Главная страница
Навигация по странице:

  • АИВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады

  • Инфекциялық процестің қай ағымына осы өзгерістер тән

  • Сіздің болжам диагнозыңыз

  • Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз

  • Өкпе туберкулезімен науқаста қандай сипатты қақырық жиі болады

  • Міндетті контингенттерге жататын адамдарды флюорографиядан уақытында өткізуді кім қадағалайды

  • ДДСҰ ұсынысына сәйкес әр турлі жағдайларға байланысты «нәтижесіз емдеу» дегеніміз не

  • Бұл сырқатты диагностикалау үшін қандай тексеру информативті

  • Бронхолитикпен сынама қадай мақсатта тағайындалды

  • Английский. Ер адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады


    Скачать 0.64 Mb.
    НазваниеЕр адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады
    АнкорАнглийский
    Дата31.10.2022
    Размер0.64 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6666666.docx
    ТипДокументы
    #764515
    страница5 из 37
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


    Орталық жүйке жүйесінің қай бөлігі ішімдікпен зақымдағанды?

    А) Супраорбиталық бұралаң

    В) Вернике зона

    С) Бұрыштық бұралаң

    Д) Фоллуккулюс

    Е) Мишық құрты

    $$$139


    Жұмсақ таңдай доғасы шырышы көгеріңкі реңкпен гиперемияланған, бірлі-жарым петехиялар. Жұтқыншақтағы осындай өзгерістер қандай ауруға тән?

    A) аденовирусты ауру

    В) энтеровирусты ауру

    С) парагрипп

    D) грипп

    Е) риновирусты инфекция


    $$$140

    39 жастағы вирусты В гепатитімен науқас, сарғаю кезеңінің 10-шы күні бастығырылып түс көрулерге, бас айналуға, «құлау» сезіміне шағымданды. Объективті: уақыт және кеңістіктегі бағдарының бұзылысы, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі», тері жабындылары, көздің ағы қарқынды сарғайған, бауыры жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Ауру ағымын бағалаңыз:

    А) Вирусты В гепатитінің ауыр ағымы

    В) IV дәрежелі жедел бауыр энцефалопатиясы (ЖБЭ)

    С) ІІІ дәрежелі ЖБЭ

    D) ІІ дәрежелі ЖБЭ

    Е) І дәрежелі ЖБЭ
    $$$141

    20 жастағы науаста жиі, жеткілікті мол, «күріш суы» түріндегі суы көп, мол қайта-қайта құсу, бұлшық еттің әлсіздігі, шөл, ауыздағы құрғақтық, балтыр бұлшық етінде қысқа мерзімді дірілдер. Дене температурасы қалыпты. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, шырышты қабықтары құрғақ, дауысының қарлығуы. Науқастың жағдайы құрғаудың қандай дәрежесіне сәйкес келеді?

    А) І дәрежесіне

    В ) ІІ дәрежесіне

    С ) ІІІ дәрежесіне

    D ) IV дәрежесіне

    Е ) құрғау белгілері жоқ
    $$$142

    35 жастағы әйел 40°С дейін қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына шағымданып ауылдық учаскелік ауруханаға келді. 3 күн бойына ауыру. Эпиданамнезінен белгілі болғандай, науқас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс жасайды. Отбасында барлығы сау. Объективті: оң жақ қол буынының сыртқы бетінде серозды-геморрагиялық құраммен мөлшері 3 мм пастула бар. Бүкіл оң қолының ісінуі байқалады. Оң Стефанский симптомы. Оң жағынан қолтық астылық лимфаденит. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

    А) қарасан, карбункулезді түрі

    В) қарасан, терідегі түрінің эдематозды бір түрі

    С) қарасан, сепсистік түрі

    D) оба, терідегі түрі

    Е) оба, лимфа түйіндерінің шошыну түрі
    $$$143

    21 жастағы ер адам, әлсіздік, оң жақ қабырға асты ауыруларына, бас ауыруына, тәбеттің болмауына, жүрек айнуға, несептің күңгірттенуіне, тері жабындыларының сарғаюына шағымдарымен ауырған соң 6-шы күні жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне келіп түсті. Несептің күңгірттенуі ауруының 3-ші күні, сарғаю төртінші күні пайда болған. Отбасында барлығы сау. Қарап тексергенде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары, көзінің ағы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасының шегі астынан 3 см-ге шығып тұр, көкбауыр – оның шегі бойымен. Перифериялық қанда: лейкоцит – 6700, таяқша/яд – 6%, сегмент/яд – 40%, лимфоциттер – 42%, моноциттер – 12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тура – 97 мкмоль/л, АлАТ – 1,1 мккат/л. сіздің диагнозыңыз?

