Главная страница

ХИМИЯ ПОЛНЫЙ Біріктірілген. Емтихан тест тапсырмалары пн бейорганикалы химия Оу курсы 1 курс фармация факультеті


Скачать 0.65 Mb.
НазваниеЕмтихан тест тапсырмалары пн бейорганикалы химия Оу курсы 1 курс фармация факультеті
Дата24.05.2023
Размер0.65 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаХИМИЯ ПОЛНЫЙ Біріктірілген.docx
ТипДокументы
#1157652
страница28 из 31
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Кешен түзуші ион бұл ішкі сфераның орталық атомы болып табылады көбінесе P d f элементтер жатады (бос орбитальдары бар элементтер Cu Ag Zn Fe Cr Co т.б)

Лигандалар бұл молекулалар немесе иондар кешен түзуші айналасында орналасқан. Көбінесе оған мыналар жатады : Hal- галоген NO -3нитрат NO -2нитрит SO42- - сульфат SO32- - сульфит CO32-карбонат CN -циан H2O – аква NH3 –аммин CO-карбонил NO-нитрозо OH--гидроксо O2- окси SCN- родано

Кешенді ионның заряд саны сыртқы иондар зарядының қосындысына тең,бірақ кері шамамәнді болады. Анықтау үшін K+1[Agx (CN)2 -]

+1+x-2=0

X=2-1=1

Координациялық көлем –дентанттылығы – лиганданың КТ маңында орналасқан жерінің көлемі. Лигантттар дентанттығы бойынша жіктеледі

Бір дентантты(моно) – H2O NH3 CO NO OH- т.б

Бидентантты –CO2- SO42- т.б



36. Комплексті қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы. Мысалдар келтіріңіз

. КҚ жіктелуі:

1. Ішкі сферасының зарядына қарай: катионды, анионды және бейтарап;

Катионды кешендер орталық ионның айналасына бейтарап молекулалар (NO. NH3.H2O) координацияанғанда түзіледі.

[Al(H2O)6]Cl3→[Al(H2O)6]3+ + 3Cl- (гексааквааллюминий хлориді) кешенді иондар оң зарядталған.

Анионды кешендерде кешен түзушінің рөлін оң зарядталған ион ал лигандтр рөлін аниондар атқарады.

Бейтрап кешендер атомының айналасында молекулалар координацияланғанда немесе оң зарядталған кешен түзушінің айналасында анион мен молекулалар қатар координацияланғада түзіледі.

2. Лигандтың табиғаты бойынша:

Аммиакаттар – КҚ ішкі сферасында лиганда ретінде аммиак NH3 молекуласы бар

Аквакешендер- лигандтары су болады

Гидроксокешендер – лигандтары OH- тобы

Ацидокешендер- лигандалары қышқыл қалдығы

Аралас кешендер- лигандалары аралас

3.ішкі сферасының құрылысы бойынша

Кешен түзуші иондар санына қарай бір ядролы және көп ядролы кешендер

Жай және циклі бар сақиналары бар кешендер.

Егер бір лиганда бір координациялы орын алса, оны жай кешендер дейді.

Циклді немесе хелатты сақиналары бар кешенді лигандтар- полидентантты Хелатты кешендерге комплексондар жатады.Комплексондар дегеніміз құрамында орг. лигандтар – өзінің құрамында алкилкарбокси тобы бар (-CH2COOH)- көбінесе амминді азот атомымен байл.

4. Геометриялық пішініне қарай

Координациялық саны екі кешендерде орт. атом мен екі лиганда бір түзудің бойында орналаады. Құрылысы түзу сызықты болады

Коорд. саны 3 кешендерде бұл сирек кездесетін кешен. Бұл кешен тең қабырғалы үшбұрыш сияқты

Коорд саны 4 болғанда кешенді ионның құрылысы тетраэдр немесе квадратты болып келеді

Коорд саны 5 болып келетіндер онша көп емес құрылысы үшбұрышты бипирамида немесе квадратты пирамида сияқты болады

Ең жиі кездесетіні коорд саны 6 құрылысы октаэдр сияқты.

КҚ номенклатурасы:

1962 ж. Химиктердің халықаралық одағы ұсынған номенклатурасы қолданылады.

