пациент жауап экзамен. Емтихан сратары Ас азанны тменгі шетін анытау
Скачать 1.68 Mb.
|
30. Анемиялық синдром. Анемия – қандағы эритроциттердің және гемоглабин мөлшерінің азаюымен сипатталатын ауру. Қазіргі кезде анемиялардың негізгі түрін даму механизміне қарай 4 топқа бөледі: - постгеморрагиялық (қансыраудан кейін) - Темір жетіспеушілік - В12 витамины жетіспеушілік анемия - Гемолитикалық және апластикалық анемия Анемия синдромы шағымдары: - терінің ағаруы,тәбеттің төмендеуі - Еңбекке қабілеттілік төмендеуі - Жүрек қан - тамырларының бұзылуы - Тахикардия,бас айналу, - Систолалық шумдар және тондардың бәсеңдеуі. 31. Қан жүйесінің ауруларымен сырқат науқастардың негізгі шағымдары. Анизоцитоз, пойкилоцитоз туралы түсінік. Қан жүйесі ауруларымен сырқаттардың шағымдары: әлсіреу, тез шаршау, бас айналу, шамалы күш түссе ентігу, жүрек қағу, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, қаназдықтың кейбір белгілерінің байқалуы. Бұндай шағымдар эритроциттер немесе гемоглобин азайғанда, қанның қатерлі ісіктерінде, қансырағанда кездеседі. Пойкилоцитоз (Poikilocytosis) - Шеткі қанда түрі өзгерген эритроциттердің (қол орақ тәрізді, алмұрт тәрізді, сопақша) пайда болуы. Анизоцитоз (Anisocytosis— аnisos + cytos+ osis — әртүрлі клетка, әртүрлі мөлшерлі клеткалар) — Шеткі қанда мөлшері физиологиялық ауытқудан тыс жаткан кан түйіршіктерінің болуы. 32. Қақырықты зерттеу, диагностикалық маңызы Қақырық - тыныс жолдарындағы (трахея, бронх) патологиялық сұйықтық. Жалпы зерттеу үшін қақырықты аузы кең қоңыр ыдысқа, таңертең ауызды шайғаннан кейін жинайды. Сол күні зертханаға зерттеуге жеткізу керек. Қақырық тұрақсыз субстракт болғандықтан, осындай ереже қолданылады, оның құрамындағы заттар жарықтың немесе сақтаудың әсерінен ыдырап кетеді. Өсу микрофлорасына себу үшін қақырықты таңертең стерильді Петри ыдысына немесе оның аналогына, ал микроскопияға туберкулез микобактерияларын алу үшін тәулік бойы жинау қажет, себебі, Кох таяқшалары аз көлемде түседі. Өкпенің кейбір ауруларында қақырықтың диагностикалық маңызы бар: - Өкпе абсцесі: іріңді қақырық тұндырғанда 3 қабатқа бөлінеді. Микроскопияда эластикалық талшықтар, май қышқылының кристалдары, көп мөлшерде бактериялар анықталады; - Өкпенің ісінуі: көбікті түссіз немесе қызғылт қақырықтың болуымен сипатталады. Тұндырғанда 2 қабат түзеді; - Бронхиалды демікпе: қақырықта Куршман спиральдары, эозинофильдер және Шарко-Лейден кристалдары болады; - Крупозды пневмония: тат түстес қақырықтың бөлінуімен сипатталады. Фибрин талшықтарының көп болуынан өте жабысқақ консистенциялы болады. Микроскопияда пневмококктар анықталады. 33. Өкпе ауасының азаюы синдромы. Ателектаз синдромы (өкпе ауасының азаюы синдромы) өкпе тінінің басылуынан қабыну инфильтрациясында (өкпенің тығыздалуы) және өкпеде дәнекер тіннің өрбіп өсуіне, бронхтардың бітелуіне байланысты дамиды. Түрлері: обтурациялық ателектаз синдромы ірі бронхтың бітелуінен (бөгде дене, ісік, құсық және қанмен аспирациясы) және компрессиялық ателектаз синдромы өкпенің сырттан басылып, қысылуынан болады (эксудативтік плеврит, гидроторакс, пневмоторакс). Обтурациялық ателектазда қарау кезінде өкпенің бір жақты семуі мен тыныс алуда қалыңқы болуы анықталады. Пальпацияда: дауыс дірілінің азаюы немесе жойылып кетуі болады. Перкуссияда: өкпе дыбысының әлсіреуі немесе тынық дыбыс анықталады. 