    A) Лептоспироз

    B) Описторхоз

    C) Вирусты гепатит, орташа ауырлықта

    D) Вирусты гепатит, ауыр ағымы

    E) Вирусты гепатит, жеңіл ағымы
    $$$144

    25 жастағы әйел емханадағы учаскелік дәрігерге дене қызуының 38,5 – 39°С-қа дейін көтерілуіне, толғақ тәрізді сипаттағы іш ауыруларына, тәулігіне 20 ретке дейінгі сұйық көп емес дәретке шағымданып келді. Кенеттен ауырған, екі күн бұрын қалыпты температура фонында іш ауырулары, жиі сұйық дәрет пайда болды, кешке таман дене қызуы 38,5°С-қа, содан кейін 39°С-қа дейін көтерілді. Үйінде барлығы сау. Объективті: температурасы – 38,2°С. Тері жабындылары қалыпты реңкте, ылғалды. Тілі ақ өңезбен өңезделген. Іші сол жақ мықын тұсыаймағында ауырсынулы, сигма тәріздес ішек спазмдалған. Дәреті мардымсыз, жалқық және қан жолақтарымен. Сіздің диагнозыңыз?

    A) жедел дизентерия, орташа ауырлықта

    B) жедел дизентерия, жеңіл ағымы

    C) жедел дизентерия, ауыр ағымы

    D) жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты

    E) сальмонеллез, гастроэнтероколиттік варианты
    $$$145


    АИВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

    А) ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) зақымдалуы

    В) перифериялық жүйке жүйенің зақымдалуы

    С) тыныс алу жүйенің зақымдалуы

    D) Полилимфоаденопатия

    Е) жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы
    $$$146

    30 жасар науқастың диагнозы: Вирусты гепатит В. Келесі белгілер байқалады: тамаққа тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, тәулігіне 2 рет құсу, әлсіздік, үш аптадан бері айқын сарғайю. Жалпы билирубин - 200мкмоль/л, АлАТ активтілігі жоғары, диспротеинемия, тимол сынамасы жоғары.


    Инфекциялық процестің қай ағымына осы өзгерістер тән?

    А) жеңіл ағымы

    В) ауыр түрі

    С) орташа ауырлық

    D) көмескі түрі

    Е) холестатикалық түрі


    $$$147

    Ауру жедел басталған. Дәретке шығу сезімі байқалған, науқаста жиі сулы нәжіс болған. Екінші күні көп реттік құсу, тәулігіне 20 ретке дейін сұйық нәжіс болған, түрі ақшыл; аяқтары құрысқан. Дене қызуы қалыпты. Қай ауру туралы ойлауға болады?

    A) тырысқақ

    В) тағамдық токсикоинфекция

    С) эшерихиоз

    D) амебиаз

    Е) сальмонеллёз
    $$$148

    17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

    Объективті: Т = 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.


    Сіздің болжам диагнозыңыз?

    А) Иерсиниоз

    В) созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

    С) созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

    Д) жеделдеу (баяу) бруцеллёз

    Е) жедел бруцеллёз
    $$$149

    45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрии ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Консервіні тек өзі жеген. Жанүйясында барлығы сау.

    Объективті: дене қызуы 36,6° С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ = 40/10 мм. с/б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД = 38 / мин.


    Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз?

    А) Тағамдық токсикоинфекция, ауыр түрі, ИТШ – 2 дәреже

    В) Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр жетіспеушілігі

    С) Ботулизм, ауыр түрі, тыныс алу жетіспеушілігі.