Теріс зарядты лигандтардың атауына – О- деген жалғау жалғанады: Cl- - хлоро CN- циано OH- гидроксо т.б

Электробейтарап лигандар былай аталады:H2O-аква NH3-аммин CO- циано NO- нитрозил

Кешен құрамындағы лигандтардың саны грек сан есімдерімен белгіленеді:ди; три; тетра;пента; гекса т.б

Катионды кешенді атағанда ішкі сферадан басталады:

Орт атом немесе заряды көрсетіліп КТ тоны

Саны көрсетіліп теріс зарядталған лигандтар

Сны көрсетіліп бейтарап лигандтар

Сыртқы аниононды атайды

Анионды кешенді аталуы:

Сыртқы сферадағы ионды атайды

Саны көрстеіліп теріс зарядталған лигандтар

Саны көрсетіліп бейтарап лигандтар

Кешен түзуші атомына- ат деген жалғау жалғанады (латынша)

Бейтарап кешенді анықтау үшін

Саны көрстеіліп теріс зарядталған лигандтар

Саны көрсетіліп нейтралды лигандтар аталады

Орталық атомды атайды



37.. Комплексті қосылыстардың кеңістіктік құрылымы және изомериясы. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Медицина мен фармацияда комплексті қосылыстардың қолданылуы.

КҚ кеңістіктік құрылымы:

Координациялық саны екі кешендерде орт. атом мен екі лиганда бір түзудің бойында орналаады. Құрылысы түзу сызықты болады

Коорд. саны 3 кешендерде бұл сирек кездесетін кешен. Бұл кешен тең қабырғалы үшбұрыш сияқты

Коорд саны 4 болғанда кешенді ионның құрылысы тетраэдр немесе квадратты болып келеді

Коорд саны 5 болып келетіндер онша көп емес құрылысы үшбұрышты бипирамида немесе квадратты пирамида сияқты болады

Ең жиі кездесетіні коорд саны 6 құрылысы октаэдр сияқты.

КҚ изомериясы

Изомерлер- құрамы бірдей,бірақ құрылысы мен қасиеттері әр түрлі заттар.

Гидраттық немесе сальватты изомерия су молекуласының кешен құрамында әр түрлі орналасуынан болады:

[Cr(H2O)6]Cl3 [ Cr(H2O)5Cl]Cl2*H2O [Cr(H2O)4Cl2]Cl* 2H2O

Қаракөк күлгін түсті күлгін жасыл

Иондық изомерия аниондардың ішкі сфера мен сыртқы сфераға әр түрлі таралуынан болады:

[Pt(NH3)3Br]NO2 және [Pt(NH3)3(NO2)]Br

Координациялық изомерия екі түрлі лигандтардың екі кешен түзушінің айналасына әр түрлі жолмен координациялануынан болады:

[Co(NH3)6][Cr(C2O4)3] ЖӘНЕ [Cr(NH3)6][Co(C2O4)3]

Геометриялық изомерия кешен құрамында кем дегенде екі түрлі лиганд болғанда байқалады

Оптикалық айналы изомерлері бұл изомер екі ұқсас құрылысты ассиметриялық кешендердің болуына, айналы антипод болатын оңға поляризация жарығын жазықтың қарама-қарсы бағытта айналдыруға негізделген.

Кқ тұрақтылығы

Ерітінділерлегі КҚ диссоциациясы

1- ншілік диссоциация (күшті электролиттер)

[Ag(NH3)2]Cl→[Ag(NH3)2]+ + Cl-

2- ншілік диссоциация (Kh; β)

[Ag(NH3)2]+→[Ag(NH3)]++NH3

β=[Ag(NH3)2]+ * [NH3]/[[Ag(NH3)2]+]

[Ag(NH3)]+→ Ag++ NH3

β= [Ag+]*[NH3]/[[Ag(NH3)]+]

β=β1*β2

[Ag(NH3)2]+→Ag+ +2NH3

Β= [Ag]*[NH3]2/[[Ag(NH3)2]+]

Тұрақтылық константасы:

K=1/β

Медицина мен фармацияда комплексті қосылыстардың қолданылуы:

Кешенді қосылыстар жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік процестерінде үлкен рөл атқарады.адамдар мен жануарлардың қанының құрамындағы гемоглобин тыныс алу процесін қамтамасыз етеді. Гемоглобин – кешен белок глобинмен байланысқан күрделі протеид. Гемоглобинді қанның тыныс алу пигменті деп атайды. Ол оттегін қайтымды түрде қосып алып, оны өкпеден қантамырлары арқылы барлық ұлпаларға жеткізеді,ол ұлпадан көмірқышқыл газын тасымалдайды.Темірдің тотығу дәрежесінің оңай өзгеруінің арқасында, гемоглобин оттегімен оңай қосылады да оны ұлпаға ешқандай қиындықсыз береді.Кешен түзуші элементтерді «тіршілікті ұйымдастырушылар» деп атайды. Соңғы кезде Pt- ның және Pd-ң кешенді қосылыстарын қатерлі ауруларды емдеуге пайдалануға болады. Хелатты кешенді қосылыстарды бүйректегі тастарды ерітуге және судың кермектігін жоюға қолданады. Кешенді қосылыстарды клиникаларда дәрі-дәрмек ретінде қолданып, әртүрлі ауруларды емдеуді хелатты терапия деп атайды.Трилон Б көптеген метал иондарымен кешенді қосылыстар түзеді. Сондықтан ағзада кальций тұздары бөдіне жүретін ауруларды емдеуге пайдаланылады.

[Pt(NH3)2Cl2] – ісікке қарсы дәрілік заттар

Na3[Au(S2O3)2] қабынуға қарсы дәрілік зат

38. Сутек және оның периодттық системадағы орналасу ерекшелігі.Табиғатта таралуы. Сутекті алу және физка химиялық қасиеттері. Сутектің биологиялық рөлі. Периодтық жүйедегі орналасу ерекшелігі.

. Сутек- периодтық жүйенің IA тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 1, бейметалл .Атомының құрылысы ең қарапайым 1S1, атомныңортасында оң +1 зарядталған ядросы және сол ядроның айналасында ацналып жүретін теріс зарядталған бір электроны е бар. . Периодтық жүйеде сутек бірінші және жетінші негізгі топшалардың басына орналасқан, оның себебі бір жағынан ол сілтілік металдар сияқты көпшілік қосылыстарында +1 тотығу дәрежесін көрсетеді және өзінен активтігі кем металдарды қосылыстарынан ығыстырады. Екінші жағынан галогендер сияқты сутек күшті металдармен әрекеттескенде бір электрон қосып алып -1 тотығу дәрежесін көрсетеді және екі атомнан тұратын газ тәрізді жай зат түзеді.

Алу тәсілдері. Сутекті алатын сарқылмас қор-су. Бұл мақсатта суды көбіне таза түрде, кейде қышқыл немес сілті ерітіп пайдаланылады. Сутекті осы кезде табиғи газдарданда алатын болады.

Зертханада сутекті алу

1. белсенді металдарды( магнийді, мырышты, темірді) cұйытылған тұз қышқылы (HCL) және күкірт қышқылмен( H2SO4 ) әрекеттестіріп алуға болады

Zn+2HCL=ZnCL2+H2

Белсенді металл+қышқыл =тұз+сутек

2. белсенді металлдар (натрий, калий, кальций) сумен тіікелей әрекеттескенде сутек газы бөлінеді

Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2

Белсенді металл+су= кальций+сутек

Өнеркәсіпте алынуы

Сутекті өнеркәсіпте негізінен метаннан тұратын табиғи газдан оны су буымен және оттегімен араластырып алады

2CH4+2H2O+О2=2CO2+6H2

Көмірсутектердің толық емес тотықтыруы арқылы да алады:

2CH4+O2=2CO+4H2

Зертханада NaOH.KOH сулы ерітінділерінэлектролизбен алады KOH----K+O2 +H2O

Физикалық қасиеттері. Сутек молекуласы екі атомнан тұрады. Сутек түссіз, иіссіз, дәмсіз газ. Ол ауадан 14,5 есе жеңіл. 100 көлем суда 2 көлем сутек ериді. Атмосфералық қысымда және – 253 0С сұйық күйге айналады, ал – 259 0С қатады. Сутек суда нашар ерігенмен, никель, платина, палладий сияқты металдарда жақсы ериді. Сутектің екі модификациясы – ортосутек және парасутек болады. Оның себебі Н2 молекуласын түзетін сутектің екі ядросы (протоны) өз осін айналған кезде, ортосутек – бір бағытта, ал парасутек – қарама-қарсы бағытта айналады. Екеуінің де химиялық қасиеттері бірдей, ал физикалық қасиеттерінде – жылу сіңірімділігінде, қату, сұйылту температураларында шамалы айырмашылық бар. Қалыпты жағдайдағы сутектің үш бөлігі ортосутек, бір бөлігі парасутек болады.

