Английский. Ер адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады
Скачать 0.64 Mb.
|
Қандай ауруды ең алдымен жоққа шығарады? А) Пневмония В) өкпенің созылмалы абцессі С) туберкулез D) өкпе поликистозы. Е) Бронхоэктатикалық ауруы $$$034 32 жастағы науқас әйел, осыдан 2 ай бұрын пайда болған дене қызуының 39*С көтерілуіне, жүктемеден кейін ентікпеге, қалтырауына, басының ауруына шағым айтады.Қызу түсіретін дәрілерді, сульфаниламидтерді, 5 күн бойы ампициллинді қабылдаған.Қызуы 38,2, терісі бозғылт. Беті мен қолдарында бірнеше петехиальді бөрітпелері бар, пульсі 100рет мин.,қан қысымы 140/90мм.сын бағ.,жүрек тондары әлсіреген, төстің сол жағында жоғары жиілікті диастолық шу екінші тон естіледі, гепатомегалия. Дәрігердің тактикасы?: А) емханада емдеу В) стационарға жолдау С) күндізгі стационар Д) жедел жәрдем шақырту Е) ем жүргізілмейді $$$035 30 жастағы ер адамда 1 ай бойы дене қызуы 38 С көтерілген.Әлсіздік пен дел салдыққа шағымданады.Емхана дәрігеріне жолыққан. Пенициллин,цефозалин қабылдаған.Әсері болмаған..Науқаста гипергидроз.Мойын лимфа түйіндері домбыққан. Тыныс алуы везикулярлы.Қан анализінде нейтрофилез,ЭТЖ 50мм/сағ.Өкпенің рентген тексерісінде өзгеріс жоқ. Диагнозын анықтау үшін қандай тексеру қолданылады? А) лимфо түйінінінің биопсиясы В) стернальді пункция С) қанның биохимиялық анализі Д) компьютерлік томография Е) бронхография $$$036 32 жастағы науқастың жағдайы күрт нашарлап басы айналып, құлағы шулап,желке жағы қатты ауырды. Қан қысымы 180/100 мм.сын.бағ.көтеріліп, ЖСС-90рет минутына болған. Бөлімшелік дәрігердің қабылдауында болды. Гипотензивті дәрілер нәтиже бермеген.Осындай жағдай 2 жыл бойы қинайды.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі қызарған, терлеген. Жүрек тондары ритмді, жиілеген. Зәр анализінде : протеинурия-0;66 г/л; лейкоцитурия. УД бүйректі тексергенде ассиметрия; екі бүйректің формасы өзгерген; көлемдері әртүрлі;оң бүйректің көлемі солі бүйрекке қарағанда 1,5см ұлғайған Кiндiк үстiнде систолалық шу табылған. Диагнозын нақты анықтау үшiн қандай тексерудi тағайындау қажет? А) кеуденің жалпылама рентгенографиясы В) Нечипоренко сынамасы С) бүйрек артериясының ангиографиясы D) көз түбiн зерттеу Е) экскреторлы урография $$$037 А.атты, 58 ж., науқас 10-15 жыл бойы II дәрежелі АГауырады. Басының ауруы мен басының айналуына; төс артындағы ауырсынуға шағым айтады.Емхана дәрігеріне қаралған. Гипотензивті дәрілерден- капотен; норваскті қабылдаған. Соңғы уақытта ентігу,төс артындағы ауырсыну; жүректің шалыс соғуы жиі қинайды. Бір жыл бұрын жүректің алдыңғы пердесінің ірі ошақты миокард инфарктісімен ауырған. Жалпы жағдайы қанағаттандырырлық. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ритмді. А/Қ-180/100 мм.сын.бағ. Экг-де коронарлық жетіспеушіліктің белгілері. Дәрігердің тактикасы? А) стационарға жолдау В) емханада емдеу С) күндізгі стационар D) жедел жәрдем шақыру Е) үйдегі стационар $$$038 55 жастағы әйел жүктемеге байланысты емес жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға шағым айтып емхана дәрігеріне келді. Ауырсыну жарты сағатқа созылады; нитроглицеринмен басылады.Көп жылдар бойы аяқтарындағы веналардың варикозды кеңеюімен және АГ ауырады. Жүрек тондары ритмді, сәл тұйықталған. Қан қысымы 160/90мм.