    D) Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр және тыныс алу жетіспеушілігі

    Е) Сальмонеллёз, гастроинтестиналды түрі, ауыр ағымы, инфекциялық-токсикалық және гиповолемиялық шок
    $$$150

    32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

    Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады, тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

    А) Скарлатина

    В) Псевдотуберкулёз

    С) Лептоспироз

    D) Қырым геморрагиялық қызбасы

    Е) Токсоплазмоз


    $$$151

    Ересектерде туберкулез диагнозын қойған кезде ең маңызды болып табылады:

    A) қақырықтың туберкулез микобактерияларына тексерісі

    B) көкірек қуысын рентгенологиялық тексеру

    C) Манту сынамасы

    D) жалпы қан және несеп талдауы

    E) көкірек қуысының перкуссиясы және аускультациясы
    $$$152

    Аталған аурулардың қайсысы ересектердегі ателектаздың жиі себебі болып табылады:

    A) Көкірек ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

    B) Өкпенің орталық обыры

    C) Бронхоэктаздық ауру

    D) Обструктивті бронхит

    E) Жедел пневмония
    $$$153

    Бронхтың ісікпен обструкциясының ең ерте симптомы:

    A) бөлік ателектазы (сегменттің)
    B) гиповентиляция
    C) эмфизема
    D) бейспецификалық қабыну

    E) обструктивті бронхит


    $$$154

    Туберкулездік этиологиялы экссудативті плеврит үшін ең тән рентгенологиялық белгі:

    A) плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы

    B) плевра қуысында сұйықтықтың және өкпенің жоғарғы бөліктерінде жұмсақ ошақтардың болуы

    C) плевра қуысында сұйықтықтың көлденең деңгейі

    D) өкпе түбірінің бір немесе екі жақты ұлғаюы

    E) зақымдану жағынан диафрагманың жоғары тұруы
    $$$155

    Бронхоскопия осы мақсатпен жасалады:

    A) туберкулез микобактерияларын табу үшін

    B) бронх тармақтарының жағдайын анықтау үшін

    C) лимфа түйіндер зақымдалуны бағалау үшін

    D) диагностикалық мақсатпен

    E) емдік мақсатпен
    $$$156


    Өкпе туберкулезімен науқаста қандай сипатты қақырық жиі болады?

    A) мол, «ауыз толтыра»

    B) мол, шырышты-іріңді, үш қабатты

    C) мардымсыз, жабысқақ, тот басқан тәрізді

    D) мол, іріңді, сасық

    E) шамалы мөлшерде, шырышты-іріңді, кейде қан араласқан
    $$$157


    Міндетті контингенттерге жататын адамдарды флюорографиядан уақытында өткізуді кім қадағалайды?

    A) туберкулезге қарсы диспансері

    B) рентгенологиялық қызметі

    C) сол жердегі қызметкердің мекеме бастығы

    D) участкілік терапевттер

    E) санитарлы-эпидемиологиялық қызметі
    $$$158


    ДДСҰ ұсынысына сәйкес әр турлі жағдайларға байланысты «нәтижесіз емдеу» дегеніміз не?

    1 – екі ай емнен кейін ТМБ+

    2 – бес ай емнен кейін ТМБ+

    3 – ем басында ТМБ- болып, екі ай емнен кейін ТМБ+

    4 – ТМБ төзімділігі дамығанда

    5 – туберкулездің асқынулар дамуында
    32 – жастағы науқас – ұзақ уақыт бойы шылым шегеді. Соңғы бір жылда төс артындағы және балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсынуға байланысты жүктемені нашар көтереді. Дәрігерге сол жақ балтырының ауырсынуы мен ісінуіне байланысты қаралған. ЛЛп-0,6 200м. дейін жүргеннен кейін ұстамалы ақсақтық пайда болады. Болжам диагнозы қандай?

    {

    гиганттық жасушалық артериит

    бейспецификалық аортоартериит

    түйінді периартериит

    геморрагиялық васкулит

    =облитерлеуші тромбоангиит

    }
    Науқас 80 жаста, клиникага жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылау кезінде науқаста кезеңді түрде эпилептикалық тырыспалар мен Чейн – Стокс тынысымен бірге есінен танып қалу эпизодтары анықталды. ЭКГ – да: Р тісшесі QRS комплексімен байланыспаған, Р – Р интервалының ұзақтығы = 0,80 с, R – R == 1,5к. ЖСЖ 35 рет минутына. Болжам диагноз?