34. Өкпе аускультациясы. 35. Бүйректің аспапты тексеру әдістері Бүйректің жалпы рентгенографиясы Экскреторлық урография Ретроградты пиелография Компьютерлік немесе магнитті-резонансты томография Ангиография Изотопты ренография Ультрадыбыстық зерттеу Бүйректің пункциялық биопсиясы 36.Өкпеде қуыс синдромы. Өкпе тінінде әр түрлі көлемде қуыстардың түзілуімен сипатталатын синдром. Себептері: өкпе іріңдігі, өкпе гангренасы, туберкулездік каверна, өкпе ісігінің ыдырауы. Шағымдары: жөтел Қақырық іріңді, қанды, жағымсыз иісті және көп мөлшерде Ентігу Дене қызуыныңкөтерілуі 37. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы. Бірінші жауырынның жоғарғы аймақтары перкуссияланады, ол үшін плессиметр – саусақ жауырынның жоғарғы өсіне және жауырынға параллель орналастырылады, перкуторлық соққылар оң және сол жақта кезектеліп жасалады (а). Бұл кезде науқас қолдарын тұлғасының бойына бос қойып тұрады, бұлшық еттері босаңсыған. Сосын жауырын аралық аймақтар перкуссияланады. Плессиметр – саусақ жауырынның шетіне омыртқаларға параллель орналастырылады (б). Науқасқа қолдарын кеудесіне айқастырып, алақандарын иықтарына қойуын өтінеміз, сол кезде жауырындар бір-бірінен алшақтап, жауырын аралық кеңістік кеңейеді. Әрі қарай жауырын астының аймақтары перкуссияланады. Плессиметр – саусақ жауырын бұрышынан төмен орналасады, оң және сол жақтарын кезектестіріп перкуссияланады (в). Бұл кезде науқастың қолдары тұлғасының бойында бос жатуы және бұлшық еттері босаң болуы керек 38. Жасырын ісікті анықтау әдістері. Бүйрек ісіктерінің айырмашылықтары. Жасырын ісіктер науқастарды жүйелі түрде өлшеп отыруы керек. (3 күнде 1 рет ). Бір уақытта, әрқашан бір киімде, таңертең аш қарынға ішекті және қуықты босатқан соң өлшеген жөн. Дене салмағының 100-200 грамға артуы жасырын ісік барын көрсетеді . Ісіктің анықтаудағы маңызды шара — су баланысын анықтау. Су баланысын анықтау үшін мейірбике күн сайын тәулік бойы бөлінген зәрдің мөлшері мен ішкен, басқа жолдарымен ағзаға енгізілген сұйықтық мөлшерін салыстырады. Бүйрек ісіктерінде бірінші науқаста беттің ісінуі, көз айналасының қызарып ісінуі байқалып, белде ауырғандық, дизурия белгілері, ісіктер, бас ауыруы, қан қысымы көтерілуі болады. Бүйрек ауруларында ісіну әр түрлі дәрежеде болады. Көзге көрінер көрінбес ісінуден бастап, ісіктің жаппай бүкіл денені басып кетуі мүмкін. Мұндай бүкіл денеге тараған ісікті анасарка деп атайды. Бүйрек ісігінің жүрек ісігінен бірқатар айырмашылығы бар. Бүйрек ісігі тез дамиды, тез тарайды. Жүрек ісігі баяу дамып, баяу тарайды. Бүйрек ісігі көбіне беттен басталып, барлық денеге жайылады. Жүрек ісігі дененің төменгі бөлігінен басталады. Бүйрек ісігі жұмсақ, жүрек ісігі тығыз болып келеді. Бүйрек ісігінде бауыр өспейді. Жүрек ісігінде бауыр көп жағдайда өседі. 39. Жедел қан айналым жетіспеушілік синдромы. 40. Бауыр перкуссиясы. Бауыр тығыз ағза. Перкуссия жасағанда одан тұйық перкуторлы дыбыс естіледі. Бауырдың жоғарғы жағында өкпе орналасады. Одан өкпелік ашық дыбыс естіледі, төменгі жағында ішектер- одан тимпаникалық дыбыс естіледі. Сондықтан да бауырдың жоғарғы және төменгі шекараларын оңай табуға болады. Бауырдың перкуссиясын Курлов әдісімеп жасайды. Перкуссия арқылы бұғана ортаңғы сызықпен бауырдың жоғарғы шекарасын тауып, оған белгі қояды. Төменгі шекарасын астынан жай перкуссиямен тимпаникалық дыбыс шыққанша перкуссия жасап, оған да белгі қояды. Қалыпты жағдайда бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасымен сәйкес келеді 41.