тауарды дамыту және нарықты кеңейту сеткасын талда. Тапсырма: Мына маркетингтік түсініктерге талдау жасап, түсініктеме бер: статистикалық банк, регрессивтік талдау, корреляция талдау, факторлық талдау, банк моделі, бағаның құрылуы, диверсификация. 4 тақырып. Нарықты сегменттеу. Жоспар 1. Нарыққа мақсатты сегмент жүргізудің мәні. 2. Тұтыну нарықтарын сегменттеудің негізгі принциптері. Төртінші тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары. 1. Мақсатты нарық сегменті дегеніміз не? 2. Сегменттеу объектісіне жататын элементтерді талда. 3. Демографиялық, географиялық ерекшеліктерін түсіндір. 4. Нарыққа шығу жолдарына мысал келтір. 5. Барлық күшті бір-ақ сегментке шоғырландырудың мәні неде? 6. Сатып алушылар қажеттілігіне қарай жұмыс істеу ерекшелігі неде? 7. Нарық сегменттерінде тұтынушылар тобының тілегін қанағаттандыруға өндірісті қалай бағыттауға болады. 8. Өзара байланысы жоқ бірнеше сегментке қызмет көрсету ерекшеліктері неде? 9. Барлық нарық сегментін қамту дегеніміз не? 10. Фирма нарық сегменттерін қалай игере алады. Тапсырма: Дәрі-дәрмек өндіретін фирма тұтынушыларға дәрінің төрт түрін өндіруге шешім қабылдады. Тұтынушыларды жасына қарай бес топқа бөлуге болады. Осы мәліметтерге сүйеніп, мақсатты нарық сегментін сызып көрсет. 5 тақырып. Тұтыну нарығындағы тұтынушылар мінез-құлқы. Жоспар 1. Тұтыну нарығындағы сатып алушының мінез-құлқы және сатып алушы мінез-құлқының моделі. 2. Сатып алушы мінез-құлқына әсер ететін негізгі факторлар. 3. Қазақстан тұтынушы құқын қорғау. ҚР-ның «Тұтынушылар құқын қорғау» туралы заңы. Бесінші тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары. 1. Маркетингтің қоздырғыш факторлары. 2. Тұтынушылардың қоздырғыш факторларға жауап реакциясы. 3. Сатып алушы пікірі «Қара жәшік» - сипаттама бер. 4. Мәдениеттілік жүйедегі факторларға талдау жаса. 5. Әлеуметтік саладағы факторларды талда. 6. Психологиялық факторлардың әсері қандай? 7. Жеке факторларға не жатады? 8. Сатып алу жөнінде шешім қабылдау процесінің ерекшеліктері неде? 9. Ақпаратты іздеу қалай жүреді. 10. Тұтынушыларды зерттеу әдістерін талда. Тапсырма: Қарағанды «Нан» акционерлік қоғамының тұтынушыларына талдау жүргіз. Әдістемелік нұсқау. Маркетингтік талдау жүйесін негізге алып, бір топ тұтынушыларды жасына, жанұя табысына, жынысына және кезең ерекшеліктеріне қарай сипаттама беруге болады. 6 тақырып. Кәсіпорындар нарығындағы тұтынушылар мінез-құлқы. Жоспар 1. Кәсіпорындар нарығы, оның түрлері. 2. Өндірістік тауарлар нарығындағы сұраныс және сатып алушылар мінез-құлқы. 3. Аралық сатушылар нарығы, түсінігі мен ерекшеліктері. Алтыншы тақырыпқы арналған бақылау сұрақтары. 1. Өндірістік белгіленген тауарлар нарығының ерекшелігі, сатушылар аралығы және мемлекеттік мекемелер. 2. Тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі. 3. Тұтынушылар көзқарасына әсер ететін негізгі факторлар. 4. Қоршаған ортаға сипаттама беру. 5. Проблемаларды ұғыну, қажеттілікті сипаттау. 6. Тауар бағасын сипаттау. 7. Жабдықтаушыларды іздеу, таңдау және жабдықтаушылар жұмысын бағалау. 8. Тауарлар нарығындағы сұранысты талдау. 9. Аралық сатушылар нарығы, мәні мен негізгі сипаттары. 10. Мемлекеттік мекеме нарығы. Тапсырма: Қарағанды аймағындаы аралық сатушылар нарығының өзіндік ерекшеліктеріне толық сипаттама бер. Әдістемелік нұсқау. Жалпы нарық сипаттамасын негізге алып, ондағы тұтынушылар сұранымын анықтаңдар. Ол үшін нақты тұтынушылар талап-тілегін қанағаттандыру қажеттілігіне көңіл бөлу керек. 7 тақырып. Маркетинг жүйесіндегі тауар. Жоспар 1. Тауар түсінігі және тауарлар мен қызметтерді жіктеу. 