    {

    Эпилепсия

    =Толық атриовентрикулярлы блокада

    Жүрекшелер жыбыры, брадикардиялық түрі

    Қарыншалар фибрилляциясы

    Синустық брадикардия

    }
    Бронхоэктазиялық сырқаты бар 23 жастағы науқаста, 2 аптадан бері жағдайы нашарлаған, ентігу, қан түкіру, қызба, қалтырау болған.

    Салқындаумен байланыстырады. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Өкпенің төменгі артқы перифериялық бөлігінде ірі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қол саусақтары « дабыл жарғағы» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрзді.

    Қан анализінде-лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.


    Бұл сырқатты диагностикалау үшін қандай тексеру информативті?

    {

    Рентгенография

    =Бронхография

    Спирография

    Томография

    Ангиография

    }
    25 жастағы ер адам, баскетбол бойыша қалалық құраманың мүшесі, шағымдары: жаттығудан соң 10 мин пайда болатын ентігу мен ұстамалы жөтел пайда болуы, тыныштық жағдайында басылады. Сіздің диагностикалық тактикаңыз:

    {

    =Физикалық жүктемемен сынама

    Бронходилатациялық сынама

    бронхоскопия

    спирометрия

    пневмотахометрия

    }
    72 жастағы науқас көп жылдан бері ӨСОА зардап шегеді, жағдайы нашарлаған. Ентігу тұрақты, ұйқы кезінде горизонталды жағдайда күшейеді, в-агонистерімен нашар басылады.

    Өкпеде құрғақ ысқырықты және бірен саран ылғалды сырылдар.

    Спирографияда: ДФК 50% төмен. Дәрігер бронхолитиктермен сынама тағайындады.


    Бронхолитикпен сынама қадай мақсатта тағайындалды?

    {

    =бронхиальды демікпені диагностикалау мақсатында

    Ем мақсатында

    алдын алу

    өмір сапасын жақсарту

    Жүрек демікпесін диагностикалау мақсатында

    }

    65 жастағы науқас, көп жылдан бері ӨСОА сырқаттанады, соңғы жылдары аз физикалық жүктемеде ентігу, тұрақты жөтел, әлсіздік байқалған.Қарау кезінде: тері қабаты бозғылт. Саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары «сағат әйнегі тәрізді». Өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл, төменгі бқлігінде бірен саран ылғалды сырыл. Т.Ж.-38 рет мин.ЖСЖ-102соққы 1 мин. АҚҚ 140/90мм.сын.бағ. Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде: ДФК 60% төмен .Холинолитиктер ентігуді нашар басады. Науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс?

    {

    преднизолон

    ипотропиум бромид

    Вентолин

    =спирива

    теофиллин

    }
    Науқас 47 жаста, клиникаға жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылаудың алғашқы тәулігінде кенеттен


    есінен танып қалды. Пульс және қысым анықталмайды. ЭКГ – да: қарыншалар асистолиясына өтетін синустық ритм. Емі?

    {

    =Дефибрилляция

    Лидокаин

    Симпатомиметиктерді жүрекішілік енгізу

    Көктамырға индерал

    Ганглиоблокаторлар

    }
    Науқас К. 55 жаста үйінде қаралды. Жиі жүрек жиырылуы фонында 2 рет есінен танып қалған. ЖСЖ – 35 рет минутына, АҚҚ 100/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: жүрекшелердің тәуелсіз ырғағы 100 рет минутына, қарыншалар ырғағы 30 – 35 рет минутына, QRS комплексі – 0,16", деформацияланған. Миоглобин және Т тропонин жоғарылаған. Миокард инфарктісі анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

    {

    ардиогенді шок

    Атриовентрикулярлы блокада ІІ дәрежесі, Венкебах периодтарымен

    =Толық атриовентрикулярлы блокада, Морганьи – Адамс – Стокс ұстамасы

    Идиовентрикулярлы ырғақ

    Синоаурикулярлы блокада

    }
    19 жастағы жас адам, дәрігерге жүрек аймағында қысып ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде физикалық жүктемеде естен жағдайы болған. Ана жағынан туыстары арасында жас кезінде кенеттен болған өлім жағдайлары кездескен. Қарау кезінде: физикалық тұрғыдан жақсы дамыған, кеуде торның деформациясы жоқ. Тері қабаты түсі қалыпты. Аускультацияда жүрек ұшында өрескел систолалық шу естіледі, төс бойымен тарайды. АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. ЖСЖ 84 рет мин. ЭКГ патологиялық Q тісшесі І, aVL, V5, V6 тіркемелерінде анықталады. Эхокардиограммада қарыншааралық перде және сол жақ қарынша айқын гипертрофиясы. Бұл жағдайда кардиалгияның генезі қандай?