Қан қысымын өлшеу техникасы. Қорытындысын бағалау. Қалыпты АҚ көрсеткіштері. 42.Плевра қуысында ауа жиналу синдромы (пневмоторакс) 43.Жүрек тондарының пайда болуы механизмі. Аускультация ережелері. .Аускультация. Жүректі дем алудың әр фазасында тыңдау керек. Жүректі дем алмай тұрғанда тыңдаған өте дұрыс. Науқас демді іштен толық шығарып, сосын дем алмай тұрғанда жүректі тыңдайды.Кеуде алдынан жүректі тыңдайтын нүктелер:Әрбір қақпақшаның жақсы тыңдалатын нүктесін былай түсіндіреді.1. Екі жармалы қақпақша жүректің ұшынан.2. Қолқа қақпақшасы төстің оң жағында екінші қабырға аралығынан. 3. Өкпе артериясы – төстің сол жағында екінші қабырға аралығынан.4. үш жармалы қақпақша – төстің төменгі семсерінің тұсынан.5. Қолқа қақпақшасының қосымша нүктесін С.П. Боткин ұсынған бұл нүкте сол кісінің атымен Боткин нүктесі деп аталады. Бұл үшінші және төртінші қабырғаның төстің сол жақ жиегіне қосылған жеріне сәйкес келеді. Дені сау адамның жүрегін тыңдағанда естілетін дыбыстарҚалыпты жағдайда сау адамдарда бес нүктенің бәрінен де екі үн (тон) естіледі. І тон қарыншаның систола фазасында пайда болады. Сондықтан мұны систолалық деп атайды. ІІ тон қарыншаның диастола фазасында пайда болады, сондықтан мұны диастолалық деп атайды. І дыбыстан (тон) кейін қысқа үзіліс болады, ол қанды қарыншадан айдау уақытына сәйкес келеді. (уақыты, 0,20 сек).ІІ дыбыстан (тон) кейін ұзақ үзіліс болады, бұл кезде қан жүрекшеден қарыншаға өтеді. (ұзақтығы шамамен 0,43 сек). Жүрек дыбыстарының (тон) пайда болу механизмі. Бұл қарыншаның бұлшық еттерінің жиырлуынан, атриовентрикулярлықақпақшалардың қозғалысы және жабылуынан, папиллярлы,еттерінің қозғалысынан жүрекшелердің жиырылуынан пайда болады. Жүрек дыбыстарының (тон) күшінің өзгеруі. Бұлар әртүрлі болып өзгереді, екі дыбыстында бірдей күшейіп немесе бәсеңсуі, кейде біреуі күшейіп, екіншісі бәсеңдеу естілуі мүмкін. 44.Жүрек-тамыр жүйесінің аспапты тексеру әдістері. Артериялдық қысымды өлшеу.Артериялдық қысым систола кезінде ең жоғарғы деңгейде, ал диастола кезінде төменгі деңгейде болады.Артерия қысымын сынап бағанасымен белгілейді, қалыпты систолалық қысым (максималдық) 120-130 мм сн. бағ., алдиастолалық қысым (минималдық) 70-80 мм сн. бағ. болады.Систолалық және диастолалық қысым арасындағы айырманы пульстік қысым деп атайды, бұл қалыпты жағдайда 40-50 мм. сн. бағ. деңгейінде болады. Артерия қысымын сынапты манометр Рива-Рочи аспабымен өлшейдіЭлектрокардиография (ЭКГ). Электрокардиография дегеніміз жүрек бұлшық етінде түзілетін биоэлектрлік көріністердің графикалық тіркеу әдісі. ЭКГ-ні тіркеу жүйесі – ол 12 шықпа бойынша тіркеледі. 3 стандарттық, 6 кеуделік және 3 бір полюсті күшейтілген қол-аяқтан тіркелу қолданылады. Кейде арнайы шықпалар да қолданылады. Өңештен және Небо бойынша стандарттық шықпа ЭКГ-ні тіркеу үшін екі білектің төменгі бөлігіне сол жақ балтырға ылғалданғаннан кейін электродтардың металды пластинкаларын орналастырады. Электродтар арнайы түрлі түсті өткізгіштері бар аппаратпен бірігеді, бұлардың аяқ бөлігінде рельфтік сақинасы бар. Оң қолдың электродына бір рельефтік сақинасы бар қызыл өткізгіш бірігеді, сол қолдың электродына екі рельефтік сақинасы бар жасыл өткізгіш бірігеді.