2. Тауардың өмірлік циклінің түсінігі мен кезеңдері. 3. Маркалық аттарды беру практикасы. Жетінші тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары. 1. Тауарды жіктеудің негізгі белгілері мен көптүрлілігі. 2. Тауардың өмірлік циклінің концепциясы (ТӨЦ). 3. Тауардың өмірлік циклінің өңдеу кезеңін талдау. 4. Тауардың өмірлік циклінің енгізу кезеңін талдау. 5. Тауардың өмір циклінің өсу кезеңін талдау. 6. Тауардың өмірлік циклінің қаныққан және құлдырау кезеңін талдау. 7. Тауар белгісі және оның мәні, қызметі. 8. Фирмалық ат, фирмалық белгі, сауда бейнесі, сауда белгісі, фирмалық стиль. 9. ҚР заңы «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шығу тегі орындарының аттары ». 10. Тауар маркасы мен орауы, түсінігі, мағынасы, орау қызметі. 8 тақырып. Тауар саясаты. Жоспар 1. Тауар саясатының мәні, мақсаты және міндеттері. 2. Ассортиментті қалыптастыру және басқару. 3. Тауар саясатындағы жаңа тауарлар. Сегізінші тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары. 1. Тауар номенклатурасы. 2. Жаңа тауарларды анықтаудың мәні мен критерийлері. 3. Жаңа тауарды өңдеу кезеңдері. 4. Маркетинг стратегиясын жасау. 5. Өндіріс және өткізу мүмкіндіктерін талдау. 6. Коммерциялық өндірісті кеңйту және нарық жағдайында сынап көру. 7. Тауар бәсекелестік қабілетінің түсінігі мен оның анықталуының сындары. 8. Бәсекелестік қабілеттіліктің анықталу тәсілдері. 9. Тауар сапасы түсінігі мен оның құрылуы. Тауар сапасын анықтау тәсілі. 10. Тауар саясатындағы сервис. Тапсырма: Қарағанды «Нан» акциионерлік қоғамының «тауар» саясатының негізгі бағыттарын анықтаңдар. Әдістемелік нұсқау. Тауар саясатының теориясын негізге алып, мына көрсеткіштерді анықтаңдар: тауар ассортименті, номенклатурасы, жаңа тауар дайындау және оның негізгі кезеңдері, маркетинг стратегиясын жасау, өнім өткізу мүмкіндіктері, тауарды өңдеу және бәсекелестік қабілеті. 9 тақырып. Маркетингтегі баға және баға саясаты. Жоспар 1. Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі, функциялары және рөлі. 2. Баға белгілеу тәсілдері, кезеңдері. 3. Фирманың бағалық стратегиясы. Тоғызыншы тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары. 1. Баға түрлері мен оның сипаттамасы. 2. Икемділік түсінігі мен оның түрлері. Баға мен сұраныс деңгейі арасындағы тәуелділік. 3. Баға белгілеу процесінің кезеңі. 4. Бәсекелестердің бағасын талдау. 5. Жаңа өнім және баға белгілеу стратегиясы. 6. Тауар номенклатурасына және сапасына тәуелді баға белгілеу стратегиясы. 7. Бағаларды нарықтық өзгерту. 8. Бағалардың икемділігі, сынақтар мен жеңілдіктер. 9. құндылығы бойынша баға орнату. 10. Дискриминациялық бағалар: түсінігі, шарттары және факторлары. Тапсырма: Қазіргі кездегі орталық Қазақстандағы ет өнімдеріне баға белгілеудің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, басты бағыттарын анықтаңдар. Әдістемелік нұсқау: Баға белгілеу теориясын басшылыққа алып, ет өнімдерінің номенклатурасына қойылатын баға түрлеріне есеп жасауға болады. 10 тақырып. Тауар жылжыту және тауар тарату. Жоспар 1. Тарату арналарын анықтау, оның мәні, қызметі және құрылымы. 2. Тауар жылжытудың мазмұны, мәні және мақсаттары. 3. Көтерме және бөлшек сауда: оның мәні, қызметі және түрлері. Оныншы тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары. 1. Тарату арналарының деңгейі және құрылымы. 2. Өткізу стратегиялары: интенсивті таңдау, эксклюзивті таңдау және олардың мәні. 3. Өткізу сратегиясына әсер ететін факторлар. 4. Тауар жылжытудың арналары: тікелей, жанама және аралас. 5. Тауар жылжытудың жиынтық шығынның құрылымы мен элементтері. 6. Көтерме сауданың қызметі және түрлері. 