сынбағ. ЭКГ-де 12стандартты тіркемелерінде арнайы өзгерістер жоқ. Диагнозын анықтау үшін ұсынатын диагностикалық тексерулер қандай? А) Велоэргометрия. В) Обзиданмен сынама С) Тәуліктік мониторлау D) Коронароангиография Е) Қанда ферменттерді анықтау $$$039 50 ж., ер кісі кеуде сарайының сол жақ жартысында күшті жүктемеден пайда болатын ауырсынуға шағым айтып емхана дәрігеріне келді.Сол қолын қимылдағанда және терең дем алғанда ауырсыну күшейеді.Ауырғанына 1 апта болды.Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпесін тыңдағанда сол жағында тынысы айқын әлсіреген. Перкуссияда - тимпанит. Қандай дерт туралы ойлау кажет? А) ЖИА. Стенокардия В) остеохондроз С) қабырғааралық невралгия D) спонтанды пневмоторакс Е) плеврит. $$$040 М., атты 40 ж.астағы науқас, төс артындағы кенеттен пайда болған, мойынына берілетін, тыныс алғанда күшейетін ауру сезіміне шағымданып бөлімше дәрігерін үйге шақырды. Ауру сезімі кеше кешкісін пайда болып, бір-бірте күшейіп таңға қарай қатты мазалады. Бір жеті бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ.Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпеде сырыл жоқ.Жүрек тондары әлсіреген, перикард үйкелісі шуы естіледі. Қ/Қ -140/85 мм.сын.бағ.ЖСС-80рет минутына. ЭКГ-де өзгеріс жоқ..Дәрігердің әрекеті: А) ауруханаға жатқызу В) плевраны пункциялау С) антибиотиктер ұсыну D) анальгетиктер жіберу Е) нитраттар беру. $$$041 48 жастағы науқас ер адам күш түскенде ентігуге, төс артындағы ауырсынуға, қан қысымының көтерілуіне шағым айтады.Ауырсыну нитроглицеринмен әрең басылады.Жүрек ақауымен, АГ көп жылдар бойы ауырады.Ретсіз емделген.Осы шағымдар 2 ай бойы қинайды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қ/қ-200/100 мм.сын.бағ.ЖСС-100рет минутына. Жүрек тондары әлсіреген.II қабырға аралығында диастолоалық шу естіледі. Бауыры 2см өскен. Экг-де ST тізшесі изолиниядан жоғары орналасқан.Вассерман реакциясы оң мәнді.Аяқтарында ісік бар. Қандай ем нәтижелі? A) аспирин B) верапамил C) нитроглицерин D) нейролептоанальгезия E) конкор $$$042 52 жастағы науқас амбулаторияға жүректің шалыс соғуына шағым айтып келді.ЭКГ-де синустық ритммен бірге кезектен тыс жиі қайталанатын қалыпты QRS комплексінің алдында деформацияланған Р тізшесінің болуы,РQаралығының қысқарып, толық емес компенсаторлық пауза байқалады. Науқаста ритмнің қандай бұзылысы бар? A) cинустық аритмия B) П дәр. атриовентрикулярлы блокада С) Жүрекшелік экстрасистолия D) қарыншалық экстрасистолия E) жыбыр аритмиясы $$$043 Науқас 40 жаста, митральды қақпақшаның ревматизмдік стенозы мен жеткіліксіздігі бар. Жүрек соғуы ырғағының бұзылысы сезіміне шағымданады. ЭКГ – Р тісшісі жоқ, f толқындары, RR арақашықтығы әр түрлі. ЖСЖ – минутына 100. Қандай препаратты ұсыну қажет? А) Нифедипин В) Изоптин С) Лидокаин D) АТФ E) Конкор $$$044 28 жастағы науқас аз ғана күш түскенде ентігу;жүректің жиі соғуына, жүрек тұсындағы ауырсынуға шағым айтады. Көп жылдар бойы жүрек ақауымен диспансерлі есепте тұр. Мезгіл сайын стационарда ем алады. Жағдайының нашарлауына 2ай болған. Үйде нитроглицерин ішеді. Аускультацияда: сол жақ II-ші қабырға аралығында тұрақты систоло-диастолалаық шуылы естіледі. ЭКГ – сол жақ қарыншаға күш түсу белгілері. Рентгенологиялық зерттеуде: өкпе суретінің күшеюі, өкпе артериясы доғасының айқындылығы, өрлемелі