Активті электродты тіркеу нүктелері: 1-ші тіркеме - төстің оң шетіндегі ІV қабырға аралығы (V1);2-ші тіркеме -төстің сол шетіндегі ІV қабырға аралығында V23-ші тіркеме - IV және V қабырға аралықтарына сол жақ төс сүйек маңайының сызығымен сәйкес (V3);4-ші тіркеме - сол жақ бұғана сызығының V қабырға аралығы мен қиылысу нүктесі (V4);5-ші тіркеме - V қабырға аралығымен сол жақ алдыңғы қолтық сызғымен қиылысу нүктесі (V5);6-шы тіркеме – сол жақ ортаңғы қолтық асты сызығының бесінші қабырға аралығымен қиылысу нүктесі (V6).Бір полюсті аяқ-қолдың күшейген шықпалары:AVR (белсенді электрод оң қолда), aVL (белсенді электрод сол қолда), Avf (белсенді электрод сол аяқта). А әрпі ағылшынша күшейтілген деген мағына береді.V- кернеуі деген сөз, R- оң, L- сол, F- аяқ. Қалыпты ЭКГ. Жүректің диастола фазасы кезінде токтардың әсері болмайды және электрограф жай тік сызықты тіркейді. Мұны изоэлектрлік сызық деп атайды. Токтардың әсерінен қисық сызықтар пайда болады. Сау адамдардың ЭКГ-мен төмендегі элементтерді анықтайды:Оң сермерлер P, R, және T, сол сермерлер Q, S, тұрақсыз оң серме U:Интервалдар Р-Q, S- T,T-Р және R-R.Комплекстер QRSжәнеQRSТ Изолинияның үстінде жатқан сермерлер оң (положительный), ал төмендегісі теріс (отрицательный) болады.Эхокардиография Жүректің әртүрлі құрылымдарын (қақпақшаларын, жүрек бұлшық еттерін, қарыншааралық перделердің т.б.) ультрадыбыстық әсерін қолдануға негізделген жүректі зерттеу әдісін эхокардиография деп атайды. Фонокардиография Фонокардиография (жүрек үнін жазу) - жүрек қызметінің дыбысты көрінісін жазу тәсілі. 45.Ішек диспепсия синдромы. шектік диспепсия – ас қорыту жүйесінде болып жатқан бұзылыстарды түсіндіретін жалпы түсінік. Ішектік ас қорытылудың жеткіліксіздігінің кез келген дәрежесі ферменттер жеткіліксіздігі болсын, немесе дұрыс емес тамақтану болсын ішектік диспепсияға әкеледі. Себептері: Ішек флорасының өзгеруі. Қалыпты жағдайда жіңішке ішек құрамында бактериальды флора болмауы қажет – бұл оның жұмысын қалыпты жасайтынын көрсетеді, өйткені ішектің бұл бөлімінде шіру және ашу процесстері жүрмейді. Барлық шіру және ашу процесстері қалыпты жағдайда жіңішке ішектің төменгі бөлімінде және тоқ ішекте өтуі керек. Дисбактериоз кезінде бактериальды массалардың тоқ ішектен жіңішке ішекке қарай қозғалысы болады және аурудың көріністерін осы процесс береді. Негізгі түрлері: Ашыған диспепсия (Бродильная диспепсия) – Іштің кебуі, Жиі көпіршікті, сулы нәжіс. Науқастың жалпы жағдайы диспепсияның осы формасында қалыпты деңгейде болады. Ереже бойынша, ауру барысында қатаң диета сақтаумен. Шектен тыс көмірсумен қоректенумен шақырылуы мүмкін: Жемістер, Бұршақ тұқымдастар, Квас т.