7. Айырбас келісімдері, аукциондық саудалар, тауар биржасы, көтерме жәрмеңке. 8. Лизинг, инжириниринг, франчайзинг көтерме қызметтің формалары ретінде. 9. Бөлшектей сауда түсінігі, оның қызметі және түрі. 10. Бөлшек саудагерлердің негізгі маркетингтік шешімі. Тапсырма: Қарағанды аймағында орналасқан нақты бір көтерме сауда ұйымы мен бір дүкен жұмысына талдау жасап, оның қызметінің негізгі көрсеткіштерінен қорытынды жаса. Әдістемелік нұсқау: Тауар жылжыту және тауар тарату теориясының негізінде көтерме және бөлшек сауда қызметіне таңдап алынған объекті бойынша әр қызмет түріне және негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізу қажет болады. 11 тақырып. Тауар қозғалысы және маркетингтегі коммуникациялық жүйе. Жоспар 1. Коммуникация жүйесінің түсінігі. Маркетинг кешенінің коммуникациясы. 2. Тауарды және қызметті жылжытудың анықтамасы және қызметтері. 3. Жарнама және өткізуді ынталандыру. Он бірінші тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары. 1. Маркетинг комммуникациясының үлгі процесі, оның элементтері және кезеңдері. 2. Коммуникация факторларының тиімділігі. 3. Бюджетті жылжыту, өңдеу әдісі. 4. Әйгілі жарнама, жарнама маркасы, сату жарнамасы, түсіндіруші, үгіттеуші жарнама. 5. Жарнама түрлері. 6. Ақпаратты тарату құралдары. 7. Өткізуді ынталандыру түсінігі, бағдарламаларды өңдеу. 8. Үгіт, оның анықтамасы, қызметі және үгіт құралдары. 9. Сауда агенттерінің рөлі мен міндеті. 10. Тауарды жылжыту кешені. Тапсырма: Маркетингтік мына категориялар мен ұғымдарға талдау жасап, түсініктеме бер: итермелеуші стратегия, тарту стратегиясы, аралас стратегия, «сату үлесі», «бәсекелестік паритет», «мақсаттар мен тапсырмаларды байланыстыру», «өсу». 12 тақырып. Маркетингтегі жоспарлау және бақылау. Жоспар 1. Стратегиялық жоспарлау: түсінігі, рөлі мен кезеңдері. Фирманың бағдарламасы. 2. Маркетингтегі жоспарлау принциптері және міндеттері. 3. Маркетингтік бақылау, оның түрлері. Он екінші тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары. 1. Фирманың шаруашылық портфелін бағалау. 2. Фирманың өсу стратегиясы. 3.Ситуациялық талдаудың негізгі бағыттары. 4. Маркетинг бюджетін өңдеу. Бюджетті анықтау тәсілдері. 5. Максималды шығындар, мақсаттары мен міндеттері. 6. Маркетинг стратегиясын таңдау:сегменттеу, диверсификациялау, интернационализациялау. 7. Тауар бойынша мүмкіндіктер матрицасы. 8. «Нарықтың өсу үлесінің матрицасы». 9. М.Портердің бәсекелік үлгісі. 10. Маркетингтік бақылау, оның түрлері. Тапсырма. А. Қарағанды «Нан» акционерлік қоғамының қызметіне профелдік талдау жүргізіңдер. В. М.Портер моделіне сәйкес қаланың бір сауда бірлестігінің қызметіне талдау жүргізіңдер. 2 тақырып. Маркетингтік орта. Маркетингтің мақсаты тұтынушылар талап-тілегін сұраным талдау арқылы өндірісті соған орай бағыттап қажеттілікті қанағаттандыру арқылы пайда табу. Талдауға жататын негізгі ұғымдар: маркетингтің бақылау жасауға болатын және бақылау жасауға болмайтын факторлар, тұтынушылар, бәсеке, үкімет, экономика, технология, тәелсіз инфляция құралдары, маркетингтік басшылық жасау. Тапсырма: Мына сызбаны талдап, сыртқы орта факторларын сипаттап және маркетинг кешенінің элементтеріне талдау жаса. Кесте түрінде маркетинг элементтерінің сыртқы орта факторларының өзгерістеріне тәуелді екенін көрсетіңдер. Сызба.Маркетинг-микс:мақсатты нарық құрылым. 3 тақырып. Маркетингтік зерттеу және маркетингтік ақпараттар жүйесі. Маркетингтік зерттеу жүргізу әр фирманың, кәсіпорынның нәтижелі жұмыс істеуі үшін аса қажет. Өйткені, зерттеудің түпкі мақсаты ақпараттық талдауды пайдалана отырып, алда тұрған нақты проблеманы анықтау болып табылады. Тақырып бойынша басты сұрақтар: 1. Маркетингтік зерттеу, оның мәні және түрлері. 