Химиялық қасиеттері. Сутектің тотығу дәрежесі металеместермен қосылыстарында +1, активті металдармен қосылыстарында -1. Сутек металеместердің барлығымен дерлік әрекеттеседі. Металеместердің активтігіне қарай реакциялар әр түрлі жылдамдықпен жүреді.

Сутек қалыпты температурада фтормен, қыздырғанда хлормен, оттекпен және балқыған күкіртпен әрекеттеседі.

Н2 + F2→2HF

Н2 + Cl2→2HCl

2Н2 + O2→2H2O

H2 + S→H2S

Бұл келтірілген реакцияларда сутек атомдары электрондарын беріп тотықсыздандырғыш қызметін атқарады. Электрондарын оңай беретін актив металдармен әрекеттескенде сутек электрон қосып алып тотықтырғыш қызметін атқарады. Сутек пен металдардың арасындағы реакция қыздырғанда жүреді және нәтижесінде металдардың гидридтері түзіледі:

2Na + H2→2NaH

Ca + H2→CaH2

Сутек күрделі заттармен де әрекеттеседі, әсіресе ол көптеген активтігі орта немесе төмен металдардың оксидтерінен оттекті қосып алуға немесе тұздардан галогендерді қосып алуға икем келеді.

CuO + H2→Cu + H2O

CuCl2 + H2→Cu + 2HCl

Сутегі жеке элемент ретінде биологиялық құндылыққа ие емес. Ағза үшін құрамына кіретін қосылыстар, атап айтқанда су, ақуыз, майлар, көмірсулар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар (минералдардан басқа) және т.б. маңызды. Сутегінің маңызды қосылыстарының басқа тобы қышқылдар болып табылады – олардың сутегі ионын босату қабілеті ортаның рН қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сутегінің маңызды функциясы, мысалы, кеңістікте ақуыздардың белсенді түрлерін және ДНҚ екі нүктелі құрылымын қалыптастыратын сутекті байланыстарды қалыптастыру қабілеті болып табылады. 

39. . Суттек пероксиді, алынуы, қышқылдық-негіздік қасиеттері. Тотығу тотықсыздану қасиеттерінің екі жақтылығы, мысал келтіріңіз. Медицина мен фармацияда қолданылуы

. Сутегі оттегімен судан бөлек пероксид деп аталатын қосылыс түзеді – Н2О2.

Сутек пероксиді алынуы

лабораторияда алу үшін барийдің пероксидін күкірт қышқылымен немесе көміртек диоксидімен әрекеттестіреді

BaO2+H2SO4=BaSO4+H2O2

BaO2+CO2+H2O=BaCO3+H2O2

Техникада сутек пероксидін алу үшін күкірт қышқылының 50 проценттік ерітіндісін электорлиздеп әуелі пероксокүкірт қышқылы H2S2O8 алып оны сумен реакцияларастырып айырып сутек пероксидін алады( Гидролизі)

H2S2O8+2H2O=2H2SO4+H2O2

Қазір оны алудың бірнеше тәсілі бар:

Сутегі жанған кезде қосымша өнім ретінде түзіледі:

H2+O2→H2O2

Металдар су қатысып тотыққан кезде:

Zn+O2+2H2O→H2O2+Zn(OH)2

Пероксид молекуласында екі оттегі бірімен-бірі ковалентті байланысқан:

Н – О – О - Н. Ол – түссіз қоймалжын сұйық зат, - 1,70С-та ине тәрізді кристалл түзіп қатады, сумен, спиртпен кез келген қатынаста араласады. Концентрлі сутегі пероксиді әсерінен қағаз жанып кетеді, ал теріні күйдіреді. Сутегі пероксиді тұрақсыз:

2Н2О2→О2+2Н2О

Сутегі пероксидінің судағы ерітіндісі әлсіз екі негізді қышқыл болып табылады, ол екі сатыда диссоциацияланады:

Н2О2↔Н+ +НО-2 ↔2Н+ +О22-

Сутегі пероксидінде оттегінің тотығу дәрежесі -1, яғни аралық тотығу дәрежесі. Осыған орай сутегі пероксиді тотықсыздандырғыш та, тотықтырғыш та бола алады.