б. Нәтижесінде ішекте ашыған флора дамиды. Шірік диспепсия (Гнилостная диспепсия) – Диспепсияның ақуыздардың ыдырауы бұзылады. Бұл шамадан тыс ауыр ет тағамдарын қабылдағанның нәтижесінде, сонымен қатар ақуыздарды ыдырататын ұйқы безінің ферменттерінің өндірілуінің жеткіліксіздігінің нәтижесігнде дамиды. Негізгі симптомы – өткір шіріген иісті диарея. Нәжісінде қорытылмаған тағам қалдықтары болуы мүмкін, түсі – әдетте өте қоңыр. Науқастар жалпы әлсіздікке, күш жоғалтуға, тамаққа тәбеті төмендеп, бас айналуға шағымданады. Шірік диспепсия созылмалы энтероколиттің белгісі болып табылады. КЛИНИКАСЫ: Жалпы әлсіздік, Күш жоғалту, Тәбеті төмендейді, Созылмалы энтероколиттің белгісі. Майлы диспепсия (Жировая диспепсия) –Ішектік диспепсияның бұл түрі сирек кездеседі. Аурудың алдын алу мақсатында майлы тағамдарды қабылдауды шектеу қажет. ШАҒЫМДАРЫ: Әлсіздік, Жиі сұйық нәжіс, түсі ашық түсті, Егер ұйқы безінің және бауырдың қызметі сақталған болса, аурудың белгілерін тек диета сақтау арқылы жоюға болады. Негізгі диагностикалық шаралар: Жалпы қан анализі Қанның биохимиялық анализі Жалпы зәр анализі Копрограмма Рентгенография Электрогастроэнтерография Ем мақсаты: Ауру сезімі синдромын тоқтату. Моторлық бұзылыстарды қалыпқа келтіру. Органикалық диспепсия тобына кіретін ауруларды жою 46.Жүрек аускультациясы. І және ІІ тондардың сипаттамасы Аускультация. Жүректі дем алудың әр фазасында тыңдау керек. Жүректі дем алмай тұрғанда тыңдаған өте дұрыс. Науқас демді іштен толық шығарып, сосын дем алмай тұрғанда жүректі тыңдайды.Кеуде алдынан жүректі тыңдайтын нүктелер:Әрбір қақпақшаның жақсы тыңдалатын нүктесін былай түсіндіреді.1. Екі жармалы қақпақша жүректің ұшынан.2. Қолқа қақпақшасы төстің оң жағында екінші қабырға аралығынан. 3. Өкпе артериясы – төстің сол жағында екінші қабырға аралығынан.4. үш жармалы қақпақша – төстің төменгі семсерінің тұсынан.5. Қолқа қақпақшасының қосымша нүктесін С.П. Боткин ұсынған бұл нүкте сол кісінің атымен Боткин нүктесі деп аталады. Бұл үшінші және төртінші қабырғаның төстің сол жақ жиегіне қосылған жеріне сәйкес келеді. Дені сау адамның жүрегін тыңдағанда естілетін дыбыстарҚалыпты жағдайда сау адамдарда бес нүктенің бәрінен де екі үн (тон) естіледі. І тон қарыншаның систола фазасында пайда болады. Сондықтан мұны систолалық деп атайды. ІІ тон қарыншаның диастола фазасында пайда болады, сондықтан мұны диастолалық деп атайды. І дыбыстан (тон) кейін қысқа үзіліс болады, ол қанды қарыншадан айдау уақытына сәйкес келеді. (уақыты, 0,20 сек).ІІ дыбыстан (тон) кейін ұзақ үзіліс болады, бұл кезде қан жүрекшеден қарыншаға өтеді. (ұзақтығы шамамен 0,43 сек). Жүректің І және ІІ тонын ажырату І тон жүрек ұшында және 3-жармалы қақпақша нүктесінде жақсы есітіледі; ІІ тон жүрек негізінде жақсы есітіледі; І тон төмен, ұзақ және үлкен үзілістен кейін тыңдалады; ІІ тон биік, қысқа және кіші үзілістен кейін тыңдалады; І тон ырғағы жүрек ұшы түрткісі мен ұйқы артериясының соғуына сәйкес келеді, ал ІІ тон ырғағы сәйкес келмейді; І тон –систолалық, І тон – диастолалық; І тонның 4 құрастырушысы бар, ал ІІ тонда- 2 құрастырушы дыбыс. 47.Тыныс алу жүйесің эндоскопиялық тексеру әдістері Трахеобронхоскопия. Трахея мен бронхтың ішікі бетін әдейі құрал бронхоскоп пен қарауды трахеобромхоскопия дейді. Бұл тәсіл трахея және бронх ішіндегі әртүрлі патологияық процесстердің (қабыну, бронх ісігі т. б.) диагнозын қоюға көмектеседі. Бронхоскоп көмегімен бронх және трахеяның, кілегей қабығының биопсиясын (кішкене тілімді гистологиялық тексеруге алу) жасайды. Торакоскопия - тракоскоп көмегімен плевра қуысын қарау. Тракоскопия плевра ауруларын анықтау үшін колданылады 48.