қолқаның пульсациясы, сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюы. Науқаста қандай жүрек ақауы бар? А) қолқа коарктациясы В) Эбштейн аномалиясы С) Лютембаше синдромы D) Артериалық өзектің бітелмеуі E) өкпе артериясының стенозы $$$045 30 жастағы науқас әйел осыдан екі ай бұрын ревматикалық генезді митральды клапанның стенозына операция жасатқан. Қазіргі кезде шағымдары жоқ. Өкпе, жүрек, іш қуысы ағзаларын тексергенде өзгеріс жоқ. Стенозды болдырмаудың алдын-алу шаралары қандай? А) ацетилсалицил қышқылен ұсыну В) тонзиллэктомия С) маусымдық бициллин ұсыну D) жыл бойы экстенциллин-безоанат Е) клопидогрел $$$046 14 - жастағы науқас, тізе, ірі буындарындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39С дейін жоғарылауына, жүректің соғуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Об-ті: іштің алдыңғы бетінде – сақина тәрізді эритема. Буындардың пішіні бұзылған, қолмен ұстағанда ыстық, қозғалтқанда қатты ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары естілмейді, брадикардия. ЖСЖ минутына - 52 рет. Қанда: эр-4,2 млн. Нв-140 г/л, лейкоциттер -15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба: кардит, ҚАЖ 1сат; полиартрит, сақина тәрізді эритема. Қажетті емдеу бағдарламасын таңдаңыз: A) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар В) Жүрек гликозидтері С) макролидтер D) преднизолон E) милдронат $$$047 45 жастағы науқас әйелде саусақтарының некрозы бар Рейно синдромы байқалады. Тағам қабылдағанда жұтынуы бұзылған. Сыртұы қарағанда: қолының саусақтарының бүгілуі қиындаған, саусақтарының басы фалангтарының лизисі салдарынан қысқарған. Өкпенің гипертензиясы белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз А) Бюргер тромбангииті В) жүйелі қызыл жегі С) ревматоидты артрит D) түйінді периартериит Е) жүйелі склеродермия $$$048 52 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырcынуға, күрт әлсіздікке, лоқсуға, кейде құсуға, субфебрильді дене қызуына, жиі мұрнының қанауына шағым айтады. 1 жыл бұрын сол балтыр сүйегі сынған, ұзақ уақыт емделген,сол кезде қан құйылған. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,40С; терісі және склерасы сарғайған, тамырлық жұлдызшалар, пальмарлы эритемасы бар. Шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Билирубин 39 мкмоль/л, тікелей 11 мкмоль/л, тіке емесі 28мкмоль/л; АЛТ 2,9 мкмоль/л, АСТ 3,6 мкмоль/л. Тимол сынамасы 11 бірлік. ЭТЖ 10 мм/сағ. Лейкоциттер 9,4х109/л. Бауыр биоптатында көпір тәрізді некроз, бөліктердің және порталды жолдардың лимфоидты және макрофагальды инфильтрациясы. Қан сарысуында Hbs Аg. Сіздің клиникалық диагнозыңыз: A) вирусты гепатит А B) бауырдың майлы гепатозы C) люпоидты гепатит D) созылмалы вирусты гепатит В E) бауыр циррозы $$$049 42 жастағы науқас терісінің сарғаюына, күрт әлсіздікке, жүрек айну,ке йде құсуға, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: терісі және склерасы сарғайған, денесінде тамырлық жұлдызшалар, петехиялар бар, гепатомегалия анықталады. ЭТЖ-8 мм/сағ., билирубин 68 мкмоль/л, АСТ 4,8 ммоль/л, АЛТ 5,8 ммоль/л, холестерин 7 ммоль/л, тимол сынамасы 9 бірлік, лактатдегидрогеназа 6,52; 5-нуклеотидаза 0,56, вирусты инфекцияның белсенділігінің маркерлері, Hbe Ag, HBVDNA, ДНК полимераза. Емдеу үшін қандай препаратты таңдайсыз? A) преднизолон