    {

    =Коронарлы жетіспеушілік

    Бейарнамалы коронарит

    Тәж артериясының спазмы

    Қанда эндорфиндер төмендеген

    Тәж артерияларының атеросклерозы

    }
    Науқас, 37 жаста. Шағымдары: әлсіздікке, дене қызуының 37,5ОС көтерілуі, физикалық жүктемеде аяқ бұлшықеттерінде ауырсыну.Қарау кезінде: жүректің сол жақ шекарасының үлкеюі, бүйрек артериялары проекция аймағында систолалық шу естіледі. Пульс сол білек артериясында әлсіреген. АҚҚ оң қолында– 140/100 мм.сын.бағ., сол қолда анықталмайды, аяғында – 170/120 мм.сын.бағ. АГ себебі не деп ойлайсыз:

    {

    Бейарнамалы аортоартериит ( Такаясу ауруы)

    =Бүйрек тамырларының фибромускулярлы дисплазиясы

    Вегенер гранулематозы

    Шенлейн-Генох ауруы

    Қолқа коарктациясы

    }
    11 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз:

    {

    Өкпе артериясының ақауы

    Өкпе артериясының стенозы

    =тетрада Фалло

    митралды қақпақша пролапсы

    қолқа коарктациясы

    }
    25 жастағы науқас ер адам, басының ауруына, басының айналуына шағым айтып келді.

    Анамнезінде: соңғы 2жыл бойы ауырады.Қан қысымы жиі көтеріліп, кризбен жедел жәрдемді шақырады. Гипотензивті дәрілермен криздік жағдайы әрең басылады.

    Объективті қарағанда: Денне пішіні толықтау.Қан қысымы200/100мм.сын.бағ.ЖСС-90рет минутына. Жүрек тондары ритмді,анық.Іштің алдыңғы бетінде, кіндік үстінде тамырдың шуылы естіледі.Аурудың диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет?

    {

    Инфузияық ренография

    =Бүйректің сцинтографиясы

    Бүйректі ультрадыбысты тексеру

    Бүйректің рентгенографиясы

    Бүйрек веналарын катетеризациялау

    }
    Науқаста ақшыл көпіршікті қақырықпен жөтел, тыныштық күйінде ентігу, дене қызуының көтерілуі, жүдеу, жөтелге күшейетін төс аймағында ауырсыну. Қарау кезінде: науқас нашар тамақтанады (3 айда 12 кг арықтаған).Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тері қабаты бозғылт. Аускультацияда өкпенің ортаңғы төменгі бөліктеріде құрғақ сырылдыр. Перкуторлы ортаңғы және төменгі бөлікте перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, анемия. Рентгенологиялық тексеруде: жиегі айқын емес ошақты өзгерістер, кей жерлерде біріккен, өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінің интерстициалды өзгерістері. Бұл жағдайды диагностикалау үшін қандай зерттеу маңызды?

    {

    көзделген томография

    Бронхография

    =фибробронхоскопия

    пневмотахометрия

    жалпы клиникалық тексеру

    }
    Әскери қызметкер, 19-жастағы ер адам, казармада тұрады, бөлімшеге құрғақ сырыл, қалтырау, дене қызуының 37.5 С дейін көтерілуіне, артралгия және миалгияға шағымданады. Рентгенде өкпе суретінің күшеюі, өкпенің төменгі бөліктерінде шекарасыз дақты қараюлар.Пенициллин және цефалоспоринмен емнен нәтиже жоқ.

    Бұл жағдайда қандай қоздырғыш мүмкін:

    {

    Көк ірің таяқшасы

    Гемофильді таяқша

    пневмококк

    =микоплазма

    стафилококк

    }
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


    написать администратору сайта