Пероксоқосылыстардың бәріне тән екі қасиет болады: олар сутек пероксидінің түзілуімен гидролизденеді және оттектің түзілуімен ыдырайды әрі олардың біразының тотықтырғыштық қабілеті сутек пероксидінен жоғары.

Сутек пероксидінің қолданылуы.

Оның тотықтырушы қабілеттілігіне және оның тотықсызландыру кезінде соңғы өнімі – судың Н2О зиянсыздығына да байланысты. Оны кездемелер мен түбтті терілерді ағарту үшін пайдаланады, медицинада зарарсыздандырушы құрал (3% - ды ерітінді) ретінде, тамақ өнеркәсібінде ( тамақ өнімдерін консервілеу үшін), сол сияқты бір қатар органикалық қосылыстардың, полимерлердің кеуекті материалдардың ндірісінде қолданылады. Сутек пероксиді күшті тотықтырушы ретінде зымырандық – ракеталық техникада пайдаланады.

Көркемсурет өөнеріндегі қорғасын сульфидінің қара дағын сутек пероксидімен кетіреді:

PbS + 4H2O2 = PbSO4 + 4H2O

1). *!(m(X))/(M(X)*V) қатынасы бойынша есептейді

* еріген заттың массалық үлесін

* эквиваленттің молярлық концентрациясын

* молярлық концентрацияны

* моляльдық концентрацияны

* молдік үлесті

2). Эквиваленттік факторлары бірдей топ

* Ca(OH)2, HCl, AlCl3

* H3PO4, CrCl3, Fe(OH)3

*H2SO4, HCl, NaNO3

*HCl, NaCl, Ca3(PO4)2

* H2SO4, Fe2(SO4)3, MgCl2

3). Ерітіндінің молярлық концентрациясын есепте, егер 400 мл ерітіндіде 4г натрий

гидроксиді еріген (моль/л)

* 0,5

* 0,05

* 0,125

* 0,025

* 0,25

4). 300 мл молярлық концентрациясы 0,5 моль/л ерітіндіні дайындауға неше грамм кұкірт

қышқылы керек ( г)

* 29,4

*14,7

* 2,94

* 1,47

*4,41

5). Ерітіндінің титрін есепте, егер 2 г MgCl2 2 л ерітіндіде еріген

*1,0

* 0,1

* 0,01

* 0,02

* 0,001

6). 500мл ерітіндіде тұз қышқылының массасын(г) есепте егер ерітіндінің титрі 0,00365 г/мл

болса

*1,825

* 3,65

* 0,003656

* 0,01825

* 0,00182

7). Кальций гидроксидінің молярлық эквиваленттік массасы тең (г/моль)

* 57

* 37

* 91

* 97

*74

8). Қышқылдық-негіздік реакцияларда бір сутек ионына, тотығу-тотықсыздану реакцияларында

бір электронға эквивалентті шын немесе шартты бөлігі аталады

* эквивалент

* эквиваленттік факторы

* молярлық эквиваленттік массасы

* заттың эквивалент мөлшері

*мольдік үлес

9). Эквиваленттік фактор көрсетеді берілген қышқылдық-негіздік реацияларында заттын қай

бөлшегі эквивалентті

*реакцияға қатысқан барлық электрондарға

*бір электронға

* реакцияға қатысқан барлық сутек иондарына

*бір сутек ионына

* электрондар мен иондардың қосындысына

10). қатынысымен

есептейді

* қышқылдың эквиваленттік факторын

* негіздің эквиваленттік факторын

* тұздың эквиваленттік факторын

* оксидтердің эквиваленттік факторын
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31


написать администратору сайта