2. Алғашқы рет пайдаланылатын ақпараттар. 3. Екінші рет пайдаланылатын ақпараттар. 4. Маркетингтік зерттеу тәсілдері мен құралдары. Тапсырма: ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) жарнама практикасының Халықаралық кодексін дайындады. Кодекстің негізгі қағидаларының кейбір мәселелері төменде беріліп отыр: - Жеке адамды немесе қоғамды сөгу, тіл тигізу жарнамада болмауы керек. - Жарнамада жарнамаланатын тауарлар сапасы көрсеткіштері бұрмаланбауға тиіс (құрамы, дайындау тәсілдері, пайдалану ыңғайлығы, бағасы, сату жағдайы, кепілдік мәні және жағдайы); - Жарнама арнайы ұлықсатсыз жеке адамға, кәсіпорынға немесе мекемеге нұсқауға (аударуға) болмайды; - Жарнама жалпы қабылданған қауіпсіздік шараларын жоққа шығармауы керек. - Кодекс тәртібін жақтау жарнама берушінің де және жарнаманы пайдаланушыға да жауаптылық жүктейді. 1. ҚР-дағы қолданылып жүрген жарнаманы Кодекс жағдайларымен салыстыра отырып қорытынды жасаңыз. 2. Сіздің пікіріңізше, «антиреклама» деген не? Қазақстаннан және шетелден сондай жарнамаға мысал келтір. Негізгі әдебиеттер: 11*; 13*; 14*. Қосымша әдебиеттер: 24*; 25*; 27*; 35*. 4 тақырып. Нарықты сегменттеу: Жоспар 1. Нарықты сегменттеу қажеттілігі, мәні және мақсаты. 2. Нарықты сегменттеу жағдайы және принциптері. 3. Өндірістік бағыттағы тауарлар нарығын сегменттеу. 4. Қазақстандағы нарықты сегменттеудегі бірлестіктер тәжірибесі. Тапсырма: Сегменттеу процесінде сөзсіз мақсатты сегментті таңдауда проблема болуы мүмкін. Нақты фирма қызметіне қарай тұтынушыларды ынталандыру тәсілдерін талдап, мына сызбада келтірілген мәліметтер негізінде мақсатты сегментті таңдауды түсіндір. 5 тақырып. Тұтыну нарығындағы тұтынушылар мінез-құлқы. Тақырып бойынша мына негізгі сұрақтарға талдау жаса: 1. Тұтынушылар мінез-құлқын талдауда қандай негіз алынады? 2. Мына түсініктер анықтамасының айырмашылықтарын айтыңдар: «сатып алушы», «тұтынушы», «пайдаланушы». 3. Мотивацияның қандай теориялары бар. 4. Тұтынушылар мінез-құлқысының түрлерін атаңдар. 5. Түпкі тұтынушылар мен түпкі ұйымдардың мінез-құлқында айырмашылықтар қандай? 6. Сатып алу жөнінде шешім қабылдау процесін сипатта. 7. Тұтынушы ұйымдар сатып алу жөнінде шешімді қалай қабылдайды. Тапсырма: А. Сіз бұрын қандай да болмасын ұзақ мерзімде пайдаланатын тауар сатып алу жөнінде шешімді қалай қабылдадыңыз, қандай информацияның қайнар көзін пайдаландыңыз. Кездескен проблеманы сіз қалай шештіңіз. Б. Айталық сіз ауыл шаруашылығының техникасын жасайтын бірлестіктің қызметкері болып жұмыс істейсіз. Сіздің алдыңызға мынандай міндеттер қойылды: негізгі және қосалқы материалдарды сатып алатын топтар құру керек. Бұл міндетті қалай шешуге болады. Негізгі әдебиеттер: 3*; 7*; 13*; 15*. Қосымша әдебиеттер: 20*; 25*; 31*; 35*. 6 тақырып. Кәсіпорындар нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлқы. Жоспар 1. Кәсіпорын тұтынушыларының көзқарасына әсер етуші негізгі факторлар. 2. Тауарды сатып алу туралы шешімдер қабылдау процесін өндірісте бекіту. Тапсырма: Ақпараттық технология компьютерінің нарығында тұтынушыларды үш түрлі категорияға бөлуге болады: 1. Әдеттегі тұтынушылар (класс-И) 2. Профессионалды пайдаланушылар (класс-РИ) 3. Профессионал (класс-Р). Осы базистік сипаттаманы негізге алып пайдаланушылардың үш класына неғұрлым толық талдау беріңдер. Мәліметтерді кестеге түсіріңдер. Мына белгіні пайдалануға болады: 1) қасиеті өте жоғары <***>; 2) орташа деңгейде <**>; 3) төмен деңгейде <*>; сапасы жоқ <0>.
0> |