B) цитостатиктер C) интерферон D) глюкоза ерітіндісі E) эссенциале $$$050 28 жастағы жігіт, соңғы 4 айда қызыл иектен және мұрыннан қан кетуге, сан аймағындағы терілік геморрагияларға шағымданады. Қарағанда: терісі және көрінетін шырышты қабықтары бозарған, сарғыштау; лимфа түйіндері ұлғаймаған, бауыр мен талақ пальпацияланбайды. Қан анализінде: Нв-72 г/л, Эр-2,1х1012/л, L-2,0х109/л, т-1%, с-40%, л-53%, м-6%,Тр-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/с. Сіздің диагнозыңыз: А) гемолитикалық анемия В) апластическая анемия С) темір тапшылық анемия D) В 12- тапшылық анемия E) тромбоцитопениялық пурпура $$$051 Нозомикальды деп осы кезде пайда болған пневмонияны айтады: Бұрын емделмеген адамда Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 бұрын Жүкті әйелде жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 сағат кешірек Үй жағдайында басқа аурудан емделген науқаста $$$052 А. атты науқас, 58 жаста, 10-15 жыл бойына ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен жапа шегеді. Бір жыл бұрын алдыңғы қалқа аймағының ірі ошақты миокард инфарктын өткізді. Аталған науқастың еңбек диагнозы қандай? Еңбекке жарамды, режим сақтау ІІ топ мүгедегі Дене жүктемесімен байланысты емес жұмысқа ауыстыру Түнгі ауысым жұмысына ауыстыру І топ мүгедегі $$$053 ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен науқастарға келесі еңбек түрі көрсетілген: Айтарлықтай дене жүктемесімен жұмыс Айтарлықтай жүйке-психикалық шиеленіспен жұмыс Түнгі ауысым Шуыл, вибрация Шамалы дене жүктемесімен жұмыс $$$054 55 жастағы науқас әйел, ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен жапа шегеді. 12 жыл бойына АҚ 165/100 мм сын. бағ. дейін көтеріледі. Аталған науқас әйелге қолдаушы терапияның қандай схемасын қолдануға болады? Нифедипинмен қысқа әсерлі монотерапияны -блокаторлар+диуретиктер АПФ ингибиторлары+диуретиктер АПФ ингибиторлары+кальций антагонистері+ жүрек гликозидтері Адельфанмен монотерапия $$$055 Шылым шегуші бронхитінің жиі асқынуларымен 50 жастағы науқаста бүгін түнде өмірінде бірінші рет төс артында күйдіру ұстамасы және ұстаманың тыныс алумен байланысты емес 2-3 сағатқа созылған мойынға таралымы, күрт әлсіздік және тершеңдік пайда болды. Қандай ауруды алып тастау керек? Мойын остеохондрозы Спонтандық пневмоторокс Өкпелік жүрек Миокард инфаркты Өкпе инфаркты $$$056 Бірінші рет пайда болған стенокардия кезіндегі дәрігер тактикасы: Үйге белсенді қатынаумен амбулаторлық жағдайда емдеу және бақылау Науқас емханаға 2-4 сайын қатынай отырып амбулаторлық жағдайда емдеу және бақылау Жоспарлы госпитализация (амбулаторлық жағдайды алдын ала емделумен) Шұғыл госпитализация Емхананың күндізгі стационар жағдайында емдеу $$$057 62 жастағы науқас әйелді соңғы 2 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақтан түскен кезде күшейетін тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексерген кезде выпот есебінен оң жақ тізе буыны көлемі біршама ұлғайған. Тізе буындарының R-графиясында, екі жағынан да бірдей айқындалған остеофитоз анықталды. Нозологиялық диагноз қойыңыз: Екіншілік синовитпен остеоартроз Псориаздық артрит Подагра Рейтер ауруы Бехтерев ауруы $$$058 50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінулеріне шағымданып келді. Ауру дамуына дейін 2 жыл бұрын 