Главная страница
Навигация по странице:

  • Тапсырма

  • 9 тақырып. МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒА ЖӘНЕ БАҒА САЯСАТЫ

  • 10 тақырып: ТАУАР ЖЫЛЖЫТУ ЖӘНЕ ТАУАР ТАРАТУ

  • 11 тақырып: ТАУАР ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ

  • Маркетинг лекции. маркетинг. Дріс сабаыны ысаша тезис трінде берілген мазмны 1таырып. Маркетингті теориялы негіздері жне концепциялары. Маркетинг дегеніміз


    Скачать 379 Kb.
    НазваниеДріс сабаыны ысаша тезис трінде берілген мазмны 1таырып. Маркетингті теориялы негіздері жне концепциялары. Маркетинг дегеніміз
    АнкорМаркетинг лекции
    Дата04.10.2021
    Размер379 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файламаркетинг.doc
    ТипДокументы
    #241035
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    7 тақырып. Маркетинг жүйесіндегі тауар.

    Жоспар

    1. Тауардың өмірлік циклінің түрлері.

    2. Тауар белгісі және оның мәні, қызметі.

    3. Фирмалық ат, фирмалық белгі, сауда бейнесі, сауда белгісі, фирмалық стиль.
    Тапсырма: Мына тауарлардың өмірлік циклінің қисық сызығын анықтаңдар: «Пепси» сусыны, кілем, аудиокомпакт-диск, шыныдағы минералды суы.
    8 тақырып. Тауар саясаты.

    Жоспар

    1. Тауар номенклатурасы.

    2. Жаңа тауар концепциясының өңделуі, оның кезеңдері.

    3. Тауар бәсекелестігі, оны анықтау тәсілдері.
    Тапсырма: «Тауар ассортименті» термині өзара байланысқын тауар топтарын білдіреді. Олар қандай да болмасын қажеттілікті қанағаттандырады (1), немесе біртекті клиентураларды (2), әйтпесе, сауда ұйымдарын (3) немесе баға диапазонын білдіреді.

    Ассортимент кең (К) немесе тар (Т), терең (Ш) немесе саяз (С) немесе осы аталған варианттар комбинациясы (К+Т+Ш+С және т.б.) болуы мүмкін.

    Енді мына тауардың әртүрлі санмен және әріппен белгілеңдер.

    а) таралған және б) ассортименттің тиімді категориясы.


    Ассортимент

    Таратылуы

    Тиімді

    Астана конфет фабрикасы

    Инвалидтер үшін киім дүкені

    Киоска қонақ үйдегі

    Кші жөндеу кәсіпорны









    9 тақырып. МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒА ЖӘНЕ БАҒА САЯСАТЫ

    Тақырып бойынша мына негізгі сұрақтарға талдау жасап, ұғынып, түсініп білу қажет болады:

    1. Баға саясатының мәнін жазып және оның жалпы маркетинг комплекснен алатын орнын анықтау қажет.

    2. Бағаны басқару қалай жүргізіледі.

    3. Баға классификациясы қалай жүзеге асады.

    4. Баға құрылуының қандай тәсілдері бар.

    5. Баға құрылуы процесінде зиянсыз және икемділікті талдаудың маңызы қандай.

    6. Баға құрылуының екі стратегиясының бірін таңдағанда қандай факторларды еске алу қажет: стартегия: 1. нарыққа ену; 2. «қаймақты алу»;

    7. Конкурент - өндірушілердің ұқсас, ауыстыратын және қосымша тауарларының баға саясатын таңдаудың мақсаты қандай.

    8. Жабдықтаушылардың және аралықтағылардың бағасын талдау қажеттілігі бар ма, оның мәнісі неде.

    9. Бірлестік қызметіне жеңілдік жүйесін қолдану нақты практикада қалай әсер етеді, ондай шаралардың тиімділігі қандай.