Бауыр жетіспеушілік синдромы. Бауыр жеткіліксіздігі – өткір немесе созылмалы синдром, бауырдың бір немесе бірнеше функцияларын бұза отырып дамытады, метаболикалық бұзылулармен бірге жүреді, интоксикация, орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары және бауыр комасының дамуы. 49.Ас қорыту жүйесінің негізгі шағымдары. Іш қуыс мүшелерінің алдыңғы іш бетіне проекциясы. Дисфагия – тағамның өңеш арқылы өтуінің немесе жұтынуының қиындауы.Бұл өңеш ауруларында жиі кездесетін белгілердің бірі болып саналады. Дисфагия өңештің органикалық немесе функционалдық тарылуынан болады. Органикалық тарылу біртіндеп басталады, ол қатерлі ісікте күшейе түседі. Ең басында қою тамақ, сосын жұмсақ, соңында сұйықтың да өтуі қиындайды. Өңешке бөгде зат түскенде, өңештің ішкі қабаты күйгенде, ыстық шай ішсе, дисфагия тез пайда болады. Сонымен қатар өңешке сыртқы денелердің батып, оның қысылуынан, атап айтсақ қолқа аневризмасы кезінде, жүрек қабы ісігінің әсерінен пайда болуы мүмкін. Өңештің функционалдық тарылуы өңеш бұлшық еттерінің рефлекторлық сезімталдығынан, яғни невроз кезінде жүйкелер қызметінің бұзылуынан туындауы анық, сол сияқты өңештің қысылуына немесе тарылуына өңеш бұлшық еттерінің қатты тартылып-жиырылуы да әсер етеді.Ауыру – бұл өңештің кілегей қабатының қабынған кезінде байқалады. Өңештің ішкі қабаты сілтілерден, қышқылдардан күйгенде де ауырады. Өңештің ауыруы жауырынның екі ортасына беріледі. Кеуде пердесіндегі өңеш тесігінің жарығы және асқазан - өңеш рефлюкс ауруы (асқазаннан ауаның т.б. кері қайтуы) кезінде ауырғаны кеуде клеткасының сол жағына қарай беріледі және ол жүрек ауруына ұқсайды. Өңеш ауруының ұзақтығы бірнеше минөттен бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.Құсу – бұл өңештің тарылуынан болады. Тағам өңештің тарылған жерінен жоғарырақ кеңейген жеріне жиналады да, оның бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде тағамды сыртқа итеріп шығарады. Құсықтың құрамын зерттегенде, онда қорытылмаған ас қалдығы, немесе тұз қышқылы, пепсиннің барына немесе жоқтығына көз жеткізу керек. Егер құсықта шіріген иіс пайда болса, өңеш дивертикуласын немесе қатерлі ісіктің ыдырауын көрсетеді.Қыжылдау белгісі – бұл төстің төменгі жағынан сезіледі. Ол асқазандағы ас қалдығы өңештің төменгі бөлігіне қайта түсуінен және сол сияқты эзофагит рефлюкісі (кері ағуы) әсерінен де болады.Қан кету. Қан кету өңештің жарасында байқалады, сондай-ақ қатерлі ісіктің ыдырауынан болады. Кейде өңештің төменгі жағындағы көк тамырлары кеңейіп, оның жарылуынан қан кетеді (Меллори –Вейса синдромы). Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап, олардың топографиялық орналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш қуысын 3 қабатқа: а) жоғарғы қабат-көкеттен тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне дейін; ә) ортаңғы қабат-тоқ ішектің көлденең жиек ішегінен кіші жамбас қуысына дейін; б) кіші жамбас қуысына бөледі. –Іш қуысының жоғарғы қабаты, көкет пен тоқ ішектің кқлденең жиек ішегінің аралығында орналасқан. Ішастардың іш қуысының жоғарғы қабаттағы туындыларына қатпар, жалғамалар, шарбылар жатады. Топографиялық орналасуына қарай өзара бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы және асқазаналды қапқа бөлінеді. |