5 жыл бойына оң жақ жіліншік аймағында терең жара болған. АҚ жоғарыламаған. Қан талдауында: гемоглобин 45 г/л, несеп талдауында – үлес салмағы 1015, ақуыз 10 г/л, шөгіндісінде көптеген гиалинді және түйірлі цилиндрлер. Несепнәр, креатинин қалыпты мөлшерде. Зимницкий бойынша сынама өзгермеген. Болжамды диагноз: А) Екіншілік бүйрек амилоидозы В) Созылмалы гломерулонефрит С) Созылмалы пиелонефрит Жедел пиелонефрит Біріншілік бүйрек амилоидозы $$$059 48 жастағы науқасты анықталған АГ бойынша қарап тексерген кезде, несеп талдауында ақуыз 1,2 г/л, эритроциттер 10-15 көру аймағында, үлестік мөлшер 1012. Бүйрек УДЗ-да патология анықталмаған, несепнәр және креатинин – қалыпты. Анамнезінде – ерекшеліктерсіз. Болжамды диагноз: А) Созылмалы гломерулонефрит В) Гипертониялық ауру С) Созылмалы пиелонефрит D) Подагралық нефропатия Е) Екіншілік бүйрек амилоидозы $$$060 Науқаста тамақ ішкеннен соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі және денесі еңкейгенде пайда болатын және күшейетін жүрек аймағына таралымымен семсер тәрізді өсіндінің басында күйдіретін ауырсынулар. Алмагелмен толықтай басылмайды. Сондай-ақ ауамен кекірікату, тұншығу ұстамасы, жөтел байқалады. Барий жүзгінімен рентгенологиялық тексеру кезінде – контрасты массаның асқазаннан өңешке рефлюксі. Аталғандардың барлығы күмәндәндырады: А) Рефлюкс-эзофагит В) Өңеш обыры С) Кардия ахалазиясы D) Бронх демікпесі Е) Созылмалы гастрит $$$061 44 жастағы науқас, анамнезінде бір апта бойына ішімдік пайдаланған. Соңғы қабылдаудан кейін 12 сағаттан соң – жүрегі айну, қайта-қайта, жеңілдік бермеген құсу, эпигастрийдегі дискомфорт, күрт әлсіздік. Қарап тексерген кезде – жағдайы ауыр, аузынан ішімдік иісі, есеңгіреген, өңі қуқыл тартқан. АҚ 60/20 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 60. Іш пальпациясы ауырсынулы, бұлшық еттік қорғаныс жоқ, іш перде тітіркену синдромы теріс. Дәреті бір рет, оформленный. Болжамды диагнозы: А) Панкреонекроз В) Экзотоксикалық шок С) миокард инфарктының абдоминальды формасы D) Тағамдық токсикоинфекция Е) Алкоголь суррогаттарымен улану $$$062 44 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуларға, қайта-қайта құсуларға шағымдарымен клиникаға түсті. Науқас 3 күн бойы ішімдік пайдаланған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт, құрғақ, дене температурасы 38,6 0 С. Тамыр соғысы минутына 110. АҚ 80/40 мм сын. бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөліктерінде екі жағынан біршама босаңсыған. Тілі өңезделген, құрғақ. Іші қампайған, жұмсақ, эпигастрииде ауырсынулы. Оң Кер, Керте, Воскресенский симптомдары. Науқаста қандай ауру болуы ықтимал? Жедел холецистит Жедел панкреатит Жедел гастрит Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы Бауыр циррозы $$$063 32 жастағы әйел адам жүрек қағуына, әлсіздік, күйгелектік, тершеңдік, арықтау шағымдарымен жалпы тәжірибе дәрігеріне келді. 1 жылдан аса ауыру. Объективті: әбігер, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, Ромберг кейпінде қалыпты емес. Жүрегі: тахикардия, тамыр соғысы 1 минутта 110, АҚ 150/30, 160/40 мм сын. бағ. Дәреті – іш өтуге бейім. Науқасқа төменде көрсетілген диагноздардан болжамдысын қойыңыз: Нейроциркуляторлы дистония Гипертиреоз Гипотиреоз Феохромацитома Біріншілік альдостеронизм $$$064 |