    Тапсырма: Мына берілген мәліметтер негізінде бағаны есептеңдер: шекті баға, зиянсыз жұмыс істеу бағасы:

        • Инвестициялық капитал: 7520000 у.е.

        • Алынатын рентабельділік: 7%.

        • Бір өлшем өнімге жұмсалған өзгермелі шығын: 112 у.е.

        • Тұрақты шығын: 23100 у.е.

        • Сату болжамы: минимум-45 мың шт.

    максимум-198 мың шт.


    10 тақырып: ТАУАР ЖЫЛЖЫТУ ЖӘНЕ ТАУАР ТАРАТУ.

    1. Өткізу стратегиялары: интенсивті таңдау, эксклюзивті таңдау және олардың мәні.

    2. Лизинг, инжиниринг, фрамгийзинг көтерме қызметтің формалары ретінде.

    3. Дүкендер бойынша бөлшек кәсіпорындарын жіктеу.

    Тапсырма: Өткізу саясатының міндеттерін мына берілген блок-сызба осы элементтерімен толтырыңдар:

        • бөлу каналын жоспарлау;

        • бөлу каналын басқару;

        • бөлу каналдарын ұйымдастыру және бақылау;

        • тауар жылжытуды басқару;

        • тауар жылжыту процесін ұйымдастыру және басқару;

        • тауар жылжыту процесін ұйымдастыру және бақылау;

        • тауар жылжытуды жоспарлау;

    арлықтағыларды жоспарлау






















    11 тақырып: ТАУАР ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ.

    Осы тақырыптың мына өзекті мәселелері жеке талдап ұсыну тақырытың мәнін ашуға негіз болады:

    1. Маркетингтегі коммуникация саясатының мәні неде.

    2. Коммуникация процесін жазып, оның элементтеріне сипаттама бер.

    3. Коммуникация тәсілімен әсер ету мен тауардың өмірлік циклінің арасында қандай тәуелділік болу мүмкін.

    4. Жанаманың қоғамдық байланыстан айырмашылығы қандай.

    5. Өткізудің ынталандыру жолдары қандай және оны жүзеге асыру эфектісі ұзақ бола ма.

    6. Интеграцияланған маркетингтік коммуникацияның артықшылығы неде.

    7. Тікелей маркетингті сипаттаңдар, ол сату тәсіліне, әлде нарыққа тауар жолу болып табылады.

    8. Өткізуді ынталандырумен тауарды жеке сатудың арасында ұқсастық бола ма.

    9. Коммуникациялық стратегияның «итермелеп енгізу» және тартудың мәні неде.

    Тапсырма: Қолмен өндірілген жиһазды шектеулі аймақта жоғарғы бағамен сату үшін бірлестік тауар жылжытудың қандай тәсілін таңдайды.
    12 тақырып: МАРКЕТИНГТІК ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ.

    Тақырып бойынша мына негізгі сұрақтарды берілген әдебиеттердегі теориялық мәселелер ұғымына сүйеніп талдау жасаңдар:

    1. Маркетингтік жоспарлаудың ерекшеліктері неде.

    2. Жоспарлау жүйесінің эволюциясын жазыңдар.

    3. Стратегиялық маркетингтік жоспар қалай дайындалады.

    4. М.Портер моделіндегі маркетинг стратегиясының ерекшелігі неде.

    5. БКГ матрицасы бойынша жасалған стратегияның ерекшеліктерін жазыңдар.

    6. Маккиней моделінің айырмашылық ерекшеліктері неде.

    7. Маркетингтік стратегиялық жоспарды қалайша жүзеге асыруға болады.

    Тапсырма: А. Белгілі тәсілдердің біреуін қолданып, өзіне таныс бірлестік қызметінің портфеліне талдау жүргізу.

    В. Қолдағы жеке сауда нүктесінің қызметіне М.Портер тәсілімен талдау жүргіз.

    С. Сусын сататын нарыққа стратегиялық талдау жасап, нарықтың даму перспективасын анықтаңдар.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта